Кәсіпорын өнеркәсібінің қаржылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І Тарау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
1.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері

ІІ Тарау. Кәсіпорын өнеркәсібінің қаржылығы
2.1 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру
2.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру
2.3 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің
экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің
әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса
қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.

Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік
әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі
одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік (иесіз) меншік
жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік,
басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен
алмастыру нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше
ісәрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар
мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни
миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды.
Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы
қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс
істеу келмеске кетеді.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен ісәрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып
алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз
тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс
бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің
жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі,
нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді
шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді
пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жайкүйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты
талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік
белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін,
басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген,
сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба
алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық
дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді[1].

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорын өнеркәсібінің
қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып
табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық
материалдарды жинақтау және өңдеу;
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және
оларды жою жолдарын ұсыну.
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға
негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары,
міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері
мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.
Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың,
Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкаяның
еңбектері болып табылады.
Жұмыс барысында ҚР ның заң актілері пайдаланылды.

І Тарау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондайақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістіккәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас
бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жайкүй" дегеніміз не,
соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл
ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы
(активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру
көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер)
сипатталады" деп жазған.

Профессор Н.А Русак [3] бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондайақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетеді.

В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.

М. Н. Крейнина [5], А.И. Ковалев және В.П. Привалов [6] қаржылық
жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай бұл қаржы
ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын
сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".

Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы,
бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем
қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды
пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің
алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық
жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен
рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды
пайдалану; валюталық өзінөзі өтеу" деп жазады [7].

С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен
баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы бұл бірқатар көрсеткіштермен
сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде
бағалау".

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта
келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ
кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс".

Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамыз:

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады [6]. Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге
(негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген
қаражаттарды жабатын, сондайақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық
қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын
шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады [8].

Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".

В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
айнасы қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондайақ қәсіпорынды кеңейтуге
және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы
ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып,
табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның
дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".

В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді:
"Қаржылық тұрақтылық бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша
қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай
жасайды.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндірісшаруашылық қызметі
процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі
бөлігі болып табылады" [9]. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол
ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар
кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық
міндеггемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдықтехникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Айта біз олардын кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық
тұрақтылықтың мәні қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және
пайдаланумен анықталады" деп жазады В.Т.Артеменко мен М.В.Беллендир.

Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек және
анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен
шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді.

Э.А.Маркарьян мен Г.П.Герасименко да дәл осындай көзқараста [10].
"Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" [4] немесе
"Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде
пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау
мүмкіндігін көрсететін телем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы
көрінісі болып табылады"[2]. Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен
бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі
сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер
етеді, оларды В.М. Радионова және М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:

1) пайда болу орнына
байланысты ішкі және сыртқы;

2) нәтижесінің маңыздылығына байланыстынегізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша қарапайым және күрделі;

4) әрекет ету уақыты бойыншатұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең
бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен
көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондайақ, тұрақты және
айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз
байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі –
активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондайақ кәсіпорынның басқару
стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару
өнері кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын
қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі бұл қаржы
ресурстарының құрамы (мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен
тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның
ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне
алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны
тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте
маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы
қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді.
Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның
қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге
қаржылық тәуекелділік те өседі яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында
есептесе ала ма, жоқ па? деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның
төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге
үлкен роль берілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

•кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

•шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем
қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

•төленген жарғылық капиталдьщ мөлшері;

•шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;

• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы
мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

•кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының
әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар
сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие
саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы
экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарымқатынасы үлкен әсер
етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу жақсы
қаржылық жағдайдың бірденбір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз
жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін
қаржылық тұрақты "кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы
үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық
жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс. Сондайақ, бұл жыл сайын өз
облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі
біткен уақыттаоблигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация
иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз
несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында және
толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез
келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз
етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер
осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен
жағдайда қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі
негізгі белгі болып табылады. Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және
төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісімшартқа үлкен ықыласпен
отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның
жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана
салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уакытылы және толық төлей алады.

Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және
оның іскерлік қарымқатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің
және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы
экокомикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін
бағалайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең
жақсы тәсілі, бұлталдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның
шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және
осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәспорынның өзінің
өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызмет атқарады.

Кәсіпорын осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты
дұрыс басқарды деген сұраққа жауап береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды. Қаржы ресурстары
жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның дамуына
байланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды болып табылады,
себебі қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілетінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы
дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резервтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың
қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып
табылады:

•қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
•активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды
таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;

•айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы
міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

•қаржыесептік және несие ережесін сақтау;

•кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;

•ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш

және қорлар есебі;

•баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;

• кәсіпорын табыстылығын бағалау;

• кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондайақ олардың
деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

• кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;

• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа
мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның, шаруашылық қызметін талдаудың
қор ытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды:
жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық,
өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі –
бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі
мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы
ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие
тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы
арақатынастың рационалдылығына, сондайақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі
мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын
қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз
байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі,
көбінесе оның өндірістіксату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі
алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын
ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті
деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты
болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім
сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның
төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының
болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс
процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады.
Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін
сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз
жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының
өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың
мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық
ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады.
Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорының өзіндік қаражаттарының
көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс
табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі
қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның
төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін
және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және оған мыналар жатады:

• кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;

• кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің
құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;

• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін талдау;
• баланс өтімділігін талдау;

• кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін
талдау.

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық
есеп беру болып табылады.

ҚР Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп
туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, 1998 жылдан бастап қаржылық есеп
беруге мыналар жатады:

1) бухгалтерлік баланс;

2) қаржышаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;

3) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.

Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады, сондайақ қаржылық есеп
беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен
толықтырылуы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме
хатта, берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап
отырғандығы және каржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да
ақпараттар жазылуы тиіс. Мысалы, оған: субъектіге әсер етуші тәуекел мен
белгісіздік туралы, қаржылық есепте жазылған міндеттемелер туралы
түсініктерді жазуға болады. Нарықтағы географиялық сегменттер, сомалық
ерекшеліктер, қызмет түрлері туралы ақпараттар, баға өзгерісінің әсері
туралы мәлімдемелер және басқалары қосымша ақпарат ретінде қарастырылады.

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында
анықталған жеңілдетілген түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер
де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана
(соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:
1) зейнетақыны, жәрдем ақша және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеу,
сондайақ жылдық табыс ҚР заңымен көрсетілген 10000 есе есептік көрсеткіштен
аспайды;
2)
қаржылық жыл бойы қызметкерлердің орташа саны 50ден аспайды;

3) активтердің жалпы құны 60000 еселік есептік көрсеткіштен аспайды.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары
бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚРда
соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып
реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы
нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің
қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке
кіруімен байланысты.

ҚРда бухгалтерлік есепті реформалау процесі барысында есеп беруді құру
мақсаттарына жаңа көзқарастар пайда болды және оның бағыты өзгерді.
Қаржылық есептің мақсаты бухгалтерлік есепті №2 Бухгалтерлік баланс
және қаржылық есептегі негізгі ашылулар деген стандартында көрсетілгендей,
бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің
нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер
туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып
табылады[12]. Қаржылық есеп негізінен өтелген жағдайлардың қаржылық
нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру
бойынша шешімдерді шешу үшін, сондайақ субъектінің болашақтағы ақша
ағьгмдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған ресурстар мен басқарушы
органдардың жұмыстарымен байланысты ресурстар мен міндеттемелерді бағалау
үшін қажетті пайдалы ақпараттарды сипаттайды. Алайда қаржылық есеп
қолданушыларға экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық
ақпараттарды қамтымайды. Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын
экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін
бағалауды, сондайақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді
болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектінің өз жұмысшыларына және
жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені қайтару және табысты
тарату қабілетін анықтайды. Егер де қолданушылар тек қана субъектінің
қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық
есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен қатар барлық
қажетті ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша
қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ
коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық
ақпаратқа шек қояды, дегенмен олардың ішінде кейбіреулері (тергеу
органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте
көрсетілген ақпараттарға косымша ақпараттарды талап ете алады.
Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі
ретінде сенуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің
қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың жүйелендірілген бірденбір көзіне, әр
түрлі ұйымдыққұқықтық нысандардағы шаруашылық субъектілерінің өзара негізгі
байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық
есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.

Баланс есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық
жағдайын сипаттайды және маңызды қызметтер атқарады. Біріншіден, баланс
меншік иелерін шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайымен таныстырады.
Осы арқылы олар бұл субъекті нені иеленеді, материалдық құралдардың сандық
және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз
міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар
кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап алынған
стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану
тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі
сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады. Үшіншіден, баланстың
мазмұны, оны ішкі қолданушылары сияқты сыртқы қолданушыларға да пайдалануға
мүмкіндік береді. Мысалы, аудиторлар жұмыс процесінде дұрыс шешім қабылдау
үшін өз тексеріс жұмысын жоспарлауда, сондайақ клиенттің сыртқы есеп
берудегі есеп жүйесінде мүмкін болатын, әдейі жасалынған және әдейі
жасалынбаған қателіктер аумағындағы әлсіз жақтарын шығару үшін көмек алады,
ал талдаушылар қаржылық талдаудың бағытын анықтайды.

Баланс ақпараттары негізінде сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен
өзінің серіктесі ретінде жұмыс жүргізудін мақсатқа сәйкестігі және оның
шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын
тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің
орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы
соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп
атайды.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол
есепті кезеңдегі кәсіпорын мүлкінің құрамы мен кұрылымын, ағымдағы
активтердің айналымдылығы мен өтімділігін, меншікті капитал мен
міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы
мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін
анықтауға мүмкіндік береді. Баланс көрсеткіштері кәсіпорынның капиталын
орналастыру тиімділігін, оның ағымдағы және алдағы кезеңдегі шаруащылық
қызметке жетуі, қарыз көздерінің көлемі мен құрылымын, сондайақ оларды
ынталандыру тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, бухгалтерлік
балансты талдау үшін және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда
ақпараттың ең қажетті түрі болып табылады.

1997 жылға дейін бухгалтерлік баланс екі бөліктен: актив және
пассивтен тұратын кесте түрінде құрылып келді. Активтер, баланс
кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және
қарыздық күқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен
кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып табылады, оларды өтеу
мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады.
Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі
белгілері бойынша топтастырылады. Осының нәтижесінде баланстың активі мен
пассиві мүлік және онын қалыптасу көздерінің біркелкі экономикалық
топтарының аз ғана санынан құралады, ал оның ішінде әр топ өз алдына
жекежеке элементтер мен қорытындыланған керсеткіштерден тұрады. Актив пен
пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындырылған көрсеткіштер баланс
баптары деп аталады.

Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік бұл яғни баланс
бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір
дәйектілікпен орналасуы яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына
принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімділігі көп
активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен
бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өтімділігінің өсу деңгейіне
байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің
қорытынды баптары ең өтімді айналым қаражаттары (ағымдағы активтер) болып
табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу
және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондайақ басқа да ақша
қаражаттары.

Баланс пассивінің бөлімдері мен баптары төлем мерзімінің жеделдік
дәрежесіне байланысты мына принципке сай құрылды: төлем мерзімінің
жеделдігі аз бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.

Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан бастап бухгалтерлік баланс
жаңаша анықталады және оның екі бөлігі мен элементтері де жаңаша
сипатталады.
Олардың түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің
бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысындағы жетекші ғалымдардың еңбектеріне
арқа сүйейді.
Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың және
тәжірибе құралдарының авторларының пікірлері теориялық көзқарас болып
табылады.
Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге,
бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының
"Бухгалтерлік талдау" деген оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс
бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып
табылады.
Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға
тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер бұл кәсіпорынның иелігіндегі және
алуға тиісті мүлкі); пассивтер бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек
қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең
болуы тиіс [13].
Ағылшын ғалымдары шығарған "Бухгалтерлік іске кіріспе" деген оқу
құралында былай жазылған: Баланс бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті
барлық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл
берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының
бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие
болады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы
тиіс[14].
Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды:
Активтербұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер
басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза бухгалтерлік ұғым болып
табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.

Капитал пассивтердің арнайы түрі.

Капитал алғашқы капитал мен қызметте қалдырылған табысты қоса
алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.

Әлемдік банк өңдеп шығарған "Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша
нұсқаулар" оқулығында бұл ұғымдарды былайша түсіндіреді: "Баланстық есеп
бұл белгілі бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржылық
жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен
тікелей байланысқан баланстық есеп элементтері дегеніміз бұл активтер,
пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы жұмысын
камтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпаратты
қамтиды. Ол сондайақ, бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы ақпараттан
тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ, әлде меншікті ме".

Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері (жақтары) мен
элементтері келесідей анықталады:

Актив дегеніміз бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен
бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

Пассив бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы
міндеттемесі.
Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының
шығынына (сыртқа кетуіне) әкеліп соқтырады.
Капитал бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның
өзіндік қаражаты.

Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы
бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтарымызда
берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚРдағы бухгалтерлік есеп туралы
заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр.
"Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан
негізгі элементтері – активтер, меншікті капитал және субъектінің
міндеттемесі" болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл
элементтеріне келесідей сипаттама береді.

Активтер бұл құндық бағасы бар кәсіпорыннын мүлкі, мүліктік, жеке
мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.

Міндеттеме бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа
бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті мүлікті беру,
жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір ісәрекеттен бас
тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап
етуге құқығы бар.

Меншіктік капитал бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп
тастағаннан кейінгі активтері [11]. Сонымен, қаржылық есептің негізгі
элементтерінің анықтамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық
жоқ деп айтуға болады.

Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп
берудегі негізгі анықтаулар" №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің,
меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондайақ қаржылық
есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.
Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы
анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың
жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда
қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің өте пайдалы екендігіне БЕС–2нің
7пунктінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: "барлық маңызды
ақпараттар, қаржылық есепті қолданушылар үшін анық және түсінікті
болатындай дәрежеде ашылуы тиіс" [12].
БЕС2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде
құрастырылған [16] бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1кестеде көрсетілген
көрсеткіштерден тұрады.

Алайда айта кеткен жөн, балансты құрудың түрін таңдау (көлденең, яғни
екі жақты немесе тікелей) шаруашылық субъектілерінің шексіз құқы болып
табылады.

Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып
отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі
төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип
бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі
азынан көбіне қарай.

Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:

1) ұзақ мерзімді активтер;

2) ағымдағы активтер;
3) меншікті капитал;
4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;

5) ағымдағы міндеттемелер.

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер,
меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент табыс және шығын –
қаржы шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.

Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс
мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау,
себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың
ең маңыздылары келесілер болып табылады:

1.Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген
мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді.
Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық талдау
мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.

2.Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде статусквоны
сипаттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде
кәсіпорын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл
жағдайға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру
үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде
көрсетілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми
техникалық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).

3.Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті
база жоқ. Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді.
Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше
көрсеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогрессивтік
маңыздылығына шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас
кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау
қажет. Бұл қажетті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ.
Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы
қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен
салыстырғаннан кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның
баланстарындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн.
теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге,
ал екіншеде 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда
материалдардың қоры жылдық тұтынушылардың 112 (560)ін (айлық қор), ал
екінші жағдайда 12 (510), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық
қор) қамтамасыз етеді.
5.Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің
жиынтығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі
шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті
кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың
динамикалық баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім",
'"тауарлар", "дебиторлық борыш" және басқалар.

кесте1
БЕС 2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс.

Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының үлес салмағының көп
болуы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы
осылай болды дегенді білдірмейді.

6.Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны коддану
принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір
дәрежеде бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен
нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін.
Инфляция , кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және
негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс
баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектітерінің
құны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде
есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына
әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондайақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның
шаруашылық қаражаттарынын "бағасын" (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл
кедергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін
дәлелдейді.
Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік
бағасын ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықтык бағасы мүлдем
басқаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның
баланста көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы
нарықтық баға арасындағы айырмашылык соншалықты көп болады.

7.Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық
субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы
факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ
факторлардың да ықпалында болады. Олардың қатарында: мүмкін болатын саяси
және жалпы экономикалық өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметкердің
кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар. Сондықтан қаржылық
есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді экономикалық
талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.

Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірденбір басты көзі болып
табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.

Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс
көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының
көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс
сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық
шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржышаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның
мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал
козғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады.
Сондықтан кәсіпорынның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк несиелерінің түрлері
Нарық жағдайындағы аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Әлеуметтік - экономикалық дамуды аймақтық жоспарлаудың теориялық және әдістемелік негіздері
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Маркетинг негіздері жайлы
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын
Қазақстан аймағының әлеуметтік - экономикалық мәселелері
Пассивті операциялар
Капиталистік қатынастардың Қазақстанға енуі және даму салалары
Пәндер