Кәсіпорынның тізімдегі жұмысшылар құрамы
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Кәсіпорын кадрлары, еңбек өнімділіп және еңбекақы төлеу жүйесі
2.2. Кәсіпорындағы еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру
2.3. Кәсіпорынның тізімдегі жұмысшылар құрамы
2.4. Кәсіпорынның негізгі қоры
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдалаынлған әдебиеттер
І. Кіріспе
Кәсіпорын өндірісіндегі негізгі факторларға еңбек құралы, еңбек заты
және мамандар жатады.
Еңбек – негізгі материалдық және рухани байлық көзі, ал еңбек ететін
мамандар – қоғамның басты өндіргіш күші. Еңбек ететін адамдар – бұлар
әртүрлі қабілеттегі, ынтадағы және талаптағы адамдар.
Еңбек ресурстары дегеніміз – халықтың біраз бөлігі, еңбекке жарамды,
күш жігері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуге тәжірибесі
мол адамдарды айтады.
Халықтың еңбекке жарамдылығы деген ұғым өндірістің шешуші факторы
ретіндегі жұмыс күшін қолдану үрдісінде адамның қолданатын күш-қуат және
интеллектік қабілеттердің жиынтығын білдіреді. Оның үстіне жұмыс күші
тікелей адамның белгілі көлемдегі және сападағы жұмысты орындауына
мүмкіндік беретін білімі мен қабілетін құрайды.
Белгілі уақыттағы еңбек ресурстарының тізімдегі құрамы - мамандардың
және жұмысшылардьщ санын құрайды. Тізімдегі құрамға:
1) негізгі,
2) негізгі емес етіп қызметке қабылданған — тұрақты, уақытша және
маусымдық жұмысшылар саны кіреді.
Тізімдегі құрамға - барлық жұмысқа келген, сонымен бірге демалыстағы,
іс-сапардағы, ауруына сәйкес жұмысқа келе алмаған, өндіріс саласындағы
қызмет атқарып жүрген адамдар кіреді.
Тізім бойынша құрамдағы адамдардың орташа тізімдегі санынан
айырмашылығы апта, ай, тоқсан, жыл аралықтарындағы көрсеткішпен анықталады.
Орта тізімдегі санды — бір ай ішіндегі істеген жұмысшылар санын, бір
айдағы күндерді қосып (демалыс, мейрам күндерін қоса) қосындыны ай ішіндегі
күндерге бөлу арқылы анықтайды. Осы тәсілмен сол сияқты, тоқсан, жылдық
орташа тізімдегі жұмысшылар санын шығарады.
Өндіріс саласында істейтін жұмысшыларды өздерінің өндіріс жұмысына
қатысуына байланысты екі топқа бөлуге болады:
а) өнеркәсіп - өндіріс саласындағы қызмет істеушілер (негізгі қызмет
етушілер);
б) өнеркәсіптік емес мекемелерде (негізгі емес) болып бөлінеді.
Өнеркәсіп-өндіріс саласындағы қызмет істеушілер өздерінің жұмыс
қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді:
а) жұмысшылар және
б) қызметкерлер болып
Жұмысшылар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Кәсіпорында бұлардың
ара қатынасы талдау көрсеткішпен сипатталады.
Негізгі жұмысшылардъщ сандық коэффициентін төмендегі формуламен
анықтаймыз:
Кнж=1-ЖқжЖж
мұнда Кнж- негізгі жұмысшылардың сандық коэффициенті;
Жкж - бөлімшелерде, цехта, кәсіпорында орта тізімдегі қосымша жұмысшылар
саны, адам;
Жж- бөлімшелерде, цехта, кәсіпорында орта тізімдегі, барлық жұмысшылар
саны, адам.
Бөлімшелердегі, цехта, кәсіпорындағы мамандардың құрамы деп әртүрлі
категориядағы, жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық жұмысшылар санына
қатынасын айтамыз.
Мамандардың құрамын талдау жасап анықтағанда
жұмысшылар саны (КЖі) кәсіпорындағы жалпы орта тізімдегі жұмысшылар (Жж)
санына салыстыру арқылы анықталады.
КЖі = Жі Жж, немесе КЖ = (Жі * 100) Жж,
мұнда Жі - орта тізімдегі жұмысшылар сандары (і - категориядағы), адам.
2.1. КӘСІПОРЫН КАДРЛАРЫ, ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІП ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІ
Еңбек ұжымы сан, құрамы жағынан, маманданған деңгейі әр уақытта
тұрақты көлемде болмайды. Олар өзгеріп отырады: кейбір жұмысшы жұмысын
өзгертеді, оның орнына басқа жұмысшы қабылданады. Осындай мамандардың
өзгеріп отыруын – мамандардың ауысуы дейміз.
Кәсіпорында мамандардың осындай жағдайын бірнеше көрсеткіштер
көмегімен анықтап отырады:
1. Мамандардың (жұмысшыладың) ауысу (кету) коэффицинті (Каж) – белгілі
бір уақытта түрлі жағдаймен жұмыстан шығарылған жұмысшылардың санының (Жжш)
дәл сол уақыттағы жалпы ортатізімдегі санына (Жж) қатынасымен анықтайды:
КАЖ = ЖЖШЖЖ*100(%)
2. Мамандарды (жұмысшыларды) қабылдау коэффициенті (Ккж) - белгілі бір
уақытта қабылданған жұмысшылар санының (Жкж) дәл сол уақыттағы жалпы орта
тізімдеті санына (Жж) қатынасымен анықталады:
Ккж= ЖкжЖЖ* 100(%)
3. Мамандардың тұрақсыздық коэффициенті (Ктзж) — белгілі мерзімінде (Жжш)
жалпы жұмысшылар арасында еңбек тәртібін бұзып немесе өз арызымен жұмыстан
шыққан жұмысшылар санының (цехтағы, бөлімшелердегі) кәсіпорынның сол
мезгілдегі орта тізімдегі жұмысшылар санына бөлу арқылы анықталады.
Ктзж= (ЖжшЖж)*100(%)
Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыруды дұрыс жүргізуде және жоспардағы
белгіленген жұмыс көлемін орындау үшін, әрбір жұмысшының еңбек етіп отырған
саласындағы жұмысын анықтау мақсатымен еңбегі мөлшерленуі тиіс.
Еңбекті мөлшерлеу — өндіріс жағдайында белгілі бір нақты жұмысты
орындауға жұмсалатын уақыттың жоғары деңгейін анықтау (белгіленген сағат,
алмасу уақыт бірлігінде жоғары көрсеткіште өнім өндіру)
Еңбекті мөлшерлеу тәжірибе статистикалық және талдау әдістері арқылы
іске асырылады. Мұның ішінде талдау әдісі прогрессивті деуге болады, мұнда
мөлшерлеудің қалыптасуы ғылыми тұрғыда болғандықтан өндірісте кең
қолданылады. Ал тәжірибе – статистикалық әдісте, кәсіпорындағы қалыптасқан
мәлімет бойынша жоспардағы мезгіл мен өткендегі мерзімдер мәліметін
салыстыру арқылы жүргізіледі.
Талдау әдісі – жан-жақты бірнеше операцияларды талдаудан өткізіп,
қарап өтеді:
• өндіріс үрдісін зерттеуде өндіріс құрамындағы элементтерді бөлшектеп
зерттеу арқылы;
• еңбек шығынына әсер ететін барлық факторларды зерттеу арқылы;
• операция құрамын жаңалаудағы шараларды жобалау және оның орындалу әдісін
белгілеу арқылы;
• жұмыс орнын жақсарту шараларын жасау арқылы;
• жұмысты орындауға уақыт есебін анықтау арқылы;
• өндіріске еңбек мөлшерін ендіру арқылы.
Талдау әдісінде жіктелген талдау, есептеу әдісін қолдануы мүмкін.
Мұнда күні бұрын дайындалған мөлшерлерді қолдану негізінде жүргізіледі.
Сонымен бірге, талдау-зерттеу жүргізу арқылы, жұмысшылардың жұмыс уақытын
хронометраж, суретке түсіру тәсілдерін қолдану арқылы жұмыс уақытын
жоғалтуын зерттеуге болады. Еңбекті мөлшерлеу адам – сағат немесе адам –
минут уақытымен белгіленеді.
Сонымен, өнім бірлігінде уақыт мөлшерінің құрамын немесе қолмен
атқаратын жұмыс және машина-қол, машинамен атқаратын жұмыстардағы шығын
элементтерін төмендегі формуламен анықтаймыз:
tмөл= tнег +tқос +tжод +tдқ +tүз +tтуз
мұнда tмөл - мөлшерлеу уақыты;
tнег – негізгі уақыт;
tқос – қосымша уақыт;
tжод – жұмыс орнын дайындау уақыты;
tдқ – дайындық қорытынды уықыты;
tүз – үзіліс, демалу т.б. керекті үзіліс уақыты;
tтуз – қалпына келтіре алмайтын уақыт (техникалық т.б. үрдістердің
әсерінен)
Еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың еңбек өнімділігіне тигізетін
әсері мол. Еңбек өнімділігі дегеніміз - кәсіпорында жұмысшылардың нақты
еңбегі мен қабілетінің нәтижесінде, белгілі бір жұмыс уақытында саны мен
сапасы жоғары өнімді өндіру деңгейін сипаттайтын маңызды экономикалық
категория.
Еңбек өнімділігінің деңгейін өйімге кеткен еңбек шығынын еңбек
үрдісінің қорытындысы мен салыстыру арқылы анық-тайды.
Еңбектің көп саладағы жұмсалған алуан түрлі шығындарын екі топқа
бөлуге болады:
а) Жанды еңбек шығыны - нақты өнімді өндіру мен тікелей айналысатын
жұмысшылар категориясының жұмыс уақыты;
б) Мүліктенген немесе затқа айналған шығын немесе өткендегі еңбек
шығыны. Бұл затқа айналған еңбекте өнеркәсіп өндірісіндегі
өндіріс құралдарын жасауға кеткен еңбек шығындары, яғни шикізат,
материалдарды, жабдықтарды т.б. өнеркәсіп салаларындағы өнім
өндіруде қолданылатын құралдарға кеткен, өткен мезгілдегі еңбек шығындары.
Осыған орай еңбек өнімділігі жанды еңбек өнімділігі және қоғамдағы
еңбек өнімділігі болып бөлінеді.
Қоғамдағы еңбек өнімділігі барлық жанды еңбек шығыны мен өткендегі
еңбек шығындарын қосып есепке алса, жанды еңбек шығыны тек кәсіпорындағы
өнімге кеткен шығынды қамтиды.
Сонымен, жанды еңбек өнімділігі өнеркәсіптің әрбір өндіріс
бұйымдарындағы – бригада, цехтардан бастал салаға дейінгі еңбек
өнімділігінің тиімділігін сипаттайды. Тек жанды еңбек өнімді тікелей
дайындайды.
Затқа айналған еңбек шығыны - өндірістің бастапқы кезеңінде жанды
еңбектеніп, жанды еңбектің материалды жағдайын көтеруге қызмет атқарып,
жанды еңбек өнімділігіне қатыспайды.
Қоғамдық еңбек өнімділігінде ғана жинақталған қорытындыны, тиімділікті
анықтағанда жанды және затқа айналған жалпы еңбек шығындары бірге
есептелінеді.
Еңбек шығынын азайтып, еңбек өнімділігін арттыру арқылы өнімнің
өзіндік құнын арзандатуға болады. Өнім өндіруде, еңбек шығыны азайған
сайын, өнімнің өзіндік құны арзандап, кәсіпорынның пайдалылығы өседі.
Еңбек өнімділігі - бір жұмысшының белгілі бір уақытта (сағат, күн, ай,
тоқсан, жыл) істеген мезгілінде өндірілген өнім саны немесе өнімді өндіру
бірлігіне жұмсалған еңбек шығынымен өлшенеді.
Еңбек өнімділігі бірінші жағдайда - өнімді өндіруге кеткен уақыт
бірлігінде, екінші жағдайда - еңбек сиымдылығы - дайындалған өнім
бірлігінде есептелінеді.
Еңбек өнімділігі төмендегі формуламен анықталады:
Е ө= Өк Е
мұнда Еө - еңбек өнімділігі;
Өк - өндірілген өнім көлемі;
Е - өнімді өндіруге жұмсалған еңбек шығыны;
немесе Ес = Е Өк
мұнда Ес - еңбек сиымдылығы.
Еңбек сиымдылығы дегеніміз — өнімді өндіруге жұмсалған еңбек
мөлшерінің, өндірілген өнім көлеміне қатынасын айтамыз. Еңбек шығындары
оның құрамына өндіруге байланысты технологиялық еңбек сиымдылығы, өндірісте
қызмет ету еңбек сиымдылығы, өндірістегі еңбек сиымдылығы және өндірісті
басқару еңбек сиымдылығы болып бөлінеді. Осы аталған сиымдылықтардың
негізгісіне тоқталсақ:
Өндірістегі еңбек сиымдылығы (Өес) негізгі және көмекші жұмысшылардың
еңбек шығындарын қамтиды, оны мына формуламен анықтауға болады:
Өес= ТЕХ ЕС+ Еқыз,
Мұнда ӨЕС - өндірістегі еңбек сиымдылығы;
ТЕХ ЕС – технологиялық еңбек сиымдылығы, оған барлық негізгі
жұмысшылардың кесімді және мерзімді еңбек шығындары жатады.
Еқыз — өндірісте қызмет ететін көмекші жұмысшылардың еңбек шығындары.
Толық еңбек сиымдылығы (ТЕС) барлық категориядағы өнеркәсіп - өндіріс
қызметкерлерінің еңбек шығындары, оны мына формуламен анықтайды:
ТЕС = ТЕХ Е.С. + Еқыз + ТБАС
мұнда ТБАс — өндірісті басқаруға маманданған инженерлік – техникалық жұмыс
істеушілер, қызметкерлер, кіші қызмет етуші қызметшілер.
Сонымен, өнім бірлігіндегі толық еңбек сиымдылығы (ТЕс) - өнім
бірлігін жасауға кеткен барлық жанды еңбек шығынының сомасы. Ол адам-
сағатпен өлшенеді.
уақыт саны, адам - сағат
өндірілген өнім көлемі
Бұл әдістер өнеркәсіп салаларында әртүрлі техникамен жабдықталуына
сәйкес, әртүрлі деңгейдегі өлшем болуына байланысты тәжірибеде пайдалануы
белгілі қиындықтарды туғызады. Сондықтан, өнеркәсіпте бұл әдіс кейбір
салаларда еңбек өнімділігін өлшеу болмаса, өндірісте сирек қолданылады.
Еңбек өнімділігін арттыруда ең бастапқы мәселе – ірі индустрияны
материалдық негізде қамтамасыз ету, өндіріске ғылыми-техникалық
жетістіктерді өндіру, жұмысшылардың білімін көтеру, мәдени-техникалық
деңгейін арттыру, еңбек тәртібін реттеу және оны ұйымдастыруды жақсарту.

Өндіріс үрдісінің әсерін тигізетін маңызды мәселенің бірі — бұл еңбек
ресуретарының бағасы — жұмысшылардың еңбекақысы.
Жұмысшыларды тиімді пайдалануда ынталандырудың негізгі бір жолы –
еңбекақы төлеу.
Еңбекақы төлеу - бұл мемлекеттік кәсіпорында ұлттық табыстың бір
бөлігінен әрбір жұмысшының еңбек шығынына қарай, еңбектің саны мен сапасы
бойынша бөлінетін ақшалай түрдегі жұмысшыға төленетін еңбекақы.
Еңбекақы төлеу – бұл еңбек үшін берілетін сыйақы.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай түрлері бар.
Қызметкерлерге ақшаның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай түрдегі еңбекақы төлеудегі ең басты
нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай
нышаны сирек кездеееді.
Еңбекақы төлеудің мұндай нышаны ақша айналымының бұзылуы кезінде,
экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайында кең
қолданылады.
Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғаушы
күштері арасында әлеуметтік әріптестердің қатынастарын дамуына мүмкіндік
беретін, жұмыс беруші мен жұмыс істеушілердің арасында келісім-шарт
жасалынады.
Еңбекақының көлеміне жұмысшылардың иемденетін ақшасының мөлшері ғана
емес, сонымен қатар оның ақшаға сатып алу қабілеті кіреді. Сатып алу
қабілеттілігі нақтылы еңбекақы мен көрсетілген еңбекақының арақатынасы
арқылы анықталады. Сондықтан, кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысы мемлекет
бекіткен ең төменгі деңгейдегі еңбекақы төлемінен кем болмауы тиіс.
Сонымен, еңбекақы нақтылы еңбекақы және көрсетіліген еңбекақы болып
ажыратылады.
Көрсетілген еңбекақы дегеніміз бұл есептелінген және жұмысшылардың
белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы.
Нақтылы еңбекақы — бұл нақты еңбекақысына белгілі сандағы тауарларды
және қызметтерді сатып алуына, ие болуына мүмкіндігі немесе нақты еңбекақы
- бұл көрсетілген еңбекақыға нақты заттарды сатып алу мүмкіндігі. Нақтылы
еңбекақы көрсетілген еңбекақы мен сатып алынатын тауардың мөлшеріне
байланысты. Мысалы, көрсетілген еңбекақы 15% көбейіп инфляция осы мерзімде
10% деңгейде болса, нақты еңбекақы тек қана 5%-ға көбейеді. Сонымен
инфляцияның артуы көрсетілген еңбекақымен салыстырғанда нақты еңбекақының
төмендеуіне, немесе керісінше болуы мүмкін. Инфляцияның әсері болмаған
кезде көрсетілген еңбекақының өсуі нақтылы еңбекақының өсуін білдіреді.
Осымен бірге, егер баға өнім сапасын ескермесе, онда нақты еңбекақы
өнім сапасына тікелей тәуелді болады. Сондықтан, еңбекақы жүйесін реттеуде
инфляция үрдісіның ықпалы ескерілуі тиіс.
Еңбекақы төлеуді жақсарту саясатында және оны ұйымдастыруда, кәсіпорын
төмендегідей принциптерге сүйену керек:
• әділдік, яғни еңбектің күрделілігіне сәйкес төлеу;
• еңбек ақыны мамандық деңгейіне, орындалатын жұмыс күрделілігіне қарай
есептеу;
• еңбек жағдайындағы зиянды және еңбектің ауырлығын есепке алу;
• еңбектің сапасын көтеруге және жұмыскердің еңбекке тыңғылықты қатынасын
ынталандыру;
• еңбекте сапасыз өнім өндірілген және өзінің жұмысына жауапкерсіз қараған
жұмысшыларды материалдық жағынан әкімшілік жазаны қолдану;
• еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, орта еңбекақы төлеудің өсу қарқынынан
артуы;
• инфляцияға сәйкес еңбекақыны төлеу деңгейін тиісінше индексация жасау;
• кәсіпорында қазіргі жагдайға сәйкес еңбекақы төлеу жүйесін жақсартып,
прогрессивті түрлерін қолдану.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді. Негізгі
еңбекақы төлеу тәсіліне төмендегідей төлемдер жатады:
• мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезіндегі орындалған
жұмыстың сапасы және мөлшері, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер
• еңбекке қалыпты жағдайымен байланысты төлемдер, ағын мерзімнен тыс
жұмыстар, түнгі уақыттарға, мереке күндерде т.б. күндерде жұмыс жасағаны
үшін төленетін төлемдер;
• сыйлықтар, сыйлықақы үстемелер;
• жұмысшыларға қатысы жоқ себептерден техника мен жабдықтардың
тоқтап қалған уақытша төлемдер және т.б
Қосымша еңбекақы төлеу, еңбек туралы заңда, кәсіпорынның келісім –
шартында қарастырылған. Сонымен бірге жұмыс уақытын пайдаланбаған келесі
кездердегі төлемдер жатады:
• демалыс уақыттарында ақы төлеу;
• мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
• декретке шығып, нәресте көрген аналарға, жұмыстағы үзілістері үшін
ақы төлеу;
• кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға
ақы төлеу.
Кәсіпорындарында еңбекақы төлеудің негізгі түрлері мен әртүрлі
жүйелері қолданылады. Оның ішінде кең тараған түрі: кесімді еңбекақы мен
мерзімді еңбекақы төлеу.
Кесімді еңбекақы төлеу – мұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен
сапасына сәйкес, оның күрделігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы
бағалау арқылы төленеді.
Кесімді еңбекақы өнімнің саны мен сапасына тәуелді, ол төмендегі
формула бойынша анықталады:
Еа=Кб*Өм
мұнда Еа - еңбекақы;
Кб - өнім бірлігінің кесімді бағалануы;
Өм - өндірілген өнімнің (қызметтің) мөлшері.
Кесімді еңбекақыны төмендегідей түрлеріне бөлуге болады:
• тікелей немесе жай кесімді;
• жанама кесімді;
• кесімді - сыйлықты;
• үдемелі - кесімді;
• аккордтты - кесімді.
Жұмысшылардың еңбекақысы жеке және ұжымды болып жүйеленеді.
Тікелей немесе жай кесімді жүйеде еңбекақы өнім өндіру бірлігіндегі
бағалау бойынша төленеді. Оны мына формуламен анықтайды:
Ер = Ес Өс, немесе Ер = Ес * tм,
мұнда Ес - орындалатын жұмысқа тиісті белгіленген разрядтағы, графиктік
сағат еңбекақы мөлшері, теңгес;
Өс — нақты өнімді шығарудағы сағат мөлшері;
tм - өнім (жұмыс) бірлігіне бөлінетін уақыт мөлшері, С.
Жұмысшының жалды еңбегін кесімді бағалауда есепті мезгілдегі өнімді
өндіру санына көбейту арқылы анықталады.
Жанама кесімді еңбекақы төлеу түрі – тікелей еңбек қорытындысына
байланысты, кесімді жұмысшылардың істеген еңбегіне қарай еңбекақы көлемі
белгіленеді. Бұл жүйе бойынша көмекші жұмысшыларға (реттеуішлерге,
баптаушыларға т.б.) еңбекақы төленеді.
Жанама кесімді бағалану (Еж) жұмысшысының жай қызмет атқаратын өндіру
мөлшерін есепке ала отырып және олардың саны формула бойынша есептеледі:
Еж = Ес Өс * Ж (өнім немесе жұмыс бірлігіне, теңге)
мұнда Ес — қызмет атқаратын жұмысшыға төленетін жанама еңбекақы жүйе
бойынша еңбекақы мөлшерінің тарифі, теңге;
Өс – қызмет атқаратын бір жұмысшының (объектілер, агрегаттар) өнім
бірлігіне сағаттың өндіру мөлшері (еңбек өнімділігі);
Ж – қызмет атқаратын жұмысшалар саны (объектілер, агрегаттар) - қызмет
атқару мөлшері.
Жұмысшылардың жалпы еңбекақысын, бір жерде қызмет атқарып кесімді
ақыдағы көмекші жұмысшылардың еңбекақы мөлшерін орта пайыз орындалған
мөлшеріне көбейту арқылы, таза бір жерде жанама кесімді еңбекақы бағалауын
қызмет атқаратын жұмысшылардың нақты өнім шығару көлеміне көбейту тәсілінде
анықтауға болады:
Ежалп = ЕсНкөмУ100,
мұнда Ежалп - жұмысшының жалпы еңбекақысы, теңге;
Ес — жанама еңбекақы төлеуге көшірілген көмекші жұмысшылардың еңбекақы
мөлшерінің сағат тарифы, теңге;
Нкөм – көмекші жұмысшылардың нақты игерген адам — сағат мәлімет саны;
У – объектілерде, агрегаттарда жұмысшылардың қызмет атқарған барлық
жұмысшының орта өлшемдегі игеріп орындалған мөлшер пайызы.
Ежалп=Ежан jӨнақJ,
мұнда, Ежан - қызмет атқарған J - і өндірілген өнім бірлігінің жанама
кесімді бағалануы, теңге;
Өнақ – қызмет атқарған J — і жұмысшының тиісті бірлік өлшемінде белгілі
мерзімде өндірген өнімнің нақты саны.
Аккордты кесімді еңбекақы төлеу жұмыстың барлық көлеміне төлейтін
ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған мөлшерлер
бағалымдарды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтайды.
Бұл жүйеде еңбекақы жұмыс мезгілін қысқартқаны үшін жұмысшыларға
сыйлық ақы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz