Кәсіпорын шығындары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорын шығындары.
Шығындар түсінігіне әр-түрлі тәсілдемелері бар.
1. Шығындар жеке және қоғамдық болып бөлінеді.
Жеке – бұл нақты кәсіпорынның өнім өндіруге кеткен шығындары.
Қоғамдық – бұл барлық қоғамның өндіріске жұмсаған шығыны. Оның
құрамына жеке шығындар, сонымен қатар сыртқы шығындар да кіреді.
Сыртқы шығындар деп тауар – ақшалай қатынасқа қатыспайтын
өндірістік қорытындының бір бөлігі, бірақ ол адамдардың өмір сүруіне
тікелей қатынасы бар.( Мысалы; металлургия комбинатынан шыққан түтін)
2. Өндіріс шығындары мен қолдан жіберген мүмкіндік шығыны. Бұл
ресурстарды басқаша қолдағанда алынатын ұтыстармен немесе шығындармен
сипатталады. Бірақ уақытты үнемдеуге, көп шығындауға болмайды. Бір
қызметтегі уақыт бағалығы оның басқа қызметтегі шығынымен анықталады.
3. Айқын және айқын емес шығындар.
Айқын кәсіпорынға жатпайтын ресурстарды қолданумен байланысты шығындар (
жер иелігіне жер, кәсіпкерге еңбекақы, кәсіпкер капиталына пайыз)
4. Тұрақты және өзгермелі шығындар тек қысқа уақытта қолдануға
қарастырылады.
Жалпы табыстың екі түсінігі бар.
Жалпы табыс – жалпы түсімнен және сатудан басқа операциялардың
қорытындысымен өзіндік құнға кіретін, еңбек ақыдан басқа, барлық өндірістік
және өнім сату бойынша шығындарды алып тастаумен есептелетін, кәсіпорын
қызметінің соңғы қорытындысын сипаттайтын көрсеткіш.
Отандық тәжірибиеде шығындарды жіктеудің келесі түрлері бар;
- өндіріс түрі бойынша – негізгі және қосалқы
- өнер түрі бойынша – жеке өнімдер, бір келкі өнім түрлерінің топтары,
жұмысқа, қызметке тапсырыстар.
- шығындар түрі бойынша – калькуляция баптары және аналитикалық есеп
ұйымдастыру үшін шығындар элементтері
- шығындардың пайда болу орны бойынша - өндіріс, участок, цех.
Калькуляция баптары және шығындардың элементтері бойынша шығындардың
жіктелуін қарастырайық.
Калькуляция баптарының тізбесі, олардың құрамы және өнім, жұмыс,
қызмет түрлері бойынша бөлінуі салалары бойынша анықталады. Мысал ретінде
машина құру саласының калькуляциялық баптарын қарастырайық;
1. Шикізаттар мен материалдар
2. Сатып алған өнімдер, жартылай фабрикаттар және біріккен
кәсіпорындардың қызметтері
3. Негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысы
4. Қосымша өндірістік жұмыскерлердің еңбекаысы
5. Өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысынан сақтандыруға аударымдар
6. Өндірісті дайындауға және игеруге кеткен шығындар
7. Құрылғыны ұстауға және қолдануға кеткен шығындар
8. Цехтық шығындар
9. Жалпы зауыттық шығындар
10. Ақаудан жоғалтулар
11. Өндірістен тыс шығындар
Бірінші 8 бабы цехтық өзіндік құнды құрайды, 10 бап -
өндірістік
өзіндік құнын құрайды.
Қазіргі заманда көптеген шағын және орта кәсіпорындарда
калькуляциялық баптардың қысқартылған номенклатурасын қолданады.
1. Тікелей есептеудегі материалдық шығындар
2. Еңбекақы шығындары
3. Басқада тікелей шығындар
4. Өндірісті басқару және қызмет ету бойынша шығындар
Топтастыруды ұсыныстық сипатта болатын калькуляция баптарына қарағанда,
өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын құрайтын шығындар оладың
экономикалық мазмұны бойынша келесә элементтер бойынша топталады;
- Материалдық шығындар
- Еңбекақы шығындары
- Әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар
- Негізгі қордың амортизациясы
- Басқа да шығындар
Шығындарды шығындардың элементтері бойынша топтастыру өз құрамына олардың
пайда болу орнына тәуелсіз шығындалған экономикалық элементтерді қосады.
Бұл тікелей шығындар болып табылады.

Кәсіпоын қаржысы және инвистициялық қызмет.
Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол -
негізгі капиталдың артуын қолдауға бағытталған. Жалпы инвестиция
біріктірушінің екеуінен қосылады. Ол – негізгі өндіріс құралдарының ұдайы
тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшіру процесі.
Екінші біріктіруші таза инвестиция – бұл капиталдық қаржы жұмсау
негізгі қорлардың арттыру, өнім беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру,
қосымша мақсатында іске асырылады.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің
ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында
инвестицияның маңызы зор. Кәсіпорынның инвестицилық стратегиясы екі
біріктіруден анықталады. Көлемі және ресурстар сипаты, сол сияты нарыққа
және бәсекеге жарамдылығы. Жалпы түрінде инвистиция ақша қаражаты ретінде,
банктік, технология акциялар және басқада құнды қағаздар, машиналар,
жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне несиелер кез-келген
басқа да мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне
немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда және әлеуметтік нәтижеге жету
мақсатына пайдаланады. Инвистициялық қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс
табу мақсатында шаруашылық қызметіне активтердің барлық түрлері
экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға, кеңейтуге,
қайта құруға негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты
айнымалы капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын шығыстар
деп түсінуге болады.
Инвистиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжалынған нәтижеге
жетуге болады. Сонымен инвистицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын
өзіне ұштастырады; ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз
нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.
Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ
мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялар
түрлері тікелей, портфелдік, аннуитеттік болып бөлінеді.
Тікелей капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет
көрсету жаңа акциялар формасына шығарылған инвестициялар болып табылады.
Тікелей капитал жұмсалған қаржының үлкен өтімдігі есебіндегі өз өзінен
байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы
капиталды ұштастырады; несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау шаруашылық субъектісінің табыстар түсіруіне
және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға
капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестиция – тпортфелді қалыптастыруға байланысты түрлі
инвестицилық құндар жиынтығы және құнды қағаздар сатып алу, сол сияқты
басқа да активтер болып есептеледі.
Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы сауыншыға елеулі табыс
әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды
көрсетеді.
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарын қаржыландыру үшін
жағдайлар жасауға отандық және шет елдік қаражаттарды келтіруге, тауар
өндіру және қызмет көрсету үлкен тиімділік пен нарық қатынастары
субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағыттылуы тиіс.
Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық
табысты көбейтуге өте құштар. Жеке инвесторлардың өндірісті дамыту
белсенділігін қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар
жасауға, атап айтқанда салық салым, несие беру, кедендік пошлиндар жағынан
едәуір жеңілдіктер беруге тиіс.
Қазақстан үкіметі 1996 – 1998 жылдарға арналған мемлекеттік
инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды,
құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсібін су ресурстарын, энергетика
көлік, ауыл шаруашылығы, және орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары
енгізілді. Қазіргі кезде республикамыздағы инвестициялық тапшылығы аса
күрделі проблемелердың бірі болып отыр. Осыған орай өндіріске және меншік
инвестицияларды уақытша ынталандырудың кезеңінің мақсаттарына тек шет елдік
инвестициялардың белсенді түрінен қатысуы мен олар үшін барынша қолайлы
жағдай жасалуымен ғана қол жетеді. Өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде
әзірше жеткіліксіз.

Кәсіпорын кадрлары және олардың құрылымы.

Кәсіпорын өндірісіндегі негізгі факторларға еңбек құралы, еңбек заты
және мамандар жатады.
Еңбек – негізгі материалдық және рухани байлық көзі, ал еңбек ететін
мамандар қоғамның басты өндіргіш күші. Еңбек ететін адамдар –бұлар әр түрлі
қабілеттегі, ынтадағы талаптағы адамдар.
Еңбек ресурстары дегеніміз халықтың біраз бөлігі, еңбекке жарамды күш
жігері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуге тәжірибесі мол
адамды айтады.
Халықтың еңбекке жарамдылығы деген ұғым өндірістің шешуші факторы
ретінде жұмыс күшін қолдану үрдісінде адамның қолданатын күш-қуаи және
қабілеттердің жиынтығын білдіреді. Оның үстіне жұмыс күші тікелей адамның
белгілі көлемдегі және сападағы жұмысчты орындауына мүмкіндік беретін
білімі мен қабілетін құрайды.
Белгілі уақыттағы еңбек ресурстарының тізіміндегі құрамы –
мамандардың және жұмысшылардың санын құрайды. Тізімдегі құрамға: 1)
негізгі, 2) негізгі емес етіп қызметке қабылданған – уақытша, тұрақты,
маусымдық жұмысшылар саны кіреді.
Тізімдегі құрамға –барлық жұмысқа келген, сонымен бірге демалыстағы,
іс-сапардағы, ауруына сәйкес жұмысқа келе алмаған, өндіріс саласындағы
қызмет атқарып жүрген адамдар кіреді.
Тізім бойынша құрамдағы адамдар дың орташа тізімдегі санынан
айырмашылығы апта, ай, тоқсан, жыл аралықтарындағы көрсеткішпен анықталады.

Орта тізімдегі санды –бір ай ішіндегі істеген жұмысшылар санын, бір
айдағы күндерді қосып қосындыны ай ішіндегі күндерге бөлу арқылы анықтайды.
Осы тәсілмен тоқсандық, жылдық, орташа тізімдегі жұмысшылар санын шығарады.
Өндіріс саласында істейтін жұмысшыларды өздерінің өндіріс жұмыссына
қатысуына байланысты екі топқа бөлуге болады:
А) өнеркәсіп-өндіріс саласындағы қызмет істеушілер
Б) өнеркәсіптік емес мекемелерде болып бөлінеді
Өнеркәсіп-өндіріс саласындағы қызмет істеушілер өздерінің жұмыс
қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді: а) жұмысшы б) қызметкерлер.
Жұмысшылар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Кәсіпорында бұлардың
ара қатынасы талдау көрсеткішпен сипатталады.
Бөлімдердегі, цехта, кәсіпорындағы мамандардың құрамы әр түрлі
категориядағы, жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық жұмысшылар санына
қатынасын айтамыз.
Еңбек ұжымы сан, құрамы жағынан маманданған деңгейі әр уақытта
тұрақты көлемде болмайды. Олар өзгеріп отырады, кейбір жұмысшы жұмысын
өзгертеді, оның орнына басқа жұмысшы қабылданады. Осындай мамандардың
өзгеріп отыруын – мамандардың ауысуы дейміз.
Кәсіпорында мамандардың осындай жағдайын бірнеше көрсеткіштер
көмегімен анықтайды:
1) мамандардың ауысу коэффиценті – белгілі бір уақытта түрлі
жағдаймен жұмыстан шығарылған жұмысшылар санының дәл сол
уақыттағы орта тізімдегі санына қатынасымен анықталады.
2) Мамандарды қабылдау коэффицентті- белгілі бір уақытта
қабылданған жұмысшылар санының дәл сол уақыттағы жалпы орта
тізімдегі санына қатынасымен анықталады.
3) Мамандардың тұрақсыздық коэффицентті – белгілі мерзімінде
жалпы жұмысшылар арасында еңбек тәртібін бұзып немесе өз
арызымен жұмыстан шыққан жұмысшылар санына кәсіпорынның сол
мезгілдегі орта тізімдегі жұмысшылар санына бөлу арқылы
анықталады.
Кәсіпорындарда кадрлар толықтырудың негізгі көздері-бүкіл оқу орындары,
сәйкес кәсіптегі кәсіпорындар, еңбек биржалары. Кадрларды жинақтағанда
еңбек шарты немесе кантракт ерекше маңызға ие болады. Олардың мерзімі:
-жылға дейін
- жұмыс істеу уақытына
- анықталмаған мерзімге.

Өнімнің өзіндік құны

Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың
маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады.
Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 ке бөлінеді;
- өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кіретін шығындар.
Бұл капиталдың ауыспалы айнымалы арқылы сатудан түскен ақшалай
түсімді жабатын ағымдағы шығындар
- өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей,
бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі
қаржы шығындары.
- өндірістің әлеуметтік – мәдени, тұрғын-үй, тұрмыстық қызмет көрсету
және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кіретін шығындар. Олар
негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан
қаржыландырылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын шығындары және оларды басқарудың тиімділігін арттыру
Кәсіпорынның өндіріске, жұмысқа, өнімді өткізуге, сатуға кеткен шығындары
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Кәсіпорынның өндіріске, өнімді сатуға жұмсалған және басқа да шығындары
Шешім қабылдау және жоспарлау үшін өндірістік шығындарды топтау
Өндірістік шығындардың жіктелуі
Өнім өндіру шығындары, шығындарды азайту жолдары
Кәсіпорын шығындарының экономикалық мәні мен мазмұны
Қазіргі кездегі экономикадағы шығындар туралы
Шығындар және олардың баға қалыптастырудағы рөлі
Пәндер