Жеке кәсіпкер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе бөлім.
1) Кәсіпкерлік қызмет.
2) Кәсіпкерлік құқықтың әдістері.
ІІ. Негізгі бөлім
3) Шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық).
4) Құрылтай шартындағы тараптар
(құрылтайшылар)

ІІІ. Қорытынды бөлім

Пайдаланылған әдебиеттер

Кәсіпкерлік қызмет.
Кәсіпкерлік құқық дегеніміз – кәсіпкерлік қатынастармен тығыз
байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы
да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік
құқықтың пәні кәсіпкерлік іс - әрекет саласында қалыптасатын қоғамдық
қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланыстағы коммерциялық емес,
кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл
қатынастарды: а) кәсіпкерлік (кәсіпкер мен кәсіпкер арасындағы көлденең
қатынастар) және коммерциялық емес, (мемлекет пен кәсіпкер арасындағы тік
қатынастар) қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және
кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына
мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың
субъектілері бір – бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің
күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы
мәселелерін шешуге құқықтарымен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті
мемлекеттік реттеу барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері
пайдаланылады. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ (тарап) екінші бір
тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін.
Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге
беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не заңды ұйымның
кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтіретін болса,
онда мемлекет сол келтіретін зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете
алады. Бұндай мемлекеттік құзіретті органдар тарапынан берілген кесісдер
кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің
бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлк субъектілерінің
кәсіпкерлік іс - әрекетінің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі
мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым
салуы мүмкін. Келесі әдістердің бірә кепілдеме, ұсыныс беру әдісі.
Тараптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір – біріне ұсыныс жасауға
мүмкіншіліктері бар.
Кәсіпкерлік құқықтық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді.
1) кәсіпкерлік істің еркіндігі – кез келген ақыл – есі дұрыс, жасы
толған адам заңнамаларда көрсетілген талаптарға сәйкес жағдайларда
кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар;
2) Кәсіпкерлік іс барысында пайдаланылатын барлық меншік түрлері
мен түрпішіндерінің құқықтық (заңдық) теңдігі;
3) Бәсеке еркіндігі және монополияны тежеу;
4) Кәсіпкерлік істің негізгі мақсаты пайда табу;
5) Кәсіпкерлік іс барысындағы заңдылық;
6) Кәсіпкерлік мемлекеттік реттеу.
Кәсіпкерлік құқықтың жүйесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен
тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне:
1) кәсіпкерлік құқыққа кіріспе;
2) шел елдердің сауда құқығы;
3) кәсіпкерлік құқықтық қатынастар;
4) банкроттық;
5) республикалық және коммунальдық меншікті мемлекетсіздендіру,
жекешелендіру;
6) кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу;
7) кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық;
8) кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау;
9) экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар
жатады. Ерекше бөлімі: монополистік әрекеті құқықтық реттеу; өнімдердің,
қызмет көрсетудің сапасын құқықтық қамтамасыз ету; баға мен тарифтерді
құқықтық реттеу; инвестицияландыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеУ,
несие мен қарыз беруді құқықтық реттеу; есеп пен бағалауды құқықтық реттеу;
сыртқы кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу; еркін экономикалық аймақтарды
құқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.
Кәсіпкерлік құқықтың деректік негіздеріне (көздеріне) Конституция,
Констиуциялық заңдар, халықаралық шарттар мен келісімдер, заңдар,
Президенттің, Үкіметтің, Парламенттің, жергілікті жердегі атқару және
өкілетті органдарының актілері жатады.
Кәсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар,
мемлекет және аумақтық - әкімшілік бөлімдер жатады. Субьектілердің әрекет
қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі болуы шарт. Қазақстан Республикасының
азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай – ақ азаматтығы жоқ
адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.
Азаматтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және өзге
заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай – ақ
кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік
тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде
есепке алынады. Мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін: 1) жалданбалы
қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланылады; 2) кәсіпкерлік
қызметпен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң
актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық
салынбайтын мөлшерінен атық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсіпкерлер
міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен
айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу жергілікті жердегі
салық органдарында не ауылдық әкімшілікте жүргізіледі.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып,
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым
заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігінде тіркеледі. Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын
келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
нысандарында ғана құрылған мүмкін. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол
құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатыдаы.
Кәсіпкерлік дегеніміз меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен
заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру
арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не
мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекетік
кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердік
атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге
асырылады. Кәсіпкерлік іс – мүліктік құқықтарды қоса алғандағы мүліктің
жиынтығы, жеке кәсіпкер өз қызметін солардың негізінде және солар арқылы
жүзеге асырылады.
Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі
бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік – азаматтардың
өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың
(заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және
азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың
тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын,
азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға
бағытталған бастамашылық қызметі.
Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп
екіге бөлінеді.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі
мүлік негізінде, сондай – ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік
етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырылады.
Бірлескен кәсіпкерлікті азаматтар тобы (жеке кәсіпкерлер) ортақ
меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негіззінде, сондай – ақ
мүлікті бірлесіп пайдалануға және немесе оған билік етуге жол беретін өзге
де құқыққа байланысты жүзеге асырылады.
Шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық). Ауыл шаруашылығына арналған
жерлерді ауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай – ақ сол
өнімді ұқсату және өткізумен тығыз байланысты жеке кәсіпкерлікті жүзеге
асыратын шаруашылық шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық) деп танылады.
Фермерлік шаруашылықтың (шаруа шаруашылығының) түрлеріне:
1) кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортақ меншік базасына негізделген
отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа шаруашылығы;
2) өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермерлік
шаруашылық;
3) бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жай серіктестік түрінде
ұйымдастырылған фермерлік шаруашылық болып табылады. Қазақстан
Республикасының заң актілерімен шаруа шаруашылығының (фермерлік
шаруашылықтың) басқа да түрлері жатқызылуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субьектілерге мыналар жатады: өзіндік кәсіпкерлік
субъектілері; микробизнес субъектілері; шағын кәсіпкерлік субъектілері;
орта кәсіпкерлік субъектілері. Жеке кәсіпкер:
1) еңбек заңдарына сәйкес жалдау бойынша алатын азаматтармен
шарттар (келісімшарттар), сондай –ақ еңбек ұжымдарының талабы бойынша
ұжымдық шарттар жасауға;
2) жалдамалы қызметкерлер өздерінің әлеуметтік – экономикалық
мүдделерін қорғау үшін кәсіптік одақтарға бірігуіне кедергі жасамауға;
3) жалданып жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақыны заң
актілеріне белгіленген ең төменгі мөлшерден кем емес деңдейде төлеуге;
4) қолданып жүрген ережелер мен нормаларды басшылыққа ала
отырып экологиялық қауіпсіздікті, еңбек қорғауды, қауіпсіздік техникасын,
өндірістік гигиена мен санитарияны қамтамасыз ету жөнінде шаралар
қолдануға;
5) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдерді
дер кезінде толық төлеуге және мемлекеттің алдында басқа да қаржы
міндеттемелерін орындауға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға
жататын салаларда қызметіне, арнайы келісім (лицензия) алуға;
7) Қазақстан Республикасының заңдарына көзделген өзге де
талаптарды сақтауға міндетті.
Заңды тұлға құрмаған және заңды тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 10 адамға
дейінгі заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес
субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді.
Заңды тұлға құрамаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 50 адамнан аспайтын
және жыл бойы активтерінің жалпы құны алпыс мың еселенген айлық есептік
көрсеткішпен аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып
табылады.
Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 250 адамнан аспайтын
және жыл бойы активтерінің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген айлық
есептік көрсеткішпен аспайтын заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері
болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің орташа жылдық
саны 250 адамнан аспайтын немесе активтерінің жалпы құны үш жүз жиырма бес
мың еселенген айлық есептік көрсеткішпен асатын заңды тұлғалар ірі бизнес
субъектілері болып табылады.
Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлерінің орташа
жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны алпыс мың
еселенген айлық есептік көрсеткішпен аспайтын заңды тұлғалар шағын
кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне:
заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерлер; толық серіктестік; коммандиттік
серіктестік; жауапкершілігі шектеулі серіктестік; қосымша жауапкершілігі
бар серіктестік; өндірістік кооператив жатады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін
(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және
алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым)
ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік
кооперативнысандарында ғана құрылуы мүмкін.
Коомерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни
бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы
мүмкін.
Заңды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден
бастап, азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке
кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Түрлері: өзіндік, бірлескен
кәсіпкерлік. Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне
тиесілі мүлік негізінде. сондай-ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік
етуге жол беретін өзге де құқыққа, ал бірлескен кәсіпкерлікті жеке
кәсіпкерлер ортак меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде,
сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін
өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырады.
Түрлері:
ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзге асырылатын
ерлі-зайыптылар кәсіп-керлігі;
шаруа фермерлік шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген
тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық
кәсіпкерлік;
кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын
жай серіктестік.
Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтарды
мемлекеттік тіркеу, өзі барып тіркелетін сипатта, оның түрғылықты жері
бойынша аумақтық салық органында (тіркеуші орган) есепке алынуы аркылы
жүзеге асырылады. Егер жеке кәсіпкер лидензиялауға тиісті қызметті жүзеге
асырса, осындай қызметті істейтін болса, онда оны атқаруға лицензиясының
болуы міндетті болып табылады.
Азаматтардың жеке кәсіпкерлігінің мәселелерін Қазақстан Республикасының
1997 ж. 19 мамырдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы", 1998 ж. 31 наурыздағы
"Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Заңдары және т. б, құкықтық-нормативтік
кесімдер реттейді.
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі
бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық
үйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған
пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды тұлға
бола алады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылык
серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында
құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық
қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды
тұлғалар бірлестіктер құра алады ассоциациялар, одақтар.
Заңды тұлғаның құқық кабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері,
тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай
құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны баска заңды тұлғалардан
айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Коммерциялық ұйым болып
табылатын заңды тұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның
тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады,
Бұл мәлімет оның құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Заңды түлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін, яғни
төмендегілер құрылтайшылар бола алады;
мүлікті иеленушілер не олар уәкілдік берген органдар мен
жақтар;
Заңды тұлға өз қызметін, егер заң құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы
не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал заң құжаттарында
коммерциялық емес деп көрсетілген занды тұлға осы түрдегі ұйымдар туралы
жалпы ереже негізінде жұмыс істей алады.
Құрылтай шарты кұрылтайшылардың арасында жасалынады, ал жарғысын
құрылтайшылар бекітеді. Егер коммерциялық ұйымның кұрылтайшысы бір адам
ғана болса, құрылтай шарты жасалынбайды.
Құрылтай шартындағы тараптар (құрылтайшылар):
заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөнІндегі бірлескен қызмет
тәртібін;
меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) өз мүлкін беру
және қатысу ережелері;
құрылтайшылардың арасындағы пайда мен шығынды бөлісудің;
заңды тұлға қызметін басқарудың;
құрылтайшылардың ұйымның құрамына кіру мен шығуының шарттарын және
тәртібін белгілейді. Құрылтай шартына құрылтайшылардың келісуі бойынша
басқа да ережелер енгізілуі мүмкін.
Заңды тұлға жарғысында: Ұйымның түрі, атауы, құрған жері; басшының
өкілеттілігі, басқару және бақылау органдары, құрылу тәртібі мен олардың
құзыреті, жұмыс режимі; ұйым мүлкінің құралу және табысты бөлу тәртібі;
ұйымды қайта құру және оның кызметін тоқтату ережелері көрсетіледі. Жарғыда
заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
Тағы да бір маңызды мәселе, кіші кәсіпкерліктің субъектісі болып
табылатын заңды тұлға өз қызметін, ҚР Үкіметінің 1998 жылдың қыркүйегінің
28 жұлдызында № 928 қаулысымен бекітілген Жарғы үлгісінің негізінде жүргізе
алады.
Заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдын 17
сәуіріндегі заң күші бар "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы"
Жарлығымен реттеледі.
Мемлекеттік тіркеу құрылып жатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын
заңға сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып, тіркеу
куәлігін берілуін, заңды тұлғалар туралы мәліметттерді бірыңғай Мемлекеттік
реестрге енгізуді қамтиды. Мемлекеттік тіркеуге, құрылу мақсатына, өз
қызметінің түрі мен сипатына, катысушыларынын қүрамына қарамастан Қазақстан
Республикасы аумағындағы барлык заңды тұлғалар жатады. Олардың филиалдары
мен өкілдіктері, заңды тұлға құқығы берілмей-ақ есептік тіркеуге алынады.
Лицензия дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі
бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға кұзырлы
мемлекеттік орган беретін рұқсат. Лицензиялар беру тәртібін, жоғарыда
айтылған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің тізбесін Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы" заң
күші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім Беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет
Жеке кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерлікті жүзеге асыру
Кәсіпкерліктің мәні формалары мен бағыттары
Кәсіпкерлік пен бизнес
Кәсіпкерлік тәуекел және оның негізгі белгілері
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Кәсiпкерлiк - экономикалық белсендiлiктiң ерекше формасы
Кәсіпкерлік туралы ұғым
Шағын және орта бизнес дамуы
Пәндер