Нақты пайдаланатын шоттар жоспары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
Кіріспе:
1.1 Кәсіпорындарда бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
- Бухгалтерлік есептің Заңы
- Бухгалтерлік есептің халық-аралық стандарты
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты
1.2 Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау
- Аңсаган кәсіпорынның мүліктік құрлымы мен құрамы
- Аңсаған кәсіпорынның запастары мен шығыстарының есебі
- Аңсаған кәсіпорынның қаржыландыру көздерін талдау.
2.0 Тауарлы материалдык корлардын есебі.
- Материалдық запастар және олардың жіктеу мен бағалау
- Орташа өлшенген қорлардың әдісі
- Материалдық запастардың қозғалысын есептеу кезіеде жасалатын
құжаттар
- Материалдық запастардын қоймадағы есебі
3.0 Қорытындылау.
4.0 Пайдаланылған әдебиеттер.
5.0 Қосымша деректер.

Кіріспе
Қандай ғалымның болмасын пайда болу тарихы,маңызы мен мақсаты және қоғамда
алатын өз орны бар екендігі белгілі.Солардың ішінде басқа салалардан өзінің
ерекшелігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген
жылдар бұрын бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып,күнделікті өмірде
қолданылуы барысында қоғамның әлуметтік-эконмикалық жағдайларына қарай
өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.Бухгалтерлік есеп
туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен
өнердің ең алдында тұрады,басқалары онсыз өмір сүре алмаса ,бухгалтерлік
есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және бухгалтерлік есепсіз әлемде
басқару мүмкін емес,адамдар да бірін-бірі түсінбес еді-деген болса,оның
әріптесі П.Самуэльсон Біздің ғасырымыз-машина ғасыры,сондай-ақ ол
бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады-,дейді.Кәсіпорынның жұмысын
толығымен бақылап,оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп,алдағы уақытта
істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта
атқарылатын жұмысына экономикалық талдау өте қажетті жүйе болып
табылады.Сондықтан бухгалтерлік есепті бутіндей халық шаруашылығы есебінің
ең басты және негізгісі деп айтуымызға болады.Бухгалтерлік есеп ғылымының
шығу тарихы ертеден басталған.Ол көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда
болып,бүгінгі күнге дейін әрбір кезеңдердің уақыт талаптарына сәйкес дамып
келеді.Тайпалар арасындағы шаруашылық операцияларна байланысты табылған
жазулардан бухгалтерлік есеп біздің заманымызға дейін жүргізілді деген
деректер бар.Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқада заңды немесе жеке
тұлғалардан оларға сатқан тауарлар.

Қазақыстан Республикасының бухалтерлік Заңы.

Қазақстан Республикасының қаулысы бойынша 24 маусым 2002 жылы №329-11
бухгалтерлік есеп заңына өзгерістеренгізілген.Бухгалтерлік есеп шоттары
Қазақстанның стандартына көшкен,сонымен қатар бухгалтерлік есеп бас жоспары
өзгерген.Екі санды кодтан үш санды кодқа көшкен Қазақстан Республикасының
қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша 2005 жылы №426 халықаралық қаржылық
есеп беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
стандартына сәйкес.Бухгалтерлік есеп туралы заңында 5-тарауы.1тарауда жалпы
ережелер жазылған,бұл заң барлық жеке кәсіпкерлерге заңды тұлғаларға
Қазақстан Республиксының аумағында тіркелген мінддтетті түрде бухгалтерлік
есеп және қаржылықесеп беру осы заңға сәйкес тапсырылады.Бұл заң
конситутцияға сәйкес жазылған.Бұл заңда бухгалтерлік стандарттары шоттардың
типтік жоспары ұсынған,және бухгалтерлік есеп негізі принціптері мен
функциялары бекіткен.Бұл заңның 6 бабына бухгалтерлік құжаттардың
анықтамасы түрлері регистрлары оларға қабылданған талаптары мен міндеті
реквезиттер бекітілген мынылар жатады:1.құжаттың аты-жөні,2.толтырылған
күні,3.мекеменің аты-жөні,4.операцияның мазмұны,5.өлшем бірлігі,6.жауапты
адамның аты-жөні мен қолтаңбасы,7.бабында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
туралы жазған 1.басқарушылар.Кәсіпорынның есеп саясатын
құрайды.Бухгалтерлік есеп басшылар бас бухгалтер қызметінің шотына
кіргізіледі немесеөзі жеке бухгалтерлік есеп жүргізіледі.8.бабына
бухгалтерлік есеп жүргізетін ішкі бақылау туралы жазған.9.бабында
бухгалтерлердің қол таңбасын қоюға құқықы бар қызметшілер кіреді.10.бабында
ақпараттардың құпясы туралы жазған.11.бабында бухгалтерлік есепті сақтау
туралы жазған.Заңды бұзған үшін жауап берушілігі.Бухгалтерлік құжаттары
бухгалтер есепті ұйымдастыруы,ішкі бақылау бухгалтерлік есеп ақпараттың
құпиясы,қаржылық есептің элементтерін бағалауы.Қаржылық есептің
түрлері,заңды бұзғаны үшін жауабы жазылған.
Бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру

Бүгiнде бухгалтерлiк есебi басқару жүйесiнде ең басты бiр орын алады.
Ол кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқа шарушылық шешiмдi
қабылдау үшiн негiзгi бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа
да өндiрiс процесiн шынайы көрсетiп бередi. Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есебi бухгалтерлiк есеп Стандарттарында және субьектiлердiң
қаржылық-шаруашылық қызметiндегi бухгалтерлiк есеп шоттарының Бас есеп
жоспарында бекiтiлген жалпы қағидалар мен ережелерiнiң негiзiнде құрылады
және ол бүкiл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтiң
құрылымына, ұйымының нысанына, айрықша ерекшелiгiне есептiң сәйкес келуiн
қамтамасыз етедi.
Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында шаруашылық жүргiзушi
субьектiнiң күрделi экономикалық тетiгiн нақты, жақсы жолға қоймайынша,
сондай-ақ толық сенiмдi ақпаратсыз басқару жүйесiн iс жүзiнде жүзеге асыру
мүмкiн емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсiпорындардың иелерi мен еңбек
ұжымдары шикiзат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндiрiс қалдықтарын
азайту, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнiмдерiн өндiруге, оның сапасын
көтеруге, өзiндiк құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделi. Бұл
орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсiпорынның материалдық құндылықтарын, ақша
қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиiмсiз жұмсауға және
тонауға қарсы күресте бухгалтерлiк есептiң маңызы мен мәнiн айрықша
бағаламауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттардың көмегiмен шаруашылық жүргiзушi
субьектiлердiң және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiн жедел
басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшiн, ел
экономикасының дамузаңдылықтардың зерделеу және зерттеу экономикалық
тетiктiң бiрi ретiнде пайдаланады.
Бухгалтерлiк есеп екi бөлiмнен тұрады: “қаржылық есептi” және
“өндiрiстiк есептi". Қаржылық бухгалтериясы деп аталатын бухгалтерлiк
есептi ұйымдастырудың қағидалары, онда бухгалтерлiк есептiң әрекет етiп
тұрған стандартына сәйкес, түпкi нәтижесiнде, пайдаланушыларға қаржылық
есеп берудiң сенiмдi ақпаратын “берумен” танылады.
Бұл үшiн қаржылық бухгалтерия кәсiпорыннын белгiленген тәртiбi бойынша
өндiрiс шығындарын есепке алатын шоттардан тыс, яғни активтер мен
мiндеттемелердiң есебiн жүргiзедi. өндiрiс бухгалтериясы деп аталатын,
бухгалтерлiк есептi ұйымдастырудың қағидалары көрсетiлген, бiрақ ол
кәсiпорынның жалпы бухгалтериясының бiр бөлiгi болып табылады, онда әртүрлi
басқарушылық шешiмдi қабылдау үшiн ақпараттар әзiрленедi, өнiмнiң өзiндiк
құны мен өндiрiс шығындары туралы есеп беру мәселелерi қарастырылады,
көрсетiлген қызметтiң, атқарылған жұмыстың, өндiрiлген өнiмнiң өзiндiк
құны калькуляцияланады, өндiрiске кеткен шығындар есебi танылады.

Шаруашылық субъектiлердiң есептеу саясаты

Қазақстанның бухгалтерлiк есеп стандарттарында және ол бойынша
жасалған әдiстемелiк ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебiн
жүргiзудiң қоғамдық тұрғысынан танылған тәсiлдерi мен әдiстерi ережелерi
мен қағидалары белгiленген, онда әрбiр кәсiпорындардың техникалық бағасына,
олардың шешетiн мiндеттемелерiнiң күрделiлiгiне, басқарушы қызметкерлердiң
бiлiктiлiгiне қарап нақтыланған.
Кәсiпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшiн таңдап алынған тәсiлдер
жиынтығы, құндық өлшемдерi, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлiк есептегi
шаруашылық қызметiне жасалған қорытынды шалу фактiлерi кәсiпорынның
есептiк саясатында көрiнiс табуы тиiс. Басқаша айтқанда, есептiк саясат-
бұл бухгалтерлiк есептiң әдiсiн жүзеге асыратын тетiгi.
Есептiк саясаты келесiдей жорамалдардан алынғаны жөн:
- Кәсiпорын өз мүлкiмен өзiмен-өзi болушылығы;
- толассыз қызметi;
- есеп саясатын пайдаланудың жүйелiгi;
- шаруашылық қызметiндегi фактiлердiң мерзiмдiлiк анықтылығы.
Пайдаланатын есеп саясатының басты мiндетiмен негiзгi арналымы-
кәсiпорынның қызметiн барынша пара-пар көрсету, iс мүддесi үшiн осы
қызметтiң тиiмдiлiгiн реттеу мақсатында толық, объективтi және шынайы
ақпаратпен қаптастыру.
Ол есеп процесiнiң барлық тараптарын қамтуы керек; әдiстемелiк,
техникалық, ұйымдық жақтарын.
Әдiстемелiк аспектiсi деп кәсiпорында өнiмнiң өзiндiк құнын есептеу,
амортизацияны шығару, мiндеттеме мен мүлiктi бағалау үшiн пайдаланатын
әдiстерiн айтады; техникалық деп осы әдiстердiң синтетикалық шоттарында
көрсету сызбасы, есеп регистрлерiнде осы әдiстiң қалай жүзеге асқандығын
айтады; ұйымдық деп осы әдiстердiң бухгалтерлiк қызмет тұрғысынан жүзеге
асқандығын, кәсiпорынды басқару құрылымындағы алатын орнын айтады.
Кәсiпорын бухгалтерлiк есептiң келесiдей ережелерiн өз бетiнше шешуiне
болады:
-келiп түскен негiзгi құралдар обьектiсiн бағалау-бухгалтерлiк есептiң
№6-шы Негiзгi құралдардың есебiнiң стандарттарындағы әдiстемелiк
ұсынысына сәйкес, пайдалануға берiлген және кәсiпорынның сатып алуға
төлеген нақты шығындар негiзiнде, негiзгi құралдар обьектiсiнiң бастапқы
құны анықталады.
Құнын есептеп шығарудың бiрқалыпты әдiсi; құнын есептеп шығару үшiн
орындалған жұмыстардың пропорционалды түрде есептелiнетiн әдiсi:
құнын есептен шығарудың сандық сомасы бойынша есептелiнетiн әдiсi. Екi және
одан да көп әдiстi пайдаланған кезде, амортизацияны есептейтiн тәсiлiн және
негiзгi құралдың қандай түрi бойынша пайдаланатындығын көрсету керек.
Негiзгi құралдың бiр түрi бойынша амортизацияны есептеудiң бiр ғана әдiстi
пайдаланады.
-негiзгi құралдарды жөндеу-жөндеу жұмысын жүргiзудiң кезеңдiгi
мен жөндеу жұмысының мерзiмi; негiзгi құралды жөндеуге арналған
резерв қорларын жасауы; жөндеудi жүргiзудiң тәсiлi туралы мәселенi
кәсiпорынның өзi шешедi;
-Материалдық емес активтердiң амортизациясы-әрбiр материалдық емес
активтердiң әрбiр түрiнiң пайдалануына қарап пайдалы мерзiмi және
амортизацияны есептеу әдiсiн әрбiр кәсiпорын өз бетiнше алады.
-болашақ кезеңнiң шығыстары-кезеңдерi нақты анықталмаған жағдайда, кезең
барысында ол өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызылуы мүмкiн, немесе басқа да
көздерiнiң есебiнен есептеп шығарылуы мүмкiн, бiрақ аталған жағдайлардың
барлығы да, яғни олардың кезеңiн және есептеп шығару тәртiбiн кәсiпорынның
өзi анықтайды;
-алдағы шығыстар мен төлем резервтерi-кәсiпорын қандай резервтердi және
қандай көлемде құруды және олардың пайдалану тәртiбiн анықтап өзi шешедi,
-күмәндi қарыздар бойынша резервтерi-кәсiпорын түгендеу мәлiметтерiнiң
негiзiнде дебиторлық қарыздардың қандай күмәндi болып табылмайтындығы,
резервтердi құрудың әдiсiн және резервтеуге жататын шығындарын өзi таңдай
алады;
Аталған барлық жағдайды табысты тек есептеу әдiсi бойынша танылатындығы
қарастырылған. Есеп саясатының техникалық бөлiгiн әзiрлеген кезде
келесiдей мәселелер қарастырылуы тиiс:
-Негiзгi құралдарды жөндеу есебi. Негiзгi құралды жөндеу бухалтерлiк
есепте, оның құнын өсiрмейтiн сызбасының бiрiн қолдануы мүмкiн: жөндеу
жұмысының атқарылуына қарап ол өнiмнiң нақты өзiндiк құнына жатқызылуы
мүмкiн немесе алдын ала құрылған жөндеу қорына жатқызылуы мүмкiн Аталған
схемалардың бiрiн таңдау, кәсiпорының қай салаға жататындығымен де
байланысты болып келедi;
-Материалдық есебi. өндiрiске жатқызылатын, материалдық ресурстарының
нақты өзiндiк құнын анықтау тәсiлi туралы шешiм қабылдау қажет: орташа
өлшенген құны бойынша әдiсiн, ФИФО әдiсiн, ЛИФО әдiсiн немесе арнайы
теңестiрiлген әдiсiн таңдайды.
-Басқарушы есеп. Есептiң бұл сыртқы пайдаланулардың кең түрде
пайдалануына арналмаған, сонымен қоса, оның есеп беру талабына сай
келетiн регистрлерi де жоқ, сондықтан оны iшкi бақылау мен жоспарлау
мақсатында пайдаланады.
-Өндiрiске кеткен шығындар мен өнiмнiң өзiндiк құнын калькуляциялау
есебiнiң әдiсi.
Кәсiпорын калькуляциялау мен есеп объектiсiн, жанама мен тiкелей
көрсету тәртiбiн анықтайды.
-Өстеме шығыстарын есептеу және тарату. Кәсiпорын №7 “Тауарлы-
материалдық запастардың” бухгалтерлiк есеп стандартында келтiрiлген
әдiстемелiк ұсынысында үстеме шығыстарын құрайтын шығындар тiзiмiне
өндiрiс қызметiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қосымшалар мен
өзгерiстердi енгiзуге құқылы.
-Мүлiктер мен мiндеттемелердi түгендеу. Мiндеттi түгендеумен қоса,
құндылықтардың нақты барын тексеру үшiн бiршама қосымша түгендеулер де
жүргiзiлуi мүмкiн.
-Нақты пайдаланатын шоттар жоспары. Кәсiпорын шоттардың Бас жоспарын
басщылыққа ала отырып, өздерiне пайдаланатын шоттарын iрiктей алады, яғни
оның құрамына кәсiпорынның қаржылық-шаруашылық қызметiн және қаржылық
жағдайын мүлiктiк құрамын көрсететiн синтетикалық шоттарын енгiзедi.
Қажет болған жағдайда, арнайы операцияларды көрсету үшiн, шоттардың Бас
жоспарына кәсiпорын қосымша шоттарды пайдалануына болады.
-Өндiрiс iшiндегi есеп беру. Iшкi есеп берудi жүргiзудiң барлық мәселесiн
кәсiпорынның өзi шешедi, оның кезектiлiгiн, есеп беру нысаны мен құрамын
және есептi беру мерзiмiн, сондай-ақ потенциалды тұлғаларын анықтайды.
Есеп саясатының ұйымдастырушылық бөлiгi келесiдей мәселелердi қарастырады:
-Бухгалтерлiк қызметтiң құрылымы мен ұйымдастырушылық нысаны. Кәсiпорын
құрылымдық бөлiмше ретiнде, өзiнде бухгалтерияны ұстау керек пе, жоқ, әлде
келiсiм-шарттық негiзде тиiстi мамандарды жалдау керек пе; Бiрақ барлық
жағдайды кәсiпорынның басшысы бухгалтерлiк есептiң дұрыс ұйымдастырылуына
қажеттi жағдайларды жасауы керек.
-Есептi орталықтандыру деңгейi. Кәсiпорынның нақты қызметiнiң жағдайына
байланысты есеп орталықтандырылған нысанда ұйымдастырылуы мүмкiн, ол кезде
кәсiпорынның барлық бөлiшелерi бiртұтас есептiк жұмысқа бiрiктiрiледi; ал
орталықтандырылмаған жағдайда, кәсiпорынның жекелеген құрылымдық
бөлiмшелерi дербес бухгалтерия құрып, балансқа дейiнгi есеп жұмысының
барлық циклын толығымен аяқтап, кәсiпорынға тек балансты жасауға тиiстi
мәлiметтердi бередi;
Есеп саясатын құрудың негiзгi қағидалары мен талаптары №1-БЕС жан-
жақты берiлген.
Есеп саясатын әзiрлеген кезде кәсiпорын өз мүлiктерi мен
мiндеттемелерiн басқа кәсiпорынның мүлiктерi мен мiндеттемелерiн бөлiп
көрсетуi тиiс, кәсiпорын өзiнiң көз жетерлiк болашақ кезеңiнде өз қызметiн
жалғастыруды көздейтiн болса, яғни өз қызметiн тоқтату жөнiнде ниетiнiң
жоқтығын бiлдiрсе, онда толассыздық, үздiксiздiк қағидасын сақтағаны болып
табылады, кәсiпорын өзi таңдап алған бухгалтерлiк есептi жүгрiзудiң тәсiлiн
жүйелi пайдаланып, тек тиiмдi түзетулердi ғана жасап отырса, онда ол
жүйелiк қағидасын сақтағаны, ал егер де кәсiпорында орын алған барлық
шаруашылық фактiлерiн сол кезеңiне жатқызатын болса, онда мерзiмдiлiгi
анықталған қағидасын ұстағаны болып табылады.
Аталған қағидалар мен талаптар кез келген кәсiпорынның есептiк
саясатын әзiрлеу барысында оның негiзiн қалайды. Егер де олар толығымен
сақталмаса, онда бухгалтерлiк есептi жүргiзудiң дұрыс еместiгi ретiнде
танылуы және кәсiпорынның мәлiметтерi бґрмалануы мүмкiн.

Кесте № 1
Аңсаған кәсіпорынның мүліктік құрлымы мен құрамы.
№ Мүліктің түрлері 2005 жыл 2006 жыл 2007 жыл өзгеруі
мың теңге % мың теңге %
М теңге % мтеңге %
М теңге %
дебет кредит
1. 2. 3. 4. 5.
1. ТМЗ жеткiзiп беру үшiн 3200004 1610 1040
жабдықтаушыларға аванс берiлдi.
2. Жабдықтаушылардан сары терi алынды
-материалдық құнына; 2758624 1310 4110
-ҚҚС сомасына 441380 1420 4110
3. Тасымалдау шығыстары өтелдi 800000 3440 4110
Сақтау шығыстары төлендi. 630000 3440 4110
4. Сары терiнi алу мен байланысты
шығыстары материалдық құнына қосылды:
-тасымалдау шығысы; 800000 1310 3440
-артып түсiру бойынша кеткен 356700 1310 3430,
шығыстары; 3140
-сақтау шығыстары; әлеуметтi
630000 1310 к салық
3440
5. Жабдықтаушылардың қарызын өтеуге 3200004 3310 2910
бұрындары берiлген авансы зачет
жасалды.
6. Таза сатылған құнына дейiн
материалдардың құны есептен
шығарылды. өзiндiк құны 4545324 теңге
болатын. Таза сатылған құны
2300447(35555,6Х64,7) теңге құраған
(ҚҚС қоспағанда)
Материалдардың өзiндiк құны оларды
алу байланысты шығындары қоспағанда
275824 теңге құраған. Таза сатылған
құны және материалдық өзiндiк құны
арасындағы айырмасы 458177 теңге
құраған (275824-2300447) 458177 7450 1310

Әдетте, өнеркәсiп өндiстерiнде материалдық запастары өзiнiң өзiндiк
құнынан төмен есептен шығарылмайды (сатылған таза құнына дейiн), егер де
шығарылатын дайын өнiмнiң бағасы оның өзiндiк құнына тең немесе жоғары
бағаға сатылады деп күтiлетiн болса.
Егер де ондай мүмкiндiгi болмаса материал қоры сатылатын таза құнына
немесе одан да төмен бағаға сатылуы мүмкiн.
Сатылатын таза құнын да, оның өзiндiк құнын да төмен бағасы бойынша анықтау
үшiн ТМҚ-ға мына төмендегiдей әдiстердi қолдануы мүмкiн:
-баптың әдiсi әрбiр ТМҚ түрлерiнiң баланстың және сатылатын таза құнының ең
кiшi мәнi алынады.
-негiзгi материалдар тобының әдiсi - ТМҚ топтарының баланстық және
сатылатын таза құнының ең кiшi мәнi алынады.
-жалпы запастар деңгейiнiң әдiсi - барлық ТМҚ-дың баланстың және сатылатын
таза құнының ең кiшi мәнi алынады.
Материалдардың бiр ғана түрiнiң алу бағасы есептiк кезең барысында
әртүрлi болуы мүмкiн, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшiн, 7 БЕС
қарастырылған төрт әдiстiң бiрiн қолданамыз: арнайы (тұтастай)
идентификациялау әдiсi, орташа өлшемдi әдiс қорларды бастапқы сатып алу
бағалары бойынша бағалау әдiсi (ФИФО); қорларды соңғы сатып алу бағалары
бойынша бағалау әдiсi (ЛИФО);
Мысал: ТМЅ өзiндiк құнын бағалаудың әдiстерiн қарастырып көрейiк. “Шығыс”
ААҚ-ң 2002 жылдың 1-шi қаңтарында қалған материалдар саны:
-цемент-200 тонна 60000 теңге сомасына;
-бензин-А-95-100 литр 4500 теңге сомасына;

Күнi Цемент Бензин А-95




Кiрiс шығыс кiрiс шығыс
Саны, 1-л. Сомасы, теңгеСаны, тонна
тонна бағасы, теңге
Цемент
Запастардың шығысы:
Бiрлiк саны 37 37 37 37
Құны тг 119596,95 114400 125600 116800
Запастардың ай соңында
қалған қалдығы
Бiрлiк саны
Құны 31 31 31 31
100903,05 105400 94200 103000
Бензин А-95
Запастардың шығысы:
Бiрлiк саны: 800 800 800 800
Құны,тг 30504 36300 36500 362500
Запастардың ай соңына
қалған қалдығы:
Бiрлiк саны:
Құны, тг 300 300 300 300
13696 13900 13700 13950

Бастапқы қалдықтан 5Х3000
-15000тг
2Х3200
-6400тг
20.01.02 келiп түскеннен 5Х3400(12-17) -64000тг
19Х3400
-17000тг
Ай соңына қалған цементтiң құны -103000тг
Бензин бойынша
Қалдықтан қалған 50лХ45тг-ден босатылған -2250тг
05.01.06күнi келiп түскеннен 150Х46 -6900тг
20.01.06 күнi келiп түскеннен300Х45 -13500тг

20.01.06 күнi келiп түскеннен 100Х45 -4500тг
20.01.06 күнi келiп түскеннен 100Х45 -4500тг
05.01.06 күнi келiп түскеннен 100Х46 -4600тг
Шығыс жиыны
36750тг
Бензиннiң қалдығынан қалғаны
Бастапқы қалдықтан 50Х45 -2250тг
05.01.06 күнi келiп түскеннен 50Х46 -2300тг
29.01.06 200Х47
9400тг
Ай соңына қалған бензиннiң құны -13950тг

Ендi бiз запасты бағалаудың әрi тәсiлдерiн салыстырып көрейiк:

Жоғарыда келтiрiлген кестеден көрiп отырғанымыздай, ТМЗ бағалаудың
дұрыс әдiсiн таңдау кәсiпорын таза табысына да, тұтас табысына да, қаржылық
жағдайына да мәндi әсер етуi мүмкiн. Сонда оларды таңдағанда салыстырмалы
қағиданы ұстаған жөн. Бiр әдiстен екiншi бiр әдiске көшер алдында, яғни
екiншiсiнiң бiрiншiсiнен басымдылығы қатар мына жағдайларды да сақтау
керек:
- шаруашылық жүргiзушi субъектiсiнiң есептiк саясатына өзгерiстердi енгiзу;
- бiр әдiстен екiншiсiне көшудi, есептi жылдың басынан бастап енгiзу;
- дер кезiнде ТМЗ қалдықтарына да және өткен жылдардың таратылмаған
табысына да түзетулердi енгiзу;
Мысал: Жол өткен ЖШС 2001 жылы ТМЗ-ды бағалау үшiн өздерiнiң есептiк
саясатына сүйене отырып, орташа өлшенген құндық әдiсiн пайдаланған,
өйткенi ол запастардың жағдайын сатылған өнiмнiң өзiндiк құнын объективтi
әрi дұрыс бағалайды делiнген.
Жол өткен ЖШС-тiң материалдардың қозғалысын орташа құндық әдiсi
бойынша бағалау (2001).
КөрсеткiшТат басуына қарсы өш позициялы драссельдiк Құрымдық грунтовкасы Бұрғылау трубасы Маниль
тер пайдала сөндiргiш тросы
натын сұйықтық
заттары
01.01.01 саны бағасы сомасы саны
Тот басына қарсы 3 23351 23358 77
пайдаланатын сұйық
заттар
¦ш позициялы драссельдiк8 8515 8112 -403
сөндiргiш
Құрыщтық грунтовкасы 9 16347 15327 -1020
Бұрғылау трубасы 545 3471184 3394970 -76214
Маниль тросы 785 4994185 4883530 -110655
Жиыны Х 8513582 8325297 -188285

Сонымен, “Жол-өткен” ЖШС есеп саясатына түзулер енгiзiлген, ол 562
шотының дебетi бойынша және материалдар шотының кредитi бойынша көрiнiс
тапты.

Материалдық запастардың қозғалысын есептеу
кезiнде жасалатын құжаттар

Өндiрiс запастарының шығысы мен түсiмi бойынша жасалатын алғашқы
құжаттар материалдық есептi ұйымдастыру негiзi болып табылады. Тiкелей
алғашқы құжаттардың көмегiмен тауарлы-материалдық запастардың (ТМЅ) тиiмдi
пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегi
бајылануын жүзеге асырады. Есептi тиiмдi ұйымдастыру iсiнде қорлардың
сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларЈа баЈа
көрсеткiшiнiң номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектiнiЎ
қолында барлық материалдық қорлар белгiсi бiр белгiлерi бойынша әзiрленедi.
Әрбiр атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгiлерi –
номенклатуралық номерi (коды) берiледi, содан соң барлық құжаттарда ТМЅ-дың
бары мен қозғалысы бойынша берiлген номерi қойылады. Номенклатуралық
номерi: баланс шоттарының номерi немесе материалдық қатар номерi бойынша
берiлуi мүмкiн. Материалдардың номенклатурасында есептелiнетiн
материалдардың бiрлiк бағасы көрсетiледi, яғни ол баға-номенклатурасы деп
аталады. Ол жүйеленген материалдар тiзiмi бойынша жасалады және оны
кәсiпорынның барлық бөлiмшесi (материалды-техникалық жабдықтау,
бухгалтерия, қаржы бөлiмдерi) анықтама ретiнде пайдаланады.

Тауарлы-материалдық запастардың түсуiн құжатпен рәсiмдеу. ТМҚ-ды
кәсiпорын „ртүрлi жағдайда алуы мүмкiн: жабдықтаушының қоймасынан, темiр
жол станциясынан, айлақтардан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар
арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың (жiберушiлердiң) қоймаларынан ТМҚ-да алған кезде алушы
кәсiпорын өздерiнiң жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.
Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтiк құжаттар
пайдаланылады.
Жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшiн материалды жауапты
тұлғаға сенiмхаты берiледi. Сенiмхатты бухгалтерия рәсiмдеп, алушының қолын
қойғызып, қолхат алу арқылы бередi. №М-2а типтiк ведомосы аралық нысаны,
алдын ала номерленген және түптелген журналға (№М-3) тiркеледi. №М-2а
нысаны төменде келтiрiлген.
Берiлген сенiмхатты есептеу журналы, сенiмхатты тiркеуге және беруге
жауапты тұлғада сақталады.
Сенiмхат беру үшiн лауазымды тұлғамен келiсiм-шарт жасалады, ондай
келiсiм-шарт жоқ болған жағдайда бiржолЈы сенiмхаттар берiледi. Берiлген
сенiмхатты шаруашылық жүргiзушi субъектер оның мерзiмiн көрсетедi.
Сенiмхатқа кәсiпорын басшысы, бас бухгалтерi қол қойып, мөр басады. Сол
сенiмхатта алынатын тауарлардың тiзiмi сенiмхаттың артқы жағында жазылады.
Егер де алынатын тауарлар саны жағынан көп болмаса және түрлерi де
бiр тектес болып келсе, онда олардың жалпы санымен сомасы бiр жолға
жазылады.

Бiр қоймаға жататын ТМҚ алынған жағдайда оған бiрнеше накладной керек
болса, сенiм берушi сенiмдi тұлғаға бiр сенiмхатын беруiне болады, бiрағ
онда берiлген барлық накладнойлар нөмiрi, күнi көрсетiлуi тиiс. Егер де бiр
ғана сенiмдi тұлғаның бiрнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған
әрбiр қоймаға ұсыну үшiн сенiмхат берiледi.
Сенiмхат, әрекет ететiн мерзiмiне қарамастан, тауарлы-материалдық
құндылықтарды алған кезiнен бастап берiледi. Мерзiмi өткен сенiмхаттары
бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенiмхаттар бермейдi. ТМҚ ала
салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды
бухгалтерияға берiп, ТМҚ қоймаға өткiзу керек, олардың сол құныдылықтарды
қуаттайтын сенiмхаты толық болмаса да.
Егер де ТМҚ-да алу құқы жойылса, онда одан сенiмхаты қайтып алынады, ал
жiберушiлерге басқа сенiмхат берiледi.
Пайдаланбаған сенiмхаттар мерзiмi өткеннен кейiн келесi күнi сенiм
бiлдiрушiге қайтарылады. Пайдаланбаған сенiмхатты қайтарған кезде оны
“Сенiмхаттарды есепке алу журналына” тiркейдi және оның түбiршегiне
“пайдаланбаған” деген белгiсiн жасайды. Осындай сенiмхаттар есеп беру
кезеңнiң соңына дейiн сақталады, сосын есептi кезеңнiң соңында жойылады.
Жабдықтаушылар (жiберушiлер) ТМҚ босатқан кезде, әрбiр жiберiлген
бөлiгiне үш данада накладной жазып, онда сенiмхаттың нөмiрi, күнi
көрсетiледi. Оның бiрiншiсi ТМҚ алушыда, екiншiсi жiберушiнiң өзiнде
қалады, оны ол кезеңде жiберiлетiн ТМҚ-ды бақылау жасау үшiн пайдаланады.
Ал үшiншiсi бухгалтерияға берiледi. ТМҚ босатып бiткен соң, ең соңғы
партиясының құжаттарымен бiрге сенiмхатты да бухгалтерияға тапсырады. ТМҚ-
ды мынадай жағдайларда сенiмхат бойынша босатуына болмайды:
-сенiмхаттың барлық реквизитерi толық толтырылмаса, жөнделген немесе
өшiрiлген болса;
-көрсетiлген сенiмхаттағы құжаттары болмаса;
-сенiмхаттың мерзiмi бiткен болса;
-субъектiден берiлген сенiмхаттың жойылғаны туралы хабар болса;
-сенiмхат берген субъектi өз қызметiн тоқтатса (жойылса, қайта құрылымсдық
өзгерiстер жасаса)
Жабдықтаушылар сатып алушының қоймасына автотранспортпен ТМҚ-ды
жеткiзiп берген кезде сатып алушылардың материалды жауапты тұлғасы (қойма
меңгерушiсi) жабдықтаушылардың экспедиторынан алған ТМҚ-дың санын және
брутто салмағын, тауарлы-транспорттық (көлiктiк) накладной мәлiметiмен
салыстырады, олар екi данада жазылады. Тауарлы-транспорттық накладной (ТТН)
үлгiсi төменде келтiрiледi. Егер олардың мәлiметiнде айырмашылық болмаса,
онда оның бiр данасына қол қойып және штамп басып, ТМҚ қабылданды деп
жазады. Накладнойдың бiр экземпляры материалды жауапты тұлғада қалады. Ал
егер айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына Актi жасалады. Ол екi
дана етiп жазылады және оған екi жақтың да жауапты тұлғалары қол қояды.
Оның бiреуiн жабдықтаушыңа жiбередi, ал екiншiсi ТМҚ қабылдаған жауапты
тұлғада қалады, одан әрi ол бухгалтерияға берiледi. Актi жабдықтаушыға
талап-тiлек қоюға негiз бола алады.
ТМҚ-ды темiржол транспортымен жеткiзiп берген кезде ТМҚ қабылдау
вагондардан, контейнерден, цистернадан түсiрген жерiнде немесе темiржол
қоймаларынан қабылданады. ТМҚ алушы өкiлi олармен қоса келген құжаттардың
(жүктi тасымалдауға берiлген накладной) негiзiнде қабылдап алады және
қабылдау процесiне тасымалдаушының өкiлi де. Сауда-өнеркәсiп палатасынан
келген тәуелсiз бақылаушы да қатысады.
Егер жүк қосарлана жүретiн құжаттарынсыз келсе, онда ТМҚ-ы актiмен
Рәсiмделедi, сол актiде нақты ТМҚ-дың саны мен бағасы көрсетiледi. Бұл
жағдайда жабдықтаушылардың өкiлi қатысқаны жөн, егер де олар болмаса
тәуелсiз бақылаушылар қатысады. Актiнi жасаудың барлық ережесi сақталса,
онда ол заңды құжат болып табылады және жабдықтаушыған талап-тiлек қоюға
негiз бола алады. ТМҚ қабылдау кезiнде жүзеге асырылатын операциялардың
барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелiнетiн жүктердiң операциясына
ұқсас болып келедi.
Жоғары аталғандардан басқа ТМҚ халықтан да сатылып алынуы мүмкiн. Бұл
кезде материалды жауапты тұлға сатып алынған ТМҚ-ға актi жасайды, онда:
сатушының аты-жөнi СТН (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi), ТМҚ аты, алынған
бағасы, жалпы құны көрсетiледi (актiнiң нысаны төменде келтiрiлдi). Осы
актiде потенттiң (куәлiгiнiң) нөмiрi және әрекет ететiн мерзiмi, қызмет
түрi немесе басқа да құжаттары (квитанция, бiр жолға талоны) көрсетiледi.
Егер де құжаттар болмаса кәсiпорын бюджетке төленетiн жеке табыс салығын
өзi төлейдi.

ТМҚ-ды кiрiстеуге мына құжаттар негiз болып саналады:
-шот-фактура, ондла қатар нөмiрi мен күнi, атауы және жабдықтау мен ТМҚ-та
сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлiк нөмiрi, әкелiнген ТМҚ
атаулары мен саны, құны, акцизделетiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру негізі
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды негізі
Бухгалтерлік стандарттар
Франциядағы бухгалтерлік есеп
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
Бухгалтерлік есеп беру
Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік
Бухгалтерлік есеп шоттары
Сеттік әлде мерзімдік жоспар
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасу жүйесі
Пәндер