Кәсіпорын жұмысын жоспарлау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1 Кәсіпорын жұмысын жоспарлау
1.1 Кәсіпорын қызметін жоспарлау мен бағалау
1.2 Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері
1.3 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері

2 Кәсіпорын жұмысының өндірістік бағдарламасы және оның негізгі
көрсеткіштері
2.1 Кәсіпорын қызметінің алға қойылатын мақсаттары
2.2 Кәсіпорын кадрлары, еңбек өнімділіп және еңбекақы төлеу жүйесі
2.3 Кәсіпорын қызметін анықтайтын көрсеткіштер

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Кәсіпорынның жылдық өндіріс бағдарламасына сәйкес келешекте даму
жоспарының негізінде мемлекет тапсырысы, тұтынушылармен шаруашылық келісім-
шарттары және жабдықтаушы мекемелермен өндіріс қуаттылығын анықтайтын өнім
номенклатурасы, өнімді дайындау мерзімі мен өндіріс көлемінің жобасы
анықталады,
Өндіріс бағдарламасы төмендегідей жағдайға қарай анықталады:
- жоспарланған жылы сатылатын өнімнің барлық номенклатурасы және
ассортименті белгіленіп тұтынушылармен келісіледі;
- жоспарланған мезгілде қоймадағы дайын өнім запасы тиеліп жіберген өнім
көлемі, сол сияқты керекті запастардың өндірісте өзгеруі, алдағы мерзімде
күтілетін есептер мөлшері дайындалады;
- аяқталып бітпеген өндіріс деңгейінің мөлшері және оны жоспарлау
мерзімінде орын алатын керекті өзгерістері анықталады.
Өндіріс бағдарламасын жоспарлауда табиғи, еңбек және құндай өлшемдер
қолданады. Табиғи өлшемдер арқылы кәсіпорынның жұмысшылар күшіне,
шикізатқа, отынға, электроқуатына, жабдықтарға қажеттілігі анықталады.
Дегенмен, әртүрлі табиғи көрсеткіштерді жинақтау, біріктіру іс жүзінде
мүмкін емес.

1 Кәсіпорын жұмысын жоспарлау
1.1 Кәсіпорын қызметін жоспарлау мен бағалау

Табиғи өлшемдерді кеңейту шеңберінде шартты-табиғи көрсеткіші
пайдаланады. Бұл жағдайда шартты бірлікте бірдей бұйымның бірін қабылдап,
ал қалғанын еңбек сиымдылығы, материал сиымдылығы немесе басқадай
белгісімен соған қарай теңестіріліп кабылдауға болады, мысалы, майлылығы 40
пайызды қүрайтын сабын, 1 тонна шартты белгідегі отын және т.б.
Өндіріс көлемінде еңбек өлшемін айқындауда, ереже бойынша, мөлшер
-сағат және еңбек өнімділігін, еңбек ақы төлеу мөлшерін, өндіру мөлшерін
және т.б. анықтау үшін табиғи жағымен үйлесуін пайдаланады.
Өндіріс көлемі құн өлшемінде жинақтаушы көрсеткіш ретінде кәсіпорынның
барлық жоспарлар тарауларын бір-бірімен байланыстыратын әмбебап түрінде
қолданады. Өндіріс көлемі тауарлы, жалпы және сатылған өнімдер
көрсеткіштерімен сипатталады.
Тауарлы өнімнің көлемі немесе сатуға арналған дайын өнім мына формула
бойынша анықталады:
Т=Тс+Ткқ+Тжф+Тнқ,
мұнда Тс - сыртқа сатуға дайындалған дайын өнім бұйымдары (қызмет,
жұмыс);
Ткқ - кэсіпорында өзінің шаруашылығына күрделі қаржыға керекті дайын
бұйымның кұны;
Тжф - сыртқа сатуға арналған өзі өндірген жартылай фабрикаттардың
құны;
Тнқ - өзі өндірген негізгі қорлардың құны.
Жалпы өнім көлеміне, жалпы жұмыс көлеміне есепті жылы орындауға
белгіленген және орындалған барлық өнім және қызмет түрлері жатады:
Ж=Т+ (Өс-Өб )+(Ас-Аб),
мұнда Өс, Өб - аяқталып бітпеген өндірістің тиісінше соңындағы және
бастапқы мезгілдегі құны;
Ас, Аб - өзі өндірген арнаулы аспаптар, жартылай фабрикаттардың
тиісінше соңында және бастапқы мезгілдегі құны.
Сатылған өнімнің көлемі – кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерінің бірі,
осымен кәсіпорынның өндіріс-шаруашылық қызметінің қорытындысына баға беруде
қолданылады:
С=Т + (Рб-Рс) - (Тсб-Тсс)
мұнда Рб, Рс- сатылмай қалған өнімнің тиісінше бастапқы және соңғы
мезгілдердегі құны;
Тсб, Тсс - сатып алушыға сақталуға берілген өнімнің тиісінше бастапқы
және соңғы мезгілдердегі құны.
Өнімнің жеке түрлеріне немесе шығарылатын ұйым көлеміне, табиғи
бірліктегі көрсеткіштер (дана, тонна т.б.) белгіленеді. Кәсіпорын бойынша
тауарлы, жалпы және сатылған өнімдер ақшалай көрсеткішінде есептелінеді.

1.2 Жоспарлаудың мәні, методологиялық негіздері және көрсеткіштері

Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын
дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі
жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама, кәсіпорынның
әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау
методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау методологиясына жоспарларды жасаудың түрлері мен әдістері
жатады.
Жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:
• жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есетік-экономикалық
негіздеуді ұлғайту;
• қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
• өндірісті техникалық-экономикалық негіздеу;
• баланстық есептеулер жүргізу;
• өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;
• материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
• еңбек өнімділігін арттыру;
• жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
• жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық-экономикалық
нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді.
Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажеггі шикізат,
материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып
есептеледі.
Норматив дегеніміз - салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының
қолданылуын көрсететін көрсетк
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктерін, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың
жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы
өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.
Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар
бойынша жасалынады:
• нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету
нормасы, жұмысшылар санының нормативі);
• материалдық шығындар нормасы (шикізат, материал, отын, жылу,
энергия, жабдықтардың үлестік нормалары);
• еңбек құрал-жабдықтарын қолдану нормативтері (машиналарды, ірі құрал-
жабдықтарды, механизмдерді, құрал-саймандарды қолдану нормативтері);
• өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының ұзақтығы,
аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның қорлары);
• іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың
жобада берілген өндіріс қуатын игерудің нормасы. Бұл арқылы өндіріс
қуатының қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.

Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек
шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының
қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық
ресурстар шығынының үлестік нормасы арқылы қажетті материалдың жеке түрлері
анықталады.
Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады.
Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы олардың
көрсеткіштерін анықтайды.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
• сандық;
• сапалық;
• көлемдік;
• үлестік.
Сандық көрсеткіштерге – жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі; сатудың
көлемі; жұмысшылардың саны; жалақының қоры; пайда көлемі, әртүрлі
өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге - өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек
өнімділігінің өсуі; өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор
сыйымдылығы; өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Көлемдік кәрсеткіштерге - өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен
факторлардың көлемі жатады.
Үлестік корсеткіштерге – бір-бірімен байланысты бірнеше
көрсеткіштердің арақатынасы жатады; мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен
металл шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және
құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер өндірістің көлемін, материалды ресурстарды
жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері - еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін,
өнім нормасын есептегенде қолданылады. Әдетте норма-сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері - көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы
өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
1.3 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері

Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
• Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі бөлім
болып саналады, Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде
шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге
кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру
жоспарланады.
• Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы - ғылыми-
техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза
өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану,
өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін
қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл
бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады.
Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан
шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру
деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту,
өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру
және тауар өнімінің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын
арттыру, құрал-жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек
өнімділігін қолдану және т.б. жатады.
• Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда
өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері – нақты
еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны, материалдық
ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің негізгі
көрсеткіштері – жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ тұрақтылық,
еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым қорларының
айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.
• Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар
салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар
мен объектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз
етуді, өндірістің технологиясын дамытуды; механикаландыру мен
автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері - өндірістегі негізгі
қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке объектілер мен өндірістік
базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі қаржылардың
көлемі, құрылыс – монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған өндірістің
көлемі.
• Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп
өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық
есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті
материалдық ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы
есептеп шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия
және т.б. үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады,
• Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі
ұлғаюының және оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек
өнімділігін жұйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің
көрсеткіші салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемін
өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады. Бөлімнің
негізгі бір көрсеткіші - жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың орташа
еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны мен
қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгелінеді.
• Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты -
өндіріске кететін шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы
өндірістен алынатын пайданың көлемін табу жәие матерйалдық, еңбек және
қаржы ресурстарын пайдалы түрде қолдану.
• Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер
көрсетіледі - айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету;
кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасы; негізгі өндіріс
қорларын салу және қолдану; пайданы есептеу. Қаржы жоспарының
маңызды бөлімі - несие жоспары.
• Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік
жағдайын, еңбек жағдайын, демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары
қарастырылады.
• Табиғатты қорғау және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану жоспары. Су
ресурстарын, жер ресурстарын, минералдық ресурстарын және әуе бассейнін
сақтау мен дұрыс қолдану жатады. Сонымен бірге аз қалдықты және қалдықсыз
технологиялық процестерді ұйымдастыру, құрамдастырылған өндірістерді
дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және материалды кешенді түрде қолдануды
жоспарлайды.

2 Кәсіпорын жұмысының өндірістіктік бағдарламасы және оның негізгі
көрсеткіштері
2.1 Кәсіпорын қызметінің алға қойылатын мақсаттары

Кәсіпорынның даму жоспарының ең негізгі бөлімі - өнім шығару жоспары
немеее өндірістік бағдарлама. Өндірістік бағдарламаның көрсеткіштері –
тауар өнімдерін өндірудің өсу жолдары, шығарылған өнімнің сапасы, өнім
шығаруды арттыру.
Жоспардағы құн өлшеміндегі өнім көлемін анықтау үшін енім шығару
жоспарының табиғи өлшемдегі көрсеткіші қажет. Табиғи өлшемдерге - тонна,
метр, квтсағат, дана, комплект жатады. Өлшем бірліктері өндірістік
ерекшеліктерін, жоғарғы сапалы және экономикалық тиімді өнімдерді шығару
жолдарын, материал, еңбек, қаржы ресурстарын үнемдеу жолдарын қамтуы керек.
Жоспарда берілген өлшем бірліктер жоспарлау мен өндірісті
ұйымдастырудың барлық бөлімдері үшін міндетті түрде сақталуы керек. Бұл
өндірістік бағдарламаны белгіленген ассортиментте келісім бойынша жабдықтау
жоспарын орындауға және өндірістік бағдарламаны өнімнің сапа
көрсеткіштерімен байланыстыруда аса қажет.
Өнім шығару жоспарының маңызды бір бөлімі - өнімнің сапасын арттыру.
Өнім сапасы өзінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен,
еліміздегі және шетелдердегі техниканың жоғарғы жетістіктеріне сай
болуы керек. Өнім шығару жоспарында өндірістегі ескірген, қазіргі заман
талабына сай емес, тұрып қалған өнімдерді шығаруды тоқтату жолдары
қарастырылады. Сонымен қатар шығарылатын өнімдердің стандарттарға сай
болуы қарастырылады.
Кәсіпорын қызметінің алға қойылатын мақсаты- пайда табу. Болашақтағы
жұмысты белгілей отырып, қанша, қандай көлемде пайда табуға болатындығын
есептеп шығару қажет. Сонымен бірге, бұл бөлімде басқа да мақсаттар
көзделеді: әлеуметтік мақсаттар – тауарлармен атқарылатын қызметтерді
көбейту, экономикалық жағдайларды жақсарту, жаңа мәдени мұралар
қалыптастыру, ғылыми-техникалық, ағартушылық потенциалды ұлғайту, іскерлік
және халықаралық қарым-қатынасты нығайту; кәсіпкердің статусын көтеру,
кәсіпкердің экономикалық потенциалын дамытып, нығайту; басқа да арнайы
мақсаттар – шетелдермен қарым-қатынас жасау; әр түрлі ассоциацияларға мүше
болып кіру; кәсіпкерліктің ерекше мақсаты - әр түрлі қайырымдылық жұмыстар
көрсету

Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері.
Бұл бөлім негізгі бөлім болып есептеледі және мынадай бөліктерден
тұрады:
• басты мақсат;
• өнімнің қысқаша мінездемесі, айрықша ерекшеліктері;
• қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістері;
• жобаны орындау мерзімі;
• шығындар көлемі;

• болжаулы тиімділік пен соңғы нәтижелер;
• нәтижелерді қолдану аясы.
Негізгі жалпы көрсеткіштер:
• өндіріс пен шығарған өнімді сату көлемі;
• пайда түсім көлемі;
• өзіндік құнды азайту және қарызға алған қаражат;
• рентабельділік.
Арнайы көрсеткіштер:
• сатылған тауарлар мен атқарылған қызметтің сапасы, саны және
ерекшеліктері;
• салымдардың қайтарымдылық уақыты;
• жоспарланған нәтижелерге жетудің кепілділігі.

Тұтынушыларға жеткізілетін өнімдер мен атқарылатын қызметтердің мінездемесі
Бұл бөлімнің көрсеткіштері:
• өнімнің сыртқы түрі, сипаттамасы, суреті, безендірілуі және т.б.;
• кәсіпкерлік тауардың тұтынушылары туралы түсініктемелер (тауарға
сұраныс, аймақ, ұйым туралы хабарлар);
• кәсіпкерлік өнімді сату бағасының болжамы.
IV бөлім. Сату нарығын, сату көлемін талдап, бағалау
Бұл бөлімде өндіріс көлемі, сату көлемі анықталады. Маркетингтік зерттеулер
жүргізіліп, бәсекелестер мен баға саясаты және олардың мүмкіншіліктері
зерттеледі.
V бөлім. Ұйымдық шаралар мен жұмыс жасау жоспары
Кәсіпкерлік бағдарламаға – маркетинг, өнім шығару, өнімді сатып алу,
сақтау, тасымалдау, сатып алушыға әртүрлі деңгейдегі қызмет көрсету жатады.
Ұйымдық шараларға – бизнес-жоспарды орындауды басқару, жобаны
басқарудың ұйымдық құрылымы, орындаушылардың іс-әрекетін қадағалау,
еңбекақының арнайы формаларын ұйымдастыру шаралары, кадрларды дайындау,
есептеу және бақылау жатады.
VI бөлім. Ресурстармен қамтамасыз ету
Бұл бөлімде ресурстардың түрлері және көлемі жайында және ресурстарды
қолдану әдістері жайлы анықтамалар беріледі.
Ресурспен қамтамасыз етуге – материалдық ресурстар, еңбек ресурстары,
қаржы ресурстары, ақпарат ресурстары жатады.
VII бөлім. Жобаның тиімділігі
Бұл бизнес-жоспардың соңғы бөлімі, мұнда кәсіпкерліктен алынған
тиімділік есептелінеді.
Тиімділіктің негізгі көрсеткіштеріне – пайда және рентабельділік
көрсеткіші жатады. Сонымен қатар әлеуметтік және ғылыми-техникалық
тиімділік есептелінеді.

2.2 Кәсіпорын кадрлары, еңбек өнімділіп және еңбекақы төлеу жүйесі

Кәсіпорын өндірісіндегі негізгі факторларға еңбек құралы, еңбек заты
және мамандар жатады.
Еңбек – негізгі материалдық және рухани байлық көзі, ал еңбек ететін
мамандар – қоғамның басты өндіргіш күші. Еңбек ететін адамдар – бұлар
әртүрлі қабілеттегі, ынтадағы және талаптағы адамдар.
Еңбек ресурстары дегеніміз – халықтың біраз бөлігі, еңбекке жарамды,
күш жігері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуге тәжірибесі
мол адамдарды айтады.
Халықтың еңбекке жарамдылығы деген ұғым өндірістің шешуші факторы
ретіндегі жұмыс күшін қолдану үрдісінде адамның қолданатын күш-қуат және
интеллектік қабілеттердің жиынтығын білдіреді. Оның үстіне жұмыс күші
тікелей адамның белгілі көлемдегі және сападағы жұмысты орындауына
мүмкіндік беретін білімі мен қабілетін құрайды.
Белгілі уақыттағы еңбек ресурстарының тізімдегі құрамы - мамандардың
және жұмысшылардьщ санын құрайды. Тізімдегі құрамға:
1) негізгі,
2) негізгі емес етіп қызметке қабылданған — тұрақты, уақытша және
маусымдық жұмысшылар саны кіреді.
Тізімдегі құрамға - барлық жұмысқа келген, сонымен бірге демалыстағы,
іс-сапардағы, ауруына сәйкес жұмысқа келе алмаған, өндіріс саласындағы
қызмет атқарып жүрген адамдар кіреді.
Тізім бойынша құрамдағы адамдардың орташа тізімдегі санынан
айырмашылығы апта, ай, тоқсан, жыл аралықтарындағы көрсеткішпен анықталады.
Орта тізімдегі санды — бір ай ішіндегі істеген жұмысшылар санын, бір
айдағы күндерді қосып (демалыс, мейрам күндерін қоса) қосындыны ай ішіндегі
күндерге бөлу арқылы анықтайды. Осы тәсілмен сол сияқты, тоқсан, жылдық
орташа тізімдегі жұмысшылар санын шығарады.
Өндіріс саласында істейтін жұмысшыларды өздерінің өндіріс жұмысына
қатысуына байланысты екі топқа бөлуге болады:
а) өнеркәсіп - өндіріс саласындағы қызмет істеушілер (негізгі қызмет
етушілер);
б) өнеркәсіптік емес мекемелерде (негізгі емес) болып бөлінеді.
Өнеркәсіп-өндіріс саласындағы қызмет істеушілер өздерінің жұмыс
қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді:
а) жұмысшылар және
б) қызметкерлер болып
Жұмысшылар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Кәсіпорында бұлардың
ара қатынасы талдау көрсеткішпен сипатталады.
Негізгі жұмысшылардъщ сандық коэффициентін төмендегі формуламен
анықтаймыз:

Кнж=1-ЖқжЖж
мұнда Кнж- негізгі жұмысшылардың сандық коэффициенті;
Жкж - бөлімшелерде, цехта, кәсіпорында орта тізімдегі қосымша жұмысшылар
саны, адам;
Жж- бөлімшелерде, цехта, кәсіпорында орта тізімдегі, барлық жұмысшылар
саны, адам.
Бөлімшелердегі, цехта, кәсіпорындағы мамандардың құрамы деп әртүрлі
категориядағы, жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық жұмысшылар санына
қатынасын айтамыз.
Мамандардың құрамын талдау жасап анықтағанда
жұмысшылар саны (КЖі) кәсіпорындағы жалпы орта тізімдегі жұмысшылар (Жж)
санына салыстыру арқылы анықталады.
КЖі = Жі Жж, немесе КЖ = (Жі * 100) Жж,
мұнда Жі - орта тізімдегі жұмысшылар сандары (і - категориядағы), адам.

Еңбек ұжымы сан, құрамы жағынан, маманданған деңгейі әр уақытта
тұрақты көлемде болмайды. Олар өзгеріп отырады: кейбір жұмысшы жұмысын
өзгертеді, оның орнына басқа жұмысшы қабылданады. Осындай мамандардың
өзгеріп отыруын – мамандардың ауысуы дейміз.
Кәсіпорында мамандардың осындай жағдайын бірнеше көрсеткіштер
көмегімен анықтап отырады:
1. Мамандардың (жұмысшыладың) ауысу (кету) коэффицинті (Каж) – белгілі
бір уақытта түрлі жағдаймен жұмыстан шығарылған жұмысшылардың санының (Жжш)
дәл сол уақыттағы жалпы ортатізімдегі санына (Жж) қатынасымен анықтайды:
КАЖ = ЖЖШЖЖ*100(%)
2. Мамандарды (жұмысшыларды) қабылдау коэффициенті (Ккж) - белгілі бір
уақытта қабылданған жұмысшылар санының (Жкж) дәл сол уақыттағы жалпы орта
тізімдеті санына (Жж) қатынасымен анықталады:
Ккж= ЖкжЖЖ* 100(%)
3. Мамандардың тұрақсыздық коэффициенті (Ктзж) — белгілі мерзімінде (Жжш)
жалпы жұмысшылар арасында еңбек тәртібін бұзып немесе өз арызымен жұмыстан
шыққан жұмысшылар санының (цехтағы, бөлімшелердегі) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудит түрлеріне сипаттама
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Жоспарлау процесі
Бизнес - жоспарды жасау дәне оның нарық жағдайындағы қажеттілігі
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Кәсіпорынның тауарлық стратегиясы
Кәсіпорынды басқарудағы жоспарлаудың орны
Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің мәселелері
Кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастыру
Пәндер