Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ КІРІСТЕРІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кәсіпорынның ақша қаражаттарының мәні мен түрлері

1. 2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын бөлу механизмдері

1. 3 Кәсіпорынның ақшалай кірісін жоспарлау

2 АМИР «2007» ЖШС-Ң АҚШАЛАЙ КІРІСТЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ

2. 1 «Амир - 2007» ЖШС-не қаржылық-экономикалық сипаттама

2. 2 «Амир - 2007» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау

2. 3 «Амир - 2007» ЖШС-нің ақшалай кірісін басқаруды талдау

3 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ КІРІСІН ТИІМДІ АРТТЫРУ ТЕТІКТЕРІН ТАБУ

3. 1 Кәсіпорынның ақшалай кірістерін арттыру тетіктерін дамыту

3. 2 Кәсіпорынның ақшалай кірісін тиімді басқаруды жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Кәсіпорын аҚШАЛАЙ АҒЫМДАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН ОПТИМИЗАЦИЯЛАУ ӘДІСТЕРІ

  1. Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні5

1. 2 Кәсіпорынның ақшалай ағымдары және оларды оптимизациялау әдістері . . . 10

2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис»АҚ мысалында)

  1. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау . . . 19
  1. Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының құрамы мен құрылымын талдау . . . 23

2. 3 Ақша қаражаттарын басқаруды талдау . . . 28

3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ

  1. Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері . . . 36

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 40

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 42

КІРІСПЕ

Қоғамымыз “Қазақстан - 2030” стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканы дамытуға негізделген экономикалық өсу, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногынын шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз бірнеше міндеттерді шешуіміз тиіспіз. Ол міндеттерді бірі-экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Экономиканың тұрақты дамуы бізге реформалардың әлеуметтік бағытталығын күшейтуге мүмкіндік береді. »-деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н. Ә. Назарбаев 2009ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында. /1, 4-5 б/

«Қоғамдағы келісім-шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. » - деп Елбасы өзінің 2009ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында айтып кеткен. /2, 6-8 б/

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі уақыттарда, әсіресе соңғы жылдары экономикалық өсім жоғары қарқын ала бастады. Алғашқы кездегі қиындықтар біртіндеп артта қалды. Қоғам өмірінің барлық салаларын дамыту арқылы халқымыздың өркениет жүйесіндегі өмір сүріп жатқан басқа елдер тірлігімен бірдей дәрежеге қол жеткізуге болатынын соңғы жылдар жемісінің нәтижелерін байқатып отыр. Өмір сапасын және деңгейін көтеру экономикалық өсудің нәтижесіне және оның жалпы жағдайына тәуелді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Нарықтық экономикада бизнесті басқару көптеген белгілермен ерекшелікшеленеді. Біріншіден, кәсіпорынның жиынтық ресурстарының ішінде ең маңызды ресурс ретінде қаржылық ресурстар қолданылады. Екіншіден, қаржылық бейнедегі басқарушылық шешімдерді қабылдау белгісіздік жағдайында жүргізіледі. Үшіншіден, кәсіпорынның нақтылы тәуелсіздігі нәтижесінде негізгі мәселе ретінде қаржылық ресурстарды анықтау және инвестициялық саясатты ықтималды жүргізу болып табылады. Төртіншіден айналым капиталын тиімді пайдалану арқылы қаржылық жағдайды жақсарту қажет болады, ақшалай қаражаттардың ролі де жоғары мәнге ие. Кәсіпорында міндетті түрде ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерінің болуы шарт. Ақшалай қаражаттарды тиімді басқару жүйесі қаржы менеджметінде қаржылық циклды есептеумен, ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдаудан, ақшалай қаражаттарды болжамдаудан құралады. Осы себептерге байланысты нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қаржыны басқаруда ақшалай қаржаттарды басқарудың мәселелері өзекті болады.

Курстық жұмыстың мақсаты - ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру.

Курстық жұмыстың алға қойылған мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:

- айналым капиталын басқарудағы ақшалай қаржаттарды басқарудың ролін және оларды басқару әдістерін анықтау;

- «Кедентранссервис»АҚ мысалында кәсіпорында ақшалай қаражаттарды басқаруға талдау жүргізу;

- кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасын, қаржылық цикл ұзақтығын анықтау;

- ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдерін пайдаланып, қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыстың әдістемелік негізі . Бұл жұмысты жазу барысында Баканов М. И., Шеремет А. Д., Сайфуллин Р. С., Ковалев В. В., Негашев Е. В. Стоянова Е. С., Дюсенбаев К. Ш. және т. б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс тапты.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс 3 негізгі бөлімнен, кіріспе, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімінен, кестеден, суреттен құралған, жалпы беттер саны- .

Жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның айналым капиталын басқарудағы ақшалай қаражаттарды басқарудың маңызы, ақшалай қаржаттарды тиімді басқарудың қаржылық жағдайға әсері, ақшалай қаражттарды басқарудың әдістері анықталған. Екінші бөлімде «Кедентранссервис»АҚ мысалында кәсіпорындағы ақшалай қаражаттарды басқаруға талдау жүргізілген, кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасы, қаржылық цикл ұзақтығы анықталған. Үшінші бөлімде ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдерін пайдаланып, қаржылық стратегияның әр нұсқауы бойынша әр бап бойынша ұсыныстарды сандық бағалау және олардың кәсіпорын балансына әсер етуін бағалау негізінде кәсіпорын көрсеткіштерінің болжамды мәндері есептелген, қаржылық менеджменттің стратегиясын жетілдіру жолдары ұсынылған.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ КІРІСТЕРІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кәсіпорынның ақша қаражаттарының мәні мен түрлері

Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды пайдаланудың жағдайы мен тиімділігі кәсіпорынның табысты қызметінің негізгі шарты болады. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа жағдайларын анықтайды.

Инфляция, төлемсіздік және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындарды айналыс қаражаттарына қатысты өз саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа қайнар көздерін іздеуге, оларды пайдаланудың тиімділік мәселесін зерттеуге мәжбүр етеді. Өндірістің материалдық негізі болып еңбек өнімі ретіндегі өндірістік қорлар табылады. Қызмет көрсету процесі барысында еңбек өнімдері мен еңбек құралдары әрқалай және әртүрлі дәрежеде өндірілетін өнім құнына өз құнын тасымалдайды. Осының арқасында өндірістік қорлардың негізгі және айналыс қорларына бөлінуі дәлелденеді. Айналымдағы өндірістік қорлар өндіріс саласына қызмет етеді және бір өндірістік цикл процесінде бастапқы түрін өзгертіп, дайын өнім құнына өз құнын тасымалдайды. Өз айналымында айналым қорлары кезек-кезек ақшалай, өндіргіштік және тауарлық форманы иеленеді, бұл олардың өндірістік қорлар мен айналыстағы қорларға бөлінуіне сәйкес келеді. /1/

Айналымдағы өндірістік қорлар өндіріске қажетті шикізат қорлары, негізгі және қосымша материалдар, стаып алынатын жартылай фабрикаттар мен қосымша өнімдер, жағармай, жөндеу жұмыстары үшін керекті бөлшектер, аз құнды және тез тозатын бұйымдар, аяқталмаған өндіріс ретінде болады. /2/

Айналым қорларына мыналар кіреді: дайын өнім, ақшалай қаражаттар және дебиторлық қарыздар.

Әрдайым қозғалыста бола тұра, айналымдағы өндірістік қорлар мен айналыстағы қорлар қаражаттардың үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді. Кәсіпорындар қорларының айналымы шикізаттарды, материалдарды, жағармайды және басқа да өндіріс құралдарын алуға ақша түрінде құнның авансталуынан басталады- бұл айналымның бірінші кезеңі. Нәтижесінде ақшалай қаражаттар, айналыс сферасынан өндіріс сферасына көшуді көрсете отырып, өндірістік қорлардың түрін иеленеді. Сонымен қатар бұл жерде құн шығындалмайды, авансталады, өйткені айналым соңында ол қайтадан қалпына келеді. Айналымның екінші кезеңі өндіріс процесінде жүзеге асырылады, яғни еңбек күші, құрамында тасымалданған және жаңа қалыптасқан құны бар жаңа өнімді жасап, өндіріс құралдарын өндірістік тұтынуды жүзеге асырады. Авансталған құн қайтадан өзінің түрін өзгертеді - өндірістіктен тауарлыққа ауысады. Айналымның үшінші кезеңінде өндірілген дайын өнімді (жұмысты, қызметті) өткізіледі және ақшалай қаражаттар алынады. Бұл кезеңде айналым қаражаттары қайта өндіріс сферасынан айналым сферасына көшеді. Үзілген тауарлық айналым жаңғыртылады, құн тауарлық түрден ақшалай түрге айналады. Өнімді жұмыстарды, қызметтерді) дайындау мен өткізуге кеткен және өндірілген өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асырудан алынған ақшалай қаражаттар соммасының айырмасы кәсіпорынның ақшалай жинақтарына теңеледі.

Бір айналымды жүзеге асырып болған соң, айналым қаражаттары жаңасына көшеді. Айналым қаражаттарының тұрақты қозғалысы өндіріс пен айналымның үздіксіз процесінің негізі болып табылады. Бұл айналыс қаражаттарының ең маңызды қызметтері болып табылады- өндірістік.

Айналым қаражаттарына талдау жасау барысында айналым қаражаттарының айналым жылдамдығына әсер ететін негізгі факторларды атап өту қажет. Олардың негізгі факторлары 1 суретте көрсетілген.

Сурет 1. Айналым қаражаттарының айналымына факторлар әсері

Айналым қаражаттары өндіріс саласына, айналым саласына, халық шарушылығындағы есеп жағдайларына, соныменен мемлекеттегі ақша айналысына маңызды әсерін тигізетін негізгі қаржылық категориялардың бірі болып табылады, олар екінші қызметті атқарады - есеп-төлемдік. /2/

Жасалатын айналымдағы өндірістік қорлардың және айналыстағы қорларының қорларына ақшалай қаражаттардың авансталуы ретіндегі айналым қаражаттарының анықтамасы бұл категорияның толық экономикалық мәнін ашпайды. Бұнда айтылмаған жағдай: ақшалай қаражаттардың белгілі бір соммасын аванстаумен бірге өндіріс процесінде жасалатын қосымша өнім құнын бұл қорларға аванстау процесі жүзеге асады. Сондықтан рентабельді кәсіпорындарда қорлардың айналымы аяқталғаннан кейін авансталған айналым қаражаттарының соммасы алынған табыстың белгілі бір соммасына ұлғаяды. Табыстылығы төмен кәсіпорындарды айналым қаражаттарының сомасы қорлардың айналымы аяқталғаннан кейін шығындарға байланысты кемиді.

Соныменен, айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірістік бағдарламаларды және есептерді уақытылы орындауды жүзеге асыратын қажетті минималды көлемдегі айналыстық өндірістік қорлар мен айналым қорларының жоспарлы түзілуі үшін ақшалай түрдще авансталатын құн болып табылады. Айналым қаражаттары ақшалай және материалдық ресурстарды қамтитындықтан, олардың ұйымдастырылуы мен пайдалану тиімділігінен материалдық өндіріс процесі ғана емес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да тәуелді болады. /2/

Айналым қаражаттарын ұйымдастыру олардың тиімділігін жоғарлату мәселелері кешенінде басты болып табылады. Айналым қаражаттарын ұйымдастыру мыналарды қарастырады:

  • Айналым қаражаттарының құрылымы мен құрамын ұйымдастыру;
  • Айналым қаражаттарына деген кәсіпорынның қажеттілігін анықтау;
  • Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;
  • Айналым қаражаттарын пайдалану мен олармен айла-әрекеттер жасау;
  • Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі мен ақталуына жауапкершілік. /3/

Айналым қаражаттарының құрамы дегеніміз айналыстық өндірістік қорлар мен айналым қорларын құрайтын элементтердің жиынтығы болады.

Айналым қаражаттарының элементтері болып мыналар табылады: шикізат, негізгі материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, жағармай, жөндеу жұмыстарына арналған құралдар, құрал-саймандар, шаруашылық инвентарь және тағы басқа аз құнды және тез тозатын нәрселер, аяқталмаған өндіріс және өздері дайындаған жартылай фабрикаттар, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнім, жеткізілген тауарлар, ақшалай қаражаттар, дебиторлар, және тағы басқасы.

Жоспарлау, есептеу және талдау тәжірибесінде айналым капиталы келесі ерекшеліктер бойынша сыныпталады:

1) Өндіріс процесіндегі функционалдық рөліне байланысты - айналыстық өндірістік қорлар және айналым қорлары;

2) Бақылау, жоспарлау және басқару тәжірибесіне байланысты - қалыпқа келетін және қалыпқа келмейтін айналым қаражаттары;

3) Айналым қаражаттарының қалыптасу көздеріне байланысты - меншікті капитал және қарыздық айналым капитал;

4) Өтімділігіне (ақшалай қаражаттарға айналу жылдамдығына) байланысты - жоғары өтімді қаражаттар, тез өтімді айналым қаражаттары және баяу өткізілетін айналым қаражаттары;

5) Капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты - салымдардың минималды тәуекелі бар айналым қаражаттары, салымдардың аз тәуекелі бар айналым қаражаттары, салымдардың орташа тәуекелі бар айналым қаражаттары, салымдардың жоғары тәуекелі бар айналым қаражаттары;

6) Есеп стандарттары мен кәсіпорын балансында көрсетілуіне байланысты - қорлардағы айналым қаражаттары, дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, ақшалай қаражаттар, тағы басқа айналым активтері;

7) Материалдық-заттай мазмұнына байланысты - еңбек құралдары, дайын өнім мен тауарлар, ақшалай қаражаттар, шоттардағы қаражаттар. /4/

Көптеген кәсіпорындардағы айналым қаражаттарына деген жеткіліксіздік себептерінің бірі шикізат келіп түсуінің тұрақты болмауы болып табылады. Бұл шикізатты тұтынудың тәуліктік нормасынан кейде 30-50 есе көп сатып алуына әкеп соғады. Яғни көптеп төлеу орын алады, сондықтан, көп айналым қаражаттар қажет. /6/

Сурет 2. Айналым капиталын талдау

Капитал жағдайын, қозғалысын және оның қызметінің нәтижелігін бейнелейтін коэффиенттерді есептеу кезінде қолданылатын баланстық әдістер қаржылық бухгалтерлік есеп мәліметтеріне негізделеді. Бұл жағдай ақпаратты қолданудың нақтылығы жағынан маңызды болып келеді, өйткені кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде оның мүліктік, қаржылық жағдайы мен қызметінің ақшалай көрінісіндегі нәтижелері бойынша мәліметтер құқықтық және шоттық позициясынан жүйелі және нақты көрініс табады.

Капитал көрсеткіштерін алу тек есеп және аналитикалық әдістерді пайдалану арқылы мүмкін. Берілген жағдай, өз алдында, капиталды талдау мен бағалауды жүзеге асыру кезінде, жағдайын, қозғалысын және пайдалану тиімділігін толық бейнелейтін көрсеткіштер жүйесінің қолданылуы мен жасалуда қажеттілікті қайта анықтайды.

Сонымен қатар, қызмет ететін капитал көрсеткіштеріне ағымдық активтердің көлемді көрсеткіштер және ағымдық капитал құрылымы кіреді.

Айналым қаражаттар көздерінің құрылымдық көрсеткіштерінің ішінде келесілерді бөліп көрсету қажет.

1. Жеке көздер құрылымы мен кезең ішінде олардың динамикасы, соның ішінде:

  • Меншікті көздер көлемі;
  • Ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарының көлемі;
  • Қысқа мерзімді қарыз қаражаттарының көлемі.
  1. Капитал көздерінің құны, салыстырмалы құны және құн құрылымы.
  2. Капитал көздерінің құндарының жалпы көрсеткіші.
  3. Қаржы тетігінің тиімділік көрсеткіші капитал көздерінің құрылымдық көрсеткіш ретінде ғана емес, капиталды басқару құралы ретінде де қарастырылады.

1. Қорлар айналымының периоды ( тауарлы-материалдық қорлар айналымының ұзақтылығы, өндірістік цикл ) - шикізатты дайын тауарларға айналдыру мен кейін сату үшін қажетті уақыттың орташа периоды. Қорлардың бір айналым периоды жиі қорларды сақтау периоды деп атайды. Қорлар: тауарлы-материалдық құндылықтар қорлары, аяқталмаған өндірістегі қорлар, қоймалардағы дайын өнімдер. Егер шикізаттар мен материалдардың өндірістік қорларын сақтау периоды өндірістің тұрақты, яғни өзгермеген көлемі уақытында жоғарласа, бұл қорлардың нормадан асып кеткенін білдіреді.

Өндірістік цикл Дебиторлық қарыз

айналымының периоды

Кредиторлық қарыз

айналым периоды Қаржылық цикл

Сурет 3. Ақшалай қаражаттар айналымының циклы

1. 2 Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын бөлу механизмдері

1. 2 Кәсіпорынның ақшалай ағымдары және оларды оптимизациялау әдістері

Айналым қаражаттардың айналымдылығы жылдамдату үлкен шығыстарды талап етпейді және өндіріс пен өнімді өткізу көлемдерінің өсуіне әкеледі. Бірақ инфляция айналым қаражаттарын жылдам құнсыздандырады, олардың көп бөлігін кәсіпорын шикізат пен отын-энергиялық ресурстарды сатып алуға жұмсайды, сатып алушыларды төлемеуі қаражаттардың маңызды бөлігін айналымнан алып тұрады.

Кәсіпорында айналым капталы ретінде ағымдағы активтер қолданылады. Айналым капитал ретінде қолданылатын қорлар белгілі кезеңге өтеді. Өтімді активтер дайын өнімге айналдырылатын алғашқы материалдарды сатып алуға жіберіледі; өнім несиеге сатылады, ал бұл жағдай дебиторлар шотын қалыптастырады; дебитор шоттары төленіледі, олар өтімді активтерге айналады.

Айналым капитал қажеттіліктеріне пайдаланылмайтын кез келген қорлар пассивтерді төлеуге жұмсалады. Бұдан басқа, олар негізгі капитал сатып алуға жұмсалуы немесе меншік иелеріне табыс ретінде төленілуі мүмкін.

Айналым капиталын үнемдеу әдістерінің бірі, яғни оның айналымдылығын арттыру әдісі өндірістік қорларды басқаруды жетілдіру болып табылады. Кәсіпорын өндірістік қорларды жасауға қаражаттар бөлетіндіктен, сақтау шығындары тек қойма шығыстарымен ғана байланысты емес, сонымен бірге тауарлардың бүліну немесе ескіру тәуекелімен, капиталдың уақытша құнымен, яғни тәуекелдің эквивалентті деңгейіндегі басқа инвестициялық мүмкіндіктер нәтижесінде алынуы мүмкін табыс нормасымен байланысты.

Кез келген көлемде, белгілі бір түрде ағымдағы активтерді сақтаудың экономикалық және ұйымдастырушылық-өндірістік нәтижелері берілген актив түрі үшін арнайы сипатқа ие. Дайын өнімнің үлкен қоры күтілмеген жоғары сұраныс жағдайында өнім жеткіліксіздігі мүмкіндігін төмендетеді.

Шикізат пен материалдардың үлкен қоры кәсіпорынды өндіріс процесінің тоқталуымен байланысты сәйкес запастардың күтілмеген жеткіліксіздігінен және қымбат материал-ауыстырушыларды сатып алудан құтқарады. Шикізат пен материалдарды сатып алуға тапсырыстың жоғары болуы үлкен қорлардың пайда болуына әкелумен бірге, жабдықтаушылырдың бағасын төмендету мүмкіндігін де береді. Сол себептер салдарынан кәсіпорын дайын өнімнің жеткілікті қорының бар болуын қалайды, ол өндірісті экономды басқару мүмкіншілігін тудырады. Осының нәтижесінде кәсіпорын өзі өз клиенттеріне жеңілдіктер ұсына алады.

Айналым қаражаттарының айналымдылығын жоғарылату қорларды сақтаумен байланысты шығындар мен нәтижелердің анықталуына және қорлар мен шығындардың дұрыс балансына әкеледі. Айналым қаражаттарының айналымдылығын жылдамдату үшін кәсіпорында келесілерді жасау қажет:

  • қажетті материалдарды сатып алуды жоспарлау;
  • қатаң өндірістік жүйелерді жүргізу;
  • қазіргі кезеңгі қоймаларды пайдалану;
  • сұранысты болжауды жетілдіру;
  • шикізат пен материалдарды тез жеткізу.

Айналым капиталының айналымдылығын жылдамдатудың екінші жолы дебиторлар шотын төмендетуге негізделеді.

Дебиторлық қарыз деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнім түрі, нарық сыйымдылығы, нарықта берілген өнімнің тарау деңгейі, кәсіпорында қабылданған есептесу жүйесі және т. б. Дебиторлық қарызды басқару ең алдымен есептесулердегі қаражаттардың айналымдылығын бақылауды ұсынады. Динамикада айналымдылықтың жылдамдауы жағымды беталыс ретінде қарастырылады. Потенциалды сатып алушыларды таңдау мен келісімшартта қарастырылатын тауарлар үшін төлемінің шарттарын анықтау маңызды мәнге ие.

Таңдау формальды критерийлер көмегімен жүргізіледі: өткен кезде төлем тәртібін сақтау, сатып алушы сұрайтын тауар көлемі үшін төлем бойынша оның болжамды қаржылық мүмкіндіктері, ағымдағы төлемқабілеттілік деңгейі, қаржылық тұрақтылық деңгейі, сатушы кәсіпорынның экономикалық және қаржылық жағдайы (тауарларының бар болуы, ақшалай қаражатқа қажеттілік деңгейі және т. б. ) .

Тұрақты клиенттердің тауарлар үшін төлемі жиі несие бойынша жүргізіледі, несие шарттары көптеген факторларға байланысты болады. Экономикалық дамыған елдерде «2/10 толық 30» сызбасы кең тараған. Оның мәні:

  • сатып алушы алынған тауар үшін несиелеу кезеңінің басынан он күн ішінде төлем жүргізсе, екі пайыздық жеңілдік алады;
  • несиелік кезеңнің 11-ші күнінен 30-шы күніне дейін төлем жүргізілсе, сатып алушы тауардың толық құнын төлейді;
  • бір ай ішінде тауар үшін төлем жүргізілмесе, сатып алушы қосымша айыппұл төлеу тиіс болады, оның мөлшері төлем кезіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Қарызды өтеу мақсатымен дебиторларға әсер етудің ең қолданылмалы әдістері хаттар жіберу, телефондық қоңыраулар, персоналды ресми сапарлар, арнайы ұйымдарға қарыздарды сату (факторинг) болып табылады.

Айналым капиталының шығындарын төмендетудің үшінші жолы қолда бар ақшаны жақсы қолдануға негізделеді. Экономиканы тануда шаруашылық субъектінің қызметіндегі ақша ағындары мен қызметі қаржылық менджментте жаңа бағыт болып табылады. Шетел кәсіпорындарында ақша қаражат ағындарын басқару бас қаржылық менеджердің (қаржылық директордың) жұмысының басты бағыты болып келеді.

Кәсіпорындағы қаражат қозғалысын жүйелі есепке алу, бақылау және талдау жүргізу, алдағы периодта және ағымдағы қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілік маңызды болып саналады.

Ақша ағындарын басқарудың негізгі мақсаты-келіп түскен және төленетін ақша қаражат көлемін баланстау арқылы, фирманың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін келесі көрсеткіштер маңызды болып келеді:

- тауарларды (жұмыс, қызмет, өнім) сатудан табыс;

- табыс;

- ақша қаражаттар ағыны.

Бұл көрсеткіштердің динамикасының бір жыл аралығында өзгеруі, оның белгілі бір уақыт (жыл, тоқсан, ай) аралығындағы жұмысының нәтижесіне байланысты болады. Егер, төлемсіздік орын алған жағдайда кәсіпорынның әр түрлі қызметтерден түсетін ақша қаражаты бірінші маңыздылықты иеленеді. Егер ақша ағынының түсуі шығыннан жоғарыласа, онда кәсіпорын ағындағы және перспективасының дамуына әсер ететін бәсекелестік қабілетке ие болады. Бұл дегеніміз уақытша бос ақша қаражатын бизнес салаларына сала отырып пайда табу. Ал егер фирма пайда табатын болса, онда оның төлем қабілеттілігі жоғары деңгейде болады.

Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін сипаттайтын түсініктерге мыналар жатады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Компанияның ақшалай қаражаттарын басқарудың мәні мен оңтайландыру әдістері
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқару
Ақша қаражаттарын басқару
Өндірістік айналым қоры
Ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
Айналым капиталын басқару тиімділігін талдау (“Астана трэйд интернэшнл” АҚ мысалында)
Ақша қаражаттарын басқару саясаты
Кәсіпорынның айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz