Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру
Кәсіпорынның табысы. Оның мәні мен маңызы
Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар
түрліше маңызды қолданылып көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында
ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе
материалдық құндылықты алуды көрсетеді.
Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру.
= + -
= + + +
=
= + +
Кәсіпорынның табыс олардың активтерінің артуы немесе капитал
меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. Табыс ұғымы жалпы
мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарындарында (жалпы табыс, таза табыс)
ал жеке тұлғаларда (халықтық ақшалай табысы, жеке табыс) болып
қолданылады.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет
көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік
бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және
басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі қолданылатын таза табыс ұғымы жалпы табыс және материалдық
ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің
қарамағына заңды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың
шарты - бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын
тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
- Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың ьелгілі мөлшерін сатудан түскен
ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшеріне тең.
- Орта табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің мөлшеріне бөлу (К)
ОТ =
- Шеткі табыс (ШТ) – бұл өнім өлшемін сатуды көбейту арқасында жалпы
табыстың үстелуі.
ШТ =
Шеткі табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып,
кәсіпорынды ұлғайту мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді.
Пайда – кәсіпорын қызметі тиімділігінің басты шарасы.
Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген
коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Нарықтық
қатынастарда пайда эконмикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс
саласының таза пайдасын қамтиды.
Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру
-
+ +
х =
-
Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып табылады.
Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай
кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Былайша
айтқанда, пайда – бұл өндірістің айнымалының қаржылық қортындысын
білдіретін кәсіпорын қызметінің нәтижелі экономикалық көрсеткіші. Кез
куелген кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаған еңбегінің тек бір
бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі – қосымша еңбек –
қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осындан келіп
шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес. Шынында да,
сатқанда бұйым тек жұмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе,
кәсіпорынға бұйым шығарудың қажеті не?
Шынында да, кәсіпоырн қорлауының мөлшері неге байланысты? Егер
белгілі бір кезде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның
сапасын жақсартып, ассортиментін кеңейтсе, егер еңбек өнімділігін артып,
өндіріс шығыны азайтылса, пайда мөлшері де өседі. Демек, бұл кәсіпорын
өндірісі тиімділігін арттырды деген сөз.
Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді. Жалпы
баланстық пайда мынадан құралады.
• тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;
• тауарды өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет
көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
• сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе
зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.
Есептеулік пайда - бұл негізгі өндірістік және айналымы нормативтік
қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін
жалпы баланстық пайда
Пайда жоспары бағалар мен келісім - шарттар, сылстырмалы және қазіргі
қолданылып жүрген бағлар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей
есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу
әдісімен анықтау - өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен
есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының
арасындағы айырмасы болып табылады.
Пайда белгілі бір нысандарды орындайды.
Біріншіден кәсіпоырн қызметінінің нәтижесінде жетуде экономикалық
тиімділікті сипаттайды.
Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болды. Оның мазмұны, ол бір
жолға қаржы нәтижесі және кәсіпоырнның қаржы ресірстарының негізгі
элементтері болып табылады.
Үшіншіден, пайда бюджеттің түрлі деңгейін қалыптастырудың бірденөбір
көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен
қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.
Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орысан зор. Оны алуға
ұмтылу тауар өндірушілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін
шығындарды азайтуға бағыт көрсетеді.
Кәсіпорынынң пайдасы әр түрді қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық
пайданың жиынтық деңгейі – кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың
негізі жиынтық элементтері болатындар.
• өнімді сатудан, қызмет атқарудан, қызмет көрсетуден түсетін
пайда;
• негізгі қорларды сол сияқты басқа да кәсіпорынның мүліктерін
сатудан түсетін пайда;
• өткізуден тыс операциялардың қаржы нәтиделері.
Кәсіпорынның пайдасы екі көрсеткішке байланысты: өнім бағасы
және оны өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы - сұраныс пен
ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бәсеке жағдайында нарықтық
баға құрылымы зыңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы
өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол авоматты
түрде теңеседі.
Пайданың түрлері және оны есептеудің әдісі
Жалпы пайда = жалпы табыс - өндіріс шығындары
Экономикалық пайда = жалпы табыс - барлық ресурстардың
экономикалық шығындары
Бухгалтерлік пайда = жалпы табыс - оның шығындары
Таза экономикалық пайда = бухгалтерлік пайда - өндірістің анық
шығындары
Қалыпты пайда = копитал нормативті қайтарым - кәсіпкерлік
табыстың мөлшері
Шаруашылық пайдасы = қалыпты пайда – экономикалық пайда
Шеткі пайда = шекті табыс - шекті шығындар
Пайда
өндірісті үлғайтудың көзі болып табылады
ресурстарды пайдалану деңгейін және оларды үлестірудің оңтайлығын
сипаттайды
инновациялық технологияларды инвестициялауды ынталандыру
Кәсіпорын пайдасының бөлінуі
және пайдалануы
Пайданы үлестіру объектісі кәсіпорынның баланстық пайдасы болып
табылады. Оны үлестіруді пайданың бірі бөлігін бюджетке жолдау деп
түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы салық және басқада төлем
шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы
үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қарауында қалатын, құрылым
сататьясын пайдалану кәсіпорынның құзіретіне жатады.
Пайданы ұлестірудің принциптері:
• кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі
нәтиежсінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде
мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;
• мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке
түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құрамы және
алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды
түрде белгіленеді;
• салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері
өнім көлемінің артуы және өндірістік-шаруашылық және қаржы
қызметінің жақсаруына оның мүдделік кемімеуі керек;
• кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан
әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған
бөлігі тек тұтынуға келеді.
Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді.
Біріншісі – кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады.
Екіншісі – тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен ,
тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті
көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар
және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залаладарды, түрлі шығындарды
қаржыландырудың орнын толықтыруға бағытталады.
Бөлінбеген пайда кең мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланылған
және өткен жылдардағы пайдаланбаған кәсіпорынның қаржы орнықтылығынын,
кейінгі дамуы үшін қаржы көздерінің бар болуын дәлелдейді.
Кәсіпорындарда пайданы үлестіру және пайдалану тәртібі оның жарғысында
тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын басшысы бекітеді.
Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы
Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық
көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:
• кәсіпоырнының тапқан пайдасының өндірістің негізгі және
айнымалы қорлырының құнына қатысы;
• кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімнің өзіндік құнына
қатысы.
Кәсіпорынының қызметінің тиімділік деңгейін бағлау үшін алынған
нәтижеге (жалпы табыс, пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған
ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалықты
нремесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.
Практикада пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұсқада пайдаланады. Бұл
пайданың ағындағы шығындарымен қатынасы (кәсіпорын шығындары, өзіндік құн)
немесе аванстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар және айналым қаражаты).
Бұл екі өлшеуіш аванстық жұмсау айнымалы жиынтығының көрсеткішіне өзара
байланысты. Кәсіпорынның пайдалалық мөлшерін мына формуламен есептеуге
болады:
Пм =
Мұнда Ө - өнім көлемі;
Б - өнім өлшемінің бағасы;
Қ - өзіндік құн;
Нк –негізгі өндірістік қорлардың құны;
Ақ – айнымалы қаражаттың көлемі.
Практикада кәсіпорын қызметінің бірінші пайдалық көрсеткіштері
қолданылады.
Өнімнің пайдалылығын барлық сатылған өнімнің және оның түрлерін
есептегенде ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда ол өнімді сатқандағы
пайданың және оның өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын
анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан
алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шағарады;
балансытқ пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім; таза пайда жөнінде
- өнімді саиудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы рпайдалылық
көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді
сату табысы жөнінде түсінік білдіреді.
2. Өнліріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізгі
өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына
қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.
3. Кәсіпорынның жұмсалым пайдалылығы оның қарауындағы мүліктердің
құны арқылы есептелінеді. Есептегенде баланстық және таза пайданың
көрсеткіштерін пайдаланады.
Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы
есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.
Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент
мөлшерлемесі:
• басқа кәсіпорындардың үлес қосуынан түскен табыстар;
• құнды қағаздардан түскен табыстар;
• алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімдету – шаруашылықты
жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып
отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оның өндіруге қанша
еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлай қойылуы мынаны
аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып, шикізаттаың әрбір
өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын
төмендетіп, кәсіпоырндардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін
арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың
негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш
топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі
өндірістік қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы
өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден,
қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен
арттырылады.
Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігін молайтудың басты
шарты – еңбек өнімділігін барынша арттыру және өзіндік құнды
арзандату. Басқа да біркелкі жағдайларда өнімнің өзіндік құны неғұрлым
арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі.
Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын
тауырлардың сапасы да едәуір ықпал етеді, өйткені жоғары сапалы
өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен сата алады.
Қорытынды.
• Әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші пайда түсімі болып
табылады, яғни өндірістің және айнымалының қаржы қортындысын
білдіретін кәсіпорын жұмысының нәтижелі көрсеткіші. Сонымен
пайда дегеніміз - өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен
ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған
шығындардың айырмасы.
• Пайда өндіріс және таза табысты бөлу, экономикалық ынталандыру
қорын жасау және пайдалану үдерісі кезінде кәсіпорын ұжымдары
мен оның жеке мүшелерінің арасында, сонымен бірге мемлекеттік
кәсіпорындар мен жеке кәсіпорындар арасында қалыптасатын
экономикалық қатынастардың белгілі бағытн білдіреді.
• Өндірісті басқарудың жаңа жағдайында ішкі шаруашылықтың күрделі
қаржыны қаржыландырып, негізгі табыстарды құру және өзіндік
айналмалы құралдарды толықтыру ісінде бюджеттік қаржы емесе,
кәсіпорынның өз табысы негізгі қаржылық көзге аналады.
• Жоспарлы пайданың жалпы мөлшерін кәсіпорындардың өздері
белгілейді. Кәсіпорындар пайдасының жалпы мөлшеріне жатады:
олардың өнімдерін сатудан түскен пайда, көмекші, қайта өндейтін
өндіріспен және олардың салаларынан, қызмет көрсетуден алынатын
кіріс, сатуға жатпайтын кірістер.
• Кәсіпорындардың және олардың бөлімшелерінің белгілі бір
мерзімінде атқарған жұмысның тиімділігін өндірістің
пайдалылығымен айқындалады. Пайдалық дегеніміз – кәсіпорынның
пайдамен және табыспен жұмыс істеуі. Экономикалық категория
ретінде пайдалық кәсіпорынның тек қана ағымдағы өндірістік
шығындарды өнімдер сатумен қызметі үшін ақшалай өндіріп алынған
қыржымен өтеу қабілеттілігін ғана емес, сонымен бірге өндірісті
ұлғайтуға және дамытуға, еңбекшілердің мәдени-тұрмыстық
дәрежесін арттыруға қажетті пайда ала алатындығын да көрсетеді.
Аталымыдар мен ұғымдар
Табыс
Жалпы табыс
Жоспардан тыс табыс
Өткізуден тыс табыс
Қайталама тыбыс
Кепілдік табыс
Ақшалай табыс
Мерзімді табыс
Иновациялық табыс
Түпкілікті табыс
Жанама табыс
Акцияға шыққандағы табыс
Заттай табыс
Ұлттық табыс
Меншіктен түскен табыс
Жиынтық табыс
Табыстық
Пайда
Абсалюттік пайда
Базалық пайда
Баланстағы пайда
Бухгалтерлік пайда
Жалпы пайда
Жылдық пайда
Бағыттық пайда
Монополиялық пайда
Таза пайда
Салыстырмалы пайда
Жоспарлы пайда
Есептік пайда
Сақтандыру пайдасы
Қаржы пайдасы
Пайдалылық
Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасын
басқалай талап кояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпоырнның
өміршегінігі оның тауралар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты
жағдайы бәсекегежарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезіндегі бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға
деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте-бірте бірінші
орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу
өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы – бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен
себепші болатын өнімніңпадалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалығы
тек техникалық ,тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық
санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз
байланысты. Егер де тұтыну құны – бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы
болса, ал өнімнің сапалылығы – бұл оны пайдалануға нақтылы жағдайда тұтыну
құнының деңгейіндегі көрінуі.
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде
анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық
маңызын білу және құсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.
Сапаның көрсеткішін анықтау оның сандық маңызын өзін өзі түсіну болып
табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына
төмендегі әдістер пайдаланылады:
өлшеу әдіс (аспаптар, приборлардың көмегімен);
тіркеу әдіс – бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі
мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық,
стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
есептеу әідіс - өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін
арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;
органолептік әдіс – адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді
талдауды қамтид. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың
біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне бапйланысты;
социологиялық әдіс - өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың
мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге
асырылады;
сарапшылық әдіс – мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы,
дизайнерлер, дәм айырушылар.
Практикада өнімнің сапа деңгейін бағлау үшін көрсеткіштер жүйесін
пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөніндегі жеке
көрсеткіштер қосылады.
2. Жобалау
өнімді
әзірлеу
1. Маркетинг
3. Материалдық -
техникалық қызмет
көрсету
11. Кәдеге жарату
4. Өндіріс өнімдерін
дайындау және әзірлеу
10. Техникалық
Қызмет көрсету
5. Дайындау
9. Құрастыру
6. Бақылау
және дайындау
сынау жүргізу
8. Өткізу
7. Бума және сақау
Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы салада немесе
кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке
жататындар:
• сұрsyтылығs;
• маркасы;
• жүктемелі;
• пайдалы заттың мазмұны;
• өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі т.б.
Жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік
ерекшелігіне байланысты болады.
Тауарлардың бәсекеге жарамдылығының көрсеткіштері
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің
ерекшелігінің жиынтығы сатып алу сату актісінде көрінеді. Мұндай
ерекшеліктің үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерін сақталуы
негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасы, сол сияқты
нарық жағдайында тауардың тоық сәйкестігін бәсекенің жаравмдылығы деп
атайды.
Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына
мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (салық және сандық) сипаттамасын
анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынкта жеңіл және тез сатылады. Әрбір
сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана
алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық
мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып
лаушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер
пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтық пайда болу қарсаңында
қалыптасады.
Сонымен тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық
сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы
мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі
ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді.
Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың
ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.
Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі –
бұл тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мынадай формулавмен
анықталады:
Бт = Бс + Шт,
Мұнда,
Бт – тұтыну бағасы
Бс –сатылу бағасы
Шт, - бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның
барық нормативтік мерзімі ішіндегі қызметі)
Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда
бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін ; өнімнің өзіндік құны
тауарды
сату және оның сапалылық деңгейі Сөзсіз бәсекеге жарамдылығы
артығырақ болатын тауар оны өндіруге сатуға кеткен шығындар ең
төмен ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау бола-
тын болса.
Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техникалық денгейін және сату баға-
сын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды салыстыруға негіз-
делген. Бұл тәсілге сәйкес басында салыстырмалы сапаның сандық
көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) мына форму-
ламен анықталады :
КК = ККэ ККт ККо
Мұнда,
КК - тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші ;
ККэ - эстетико – эргономикалық деңгейінің кешенді
көрсеткіші;
ККт - техникалық деңгейдің кешенді көрсткіші ;
ККо - көрсеткіш кешенінің сенімділігі.
Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай
техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде анықталады.
Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары
деңгейде қызықтыратындарды таңдайды.
Қорыта айтқанда, біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу
сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға
мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы
өнімнің сапалық даму серпінің және деңгейін арттыруға еріксіз көндірілетін
болады.
Стандарт және стандарттау ұғымы
Стандарт – бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жарақаттардың елеулі
мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісішілік негізінде
әзірленетін және танылған органдардың бектетін нормативтік құжаты. Бұл
жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір
объектілердің жалпы принцитері, мінездемесі, талаптары және әдістері
белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы
деңгейге жетуге бағытталады.
Республикада қолданылып жүрген стандарттық жүйе құқықтық және
әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді. Бірінші заңдылық тәртіпке
сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы,
қорғашан табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтың денсаулығын қорғауды
қамтамасыз етеді. Екіншіден, өнірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда
техникалық бірлікке кепілдік береді. Үшіншіден, стандарттық жүйе әлеуметтік-
экономикалық бағдарлардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде
қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін
оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын
өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамасыз
етеді.
Стандарттау – бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал соан соң,
стандарттық үлгілерді, нұсқауларды, өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді
нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті –
халық шаруашылығының, халықтың, еліміздің қорғанысының, экспорт мұқтажы
үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы
құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау
болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік
құжаттар бар:
• Қазақстан Республикасы мемлекеттің стандарттары (Гост);
• Салық стандарттар (ССТ);
• Техникалық жағдайлар (ТЖ);
• Кәсіпорындар бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер
стандарттары;
• Ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да
қоғамдық ұйымдардың стандарттары.
Өнім сапасын басқару жүйесінің дамуы
Өнімнің сапасын басқару – бұл белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның
қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді
тұтыну куезіндегі жүргізілетін іс-әрекет.
Сонғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде
нарықтық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалық деңгейге
бағытталды. Сапаны басқару мәселерімен техникалық бақылау және сапаны
талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін
(белгілер) тексеру, өндірістік проценттердің әрбір операцияларында
қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде
табылған кемістіктер, оларды талдау және себептерін белгілеу кіреді.
Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына
қойылатын негізгі проблемалар, олар:
• өнімнің сапалығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін
қосу;
• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару
жүйесін қалай бағыттау;
• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару
жүйесіндгі механизм әсерлерін күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді
шешуге мүмкіндік береді:
• жоғары апалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
• өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықтық (рынокты) табы;
• жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
• өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы
жөніндегі проблемаларды шешу.
Сонымен өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарды жүйелі
түрде іске асқан жөн.
Қорытынды
• Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы – нарықтық
жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі,
нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жандандыруды,
пайданың артуын қамтамасыз етеді.
• Халықаралық тәжірбие көрсетккендей, сапалылықты арттыру қызметі
жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны
дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршілдік кезеңін қамтиды –
жабалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жаратуға дейін.
• Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді. Ол ұлттық
шаруашылықтың, халықтың, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі
үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын
нормативтік-техникалық негізі болып табылады.
• Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат
көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сынауды, тиісті сертификат
беруді, бағалау сынағының көмегімен кейінгі өндірістің жағдайы
үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.
• Өнімнің сапасын басқаруда нормтивтік актілерді іске асыру
сапаны және өнім қауіпсіздігін заңдылығын қамтамасыз етуде
тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді. Шетелік және
отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын
бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан
Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың
құқықтарының бұзылуынд құқықтарын және мүдделерін қорғаудан
тұрады.
Шаруашылық субъектісінің қайта тіркеу кезінде оның қатысушысының
жарнасының ақшалай бағасын бухгалтерлік құжаттармен немесе аудиторлық
есептемемен дәлелдеуге болады. Шаруашылық субъектінің құрылтайшылары мұндай
бағалаудан кейін бес жыл ішінде субъект кредиторлары алдында жарна
бағасының өскен сома шегінде жауапкершілік алады.
Кей жағдайда субъектіге жарна ретінде мүлікті пайдалану құқығын
береді. Мұндай жарнаның мөлшері құрылтай құжаттарда көрсетілген бұл
мүліктің барлық пайдалану мерзімін есептеп шығарып пайдалану төемін төлеу
сомасымен анықталады.
Жеке мүліктік емес құқтар мен материалдық емес заттар түріндегі
жарналарды енгізуге болмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бастапқы жарғылық капиталының
мөлшері құрылтайшылар жарналарының жиынтық соммасына тең және серіктестікті
мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды көрсеткен күнгі эквивалентті жүз
еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.
Берілген серіктестіктің қатысушылары серіктстікті тіркеу мерзіміне
дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25% көлемін енгізу міндетті.
Бірақ жарғылық капиталдық минималді мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Жалпыжиналыстың шешімі мен бекітілген мерзімде барлық қатысушылар
серіктестің жарғылық капиталына үлестерін толық енгізуге тиісті. Мұндай
мерзім серіктестік тіркелген күннен бастап бір жылдан аспауы керек.
Белгіленген мерзімде үлестерді енгізу бойынша серіктестіктің қатысушысы
міндеттемесін орындамаған жағдайда серіктестік қатысушымен енгізілмеген
үлес бөлігін меншікті капитал есебінен енгізуге немесе оның енгізген
бөлігін дейін жарғылық капиталдық келуін жүргізуге тиісті.7
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz