Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе 3

І Тарау. кәсіпорынның қаржысы 5
1.1 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы 5
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары 9

ІІ Тарау. Кәсіпорынның қаржылық нәтижесін жоспарлау
2.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі 11
нәтижелерінің қалыптасу
2.2 Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті 11
18
ІІІ Тарау. кәсіпорынның қаржылық нәтижесін жоспарлаудың қазіргі
даму бағыттары (АЗ Эталон кәсіпорны мысалында)

Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер
40
43

Кіріспе

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу
мақсатында құрылады және қызметтің бұл түрі рыноктық экономиканың негізі
болып табылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады:
мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен
серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Бұдан бұрын атап өтілгендей,
коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым
бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі
жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының
басқа мекемелері (жинак ақша-депозит мекемелері, инвестициялык қорлар, қор
биржалары, бағалы қағаздар рыногы мен ақша-кредит рыноктарына қызмет
көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті
қоғамдық қорлар, трасттық компаниялар және басқалары.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды
сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ІЖӨ-ні жасау, бөлу және пайдалану
үдерістерін қамтиды. Олар негізінен ІЖӨ мен ҰТ жасалатын материалдық
өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының
мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды
қалыптастыру өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржылық ресурстарды жасау,
қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану
үдерісіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақшалай немесе қаржылық
қатынастар деп атайды, қаржылық қатынастар ақшалай қатынастардың бір бөлігі
болып саналғанымен ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қорларды
қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап
көрсеткенбіз.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден
алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық
салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан
кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған
табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза
табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер
экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны
кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың
айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың
қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей
жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі)
ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни
кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш
мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс
табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал
нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының
көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық
ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне
негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын
өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы
тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар
болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық
несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік
несиелерімен жабылуы мүмкін.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен
басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.
Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы
негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы
кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

І Тарау. кәсіпорынның қаржысы
1.1 Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі
бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық
есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі
қаржыландыру, қаржылық-шаруашылық қызметтің қорытындысына ынталылық, оның
нәтижелері үшін жауапкершілік, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);
жоспарлылық; меншіктің барлық нысандарының теңдігі; қаржылық резервтердің
болуы.
1. Коммерциялық есеп – шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық-
қаржылық қызметін жүргізудің негізге алынатын кағидаты және басты әдісі.
Мемлекеттік меншіктің шаруашылық жүргізуші субъектілері.
Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын
ұйымдастырудың негіздеріне сәйкес дәстүрлі шаруашылық есеп терминін
қолдану қолайлы, жеке меншік, аралас субъектілерге коммерциялық есепті
қолдану қолайлы, алайда бұл ұғымдардың экономикалық тұрғыдан маңызы бірдей.
Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық
капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы)
тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің
әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметтен
алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды қажет етеді.
Коммерциялық есептің өзіндік ерекшелігі:
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тәуелсіздігі болады;
қаржылық қатынастар мемлекет тарапынан болатын майда реттемелеуден бос
болады; қаржылық қатынастар субъектілерінің жұмыстың нақты нәтижелері және
міндеттемелердің уақтылы орындалуы үшін нақтылы экономикалық жауапкершілігі
болады;
коммерциялық есеп жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің
банктермен, сақтық ұйымдарымен және мемлекетпен көптеген өзара қарым-
қатынастары қалыптасады.
Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанда іске асырылады.
Рыноктық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі
қағидатын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды
іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың
кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.
Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен
өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.
Өзін-өзі өтеушілік - шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол
шаруашылық жүргізуші субъектінің өз өнімін (орындалған жұмыстарды,
көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру
және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді, Өзін-өзі
өтеушіліктің төменгі шегі – залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың
сандық теңдігі.
Шығындарда өзін-өзі өтеушілікке жету – кәсіпорын өнім өндіруді игеру,
шаруашылық үдерістерді күйіне келтіру, рыноктық ортаға бейімделу кезіндегі
кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Рыноктық қатынастар
жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе басым маңызы бар
шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабелді
жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредиттік ресурстарды
пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.
Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі кредиторлар тарапынан
кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында
қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты
қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: санациялауды (сауықтыруды),
қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды
қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.
Өзін-өзі қаржыландыру – рыноктық экономика жағдайларында шаруашылық
жүргізуші субъектілердің шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті
шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен шаруашылық жүргізуші субъектінің
өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне
негізделеді, ол әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өзінің ағымдағы және
күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді.
Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің
қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық кредиттер есебінен (ағымдағы
шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі
жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар шаруашылық
жүргізуші субъектінің қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.
Рыноктық экономика мен жекешелендіру үдерістерінің дамуы жағдайларында
өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды,
бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржылық операциялардан
алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.
Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар
негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға,
конверсияға қолданылады.
Өзін-өзі қаржыландыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық
қаржылық дербестігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға
өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға,
тартылатын және қарыздық қаражаттарды іздестіріп, айналымға салуға құқық
берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын қайта бөле алмайды.
Қаржылық қатынастарды мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың,
амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің,
бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.б.
жүйесі мен тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жауапкершілігі бюджет,
кррлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржылық
санкциялардың жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, шаруашылық жүргізуші
субъектілер өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты
болады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жауапкершілігі
кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың қаржылық
ресурстарында сактық компанияларынан түсетін сақтық төлемдерінің рөлінің
артуымен күшейіп келеді.
Шаруашылық қызметтің нәтижелігіне мүдделілік бірдей дәрежеде
кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке жұмыскерлерге және жалпы
мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен,
мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен
қорланымға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен
қамтамасыз етілуі мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұжымдарын
қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары
есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілікпен мүдделілік - бір үдерістің - шаруашылық
жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру
үдерісінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның – экономиканың негізгі буыны -
шаруашылық жүргізуші субъектілер сферасында қаржы мен коммерциялық есептің
өзара байланысы көрінеді.
2. Жоспарлылық қағидаты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық
қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген
әдістеріне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін
есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар
негізінде және белгіленген қаржылық нормативтерді пайдалану арқылы арнаулы
құжатта – қаржы жоспарында (болжамында) бейнелеп көрсетілетін қаржылық
көрсеткіштер анықталады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер болжалды қызметі
факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық көрсеткіштерді егжей-
тегжейлі пысықтаудың – жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда
бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің
(моделдеудің, экстрополяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде
шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам
шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша
бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің ірірек шаруашылық құрылымға –
бірлестік, ассоциация, концерн және т.с.с. кіргенде шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық
қаржы жоспарларына біріктіріледі.
3. Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігінің барлық нысандарының
теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары –
мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары
мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет
кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне
иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға
қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық
және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысын ұйымдастырудың қажетті
қағидаты – басқарудың барлық деңгейлерінде қаржылық резервтердің (резервтік
капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржылық резервтер әр түрлі әдістермен
өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе
табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.
Қаржылық резерв уақытша болатын қаржылық қиыншылықтарды жоюға және
шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге,
сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік
дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға
арналған.
Рыноктық экономика жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер болуда. Әріптес-кәсіпорындардың
арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара
іс-қимылы нығайып келеді. Бұл үдерістер салалық құрылымдардан бас тартып,
жаңа үлгідегі құрылымдарды – экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен
және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және
көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок
жағдайларында анағұрлым өміршең болып келеді. Мұндай өздігінен дамушы
жүйелер шикізатпен, материалдармен, жиынтықтылаушы бұйымдармен өзін-өзі
қамтамасыз етеді, бір-бірінің және қаржы рыногының бос ақшалай қаражаттарын
тартады, мемлекетті рынок жағдайларында өндірісті басқару және материалдық-
техникалық камтамасыз ету жөніндегі оған тән емес міндеттерден босатады.
Сонымен бірге өндіріс үдерісі демократияландырылады, өндірірушілердің нақты
қаржылық дербестігі жасалады, кәсіпкерлік пен бәсекенің бостандығы
жағдайларында шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелері үшін олардың
жауапкершілігі артады, ұлттық шаруашылықта өндірістің әртараптануы
қамтамасыз етіледі.

1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қорлары

Шаруашылық-қаржылық қызмет үдерісінде шаруашылық жүргізуші субъектілер
қаржылық қорларды – белгілі бір мақсаттарға арналған ақшалай қаражаттарын
қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақшалай қаражаттар үнемі қозғалыста
болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық практикасында
кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік,
шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі
қорлар пайдаланылды. Өз қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық
жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы
біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы шаруашылык жүргізуші
субъектілерде экономикалық ынталандыру қорлары - материалдық көтермелеу
қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар
қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан
жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жұмыс істеді. 1992 жылға
дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту
үшін амортизациялық қор құрылды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы
салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты шаруашылық
жүргізуші субъектілерге қаржы комегін көрсету үшін орталықтандырылған
қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық
ынталандыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мен резервтер, бағаны
реттеу қоры және басқалары.
Қаржылық қорларда кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы толық
немесе ішінара түрде бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық-қаржылық және
әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін бейнеленеді. Жекелеген
қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым
анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген
(жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің
қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы
мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның
тұтыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір жұмыскеріне шаққандағы бұл
мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру
деңгейін көрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуі үшін
неғұрлым елеулілері мен маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық,
резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры,
валюталық, жөндеу қорлары. Дербестік жағдайларында шаруашылық жүргізуші
субъектілер басқа да мақсатты ақшалай қорларды құруы мүмкін, мысалы,
медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылым дамуына қатысудың үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық қор (капитал) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы
берген шаруашылық жүргізуші субъект (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін
сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді
құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым
құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық
қордың мөлшері шаруашылық қызмет үдерісінде өзгеріп отырады: негізгі
капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен
болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды
бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді;
негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды
шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Акционерлік қоғамның жарғылық қоры қор рыногында акцияларды орналастыру
кезінде акционерлердің қаражаттары есебінен жасалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында қалатын қаражаттардың
негізінде, яғни салықтар мен басқа төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар
мен ұйымдар кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
бүкіл жұмыскердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу
шығындары;
ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақшалай және
натуралдық нысандардағы қаражаттар; материалдық көмек:
Сөйтіп, тұтыну қоры еңбекке ақы төлеуге бағытталған қаражаттар (өнім,
жұмыстар және қызметтер өткізуден алынған түсім-ақшадан) және жұмыскерлерді
материалдық көтермелеу мен түрлі әлеуметтік төлемдер үшін шаруашылық
жүргізуші субъектінің қарамағында қалдырылатын таза табыстың бір бөлігі
есебінен құрылады. Қор қаражаттары жұмыскерлердің жеке тұтынуына жұмсалады.

ІІ Тарау. Кәсіпорынның қаржылық нәтижесін жоспарлау
2.1 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің
қалыптасу

Кәсіпорындардың өндірістік және коммерциялық қызметі негізгі
өндірістік капиталдарды – негізгі және айналым капиталдарын пайдаланумен
байланысты болады. Өндірістік капиталдардың бұлай бөлінуі олардың
айналымының сипатымен және дайын өнімді жасаудағы қатысуының нысанымен
байланысты.
Кәсіпорындарда өндірістік құрал-жабдықтар өндіріс үдерісінің
материалдық-техникалық негізі болып табылады. Рыноктық экономика
жағдайларында өндірістік құрал-жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың
жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей
қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек құралдарын сатып алу,
пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнайы мақсатты
ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың
өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) тұрақты толық
айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттай элементтерін –
еңбек құралдары мен еңбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын
толтыру үшін қаржылық ресурстарды авансылау жолымен жетеді. Еңбек құралдары
мен еңбек заттарынан тұратын, құндық нысанда көрінетін өндіріс құрал-
жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады.
Қазіргі жағдайда ұзақ пайдалану айналымынан тыс активтердің жаңа
түрлерінің бірі – материалдық емес активтер. Материалдық емес активтер
-жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең
ішінде пайдаланылатын материалдық емес объектілер. Олардың кәсіпорын
активтерінің кұрамында пайда болуы рыноктық қатынастарға көшуге,
шаруашылықты жүргізудің дүниежүзілік практикасына жақындастыру қажеттігіне
байланысты болып отыр. Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес
активтер өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы қатысады және өзінің құнын
біртіндеп, бөліп-бөліп тозығына қарай жаңа өнімнің құнына көшіреді. Көшу
үдерісін амортизация, көшірілген құнның үлесін амортизациялық норма, ал бұл
үлестің ақшалай көрінісін амортизациялық аударымдар деп атайды.
Амортизациялық аударымдар өндіріс шығындарына кіріктіріледі және
өнімді өткізуден түсетін табыстан (түсім-ақшадан) қалыптасады. Негізгі
қорлардың қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін амортизациялық аударымдардың
жинақталған сомасы сан жағынан қорлардың өздерінің құнына тең болады; бұл
қаражаттар негізгі капиталдардың тозу және істен шығу мезетіне дейін, яғни
толық айналымы аяқталғанға дейін оларды сатып алуға пайдаланылуы мүмкін
және негізгі капиталдарды қаржыландыру көздерінің бірі болып қызмет етеді.
Негізгі капиталдар амортизациясының нормалары кәсіпорын қызметінің
экономикалық жағдайларына қарай ажыратылуы мүмкін: олар пайдаланудың барлық
мерзімі ішіндегі негізгі капиталдардың баланстық (бастапқы) құнына біркелкі
үлестер түрінде (желілік әдіс); амортизациялық кезеңінің басында неғұрлым
жоғары үлестер (региссиялық әдіс) белгіленуі мүмкін. Қазақстан
Республикасы салық заңнамасында тіркелген активтердің (негізгі құралдар
мен материалдық емес активтердің) ішкі топтарының құндық балансына есептеу
және амортизация нормалары белгіленген. Шаруашылық жүргізу практикасында
сонымен бірге өндірісте техникалық прогресті ынталандыру үшін жеделдетілген
амортизациялық әдіс пайдаланылады. Амортизацияны есептеу әдісі өнімді
өндіру мен оны өткізуге жұмсалатын шығындардың мөлшері арқылы және осыған
сәйкес кәсіпорынның табысы (пайдасы) арқылы кәсіпорындар қызметінің
нәтижелеріне әсер етеді; бұл салықтарды өндіріп алу және кәсіпорындардың
карамағында қалдырылатын табысты пайдалану кезінде бөлгіштік үдерістерде
бейнеленеді.
Айналым қорлары айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорларын
кіріктіреді, олар әр түрлі сфераларға – өндіріске және айналысқа
қатыстылығына қарай ажыратылады.
Айналым өндірістік қорлары да өндірістің әр түрлі жақтарын көрсетеді.
Олардың бір бөлігі - өндірістік босалқы қорлар еңбек заттарының
(предметтерінің) құнын (шикізаттың, сатымдық шала фабрикаттардың, негізгі
және қосалқы материалдардың, отынның, ыдыстың, босалқы бөлшектердің),
сондай-ақ белгіленген ең аз немесе шектік мөлшерлердің шектерінде еңбек
құралдарының бір бөлігін де (арзан бағалы және тез тозғыш заттар)
кіріктіреді. Басқа бөлігі - аяқталмаған өндіріс ұқсату, өнімді жасау
үдерісіне тартылған заттардың құнын сипаттайды. Үшінші бөлік - болашақ
кезеңдердің шығыстары - ағымдағы кезеңде өндірілетін, бірақ кейінгі
кезеңдерде өнімнің өзіндік құны есебінен өтелетін заттар.
Айналыс қорлары айналыс сферасымен байланысты; оларға қоймалардағы
дайын өнім мен тұтынушыларға жөнелтілген өнім, кассадағы және банктерде
шоттардағы ақшалай қаражаттар, есеп-қисаптардағы қаражаттар, дебиторлық
берешек жатады. Айналыс қорлары өндіріс пен айналысты қауыштырады.
Екі элементте - айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорлары құндық
нысандардың: ақшалай, тауар, өндірістік, үстелінген тауар, үстелінген
ақшалай нысандардың дәйекті ауысымдары жолымен қаражаттардың тұрақты,
үздіксіз толық айналымын қамтамасыз етеді.
Айналым өндірістік қорлары мен айналыс қорларына авансыланған ақшалай
қаражаттар шаруашылық жүргізуші субъектінің айналым қаражаттары ретінде
болады. Айналым қаражаттарының құрамы, құрылымы өндірістің әр-түрлі
тұрпаттары мен түрлері кезінде айтарлықтай ажыратылады. Мәселен өндірістік-
шаруашылық қызметі ұқсатуға арналған материалдық компоненттердің
жеткізілімдеріне байланысты болатын шаруашылық жүргізуші субъектілерде,
машина жасауда, жеңіл өнеркәсіпте көлік және кепілді босалқы қорларды
кіріктіретін өндірістік босалқы қорларының үлес салмағы жоғары болады; бұл
салаларға айналым қаражаттарында аяқталмаған өндірістің жоғары үлес салмағы
сипатты болады; бұл құрылыс саласы, ауыл шаруашылығы үшін де сипатты;
саудада айналыс қорларының үлесі айтарлықтай. Айналым қаражаттарының
жекелеген элементтері айналымының әр түрлі жылдамдығы болатындықтан айналым
қаражаттарының құрамы мен құрылымының факторлары олардың жалпы мөлшерінде
және сонымен бірге қаржыландыру мүмкіндіктерінде бейнеленеді.
Айналым қаражаттары авансыланған ақшалай шығындардың орнын толтыру
өнімді, тауарларды және қызметтерді өткізгеннен кейін және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің шоттарына түсім-ақша түскеннен кейін жүзеге
асырылады, мұның өзі келесі толық айналымға еңбек заттарының кезекті
үлестерін сатып алуға жағдай жасайды.
Өндірістік қорлардың толық айналымының жоғары баяндалған үдерістері
жұмыс істеп тұрған субъектілер үшін сипатты болады.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде негізгі және
айналым капиталдарының орны өнімді (қызметтерді) сатқаннан кейін және
тиісті табыс түскеннен кейін толтырылады. Бұл табыстан амортизациялық
аударымдар нысанында тозған негізгі капиталдардың орнын толтыру үшін
қаражаттар қалыптастырылады, ал өнімді өткізуден алынған табыстың басқа
бөлігі айналым капиталдарының құрамына кіретін тауар-материалдық
құндылықтарды сатып алуға бағытталады. Жаңа шаруашылық жүргізуші
субъектілерді құру немесе оларды кеңейту кезінде қаражаттардың едәуір
бөлігі құрылтайшылардың жарналары, акцияларды сатудан түскен қаржылық
қаражаттарды тарту есебінен қалыптасады; мемлекеттік кәсіпорындар үшін -
бұл бюджеттік және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары.
Қаражаттардың бір бөлігі басқарудың жоғарғы буындарының – бірлестіктің,
ассоцияцияның, министрліктердің, ведомстволардың орталықтандырылған
қаржылық ресурстары есебінен авансылануы мүмкін. Соңғы уақытта
қаржыландырудың көзі ретінде шетелдік инвесторлардың қаражаттары кеңінен
пайдаланылып келеді.
Жұмыс істеп тұрған шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірістік
капиталдардың өсімін қаржыландырудың көзі олардың кәсіпорынның қарамағында
қалдырылатын және тікелей осы мақсатқа бағытталатын, сондай-ақ қаржылық
қорлар - өндірісті дамыту қоры (қорлану қоры), өндірістік және әлеуметтік
даму қоры, қаржылық резерв, баска инвестициялық қорлар арқылы жұмсалынатын
таза табыс (пайда) болып табылады. Осы мақсатқа сонымен бірге банк
кредиттері, негізгі капиталдарды қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді, айналым
капиталдарын қаржыландыру үшін қысқа мерзімді кредиттер пайдаланылады.
Өндірістік капиталдарды көбейтудің көзі бұдан басқа, айналымнан тыс
активтердің (негізгі капиталдың) қайта инвестицияланатын бөлігі, айналым
активтерінің шашыратылатын бөлігі, кредиторлық берешек, борышқорлық бағалы
қағаздардың (облигациялардың) эмиссиясы, лизинг болып табылады. Сөйтіп,
өндірістік капиталдарды жасау мен оныц өсімін қаржыландырудың көздерін
меншікті, тартылған және қарыз қаражаттарына топтастыруға болады. Айналым
қаражаттарының аса маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары
болып табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа қаражаттармен
ара салмағы нақтылы рыноктағы кәсіпорынның қаржылық орнықтылығының
дәрежесін анықтайды.
Өндірістік капиталды пайдаланудың сипаты арнаулы қаржылық
көрсеткіштерден көрінеді және кәсіпорынның қаржылық менеджменттің
нәтижелігін дәлелдейді. Бұл нәтижелік өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден
түскен табыс (түсім-ақша) мөлшерінде, кәсіпорынның шығынында айқындалады.
Түсім-ақшаның ауқымы кәсіпорынның (ұйымның), фирманың өнім өндіру мен
оны өткізуге жұмсаған шығындарының (ақшалай жұмсалымдарының) көлеміне
байланысты болады.
Бөлудің классикалык (дәстүрлі) сызбаларында өнім өткізуден түскен
түсім-ақша бұл өткізілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген
қызметтер үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің шоттарына түскен ақша
қаражаттарының сомасы. Ол өзіндік құнды пайданы, акциздерді, қосылған құн
салығын кіріктіреді.
Өткізілген өнімнен түсетін түсім-ақшадан басқа шаруашылық жүргізуші
субъектінің өткізуден тыс операцилардан – негізгі капиталдарды, басқа
мүлікті және т.б. өткізуден түсетін түсім-ақшасы болуы мүмкін. Қосылған құн
салығы, акциздер, өнімнің бағасына қосылатын құнның бірқатар басқа
элементтері ( сауда және өткізім шегерімдері кеден баждары) шаруашылық
жүргізуші субъектіге жатпайды, тек ол бюджетпен және басқа ұйымдармен есеп
айырысқанда ескеріледі.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің шығындары өнім өндіріп, оны
өткізуге, басқаша айтқанда, өндіріс құралдары мен жұмыс күшін сатып алуға
жұмсалынған шығындардың шаруашылық жүргізуші субъектіге қаншаға түскенін
көрсететін материалдық қаражаттар (шикізат, материалдар, отын, энергия,
құрал-жабдық және т.б.) шығындарының және қажетті еңбектің жиынтығы.
Шығындардың ақшалай тұлғалануы өзіндік құн болып табылады. Өзіндік құнға
кіріктірілетін өнім, тауарлар, қызметтер өндіруге және оларды өткізуге
жұмсалатын шығындар арнайы бекітілетін қағидамен анықталады; шығындардың
құрылымы өндіру мен өткізудің салалық және басқа ерекшеліктеріне байланысты
болады. Алайда жалпы бұл шығындар олардың экономикалык мазмұнына сәйкес
мына элементтер бойынша топтастырылады:
материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құны шегерілгеннен
кейін);
еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығындар;
әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар;
негізгі қорлар бойынша амортизациялық аударымдар;
басқадай шығындар.
Өнім, жұмыс және қызметтер өлшемінің өзіндік құнын жоспарлау, есепке
алу және калькуляциялау кезінде шығындар өндірістің сипаты мен құрылымы
ескерілетін салалык әдістемелік ұсыныстармен анықталатын баптар бойынша
топтастырылады. Осы мақсаттар үшін шығындар тура және жанама, шартты-
тұрақты және шартты-ауыспалы, элементтік және кешенді болып сыныпталуы
мүмкін.
Өнім өткізуден түскен түсім-ақша (қосылған құн салығы мен акциздерсіз)
және оны өндіру мен өткізуге жұмсалынған шығындар арасындағы айырма өнімді,
жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен пайда болып табылады. Оған
шаруашылық жүргізуші субъектілердің негізгі капиталдары мен басқа мүлігін
өткізуден түскен табыс, сондай-ақ өткізуден тыс операциялардан түскен
табыстар қосылады.
Өнімді өткізу кезінде түсім-ақша мен өзіндік құн арасынан жағымсыз
нәтиже де, зиян да алынуы мүмкін. Сондай-ақ өткізу операцияларынан тыс
зияндар да болуы мүмкін: алынған айыппұлдардан төленгендердің асып түсуі,
валюталық есеп-қисаптар мен операциялар бойынша теріс бағам айырмасы, күші
жойылған тапсырыстар бойынша зияндар, дүлей аппаттардан болған сақтық
төлемдерімен өтелмейтін ысыраптар және т.б.
Жалпы аталған құрамды бөліктер кәсіпорынның баланстық табысы
(пайдасын) немесе зиянын құрады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша
өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден алынған табыс көрсеткішінде негізгі
қызметтен алынған табыс бейнелеп көрсетіледі, ол тауар-материалдық босалқы
қорларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізуден алынған
табыстардан басқа, қосылған құн салығын, акциздерді, басқа салықтар мен
міндеттемелерді, қайтарылған тауарлардың құнын және сату мен бағадан
шегерімдерді алып тастағаннан кейінгі сыйақы (мүдде), яғни пайыздар,
дивидендтер, қаламақы және рента түріндегі алынған табысты да кіріктіреді.
Өнім өткізуден алынған табыс пен оның өзіндік құны арасындағы айырым
жалпы табысты (пайданы) құрайды. Алайда бұл сызба бойынша өзіндік құн бүкіл
шығыстарды бейнелеп көрсетпейді - олардың бір бөлігі кезең шығыстарын
құрайды, атап айтқанда:
жалпы және экімшілік шығындары (жалпышаруашылық және экімшілік ар-
налымы шығыстарының сомасы);
өткізуге (тауар-материалдық босалқы қорларды сатуға) байланысты
шығыстар;
пайыздар (алынған кредиттер, мүлікті жалдау үшін және пайыздар бойынша
басқадай шығыстар) бойынша шығыстар,
Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет
бойынша сальдоланылған қаржылық нәтижені бейнелеп көрсетеді және негізгі
қызметтен алынган табыс (немесе зиян) деп аталады.
Негізгі емес қызметтен алынган табыс (немесе зиян) - активтерді
пайдалануға табыстаудан, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан және т.с.с.
алынған қаржылық нәтиже.
Негізгі қызметтен алынған табыс (зиян) пен негізгі емес қызметтен
алынған табыстың (зиянның) сомасы салық салынғаннан дейінгі кәдуілгі
қызметтен алынған табысты (зиянды) көрсетеді. Одан корпоративтік табыс
салығы шегерілгеннен кейін салық салынғаннан кейінгі кәдуілгі қызметтен
алынған табыс (зиян) болады. Төтенше жағдаяттардан болған зиянға түзетілген
ол шаруашылық жүргізуші субъектінің таза табысы (зияны) болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметі нәтижелерінің
қалыптасу СЫЗБАСЫ
1. Жалпы айналым (компанияның, фирманың) немесе сату құны.
2. Өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс = жалпы
айналым - (минус) қосылған құн салығы, акциздер, басқа салықтар мен
міндеттемелер, қайтарылған тауарлардың, сатылымдар мен баға шегерімдерінің
құны.
3. Өнім құны, яғни компанияның, фирманың тура шығындарының: амор-
тизациялық аударымдардың, материалдар шығыстарының, энергияның, өндіріс
жұмысшылары жалақысының құны.
4. Жалпы табыс* = өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін
пай-да - (минус) өнімнің өзіндік құны.
5. Кезең шығыстары мыналарды кіріктіреді:
а) жалпы және экімшілік шығыстары;
ә) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу бойынша шығыстар;
б) сыйақы (мүдде) бойынша шығыстар, яғни алынған кредиттер, х мүлікті
жалға беру үшін;
6. Негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян) = жалпы пайда - (минус)
кезең шығыстары.
7. Негізгі емес қызметтен түсетін табыс (зиян), яғни активтерді
пайдалануға табыстаудан, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан алынған
қаржылық нәтиже,
8. Салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен түсетін табыс (залал)
= негізгі қызметтен түсетін табыс (зиян) - (минус) негізгі емес қызметтен
түсетін табыс (зиян).
9. Корпоративтік табыс салығының сомасы.
10. Салық салынғаннан кейінгі кәдуілгі қызметтен түсетін табыс (зиян)
= салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен түсетін табыс (зиян) -
(минус) корпоративтік табыс салығының сомасы.
11. Төтенше жағдаяттардан түсетін табыс (зиян).
12. Таза табыс (зиян) = салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен
түсетін табыс (зиян) - (минус) төтенше жағдаяттардан түсетін табыс (зиян).
Табысты бөлу оның бір бөлігін мемлекеттік бюджетке немесе мемлекеттік
бюджеттен тыс қорларға заңнамалық түрде белгіленген үлесте, колданыстағы
салықтар мен басқа міндетті төлемдерге қарай бірінші кезекте аударуға
саяды.
Табысты бөлу салық салудың заңнамамен белгіленген сызбаларына
байланысты болады.
Басында әр түрлі негіздемелер бойынша баланстық табысты көбейтуге
немесе азайтуға түзету жүргізіледі:
табыстардың немесе пайданың бөлек басқа мөлшерлемелері бойынша
(дивидендтер, пайыздар және т.б.) салық салынатын сомасы шығарылады (алып
тасталады);
жергілікті бюджеттерге төленген салықтар мен алымдар шығарылады;
резервтік және оларға ұқсас қорларға аударылған аударымдар есепке
алынады.
Әр түрлі нұсқаларды баланстық табыстан басым мақсаттарға (өндірісті
ғылыми-техникалық жетілдіру, күрделі қаржылар, әлеуметтік және табиғат
қорғау шаралары, сауықтыру және қайырымдылық қорлары, мәдени және табиғи
мұраларды қалпына келтіру және т.б.) пайда есебінен жұмсалатын шығындар
толық көлемде немесе бекітілген нормативтер шектерінде шығарылады.
Жүргізілген түзетуден кейін салық салынатын табыс (пайда) алынады,
оған шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің әр түрлі жақтарын
ынталандыру үшін жеңілдіктер белгіленуі мүмкін. Табыстың (пайданың) бір
бөлігі мемлекеттік бюджетке алынады, қалған бөлігі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қарамағына түседі және таза табыс (пайда) (салықтарды
төлегеннен кейінгі табыс (пайда) деп аталады. Оны бөлу тәртібі шаруашылық
жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандарына байланысты болады
және меншік иесі, құрылтайшы, кәсіпорын жарғысы бекіткен нормативтер
бойынша немесе жасалынған қаржы жоспарына сәйкес белгіленуі мүмкін.
Табыстың (пайданың) бұл бөлігі басқарудың жоғарғы органының
орталықтандырылған қорларын қалыптастыруға, бағалы қағаздар бойынша оларды
ұстаушыларға дивидендтер мен пайыздар төлеуге, бірлескен шараларды (мысалы,
табиғат қорғау) қаржыландыруға, қайырымдылық мақсаттарына бағытталуы
мүмкін.
Таза табыс (пайда) есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілер қорлану
және тұтыну қорларын толықтырады, яғни өндірісті дамытуға, ұжымның
әлеуметтік қажеттіліктеріне, жұмыскерлерді материалдық көтермелеуге
жұмсалады.
Табысты (пайданы) бөлуге шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтары
кең, тек резервтік қордың мөлшері ғана заңнамалық шектеуге тартылады.
Табысты бөлудің тәртібі салық салудың қолданылып жүрген сызбасына
байланысты белгіленеді: Мәселен, Қазақстан Республикасында жиынтық жылдық
табыс және еңбекке ақы төлеу шығындарын қамтитын заңмен белгіленген
шегерімдер бойынша сызба қабылданған (Корпоративтік табыс салығын
қараңыз).
Басқа сызбаларда бұл шығындар жалпы табысқа кіріктіріледі және оның
құрамында салық салуға жатады. Салықтарды төлегеннен кейінгі табыс, бұл
нұсқада еңбекке ақы төлеуге және шаруашылық жүргізуші субъектінің
өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бөлінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің
нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте бейнелеп көрсетіледі.
Бұдан басқа, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл
қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі:
операциялық қызметтен (шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі
қызметін сипаттайтын);
инвестициялық қызметтен (ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен
мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын);
қаржылық қызметтен (меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы
мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын).
Бағыттардың әрқайсысы бойынша ақшалай түсімдердің нақтылы түрлері,
тиісті қызметтің нәтижелерінде олардың шығып қалуы мен көбеюуі немесе азаюы
көрсетіледі. Қаражаттардың құрамы, олардың көздері және белгілі бір күнге
орналастырылуы туралы мәліметтер бухгалтерлік баланста келтіріледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есептемесі сондай-ақ
бухгалтерлік балансты, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті,
есепке алу саясаты туралы ақпаратын және түсініктемелік жазбашаны
кіріктіреді.

2.2 Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті

Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысы базистік қосалқы категория, яғни тап осындай
нысанада жұмыс істейтін айрықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар
объективті экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ
ақшалай қорлар қозғалысының объектісі бар, субъектілердің нақтылы мүдделері
жөнінде көрінетін кез келген қатынастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы
ағынының бағыттарын, олардың қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл
қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен және
іскерлігімен жасалатын субъективті басқарушы іс-қимылдар ақылы жүзеге
асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды
құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп
отыруы тиіс, яғни базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс болғандықтан
қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарушы іс-қимылдарға қаржылық менеджмент
ұғымы - кәсіпорынның бүкіл қаражаттарын тиімді пайдалану мақсатында
кәсіпорынның ақша ағынының қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.
Қаржы жүйесінің бұл буынында рынок жағдайларында басқару қаржылық
менеджмент деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік
қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық үдерістерді
басқарудың нысаны болып табылады. Қаржылық менеджменттің мәні тиісті
мекемелер тарапынан қосымша қаржылық ресурстарды ең тиімді етіп тартуға,
оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды
сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей
етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржылық менеджменттің объектілері мыналар болып
табылады; жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтық ұйымдастыру
және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері,
материалдық емес игіліктер.
Қаржылық менеджмент уәждемелерге – адамдардың немесе ұжымдардың
қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру
жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек
өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.
Жалпы қаржылық менеджмент қаржыны басқарудың ілгеріде баяндалған
қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін - ақпаратты,
жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді.
Қаржылық менеджментті жүзеге асырудың шарты рыноктық ортаның болуы болып
табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауарлар және қызметтер
рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс
істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеуді заңнамалық реттемелеу
кезіндегі кәсіпкерлік қызметті коммерциялық есеп негіздерінде жүргізуге
мүмкіндік береді. Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық
менеджментінің шеңбері рыноктық факторлармен анықталады, бұл қаржылық
менеджментті оның жеке буындарында басқарушы субъектілердің басқарылу
объектілеріне ықпал жасауының экономикалық элементтері басым болуы мүмкін
қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады. Кәсіпорындардың қаржылық
менеджментінің жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың,
әдістердің арсеналы жалпымемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әр түрлі.
Мысалы, кәсіпорындардың қаржылық менеджменті әр түрлі нысандардағы есеп
айырысу (төлем тапсырмасы, төлем талабы (талапшоты), әр түрлі акредитивтер,
есеп айырысу чектері және т.б.), барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы
қағаздармен және валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған
операциялардан басқа хеджерлеу, кепілдік-ипотекалық және трасттық
операциялар, қаржы және операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар
бойынша трансферттер сияқты нысандар мен әдістерді кіріктіреді; валютамен,
бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша, қауіптердің барлық
түрлерін сақтандыру бойынша қаржылық құралдардың жинақталымы айтарлықтай
кеңейеді.
Қаржылық менеджментті мына кезецдердіц дэйекті ауысымы ретінде
елестетуге болады:
1) ақшалай қаражаттарды (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және
мақсатын анықтау;
2) ақшаның қозғалысын басқарудың каржылық әдістерін, тәсілдерін
таңдау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді
бизнесжоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-қимылдардың бағдарламасын
жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау
және бағалау.
Банк, биржа және коммерция практикасында валюталық тәуекелді
сақтандырудың әр түрлі әдістерін белгілеу үшін қолданылатын термин Жалпы
жағдайда қаражаттарды бизнееке жұмсаудың мақсаты колдағы қаражаттардан
пайда алу болып табылады және міндетті орындау өнімді (қызметтерді)
шығарылымының мүмкін болатын үлкен көлеміне жетуге (материалық өндіріс
сферасында) немесе рыноктық критерийлерді қанағаттандыратын жеткілікті
сапаны қамтамасыз ету кезінде шығындарды барынша азайтуға саяды.
Қаржылық менеджментте шешімдер қабылдау тәуекелдерімен, яғни
жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда
болуы ықтималдығымен ұшырасып отырады. Тәуекелді талдау оның көздері мен
себептерін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын
өлшеуден, яғни тәуекелдің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады,
Тәуекелдік статистикалық, сараптык және құрамдастырылған әдістермен
анықталады. Практикада тәуекелді бағалау үшін леверидж (тұтқа) нәтижесі
ұғымы пайдаланылады. Жалпы леверидж операциялық левериджді (тұрақты
шығындар мен жалпы пайданың ара қатынасы) және қаржылық левериджді (қарыз
қаражаттарын пайдаланудың меншікті капиталдың рентабелділігіне әсері)
кіріктіреді. Қаржылық менеджментте шешімдер қабылдау тәуекелдің барлық
түрін - өндірістік, коммерциялық, қаржылық тәуекелдердің үйлесуін қажет
етеді.
Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік, саяси және табиғи
сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: өрлеу мен дағдарыстар,
банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының,
бәсекелестер іс-қимылының өзгеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған)
шешімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғи катаклизмдер, апаттар және т.б.
Қолайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны,
өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол
жетеді; коммерциялық қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған
шаралар болуы мүмкін. Жиынтық тәуекелді басқару кезіндегі кәсіпорынға
төнетін тәуекелдердің түрлі тұрпаттарында бірігетін кәсіпорын портфелін
әртараптандырудың ерекше маңызы бар.
Хеджерлеудің көмегімен қаржылық тәуекелді (қатерді) барынша азайтудың
техникасы қолданылады, бұл кезде негізгі келісіммен қатар үшінші тараппен
қосымша мәміле жасалынады. Оның шарты мынадай: негізгі мәміледегі қаржылық
ысыраптарға соқтыратын мән-жай болған кезде қатысушы зиян шеккен
ысыраптарды түгел немесе ішінара бейтараптандыра отырып, қарама-қарсы
мәміледе ұтады. Хеджерлеу техникасында опциондар, фъючерстер, пайыздық
айырбастар (своптар) сияқты және т.б. қаржылық тетіктер пайдаланылады.
Тәуекелді азайту мен төмендетудің дәстүрлі әдісі мүліктік сақтандыру
болып табылады, бұл кезде сақтандырылушыға (сақтанушыға) сақтандыру
келісімшартымен сақтық оқиғасы болған кезде төленетін сақтық төлемі
қамтамасыз етіледі.
Қаржылық менеджментте маңызды объект ақша ағыны - құндық (Д-Т-Д)
нысандарды жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық
үдерістерін ортақтастыратын қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз
нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша ағынының (ақшалай түсіммен
жылыстауы) құрамына қаржы көмегімен де қалыптасатын (қаржылық ресурстар),
сондай-ақ басқа әдістермен де тартылатын барлық ақшалай ресурстар
қамтылады. Қаражаттардың ағынында анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және
қызметтерді өткізуден (сату көлемі) түсетін түсім-ақша, онан кейін
кредиттік ресурстар, әртүрлі тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың
жылыстауы дүркін-дүркін төленетін төлеулермен де (тауар-материал
құндылықтарын сатып алу, жұмыскерлерге жалақы мен сыйақылар төлеу,
кредиттерді өтеу, салықтар мен басқа міндетті төлемдерді төлеу және т.б.),
сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы негізіндегі күрделілерімен
де байланысты.
Қаржылық менеджментте ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік (уақытша)
межелдемелері тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға
айналғанға дейін қаралады. Бұл аспектіде ақшаның уақытша құнының барлығы
есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақша мен келешектегі ақшаның сатып
алу күші бірдей болмайды. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара
қайтымды. Қазіргі (бүгінгі) құн келешектегі құнға күрделі пайыздарды
есептеу арқылы, ал келешектегі құн қазіргі құнға дисконттау - пайыздарды
пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Ақшаның келешектегі құнының есеп-
қисабында инфляцияның индекстерін есепке алу, яғни ақшаның құнын
инфляциялық құнсыздануға төмендету қажет.
Жобаларға жұмсалатын инвестициялар нысанындағы ақшаның, рента
төлемдерінің, жүйелі жарналардың, кірістердің және басқа ақшалай
операциялар есептеулерінің бір жолғы, сондай-ақ дүркін-дүркін түсулері мен
төленулері жай және күрделі аннуитеттердің есеп-қисабы, капиталды
бюджеттеу, табыстылықтың ішкі мөлшерлемесі тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Аннуитет дегеніміз тұрақты негізде уақыттың белгілі бір мезгілі ішінде
тіркелген межелдемелер арқылы төленетін немесе алынатын инвестиция, табыс.
Капиталды бюджеттеу (капиталдық бюджеттеу) - өтеудің қарастырылган
мезгілінде қаражаттарды кейінгі дүркін-дүркін кайтарулармен жабылатын
акшалай қаражаттардың бір жолғы жылыстауы, Бюджеттеу тұжырымдамасы негізгі
активтер бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде пайдаланылады, бұл жобаларды
талдау және ақшалай қаражаттардың ұзақ мерзімді және ірі жұмсалымы жөнінде
шешімдер қабылдаудың үдерісі.
Табыстылықтың ішкі мөлшерлемесінің есеп-қисаптары жобаларды салыстыру
және пайдалылықтың пайыздары бойынша инвестициялық шешімдерді таңдау үшін
және жобаның есепті табыстылығы мен пайыздың колданыстағы рыноктық
мөлшерлемесін салыстыру және жобаны жүзеге асыру мезгіліне оның болжамы
үшін жүргізіледі.
Қаржылық менеджментте фирманың құны (параметрі бойынша көбейеді),
меншікті және қарыз капиталы мен оларды қалыптастыруға жұмсалатын
шығындардың ара қатынасы бөлігіндегі фирма капиталының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы жүйесі туралы жалпы түсінік
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының мазмұны
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Мемлекеттік қаржылар. Қаржы жүйесінің құрамы
Қаржы жүйесінің құрамы
Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің теориялық негіздері
Каржы жүйесі. Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары
Қаржы жүйесінің мәні
Қаржы мәні және қызметтері
Пәндер