Қаражаттың ауыспалы айналымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1 Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы
1.1 Айналым капиталының мәні және құрылымы
1.2 Қаражаттың ауыспалы айналымы
1.3 Кезекті айналым қаражаттарын анықтау

2 Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану
2.1 Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы
2.2 Амортизациялық аударым жарнасы

3 Негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін
құрайды. Негізгі өндіріс қоры (капиталы) – ұзақ жылдар бойы өндіріс
саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің
заттай түрін сақтайтын, бірте – бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін
жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизациялық жарна түрінде аударатын
өндіріс құралдарын айтамыз.
Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады.
Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс
шеңберіне оралады.
Қордың әр түрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес. Міне, осындай
жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндірістік
қорлар негзгі және айналым болып бөлінеді.
Өндірістік қатысу нәтижесінден негзгі өндірістік және өндірістік емес
болып екіге бөлінеді.и
Негізгі өндіріс қоры – бұл қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын
машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын,
өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді.
Негізгі қормен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын
балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) — өндірістік емес
қорларға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік кұрылымға кіретін
— тұрғын үй қоры, мәдени — тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен
құрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша,
мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай
белгісімен барлық негізгі өндіріс қоры төмендегідей болып бөлінеді:
1. Өндіріс ғимаратгары
2. Ірі құрылыстар
3. Беріліс қондырғылар
4. Күш машиналары мен жабдықтар
5. Жұмыс машиналары және жабдықтар
6. Өлшеуіш жэне реттеуші приборлардың барлық түрлері, зертханалық
жабдықтар
7. Шаруашылық және өндіріс инвентарлары
8. Инструменттер, аспаптар
9. Көлік машиналары
10. Басқадай негізгі қорлар түрлері.
Әрбір топтағы негізгі өндіріс қорының құндарының жалпы өндіріс қорына
үлес салмағын (%) өндірістегі кұрылымын көрсетеді. Негізгі өндіріс қорының
құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына,
бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады.
Негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен
жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей
қатыспауы мүмкін - ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық
үрдісін дамытуына көмектеседі. Мұндай негізгі өндіріс қорының бөлігін —
енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері,
әсіресе өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс
қордың белгілі бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруде шешуші рөл
атқаратын өндіріс қорларын - белсенді бөлігіне жатқызады.
Өндірісте негізгі қордың белсенді бөлігінің құны арқылы кәсіпорынның
мүмкіндігіне қарай дамыған сайын қордың тиімділік көрсеткіштері жоғарлап,
кәсіпорынның техникалық деңгейі және қуаттылығы артады.
Негізгі өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарлағанда, сонымен бірге
негізгі өндіріс қорының өндіріс қуаттылығын анықтағанда табиғи және құн
(ақшадай) түрдегі көрсеткіштері қолданылады.
Жұмыс істеп тұрған негізгі қорлар бухгалтерлік есепте олардың
баланстық құны бойынша көрсетіледі.
Негізгі өндіріс қорлары темендегідей бағаланады:
* бастапқы құны бойынша, оған қорға ие болғандағы құны, оны жеткізу және
құрастырып орналастыру шығындары кіреді;
* қалпына келтіру құны бойынша, яғни оған негізгі қорларды қайта бағалау
нәтижесіндегі құны жатады;
* қалдық кұны бойынша, яғни бастапқы құнының немесе қалпына келтірілген
кұнның тозу құнының айырмашылығымен анықталады.

1 Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы
1.1 Айналым капиталының мәні және құрылымы

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне
өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген
техинологияқ процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі,
қосымша, қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады.
Дайын өнімді жасауда жоғарыда көрсетілген операциялардың рөлі түрліше.
Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процостердің кезінде шығады, ал
басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті
бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.
Айтылғандарды есепке алсақ, өндірістік бөлімшелер өнімді өндірудегі
жалпы технологиялық процестердегі олардың өзара байланысы кәсіпорынның
өндірістік құрылымын құрайды. Құрылым кәсіпорынның дамуы мен жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін элементтердің іс-әрекетін тұлғалайды.
Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік
бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.
Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып
табылады:
• шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;
• өндірістің ауқымы;
• кооперациялау деңгейі
Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде
цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының
шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын
кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп
болса, сонша кәміл технологиясы, және ұйымдық әдістер қолданылуы мүмкін.
Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде
ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.
Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғын кәсіпорындардың кейбір
бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін
өндіріс үлгілері бой көрсетеді Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен
ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін
көрсеткіштер арқылы анықталады.
Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы — бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік
мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және тұрғызу
нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелеген
міндетіне сай келетіндей болса тиімді жұмыс істей алады. Әрбір құрылым
деңгейлес және сатылы болып бөлінеді, басқаша айтқанда ұйымдық құрылымды
еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады.
Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқару шының өз ісінің
саласында тиімді басқару мүмкіншілігіі анықтайды (басқарушының тіікелей
қарамағындағы бағынушылардың ең жоғарғы саны). Сатылы еңбек бөлінісі
басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-әрекетін
құрайды.
Өндірістің ауқымы, технологиялық процестердің ерекшелігі, мамандандыру
деңгейі, бөлімшелердің құрамы мен саны кәсіпорындардың түрлі өндірістік
құрылымдарын туғызады. Өнеркәсіп кәсіпорындары бөлімшелерінің негізгі
құрылымдары цехтар болып табылады. Алайда кейбір зауыттарды цехтар
өндіріспен ауыстырылады. Мұндай өндірістер бірнеше цехтар негізінде
құрылады.
Өндіріс немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған
құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін
дайындайды немесе өндіріс процесін орындайды. Цех — бұл белгілі бір
бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған бөлімшесі.
Кәсіпорындардың цехтар, учаскелер және басқа да буындары арасындағы
өзара қарым-қатынасы, атап айтқанда, шикізаттар, материалдар, жартылай
фабрикаттар және қызмет көрсетуде цехтар, бөлімдер ережелерімен, сол сияқты
кәсіпорынның бекіткен ережесіне сай нормативтік құжаттармен реттеледі.

1.2 Қаражаттың ауыспалы айналымы

Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең
аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыспалы
айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын
(айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан
айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп,
әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң
аяқталған өндіріс процесі — дайын өнімге (тауар нысанына) айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс
саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар
жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады.
Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді
дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш
сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып
алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай
өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды
қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай — әрбір сатыдағы айналым
қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық,
технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Шаруашылықты жүргізудегі нарықтың жүйе жағдайында кәсіпорын
экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің
төтенше маңызы бар.
Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер
болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы — айналым қаражатының
айналымдылығының коэффициенті.
Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым
қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады.

1.3 Кезекті айналым қаражаттарын анықтау

Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін
дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған
пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді.
Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы
жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан
өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының
көтеріңкі мөлшері кәсшорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын
жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның
өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда
қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгші мерзімде
шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін
есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары
өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу
ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы
және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т.б. шаруашылықтар
және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.
Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі
мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез
келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай
болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады жөне ақшалай
қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның
қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.
Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір
бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық өнімдерді өндіруге
байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім
қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі Оның төлеуге дейінгі
мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл
деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп
айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен
тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда
басқа да қиындық көздеріне ұшырайды — орнықты пассивтер, несиегерлік
берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым
қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті
қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның
таза пайдасы болып саналады.
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады.
Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында
түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған
жатпайды.
Орнықты пассивке жататындар:
• жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік
сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен
қамтуға жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
• ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы
қол жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша
жеткізушіге берешегі;
• аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге
берешегі;
• салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен
құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті
сақталады.
Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
• өндірістің маусымдылығы;
• тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;
• қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және т.б.

2 Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану
2.1 Негізгі капиталдың мәні, оның құрамы

Негізгі капитал — бұл материалдың құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс
істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған
байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады.
Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік
және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар — өндірістің,
құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың,
сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары.
Өндірістік емес негізгі қорлар — тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық,
денсаулық, білім, мәдениет, спорт салаларына арналған.
Натуралды-заттық құрама принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады —
ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары
мен жабдықтар, өндірістік-шаруашылық құрал-саймандар, жұмыс және өнімді
мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты
кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер төлімдері.
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және
пассивтік болып бөлінеді. Актив бөлігі (машиналар, жабдықтар) тікелей
өндіріске, өнімнің мөлшері мен сапасына (қызмет) ықпал етеді. Пассивтік
элементтер (ғимарат, құрылыс) өндірістік процестер үшін қажетті жағдай
жасайды.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын
жасайды. Ол мынадай сатылардан тұрады: негізгі қорлардың тозуы,
амортизация, негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың
қорлануы, оларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Негізгі қорлардың кез келген объектілері табиғи және сапалық тозуға
ұшырайды, яғни адам күшімен, техникалық және экономикалық факторлардың
ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін, үлгісін бірте-бірте жояды,
жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы кезде өз бернелерін орындауға
мүмкіндіктері болмайды.
Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы
ішінара қалпына келеді. Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің
конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен
жаңа үлгіден қалып болатынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды
әсіресе, олардың активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың
қажеттілігі туады. Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастаудың
анықтаушылық қажеттіліктің басты факторы — сапалық тозу болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны — ол негізгі өндірістік
қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік бөлігі),
себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның
жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

2.2 Амортизациялық аударым жарнасы

Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозу олардың құнының
экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өндіруге кеткен
шығындарға қосылады. Сонымен амортизация — бұл шығарылатын өнімге негізгі
өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражаттың қорлану
мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске
асырылады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизадиялық аударымның мөлшері
кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан,
амортизациялық аударымның тым жоғарғы деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін
көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын
пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық
дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі
қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл
олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге
жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында
тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстың құнына сәйкес кәсіпорын ай
сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорлардың
құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және өтелім мөлшерінің жылдық
сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім мөлшері — бұл жылдық
амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың құнына процент
есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет мерзімін есепке
алғанда бастапқы (баланстың) негізгі қорлардың құны амортизацияның
мөлшерімен анықталады.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті
болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың
өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес
негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс
анықтау өте қажег.
• негізгі қорлардың төзімділігі;
• сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
• техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;
• жабдықтау балансы;
• жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі. Кәсіпорын негізгі қорлар
жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын, жаңа үдемелі материалдар,
аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін тездетілген төлемді қолдануы
мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама өзгертетін жағдайда өнімдерді
экспорттауды кеңейту.
Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты
көрсеткіш — қор қайтарымы болып табылады. Ол өндірім мен еңбек қордың
жарақтанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор
жарақтанғанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте
оңды нұсқа болып есептеледі. Өйткені, осы жағдайда ғана өндірістің
тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші —
өнімнің қор сыйымдылығы (Қ.). Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі
қордың құнын сипаттайды (теңге).
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сиымдылығының
төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше
көрсетеді Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың
жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды
жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді
пайдалану қажет.
Негізгі өндірістік қордың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды
факторларының бірі - жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың
жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол
жетеді.

3 Негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігі

Шаруашылықты жүргізуші субъект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне
тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-
саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша
тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық
(сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде;
кәсіпорында, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта
жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп
тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың
қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда;
шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде
(сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Объектілер толық немесе ішінара (объектіні қайта жабдықтау және
жаңалау кезінде) жойылады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес,
пайдалану мерзімі біткен, табиғи зіл-залалының және апаттардың нәтижесінде
өзінің өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан
тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе
басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге беруге болмайтын тозығы жеткен
ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен
мүліктер шығарылып тасталынады.
Негізгі құрал-жабдықтардың, жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ
қажетті құжаттарды дайындау үшін (құрылтайшылардың немесе уәкілдіктердің
жиналысында қабылданған шешімімен) басшының бұйрығымен комиссия құрамы
тағайындалады, оның құрамында бас инженер немесе субъект жетекшісінің
орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары; материалдық
жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік
инспекциясының өкілі (автокөліктерді есептен шығарғанда) бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің қажеттілігі және мәні. Несиенің түрлері
Несие беруші - несие келісімнің қарыз ұсынатын жағы
Несиенің формалары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Несиенің қажеттілігі және оның мәні мен капиталы
Несиеннің қажеттілігі және оның мәні
Айналым капиталы түсінігі
Несиенің қажеттелігі және оның мәні. Несие капиталы. Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы
Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің дамуы
Несиеннің қажеттілігі және оның мәні жайында
Займдар бойынша шығындар
Пәндер