Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
Жоспар
Кіріспе
1 Кәсіпорын шығындары туралы түсінік
1.1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
1.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
1.3 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары
2 Кәсіпорын өндірісінің шығындар классификациясы
2.1 Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары
2.2 Орташа және шекті шығындар
2.3 Шекті,орташа айнымалы және орташа жалпы шығындар арасындағы
қатынас
2.4 Изокоста және ең кіші шығындар принципі
2.5 Ұзақ мерзім кезеңіндегі өндірістік шығындар
3 Тауарды өндіру және қалыптастыру шығындарды қаржылық бақылау
3.1 Сатылған тауарлардың( қызметтердің,жұмыстардың) өзіндік құнының есебі
3.2 Кезеңдік шығындардың есебі
3.3 Жалпы және әкімшілік шығыны
3.4 Тауарлардың( қызметтердің,жұмыстардың) сатумен байланысты шығындардың
есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны
өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокқа сатылатын
бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды тауарларды
өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық
жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар – бұл кәсіпорын көзінің өндіретін және коммерциялық қызметін
іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс
процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық
қызметін анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік
белгісіне қарай үш түрге бөлінеді.
- Өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар.
Бұл капиталдын ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді
жабатын ағымдағы шығындар.
- Өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, жаңа
немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы
шығындары.
- Өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және
осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде
пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.
Сыныптау белгілері. Шығындардың бөлшектенуі.
1. Экономикалық элементер. Шығындардың экономикалық элементері.
2. Өзіндік құнның статиялары. Өзіндік құнның калькуляция
3.Технологиялық процестерге статиялары.
қатыстылығы. Негізгі қосымша.
4. Құрамы. Бір элементтік, кешендік.
5.Өнімнің өзіндік құнына қатысудын Тікелей, жанама.
тәсілі. Өндірістік, өндірістен тыс.
6. Өндірістік процестегі рөлі. Өндірістік, өндірістік емес.
7. Мақсатқа сәйкес жұмсау. Жоспарлы, жоспарсыз.
8. Жоспарға қатысу мүмкіншілігі. Тұрақты ауыспалы.
9. Өнімнің көлеміне қатысы. Күнделікті бір жолғы.
10. Шығу мерзімділігі. Аяқталмаған өнімге кететін шығындар,
11. Дайын өнімге қатысы. дайын өнімнің шығындары.
Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу.
Тұрақты шығындар осы кезендегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны
сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға
жататындар: міндетті зайымдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және
жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т. б.
Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің
мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы: еңбекақы
шығындары, шикі заттар, отын, энергия көлік қызметі және т. б. Тұрақты және
ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтң елеулі манызы бар. Тұрақты
шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті,
ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқару
мүмкін.
Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады.
Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін
жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден
тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалай) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен-
өзі түсінікті). Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай
түріндегі төлемдері: шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы,
тозуды есептеу және т. б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға
жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен-өзі түсінікті
сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды
өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың
жеке еңбектері және т. б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.
Курстық жұмыста кәсіпорын шығындар классификациясы қарастырылған.
Сондай-ақ кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері, өндірілетін
өнімнің өзіндік құны, өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары
сияқты мәселелерге тоқталдым. Тәжірибелік бөлімі ретінде Қайсар
кәсіпорынның запастары мен шығындарының есебі қарастырылды.
1 Кәсіпорын шығындары туралы түсінік
1.1 Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері.
Шығындар дегеніміз – шаруашылық іс - әрекет барысында (еңбек, өнім
өндірісі құралдар мен керек жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет
көрсетуге арналған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа
ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі
бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, шығындар
ұғымы өндіріске шыққан шығындар дегеннен кең екені білінеді өндіріске
шыққан шығындар – өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында
тқтынылған ресурстар бөлігі.
Кәсіпорынның қызметінің мақсаты – өнім шығару, оны өткізу мен пайда
алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін
сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны
қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Шығындар –
өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметі) өндірумен өткізуге жұмсалған қоғамдық
еңбек шығындары.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: Айқын
және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады.
1. Айқын шығындар ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдарды
жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай төлемнің
формасын қабылдайтын баламалы шығындар.
2. Айқын емес шығындар (имплиценттік шығындар) – ол ресурстарды
пайдаланудағы фирманың өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкімге ештеңе
төлемейтін шығындары.
Өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда ала алатын
немесе Айырылып қалған мүмкіндіктерінің (алынбай қалған пайдасының
ақшалай төлемі).
Барлық экономикалық шығындар екі үлкен топқа бөліне алады: тұрақты
және айнымалы.
Тұрақты шығындар – ол мөлшері өндіріс көлеміне байланысты емес
мынандай шығындар: рента, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар,
негізгі капитал амортизациясы, үй-жайды жалға беру, әкімшілік шығындар,
пайымдар бойынша пайыздар.
Фирманың айнымалы шығындары өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Оған:
шикізаттардың, материалдардың, арзан бағалы және тез тозатын заттардың
шығындары, өндіріс жұмысшыларының еңбек ақылары, өндіріс жұмысшыларын
әлеуметтік сақтандыруға арналған ақша шығындары кіреді.
Курстық жұмыстың мақсатының бірі кәсіпорындағы шығындардың көлемін
азайтып, көп мөлшерде пайда табу.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың
үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және
оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын
мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да
құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар
арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың,
атқарған кызметін қай мерзімде жазылғанын және оған қандай молшерде шығын
жұмсалғанын дәлелдеуге болады. жылды зиянды аяқтаған болса 5400-Бөлінбеген
кіріс-шот кредиттелініп, 5410-Есептік жылдың пайдасы-деп аталатын шот
дебеттелінеді атылған тауарлардың (қызметтердің, жумыстардың) өзіндік
құнының есебі.
Тұрақты шығындар ол мөлшері өндіріс көлеміне байланысты емес мынадай
шығындар: рента, жылжымайтын мүліктерге салынатын салықтар, негізгі капитал
амортизациясы, үй жайды жалға беру, әкімшілік шығындар, зайымдар бойынша
пайыздар.
1.2 Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
Кәсіпорының іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі – өнімнің
өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында
көрсетілеті шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін
анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын
толтыру және соның себебіне өндірілетін барлық элеиентердегі жай ұдайы
өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы
арада, кәсіпорынның өзіндік құның манызды элементері: амортизация,
жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты
статиялары.
Сонымен қатар кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады:
өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік
объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау-бұл
шығындар кәсіпорының қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай манызды көрсеткіштері: пайда және
пайдалылығының деңгейі мен серпінің анықтайды. Өзіндік құнының манызы оның
орындалу функциаларымен анықталады.
1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі,
өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз
етеді.
2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып
табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола
алмайды.
3. Өзіндік құнының негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын,
яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы.
Жалпы табыс.
Материалдық шығындар. Еңбек ақы Пайда
Өндірістің шығындары (өзіндік құн) Таза табыс
Өткізу көлемі.
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген қөзқарасты төмендетуге
болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құның деңгейіне кәсіпорынға қатысы
бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи
жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда
терреториялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар,
электроэнергия және көлік тарифтері және т.б.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен
топтастырылады.
-шығындардың бастапқы элементерімен;
-пайда болу және міндет жүктеу сипатымен;
Экономикалық элементердің шығындарын топтастыру өндіріс шығындар
сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні-әрбір шығының
элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төменгі
шығын элементері бөлінеді.
-материалдық шығындар (қайтарылма қалдықтар құрамына шегеру);
-еңбекақыға жұмсалған шығындар;
-әлеуметті сақтандыруға аударым;
-зейнетақы қорына аударым;
-жұмыспен қамтылу қорына аударым;
-амортизация;
-басқа да шығындар;
1.3 Өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары.
Шығындарды жүйелі түрде төмендету- кәсіпорындардың жұмыс істеу
тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика
жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын
төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
-ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
-өндіріс және еңбекті ұйымдастыру жетілдіру;
-экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру-бұл бір жағынан
өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия
ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа
машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.
Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтерінің сыныптамасы.
Өзіндік құнды төмендету
резервтері
Пайдалану уақыты Орында пайда болуы бойынша
Ағымдағы Келешектегі
Халық Кәсіпорын
шаруашылығы,
село.
-Нақты еңбекті ұтымды -Өндірістің техникалық
пайдалану деңгейін жақсарту
-Өнімнің материалды -Өндірісті ұйымдастыру
қажетсінуін төмендету және еңбекті жақсарту
-Негізгі қорларды -Өндірілген өнімнің
пайдалануды жақсарту құрылымы мен көлемінің
өзгеруі
-тағы басқа факторлар
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету –шаруашылықты
жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр.
Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек
жұмсалғандығының да манызы зор.Мәселенің былайша қойылуы мынаны аңғартады:
шикізат пен териалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизідерді
пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға,
әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын
бұйымдардың өзіндік құның төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге,
өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып,
пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда
оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі
өндіріс қорлардың пайдалану жақсартудың, екіншіден айналым өндіріс қордарды
неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден қазіргі еңбек шығындарының
нәтижиелігін жақсартудың есебінен артыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл
процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да
тәрбие жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектін шығының үнемдеу. Қазіргі
кезде нақты еңбекті үнемдеудін экономикалық дамуы қоғамды еңбекті
үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтежие береді. Қазіргі танда
өндірісті ұйымдастырудың жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: американдық
және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз
ету, оламды экономикалық жағынан ынталандыру және т. б. көптеген жүйелер.
Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогрес
жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.
Өнімнің өзіндік құнын арзандату- еңбек өнімділігін арттырудың шартқа
айналған объективті бейнесі экономикалық заң әрекетінің нақты нысаны,
осыған сәйкес өндірістік шығын үнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек
болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің
дамуына сәйкес өткен және қазіргі еңбектін үнемделу дәрежесін бейнелейді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
-Өндірістің техникалық деңгейін көтеру;
-Өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылықтарын
төмендету;
-Басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
-технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды
жақсарту т. б.
Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүліктің нақты қозғалысы мен оның
қорлану көздерінің (міндеттемелерінің) есепте толық көрсетілуін қамтамасыз
ете алмайды. Бухгалтерлік есеппен есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету
мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу
жүргізіліп отырады.
-нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
- нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәләметтерімен салыстыру;
-есепте міндеттемелердің толық көрсетілуін анықтау;
Жалпы кәсіпорындарға мүлікті және қаржылық міндеттемелерді түгендеу
бойынша әдістемелік құралдарға сәйкес кәсіпорындағы түгендеуге жататын
мүліктер дегеніміз- бұл негізгі құралдар, материалдық емес активтер, қаржы
салымдары, өндірістік қорлар, дайын өнімдер, тауарлар, ақшалар мен басқа да
қаржы активтері болып табылады. Ал қаржылық міндеттемелерге – банк
несиелері, зайымдар және тағы басқа кредитолрлық борыштар жатады.
Түгендеуге кәсңпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық
мүлік пен қаржылық міндеттемелері жатады. Сонымен қатар түгендеуге ұйымның
меншігіне жатпайтын, бірақ оның бухгалтерлік есебінде есепте тұрған басқа
да мүліктердің мен өндірістік қорлар (жауапты сақтауда тұрған, жалға
алынған, қайта өңдеуге алынған және басқадай мүліктер), сондай-ақ қандай
бір себептермен есепке алынбай қалған мүліктер жатады.
Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы:
тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану
нәтежиесінде кемуі, өлшеу мен операциаларды ресімдеу кезіндегі жіберілген
қателіктер және тағы басқалар.
Мүліктер мен міндеттемелерге дұрыс және уақытылы түгендеу жүргізуге
кәсіпорынның басшысы жауапты болады. Ол қысқа мерзім ішінде нақты қолда бар
құндылықтардың толық және дәлме-дәл тексерілуін қамтамасыз ететіндей етіп
жағдайлар жасауға міндетті (жүктерді өлшеу мен тасу үшін жұмыс күшімен
қамтамасыз ету, техникалық жағынан жұмыс істейтін таразы жабдықтарымен
қамтамасыз ету).
Түгендеу жүргізу тәртібі (бір есеп беру жылында жүргізілетін түгендеу
санын, оларды жүргізу уақыты, олардың әрқайсысында тексерілетін мүлік пен
қаржылық міндеттемелер тізімі), түгендеудін міндетті түрде жүргізу қажет
болған жағдайда басқа ретте ұйым басшысымен анықталады.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сәйкес мына
жағдайларда кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу
міндеті болып табылады.
-ұйымның мүлкін жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда, осындай-ақ
мемлекеттік немесе муниципалды (унитарлы) кәсіпорындарын қайта құрғанда;
-жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп жасауы алдында (есепті жылдың
қазан айының 1-жұлдызынан кейін жүргізілетін түгендеуден басқасы);
-тауарлы-материалдық қорларға жауапты тұлғалар ауысқанда (қабылдау-
өткізу жүргізілген күні);
-мүлікті ұрлау, зиян келтіру немесе бүлдіру фактілері анықталады;
-кенеттен болған апатқа, өртке, аварияға ұшырағанда немесе басқа да
төтенше жағдайлар болғанда;
-ұйым қайта құрылғанда немесе таратылған кезде бөлу (тарту) балансын
құру алдында жүргізіледі;
-нормативтік актілермен қарастырылған өзге де жағдайлар;
Белгілеу мен сипатына байланысты түгендеу жоспарлы және ағымдағы
түгендеу болып бөлінеді.
Жоспарлы түгендеуді (оларды сонымен бірге кезеңдік деп те айтады)
жоспарға (кестеге) сәйкес алдын-ала белгіленген мерзімде жүргізеді.
Жоспардан тыс түгендеу тауарлық-материалдық қорларға ақшаға жауапты
тұлғалардың қызметтен ауысқанда және ұйым басшысының немесе жоғары тұрған
органның, тергеу жүргізетін немесе басқа да бақылау жүргізетін органдардың
өкімі бойынша ерекше қажет болған жағдайда жүргізіледі.
Қамту көлеміне қарай түгендеу толық, ішінара, іріктеп түгендеу және
тұтас түгендеу болып төрт түрге бөлінеді.
Толық түгендеу – нұсқауда қарастырылған мерзімде жүргізіледі. Мұнда
тек тауарлы-материалды қорлар мен ақшаларды ғана тексеріп қоймай, сонымен
бірге басқа заңды немесе жеке тұлғалармен есеп айырысудың дұрыстығын
тексереді. Толық түгендеу кезінде тексерілуге тиісті материалдардың,
тауарлардың барлық түрлері тексеріледі.
Ішінара түгендеу – деп түгендеу үшін (тексеру үшін) кәсіпорынның
құндылықтарының белгілі бір бөлігін бөліп қарастыруды айтады. Мысалы:
тауарларды қайта бағалаған кезде түгендеу бағасы өзгерген тауарларға ғана
жүргізіледі.
Іріктеп түгендеу – ішінара түгендеудін бір түрі болып табылады.
Мұндай түгендеу тауарлы-материалдық қорларға жеке-жеке аттары бойынша
натуралдық есеп жүргізілетін қоймаларда, өндірістік цехтарда және басқа да
ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде жүргізіледі. Мұндай түгендеу егер барлық
материалдық қорларды толығымен түгендеу қажет болмаған жағдайда, құжаттарды
тексеру кезінде жүргізіледі.
Тұтас түгендеу бір жүйеге жататын бірқатар кәсіпорындарда бір уақытта
жүргізіледі. Дұрыс ұйымдастырған және уақытылы жүргізілген түгендеу,
материалдық жауапты тұлғалардың жұмыстарын бақылау құралы ретінде
қарастырылады, сондай-ақ тауарлық-материалдық қорлардың жетіспеуін анықтап
қана қоймай, олардың ұрлану, жоғалу мүмкіндігінен сақтандырады.
Түгендеу және басқа да тексерулер барысында анықталған нақты қолда
бар мүлік пен бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы айырмашылықтар
келесідей тәртіпте реттеледі:
Артық шыққан мүлік (негізгі құралдар, тауарлық-материалдық қорлар,
ақшалар және басқа түгендеу жүргізілген күнгі нарықтық құн бойынша табыс
есебінде кіріске алынады. Түгендеу барыснда артық шыққан мүліктің пайда
болу себебі мен ол үшін кінәлі адамдар анықталады.
Табиғи шығын нормасы (заңда белгіленген тәртіпте) шегіндегі
жетіспейтін және бұзылған мүлік ұйым басшысының өкімі бойынша немесе
өндіріс және айналым шығындарына жатқызылады, ал нормадан тыс кемшіліктер
жауапты тұлғалардың есебіне орын толтырады.
Түгендеу кезінде тауарлар мен материалдардың аттарын дұрыс
жазбағандықтан бірімен-бірінің ауысып кетуінен пайда болған жетіспеушілік
саны, осы себептен артық шыққан сондай тауарлар мен материалдардың артық
шыққан саны бойынша жабылады.
Артық шыққан құндылықтармен кем шыққан құндылықтардың өзара жабу бір
кезенде анықталған, тексеріп отырған тек бір ғана жауапты адамда, аттары
тауарлы-материалдық қорларға ғана рұқсат етіледі.
Шығын мөлшері нақты жетіспеушілік анықталғанда және сол жетіспеушілік
шегінде ғана қолданады.

2.1 Өндірістің қысқа мерзім кезеңіндегі шығындары.
Қысқа мерзім кезеңі деп – белгілі бір уақыт кезеңін айтамыз. Ол уақыт
ағымында өндірістің кеібір факторлары өзгермей қалады. Сондықтан, қысқа
мерзім кезеңіндегі өндірістің жалпы шығындарын (ТС) анықтағанда, оның
тұрақты (FС) және айнымалы (VC) ажыратады, яғни:
ТС = FС + VC
Тұрақты шығындар (FС) деп – қысқа мерзім кезеңіндегі өнім шығару
көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындарды айтамыз. Оларға
мыналар жатады:амортизациялық өтемдер, жал төлемі, тұрақты салықтар,
сақтандыру төлемдері, дербес басқарудың жалақысы және т.б.
Айнымалы шығындар (VC) деп – шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен
бірге өзгеретін өндірістік шығындарды айтамыз. Айнымалы шығындарға :
шикізатқа кеткен шығындар, жұмысшылардың жалақысы, салықтар, энергия мен
отын ресурстарына, транспорттық қызметтерді төлеуге кететін шығындар және
т.б. жатқызамыз.
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, олардың графиктерін
тұрғыза аламыз. 1-суретте айнымалы және тұрақты шығындардың жалпы графигі
көрсетілген.
1-сурет. өндірістік шығындар.
Жалпы шығындар мен өнімділік арасында байланыс бар. VC және ТС
қисықтарының қысқа мерзім кезеңіндегі түрі шекті өнімділіктің азаю заңы
және жалпы өнімділігі қисығының түрімен түсіндіріледі.
Еңбек өнімділігінің артуымен айнымалы шығындардың VC А нүктесіне дейін
төменгі жылдамдықпен өсуі өндірістің бірінші сатысында еңбек өнімділігінің
жоғарылауының нәтижесінде өнім шығару көлемінің тез артуымен түсіндіріледі.
Шекті өнімділіктің азаю заңының әсері күшейген кезде, өнім шығару шамасының
көбеюіне байланысты айнымалы шығындар да тез қарқынмен өсе бастайды. ТС
қисығы түгелімен VC қисығын қайталайды және соңғысының вертикаль осімен FС-
тің жылжуы болып табылады.
2.2 Орташа және шекті шығындар
Өндірістік шығындарды талдағанда, жалпы шығындармен қатар орташа және
шекті шығындарды да өте жиі қолданамыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары
(АТС) жалпы шығынның (ТС) өндірілген өнім көлеміне (Q) қатынасымен
анықталады да, өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығынды көрсетеді.
Сонымен орташа жалпы шығындар мына формуламен есептеледі:
АТС =
Берілген көрсеткіш өнімнің өзіндік құнының жақын нұсқасы болып
табылады, бірақ ол соңғысынан айқынсыз шығындар шамасымен өзгешеленеді.
Орташа жалпы шығындарды екі түрге бөлуге болады: орташа тұрақты шығындар
(АFС) және орташа айнымалы шығындар (АVC). Олар келесідей анықталады:
АFС = АVС =
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруінің ()
өнім көлемінің өзгеруі () қатынасына тең болады және өнімнің қосымша
данасын шығарғанға кететін қосымша шығындарды көрсетеді, яғни:
МС =
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейтіндігі
белгілі, сондықтан жалпы шығынның өсуі әрқашан айнымалы шығындардың өсуіне
тең болады. Осы айтылғандарды ескере отырып, шекті шығынды былай
есептеуімізге болады:
МС =
Орташа өнімділік пен орташа шығындар арасында, сонымен қатар шекті
өнімділік пен шекті шығындар арасында кері байланыс бар. Жоғарыда айтылған
байланыстарды түсіну үшін, біз еңбекті тұрақты төлем мөлшері бар РL жалғыз
айнымалы фактор деп қарастырайық. Бұл жағдайда:
МС = =;
;
Осы жерден біз зерттеп отырған көрсеткіштер арасындағы кері байланысты
көреміз. МР өскен жағдайда, МС төмендейді және керісінше МР максимумге
жеткен уақытта МС минимумге жетеді. Осындай байланыс АР және АС арасында да
бар. 2-суретте МС және МР, АС және АР арасындағы өзара байланыстар
көрсетілген. Сонымен, табылған нәтижелер өндірістің орташа, шекті шығындары
мен өндіріс факторларының өнімділіктерінің арасында тығыз байланыс бар
екендігін көрсетеді.
2-сурет. МС және МР, АС және АР арасындағы өзара байланыс.

Өндірістің шекті шығындары мен орташа шығындарының қисықтарын график
түрінде көрсетейік. Ол үшін 3-суретте көрсетілген VC және ТС
қисықтарын, сонымен бірге АVC, АС және МС анықтамаларын қолданамыз.
3-сурет. Орташа және шекті шығындардың қисықтары
МС, АVC және АС қисықтарының U тәрізді формасы жоғарыда
айтылғандай шекті шығындар мен өнімділіктің, орташа шығындар мен орташа
өнімділіктің арасындағы кері байланыспен түсіндіріледі.
Өнім шығару көлемін көбейткен кезде АС және АVC қисықтары бір-біріне
жақындайды, өйткені АҒС бұл кезде азаяды.
МС пен АС арасындағы тәуелділікті келесіден көруге болады: егер
өнімнің қосымша бір данасын өндірген кездегі шекті шығындар орташа
шығындардан асып кетсе (МСАС), онда орташа шығындар көбейеді. Және
керісінше, егер МСАС болса, онда АС-ның көлемі кішірейеді. Сонымен МС
қисығы АС қисығын, оның минимум нүктесінде қиып өтеді. Осындай тәуелділік
МС және АVC арасында да бар.
Фирманың пайдасын ең жоғары деңгейге жеткізетін ұтымды өнім көлемін
таңдаған кезде, өндірушілер әрдайым орташа және шекті шығындардың өзгерісін
ескеріп отырады.

Изокоста дегеніміз – жалпы шығындардың құны бірдей болатын, еңбек пен
капиталдың барынша мүмкін болатын тіркесімен қамтитын сызық. Изокостаның
теңдеуін табу үшін, еңбектің бір сағатына деген төлемді РL арқылы
белгілейік, ал РК – арқылы капиталдың бір данасына кететін жал төлемінің
құнын белгілейік.
Сонда жалпы шығын былай анықталады:
ТС = РL * L+ РК * К
Мұнда, РL * L – еңбекке кететін шығындар;
РК * К – капиталға жұмсалған шығындар;
Берілген теңдеудің жазықтықтағы графигі изокоста болып табылады.
изокостаның теңдеуін былай жазуға болады:
Бұдан біз изокостаның бұрышытық көлбеуі – (РL РК )-ге тең екендігін
көреміз.
4-сурет. Изокоста
Изокостаның бойында орналасқан кез келген А және В нүктелері үшін
жалпы шығындар деңгейі бірдей. А нүктесінен В нүктесіне жылжығанда
қолданылған капиталдың саны -ға азаяды, ал еңбек саны -ге
көбейеді. Сондықтан, еңбектің қосымша сағаттарын төлеуге кеткен шығындардың
орнын кпитал шығындарының азаюымен толтыру керек, яғни РL *= -РК *
Бұдан - тең екендігін көреміз. Яғни, изокостаның бұрыштық
коэффициенті, шығындар тұрақты деп ұйғарғанда, капиталды еңбекпен ауыстыру
шамасын көрсетеді.
Фирма берілген өнім көлемін (мысалы, Q=200) ең аз шығындармен өндіру
үшін қолданылатын еңбек пен капиталдың санын анықтауы керек деген есепті
қарастырайық.
5-суретте Q=200 дана өнім көлемін шығаруға сәйкес изокванта
көрсетілген. Үш изокостаны қарастырайық. 1-изокоста изоквантадан төмен
орналасқан және ешқандай нүктеде олар қиылыспайды немесе бірін-бірі жанап
өтпейді, яғни өндіріс көлемін 200 бірлікке жеткізуге өндірістік
ресурстардың деңгейі аз. 2-изокостаны қарастырсақ, онда А нүктесі ТС2
изокоста мен изоквантаға ортақ және осы нүктеде 200 бірлік өнім
өндіргендегі өнім шығындар ең төменгі деңгейде болады.
5-сурет. Берілген өнім көлемінің өндірістік шығындарын төмендету
Бұл нүкте тепе-теңдік жағдайын көрсетеді, сонымен қатар төмендегідей
шарт орындалады:
В нүктесінде Q=200 өнім бірлігін өндіргендегі шығындар А
нүктесіндегіден көп болады немесе ТС3ТС2. сондықтан 3-изокоста берілген
өнім көлемін өндіргендегі неғұрлым жоғары шығындарды көрсетеді.

Бұл уақыт ағымына байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Жоғарыда ұсынылған
молдельдерде өндірістік факторлардың бірі (капитал) тұрақты болып, ал басқа
факторлар (еңбек) өзгермелі болғандағы жағдайлар қарастырылған. Біз қысқа
мерзім кезеңіндегі шекті, орташа шығындардың қисықтарын алдық.
Ал ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығындар қисығын түсіндіру
үшін, ұзақ уақыт аралығында өндіріс (өнеркәсіп) көлемі өзгеріп отырады деп
ұйғарамыз. А1, А2, А3 қисықтары – көлемдері әр түрлі өнеркәсіп орындарының
қысқа мерзім кезеңіндегі орташа жалпы қисықтары делік.(7-сурет).
7-сурет. Көлемі әр түрлі 3 өнеркәсіптің қысқа мерзімдегі ортша жалпы шығын
қисықтары
Өнім шығару көлемі 0Q1500 болған жағдайда бірінші өнеркәсіп орнының
көлемі ең ұтымды болады, себебі жоғарыда көрсетілген өнім ең төменгі
деңгейдег шығындармен өндіруге болады. Егер 1500Q2700 болса, онда ұтымды
өнім көлемін екінші өнеркәсіпте, ал Q2700 болса, үшінші өнеркәсіпте
өндірген тиімді болады. 7-суретте өнеркәсіп көлемінің 3 мүмкіндігі берілген
және ұзақ мерзім кезеңіндегі орташа жалпы шығын қисығы LRAC қара сызықпен
көрсетілген
8-сурет. Ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисығы
Егер 3-тен әлдеқайда көп өнеркәсіп орындарын қарастыратын болсақ, онда
8-суретте көрсетілгендей ұзақ мерзімдегі орташа жалпы шығын қисғын
(LRAC) аламыз және бұл қисық қысқа мерзімдегі орташа жалпы шығындарды жанап
өтеді. LRAC өнім көлемі Q* шамасына жеткенге дейін төмендейтін болса, онда
өндірістің өсу ауқымы оң әсерлі болады, демек еңбекті тиімді қолдану,
өндіріс факторларының өнімділігін арттыру, жаңа технологияны пайдалану және
т.б., көлемі үлкен өнеркәсіп орындарында жақсы нәтижелерге жеткізеді. LRAC-
тың жоғарылауы өндіріс ауқымы өсуінің өндіріске теріс әсерін тигізетінін,
себебі бұл уақытта көлемі үлкен өнеркәсіпті басқару тәсілдері ойдағыдай
болмай, еңбек және капитал өнімділігін төмендетеді.
Ұзақ мерзім кезеңіндегі шекті шығын қисығы (LRMC) осы мерзімдегі
орташа жалпы шығын қисығын (LRAC), LRMC-тың ең төменгі деңгей нүктесінде
басып өтеді. Ұзақ мерзімдегі шекті шығын қисығы LRMC өнім көлемі өзгеруіне
байланысты жалпы шығынның қалай өзгеретінін көрсетеді. LRMC мен LRAC-тың
арасындағы өзара байланыс қысқа мерзім кезеңіндегі шекті шығындар (МС) мен
орташа жалпы шығындар (АС) арасындағы байланыс сияты болды.

3.1 Сатылған тауарлардың( қызметтердің,жұмыстардың) өзіндік құнының
есебі
Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын
есепке алуға 7000-Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік
құны деп аталатын бір топ шоттары арналған, оған мынадай синтетикалық
шоттар жатады.
7000-Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
шоты. Бұл шот өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін
материалдық өндіріс салаларында қолданылады және босатылған (жөнелтілген)
өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын
есепке алуға арналған.

шотқа сатылған дайын өнім түрі бойынша субшоттар ашылуы мүмкін, бірақ
мұндай шешімдер есеп саясатында көрініс табуы тиіс.
Төменде 7000-Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік
құны шоты бойынша жасалатын шоттардың корреспонденциясы келтіріліп отыр.
Қат Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, Шоттар
ар теңге корреспонденциясы
№
дебет кредит
1 2 3 4 5
1 Бұйрық- накладнойларының негізінде, 300000 7010 1320
қоймадан нақты өзіндік құны бойынша
босатылған дайын өнім сомасына
2 Тапсырыс берушілерге орындалған 120000 7010 8010 8030
жұмыстармен қызметтер актысы бойынша
өткізілді
3 Босатылған тауарларға, орындалған 600000 1210 6010
жұмыстарға жэне көрсетілген
қызметтерге толтырылған салықтық
шот-фактуралар жэне есеп айырылысу
төлеу құжаттары сатып алушыларға
ұсынылды: - келісімді бағалар бойынша
4 -ҚҚСсомасын 13% 96000 1210 3130
7000 - Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
шотының дебетінде сатылған тауарлардың , жұмыстардың және қызметтердің
өзіндік құны еспке алынады да, ал есепті кезеңі аяғында осы шоттың
кредитінен 5400 - Бөлінбеген табыс шотының дебетіне жазылады. Осы жазудан
кейін 7000 - Өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік
құны шоты жабылады.

шоты. Бұл шот негізінен сауда, жабдықтау-сату, делдалдық және сауда
кәсіпорындарында қолданьшады. Сатып алынган тауарларды сатуды жүзеге
асыратын экономиканың басқа салаларындағы кәсіпорында да пайдалынуы мүмкін.
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына 7000 - Өткізілген өнімнің және
көрсетілген қызметтердің өзіндік құны - шоты дебеттелініп 1330 -
Тауарлар шоты кредиттелінеді. Есепті кезеңнің аяғында 7000 - Өткізілген
өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны дебетінде есепке
алынған сома, осы шоттың кредитінен 5400 Бөлінбеген кіріс - шотының
дебетіне жазылады, 7000-шоты есепті кезеңнің аяғында жабылады.
2400- Негізгі өндіріс, 8030- Қосалқы өндірістер шоттарында
орындалған жүмыстардың және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны есепке
алынып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz