Франция мемлекетіне жалпы сипаттамасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
1 КӘСІПКЕРЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ЕРЕКШЕ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
1. 1 Кәсіпкерліктің мәні және негізгі ұғымдары . . . 4
1. 2 Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік түрлері және оның дамуы . . . 8
1. 3 Кәсіпкерлікті дамыту жолдары . . . 18
1. 4 АҚШ-тың кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесі, оны Қазақстан экономикасында қолдану мүмкіндігі . . . 22
2 ФРАНЦИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
2. 1 Франция мемлекетіне жалпы сипаттамасы . . . 28
2. 2 Экономикалық өсудің факторлары мен динамикасы . . . 35
2. 3 Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау . . . 41
3 МЕКСИКАНЫҢ ӘКІМШІЛІК-МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙЛАР
3. 1 Мексиканың экономикалық даму тарихы . . . 46
3. 2 Корпорациялар . . . 52
3. 3 Серіктестіктер . . . 56
3. 4 Жеке кәсіпорындар және жұмысбастылық . . . 61
3. 5 Корпоративті емес бизнеске салық салу және ұлттық табыс деңгейі . . . 65
4 НОРВЕГИЯДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІККЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
4. 1 Норвегияның мемлекеттік құрылымы . . . 69
4. 2 Норвегия экономикасы мен индустриясы . . . 71
4. 3 Норвегиядағы кәсіпкерлікті талдау . . . 75
4. 4 Әлемдік нарықтағы Норвегия кәсіпкерлігінің даму жағдайы мен оны дамыту жолдары . . . 82
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 87
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 90
Кіріспе
Қазақстанда осы күнде нарықтық қатынастардың қалыптасу процесі қарқынды дамып келе жатыр. Кәсіпкерлік нарықтық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады, өйткені оның көмегімен нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы іске асады, сонымен ұйымдардың барлық нысандарның арасында ең салмақты үлеске ие.
Кәсіпкерлік - көпқырлы, тарихи және әлеуметтік мағынаға ие, жүзжылдықтар барысында адам өмірінің ажырамас элементі, шаруашылықтың жаңа нысандарын жетілдіруге қажетті бөлігі ретінде дамыған құбылыс. Кәсіпкерлік пен оның түрлерінің мемлекет тарапынан болған тікелей әсер көмегімен болған эволюциясы процесінде қазіргі заманғы дамыған елдерге тән нарықтық экономика қалыптасты. Ол шаруашылық қызмет ретінде шаруашылық нысандарының көптүрлілігін ынталандырады, жеткілікті мөлшерде ішкішаруашылық дамуды күшейтеді, халықтың жұмысбастылығын кеңейтеді. Кәсіпкерлік пен оның түрлерін тиімді дамыту экономикалық жүйелерді құрылымдау мен олардың әлемдік нарықтық шаруашылыққа интеграциялануының басты мәселесі болып табылады. Ал дамушы нарықтық жүйелер үшін бұл, сонымен - әлеуметтік- экономикалық мәселелер кешенін сәтті шешуге мүмкіндік беретін қоғамдағы іскерлік белсенділікті арттырудың негізі.
Кәсіпкерлік - экономиканың барлық сфералары мен шаруашылық салаларына таралатын ерекше қырлы экономикалық қызмет түрі. Сол себептен ол түрлі болып келеді. Кез келген бизнес белгілі бір деңгейде өндіріс циклінің негізгі фазаларымен - өнім өндірісі мен қызмет көрсету, тауарлар айырбасы мен орналастырылуы, олардың тұтынылуы, байланысты болғандықтан кәсіпкерлік қызметтің келесідей түрлері ажыратылады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, консалтингтік кәсіпкерлік. Әқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен сипаттамаларына қарамастан, олар өзара тығыз байланысқан, олардың жиынтығынсыз экономикалық қатынастардың туындауы мен жүзеге асырылуын елесету мүмкін емес.
Жылдан жылға кәсіпкерлік сферасы қоғамның түрлі топтары үшін тартымды болып келеді, сол кезде әрбір дамушы жүйе өзінде бүкіл әлеуметтік потенциалдың тұрақтылғын қамтамасыз ететін орта тап үшін негізді қалыптастырады. Кәсіпкерлік сферасының кеңеюі алдыңғы кезде экономикалық прогреске объективті қажетті оның тиімді диверсификациясын қамтамасыз етуі керек.
Нарықтық жүйеге өту - бұл кәсіпкерлік экономикаға өту. Кәсіпкерліктің дамуына бар жағдайларды жасау өтпелі экномиканың трансформациялық өзгерулерінің маңызды құраушысы болып табылады. Осыған байланысты кәсіпкерлік пен оның түрлері дамуының заңдылықтары мен тән ерекшеліктерін айқындау үлкен маңызға ие.
Сонымен қатар, кәсіпкерліктің түрлерін, олардың жіктелуі мен әрқайсысына тән ерекшеліктерін жан- жақты бөліп көрсету. Мұндағы мақсат- кәсіпкерліктің Қазақстандағы дамуы мен қазіргі жағдайын анықтап, оның негізгі ерекшеліктерін, еліміздегі кәсіпкерлікті қолдау шаралары мен олардың жүзеге асырылуын қарастыру; кәсіпкерлік сферасын дамытуда алда тұрған өзекті мәселелерді айқындай отырып, оларды шешу жолдарын ұсыну.
1 КӘСІПКЕРЛІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ
ЕРЕКШЕ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ
1. 1 Кәсіпкерліктің мәні және негізгі ұғымдары
Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір істі істей білу. Іс істеу адамның белсенділігі және іскерлігі. Адамдардың белсенділігі әртүрлі болады: саяси, әлеуметтік, экономикалық, әскери, тарихи т. б. болып бөлінеді.
«Кәсіпкерлік» деген ұғым өмірде экономикалық белсенділікте қолданылады. Экономикалық белсенділік - бұл барлық энергетикалық процесс тауар өндірісі мен айырбас арқылы пайда табумен байланысты.
Өндірісте, айырбаста шектелген белсенділігін емес, адамдардың жан-жақты белсенділігін және іскерлігін талап етеді. Сондықтан экономикалық белсенділік, іскерлік еріксіз немесе еркін болуы керек.
Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал, оның дамуы орта ғасырдан басталды: көпестер, саудагерлер, қол өнер қызметкерлері.
Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал-жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы түрі болатын.
ХVI ғасырдың ортасынан бастап акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы, 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы, Оңтүстік Индия сауда компаниясы, XVII ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан жалғасып келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр І патшалық ету кезеңінде кәсіпкерлік ерекше дамыды, бірақ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлік те дамыды, 1861 жылдың реформадан кейін темір жол құрылысы, ауыр өнеркәсіп салалары орын алды.
Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестіктер (партнерлер) : арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациясы, әртүрлі бірлестіктер (корпорациялар) .
Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:
- дербестілік
- тәуелсіздік
- экономикалық ынталылық
- шаруашылық тәуекел
- жеке жауапкершілік
- жаңашылдық
Экономиканың негізін екі фундаменталды ақиқат құрайды және олар шын мәнінде экономиканың барлық проблемаларын қамтиды.
Бірінші ақиқат: қоғамның материалдық қажеттілігін шексіз дейді.
Екінші ақиқат: экономикалық ресурстар шекті немесе сирек.
Экономикалық ресурстар дегеніміз не? Бұл - тауар өндіруде қолданылатын барлық табиғат, адам және адамдардың өндірген құрал жабдық ресурстары. Олар: фабрикат, зауыт және ауыл шаруашылық құрылыстары, әртүрлі жабдықтар, инструменттер, өндірістік тауарлар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге қолдагылатын машиналар; әртүрлі транспорттар, баланс құралдары; материалдық байлықты өндіруге қолданылатын машиналар және қатынасатын алуан түрлі еңбектер; жер және қазбалы байлықтар.
Олар мынандай үлкен екі категорияға бөлінеді:
- материалдық ресурстар - жер, оның табиғи байлығы және капитал;
- адамдар ресурстары - еңбек және кәсіпкерлік қабілеттілігі;
- кәсіпкерлік қабілеттілігі - адамдардың ерекше таланттылығы. Оны түсіну үшін кәсіпкердің 4 функциясын түсіну керек.
- Кәсіпкер барлық ресурстарды: жер, капитал және еңбекті өнім өндіру процесіне қосу ынтасын өз жауапкершілігіне алады, яғни өндірістің қозғаушы күші, себебі істеген ісі пайда беретініне сенеді.
- Кәсіпкер өндіріс процесінде барлық негізгі шешімдерді өз қолына алады және фирманың не кәсіпорынның іс бағытын айқындайды.
- Кәсіпкер - бұл жаңашыл, коммерциялық негізде жаңа тауарды өндіруді, жаңа технологияны енгізу, бизнесті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге аянбай, жұмыс істейтің кісі.
- Кәсіпкер - бұл тәуекелге баратын кісі. Тәуекелге бару үшін істелетін істің егжей-тегжейін айқын талдап, қорытындысында не болатының білген жөн.
Кәсіпкер тек қана өз уақытын, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің және өзінің серіктестерінің немесе акционерлердің қаржыларын тәуекелге салады.
Кәсіпкерлік істің қозғаушы күші - мол пайда табу.
Жоғарыда көрсетілген ресурстар, яғни өндіріс факторлары жеке кәсіпорындарға ақшалай табыс ретінде беріледі.
1. Материалдық ресурстар бергені үшін капиталға пайыз алады.
2. Жер, су бергеніне рента алады.
3. Жұмыс күшін жалдағаны үшін еңбекақы алады.
4. Кәсіпкерлік табысты пайда деп атайды, ол зиян да болуы мүмкін.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін ең алдымен оған экономикалық жағдай керек.
Олар: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері; тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі; еңбекақы қорының артық-кемдігі; қарыз не несие беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек т. б.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін нарықтың инфрақұрылымы болуы керек: банктер, шикізат, материал, құрал-жабдықтар сатушылар; тауарды тұтынушыларға дейін жеткізетін мекемелер; заң; бухгалтерлік т. б. қызмет көрсететін мекемелер; еңбекке орналастыру агенттігі; оқу орындары; жарнама; көлік; сақтандыру; байланыс; ақпарат т. б. мекемелері.
Әлеуметтік жағдай. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамын, төлем қабілеттілігін бар сұранысы болуы шарт. Оған қоғамның рухани даму дәрежесі және діни нормалар ықпалын тигізеді.
Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орындағы жағдайы, еңбекақы мөлшерімен байланысты.
1. 2 Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік
түрлері және оның дамуы
Нарықты экономика кәсіпкерліктің төмендегідей түрлері бар:
1) Ақпараттың міндетіне қарай кәсіпкерлік :
- өнеркәсіптік;
- коммерциялық;
- қаржылық;
- аймақтық;
- консультациялық.
2) Меншік түрлері бойынша:
- жеке меншік;
- мемлекеттік;
- жергілікті;
- қоғамдық құрылымдар меншігі.
3) Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс:
- жеке адамның;
- ұжымдық құрылымы болуы керек.
4) Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді:
- ұжымдық праволық;
- ұжымдық экономикалық.
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер:
Серіктестер - адамдардың бірлестігі, онда екі және оданда көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар: 1) толық серіктестіктер, 2) командиттік (сенімге негізделген) серіктестіктер жауапкершіліктері шектелген.
Ұжымдар өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мүшелерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.
Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.
Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары:
1. Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әртүрлі кломпаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
2. Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорындарының негізгі мақсаты ғылыми-техноикалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттемелерді бірігіп шешу.
3. Консорциум - бұл ірі қаржылық операциясын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
4. Синдикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
5. Картель - тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
6. Қаржылық - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және мауда капиталының бірлестігі.
Кәсіпкерлік істің түрлері:
- өндірістік кәсіпкерлік;
- коммерциялық кәсіпкерлік;
- қаржылық кәсіпкерлік;
- консультациялық кәсіпкерлік.
Кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігің білу керек.
1) Өндірістік кәсіпкерлік - бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі . Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
2) Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері . Тауар биржалары ең көп тараған бір қалыпты жұмыс істейтің көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фъючерлік айырбас келісімдері жасалады.
3) Қаржылық кәсіпкерлік негізінен коммерциялық банкілер және қор биржалары кіреді. Коммерциялық банкілер - бұл қаржы-несие мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар көпшілікке коммерциялық кәсіпорындарға несие береді, ол үшін пайызставкасымен берген несиесін қайырады.
4) Консультативтік кәсіпкерлік - бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынадай жұмыстар істеледі; қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағытталу туралы қаржылық, шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т. б. көрсетіледі.
Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық түрлердегі кәсіпкерліктер құрылуда:
1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайдасын қосып сонан салық төлейді.
2. Командативтік серіктестік - барлық серіктестіктер мүшелері серіктесік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкерщілікке алады.
3. Шектелген жауакершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
6. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.
7. Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Ол кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады.
Жаңадан кәсіпорын құрудың бастапқы кезеңінде құрушылар құрамы анықталады, құру құжаттары жасақталады:
- Кәсіпорынның жарғысы.
- Кәсіпорын құру және оның қызметі жөнінде келісім. Онда ұйымдастыру құқықтық түрлері көрсетілуі тиіс.
- Директор мен тексеру комиссиясының төрағасын сайланған қоғам мүшелерінің жиналысының хаттамасы.
- Банкте құралатын кәсіпорынның шоты ашылуы керек, оған жарғылық капиталдың 50 пайыздан кем емес қаржысы түсу керек. Кәсіпорын жергілікті әкімшілік органдарда тіркелуі міндетті.
Мемлекеттік тіркеуден өту үшін жаңадан құрылатын кәсіпорын мынадай құжаттарды даярлайды:
- құрылтайшының арызы;
- кәсіпорынның жарғысы;
- кәсіпорынды құру және оның жұмысы туралы құрылтайшылар шарты;
- мемлекеттік пошлинаны төлегені туралы куәлік.
Егер кәсіпорын акционерлік қоғам түрінде құрылатын болса, онда оның құрылтайшылары акцияға жазылуды іске асыру керек. Егер ашық акционерлік қоғам құрылатын болса, ол жөнінде келешекте акцияға жазылу жүретіні туралы хабарлама болады, онда болашақ акционерлік қоғамның мақсаты және жұмыс істеу мерзімі, құрылтайшылар құрамы және құрылтай конференциясын өткізу уақыты, белгіленген жарғылық қордың мөлшері, акциялардың түрі мен саны, оның номиналдық құны, акцияға жазылудың басталу және аяқталу мерзімдері және басқа да керекті мәліметтер болады. Акцияға жазылғандар құрылтай конференциясын ашылғанша акцияның 30 пайызын номиналдық құнын төлеу керек. Егер барлық акция тек қана құрылтайшылар арасында бөлінетін болса, онда жарнаның мөлшері акция құнының 50 пайызынан кем болмауы керек. Акционер акцияны 1 жыл ішінде түгел сатып алуға тиіс.
1. Басқарудың басты мақсаттары кәсіпкер өзін шаруашылық кеңістіктегі ортада табу, сондықтан нарықтағы жағдайды білу, оны зерттеу, қарыз жеңілдіктері және салық жеңілдіктері т. б.
2. Кәсіпкер өзінің кәсіпорынның мамандануын қарастыру, бірте-бірте шоғырландыру жағдайын көздеу.
3. Кәсіпкерліктің түрлерін таңдау, яғни жеке дербес пе, әлде ұжымдық па? Егер дербес кәсіпкерлік болса, ол өзін тәуекеліне, үрейін де ескеріп іске кіріседі. Егер тәуекелі іске аспаса меншік иесі өзінің мүлкімен жауап береді, берілген міндеттемелері бойынша төлемін төлейді. Егер кәсіпкер ұжымдық түрлерді талғаса, ол уақытта жауапкершілікті кәсіпорын бойынша серіктестермен бірге жауап береді. Ол тәуекелді белсендетеді және қосымша ресурстар қосу мүмкіндігі болады. Келесі қадам - өндіріс базасын жасақтау, арендаға ғимараттар алу, өнідірістік, қоймалық жабдықтар, станоктар, өндірістік басқа да құрал-жабдықтар. Жұмыс күшін жинастыру және іске қосу.
Кәсіпкерлікті басқару жұмысының керек ететіні:
1. Көңілді нарыққа аудару.
2. Қолда бар ақшаны жұмсауды жоспарлау, реттеу.
3. Егер үлкен кәсіпорын болса, оның жоғарғы басқару кеңесін құру.
4. Өзінің күшімен мүмкіндігін тиімді пайдалану үшін жауапты участкелерін анықтау.
Өндірістік қызметпен байланысты кәсіпорын құрылғанда техника-экономикалық дәлелділігін анықтауға келесі жұмыстар кіреді:
1. Өндіріске жоспарланған тауар, өнім, қызметтерге сұранысты талдау.
2. Өндірістік көрсеткіштер.
3. Конструкциялық, технологиялық және басқа да керекті құжаттардың болуын тексеру.
4. Өндірістік бағдарлама.
5. Бағдарламаны іске асыруға қажет машиналар, жабдықтар, аспаптар және басқа да негізгі өндірістік қорлар, сонымен бірге шикізат, материалдың барын анықтау.
6. Өндірістік қуаттың барын тексеру немесе оны жасақтау жобасы.
7. Қолда бар жабдықтар және негізгі өндірістік қорлардың басқа да элементтері.
8. Жеке өнімдер және қызметтердің рентабельділігі.
9. Амортизациялық қайтарым мөлшері.
10. Қаржылық көрсеткіштер.
11. Өткізілетін өнімнен болжамды түсім мөлшері.
12. Материалдық және басқа да болжамды түсім мөлшері.
13. Бюджетке аударылатын қайтарым мөлшері.
14. Таза пайда.
15. Еңбекақы төлеу қоры.
Қазақстан Республикасы макроэкономикалық реттелген нарықтық қатынасқа өтуге тек қана бірінші қадам басты. Нарықтық экономиканы реттеуге мемлекет кірісуі керек пе деген сауал бірнеше ғасырлар бойы қойылып келеді.
Нобель сыйлығының лауреаты Василий Леонтьев экономиканың қызмет істеуін жел қайыққа ұқсатады: «Іс жақсы жүру үшін жел керек - ол мүдде. Руль - мемлекеттік реттеу».
Швецияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтің пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік».
Қазіргі экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нақты реттеуге араласуы керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.
Осы мәселе жөнінде атақты ағылшын экономисті Дж. М. Кейнс (1883-1946 ж. ж. ) жан-жақты дәлелді теориялық қорытынды берген. Оның теориялық қорытындылары 1929-1939 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда тәжірибелік қолдау алды.
Сонымен, Кейнс теориясының мағынасы келесідей: жұмыссыздық жойылса - халықта табыс көбееді, табыстың көбеюі - сұранысты арттырады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен егемендігін алғасын нарықтық экономикалы қоғамды құратынын жариялады. Осы мақсаттарда кішкентай уақыт ішінде республикада көптеген заңдар қабылданды. Кәсіпкерлік дамуына серпін берген заңдар мыналар болды: «Қазақстандағы кәсіпкерліктің шаруашылық қызметі мен даму еркіндігі туралы» Заң (1991), «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» Заң (1992) . 1994 жылдың басына жеке кәсіпорындар саны 15, 7мыңды, ал жұмысбастылар саны 164мың адам болды. Кәсіпкерліктің төрт түрінің ішінде бірінші орынға өндіріс, тіпті делдалдық емес, коммерция шықты. Осы екі заң ұзақ уақыт бойы жеке кәсіпкерлер қызметінің құқықтық негізі болды. Олар жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі нысандары мен тәсілдерін анықтайды, мемлекеттің қызметке тікелей араласудан бас тарту саясатын мығымдайды, жеке кәсіпкерліктің максималды еркіндігін қамтамасыз етеді.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған ҚР Конституциясында 25 баптың 4 статьясы мықты позицияларға ие болды, онда әр азаматтың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы бар екендігі айтылған. 1997жылдың наурызында ҚР Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды жеделдету мен мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы» Жарғысы қабылданды. Бұл қарқынды заң шығарушылық процесс 1997жылы 19 мамырында қабылданған «Жеке кәспорын туралы» Заңмен және 1997 жылы 7 маусымындағы ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғаудың басым және аймақтық бағдарламалары туралы» Жарғысымен аяқталды.
Енді кәсіпкерлік түрлері Қазақстандағы қалыптасуына қысқаша тоқталып кетер болсақ, өндірістік кәсіпкерлік нарықтық экономикаға өту барысында қажетті жағдайлардың болмауына байланысты негативті өзгертулерге ұшырады: шаруашылық байланыстар құлдырады, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бұзылды, өнімдерді өткізу деңгейі төмендеді, кәсіпорындардың қаржылық жағдайы нашарлады, тәуекел деңгейі жоғарылады.
Нарыққа өтудің алғашқы жылдарында неғұрлым жақсы дамыған коммерциялық кәсіпкерлік болды. Бұнда нәтижеге қол жеткізу тез болады. Ертерек біраз шектелген бұл сфера негізінен жеке кәсіпкерлік түрінде дами бастады (кесте 3. 1, кесте 3. 2) . Бұнда өз күштерін көптеген жігерлі, инициативті адамдар бағыттады, олардың арасында бұрын «көлеңкелі» экономикаға қатысты болғандар да әрекет етті. Бұл саланың өзіне тартқан бір себебі жоғары рентабельділік болды. Егер өндірістік кәсіпкерліктегі оның деңгейі 10-20% болса, коммерциялық кәсіпкерлікте 20-30%.
Қаржылық кәсіпкерлік алдыңғы кәсіпкерлік түрлеріндей жоғары рентабельділік деңгейін қамтамасыз ете алмайды: 5-10%. Алайда кәсіпкерліктің бұл түрі айналыс, құндылықтар айырбасы қызметімен және басқа кәсіпкерлік түрлерімен тығыз байланысты болғандықтан ол мемлекеттік қолдуға ие болды. Коммерциялық банктер - қаржылық кәсіпкерліктің кең тараған субъектілері - көбі акционерлік қоғамдар түрінде құрылған, нарық дамуына байланысты ақша айналысы қарқыны үлкен болғандықтан бұл сектор қызметі жанданған, активтері белсенді болып келген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz