Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе.
1.0 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
1.1 Бухгалтерлік есептің Заңы.
1.2 Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары.
2.0 Кәсіпорынның негізгі және негізгі емес шығындарының есебі.
2.1 Шығын туралы түсінік.
2.2 Сатылған тауарлардың( қызметтердің,жұмыстардың) өзіндік құнының есебі.
2.3 Кезеңдік шығыстардың есебі.
2.4 Жалпы және әкімшілік шығысы.
2.5 Тауарлардың( қызметтердің,жұмыстардың) сатумен байланысты шығыстардың
есебі.
3.0 Қортындысы.
4.0 Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымша деректер.

Кіріспе.
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы маңызы мен мақсаты және қоғамда
алатын өз орны бар екендігі белгілі.Солардың ішінде басқа салалардан өзінің
ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген
жылдар бұрын пайда болып күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның
әлеуметтік экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап кележатқан
ғылым болып табылады.Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де.Солозано
Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады,басқалары
онсыз өмір сүре алмаса,бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес
және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес адамдар да бірін-
бірі түсінбес еді-деген болса,оның әріптесі П.Самуэльсон Біздің
ғасырымыз – машина ғасыры болып табылады - дейді. Бүгінгі таңда ел
экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік
қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен
рөлі арта түсуде.Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына
өзгерістер енгізілді.
Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын сонау 12 ғасырда алады.Бұл ғылым туралы
алғашқы түсінік шамамен 1340 жылы Генуе қаласында пайда болған.Бухгалтерлік
есептің алғашы негізін салушы және дамытушы француз манахы Лука Пачоли
болып табылады.Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы Шоттар және жазулар-
деген трактатын жазған.
Ал, бухгалтерлік термині 15 ғасырда Австрия қаласында пайда болған.Рим
империясының квесторлары мемлекеттік бухгалтерлерді бақылап, оның
қорытындысын емтихан қабылдаушы тындаған.Міне,осы жоғарыда айтылғандарға
сүйене отырып,бухгалтерлік есептің тек қана кәсіпорын жұмысының бір бөлігін
атқарып қанақоймай тұтас мемлекетті басқаруға қатысы бар екенін дәлелдеуге
болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында Есептей
алмаған,басқара алмайды-деген сөздің жайдан – жай айтылмағандығын атап
өтуге болады.Жалпы,бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын
жоспарлау,бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін
қажет.Сонымен қатар
бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері,капиталы және
өндірілген өнімдері мен сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап
көрсетеді.

1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
Бухгалтерлік жұмысын жүргізу үшін кәсіпорынды күнделікті орындалып отыратын
барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып
отыратындығы бухгалтерлік есептін басқа ғылымдардан ерекше екндігін алдыңғы
тауарларда айтып өткенбіз.Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда
орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын
жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға
болады.Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың,орындалған
тапсырманың үздіксіз,белгілі бір тәртіппен,арнайы үлгідегі қағаздарға
жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы,қажет болған
жағдайда кәсіпорын мен ұйымның мөр таңбасының басылуы құжаттау деп
аталады.Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып
табылады.Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын
бойынша орындалған жұмыстың,атқарған қызметін қай мерзімде жазылғанын және
оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.Құжат
кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына үздіксіз толтырылып
олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі
болып табылады.Бухгалтерлік құжат – кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың
орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде беретін жазбаша
куәлік. Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді
бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды.Кәсіпорында
жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы
құжаттардың нысаны бірдей болмайды.Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы
құжатпен құжатталуы тиіс.Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық
операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер
түсіріледі.Құжат көрсеткіштерін деректемелер(реквизиттер) деп атайды.Олар
міндетті және толықтырушы болып бөлінеді.Міндетті деректемелер(реквизиттер)
деп атайды.Міндетті деректемелер (реквизитте)бухгалтерлік құжаттарды заңды
құқықпен қамтамасыз етеді.Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:
-құжаттың аты,нысанның коды;
-құжаттың толтырылған уақыты (күні,айы және жылы);
-құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
-шаруашылық операциясының мазмұны;
-шаруашылық операцияның өлшемі(натуралдық немесе ақшалай);
-шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға
жауапты адамдардың аты-жөні;
-жауапты атқарушының қолы;
Қосымша деректемелер(реквизиттер)шаруашылық операция көрнісі
ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады.Әр түрлі
талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша
деректемелер(реквизиттер) болуы керек:құжаттың реттік нөмері,ұйымның банк
мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмері,шаруашылық операцияны орындау
үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалар.Құжаттардың
нысандары(формалары)келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:
1) ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
2) еңбек және еңбекақы;
3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
4) материалдар;
5) кем бағалы және тез тозғыш заттар;
6) капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7) құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
8) автакөліктегі жұмыс;
9) түгендеу нәтижелері;
10) кассалық операциялар;
11) сауда операциялары;
Құжаттар дер кезінде,яғни операцияның орындалуы барысында толтырылу
керек.Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған
жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылуы керек.Уақытында
толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады
және ол операцияның бухгалтерлік есеп шотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп
соғады.Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі
кешіктірілуі мүмкін.Құжаттардағы жазбалар сиямен,шарикті қаламсаппен,жазба
машинасымен(компьютермен)және басқа да олардың архивте көрсетілген уақыт
мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен
толтырылады.Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын
қоятын адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен
тағайындалады.Бухгалтерлік есепте пайдаланатын алғашқы құжаттардың басқадай
түрлеріне түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың
келісімімен жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап,
қолдарын қояды.

1.1.Бухгалтерлік есептің Заңы.
24 маусым 2002 жылдан бастап №329-11 Қазақстан Республикасының
Президентінің қаулысы бойынша Бухгалтерлік есеп заңына өзгерістер енгізген.
Бухгалтерлік есеп шоттары Қазақстандық стандартқа көшкен, сонымен қатар
бухгалтерлік есептің бас жоспары өзгеріп, екі сандық кодтан үш сандық кодқа
көшкен. Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша 22-
желтоқсанда 2005-жылы №426 Халықаралық қаржылық есеп беру стандартына
сәйкес Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есебі халықаралық стандартқа
көшкен.
Есеп саясатын дайындау.
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалды. Оны
дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі
айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің
бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық
пунктерінің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала
келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заңның негізінде есеп
саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының
заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге
алынған болса, (лауазымды тұлғалар туралы,ішкі ережелер, бұйрықтар мен
өкімдер т.б.) міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару
құжаттарымен яғни бұйрық, өкім немесе қаулылармен рәсімделуі қажет.
Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты кәсіпорынның қызмет атқаруы
барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі
мүмкін:
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
- Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актлердің өзгеруі салдарынан;
- Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және т.б.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының
дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның
барлық құрлымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан
қолданылады. Ұйымның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің
және т.б. бөлімшелерінің есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын
ала қамтамасыз етуі қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы
орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар
бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу
тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түсініктеме жазуда кәсіпорынның келесі
жылға қабылдаған есеп саясаты жазылады.
1.2. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары.
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген
мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз- кәсіпорындағы
есеп жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі
болып табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен
тәсілдерін, мәні мен мағынасын және терминалогиясын анықтайды. Бухгалтерлік
есептің қаржылық есептің стандарттарының қай- қайсысының болмасын өз
мақсаты, қолданылу аясы, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны
болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы
және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолданылу аясы. Стандарттың пайдаланатын жерлері мен қандай жағдайда
қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандартағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме
берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшіне
енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
Кей кездерде стандарттың қосымшалары жарыққа шығуы мүмкін. Бұл қосымшада
жаңа стандарттың басқа қай елдерде қоданатындығы жазылып және оған қоса
мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп қаржылық есеп беру стандарттары
халықаралық және ішкі болып 2-түрге бөлінеді.
Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың
халықаралық комитеті жасап шығарды. Ал ішкі бухгалтерлік есеппен қаржылық
есеп беру стандарттары, әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін сол елдің
ішінде жасалады.Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп
стандартымен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс
болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау барысында
әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан- жақты талданып, оны
шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп
стандартын жасауы барысында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын
негізге алады.Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын есеп
принциптерин бір ізге салуға қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда
Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды.Жалпы бұл
ұйымның құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Голландия, Жапония, Ирландия,
Канада, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің
келісімге келуімен іске асырылады.Алғашқы уақытта, яғни Қаржылық есеп
беру стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына
жоғарыда аталған елдерден жеті білікті маман алынған болтын.Ал бүгінгі күні
оның құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия,Оңтүстік
Африка Республикасы,Зимбабве және т.б.елдердің өкілдері бар.Қаржылық есеп
беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа
стандарттары мен басқадай нұсқаулары,ережелері және түсініктері үшін табыс
алып отырады. Сонымен қатар бұл комитетке бухгалтерлердің халықаралық
федерациясы,қаржылық институттары,бухгалтерлік фирмалар және басқадай
ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады.Халықаралық қаржылық есеп беру
стандартының негізгі мақсаты – мына төмендегілерді орындай отырып,қаржылық
есеп беруге қол жеткізу:
- қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
- ақпараттық жүйені құру принциптері;
- осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
- қаржылық есеп берудің элементтері;
- өлшеу және мойындау критерийлері;
Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және
қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру.Сондай-ақ ұйымның
қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:
1.қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті
мәләмметтер.
1. қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға қажетті
мәлімет
2. ұйымның алдағы кезендегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;
3. ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бағалауға
қажетті мәлімет;
4. басқару органдарының жүмысын бағалауға кажетті мәлімет. Қаржылық
есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым
құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті
элементінен құралады.Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның
балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі
жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі
туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын пайда және зиян деп аталатын
топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешім
қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігн
аныктайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын (концепциясын) жалпы және
жеке - деп аталатын екі түрге бөлуге болады.
• Жалпы тұжырымдама бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы
көзқарасын білдіреді.
• Жеке тұжырымдама тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін
бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар халықаралық бухгалтерлік есеп және каржылық есеп беру
стандартында қарастырылған бухгалгерлік есеп принциптері, есеп саясаттары,
есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі
таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында сондай-ақ тәжірибесінде екі
негізгі, жалпы деп аталатын континенттік (еуропалық) және америкалық
тұжырымдама қатар жүргізіліп келеді..
Бухгалтерлік есептің континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы кәсіпорынның
жүмысына мемлекеттің ықпал етуімен және араласуымен түсіндіріледі
Менің ойынша сол елдегі қызмет атқаратын барлық ұйымдар мемлекет бекіткен
шоттар жоспары және басқа да нормативті құажаттар бойынша жұмыс істеуі
тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп төлемдегі қолданылатын
ақпараттық мәліметтері бұл контигіенттік (еуропалық) тұжырымдамасы бойьшша
ішкі органының және басқа да мемлекеттік органдардың қажеттілігін
қамтамасыз ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған
жіне оның негізінде өзінің кәсіпорындары жұмыс жүргізіп отырған елдердің
қатарына Австрияны, Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерін
жатқызуға болады. Америкалық тұжырымдаманың контйненттік (еуропалық)
тұжырымдамадан
өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі
мәліметтері негізінен қаржы (алымшылары мен несие берушілердің қажеттілігін
қамтамасыз етуте арналған жағдайда ұйымның айлық жүйесі қаржылық есептен
бөлек және оған тәуелсіз шешімін тауып отырадығы бұл модельді
АҚШ, Канада,Ұлыбритания, Голлндия Үндістан (Индия), Оңтүстік Африка
Республикасы және тағы да басқа елдер колданып отыр.
Міне, осы жоғары да айтылғандарды қортындылайтын болсақ әрбір ел өзінің
бухгагітерлік есебін контаненттік (еуропалық немесе америкалық тұжырымдама
бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің еліміздегі
ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында континенттік (еуропалық)
түжырымдама (концепция) ботйынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі күннің
өзінде осы қалыптасып қалған модульда өз күшін жоймай келеді. Яғни барлық
кәсіпорындардың есептік жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының
қажеттілігін қанағаттанды мақсатында жасалынып отырылады.Әйтсе де 1997
жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің
ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
стандарттары Американдық (халықаралық) бухгалтерлік есеп стандарттарына
барынша жақындатылып жасалғандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар біздің
еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс
жасап 2003 7470-Басқа да шығыстар, 6280- Басқа да кірістер - деп
аталатын шоттары дебеті бойынша субъектінің осы шоттардың аттарына сәйкес
жағдайларға байланысты шыққан шығындары мен шеккен зияндарының сомасына
ақша қаражаттары, негізгі құралдар, материалдар және тағыда басқа тиісті
активті шоттардың кредиттерімен корриспанденцияланады. Ал бұндай
жағдайларға байланысты алынған табыс сомаларына (сақтандырылған жағдайда
немесе тағы басқа) 2100-Ұзақ мерзімді дебеторлық берешек, 1200-Қысқа
мерзімді дебиторлық берешек-деп аталынатын немесе 1000-Ақша қаражаттары-
деп аталынатын тарауларының тиісті шоттары дебеттелініп, 6230- Мемлкеттік
субсидиялардан алынатын кірістер шоты кредиттелінеді.
6400- Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке ескерілетін үйымдар пайдасының
үлесідеп аталатын шоттың дебеті және 1200-Қысқа мерзімді қаржы
инвестициялары, 2000-Ұзақ мерзімді инвестициялар- деп аталатын бас
шоттының тиісті бөлімше шоттарының кредитінде шаруашылық субъектісінің
басқаларға үлестік қатысудан болған жағдайда шеккен зиандарының соммасы
көсетілсе, керісінше, бұндай жағдайлардағы субъектілердің тапқан
табыстарына 1200-Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары, 2000-Ұзақ мерзімді
инвестициялар- бас шотының бөлімше шоттарының тиістісі дбеттелінп, 6400-
Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке ескерілетін үйымдар пайдасының үлесі-
деп аталатын шот кредиттелінеді.
Жылдың аяғында 7-Шығындар бөлімнің шоттарында жинақталған шығындардың
жиыны осы шоттардың кредитінен 5400-Бөлінбеген кіріс шотының дебетіне
апарылады. Сөйтіп, 5400-Бөлінбеген кіріс шотында жыл бойы субъектінің
тапқан табыстарымен шығыстары жинақталып, таза табысы мен шығындары
анықталады. Осы 5400-шотта анықталған таза табыс осы шоттың дебетіне 5410-
Есептік жылдың пайдасы шотының кредитіне жазылады. Егер 5400-Бөлінбеген
кіріс шотының жылдық қалдығы дебетінде болса, яғни субъкті.
Шығындар дегеніміз - шаруашылық іс - әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі
құралдар мен керек жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге
арналған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың
және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын
активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, шығындар ұғымы
өндіріске шыққан шығындар дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан
шығындар - өнімді ( жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында
тқтынылған ресурстар бөлігі.
Кәсіпорынның қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу.
Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін
сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны
қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі.
Шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметі) өндірумен өткізуге
жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: Айқын
және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады.
1. Айқын шығындар ол өндіріс факторларын және аралық
бұйымдарды жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай
төлемнің формасын қабылдайтын баламалы шығындар.
2. Айқын емес шығындар (имплиценттік шығындар) - ол ресурстарды
пайдаланудағы фирманың өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкімге ештеңе
төлемейтін шығындары.
Өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда ала
алатын немесе Айырылып қалған мүмкіндіктерінің (алынбай қалған
пайдасының ақшалай төлемі).
Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөліне алады: тұрақты және
айнымалы.
Тұрақты шығындар - ол мөлшері өндіріс көлеміне байланысты емес
мынандай шығындар: рента, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар,
негізгі капитал амортизациясы, үй-жайды жалға беру, әкімшілік шығындар,
пайымдар бойынша пайыздар.
Фирманың айнымалы шығындары өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Оған:
шикізаттардың, материалдардың, арзан бағалы және тез тозатын заттардың
шығындары, өндіріс жұмысшыларының еңбек ақылары, өндіріс жұмысшыларын
әлеуметтік сақтандыруға арналған ақша шығындары кіреді.
Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорындағы шығындардың көлемін азайтып,
көп мөлшерде пайда табу.
Бухгалтершік жұмысын жүргізу үшін кәсіпорьшда күнделікті орындалып
отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып
отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін
алдыңғы тауарларда айтып өткенбіз бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен
ұйымдарда орындалған операцияларды қолдатын және алдағы уақыгта орындалатын
жұмыстар мен атқарылатын қызметгерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға
болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың
үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және
оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын
мен ұйым мөр таңбасының басылуы) кұжаттау деп аталады. Сондықтан да
құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар
арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың,
атқарған кызметін қай мерзімде жазылғанын және оған қандай молшерде шығын
жұмсалғанын дәлелдеуге болады. жылды зиянды аяқтаған болса 5400-
Бөлінбеген кіріс-шот кредиттелініп, 5410-Есептік жылдың пайдасы-деп
аталатын шот дебеттелінеді атылған тауарлардың (қызметтердің,
жумыстардың)
өзіндік құнының есебі.
Тұрақты шығындар ол мөлшері өндіріс көлеміне байланысты емес мынадай
шығындар: рента, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, негізгі капитал
амортизациясы, үй жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, зайымдар бойынша
пайыздар.

Сатылған тауарлардың (қызметтердің, жұмыстардың) өзіндік құнының есебі.
Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке
алуға 7000-Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
деп аталатын бір топ шоттары арналған, оған мынадай синтетикалық шоттар
жатады.
7000-Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны шоты.
Бұл шот өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін
материалдық өндіріс салаларында қолданылады және босатылған (жөнелтілген)
өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын
есепке алуға арналған.
7000-Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны шотқа
сатылған дайын өнім түрі бойынша субшоттар ашылуы мүмкін, бірақ мұндай
шешімдер есеп саясатында көрініс табуы тиіс.
Төменде 7000-Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік
құны шоты бойынша жасалатын шоттардың корреспонденциясы келтіріліп отыр.
Қат Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, Шоттар
ар теңге корреспонденциясы

дебет кредит
1 2 3 4 5
1 Бұйрық- накладнойларының негізінде, 300000 7010 1320
қоймадан нақты өзіндік құны бойынша
босатылған дайын өнім сомасына
2 Тапсырыс берушілерге орындалған 120000 7010 8010
жұмыстармен қызметтер актысы бойынша 8030
өткізілді
3 Босатылған тауарларға, орындалған 600000 1210 6010
жұмыстарға жэне көрсетілген
қызметтерге толтырылған салықтық
шот-фактуралар жэне есеп айырылысу
төлеу құжаттары сатып алушыларға
ұсынылды: - келісімді бағалар бойынша
4 -ҚҚСсомасын 13% 96000 1210 3130

7000 - Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
шотының дебетінде сатылған тауарлардың , жұмыстардың және қызметтердің
өзіндік құны еспке алынады да, ал есепті кезеңі аяғында осы шоттың
кредитінен 5400 - Бөлінбеген табыс шотының дебетіне жазылады. Осы жазудан
кейін 7000 - Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік
құны шоты жабылады.
7000-Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны шоты.
Бұл шот негізінен сауда, жабдықтау-сату, делдалдық және сауда
кәсіпорындарында қолданьшады. Сатып алынган тауарларды сатуды жүзеге
асыратын экономиканың басқа салаларындағы кәсіпорында да пайдалынуы мүмкін.
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына 7000 - Өткізілген өнімнің және
көрсетілген қызметтердің өзіндік құны - шоты дебеттелініп 1330 -
Тауарлар шоты кредиттелінеді. Есепті кезеңнің аяғында 7000 - Өткізілген
өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны дебетінде есепке
алынған сома, осы шоттың кредитінен 5400 Бөлінбеген кіріс - шотының
дебетіне жазылады, 7000-шоты есепті кезеңнің аяғында жабылады.
2400- Негізгі өндіріс, 8030- Қосалқы өндірістер шоттарында орындалған
жүмыстардың және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны есепке алынып, сол
жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны есепке алынып, сол
жүмыстармен қызметтердің сатылуына қарай 7010 шоттардың дебетіне жазылып
отырады. Есепті кезеңнің аяғында орындалған жұмыстар мен қызыметтердің
сатылыуы бойынша жұмсалған нақты шығындардың сомасы 7010-шоттардың
Бұл бөлімшенің шоттары өткізілген активтердің барлық түрлерінің өзіндік
құны, сондай-ақ бағам айырмашылықтарынан алынған сомалар туралы ақпаратты
жинауға арналған.
7410 - Активтердің шығуынан алынатын шығыстар шоты сатылған материалдық
емес активтердің құны туралы ақпаратты жинақтауға арналған.
7410 - шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде
келтірілген.

Шоттар
Қатар Шаруашылық операциялардың мазмұны Сомасы, корреспондентциясы
№ тенге
дебет кредит
1 2 3 4 5
Сатылған материалдық емес активтер
өзінің белгіленген
тэртібінде есептен
1 шығарылады:
материалдық емес активтердің
өз
сатушысында болған 30000 2740 2730
кезінде оны пайдаланғаны
үшін, есептелген тозу
сомасына
- сатылған материалдық емес
активтердің қалдық құнына (тозу
сомасы бастапқы
құнынан алып тасталады) 27000 7410 2730
Маиериалдық емес активтерді
сатуға
2 байланысты шыққан шығыны жыл
аяғында
жиынтық табыс шотында 270000 5410 7410
көрсетіліп жазылады
3 ЕСыл аягында шығындардың барлығы г габыс эіна гілген
шоті көрсег кейі]

шоты жабылуы тиіс.
7411-Активтердің шығуынан алынатын шығыстар шоты - бұл шот сатылған
негізгі құралдардың құны туралы ақпараттарды жинақтау үшін пайдаланады.
кредитінен 5410- шоттың дебетіне көшіріліп жазылады. Бұдан кейін 7060-
шоттары жазылады.
7015-Жалға байланысты қызметтің өзіндік құны шоты. Бұл шот экономиканың
барлық салаларындағы кәсіпорындарда қолданьшады. Бұл шоттың дебетінде жалға
байланысты келісім-шарт талаптары бойынша жалға берушінің есебіне
жатқызылатын басқа да шығындар (объектілерді бұзып, тасымалдау шығындары
,объектілерді құрастыру және іске қосыу
шығындары,қызметкерлердің іс сапарларының шығындары т .6.) есепке алынады.
Есепті кезеңнің аяғында 7015- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
Халықаралық Қаржылық Есеп беру Стандарттарының маңыздылығы
Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптері
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Түсініктілік принципі
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарының теорияда және тәжірибеде алғашқы қолданылуы
Салыстырмалық принципі
Пәндер