Кәсіпорынның қаржыландыру көздерінің құрылымы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

І Кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін қалыптастыру

  1. Қаржы ресурстары туралы түсінік

1. 2 Кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін қалыптастыруды ұйымдастырудың принциптері

1. 3 Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың модельдері мен әдістері

2 Мақта өңдеу кәсіпорындарының кәсіпорынның іс-

әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқаруды

ұйымдастыру

2. 1 Кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерінің рационалдық құрылымы

2. 2 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау

3 мақта өңдеу кәсіпорындарында ақша ағынын

жетілдіру жолдары мен кәсіпорынның іс-әрекетін

қаржыландыру қайнар көздерін болжау мәселелері

Қорытынды

Кіріспе

Ғылыми - зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды.

Нарықтық экономика жағдайында мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды себептерінің бірі экономиканың нақты секторларындағы реформаның «тежелуі».

Мақта өңдеу кәсіпорындары басшылары мен менеджерлері алдында қаржы ресрстарын тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер мен процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке әкелмейтіндігі анықталады және бәсекелестердің пайда болуы дәстүрлі пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді.

Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т. б. осындай басты мәселелерді шешу Курстық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр.

Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар. Мәселенің өзектілігі Қазақстанның жеке меншік иелігіндегі және өз қызметінің ерекше салалық, өндірістік және технологиялық ерекшеліктеріне ие, мақта тазалау өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін оның жеткіліксіз жасалуымен күшейеді. Аталған жағдайлар Курстық зерттеу тақырыбы ретінде кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін мақта тазалау кәсіпорындарында ұйымдастыру, оның өзекті мәселелерін таңдауды анықтады.

Курстық жұмыс тақырыбының зерттелу дәрежесі . Қаржы ресурстарын басқару жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді.

Осы мәселелерге төмендегі қаржы ресурстары мен оны басқару мәселелеріне қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Джуманов А. М., Жуйриков К, Ильясов К. К., Касенов М. Р., Купешов Ш. К., Мельников В. Д., Мырзалиев Б. С., Сатыбалдин А. С, Сабден О. С., Отаров Э. К.,

Тажибаев С. Д. және т. б.

Ресейдің келесі экономист ғалымдарының еңбектері де осы тақырыпты ашуға арналған: Большаков С. В, Балабанов И. Т, Докучаев М. В, Кочеткова А. И, Моляков Д. С, Родионова В. М., Сенчагов В. К, Стоянова Е. С, Уткин Э. А, Федотова М. А және т. б. Сонымен қатар ғылыми басылымдарда кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерінің анықтамасы қаржы түсінігімен түсіндіріледі. Қаржыны басқару әлі де болса Кеңес Одағынан қалған тәсілдермен жүргізілуде, ал нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқаруға көп көңіл бөлу керек, өйткені кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқарудың тиімді механизмін қалыптастырмай тұрып кәсіпорынның тиімді жұмысы туралы сөз қозғауға болмайды.

Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді талап етеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Ғылыми зерттеу жұмыстың басты мақсаты - мақта өңдеу кәсіпорындарының кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігін кешенді зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау мен бірқатар ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеуге мына міндеттері қойылды:

  • кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерінің теориялық аспектісін зерттеу және оның қаржылық қызметіндегі мағынасын анықтау;
  • шаруашылық субъектілерінің кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін тиімді басқару арқылы жоғарғы пайданы алу мен рентабельділікті көтеру жолдарын нақтылау;
  • мақта өңдеу кәсіпорынның жоғарғы пайдалалылыққа жету құрылымын оңтайландыру және оның қаржылық тұрақтылығын көтеруді анықтау, инвестициялық-инновациялық қызығушылығын арттыруды зерттеу;
  • мақта өңдеу кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқаруда тиімді саясатты қалыптастыруды жетілдіру және оны басқарудың тиімді механизмін дамыту;
  • кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін және оларды пайдаланудың тиімділігін арттырудың жолдарын анықтау, ақша қаражаттары ағынын ұйымдастыруды жетілдіру;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарында қаржысын жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру;
  • кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерінің айналымын көтерудің ішкі резервтерін анықтауда экономико - математикалық тәсілді кеңінен қолдану.

Зерттеу пәні болып мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын басқару есептелінеді.

Зерттеу объектісі Оңтүстік Қазақстан облысы мақта өңдеу кәсіпорындары болып табылады. .

Зерттеуге ақпараттық базасы болып ҚР заңдары, ҚР Президентінің нұсқаулары мен қаулылары мақта тазалау кәсіпорындарында 2000-2006 жылдар аралығындағы бухгалтерлік есептілік, статистикалық және нақты мәліметтер есептелінеді.

Танымның диалектикалық тәсілі, жүйелі талдау, экономикалық талдау теориясы, экономика математикалық әдістер және т. б. зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болды. Жұмысты зерттеу процесінде бухгалтерлік есептің стандарттары, өнеркәсіп кәсіпорындарында есепке алу мен есептілікті ұйымдастырудың нормативті құжаттары, сонымен қатар бухгалтерлік есеп және талдау облысындағы шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми еңбектерінің нәтижелері, кезеңдік басылымдардағы мақалалар, заңды актілер пайданылды.

Кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқаруды талдау кезінде көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

Кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқаруды талдау кезінде көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың мәселелерін кешенді, жүйелі зерттеу және оның экономикалық механизмін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша нұсқау беру.

Ғылыми зерттеу жұмыстың аса маңызды жаңалығы төмендегіше:

  • кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқарудың қалыптастырудың теориялық негіздері дамытылды;
  • нарықтық экономика жағдайында, бәсекелестік қабілеттілікті арттыруда, пайда алуды, рентабельділікті көтеруді ең жоғарғы деңгейге жеткізуде басты орынды алатын қаржылық ресурстарды басқаруды талдаудың методологиясы жетілдірілді;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы жүйесінің ішкі резервтері анықталды;
  • кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін тиімді пайдалануға қатысты маңызды мәселелерді экономико - математикалық тәсілмен шешуде «Оптималды түсу» тәсілі мақта өңдеу кәсіпорындарында алғашқы рет қолданылды.

Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы ондағы ұсыныстар мен нұсқаулардың төмендегі бағыттар бойынша қолданыла алатындығымен анықталады:

  • мақта өңдеу кәсіпорынның қаржы ресурстары бойынша ғылыми зерттеулерді одан әрі тереңдете отырып жалғастыру;
  • кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқару процесінде ұсынылған механизмдерді пайдалану;
  • кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін пайдаланудың тиімділігін анықтауда ұсынылған нұсқауларды пайдалану;

Қорғауға шығарылатын Курстық жұмыстың негізгі тұстары :

  • қаржы ресуртарын қалыптастырудың ішкі және сыртқы қайнар көздері;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарының кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқару саясатын қалыптастыру;
  • кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін пайдалану тиімділігі;
  • мақта өңдеу кәсіпорындарында ақша ағынын ұйымдастыруды жетілдіру;
  • кәсіпорындарда қаржылық ресурстардың айналымын көтеру жолдарын жетілдіру жолдары;
  • мақта тазалау кәсіпорындарында активтерді болжау мәселелерін шешу барысында экономика математикалық тәсілдерді қолдану.

Кіріспе бөлімінде зерттеу пәнінің ғылыми тақырыбының өзектілігі - қазіргі таңдағы Қазақстандағы мақта өңдеу кәсіпорындарының заман талабына сай және бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену жолындағы, бәсекелестік нарыққа шығару мақсатында өнім өндіруде кездесетін қиыншылықтардың ең бастысы ретінде кәсіпорынның қаржылық ресурстарға қажеттілігі есептелетіндігінен және оны ғылыми түрде шешу керектігінен көрінеді. Осы орайда зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады, олардың ішіндегі кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін ұйымдастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиіміділігін зерттеу маңызды орынды алады. Зерттеудің объектісі ретінде кәсіпорынның қаржы ресурстары алынған. Осы зерттеуге ақпараттық базасы анықталады, зерттеу тәсілі ашылады.

Бірінші бөлімде шетелдік және отандық әдебиеттердегі кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін қалыптастырудың экономикалық мазмұны, мақсаты, тапсырмасы, принциптері ашылады да мақта тазалау кәсіпорындарының, олардың кәсіпорын қаржысын қалыптастыруға әсері, салалық, өндірістік, технологиялық ерекшеліктері негізінде зерттеледі.

Екінші бөлімде кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін қалыптастырудың қайнар көздерін талдау, кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқару саясатын ұйымдастыру, кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін пайдалану тиімділігін бағалау сұрақтары зерттеледі және осының негізінде оларды жетілдірудің әдістемелік және ұйымдастырушылық принциптері ұсынылады.

Үшінші бөлімде кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін қалыптастыруды ұйымдастыруды жетілдіруде экономико математикалық тәсілдерді қолдану, ақшалай қаражаттар айналымын жетілдіру, сатушылар және тұтынушылармен есеп айырысуды ұйымдастыруды жетілдіру сұрақтары қарастырылады.

Қорытындыда зерттеулердің нәтижелері келтірілген, мақта тазалау кәсіпорындарында кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін басқарудың экономикалық механизмдері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар беру негізделген.

І Кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін қалыптастыру

1. 1 Қаржы ресурстары туралы түсінік

Бірінші бөлімде кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері, міндеттері мен мақсаттары, объективті қажеттілігі мен мақта өңдеу кәсіпорындарының салалық, технологиялық, өндірістік ерекшеліктері және олардың кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін қалыптастыруды ұйымдастыруға тигізетін әсері сипаталады.

Кез келген ғылыми жұмыс зерттеу пәнінің қалыптасу және даму тарихын зерттеуден, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою мен оны шешудің әртүрлі пікірлері мен тәсілдері келтірілген арнайы әдебиет пен кезеңдік басылымдармен танысудан басталады.

«Қаржы ресурстары» мен «капитал» түсініктері арнайы экономикалық әдебиеттерде және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлік бойынша нұсқауларда еркін талқыланады. Категориялық аппаратты жетік игермеу қаржы жүйесі мен қаржы механизмінің түсінігін бұрмалауға әкеліп соқтырады.

Сонымен қатар, экономист-теоретиктер қарастырылып отырған категорияларды талқылаудың біріңғай жүйесіне әлі де болса келмеген. Осы орайда біз кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерінің анықтамасын әртүрлі позицияда бағалап көреміз. Онда біз осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарасты беретін, жалпы тенденцияларды анықтайтын методологиялық артықшылықтарға тоқталамыз.

«Қаржы ресурстары» категориясына бір мәнді және негізделген талқылама жасау дегеніміз - оның қаржы қатынастарының материалды тасымалдаушысы ретіндегі, кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін а тән ішкі мазмұнын, кәсіпорынның қаражаттар айналымындағы олардың ролін, қызметтерін анықтауды білдіреді.

Қаржы ресурстары категориясын қарастыру кезінде критерийлердің негізделуі есепке алынуы керек. Кәсіпорын экономикасы және қаржы бойынша арнайы әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселенің негізгі үш жалпы ғылыми әдістемелік тәсілі кездеседі.

Бірқатар экономистер кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін анықтау кезінде негізгі кезең ретінде олардың айналыс шегін немесе нақтырақ айтқан кезде - олар объектісі болып саналатын, басқару деңгейін қабылдайды, олардың қатарына: мемлекеттің жалпы кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін, кәсіпорын мен мекемемелердің қаржы ресурстарын және т. б. жатқызуға болады.

Ғалымдардың келесі тобы кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін критерий ретінде анықтауда олардың қалыптасуының қайнар көздерін таңдайды, ол жиынтық қоғамдық өнім. Олар кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерінің көлемін анықтауда жиынтық қоғамдық өнімнен белгілі шығындарды, ең алдымен қарапайым қайта өндіріспен байланысты шығындарды шегеру тәсілін қолдануды ұсынады.

Біздің пікірімізше, осы тәсілге қатысты бірқатар ескертулер жасаған дұрыс. Біріншіден, жиынтық қоғамдық өнім кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін қалыптастырудың жалғыз қайнар көзі болып табылмайды. Екіншіден, бәрімізге белгілі жағдайдай, елдің экономикасындағы кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерінің қайнар көзі ретінде ұлттық байлықтың бір бөлігі де қатысады. Сонымен қатар қаржы ресурстары құрылған құнның ақшалай формасын бөлу және қайта бөлу процесінің нәтижесінде қалыптасады, осы негізде кіріс пен түсімдердің белгілі формалары ерекешеленеді.

Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы және басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект - меншік иесі болып табылады.

Профессор К. Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: «қаржы ресурстары деп - шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер».

Корпорацияның кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерінің құралуының қайнар көздеріне ол төмендегідей сипаттама береді.

Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады, қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар - бұл меншікті акцияны және облигацияны және басқалай құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар - бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.

Ресурстардың үшінші тобы туралы айтқан кезде шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайына өту кезінде кәсіпорындар маңызды кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерін, ақшалай қаражаттарды сала ішінде қайта бөлу және бюджеттік қаржыландыру негізінде алатындығын айта кеткен жөн.

Нарықтық қатынастарды қалыптастыру процесінде қайта бөлу тәртібінде құралатын кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерінің құрылымында сақтандыру компанияларынан түсетін сақтандыру төлемдері үлкен рольді алады, ал одан кейінгі орынды бюджеттік қаржыландыру қайнар көздері алады.

Қаржы ресурстары - кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы - несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар - деген анықтама беру толығырақ болады.

Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез - келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың кәсіпорынның іс-әрекетін қаржыландыру қайнар көздерінің көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.

Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен капиталдың арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай етіп құрылады. Өйткені, стандартты есептілікте қаржылық ресурстар емес, олардың айналған түрлері - міндеттемелер мен капитал сипатталады.

Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі, оларды кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады.

Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану - бұл белгілі бір нәтижеге жету үшін қаржылардың түрлеріне әсер ететін мақсатты бағытталған әдістер, операциялар, рычагтар мен тәсілдердің жиынтығы.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары - бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындарды жүзеге асыруға бағытталған кірістер және сыртқы түсімдер нысанындағы ақшалай қаражаттардың бір бөлігі.

Қаржы ресурстары мен капитал кәсіпорын қаржыларын талдаудың негізгі объектілері болып табылады. Реттелетін нарық жағдайында қаржыгер үшін нақты объект болып табылатын және жаңа кірістер алу мақсатында оған әрдайым әсер ете алатын «капитал» түсінігі көбінесе қолданылады. Капитал - бұл кәсіпорын айналымға салған және бұл айналымнан кірістер әкелетін қаржылық ресурстардың бір бөлігі.

Мұндай қағида кәсіпорынның қаржы ресурстары мен капиталының арасындағы қағидалы айырмашылық кез келген уақытта қаржы ресурстары кәсіпорынның капиталынан не үлкен, не тең болатынына негізделеді. Мұнда теңдік жағдайында кәсіпорынның қаржылық міндеттемелері жоқ және қолда бар барлық қаржы ресурстары айналымға жіберілген деп есептеледі. Алайда бұл капитал мөлшері қаржы ресурстары мөлшеріне қаншалықты жақындаса, кәсіпорын соншалықты тиімді жұмыс істейтінін білдірмейді.

Нақты өмірде қызмет етіп тұрған кәсіпорында қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептеме қаржы ресурстары мен капиталдың арасындағы айырмашылық көрінбейтіндей етіп құрылады. Стандартты қаржылық есептемеде қаржы ресурстары міндеттемелер және капитал түрінде көрінеді.

Нақты өмірде адамдар мәнді категориялармен емес, олардың айналды-рылған нысандарымен кездеседі, сондықтан стандартты қаржылық есептемеде олар көрсетіледі.

Қаржы ресурстары пайда болуына байланысты ішкі (меншікті) және сыртқы (тартылған) болып бөлінеді. Өз кезегіне ішкі қаржылық расурстар нақты нысанда стандартты есептілікте таза табыс және амортизация түрінде, ал айналдырылған нысанда кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы міндеттемелер ретінде ұсынылған, таза табыс кірістердің жалпы сомасынан міндетті төлемдерді (салықтар, жинақтар, айыппұлдар, пайыздар және басқа да төлемдер) алып тасталғаннан кейінгі кәсіпорын табысы болып табылады. Таза табыс кәсіпорынның қолында болады және оның басқарушы органдарының шешімі бойынша бөлінеді /5, 44-47б. /.

Сыртқы немесе тартылған қаржылық ресурстар меншікті және қарыздық болып бөлінеді. Осылай етіп бөлу берілген кәсіпорынның дамуына сыртқы қатысушылар ресурстарды салатын капитал нысанына байланысты: не кәсіпкерлік ретінде, не ссудалық капитал ретінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капитал салымдарының нәтижесі тартылған меншікті қаржылық ресурстардың құрылуы болса, ссудалық капитал нәтижесі қарыздық қаражаттардың құрылуы болып табылады.

Кәсіпкерлік капитал өзімен бірге табыс алу және кәсіпорынды басқару құқықтарын алу мақсатында түрлі кәсіпорындарға салынған (инвестиция-ланған) капиталды ұсынады.

Ссудалық капитал - бұл қайтарымдылық және төлемділік шартында қарызға берілген ақшалай капитал. Ссудалық капитал кәсіпкерлік капиталға қарағанда кәсіпорынға салынбайды, ол пайыз алу мақсатында оған уақытша қолдануға беріледі.

Бұл бизнес түрімен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттар айналысады (банктер, несиелік мекемелер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар және т. б) .

Нақты өмірде кәсіпкерлік және ссудалық капиталдар тығыз байланысты. Қазіргі нарықтық шаруашылық бірталай сарапталынған. Сараптау бүгін нарықтық шаруашылық және оның қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Бірақ сараптауды тереңдету қаржылық ағымдар мен капиталдың қиындатылуына, қаржылық тәжірибеде арнайы құралдарды пайдалануды кеңейтілуіне әкеледі, ал бұл фирманың қаржылық жұмысын қиындатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы ресурстарының көзі
Кәсіпорын капиталы
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау
Компанияның қарыз капиталын басқару
Кәсіпорында капиталдың оңтайлы құрылымын құру мәселелері
Кәсіпорынның капитал құны
Жобаларды қаржылық талдау
Кәсіпорынның меншік капиталын оңтайландыруын бағалуы
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру
«компания капиталының құрылымын оңтайландыру»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz