Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Кәсіпкерліктің дамуының теориялық негіздері
2. 2. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
2. 3. Кәсіпкерліктіктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері
2. 4. Кәсіпорындардың шығындары және олардың түрлері
2. 5. Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдалаынлған әдебиеттер
І. Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларды іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда - мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні - экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.
Бұл зерттеудің өзектілігі соңғы уақытта көптеген ТМД елдерінде кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеп кетуінен туындап отыр. Қайта құрылған кәсіпорындардың көбісі барлық мүмкін болатын нұсқауларға, салықтарға, шектеулерге шыдай алмай жабылып қалды. Тек шағын фирмалар ғана емес, сондай-ақ ірі өндірістік алыптардың да жабылу қаупі бар. Кәсіпкерлік әзірге экономиканың белсенді қоректендірушісі бола қойған жоқ, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Мұндай жағдайлардың себептерінің бірі фирманы тікелей басқару деңгейі мен аймақтық басқару деңгейінің және мемлекеттік деңгейде қамтылған кәсіпкерлікті басқарудың тұтас жүйесінің жоқтығы, сондай-ақ жеке салаларда кәсіпкеплікті дамытуды қамтамасыз ететін тиімді механизмнің жоқтығы болып табылады, Қазіргі мол шетелдік кәсіпкерлік тәжірибеге қарамастан, транзиттік экономикасы бар елдердің ерекшеліктерін есепке ала отырып, шағын фирмаларды құру және жұмыс істеудің тәжірибелік мәселелерін зерттеуге, шағын және орта бизнесті анықтауға, кәсіпкерліктің теориялық аспектілерін, сонымен қатар, кәсіпкерлік феноменінің маңыздылығын зерттеуге арналған бірқатар нақты зерттеулер жасау қажеттілігі бар.
Кәсікерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік, атап айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және олардың 6%-і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытуға Д. Лонгенеко (Longenecker Justin G) У. Петти (J. Willam Petty), К. Моор (Сагlos W. Мооrе) сияқты американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.
Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономикалық көзқарастары ғана қарастырылғандығын айтуымыз керек. XIX ғасыр басында-ақ Жан Батист Сэй кәсіпкерлікті жер, еңбек және капиталмен бірге негізгі өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған. Көптеген жылдар бойы экономист ғалымдар еңбек, жер және қаржы ресурстарын басқару проблемаларымен шұғылдануда. Бірақ, кәсіпкерлікті басқару мәселесі негізгі өндіріс факторы ретінде әлі күнге дейін бірінші орынға қойылған жоқ. Бұл зерттеуде менеджмент (басқару) тұрғысынан кәсіпкерлікті дамытудың концепциялық әдісі талданады. Кітапта ұсынылған концепция бүгінгі таңда аз зерттелген және мүлдем әзірленбеген дерлік.
2. 1. Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның (Rісһагd Сапtіlliоn) еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік -бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.
Алғашқыда "кәсіпкерлік" термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәукел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды (таблица 1. 1 . ) . Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
Кейінірек ХVIII-ғасырдың екінші жартысында Квисней (Ouesnеу) сияқты физиократтар кәсіпкерлік концепциясын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырып, бұл анықтамаға өндіріс процесін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық ресурстарға ие болу қажеттілігі де енгізілді. Олардың түсінігінше кәсіпкер өнім өндірісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.
Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде (Nikolas Ваudeau 1767) өндірушелер мен фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады. Бауде еңбек өнімділігінің ұлғаюындағы ғылым мен технологияның мағыздылығына әрдайым ерекше көңіл аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді капиталмен қамтамасыз етеді, олар өз кезегінде, бұл қаржы құралдарын шикізат алуға жөне жұмысшыларға еңбек ақы төлеуге пайдалана отырып, тәуекелге барады.
1. 1-кесте.
"Кәсіпкерлік" терминіне деген әртүрлі көзқарастардың эволюциясы
Ғалымның фамилиясы,
аты, жарияланған жылы
Ричард Кантиллион
(1725)
• Кәсіпкер - өзіне-өзі жұмыс орнын жасайтын адам.
• Кәсіпкер тұрлаусыздық және тәуекелдік жағдайында жұмыс істейді.
Кәсіпкер нарық талаптарына сай іс-әрекет жасауы керек.
Николас Бауде
(1767)
• Кәсіпкер ең алдымен жаңартпа менеджері
• Меншіктенуші мен кәсіпкер арасында
айырмашылықтар бар
• Кәсіпкерлерді қолдап және арнайы оқытып отыру қажет
Жан Батист Сэй
(1810)
•Кәсіпкерлік еңбек те - еңбек, жер,
капитал сияқты негізгі өндіріс факторы
•Кәсіпкерлер - белгілі бір моралдық жөне кәсіби қасиеттерге ие болулары қажет
•Кәсіпкер тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істейді және әрдайым кәсіпорынның алдында тұрған қиыншылықтарды жеңіп отыруға мәжбүр
Карл Менджер
(1871)
Альфред Маршалл
(1890)
Джозеф Шумппетер
(1910)
• Кәсіпкердің міндеті - капиталды, еңбекті іске қосу, жоспар құру және оның орындалуын ұйымдастыру
• Кәсіпкерліктің мәні өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастырудан тұрады
• Кәсіпкерлік қызметтің бағыттары:
1) жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер; 2) жаңа өндіріс әдістері;
3) жаңа өткізу нарықтары; 4) жаңа жабдықтау көздері; 5) жаңа ұйым түрлері
Франк Найт
(1921)
•Кәсіпкер - әлеуметтік-экономикалық жаңартпашы. Кәсіпкер өз еңбегімен пайданың жаңа түрін жасайды - кәсіпкерлік табыс
•Кәсіпкер бір мезгілде капитал меншіктенушісі де болуы керек
•Кәсіпкердің негізгі міндеттері - ұйымдастыру және бақылау
Давид Макклеланд
(1967)
Питер Друкер
(1964)
•Кәсіпкер болашақ нөтижелерді болжай алу, тәуекел ете алу және жігерлік сияқты қасиеттерге ие болуы керек
•бірінші рет пайда табуға мүмкіндік категориясын енгізеді
•Кәсіпкердің міндеті - ресурстарды тиімдшіп төмен саладан, тиімділігі жоғары салаға ауыстыру
Кәсіпкер әртүрлі нарықтық жағдайларда жұмыс істей білуі қажет: тұрақты нарық жағдайында сондай-ақ жаңа, белгісіз нарық жағдайында1
Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ тәуекел деңгейін тек білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттады. Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, ол сол кезде-ақ монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті. Көріп отырғанымыздай, XVIII ғасырдың ортасында Бауде біздің уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді көтерген.
1776 жылы Адам Смит (Адаm Smith) өзінің "Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу" атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді, ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша "Өндіріс шеберлері" келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет:
• Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;
• Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу;
• Өз бойына әдеттілік, бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты моралдық қасиеттерді қалыптастыру;
• Сол немесе басқа тауардың ерекшелігі мен маңыздылығын, оны өндіру әдістері мен болжамды сұранысын жеткілікті дәрежеде нақты бағалай білу жағдайында (хәлінде) болу.
Кәсіпкерлер әрдайым алдына қойылған мақсаттарды және экономикалық көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып, керекті қызметкерлерді тарта білулері, қажетті материалдарды ала білулері және сатып алушыларды таба білулері керек, сонымен қатар, басқаша айтқанда олар әкімшілік ету мен басқару шеберлігіне ие болулары керек. Олар өнімді сатудан бұрын, оның бағасы мен кұнын дұрыс есептей білулері керек. Көрсетілген сипаттамалардан, Жан Батист Сэйдің кәсіпкерді қарапайым емес, дарынды менеджер ретінде көрсеткені көрініп тұр.
Субъективті австралиялық экономикалық мектептің негізін қалаушы Карл Менджердің кәсіпкердің шешім қабылдау концепциясын жасауға қосқан үлесі аз емес. Ол белгілі бір тәуекелді мойнына алу, кәсіпкердің қызметінде үлкен рөл ойнамайтындығын сендірді. Тәуекелдер - өте сирек кездесетін және элизодтық сипаты бар құбылыс. Менджер кәсіпкердің қажетті ресурстарды табу және өнімді өндіру түрін таңдау туралы шешім қабылдау процесінің 4 негізгі сатыларын жасады:
а) экономикалық жағдай туралы мәліметтер жинау;
б) экономикалық есеп (әртүрлі өндіріс әдістерінің ішінен анағұрлым тиімдісін таңдау) ;
в) кәсіпорынның мақсаттарына ең көп сай келетін өнімді таңдау;
г) негізгі экономикалық нәтижелерге жету мақсатында өндіріс жоспарының орындалуын басқару.
1890 жылы кәсіби менеджмент салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болды, бірақ біз осы уақытта-ақ Альфред Маршалдың, кәсіпкер мен менеджердің (әкімдердің) арасында айырмашылықтың бар екендігін алғаш рет көрсеткен зерттеулерін табамыз. Менеджер кәсіпорында өте маңызды міндет атқарады, бірақ Маршалдың пікірінше, тек кәсіпкер ғана бизнестің табыстылығына байланысты толық жауапкершілік пен тәуекелді өз мойнына алады, сондықтан ол менеджерге әрі кәсіпкерге қажетті қасиеттерге ие болуы тиіс. Сонымен бірге Маршал, өте онды кәсіпкерді сипаттайтын қасиеттердің көп екендігін және тек кейбіреулері ғана жоғары дәрежеде сол қасиеттерге ие екендігін атап көрсетеді. Негізінен кәсіпкерлер бір жағынан өте мықты, бір жағынан әлсіз болуы мүмкін, бірақ кәсіпкердің негізгі міндеті капитал мен еңбекті қозғалысқа келтіру, негізгі жоспар мен оны орындаудың егжей-тегжейлі шараларын дайындау болып табылады. Кәсіпорынның өсуімен қатар кәсіпкерлік қабілет те өсуі қажет, сонымен қатар ол өзінің сопылығын, жан-жақтылығын, бастамашыл іс-әрекеттерге деген қабілетін, табандылығын сақтауы керек, тек сонда ғана ол табысты кәсіпкер болып қала алады. Сонымен Маршаллдың сіңірген еңбегі - алғаш рет кәсіпкер мен менеджер арасындағы айырмашылықты жиі көрсетуі. Орта ғасырлық менеджмент тарихын зерттеуші Джозеф Шумпетерді (1910) қазіргі заман кәсіпкерлігінің атасы деп жиі атайды. Өзінің ілімдерінде Шумпетер кәсіпкер бейнесінен жай бизнесті басқаратын менеджер роліне алшақтаған. Кәсіпкердің мәні, бұл оның өндіріс күштерін жаңадан ұйымдастыруы, ұластыруы, ал олардың қозғалысы өз кезегінде өндіріс циклдарының тездетілуіне немесе жалпы экономикалық өсімге алып келеді. Шумпетер кәсіпкердің өз қызметтерінде қолдануға болатын келесі бағыттарды (немесе олардың үйлесімділігін) анықтайды:
1. Жаңа өнімдер немесе қызмет көрсетулер;
2. Жаңа өндіріс әдістері;
З. Жаңа өткізу нарықтары;
4. Жаңа жабдықтау көздері;
З. Жаңа ұйымдастыру түрі.
Джозеф Шумпетер кәсіпкерлерді жәй алыпсатарлар мен инвесторларға қарағанда, әртүрлі бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес құратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атайды. Шумпетер кәсіпкерлік еңбектің ерекшелігі туралы ойын саралай келіп, оның өндіріс құралдары мен әртүрлі материалдардың жай ғана жинақталуынан тұрмайтындығын, ол тауар мен қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, өндірістің жаңа әдісін, жаңа өткізу нарығын, жабдықтаудың жаңа көздерін және ұйымдастырудың жаңа түрін іздеп, енгізу арқылы оларды тиімді қолданудан тұратындығын атап көрсетті. Сонымен қатар олар өз еңбегімен, осы уақытқа дейін теңдесі болмаған пайда табады және ол кәсіпкерлік пайда деп аталады.
Франк Найт (1921) кәсіпкерлік қызметінің өте маңызды белгісі-тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істеу екендігіне ерекше көңіл аударады. Найт пікірі бойынша, кәсіпкер - әртүрлі мүмкін болатын кедергілерді батыл жеңіп шығатын, өзінің көзқарасын әрдайым қорғай алатын адам. Найт тек жалпы түрде ұйымдастыру және бақылау сияқты міндеттерге ерекше көңіл аудара отырып, кәсіпкердің міндеттерін сипаттайды. Бірақ белгілі міндеттерді атқаратын жай менеджерге қарағайда кәсіпкердің мәні үлкен, кәсіпкер өз кәсіпорнының да меншіктенушісі болуы керек, яғни капиталды да басқаруы керек. Мұның үстіне, Найт кәсіпкердің мәні тек белгілі міндеттерді атқаруында да, кәсіпорын құруында да емес, оның тұрлаусыздық жағдайында жұмыс істеу қабілеттілігінде, сыртқы ортада болып жатқан өзгерістерге араласа білуінде деп санады. 2
Кәсіпкер кәсіпорынның пайдасын ұлғайту мақсатында, көз жеткізген тәуекелге өзінің капиталымен баруға дайын болуы керек.
Қазіргі заманғы авторлардың ұстанымдарын қарастырайық. Давид Минкеланд (1961) кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:
- Дәлелденген тәуекелдерге бара білу
- Жігерлік және іскерлік белсенділік
- Жеке, дербес жауапкершілік
- Қабылданатын шешімдердің салдарын білу
- Қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретіндегі пайда
- Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжай білу
- Ұйымдастыру шеберлігі.
Питер Друкер (1964) алғашқылардың бірі болып, кәсіпорынды ұйымдастыруға арналған мүмкіндік ұғымын енгізеді. Жаңа кәсіпорын үшін қорларды іздеу мен орналастырудан бұрын , бизнесті дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие болу керек. Экономистер кәсіпорынның пайдасын көбейту жайлы айтуда. Негізінде, сөз пайда табу мүмкіндіктерін көбейтуде болып отыр. Атап айтқанда кәсіпкердің жұмысы бизнеске қолайлы мүмкіндік іздеуден тұрады, нәтижесінде кәсіпкер қорларды тиімділігі төмен салалардан, жоғарырақ нәтиже беретін салаларға ауыстырады. Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі-тиімділігі жоғары кәсіпорындар құра білу қабілеттілігінде. Питер Друкер мұның сыртында кәсіпкердің бизнестің әртүрлі саласында жұмыс істеуге дайын болу керектігін атап көсетеді.
Харви Либенстейн (1978) кәсіпкерлік белсенділіктің 2 түрін атайды: қызметтің бірінші түрі менеджментке тән ескішілдікке негізделген күнделікті операцияларды орындаумен байланысты, екінші түрі -жаңартпашылық. Қызметтің бірінші түрі орныққан, жақсы зерттелген нарықтық ортада жұмыс істеп түрған кәсіпорынды басқаруды білдіреді. Жаңартпашылық қызмет - жаңа нарықтар жағдайында жұмыс істеу, қызмет көрсету мен өнімнің жаңа түрлерін өндіру. Кәсіпкер әртүрлі нарық жағдайында тиімді жұмыс істей білуі керек.
Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы, материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру процесі ретінде қарастырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, кәсіпкерліктің келесі анықтамасын қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маңыздыларын бөліп көрсетейік. Кәсіпкерлік - жаңа кәсіпорынды құрумен немесе белгілі бір дәрежедегі тәуекелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен байланысты жаңартпашылық қызмет.
Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал сияқты өндіріс факторларын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады. Бірінші кезекте сөз, кәсіпкердің фирманы құрудағы немесе барлық өндіріс факторларының белсенділігін арттыру арқылы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы зор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақытта негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып жүргені кездейсоқтық емес. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника және технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақтарды игеру жүзеге асырылып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.
Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланыстырады. Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің географиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруге немесе жәй фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға және тақырға отырудан құтылуға деген қажеттіліктер жиі туындайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл элементтерін бюджеттік, былайша айтқанда, пайдасыз деп аталатын ұйымдарға да байланысты айтуға болады. (Сур. 1. 1. ) Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, "комсомолдық кәсіпкерлік" басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ақша "қымбат" алынып, "арзан" қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған "СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы" заңы алғаш рет ресмилендірді. 1988 жылы "Кооперация туралы заң" қабылданды. Кооперативтер мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz