Кәсіпорынның өндірістік құрамы
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Өндірісті ұйымдастыру түрі
2.2. Кәсіпорынның өндірістік құрамы
2.3. Өндірістік құрылым және оның түрлері
2.4. Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің
жолдары
2.5. Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері
2.6. Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары
2.7. Өндіріс факторлары
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
І. Кіріспе
Өндіріс – қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалды
өнімдерді шығаратын процесс. Өндірістің дамуын еңбек құралдарынан, еңбек
заттарынан және белгілі бір мақсатпен жасалынатын жұмыс процесінен тұратын
еңбек ету жағдайы анықтайды.
Қазіргі заманғы өндіріс, ғылыми-техникалық процестің нәтижелерін
қолдану, соның ішінде автоматизацияландыру арқылы дамиды. Әрбір өндірістік
кәсіпорын – цехтардан, учаскелерден, қосалқы шаруашылықтардан, басқару және
ұйымдастыру шаруашылығы ұйымдарынан тұрады.
Өндірістік бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мең өзара қарым –
қатынастары және өндірістің көлемі мен жұмысшылардың саны кәсіпорынның
жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет
көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіпорынның өндірістік құрылымын
құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс
шығындарын, табиғи байлық пен техниканы қолданудың экономикалық тиімділігін
анықтауға ықпал жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік құрылымының бөлігі болып цех саналады.
Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір
жұмысты атқаратын буын.
Цехтардың 3 түрі болады:
• негізгі;
• көмекші;
• қосалқы және т.б.
Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Көмекші
цехтарға – құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары
жатады. Қосалқы цехтарға – қайта өңдеу цехтары, шығарылған өнімді
безендіретін қораптар мен басқа да жұмыстар жатады (орау, жүктеу,
тасымалдау, түсіру).
Цехтар – учаскелерден тұрады. Учаскелер 3 түрге бөлінеді:
• негізгі;
• көмекші;
• қосалқы.
Өнеркәсіптік кәсіпорындағы өндірістік құрылымның 3 түрі (типі) бар:
• заттай;
• технологиялық;
• аралас.
Заттай құрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цехтары мен
учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір
бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы
көрсеткіштері болады. Өйткені ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады,
өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген
көзқарасын жақсартады. Соның арқасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс
шығындары азаяды.
Технологиялық құрылым қолданылғанда технологиялық процестің ретіне
байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік құрылымның бұл типі цехты не
болмаса учаскені басқаруды оңайлатады және өндірістің бір номенклатуралы
өнім шығарудан келесі номенклатуралы өнім шығаруына ықпал жасайды.
Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым – қатынастардың
күрделенуі, жоғарғы өнімді құрал-жабдықтар мен құралдар қолданудың
мүмкіншілігінің жоқтығы жатады. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің
төмендеуіне, шығындар көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.
Ал өндірістік құрылымның аралас түрі болса, заттай құрылымның да,
технологиялық құрылымның да элементтерінен тұрады және бұл тип цехаралық
тасымалдардың көлемінің азаюына, өнім өндірудің өндірістік циклының
қысқаруына, еңбек жағдайын жақсартуға еңбек өнімділігін арттыруға, өнімнің
өзіндік құнын азайтуға әсерін тигізеді.
2.1. ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРІ
Өндірісті ұйымдастырудың түрі дегеніміз - өнеркәсіптік кәсіпорынды
ұйымдастыру ерекшеліктері мен техникалық жағдайының жалпы сипаттамасын
беру. Өндірісті ұйымдастырудың түріне көптеген факторлар әсер етеді:
• мамандандыру деңгейі;
• өндіріс көлемі;
• шығарылатын өнім номенклатурасының күрделілігі және төзімділігі т.б.
Өндірістің негізгі үш түрі болады:
• жеке-дара өндіріс;
• сериялық өндіріс;
• жаппай өндіріс.
Жеке-дара өндіріс - алуан түрлі және тұрақты емес номенклатуралы
өнімдерді жекелеп шығарумен сипатталатын өндіріс үлгісі. Мысалы: ірі
трубиналар, кемелер, металлургиялық, кен жабдығы және т.б. Сондай-ақ, жеке
тапсырыстар бойынша жеке тұтыну заттарын шығаратын тәжірибелік заводтар,
кәсіпорындар жеке дара өндіріске жатады.
Ерекшеліктері:
• әртүрлі номенклатуралы өнімдердің шығарылуы;
• жұмыс орындарын технологиялық мамандандыру бойынша
ұйымдастыру;
• әмбебап құрал – жабдықтар мен технологияларды қолдану;
• қолмен жинау жұмыстарының үлкен көлемі;
• жоғарғы білікті әмбебап жұмысшылардың санының көп болуы;
• өндіріс циклының ұзақтығы;
• аяқталмаған өндіріс көлемінің көп болуы.
Сериялық өндіріс түрі кең номенклатуралы, біртектелі
өнімдерді бір уақытта сериялармен шығаруды көздейді. Сериялы
өндіріске партиялармен енгізілген, конструкциялары бірдей өнімдерді бір
уақытта шығару жатады.
Негізгі ерекшеліктері:
• біртектес өнімдердің үлкен номенклатурасының тұрақты шығарылып тұруы;
• жұмыс орнының бірнеше операцияларды орындауы, мамандануы;
• бөлшектер мен өнімдерді партиямен шығару;
• мамандандырылған құралдар мен технологиялық жабдықтардың көп қолданылуы;
• қолмен жинау еңбегінің аз мөлшері;
• орташа білікті жұмысшылар санының көп болуы;
• өндіріс циклының ұзақ еместігі;
• өнім сапасын бақылау процесінің автоматтандырылуы.
Түрлері – ұсақ сериялы, орташа сериялы, жаппай сериялы
өндірістер, мысалы: самолет шығаратын, мотор шығаратын заводтар.
Жаппай өндіріс - өндірісті мамандандырудың ең жоғары сатысы. Мысалы:
автомобиль, трактор заводтары. Бұл түрі бойынша әртүрлі өнімдер бір уақытта
үзіліссіз шығарылып отырылады.
Ерекшеліктері:
• тек қана аз номенклатуралы өнімдерді үлкен көлемде шығару;
• жұмыс орнының тек қана бір операцияны орындауға мамандандырылуы;
• жұмыс орындарының операциялардың ретіне қарай орналасуы;
• арнайы және мамандандырылған технологиялық құрал-жабдықтардың үлкен
көлемі;
• механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық процестердің көп
қолданылуы;
• операцияларды дайындау және аяқтау уақытының аздығы;
• қолмен жинау жұмыстары көлемінің азаюы;
• ең төменгі білікті жұмысшылардың еңбегін қолдану;
• өндіріс циклының қысқаруы;
• өндірісті басқаруды және жоспарлауды шоғырландыру;
• кәсіпорындарды басқаруда автоматтандыруды енгізу.
2.2. КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚҰРАМЫ
Өндіріс құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:
• кәсіпорынның халық шаруашылығының қай саласына жататындығы;
• шығарылған өнімнің номенклатурасы;
• оның конструкциялық ерекшеліктері;
• қолданылған материалдар;
• шикізаттар және оларды өңдеу түрлері;
• өнімнің конструкциялық қарапайымдылығы және технологиялық төзімділігі;
• өнім сапасына қойылатын талаптар;
• өндіріс тұрпаты, оның мамандандырылуы және кооперацияландыруы;
• технологиялық құралдар мен жабдықтардың құрамы;
• өндірістің өзгертілген номенклатуралы жаңа өнім шығаруға қалыптаса алуы;
• өндіріс процесінің негізгі, көмекші және қосалқы цехтардағы
ерекшеліктері.
Әрбір сала кәсіпорындарының өндірістік құрылымдары негізгі өндірістің
жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланады. Тек, көмекші
және қызмет етуші шаруашылықтар ғана барлық кәсіпорындарда бірдей болып
келеді.
Өндіріс құрылымын әрі қарай дамытудың жолдары:
• кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру;
• негізгі, көмекші және қосалқы цехтардың арасындағы тиімді байланысты
сақтау;
• кәсіпорынды жоспарлаудың тиімділігін арттыру жолында тұрақты жұмыс
жүргізу;
• өндірісті ірілендіру арқылы (тұрақты) қуатты, ғылыми-өндірістік
ұйымдар ұйымдастыру;
• техника мен жозеары сапалы технологияны тұрақты түрде дамыту, өндірісті
ұйымдастыруды жетілдіру;
• өндірістің тиімділігін арттыру.
Кәсіпорындар мен цехтарды ірілендіру арқылы жаңа жоғары өнімді
техниканы кең көлемде енгізуге жағдай туады, технологияны дамыту, өндірісті
ұйымдастыру жақсарады.

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдың бөлімшелерінің негізіне
өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген
технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі,
қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады.
Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі
түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде
шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті
бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есепке алсақ өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі
жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның
өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды.
Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік
бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып
табылады:
• шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
• өндірістің ауқымы;
• кооперациялау, деңгейі.
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі
шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және
зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай
болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады.
Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдың әдістері
қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның
құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол
қарапайым.
Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорындардың кейбір
бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін
өндіріс үлгілері бой көрсетеді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен
ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін
көрсеткіштері арқылы анықталады.
Кәсіпорындардың ұйымдың құрылымы — бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік
мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және тұрғызу
нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелеген
міндетіне сай келетіндей болса тиімді жұмыс істей алады.
Әрбір құрылым деңгейлес және сатылы болып бөлінеді басқаша айтқанда
ұйымдық құрылымда еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып
ажыратылады.
Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің
саласында тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды (басқарушының тікелей
қарамағындағы бағынушылардың ең жоғарғы саны). Сатылы еңбек бөлінісі
басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс - әрекетін
құрайды.
Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің ерекшелігі, мамандандыру
деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік
құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі
құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар
өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде
құрылады.
Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық мүліктік оқшауланған
құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін
дайындайды немесе өндіріс процесін орындайды. Цех — бұл белгілі бір
бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.
Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы
өзара қарым-қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар, материалдар, жартылай
фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты
кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.

Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер
қолданылады. Олардың ішіндегі негізділері:
• оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;
• бөлімшелер қызметкерлерінің саны;
• жабдықтардың қуаты;
• өндірістік қорлардың құны;
• өнім шығару көлемі;
• мамандандыру және механикаландыру;
• күрделі қаржының құрылымы.
Кәсіпорынның құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдау өндірістің осал
жерлерін ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік
туғызады.
Келтірілген бірқатар көрсеткіштерді пайдалану цехқа қатысты
кәсіпорынның үдемелі құрылымын анықтайтын кейбір өндірістік бөлімшелердің
арақатынасын анықтайды. Кәсіпорын құрылымындағы негізгі цехтар, дайын
өнімді шығарумен байланысты, негізгі операцияларды орындауды қамтамасыз
ететін құрылымның тиімділігін көрсетеді Сонымен, нақтылы көрсеткіштерді
салыстыру арқылы басқару құрылымын сипаттайтын нормативтік немесе алдыңғы
қатарлы кәсіпорындардың қол жеткен табыстарын өндіріске енгізуді қажет
етеді. Мұндай салыстырмалы тәсілдермен олардың одан әрі жетілдіру жолдарын
анықтайды.
Салалық құрылымдарды жетілдіру көзінің бірі — бұл өндірістік
бірлестіктер құру. Оның түрлі үлгілері әр түрлі құрылымдарды алдын ала
анықтайды. Дегенмен, қағида бойынша, өндірістік бірлестіктерде ғылыми-
зерттеу лабораториялары, жобалау-конструкторлық бюролар, жабдықтар, өткізу
қызметтері, көмекші шаруашылықтар орталықтандырылады.
Өндіріспен қатар ғылыми-өндірістік бірлестіктер құрылады. Оларды
құрудың басты мақсаты — машиналардың, жабдықтардың, приборлардың,
материалдардың және басқа да өндірістік бұйымдардың үдемелі технологиялық
процестерінің жаңа үлгілері таңдамаларының техникалық деңгейлігін арттыру.
Сөйтіп, олардың негізінде саладағы ғылыми-техникалық прогресті жеделдету
болып табылады.
Ғылыми-өндірістік бірлестіктер бірыңғай ғылыми-өндірістік және
шаруашылық кешені болып саналады. Оның құрамына тәжірибелі үлгілер шығару,
жұмыспен қамту және жаңа өнімнің бірінші тобын немесе тәжірибе-өнеркәсіп
үлгілерін жаңа техникамен шығаруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу,
конструкторлық, жобалау – конструкторлық және технологиялық ұйымдар,
эксперименттік зауыттар (фабрикалар), іске қосуды реттеушілер және т.б.
қосылады.
Ғылыми-өндірістік бірлестіктердің құрылуы ғылым мен өндірістің қосылу
нысаны ретінде ең алдымен ондай кәсіпорын салаларда жүргізілетін, сөйтіп,
олардың дамуы көпшілігінде халық шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті
жеделдету қарқынына байланысты болады.

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек
процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір
жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді
жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін
қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен,
өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек.
Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер,
кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен
жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп
шығаруды қамтамасыз ететін болса.
Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:
• өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;
• кейбір бөлісулердің өндіріс учаскелері қуаттылығының үйлесімділігі және
олардың өзара үйлесуі
• өндірістің барлық бөлісу қызметінің ең жоғарғы қосарластығы;
• өңделетін материалдар мен бұйымдар қозғалысының түзу
дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа
жол;
• өндірістің ырғақтылығы, яғни тең аралық уақытта тең өнім
мөлшерін шығару немесе тең аралық уақытта тең жұмыс көлемін
орындау.
Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері: жеке дара, сериялық және
жаппай өндіріс болып табылады.
Жеке дара өндіріс — шығарылатын өнімнің кең номенклатурасын, сол
сияқты көмекші операцияларға уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек
өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын сипаттайды.
Сериялы өндіріс — жеткілікті көп мөлшөрде шығарылатын өнімдердің
түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды. Өнімді
шығарудың көлеміне және номенклатуралық айырымына байланысты сериялы, орта
сериялы және ірі сериялы өндіріс болып бөлінеді.
Жаппай өндіріс — ұзақ уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі
номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі
мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.
Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден
байқалады:
• мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік
процестерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды
қолдану;
• жабдықтарды қайта құру және оларды жетілдіруге
байланысты уақыт ысырабының жоқтығы;
• өндіріс процестерінің ұзақтылығын қысқарту, еңбек өнімділігін
оның сапасын арттыру;
• өндірістік қуаттарды едәуір тиімді пайдалану және өнімнің
өзіндік құнын елеулі кеміту.

Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік
қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың
бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы
тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының Іс-әрекетке
қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек
құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп
есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының
өндірістік-техникалық параметрлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт
аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ анықтауға болады деген
қорытындыға келісуге болмайды.
Сонымен, өндірістік қуат экономикалық санаты ретінде ең көп өнімді
шығару мақсатында еңбек құралдарының активті түрлері — машиналар және
жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарын
қамтиды. Өндірістік қуаттың мәні толық ашылады, егер де оны еңбек
құралдарының ұйымдасқан жиынтығының бернесі ретінде қаралатын болса.
Барлық жағдайлары бірдей кәсіпорындарда өндірістік қуатты пайдаланудың
экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі жолдары мыналар:
• нақты жағдайларда ең жоғары экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін
машиналар, техникалар және жабдықтарды таңдап алу;
• қажетті құрал-жабдықтардың қолайлы құрамын табу.
Қазіргі кезде қандай да болмасын жұмыстарды өнімділігі жоғары
техниканың жаңа түрлерін қолданбайынша сапалы орындауға болмайды. Сондықтан
белгіленген жұмыс бағдарламасын әрі сапалы, әрі өз уақытысында орындалуын
қамтамасыз еткен жөн.
2.7. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫ
Кәсіпорынның өндірістік қуаттарын пайдалануды ұйымдастыру және
қалыптастыру процестері күрделі және көптеген факторларға тәуелді.
Өндірістің өсу ауқымы және оның тиімділігінің артуы резервтерді көбейту
және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын пайдалануды
жақсартуды іздестіру міндетін қояды. Сондықтан да, қолданыстағы
кәсіпорынның өндірістік қуатын және оны пайдаланудың мөлшер деңгейін
анықтауға негіз болатын факторлар шеңберін анықтауды қажет етеді. Бұл
шарттасқан екі фактор ықпал ететін бірыңғай объект — кәсіпорынның
өндірістік қуаты (бөлімшелері). Бұлардың арасындағы айырмашылық —
факторлардың бір бөлігі өндірістік қуаттың өсу резервін, ал екінші бөлігі —
оны пайдалануды жақсарту резервін аныңтайды.
Ешбір қоғам материалдық игіліктер өндірмей тіршілік ете алмайды.
Сондықтан нені қалай өндіру, өндірілген өнімдерді қалай бөлу керек екені
кез келген қоғамның негізгі экономикалық мәселелері болып табылады. Әдетте
экономика ғылымында өндірістің үш факторын бөліп айтады, еңбек, капитал
және жер. Мұнда еңбек белгілі бір пайдалылыққа, нәтижеге мақсатталған адам
қызметі, іс-қимылы. Капитал материалдық игіліктерді өндіруге қажетті
жинақталған жабдықтар қоры Жер туралы әңгіме дегенде, нақты жердің өзімен
шектелмей адам кәдесіне пайдаланылатын табиғат сыйлаған ауа, су т. б.
игіліктер туралы сөз болуы керек.
ЕҢБЕК — ӨНДІРІС ФАКТОРЫ
Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажетін
өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік
етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. Адамды адам еткен еңбек деп
айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен
бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды,
еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алыл, оқу-өнер,
ғылымды игерді.
Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы
деген ұғымдарға да тоқталған дұрыс болар.
Еңбек қарқындылығы — белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің
мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс әдісін
шапшаңдатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды
көбейткенде, уақыт ұтып еңбек қарқындылығын арттыруға болады. Ғылыми-
техникалық революция жағдайында, өндірісті кешенді механизациялау және
автоматтандырумен байланысты жұмысшының дене күшін жұмсауы
азаяды, есесіне ой — ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды. Жұмыс күнінің
ұзақтығы қысқартылса, еңбек қарқындылығы артады, керісінше, жұмыс
күнінің ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мүмкін.
Ғылыми-техникалық революция еңбек сипатын өзгертті. Еңбектің мамандық
дәрежесі өсті, кадрларды кәсіптік жағынан даярлауға кететін уақыт
көбейді, өндірісте күрделі машиналар мен механизмдерді пайдаланумен
байланысты адамдардың дене еңбегінің үлесі барған сайын азаюда, жұмысшы
технологиялық процестің мәнін ұғынып, қымбат та күрделі жабдықтармен жұмыс
істей алатын, өздігінен бастама көрсететін дәрежеге көтерілді. Жұмыс күні
бойынша еңбек қажетті және қосымша болып бөлінеді. Жұмысшы жұмыс уақытының
бір бөлігін өзіне қажетті өнімдерді өндіруге жұмсайды. Бұл
уақыт ішінде жұмсалған еңбек қажетті еңбек болып табылады.
Алайда жұмысшы тек осындай көлемде өнім өңдірумен шектелсе, қоғам
одан әрі дами алмаған болар еді. Өндіріс көлемін ұлғайту және барған сайын
жетілдіру ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз
адамдарға көмек көрсету, материалдық емес өндіріс салалары қызметкерлерінің
қажеттіліктерін өтеу қоғамның міндеті.
Сондықтан жұмысшыға қажетті жұмыс уақытынан тыс еңбек
етуге де тура келеді. Мұндай уақыт ішінде жұмсалған еңбек —
қосымша еңбек деп аталады. Бір ескеретін жәйт еңбектің қажетті және
қосымша болып бөлінуі маркстік әдебиеттерге ғана тән, ал қазіргі
батыстық экономикалық әдебиеттерде бұл жоқ.
КАПИТАЛ — ӨНДІРІС ФАКТОРЫ
Өндірістің келесі бір факторы капитал, Капитал көп мағыналы ұғым:
ол материалдық шіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық
емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның
қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал-
жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси экономияның классиктерінен
тараған. А. Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д.Рикардо капиталды
өндіріс құрал-жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің
еңбектерінде де мұндай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П. Самуэльсон мен
Нордхаустың "Экономикс" деген еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада
басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын
игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар,
компьютерлер, жүк машиналары, прокат стандары, өндірістік үйлер т. б.
жатады. Кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы,
Дж. Робинсон "Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы" деген еңбегінде,
"Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде
танылған",—деп жазды.
Маркстің саяси экономиясының маңызды категориясы ретінде капитал
қоғамның бүкіл өндірістік қатынастар жүйесін қамтитын құбылыс ретінде
сипатталады, яғни капитал капиталистер мен жұмысшылардың қосымша құнды
өндірумен байланысты қатынасын, әрі оны бөлумен байланысты таптар
арасындағы қатынастарды қамтиды. Маркс капиталдың жалпы формуласын шығарды.
Ақша — Тауар — Ақша осыған орай ол капитал мәңгі қозғалыста болады деген
қорытындыға келді. Капиталдың өсуінің көзі капиталистердің ақысыз
иемденетін, жалдамалы жұмысшылардың еңбегімен өндірілетін қосымша құн болып
табылады. Сырт қарағанда капитал мынадай нақты нысандарда орын алады:
өндіріс құрал-жабдықтары — өндіргіш капитал нысанда ақша — ақшалай,
тауарлар — тауарлы капитал нысанында көрінбекші. Солай дей тұра К.Маркс
ақша-тауар және құрал-жабдықтар жеке алғанда капитал болады дегенді
айтпайды, олар белгілі бір өндірістік қатынастар құрамында ғана капитал
болып саналады, деп білді. Сонымен капиталға деген кезқарас әр қилы, алайда
олардың бір мәселеде бірлігі де байқалады, табыс әкелетін қабілеті
тұрғысынан капитал меншікпен үндеседі.
Материалдық өндіріс саласында қызмет ететін капитал өнеркәсіп
капиталы деп аталады Өнеркәсіпке немесе ауыл шаруашылығына
бөлінген ақша өндірістік объектіні салуға, машиналар мен жабдықтарды сатып
алуға, сол сияқты өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдарга
жүмсалады. Өнеркәсіп капитальшың өндіріс объектілерін, станоктарды,
жабдықтарды қамтитын болігі өндіріс процесінде көп жылдар әрекет етеді. Оны
негізгі капитал деп атайды. Шикізат, материаддар, энергетикалық ресурстар
өңдіріс процесінде бір мезгілде пайдаланылады да, өндірілген өнімге бірден
кешеді.
Негізгі капиталдың қызмет етуімек байланысты физикалық және моралдық
тозу орын алады. Физикалық тозу процесі негізгі капитал элементтерінің
өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сипаттайды. Негізгі
капиталдың физикалық тозуына көптеген факторлар әсер етеді. Олар ең алдымен
машина мен жабдықтарды пайдалану ұзақтығы мен қарқындылығы, негізгі
капиталды пайдаланатын өндіріс технологиясының құрылымы, атмосфералық
ықпал, материалдың ез бойындағы болып жатқан ішкі процестер. Негізгі
капиталды пайдалану ұзақтығы мен физикалық тозу дәрежесінің арасында
тікелей пропорциялы тәуелділік бар, машиналар мен жабдықтарды пайдалану
уақыты ұзақ болған сайын, физикалық тозу дәрежесі де жоғары болады.
Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа, оның қүұнсыздануы
нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты
олардың моральдық тозуы орын алады. Негізгі капиталдың моральдық тозуы ең
әуелі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуымен байланысты. Моральдық
жағынан тозған жабдықтар экономикалық тұрғыдан да тиімсіз, өнімсіз, сондай-
ақ онымен өндірілген өнімдердің бәсеке қабілеті де төмен болады. Моральдық
тозған, ескірген жабдықтарды, құралдарды жаңарту белгілі бір бағдарламаға
сай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz