Кәсіпорынның кірістерін талдаудың міндеттері
Жоспар:
Кіріспе
І Тарау. Кәсіпорынның кірістері
1. Кәсіпорынның кірісі, оның мәні мен мағынасы
2. Кәсіпорынның кірістерін талдаудың міндеттері
ІІ Тарау КІРІСТЕРДІ ТАЛДАУ
2.1 Кірістердің абсолютті көрсеткіштерін талдау
2.2 Маржиналды кірісті талдау
2.3 Кірістердің салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық
пайдалылығы кіріс табумен анықталады. Кәсіпорынның кірісі абсолюттік және
салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Кірістің абсолютті көрсеткіші –
бұл кірістер немесе пайдалардың сомасы. Шетелдік арнаулы әдебиеттерде
"кірістер" ұғымы келесідей түрде анықталады:
"Кірістер дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" (1).
Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 желтоқсандағы "Бухгалтерлік
есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған.
Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Кірістер – бұл есептік кезеңдегі
активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (2). Белгілі бір шығындар
шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, кіріс
алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу
мүмкін емес.
Кірістердің көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден
алынатын кіріс; жалпы кіріс; негізгі қызметтен алынатын кіріс; салық
салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын кіріс; салық салынғаннан
кейінгі дағдылы қызметтен алынатын кіріс; төтенше жағдайлардан алынған
кіріс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза
кіріс.
Кіріс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және
затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер
экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны
кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың
айтқаны дұрыс, өйткені кірістің абсолютті сомасы салынған қаржылардың
қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.
Нарық жағдайында кірістің ролі айтарлықтай артты. Өзіміз білетіндей
жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын.
Кіріс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі)
ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен кіріс (пайда) оның, яғни
кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек кіріс қана өзара байланысқан үш
мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Кіріс
табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал
нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының
көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық
ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне
негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын
өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы
тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар
болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық
несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік
несиелерімен жабылуы мүмкін.
Кіріс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен
басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады.
Сонымен, кіріс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы
негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Кіріс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы
кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың кірісі анықталады.

Нарықтық экономика жағдайында кірістің ролі ол атқаратын қызметтермен
анықталады. ТМД елдеріндегі арнайы әдебиеттерде кіріс қызметі туралы мәселе
жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады.
Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:
мемлекеттік бюджет табысының көзі;
кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.
Функциялардың және олардың езара шарттылығындағы бірлігі, кірісті
шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының
экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан
кірісті құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның
(тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің
алынған және оның иелігінде қалатын кіріс көлеміне қажетті тәуелділігін
қамтамасыз етеді.
Кіріс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі
шарттар қажет болады:
1. Жуықтаудың белгілі бір дәрежесінде, өнім бағасы еңбектің қоғамдық
қажетті шығындарын көрсетуі тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің
үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.
Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми
негізделген болуы керек.
Кірісті бөлу (тарату) механизмі белсенді роль атқаруы керек және өндірістің
дамуы мен оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс.
4. Кірісті тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы
тұтқаларының жүйесінде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар,
салық салу, акциздер, жал төлемі, дивидендтер, пайыздық мөлшерлемелер,
арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдері, инвестициялар, есеп
айырысу нысандары, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар курсы
және т.б.) ғана мүмкін.
Бірақ кірістің абсолютті мөлшері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
қызметінің тиімділігінің емес, экономикалық тиімділігінің көрсеткішіне
жатады. 500 мың теңгелік кіріс кәсіпорынның салынған капиталының мөлшері
және қызметінің ауқымы бойынша әр түрлі көлемнің табысы болуы мүмкін.
Сәйкесінше бұл соманың салыстырмалы деңгейі айтарлықтай деңгейде бірдей
болмайды. Сондықтан да алынатын кірісті нақты бағалау үшін кәсіпорын
қызметінің тиімділігін сипаттайтын және кірістің деңгейін көрсететін
рентабельділіктің әр түрлі көрсеткіштері жататын кірістің салыстырмалы
көрсеткіштері қолданылады.

Кәсіпорынның кіріс көрсеткіштерінің өсуіне шаруашылықты жүргізуші
субъектінің өзі де мүдделі. Сондықтан әр V-абсолютті және салыстырмалы
түрде талдау жасайды.
Кірісті көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
кірістің абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
таза кірістің қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
кіріске әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
кірісті бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
кірістің өсу резервтерін анықтау;
кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, кірісті тиімді пайдалану
жөнінде ұсыныстар жасау;
кірістің (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың
деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
негізгі және түпкі мақсаты кіріс алу болғандықтан, барлық назарды осы
көрсеткішті талдауға аудару керек.
Кірістің абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден
алынатын кіріс болып табылады Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен
міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері
және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойынша
негізгі қызметтен түсетін кіріс көрсетіледі.
Кіріс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен тауарларды
өткізуден түсетін кіріс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның
сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады
Өнім өткізуден түсетін кіріс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар
қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген
тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық
құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден
түсетін кіріс сомасының өсуіне, екіншіде – азаюына әсер етеді.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен кіріс жоспарланған тауар
өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты
сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы
керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін кіріс өлшемі жоспарының төмендеуі,
ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын
жағдайлар да кездеседі
1-кестеде өнімді өткізуден түскен кірісті алу жоспарының
негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.
1-кесте
Өнімді өткізуден түскен кіріс жоспарының негізделуін тексеру
№ Көрсеткіштер Есептік бағасы
бойынша мың тг.
1. Өткізілмей қалған дайын өнімнің жыл 8360
басындағы нақты қалдығы
2 Тауарлы өнім шығару 29000
3. Өткізілген өнімнің жыл аяғындағы қалдығы 15940
4. Өнімді өткізуден алынуы мүмкін кіріс (1 21420
қатар+2 қатар - 3 қатар)
5. Жоспар бойынша енімді өткізуден алынатын 20850
табыс
6. Ауытқуы (4 қатар - 5 қатар) 570
Кестеден кәсіпорынның өнімді өткізуден түсетін кіріс көлемін 570 мың
теңгеге төмендеткені көрінеді. Жоспар жасаған кезде жыл соңындағы өтпеген
өнімнің шамадан тыс қалдықтарын ескерген болуы керек. Өнімді өткізуден
түсетін кіріс 20 850 мың теңгені емес, 570 мың теңгеге көп, яғни 21 420 мың
теңгені құрауы керек еді. Басқаша айтқанда, жоспарды артық орындау болмас
еді.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады.
Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік
партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде
қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс
мөлшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім
шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе
басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай
нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған
жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына
байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмайды. Бұл сондай-ақ кейбір
салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс
салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауында болады, яғни
өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды
негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі
жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу өнімді өткізуден түсетін кіріс оған келіп түскен
төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен
анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп
түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін
сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалардың
түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке
айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу
бағытында жұмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді
тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті
өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын
ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі
өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін
есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның
кемшіліктері де бар:
біріншіден бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау
төмендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет
көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін,тауарды қажетті санынан аз
алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен
материалдар сатып алу жүргізілген уақытта).
- Кірістердің абсолютті көрсеткіші – жалпы кіріс. Ол өнімді өткізудің
қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді
өткізуден түскен кіріс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны
арасындағы айырма ретінде анықталады
Жалпы кіріске әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн,
сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен
айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің
бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының
әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің
маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым
қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде
кірістің өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы кірістің
өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету.
Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте
жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және
металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет
жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты кіріс есімін пайдалы
қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте
қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен
анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Заттай түрде өнімді өткізу көлемінің өсуі кірістің өсуіне әкеледі.
Сұранысқа ие өнімдерді өндірудің өспелі көлеміне күрделі салымдар көмегімен
қол жеткізуге болады, бұл кірістің әлдеқайда өнімді жабдықтарды сатып
алуға, жаңа технологияны игеруге, өндірісті кеңейтуге бағытталуын талап
етеді. Бұл жол, қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың инфляция, бағаның
өсуі және ұзақ мерзімді несиелерге қол жетіспеушілігіне байланысты қиын
немесе мүлде мүмкін емес. Күрделі капитал салымдарын жүргізуге қаржылары
мен мүмкіндіктері бар кәсіпорындар, егер инвестиция рентабельділігін
инфляция қарқынынан жоғары ұстаса, онда бұл кәсіпорын өз табысын нақты
өсіре алады.
Өндіріс және өнім өткізу көлемін өсіруге әкелетін айналым
қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату күрделі шығындарды талап етпейді.
Инфляция айналым қаражаттарын өте тез құнсыздандырады. Кәсіпорындардың
шикізат пен отын-энергетика ресурстарын сатып алуына олардың көп бөлігі
бағытталады. Сатып алушылардың төлемеушілігі және де талап етілетін алдын
ала төлем жүргізу кәсіпорынның қаржысының көп бөлігін айналымнан тыс
әкетеді. Төлем жүргізбеудің себептері тек айналым қаражаттарының жетіспеуі
ғана емес, сонымен бірге төмен қаржылық есептік тәртіп, банк жүйесі
жұмысындағы кемшіліктер және де вексельдік айналымның дамымауы да болып
табылады.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғары қарқынмен өседі.
Бағаның өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген
сұраныстың өсуі мен шығарылатын өнімнің техника-экономикалық параметрлердің
және тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді
болады.
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы кіріске әсерін анықтау үшін қаржы-
шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі
талдау кестесін құруға болады (2-кесте).
2-кесте
2009 жылғы "АЗ Эталон" АҚ-ның жалпы табысы (мын, теңге)
Көрсеткіштер Жоспар Нақты өткізілген Нақты
бойынша өнімге жоспар
бойынша
1.Өнімді (жұмыс, қызмет) 20850 19745 23179
өткізуден түсетін табыс
2.Өткізілген өнімнің 16435 15741 16996
өндірістік өзіндік құны
3.Жалпы кіріс (1қатар-2қатар)4415 4004 6183
Жалпы кірістің нақты көлемі жоспарланған көлемінен 1768 мың теңгеге
көп.
Бұл ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
өнім бірлігінің бағасы;
өткізілген өнім көлемі (саны);
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек.
Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.
Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген
өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы
өзіндік құнын алып тастау жолымен табылады:
Sі" - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
S* - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған
жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы
өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау
барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнының жоспармен салыстырғанда
төмендеуі немесе өсуі кезінде жалпы кіріс сәйкесінше өседі немесе азаяды.
Біздің мысалда артық шығындалу болған, бұл жалпы кіріс көлемін 1255 мың
теңгеге төмендетті (16 966-15 741).
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім өткізуден түскен
нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
Біздің мысалымызда жалпы кіріс баға факторы есебінен 3434 мың теңгеге
(23179-19745) өсті.
Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы кіріс ауытқуына әсерін анықтау үшін
алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек.
Кіріс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы
кірісті өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Арнайы әдебиеттерді оқып-зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және
оның құрамындағы құрылымдық өзгерістер сияқты факторлардың кіріске
тигізетін әсерін талдау тұрғысында, онда пікір-таластары жүргізілетіндігін
көрсетті.
Есептеу үшін өткізілген өнімнің көлемін әр түрлі бағалау ұсынылады:
қолданыстағы өткізу бағасымен өндірістік өзіндік құны бойынша, өткізілген
өнімнің көлемі бойынша жоспардың орындалу пайызын есептеу кезінде әрқалай
бағалау, пайдаға әсерін анықтау кезінде айтарлықтай ауытқуларға әкеледі.
Бірінші әдіс экономистермен теріске шығарылған, өнімді өткізуден түсетін
кірістің өзгеруі өткізудің физикалық көлеміне ғана емес, сондай-ақ
құрылымындағы өзгерістерге байланысы өткізілген өнімнің рентабельділігіне
де әсер етеді. Қазіргі кезде бағалар күнделікті күрделі өзгерістерді бастан
кешіруде, сондықтан біздің көзқарасымыз бойынша өткізу көлемін өндірістік
өзіндік құн бойынша бағалау әлдеқайда дәлелді болып табылады.
Біз талдап отырған кәсіпорын тауарлы өнімді өткізу бойынша жоспарды
3,4%-ға асыра орындады (16996:16435-100)-100, нәтижесінде жоспарланған
жалпы табыстан 150 мың теңге артық алынған (4415-10,34:100) - 4415.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім
құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы кіріске әсерін есептеудің екі
тәсілі бар:
"өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша" есептелінген, алынуға
тиісті жалпы кіріс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу
коэффициентіне түзетілген жалпы кірістің жоспарлы мөлшерімен салыстыру
арқылы;
"өткізу көлемінің өзгеруі" факторының әсер ету соммасын" өткізілген
өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген және алынуға
тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық
тәсілі).
Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер
ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды.
"Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген, алынуға
тиісті жалпы кіріс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын
болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы
өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін
әсерін анықтайды.
Біздің мысалымызда есептеулер келесіні көрсетеді:
4004 *415= - 411;
- 411+(-150)= - 561.
Құрылымдық өзгерістер нәтижесінде жоспармен салыстырғанда жалпы кіріс
561 мың теңгеге кем алынған.
Біздің ойымызша, бұл фактордың әсерін нақты өткізілген өнімнен жоспар
бойынша алынуға тиісті кірісті, есепті жылы өнімді өткізу көлемі бойынша
жоспардың орындалуын ескере отырып, жоспарлы құрылым жағдайында алынған
табыспен салыстыру арқылы анықтаған дұрыс болып табылады.
Есептің мұндай әдісі әлдеқайда ыңғайлы әрі дәл болып табылады.
Есептеулер келесідей түрде болады:
4004 - (4415а103,4:1004004 - 4565= -561.
Біздің мысалымызда құрылымның өзгеруі жалпы кірістің ауытқуына теріс
әсерін тигізді, яғни оның мөлшері 561 мың теңгеге азайды. Жалпы кірісті
талдау нәтижелері 3-кестеде көрсетілген.
3-кесте
Жалпы табыстың ауытқуына негізгі факторлардың әсері
№ Көрсеткіштер Сомасы, мыңЖоспарлы кіріске
тг %-бен
1. Өткізілген өнімнің өзіндік құны-ның -1255 + 28,4
өсуі
2. Келісілген бағалар деңгейінің өсуі + 3434 + 77,7
3. Өнімді өткізу көлемінің артуы + 150 + 3,4
4. Өткізілген енім құрамындағы құрылымдық-561 -12,7
езгерістер
Жиыны: + 1768 + 40,0
Жоспардан тыс жалпы кіріс келісім бағалары мен өнімді өткізу көлемінің
өсуі нәтижесінде алынып отыр. Егер кәсіпорын өнімнің өзіндік құнының өсуіне
жол бермеген болса және де бизнес жоспармен салыстырғанда өткізілген
өнімнің құрамындағы құрылымдық өзгерістер болмаған жағдайда жалпы кіріс
1816 мың теңгеге (1255+561) есетін еді. Жалпы кірістің өндірістік езіндік
құнының өсуі нәтижесінде азаюын — кәсіпорын жұмысындағы жағымсыз құбылыс
ретінде сипаттауға болады. Елеулі кемшіліктерге 1996 жылы талданып отырған
кәсіпорынның өткізген өнімінің құрамында болған құрылымдық өзгерістер
жатады. Сондықтан талдаушы, шығарылатын өнім сұрыпталымы мен өндірілетін
және өткізілетін өнімдердің құрамында болатын құрылымдық өзгерістерін
талдауға басты назар аударуы қажет. Егер әрине нарықта оларға деген сұраныс
болса, кәсіпорынға өнімнің жоғары рентабельді түрлерін өндіру мен сату
тиімді болады. Өткен жылмен салыстырғандағы жалпы кірістің езгеру
себептерін анықтау кезінде, В.А. Маличет (34) ұсынған талдау әдістемесін
қолдануға болады. Нарықтық экономика жағдайында, тауарларға деген бағалар
еркін болған кезде және де олардың деңгейі нарық жағдайымен анықталатын
кезде осы бағалардың өзгерісі туралы ақпараттар алу қажеттігі пайда болады.
Кәсіпорын өнім есебін екі түрлі бағамен, яғни нарықтағы қазіргі және өткен
жылдағы бағалар бойынша жүргізбейді. Осының бәрі экономиканы басқару және
бақылау мақсатында бағаның қозғалысы туралы, олардың тек жылдық қана емес,
сонымен қатар одан да қысқа мерзім аралықтарына, яғни ай, тоқсан, жарты
жылдағы индекстері туралы мәліметтердің болу қажеттілігін тудырады. Мұндай
мәліметтер ең алдымен кәсіпкерлерге, салық инспекцияларына және әр түрлі
деңгейлердегі экономиканы басқару органдарына қажет болып табылады.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда баға индексі 1,05-ті
құрайды. Бағаның өсуі жалпы кіріске әсер етуі тиіс.
Жалпы кірістің өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі
өзгерістер жатады:
өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
өнімді өткізуден түскен кірістің өзгеруі;
өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі. Олардың
есепті жылы алынған жиынтық кірістің өткен жылмен салыстырғандағы
ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық 4-кестені
құрайық.
4-кесте
Жалпы кірістін өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардын. тигізетін
әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәлімет
№ Көрсеткіштер Өткен жылғы Есепті жылғы
1 Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден 24392 24179
түскен табыс
2 Өткізілген өнімің (жұмыс қызмет) 20689 16996
өндірістік өзіндік құны
3 Жалпы кіріс (1 қатар – 2 қатар) 3703 6283
4 Баға индексі 1,00 1,05
5 Өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) 24392 22075
түскен табыс, салыстырмалы бағамен
Осы мәліметтерге сүйене отырып, жоғарыда көрсетілген факторлардың
жалпы кірістің өзгеруіне тигізген әсерін анықтайық:
1. Бағаның өсуі кіріске қалай әсер еткенін анықтау үшін, есепті жылы
өнімді өткізуден түскен кірісті өткен жылдың еркін сатылу бағасымен (ҚҚС
және акцизсіз) қайта есептеп, содан кейін оны есепті жылдың еркін сату
бағасымен (ҚҚС және акцизсіз) есептелген өнімді өткізуден түскен табыспен
салыстыру қажет. Алынған айырма бағалар қандай сомаға өзгергендігін
(өскенін немесе кемігендігін) және сәйкесінше кірістің да өзгерісін
көрсетеді.
Есепті жылдағы өнімді өткізуден түскен кіріс өткен жылғы бағамен:
23179 : 1,05 = 22075.
Бағалардың өзгерісі және оның жалпы кіріске әсері. Кәсіпорынның еркін
сату бағасының өсуі есебінен түскен есепті жылдағы қосымша кіріс 1104 мың
теңгені құрайды.
2. Өткізуден түскен кірістің әсерін келесі жолмен
анықтаймыз.
Өткен жылғы өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы табысының
деңгейі тұрғысынан алатын болсақ, онда оның абсолютті сомадағы өсімі немесе
азаюы енімді өткізуден түскен кірістің өсуі немесе азаюына пропорционалды
түрде болуы тиіс.
Біздің мысалымызда өткен жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден түскен
кіріс 9,5%-ға (22 075:24392x109=90,5); 100-90,5=9,5 азайды. Нәтижесінде
өнімді өткізуден түскен кірістің кемуі есебінен жалпы кірістің азаюы 352
мың теңгені [3703(-9,5):100] құрайды. Есептеуді, былтырғы өнімді сатудан
түскен кірістің 1 теңгесіне шаққандағы жалпы кірісті, өнімді сатудан түскен
кірістің артуы немесе кемуіне көбейту арқылы жүргізуге болады:
[3703:24392-(22075-24392)]=0,1518-( -2317)= -352 мың теңге.
3. Өткізілген өнімнен алынған кірістің 1 теңгесіне шаққандағы
шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы еткізілген өнімнен түскен кірістің
1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар
деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті
жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді өткізуден алынатын
нақты кіріске көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему
есебінен жалпы кіріс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді. Есептеу:
[(16996:22075)-20689:24392)]-22075= (0,7699-0,8482)-22075= -0,0783-22075=
-1728 мың теңге. Өткізілген өнімнен алынатын кірістің 1 теңгесіне
шаққандағы шығындардың азаюы нәтижесінде жалпы кіріс 1728 мың теңгеге өсті.
Жалпы кіріске шығындардың тигізетін ықпалының дәл осы нәтижесін, есепті
жылдағы нақты шығындардың өнімді өткізуден алынған кірістің өсу (кему)
индексіне қайта есептелген, өткен жылдың нақты шығындарымен салыстыру
арқылы алуға болады:
1696-(20689- 20689*9.5100)=1696-16996-(20689- 1965)
= 16996-18724 = -1728 мың теңге.
Өнімнің өзіндік құны осы сомаға кеміген және сәйкесінше бұл жалпы
кірістің өсуіне әкеледі.
Үш фактордың ықпалы нәтижесінде жалпы кіріс 2480 мың теңгеге (+1104-
352+1728) =2480 өсті.
Кірістің келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған
(түскен) табыс. Ол қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы кіріс пен кезең
шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:
Дн =Дж-Рк.
Мұндағы: Дн - негізгі қызметтен алынған табыс; Дж - жалпы табыс;
Рк - кезең шығындары.
Жалпы кіріс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік
өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары
қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын кіріс соншалықты жоғары
болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын кіріске жүргізілетін
талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ маржиналды табыспен
үздіксіз байланыста жүргізу қажет.
Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері
коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдаланушылар
шығындарды тұрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтынына
байланысты, жалпы кіріс көлемін маржиналды кіріс көлемімен теңестіруге және
оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.
Келесі тақырыпта біз, бұл көрсеткіштің мәнін оның нарықтық
экономикадағы ролін қарастырамыз және маржиналды (жалпы) кірісті
прогрессивті әдіс арқылы талдай отырып, негізгі қызметтен алынатын кірістің
өзгеруіне әр түрлі факторлардың тигізетін әсерін анықтаймыз.
2.2 Маржиналды кірісті талдау
Нарықтық экономикаға өту өндіріс шығындарын есепке алуды ұйымдастыруды
қайта қарауды және оның прогрессивті әдістерін ендіруді талап етеді. Осы
мақсатта ҚР бухгалтерлік есеп теориясы мен практикасы үшін нарықтық
экономикасы дамыған елдердегі шығындарды есепке алуда "директ-костинг"
жүйесі бойынша ұйымдастыру тәжірибесі көңіл аудартады. Бұл жүйе АҚШ-та
пайда болған. Оның негізгі идеялары "Өндірістік есептің Ұлттық
қауымдастығының бюллетенінде 1996 жылдың қаңтарында жарияланған амери-
кандық зерттеуші И.Н.Гарристің мақаласында айтылған. Директ-костингті нақты
енгізу АҚШ-та 1953 жылы іске асты, сол кезде бухгалтерлердің Ұлттық
қауымдастығы осы әдістің сипатамасын жариялады. "Ұлыбританияда бұл әдіс
"маржиналь-кост", ал Францияда -"маржиналдық бухгалтерия" деп аталады", -
деп жазған В. И. Ткач және М.В. Ткач (35). Директ-костинг жүйесінің
негізінде "Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу – директ-костинг
жүйесінің бірінші ерекше белгісі", - деп біздің ғалым, профессор С.С.
Сатыбалдин тұжырымдайды (6).
Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін
тікелей шығындар жатады: шикізат және негізгі материалдар, технологиялық
мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндірістік персоналдың жалақысы,
тиісті төлемдерімен бірге жабдықтарды күту және пайдалану шығындары және
бірқатар басқа да үстеме шығындар.
Тұрақты шығындарға әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы
шаруашылық шығындары жатады. "Тұрақты шығындар кезеңдік шығындар болып
есептеледі және бұйымдар арасында бөлінбейді, олар тура нәтижелерге
жатқызылады"
Айнымалы шығындар тұрақты шығындармен салыстырғанда күшейтілген
бақылауды талап етеді. Тұрақты шығындардың мөлшері тұрақты болып қалады
және өндіріс көлеміне пропорционалды өзгермейді, мысалы, жал төлемі,
несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, негізгі құралдарға есептелген
амортизация, кәсіпорын басшысының жалақыларының кейбір түрлері және басқа
да шығындар.
Тұрақты шығындар бірдей уақыт аралығында бірдей сомамен есептеледі.
Оларға кәсіпорын және оның бөлімшелері бойынша смета есептеледі. Ескерілген
ауытқулар (үнемдеу немесе артық шығындалу) негізінде кәсіпорынның
шаруашылық нәтижесіне әр бөлімшенің салымын анықтауға болады. Айнымалы
шығындарға қарағанда, тұрақты шығындар, жоғарыда аталғандай өндіріс
көлемінің өзгеруіне тәуелді емес. Сондықтан оларды азайтудың басты резерві
өндіріс көлемінің өсуінде жатыр. Шығарылған өнім көлемі қаншалықты көп
болса, өнім бірлігіне тұрақты шығындар соншалықты аз келеді.
Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп жіктеу біршама шартты сипатта
екенін айта кеткен жөн, себебі шығындардың бір бабы әр түрлі жағдайда
өндіріс көлеміне тәуелді немесе тәуелсіз болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын
қызметінің саласын кеңейту, тиісті қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерінің
жұмыс көлемін ұлғайтады (бухгалтериялар, маркетинг бөлімі, жоспарлау-
өндірістік бөлімі және т.б.). Бұл жағдайда белгілі бір кезеңде басқару
аппаратын ұстау шығындарының өсуі пайда болады, ол шығындар белгілі бір
кезеңде тұрақты ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар, тұрақты шығындар қатарына жатқызылған жеке баптар
бойынша өнім шығару көлемінің тұрақсыздығына тәуелсіз бір кезеңнен екіншіге
өзгеру байқалуы мүмкін (мысалы, жал төлемінің өсуі, материалдар мен
тауарларды сақтау бойынша шығындардың көбеюі және т.б.). Басқа бір
жағынан алғанда, айнымалы шығындар, өндірісті ұйымдастыру және
технологияның жаңаруы сияқты факторлардың салдарынан өндіріс көлемінің
өзгеруі кезінде өзгеріссіз қалмайды. Шығындарды тұрақты және айнымалы деп
бөлу қысқартылған (толық емес, шектеулі) өзіндік құнды есептеу мақсатында
жүргізіледі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz