Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
І Тарау.
1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты
1.3. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың рөлі.
ІІ Тарау.
2.1. Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп нысандары
2.2. Кәсіпорынның есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихи маңызы мен мақсаты және
қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа
салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан
бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып күнделікті өмірде қолданылуы
барысында қоғамның әлеуметтік экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге
ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі
ғалым Б.Де.Солозано Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең
алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін
олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару
мүмкін емес адамдар да бірін-бірі түсінбес еді-деген болса, оның әріптесі
П.Самуэльсон Біздің ғасырымыз – машина ғасыры болып табылады - дейді.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа
кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің
маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен
құрылымына өзгерістер енгізілді.
Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын сонау 12 ғасырда алады. Бұл ғылым
туралы алғашқы түсінік шамамен 1340 жылы Генуе қаласында пайда болған.
Бухгалтерлік есептің алғашы негізін салушы және дамытушы француз монахы
Лука Пачоли болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп туралы 1493 жылы Шоттар
және жазулар - деген трактатын жазған.
Ал, бухгалтерлік термині ХV ғасырда Австрия қаласында пайда болған.
Рим империясының инвесторлары мемлекеттік бухгалтерлерді бақылап, оның
қорытындысын емтихан қабылдаушы тыңдаған. Міне, осы жоғарыда айтылғандарға
сүйене отырып, бухгалтерлік есептің тек қана
кәсіпорын жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай тұтас мемлекетті
басқаруға қатысы бар екенін дәлелдеуге болады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында Есептей
алмаған, басқара алмайды - деген сөздің жайдан – жай айтылмағандығын атап
өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын
жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін
қажет. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен
міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен сатылғандығы туралы
ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
2. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.
Бухгалтерлік жұмысын жүргізу үшін кәсіпорынды күнделікті орындалып
отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып
отыратындығы бухгалтерлік есептін басқа ғылымдардан ерекше. Бухгалтерлік
құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін
және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық
беретін жазбаша куәлікті атауға болады. Жалпы кәсіпорындағы атқарылып
жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен,
арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының
қойылуы, қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйымның мөр таңбасының басылуы
құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі
болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта
кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың,атқарған қызметін қай мерзімде
жазылғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.
Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына үздіксіз
толтырылып олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік
есептің негізі болып табылады. Бухгалтерлік құжат – кәсіпорындағы
шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды
түрде беретін жазбаша куәлік. Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы
құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп
атайды. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу
себебінен бастапқы құжаттардың нысаны бірдей болмайды. Шаруашылық
құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс. Әрбір бастапқы
құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі
бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер
(реквизиттер) деп атайды. Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді.
Міндетті деректемелер (реквизиттер) деп атайды. Міндетті деректемелер
(реквизитте) бухгалтерлік құжаттарды заңды құқықпен қамтамасыз етеді.
Міндетті деректемеге (реквизитке) жататындар:
-құжаттың аты, нысанның коды;
-құжаттың толтырылған уақыты (күні,айы және жылы);
-құжатты толтырған заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні;
-шаруашылық операциясының мазмұны;
-шаруашылық операцияның өлшемі (натуралдық немесе ақшалай);
-шаруашылық операцияның жүргізілуіне және соған сәйкес құжаттарды толтыруға
жауапты адамдардың аты-жөні;
-жауапты атқарушының қолы;
Қосымша деректемелер (реквизиттер) шаруашылық операция көрінісі
ерекшеліктерімен және құжаттардың тағайындалуымен анықталады. Әр түрлі
талаптарға байланысты бастапқы құжатта келесідей қосымша деректемелер
(реквизиттер) болуы керек: құжаттың реттік нөмері, ұйымның банк
мекемесіндегі есеп айырысу шотының нөмері, шаруашылық операцияны орындау
үшін негіз болатын құжаттар және тағы басқалар. Құжаттардың нысандары
(формалары) келесі есеп бөлімдері бойынша топтасады:
1) ауыл шаруашылық өнім мен шикізат;
2) еңбек және еңбекақы;
3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтер;
4) материалдар;
5) кем бағалы және тез тозғыш заттар;
6) капиталдық құрылыстағы жұмыс;
7) құрылыс машиналар мен механизмдердің жұмысы;
8) автакөліктегі жұмыс;
9) түгендеу нәтижелері;
10) кассалық операциялар;
11) сауда операциялары;
Құжаттар дер кезінде, яғни операцияның орындалуы барысында толтырылу
керек. Егер бұл айтылған уақытта оларды толтыруға мүмкіндік болмаған
жағдайда құжаттар операция аяқталған сәтте толтырылуы керек. Уақытында
толтырылмаған құжат кәсіпорын меншігінің сақталуын бақылауды қиындатады
және ол операцияның бухгалтерлік есеп шотына кешіктіріліп жазылуына әкеліп
соғады. Осы себептен ұйымның бухгалтерлік қорытынды есебін жасау мерзімі
кешіктірілуі мүмкін. Құжаттардағы жазбалар сиямен, шарикті қаламсаппен,
жазба машинасымен (компьютермен) және басқа да олардың архивте көрсетілген
уақыт мерзіміне дейін сақталуын қамтамасыз ететін заттармен толтырылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы алғашқы есеп құжаттарына қолдарын қоятын
адамдарды ұйым басшысы бас бухгалтердің келісімімен тағайындалады.
Бухгалтерлік есепте пайдаланатын алғашқы құжаттардың басқадай түрлеріне
түзету енгізу тек қана шаруашылық операцияларына қатысушылардың келісімімен
жүргізіліп және олар өздерінің келісім бергендігін растап, қолдарын қояды.
1.2. Кәсіпорынның есеп саясаты
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны
білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп
жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып
табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін,
мәні мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсының болмасын өз мақсаты,
қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және
мазмұны болады.
Мақсаты. Бұл бапта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы
және есеп мәселелері қысқаша баяндалады.
Қолданылу аясы. Стандарттың пайдаланылатын жерлері мен қандай
жағдайда (жерлерде) қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.
Анықтамасы. Стандарттағы келтірілген негізгі терминдерге түсініктеме
берілетін бап болып табылады.
Қолданысқа (күшіне) енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастағы
күшіне енетіндігі осы бапта жазылады.
Мазмұны. Бұл бапта кәсіпорынның есеп саясатына түсінік беріледі.
Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл
қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және
оған қоса мысалдар берілуі де мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп
беру стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді.
Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың)
халықаралық комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің
ішінде жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарты мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс
болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру)
барысында әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты
талданып, оны шешу жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі
бухгалтерлік есеп стандарттың жасауы (құруы) барысында халықаралық
бухгалтерлік есеп стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде
қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге
салуға (унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық
есеп беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл ұйымның
құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Голландия, Жапония, Ирландия, Канада,
Мексика, Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің келісімге
келуімен іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни Қаржылық есеп беру
стандартының халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда
аталған елдерден жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның
құрамында бұл аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка
Республикасы, Швейцария, Зимбаб және тағы да басқа елдердің өкілдері бар.
Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа
шыққан жаңа стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және
түсініктері үшін табыс алып отырады. Сонымен қатар бұл комитетке
бухгалтерлердің халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік
фирмалар және басқадай ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық
қаржылық есеп беру стандартының негізгі мақсаты – мына төмендегілерді
орындай отырып, қаржылық есеп беруге қол жеткізу:
• қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
• ақпараттық жүйені құру принциптері;
• осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
• қаржылық есеп берудің элементтері;
• өлшеу және мойындау критерийлері.
Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және
қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның
қаржылық есебін мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:
• қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім қабылдауға
қажетті мәлімет;
• ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті
мәлімет;
• ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бағалауға
қажетті мәлімет;
• басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.
Қаржылық есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым
құрал болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті
элементінен құралады. Элемееттердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның
балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі
жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі
туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын
топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешім
қабылдау үрдісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін
анықтайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын (концепциясын) жалпы және
жеке — деп аталатын екі түрге бөлуге болады.
• Жалпы тұжырымдама бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын
білдіреді.
• Жеке тұжырымдама тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін бухгалтерлік
есеп туралы көзқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру
стандартында қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері, есеп саясаттары,
есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып жүргендей қазіргі
таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында, сондай-ақ тәжірибесінде екі
негізгі, жалпы деп аталатын континенттік (еуропалық) және америкалық
тұжырымдама қатар жүргізіліп келеді.
Бухгалтерлік есептің континенттік (еуропалық тұжырымдамасы
кәсіпорынның жұмысына мемлекеттің ықпал етуімен және араласуымен
түсіндіріледі. Бұл бойынша сол елде қызмет атқаратын барлық ұйымдар
мемлекет бекіткен шоттар жоспары және басқа да нормативті құжаттар бойынша
жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі
қолданылатын ақпараттық мәліметтері бұл континенттік (еуропалық)
тұжырымдамасы бойынша салық органының және басқа да мемлекеттік органдардың
қажеттілігін қамтамасыз ететіндей болуы керек. Дүние жүзінде бұл модельде
кәсіпорынның отырған және оның негізінде өзінің кәсіпорындары жұмыс
жүргізіп отырған елдердің қатарына Австрияны, Германияны, Жапонияны және
басқа да Еуропа елдерін жатқызуға болады.
Америкалық тұжырымдаманың континентік (еуропалық) тұжырымдамадан
өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорының бухгалтерлік есеп берудегі мәліметтері
негізінен қаржы салымшылары мен несие берушілердің қажеттілігін қамтамасыз
етуге арналған. Бұл жағдайда ұйымның салық жүйесі қаржылық есептен бөлек
және оған тәуелсіз шешімін тауып отырады, Бүгінгі таңда бұл модельді АҚШ,
Канада, Ұлыбритания, Голландия, Австралия, Үндістан (Индия), Оңтүстік
Африка Республикасы және тағы басқа елдер қолданып отыр.
Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, әрбір ел
өзінің бухгалтерлік есебін континенттік (еуропалық) немесе америкалық
тұжырымдама бойынша жүргізілуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің
еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында континенттік
(еуропалық) тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі
күннің өзінде осы қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни
барлық кәсіпорындардың есеп жұмысымен мемлекеттің басшылығымен салық
органының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады.
3. Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар және олардың рөлі
Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға
берілетін қаржылық ақпараттық мәліметтінің көлеміне және мінездемесіне
байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық тмәліметті пайдаланушылардың
қатарына қаржы салымшыларын (инвесторларды) несие берушілерді (банк немесе
банктен тыс мекемелер) және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды
жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын
пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында
кәсіпорындардың қаржылық есебіне сүйенеді. Кәсіпорындар мен ұйымдакрдың
қаржылық ақпараттық мәліметін пайдаланушылар негізінен мынадай 2 топқа
бөлінеді: кәсіпорынды басқарушылар (басшылар) кәсіпорынды тыс орналасқан
бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей мүдделер кәсіпорынның қаржылық
қызметіне жанама мүдделер. Кәсіпорынды басқарушыларға осы ұйымның алдына
қойған мақсатына жетуіне және оның қызметіне толықтай жауапты адамдар
жатқызылады. Бұндай адамдарға кәсіпорынның иесі кәсіпорынның басшысы
директорлар кеңесінің мүшелері, менеджер бөлім басшылары т.б. жатқызылады.
Бұл аталған санатқа жататын адамдарды кәсіпорынның соңғы есепті жылдағы
таза пайдасының көлемі (мөлшері) нақты алынған табыс көлемінің жоспарымен
сәкестігі өндірген әрбір түрлі өнімнің өзіндік құны қызметтің қандай
түрінен табыс көбірек алынатындығы және тағы да басқа жағдайлар
қызықтырады. Кәсіпорыннан тыс орналасқан бірақ оның қаржылық жағдайына
тікелей мүдделі тұлғалар болып қаржылар салым жабдықтаушылар және басқалар
есептелінеді. Бұл тұлғалар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлары
көрсеткен қызметтері сондай-ақ берген несиелерінің уақытылы
қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем
қабілеттілігін зерттейді. Ал кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделі
тұлғалардың қатарына: салық органы, министрліктер мен агенттіктер,
аудиторлар, сақтандыру компаниялары сатып алушылар мен тапсырыс берушілер
және тағы да басқа заңды немесе жеке тұлғалар жатқызылады. Кәсіпорынның
бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге берешек төлемдердің уақытылы
төлейтіндігін қаржылық ақпараттық мәліметтерінің дұрыстығын және өз
жұмысшы қызметкерлерімен еңбекақы боынша уақытылы есеп айырысатындығын
қадағалау осы яғни кәсіпорынның қаржылық қызметке жанама мүдделі
тұлғалардың жұмысы болып табылады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық
ақпараттық мәліметтерінпайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы біртұтас
бухгалтерлік есеп жүйесін екі бөлікке бөлді.

Бухгалтерлік есептің нысандары (формалары) деп – белгі бір
дәйектілікпен және өзара байланысты, екі жақты принципті пайдалана отырып
бухгалтерлік есеп жазуын жүргізуге арналған есеп тіркелімін (регистрін)
айтады.
Бухгалтерлік есеп нысандарын және есептелетін ақпаратты өңдеу
технологиясын әрбір кәсіпорын өзі таңдайды және оны есеп саясатында
көрсетеді.
Қазіргі кезде кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп нысандарының келесідей
түрлері қолданылады: мемориалдық-ордерлі, бас журнал, журнал-ордерлі, жай
және ықшамдалған (мүлікті есептеу тіркелімдерін бірге қолдану).
Бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлі нысандары қазіргі кезде
қолданылатын ескі нысандардың бірі болып табылады. Есептің бұл нысандарында
кітаптық және карточкалық тіркелімдер қолданылады. Синтетикалық
(топтамалық) есеп үшін кітаптарды қолдану ыңғайлы болса, ал аналитикалық
(талдамалық) есеп үшін көбінесе карточкалар қолданылады. Мұның себебі әрбір
шаруашылық операциясы бойынша толтырылатын алғашқы құжат немесе бірыңғай
алғашқы құжаттар үшін бухгалтерлік есептер екі жақты жазу жазылып және ол
мемориалдық-ордерлі нысан түрінде рәсімделеді.
Мысалы: қоймадан материалдарды босату (жіберу) туралы әрбір жүк
құжаттың (накладной) есептеуде жеке жазбамен көрсетудің орнына осындай
бірнеше жүк құжатты жинақтаушы тізімдемеге жазады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz