Кәсіпорынның қаржылық қызметі жағдайын талдаудың ақпараттық негізі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
РМҚК Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық
мемлекеттік педагогикалық институты

Экономика және құқық кафедрасы

Тақырыбы: Нарықтық экономикадағы қаржының ролі

Арқалық 2008

Қорғауға жіберілді:
___________________

Экономика және құқық
кафедрасының меңгерушісі,
аға оқытушы:
Қ. Д. Бимендин.

Кафедра отырысы хаттама № _____ _____ _______ 2008 жыл

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І тарау. Кәсіпорынның қаржы қызметі және оны басқару негіздері.

1. Кәсіпорынның табыстылығын зертеу және оның міндеттері. ... ..
2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары ... ... ...
3. Кәсіпорындағы қаржы менеджменті ... ... ... ... ... ... ...
II тарау. Кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау.
2.1. Кәсіпорынның қаржылық қызметі жағдайын талдаудың ақпараттық
негізі.
2.2. Дихан ЖАҚ – ның қаржылық жағдайы.
2.3. Дихан ЖАҚ тәжірибелік станциясы негізінде өндірістік қызметінің
қаржылық жағдайы.
ІІI тарау. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігі.
3.1. Кәсіпорындағы іскерлікті дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.2. Шағын кәсіпорынды ұйымдастыру және қаржыландыру
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмінде де қаржы зор роль атқарады. Қаржы-нарықтық қатынастардың
құрамды бөлігі және мемлекеттік саясаты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет
етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі – қоғамдық өнімді болуымен және осының
негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды
ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану мен байланысты болатын
экономикалық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі – Дихан ЖАҚ болып табылады.
Онда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші сыртқы факторлары,
шаруашылық етудегі экономикалық жағдайы, тұтынушылардың табыс деңгейі және
төлем қабілеттілігі, сыртқы экономикалық байланыстар және тағы басқалар
кіреді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - нарықтық экономиака жағдайындағы өтелген
қаржы нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие
беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша
ағымдары мен және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстармен
міндеттемелерді бағалау үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды.
Дипломдық жұмыстың міндеті - қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара
байланысымен іс-әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының
нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу болып
табылады.
Диплом жұмысының құрылымы – үш тараудан, үш бөлімнен тұрады.
I ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
1. Кәсіпорынның табыстылығын зертеу және оның міндеттері.

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, каммерциялық серіктестер және
де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметнің
нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болумен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөнін қарастырмас бұрын, Қаржы
жағдай дегеніміз немесе қаржылық жай-күй дегеніміз не, соны анықтап
алған жөн. соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі
түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет Кәсіпорынның қаржы (активтер)
жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен
сипатталады деп жазған.
Профессор Н.А. Русак (3) бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-
қатынаств болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді.
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы
ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі деп
жазады.
М.Н.Крейнина [5]; А.И.Ковалев және В.П.Привалов [6] қаржылық жағдай
ұғымын былайша түсіндіреді: қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының
қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын
көрсеткіштер жиынтығы.
С.А.Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау.
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ – олардың әрқайсысында бұл ұғымды
дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта
келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс.
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктемеге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен (оның өз шаруашылық) өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін
қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы
оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бірақ, қорыта келе, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге
болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі; олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі;
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу –
жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады.
Нарықтық Экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті;
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі; оның ішінде дебиторлық
борыш және қорлар есебі;
- баланстық өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін
анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау;
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың
қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау,
өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және
қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі бұл оның осы
қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына
өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізгі қаржылық есеп
беру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732
Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар жарлығына сәйкес, 1998 жылдан
бастап қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) Бухналтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реформалау процесі
барысында есеп беруді құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және
оның бағыты өзгерді.
Қаржылық есептің мақсаты – бухгалтерлік есепті №2 Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есептегі негізгі ашылулар деген стандартында
көрсетілгендей, - бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның
қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған
өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады. (12)
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және
де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша ше шімдерді
шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдарын және осы
субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың
жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау үшін қажетті
пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға
экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды
қамтымайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс – есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін,
оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі,қарыз
көздерінің көлемі мен құрылымын, сондай-ақ оларды ынталандыру тиімділігін
бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі
болып табылады.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдаудың ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай – ақ жеке басылымдарда
қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық
көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның
жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл
әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын,
кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандық тәжірибеде қолданылмаған
жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін
қалыптастырады. Олардың ішінен ашты негізгі әдісті бөліп қарастыруға
болады:
1) Көлденең талдау;
2) Тікелей талдау;
3) Трендік талдау;
4) Салыстырмалы талдау;
5) Факторлық талдау;
6) Қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау – есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру.
Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді.
Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынасы ретінде көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың, соңғы (ерекше) әдістемесін А.Д.
Шеремет пен Р.С. сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады:
қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі;
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін және төлеу қабілетін талдау;
Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрі
әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы
талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып,
аудитор қаржылық жағдайға терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе
алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржылық тұрақтылықтың
нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.
Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері және оларды таллаудың
міндеттері.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық
пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік
және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолютті
көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың самасы. Шетелдік арнаулы
әдебиеттерде табыстар ұғымы келесідей түрде анықталады:
Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі; не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі (15).
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы Бухгалтерлік
есеп туралы заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің 2732
Жарлығында анықталған. Жарғылықтық 13-бабында былай делінген: Табыстар –
бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы
(11). Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін
емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және
әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден
алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық
салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан
алынатын табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып
табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. оны кейбір экономистер
экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны
кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады.
Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен
басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.
Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы
негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы
кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол атқаратын қызметтермен
анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде табыс қызметі туралы мәселе
жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады.
Біздің атымызша, ол тек (2) екі қызметті атқарады.
1) Мемлекеттік бюджет табысының көзі;
2) Кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар
қажет болады.
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық
қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің
үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі
ғылыми негізделген болуы керек.
3. Табысты болу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және
өндірістің дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы
тиіс.
4. Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының
жүйесінде (амертизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық салу,
акциздер, жал төлемі, дивиденттер, %-дық мөлшерлемелер, арнайы қорлар,
салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары,
несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ табыстың абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне
жатады.
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші
субъектінің өзі де, мемлекетте мүдделі. Сондықтан әр кәсіпорында
табыстылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде
талдау жасау қажет.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
- табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын
бағалау;
- таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
- табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
- табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;

- табыстың өсу резервтерін анықтау;
- кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді
пайдалану жөнінде ұысыныстар жасау;
- табыстылықтың әр түрлі коэффициенттерін және олардың деңгейлеріне
әсер етуші факторларды зерттеу;
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау.
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықытқ экономика
жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін
ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін айқындайтын,
осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар
кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді. және олар экономикалық
процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.
Табыстылық көрсеткіштері үш топқа бөлінеді:
1)Жалпы активтер (авансталған, жиынтық капитал) және олардың жекелеген
элементтері;
2) Өнімдер;
3) Ақша қаражаттарының таза ағымы (немесе түсімі) негізінде есептелетін
табыстылық көрсеткіштері.
Экономикалық талдауды ұйымдастыру негіздері.
Талдау жаңа ғылым нәтижелерімен озат тәжірибеге негізделіп, нақты
кәсіпорын ішіндегі экономикалық заңдарды ойға ала құрылып, ғылыми
негізделген әдістерді қолдана жүргізілуі қажет.
Талдауды ұйымдастыру уақытында жеке атқарушы арасында міндеттерді
орынды бөлу қажет. Бұл мамандардың жұмыс уақытын тиімді қолдануларына және
талдаудың кешенді болуына қолғабыс береді. Талдау зертеуді тиімді болуы
қажет, демек оны жүргізудің шығыны талдау тереңдігі ойдағыдай және кешенді
бола тұрып төмен болуы қажет.
Экономикалық талдауды мұқият ұйымдастыруды осы жұмысты бір қалыпқа
келтіру арқылы іске асыруға болады, демек арнаулы жасалған кестелерді шекті
салдармен толтыруды алдын ала көре бөлуге арналған әдістерді жасау.
Кәсіпорындағы талдау жұмысы келесі ұйымдастыру кезеңдерінен тұрады:
1.Экономикалық талдаудың субъектілері мен объектілерді белгілеу, оларды
зерттеуге арналған ұйымдастыру формаларын саралау және жеке
атқарушылардың арасындағы міндеттерін бөліп беру;
2. Талдау жұмысын жоспарлау;
3. Талдауды ақпарат және әдістер жиынтығымен қамтамасыз ету;
4. Шаруашылықтың барыс жолдары мен нәтижелерін талдау;
5. Талдау нәтижелерін дайындау;
6. Талдау нәтижелері бойынша жасалған ұсыныстардың енгізілуін бақылау.
Жалпы қарағанда осы кезеңдер – талдауды нәтижелеріне дейін жеткізетін,
ұйымдастыруға бейімделген элементтердің кешені.
Талдау жұмыстарын ұйымдастыру уақытында ақпарат дайындау кезеңіне
арнайы көңіл бөлу қажет. Қол жеткен мәліметтердің логикалық мәнін түсіну,
есеп жүргізудің жағдайын зерттеу, сан түрлі көздерден алынған
көрсеткіштердің өзара келісімі мен негізделуін тексеру. Мәліметтердің
есептеп тексеруін өткізу керек, бұл мәліметтер салыстырмалы түрде
келтіріліп тиімді ықшамдалуы тиіс.
Талдауды ақпараттық қамтамасыз ету.
Талдауға енгізіліп, талдауды шын мәнінде қамтамасыз етуде негізгі орын
алатын ақпараттық құрамы, мазмұны мен сапасы. Барлық ақпарат көздер
жоспарлы, есептік және есептен тыс болып бөлінеді.
Талдаудың негізгі мақсаты – қаражаттық қызметтегі кемшіліктерді дер
мезгілінде анықтап, оларды жою, кәсіпорынның қаржылық жағдайын және төлеу
қабілеттілігін жақсарту резервтерін табу.
Бұл кезде келесі міндеттерді орындау керек:
1.Өндірістік, саудалық және қаражаттық қызметтердің әр түрлі
көрсеткіштерінің арасындағы өзара себепті – салдарлы байланысты
зерттеудің негізінде қаржылық қорлардың кірісі бойынша жоспарды
орындау мен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін пайданы
бағалау;
2. Шаруашылық қызметінің нақтылы жағдайлары меншікті және қарызға
қорлардың бар болуымен, мүмкін қаржылық нәтижелерді және экономикалық
рентабелділікті болжау.
3. Қаржылық қорларды тиімдірек қолдану және кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бекітуге бағытталған нақты шараларды қолдану.
Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорынның функционалдыруының
экономикалық мақсатқа сәйкестілігі табысты алу арқылы айқындалады.
Кәсіпорынның табысты іскерлік белсенділіктің дәрежесін және қаражаттың
дәулеттігін сипаттайды.
Кәсіпорынның табысының негізгі функциялары:
- ол мемлекеттік бюджеттің табыстарының көзі болып табылады;
- ол кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі;
Табысты сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі абсолюттік (шаруашылық
қызметінің тиімділігін сипаттайтын) және салыстырмалы (рентабелділік)
өнеркәсіптің қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерден тұрады.
Табысытң абсолюттік көрсеткіштері:
- негізгі қызметтен түскен табыс;
- негізгі емес қызметтен түскен табыс;
- төтенше жағдайдан түскен табыс;
- таза табыс – қызметтің соңғы қаражаттық нәтижесі.
Табысытң салыстырмалы көрсеткіштеріне капиталдың рентабелділігі мен
өнімнің рентабелділігі жатады.
Табысты талдаудың ақпарат көздері: қаржы-шаруашылық қызметтің
нәтижелері туралы есеп – қисап және кәсіпорынның балансы.
Табысты талдаудың міндеттері:
1.Табыстың абсолюттік көрсеткіштерінің жоспарын орындалуын бағалау;
2.Таза табыстың құрама элементтерін зерттеу;
3. Негізгі қызметтен түскен табыстың факторлық талдауы;
4. Рентабелділікті зерттеу;
5. Табыстың өсу резервін анықтау;
Шетелдік тәжірибеде ретреспективтік талдауға қарағанда перспективтік
талдауға көбірек көңіл бөлінеді. Бұл кәсіпорындардың жетекшілері уақытты
өтіп кеткен оқиғаларға өткізгеннен көрі, болашақтағы алынатын табыстың әр
түрлі варианттарын салыстыруға көбірек бейімделген.

1.2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары.

Шаруашылық – қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы
қорларын – белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын
қалыптастырып, пайдаланады. Қорларды ақша қаражаттары үнемі қозғалыста
болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке
саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және
әлеуметтік қызметтіндегі мақсат – міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар
пайдаланылды. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық
жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы
біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда
экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті
дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры жұмыс
істеді.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл
ақпаратты өндіріс, шаруашылық – қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда
пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың
қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғұрлым анық
көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген
(жоспарланған). Сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің
қаржылық көрсеткіштері де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы
мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның
тұтыну қорын жұмсау ауқылы; кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққандағы бұл
мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажет тіліктерімен қанағаттандыру
деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілер мен
маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар,
қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу
қорлары. Құрылтайшылардың немесе кәсіпорындар ұжымдарының қарап қорлары
құрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, басқа шаруашылық
органдарымен болатын үлестік қоры және басқалары.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни
салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорындар мен ұйымдар
кешенді қорларды – тұтыну қоры мен қорлану қорын құрады.
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
- бүкіл қызметкерлердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы
төлеу шығындары;
- ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдық қорытындысы бойынша сыйақылар;

- еңбегі үшін ынталандырудың басқа түрлеріне жіберілетін ақша және
натуралдық нысандардағы қаражаттар;
- материалдық көмек;
- Еңбек және әлеуметтік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын
қаражаттар;
- қызметкерлердің акциялары мен салымдары бойынша мүлікке төленетін
табыстар (дивидендтер, %-р);
- оңтайландырғыштық ұсыныстар, өнер табу және жаңалық ашу үшін
берілетін сыйақылардан бөлек басқа да жеке сипаттағы төлемдер;
Қорлану қоры:
- кәсіпорынның қарамағында қалатын табыс;
- негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық
аударымдар;
- шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-ақша;
- банктердің несиелері;
- басқа да көздер есебінен қалыптасады;
Әрі кәсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының
орнына көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынадай жеке-жеке
қорлар көздерін құрып, пайдалана алады; жалақы, еңбекке ақы төлеу,
өндірісті дамыту, әлеуметтік даму қорлары.
Ұдайы өндірістік шығындарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз етуде
қаржы резервтерінің маңызы зор. Нарыққа көшу жағдайында олардың маңыздылығы
артпаса, кемімейді. Қаржы резервтерін шаруашылық жүргізуші субьектілердің
өздері меншікті қаржы ресурстары есебінен басқару құрылымдары,
мамандаудырылған сақтық ұйымдары (сақтандыру әдісі арқылы) және мемлекет
(әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің қаржы қорлары) жасай алады. Оның мақсаты
– шаруашылық-қаржы жағдайы нашарлаған кезде жағдайын пайда болған қосымша
шығындарды жауап, кәсіпорындардың қаржы тұрақтандыруды қамтамасыз ету. Қор
кәсіпорынның тұтыну, қорлану және басқа қорларына жіберілмес бұрын оның
қарамағында қалатын табыс есебінен құралады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының
есебінен мына көздерден қалыптасады:
- экспорттық валюталық түсім – ақшадан;
- жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
- банктердің, салардың ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және
шетелдік заңы тұлғалардың валюталық несиелерінен;
- ішкі валюта рыноганда өкілетті банктер мен айырбастау пунктері
арқылы валюта сатып алу;
- бейрезиденттер көрсететін қаржы көмегі (гранттар).
Өнімдерді, жұмыстар мен қызметтерді экспортқа шығарудан түскен
валюталық түсім-ақша заңмен белгіленген салықтар төленгеннен кейін
кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорларына бағытталады. Кәсіпорындар мен
ұйымдар валюта қоры қаражаттарының бір бөлігін қосалқы жеткізушілерге –
кәсіпорындар мен ұйымдарға бере алады; бұл түсімдердің көлемі шарттың
негізінде экспортттық өнім өндірісіне қатысушылардың үлесі ескеріле отырып
шешіледі.
Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық
түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар
өнімнің, жұмыстар мен қызметтер көрсетудің өзіндік құны есебінен
қаржыландырылады.

1.3. Кәсіпорындағы қаржы менеджменті.

Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қаржысы базистік категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс
істейтін айрықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар обьективті
экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары
қозғалысының обьектісі бар, субьектілердің нақтылы мүдделері жөнінде
көрінетін кез-келген қатынастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы
ағымының бағыттарын, олардың қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл
қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың сапасымен, машығымен және
іскерлігімен жасалатын субьективті басқарушы іс-әрекеттері ақылы жүзеге
асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды
құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескертіп
отыруы тиіс, яғни базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс болғандықтан
қондырмалықтарға жатады. Бұл бақарылатын іс-әрекеттерге қаржы менеджменті
ұғымы тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағымының, кәсіпорынның
бүкіл қаражаттарның қозғалысы механизмін басқару жүйесі жатады.
Қаржы жүйесінің бұл буынына нарық жағдайындағы басқару қаржы
менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік
қызметі арқылы және саның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді
басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті
службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға,
оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды
сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей
етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорында қаржы менеджментінің обьектілері мыналар болып табылады:
жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және
қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері,
материалдық емес игіліктер.
Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгеріде баяндалған
қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін – ақпартты,
жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді.
Қаржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып
табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің
рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрам-жабдықтары рыногының жұмыс
істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемлекеттік реттеуді заңнашалық реттемелеу
негіздерінде жүргізуге мүмкіндік береді. сөйтіп, кәсіпорындардың қаржы
менеджментінің шеңбері нарықтық факторлармен анықталады.
Қаржы менеджментін мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге
болады:
1) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және
мақсатын анықтау;
2) ақша ағындарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін,
тәсілдерін таңдау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-
жоспар немесе басқа рәсімдеу түрінде іс-әрекеттердің бағдарламасын
жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысына бақылау жасау және қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және
бағалау;
Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктермен, яғни
жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысты кем алу немесе зиянның пайда
болуы ықтималдығымен кездесіп отырады. Қаржы менеджментінде шешімдер
қабылдау тәуекелдіктің барлық түрін - өндірістік, коммерциялық, қаржы
тәуекелдіктерінің үйльесуін қажет етеді.
Қаржы менеджментінде маңызды обьект ақша ағыны – құн (Д – Т – Д)
нысандарын жаңғыртудың және қосылған құнды қалыптастырудың экономикалық
процестерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысандарындағы
ақшаның қозғалысы болады.
Қаржы менеджментінің маңызды аспектісі кәсіпорынның қаржылық жай-күйін
талдау болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын, оның рыноктағы
жағдайын (бәсекеге жарамдылығын) сипаттау үшін қажет.
Қаржы менеджментінің жалпы мақсатты нұсқамасы – экономикалық дамудың
ішкі және сыртқы факторларын есепке алу негізінде кәсіпорынның тең қаржы
саясатын жүзеге асыру.

II ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Кәсіпорынның қаржылық қызметі жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың талдаудың негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.
ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №732 "Бухгалтерлік
есеп туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап
қаржылық есеп беруге мыналар жатады:
1) бухгалтерлік баланс;
2) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп. Онда сонымен қатар
түсіндірме хат болады, сондай-ақ, қаржылық есеп беруге негізделген немесе
қаржылық есептен алынған материалдармен толықтырылуы мүмкін және бұл
материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта, берілген субъектінің
есеп және есеп (Н-рудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржлық
есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқада ақпараттар жазылуы тиіс.
Мысалы, оған субъектіге әсер етуші тәуекел мен белгісіздік туралы, қаржылық
есепте жазылған міндеттемелер туралы тусініктемелерді жазуға болады.
Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық ерекшеліктер, қызмет түрлері
туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері туралы мәлімдемелер және
басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырады,
Субьектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп қалпында анықталған
жеңілдетілген түрде толтыратын көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер
төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда да маңызға ие
болады.
Санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін салу үшін жылдық табыс ҚР
заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен аспайды;
2) қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50-ден аспайды;
3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары
бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР- да
соңы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып
реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы
нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің
қалыптасуымен, екішніден, біздін еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке
кіруімен байланысты.
ҚР-да бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді
құру мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.
Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті. №2 Бухгалтерлік
баланс және қаржылық есепте негізгі ашылулар деген стандартында
көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы жініс оның
қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған
өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету
болып табылады.
Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық нәтижелерін және
де кәсіпорын үшін инвестициялмқ шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді
шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақтағы ақша ағымдармен және осы
субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы органдардың
жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді, бағалау үшін қажетті
пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларға
экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық .Ақпараттарды
қамтымайды. Қаржы есебімен пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық
шешімдер субъекттің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды,
сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын
талап етеді. Бұл нәтижесінде, субьектінің өз жұмысшыларына және
жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайзды төлеу, несиені қайтару жініс
табысты тарату қабілетін анықтайды. Егер де колданушылар тек қана
субъектінің қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі
қаржылық есебінің өзгсрісін сипаттайтын ақпарттармен емес, сонымен қатар
барлық қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни
қолданушылар иқиіа қаражаттарының айналдыру мумкіндігін одан да жақсы
бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын
қаржылық ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде
кейбіреулері (тсргеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болыған
жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға осыншама ақпараттарды
талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық
ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірден-бір көзіне,
түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы шаруашылық субьектілерінің өзара
негізгі байланысына және басқару өнімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептердің ақпараттық базасына айналды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін
бухгалтерлік баланс атқарады.
Баланс - есепті жылдың басындағы және соңындағы қаржылық жағдайын
сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады.
Біріншіден, баланс меншік иелерін шаруашылық субъектісінің
мүліктік жағдайымен таныстырады. Осы арқылы олар бұл субьекті
нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары
қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай
ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас
кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған стратегиялық бағыттың
дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты
және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау
туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың мазмұны, оны ішкі
қолданушылары сияқты сыртқы қолданушышларға да пайдалануға
мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім
қабылдау үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондай-ақ клиентің
сыртқы есеп берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және
әдейі жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек
алады, ал даңдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды. Баланс
ақпаратгары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің
серіктесі ретінде жұмыс жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның
шарттары шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының
мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген акцияларьш иеленудің
орындығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы
қай жағдайда қаржылық жағдайды талдаудыбаланстық талдау деп атайды.
Бухгалтерлік баланс
Қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңде кәсіпорын
мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен
өтімділігі, меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және
кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайың және кәсіпорынның несие
қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, оның
ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруашылық қызметке жетуі, қарыз көздерінің
көлемі мен құрылымын, сондай – ақ оларды ынталандыру тиімділігін бағалауға
мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік балансты талдау үшін және
кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда ақпараттың ең қажетті түрі болып
табылады.
1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және
пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс
кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және
қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорының, заемдар мен
кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу
мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері
бойынша қарастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен пассиві
мүлік және оның қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық топтарының аз
ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына жеке-жеке элементтер
мен қорытындыланған көрсеткіштерден тұрады. Актив пен пассивтегі бұндай
жеке элементтермен қорытындырылған көрсеткіштер баланс баптары.
Баланстың актив бөлшегнің құрылымына сай ереклік бұл яғни баланс
бөлімдері мен баптарының әр бөлімінде ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір
дәйектілікпен орналасуы яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына
принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз өнімдерден өтімділік күні активтерге
дейін, демек басында баланстың: өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен
баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу өніміне байланысты жоғары
өтімді активтер жазылады принцип бойынша активтің қорытынды бапгары ең
өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып табылады олар қысқа
мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық
шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.
Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің
жеделлік дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем
мерзімінің жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.
Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс
жаңаша анықталады және оның екі
Бөлігі мен элементтері де жаңаша сипатталады. Олардың
түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және
аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған
орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және тәжірибе
құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып табылады.
Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге,
бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын
авторының Бухгалтерлік талдау деген оқулығында келесідей анықтама
берілген: "Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі
қаржылық жағдайының кестесі болып табылады. Активтер дегеніміз
бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе
активтер бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі);
пассивтер бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы.
Активтер сомасы әрқашан да несиелер сомасына тең болуы тиіс Ағылшын
ғалымдары шығарған "Бухгалтерлік іске кіріспе деген оқу құралында былай
жазылған: Баланс бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті барлық активтер
мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт
мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып
табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие болады және де
активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.
Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:
Активтер бұл ұйымга тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе
Пассивтер - басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза
бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді
білдіреді
Капитал - пассивтердің арнайы түрі.
Капитал алғашқы капитал мен қызметте – қалдырылған табысты қоса
алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.
Әлемдік банк өңдеп шығарған "Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша
нұсқаулар" ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау туралы ақпарат
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттырудағы негізгі бағыттары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеу
Кәсiпорынның қаржылық нәтижелiк қызметiн экономикалық талдау
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын арттыру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдау мақсаты.Қаржы аясындағы реттеу органдарының жүйесі
Кәсіпорын өнеркәсібінің қаржылығы
Кәсіпорынның жұмысын болжамдау және жоспарын талдаукәсіпорынның жұмысын болжамдау және жоспарын талдау
Пәндер