Ауыл - село


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан тарихының бүгінгі көзқарас, таным мен түсінік тұрғысында назар аударатын, сараптайтын өзекті мәселелерінің бірі - Қазақстандағы 20-30 жылдарда сауатсыздықты және шаласауатсыздықты жою ісі мен оның нәтижелері. Аталған мәселеге байланысты қазіргі кезеңде қайшылықты пікірлердің болғандығына қарамастан сауатсыздықты және шаласауаттылықты жою ісі, жүзеге асырылған жұмыс шаралары оң қадам, қажетті іс болғандығын теріске шыцғармаған абзал. Қазақстан келешегінің іргетасы білім беру жүйесін қалыптастыру мен білімді мамандарды даярлау ісі, 20-30 жылдары сауатсыздықты жоюдан бастау алды. Араб харіпінен латынға, одан кириллицаға көшу сауаттанудан, әріп танудан басталды. Сондықтан арнайы дәрісте мына мәселелер қамтылып, назар аударылды:

  1. 20-30 жылдары халықтың негізгі көпшілігі тұрған ауыл-селолардағы халықтың сауаттылық деңгейіне;
  2. Қазақстанның жалпы сауаттылық көрсеткіші, басқа мемлекеттер мен халықтармен салыстыру барысындағы жай-күйі;
  3. Сауатсыздықты және шаласауаттылықты жою жұмыстарының барысы, әдісі мен бағытына;
  4. Қазақ зиялыларының қызметі мен білімге тарту жолындағы еңбектері, олардың шеттетілуі мен қуғындануы.
  5. Саяси-идеологиялық шаралардың ел тағдырына, халық болашағына тигізген ауыр зардаптары мен теріс ықпалы;
  6. Сауатсыздықты және шаласауаттылықты жою жұмыстарының сапалық-сандық оң нәтижелері мен дағдарысы, қиыншылығы мен қайшылығы.

Жоғарыда аталған мәселелерді тарихи талдау жасау арқылы бағалау сауатсыздықты және шаласауаттылықты жою жұмыстарының мақсаты мен міндеттерін түсінуге, айқындауға жол ашты. Студент тарихшыларға, бүгінгі ұрпаққа араға көптеген жылдар түсіп, өткенді, тарихи құндылықтарды ұғынуда әртүрлі қайшылықты пікірлер мен көпқырлы бағыттың болғандығына қарамастан бұл еңбекте де әр жылдары жарық көрген статистикалық мәліметтер, зерттеуші ғалымдар монографияларынан және архив документтерінен бағалы деректер ұсынылып отыр.

І Тарау. Ауылдар мен селоларда халыққа білім беру ісінің дамуы

І. Халықтың сауатсыздығын және шала сауаттылығын жою

Қазақстанның ауылдары мен селоларындағы мәдени құрылыс ісі сауатсыздықты және шаласауаттылықты жою мәселесімен тығыз байланысты болды. Соғысқа дейінгі бесжылдықтардағы сауатсыздықты жоюға бірден тоқталмас бұрын осы күрделі мәселеге қандай деңгейде назар аударылды және қандай қарқында болды, халықтың ынтасы мен ұйымдастыру шараларына ерекше назар аударған орынды. Бұл мәселеге ерекше мән берілуі бұрынғы СССР халықтарының, оның ішінде Қазақстан халықтарының да революцияға дейінгі мәдени-рухани даму жағдайымен және сауаттылық деңгеімен де тығыз байланысты еді. Революцияға дейін Россия империясында 9 бен 49 жас аралығындағы адамдардың орташа сауаттылық деңгейі 28, 4 процент болды [1] . Бұрынғы одақ құрамында болған Россия, Украйна, Грузия, Молдавияда сауаттылық деңгейі орташа көрсеткіштен сәл де болса жоғары-төмен, яғни 29, 6. ; 27, 9. ; 23, 6. ; 22, 2 процентке ауытқыды [2] . Ал Азербайжан мен Арменияда 9, 2 процент, Қазақстанда 8, 1 процент, Тәжікістанда 2, 3 процент шамасында болатын. Орташа сауаттылық деңгейінен Белоруссия сәл жоғары болса, (32 процент), Прибалтика халықтарында біршама жоғарғы көрсеткіш, Литвада 54, 2 процент, Латвияда 79, 7 процент, Эстонияда 96, 2 процент болды [3] . Әрине, бұл жоғарыда көрсетілген деректерге байланысты қазіргі кезде ғалымдар арасында әртүрлі қайшылықты пікірлер бар. Ақиқатында 28, 4 процент сауатты адамдардың 23 процент сауаттылығын орыс тілінде, тек қана 5, 4 процент басқа тілдерде көрсетті. Бұл мәліметтерді пайдалану арқылы мәдени құрылыстың күрделі саласы сауатсыздықты жою бағытында алуан түрлі істердің тұрғандығын айқын көруге мүмкіндік туады. 1920 жылы 19 июльде Бүкілроссиялық сауатсыздықты жою төтенше комиссиясы және оның жергілікті бөлімдері құрылып жұмыс істей бастады. Комиссияның қызметінің ауқымы өте кең көлемде жүріп: сауатсыздарды мектептерге тартты, сауатсыздықты жою пунктерін ұйымдастырды, методикалық оқу құралдарымен әліппелер шығарып, мұғалімдер даярлады [4] . Бір ғана Түркістанның өзінде 1920 жылы 9 облыстық 40 уездік сауатсыздықты жоюдың төтенше комиссиясы құрылды [5] . Мәдени сала қызметкерлері алдарындағы қиын міндеттердің бірі сауатсыздарды есепке алу болды. Әсіресе жергілікті тұрғындарының басым көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақтарды есепке алу және оларды бұл іске жұмылдырудың да өзіндік қиыншылықтары туды. 1920 жылдың 28 тамызында жүргізілген Бүкілроссиялық санақ мәліметінің деректері бойынша 1917 және 1920 жылдары жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне қарамастан РСФСР де 42 млн, Украинада 12 млнға жуық, ал Түркістанда республикасында 3 млн 200 мыңнан астам сауатсыздардың бар екендігі белгілі болды [6] .

Қазақстанда 1920 жылы орыс тұрғындары арасында сауаттылық 25, 5 процент, украиндарда 18, 7 процент, ал қазақтарда 2, 8 процент қана болатын [7] . Алғашқы сауатсыздықты жою маңызды міндеттердің бірі болғанымен белгілі бір жоспарсыз, ағымдық істер мен жағдайға тәуелді күйде стихиялы жүргізілді. 1924 жылы сәуірде Қазақстанда «Сауатсыздықты жою» қоғамы құрылып ересек тұрғындар арасында сауатсыздықты жою ісінде белсенділік танытты. Осы жылы сауатсыздықты жоюдың директивалық жоспары да жасалды.

1925-1926 оқу жылына сауатсыздықты жою пункттерін 3350ге дейін өсіріп, 335000 адамды қамту жоспарланып сауатсыздықты жою жұмысын 1927 жылдың қазанына дейін аяқтауды көздеді. Жүргізілген жұмыстар аз да болса өз нәтижесін берді. Егер 1920 жылы республикада сауаттылардың үлес салмағы 14, 4 процент, оның ішінде қазақтар арасында қалаларда 13, 9 процент, ал ауылдарда 2, 9 процент болған болса, 1926 жылғы санақ бойынша 17 жастан 35 жасқа дейінгі барлық халықтардың сауаттылығыартты. Ұлттық жағынан алғанда сауатты қазақтар 10 процентке жуық, орыстар 57 процент, украиндар 50 процент, татарлар 67, 5 процент болып шықты [8] . Сауатсыздықты жою жұмыстарында партия, кеңес, кәсіподақ және комсомол ұйымдары жетекшілік жасады. Әрине, қазіргі кезең тұрғысынан қарағанда жоғарыда аталған қоғамдық-көпшілік ұйымдарына жұмыс жүргізу, ұйымдастыру-басқару тәсілдеріне байланысты алуан түрлі сан пікірлер айтуға болады. Бірақ, сол жылдары партия, кеңес, кәсіподақ және комсомол ұйымдары қоғамдық өмірдің барлық саласында экономикада, саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани даму процесінде елеулі рөл атқарғандығын теріске шығаруға болмайды. Әрине, әр түрлі ауыр жағдайларға зардаптарға әкеліп соқтырған күштеу, зорлау, бұрмалау тәсілдерінің де Қазақстанның мәдени дамуына кері ықпал етіп, орны толмас шығынға ұшыратқанын айту абзал. Әр кезеңдегі әр түрлі бағыттар, идеологиялық нұсқаулар рухани өмірімізде адасушылық, дағдарыс тудырғаны да ақиқат. Қазіргі кезеңде зерттеу объектісіне айналып отырған тақырыпқа байланысты тарихи-архив деректері де терең анализ жасауды қажет етеді. Ауыл-село тұрғындары арасындағы сауатсыздық туралы да айқын деректер жоқ, кейбір мәліметтер арасында қайшылық кездесіп те қалды. Бірқатар белгілі мәліметтердің өзі күмән тудырады. Мысалы, 1920 және 1925 жылды қосып есептеген кезеңде 123 986 адамның сауатсыздығы жойылды [9] деген деректерді кездестірсек, сондай 1920-1926 жылдары 245 мыңнан астам адамның сауаты ашылды [10] дегенді де кездестіруге болады. Егер алғашқы деректі ақиқат ретінде қабылдасақ, онда 1926 жылы ғана алғашқы алты жылдың ішінде қанша адамның сауаты ашылса, осы бір жылда соған жуық адамның сауты ашылған. Бұл деректер әлі де нақтылауды, салыстыруды қажет етеді.

1926 жылғы санақ бойынша Қазақстанда 16 жастан 35 жасқа дейінгі сауатсыздар 1 768 440 адам болып шықты. 1927-28 оқу жылында сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссия кемінде 65300 адамды оқытып шығаруды жоспаралады. Мектепке тартылмаған 15-16 жастағы сауатсыз жасөспірімдер 12500 адам еді. Мұның үстіне жоспарда 417 860 шала сауатты адамның білім дәрежесін көтеру жоспарланды [11] .

Сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссия және «Сауатсыздық жойылсын» деген ерікті қоғам өз жұмысын қалалар да жүргізу мен бірге аудандар мен селоларға да ерекше назар аударды. Жалпы Қазақстанда болсын немесе Кеңес Одағында болсын ауыл-село тұрғындарының сауаттылық деңгейі қаламен салыстырғанда өте төменгі дәрежеде болды. Мысалы, 1926 жылы Кеңес Одағы бойынша небары 19, 6 процент қана болды [12] . Ал, Қазақстанда 1926 жылғы санақ мәліметі бойынша ауыл-село тұрғындарының 1000 адамға шаққанда 149-ы, оның ішінде 223 ер адамдар, 70-і әйелдер ғана сауатты болды. Бұл барлық ауыл-село тұрғындарының 14, 9 проценті ғана саутты деген сөз еді. Ал, қала тұрғындарымен салыстырсақ олардың 44, 6 проценті сауатты болды. 1926 жылғы Бүкілодақтық санақ мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда қала халқы - 8, 3 процент болса, ауыл-село тұрғындары 91, 7 процент болды [13] . Оның ішінде Қазақтардың ауыл-селодағы үлестік салмағы 97, 9 процент, орыстар 77, 9 процент, украиндар 96, 3 процент, белорустар 80, 2 процент, немістер 94, 7 процент болатын [14] . Бұл деректер негізінде республикадағы халықтың басым көпшілігі ауыл-селода тұрады және олардың басым көпшілігі сауатсыздық жағдайында болатын.

Сауатсыздықты жою пункттерінде бағыт-бағдар беру үшін қажетті бағдарламалар жасалды. Сауатсыздар қатарына мына төмендегі белгілер бойынша адамдар есепке алынып, олардың сауатсыздықты жою пункттеріне немесе мектептерге қатысуы міндетті болып саналды.

  1. Ешқандай жаза да және оқи да білмейтіндерү
  2. Оқи білгенімен жаза білмейтіндер.
  3. Кітаптан көшіріп жаза алғанымен, жазылғанды оқи алмайтындар.
  4. Өз ойын өз бетінше жазып бере алмайтындар [15] .

Сауатсыздықты жою пункттері бағдарламасы құрылымының принциптері мына мәселелерді қамтыды:

  1. Айқын тасқа басылған және жазылған шрифтерді оқу.
  2. Күнделікті өмірге және қызмет барысына қатысты қысқаша жазып отыру.
  3. Бүтін және бөлшек сандар мен проценттерді жазу мен оқи білу және оларды түсіну.
  4. Оқушыларға саясаттан, экономикадан, географиядан жалпы ұғымдар мен түсінік беру арқылы олардың социалистік құрылысқа саналы түрде қатысуын қамтамасыз ету [16] .

Сауатсыздықты жою мәселесі социалистік құрылыстың басты міндеттері - зерттеу объектісіне қатысты мәселені терең және жан-жақта талдау үшін маңызды құжаттарға назар аударған орынды. Республиканың 8 облысының селолық тұрғындарын қоспағанда Қазақстан халқының ұлттық құрамы төмендегідей болған еді [17] .

Ұлт өкілдері
Ауыл-село тұрғындары
Қала тұрғындары
Барлығы
Пайыздық көрсеткіші
№: 1
Ұлт өкілдері: Қазақтар
Ауыл-село тұрғындары: 3796
Қала тұрғындары: 81
Барлығы: 3877, 1
Пайыздық көрсеткіші: 59, 73
№: 2
Ұлт өкілдері: Орыстар
Ауыл-село тұрғындары: 933, 2
Қала тұрғындары: 284
Барлығы: 1217, 2
Пайыздық көрсеткіші: 18, 75
№: 3
Ұлт өкілдері: Украиндар
Ауыл-село тұрғындары: 813, 6
Қала тұрғындары: 30
Барлығы: 843, 6
Пайыздық көрсеткіші: 13, 00
№: 4
Ұлт өкілдері: Өзбектер
Ауыл-село тұрғындары: 156, 5
Қала тұрғындары: 58
Барлығы: 214, 5
Пайыздық көрсеткіші: 3, 30
№: 5
Ұлт өкілдері: Тараншылдар
Ауыл-село тұрғындары: 42, 3
Қала тұрғындары: 10
Барлығы: 52, 8
Пайыздық көрсеткіші: 0, 81
№: 6
Ұлт өкілдері: Татарлар
Ауыл-село тұрғындары: -
Қала тұрғындары: 48
Барлығы: 48
Пайыздық көрсеткіші: 0, 74
№: 7
Ұлт өкілдері: Немістер
Ауыл-село тұрғындары: 46, 4
Қала тұрғындары: 1
Барлығы: 47, 4
Пайыздық көрсеткіші: 0, 78
№: 8
Ұлт өкілдері: Құрамалар
Ауыл-село тұрғындары: 15, 5
Қала тұрғындары: -
Барлығы: 15, 5
Пайыздық көрсеткіші: 0, 24
№: 9
Ұлт өкілдері: Түріктер
Ауыл-село тұрғындары: 9, 5
Қала тұрғындары: -
Барлығы: 9, 5
Пайыздық көрсеткіші: 0, 15
№: 10
Ұлт өкілдері: Тәжіктер
Ауыл-село тұрғындары: 8, 8
Қала тұрғындары: -
Барлығы: 8, 8
Пайыздық көрсеткіші: 0, 18
№: 11
Ұлт өкілдері: Дүнгендер
Ауыл-село тұрғындары: 5, 4
Қала тұрғындары: 2
Барлығы: 7, 4
Пайыздық көрсеткіші: 0, 11
№: 12
Ұлт өкілдері: Қырғыздар
Ауыл-село тұрғындары: -
Қала тұрғындары: 2
Барлығы: 2
Пайыздық көрсеткіші: 0, 03
№: 13
Ұлт өкілдері: Белорустар
Ауыл-село тұрғындары: -
Қала тұрғындары: 2
Барлығы: 2
Пайыздық көрсеткіші: 0, 03
№: 14
Ұлт өкілдері: Еврейлер
Ауыл-село тұрғындары: -
Қала тұрғындары: 2
Барлығы: 2
Пайыздық көрсеткіші: 0, 03
№: 15
Ұлт өкілдері: Басқалары
Ауыл-село тұрғындары: 125, 0
Қала тұрғындары: 19
Барлығы: 144, 0
Пайыздық көрсеткіші: 2, 22
№:
Ұлт өкілдері: Барлығы
Ауыл-село тұрғындары: 5952
Қала тұрғындары: 539
Барлығы: 6491, 3
Пайыздық көрсеткіші: 100, 0

Жоғарыда көрсетілген 91, 7 процент дерек бойынша республикадағы 8, 3 процент халықтың басым көпшілігі ауыл-селоларда тұрады, сондықтан ауыл-селоларда сауатсыздықты жою және ерекше көңіл бөліп ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу қажет еді. 1926 жылы демографиялық мәлімет бойынша Қазақстанда 17 мен 35 жас аралығында 1 873 109 адам болған болса оның 494 964-і, яғни 26, 4 проценті сауатты болған. Егер ұлттық құрамына талдау жасасақ мынаны көруге болады [18] .

Ұлттар
17 мен 35 жас аралығында
Олардың ішінде сауатсыздары
Пайыздық қатынасы
№: 1
Ұлттар: Қазақтар
17 мен 35 жас аралығында: 1 072 299
Олардың ішінде сауатсыздары: 961 357
Пайыздық қатынасы: 99
№: 2
Ұлттар: Орыстар
17 мен 35 жас аралығында: 381 566
Олардың ішінде сауатсыздары: 193 995
Пайыздық қатынасы: 48
№: 3
Ұлттар: Украиндар
17 мен 35 жас аралығында: 260 074
Олардың ішінде сауатсыздары: 123 845
Пайыздық қатынасы: 50
№: 4
Ұлттар: Өзбектер
17 мен 35 жас аралығында: 56 674
Олардың ішінде сауатсыздары: 52 792
Пайыздық қатынасы: 93
№: 5
Ұлттар: Ұйғырлар
17 мен 35 жас аралығында: 14 911
Олардың ішінде сауатсыздары: 12 961
Пайыздық қатынасы: 87
№: 6
Ұлттар: Татарлар
17 мен 35 жас аралығында: 6 775
Олардың ішінде сауатсыздары: 2 184
Пайыздық қатынасы: 32, 5
№:
Ұлттар: Басқалары
17 мен 35 жас аралығында: 59 625
Олардың ішінде сауатсыздары: 29 109
Пайыздық қатынасы: 48
№:
Ұлттар: Барлығы
17 мен 35 жас аралығында: 1 851 924
Олардың ішінде сауатсыздары:
Пайыздық қатынасы:

Бұл келтірілген мәлімет бойынша Қазақстандағы ұлттар арасындағы сауаттылық деңгейі Қазақстанда, өзбектер мен ұйғырларда төменгі деңгейде болғандығын көруге болады. Сондықтан республиканы мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстардың ерекшелігін шаруашылық жүргізу, т. б. ескеріп оларды мектептер мен сауатсыздықты жою пункттеріне тарту бағытында жұмыс жүргізді.

Сауатсыздықты жою ісіне зор маңыз берілгенімен бұл маңызды іс баяу алға жылжыды. Мектептермен, сауатсыздықты жою пункттерімен қамтамасыз ету және оқуға тарту жұмысы әр түрлі қиыншылықтарға байланысты қажетті деңгейде болмады. Мысалы, Сырдария губкомы бойынша төмендегі мәліметтерді келтіруге болады.

Оқуға тартылғандардың ұлттық құрамы
1925-26жж. саны
1926-27жж. саны
№: 1
Оқуға тартылғандардың ұлттық құрамы: Қазақтар
1925-26жж. саны: 2124
1926-27жж. саны: 2318
№: 2
Оқуға тартылғандардың ұлттық құрамы: Өзбектер
1925-26жж. саны: 824
1926-27жж. саны: 1039
№: 3
Оқуға тартылғандардың ұлттық құрамы: Орыстар
1925-26жж. саны: 694
1926-27жж. саны: 677
№: 4
Оқуға тартылғандардың ұлттық құрамы: Басқалары
1925-26жж. саны: 335
1926-27жж. саны: 87
№: 5
Оқуға тартылғандардың ұлттық құрамы:

Барлығы

Оның ішінде әйелдер

1925-26жж. саны:

4032

680

1926-27жж. саны:

4121

987

Бұл дерек бойынша республикадағы сауатсыздардың тек қана 1 процентін оқуға тарта алған. Себебі, 16 мен 45 жас аралығында 488 650 адам болған болса, оның 95 проценті сауатсыздық жағдайында еді [19] .

Ескерте кететін жай, жоғарыда берілген таблицада оқуға тартылғандар 1925-26 жылдары 4032 делінгенімен нақты қосынды саны 3977 болатын. Бұл белгілі деректердегі сәйкессіздіктің бірі.

1927-28 оқу жылында сауатсыздығын және шаласауаттылығын 70 мың адам жойған болса, бұл көрсеткіш 1928-29 оқу жылында 140 мың адамға жетті [20] . Бірақ сауатсыздығын жойғандар жөнінде қарама-қайшы деректер кездесіп қалады. Мысалы, 1928-29 жылдары 460 мың адам сауатсыздығын және шала сауаттылығын жойды деген мәлімет бар [21] .

Сауатсыздықты жою мектептеріне тартылғандардың жалпы қорытынды саны сәйкес келмеумен қатар тағы да бір үшінші мәліметті келтіруге болады. Сырдария губерниялық атқару комитеті президиумы отырысының 1927 жылдың 12 желтоқсанындағы № 61-хаттаманың көшірмесімен таныссақ, онда 1925-26 оқу жылында 150 сауатсыздар мектебін 4082 адам, 1926-27 оқу жылында 145 мектептер мен пункттерден 4350 адам бітіріп шықты деген мәлімет келтірілген [22] .

Оқуға тартылған 4350 адамның 1480-і қаладағы, 2870-і ауыл-селодағы мектептер мен пункттерді бітіріп шықты, 1927-28 оқу жылына оқуға тартылмаған 475 000 адамның 20250 адамын тартып, сауатсыздар мектебін 371-ге жеткізу жоспарланып, 159 926 сом ақша бөлінді [23] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-территориялық бірліектер
Елді мекен- адам қоғамдасуының тұрақты ортасы ретінде
Урбанизация туралы түсінік
Қазақстан ауыл-село тұрғындарының этнодемографиялық және әлеуметтік дамуы (1939 – 1979 жылдар)
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Ауыл-село мұғалімдерінің өсу жолдары, олардың құрамындағы сандық және сапалық өзгерістер
Қала мен аул - село - адамзат мекенжайының тарихи түрлері
Ауылды зерттеудің алғышарттық тұғырнамалары
Салт-дәстүрлерді орнықтырудағы мұғалімдердің қызметі
Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның қазақстанға әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz