Кәсіпкерліктің маңызы жоне қызметтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4.
I бөлім.
1.1 Кәсіпкерлік: экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері. Кәсіпкерліктегі
тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..5-7.
1.2. Кәсіпкерліктің маңызы және
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...8-10.
II бөлім.
2.1 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары, олардың жетістіктері
мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11-
13.
2.2 Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік туралы түсінік ... ... ... .14-15.
2.3 Қазақстандағы мемлекеттік
кәсіпорын ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..16-17.
ІІІ бөлім. Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы ... ... ... ... ... ... ... .1 8-
19.
3.1 Акционерлік қоғамдар – кәсіпкерліктің бір формасы ретінде...19-21.
3.2 Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..21-26 .
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...27-28.
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..29.
Кіріспе
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік-
экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды
қамтиды. Мұнда құқықтық, психологиялық, тарихи сәттер көрініс алады.Сондай-
ақ, кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайларына да
қатысты.
Қазақстан экономикасы әкімшілік басқарудан нарықты экономикаға
өтудегі қиын жолда тұр. Қазақстан Үкіметі нарықтық реформаларды жүзеге
асыруда жаңа бағдарламаларды жасады. Оларға — мелекеттік мүлікті
жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығы, нарықты
инфрақұрылымды құру кіреді. Осы айтылғандардың ішінде кәсіпкерлік қызметті
қолдау маңызды роль атқарады.
Қазақстанның шет елден келетін импорттық тауарларға халықтың
сұранысын төмендетіп, отандық кәсіпорындардың өнімдеріне халықтың сұранысын
көтеру үшін қазіргі уақытта кәсіпкерлікке үкімет тарапынан тиімді жағдайлар
жасалуда. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасындағы шағын, орта және ірі
косіпкерлік еркіндігін қорғауға және меммлекеттік қолдауға бағытталған,
қолданыстағы зандарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жаңа заңдар
мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылды. Сонымен қатар, жалпы
кәсіпкерлікті кұкықтық түрғыдан қолдау және қорғау тәжірибесі үйретіліп,
кәсіпкерлер одағы мен бірлестігінің қатысуымен оларды дамыту және жетілдіру
ұсыныстары беріледі.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950) мән берді. Оның
айтқан мынандай сөзін эпигроф етіп алуға болады: Кәсіпкер болу - басқаның
істегенін істемеу. Екінші жағынан кәсіпкерлер - алдымен кәсіпкерлік
жұмысты ұйымдастырушылар. Олар туралы француз экономисі Жан Батист Сэй
(1767-1832) былай деген: Кәсіпкер – адамдардың өндірістік шеңбер ауқымында
ұйымдастыратын адам..
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон
(1650-1734) енгізді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс
алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам білсенділігін жатқызды.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғымда бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу
қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе
бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш-
қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсатылықпен,
комуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау
қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне
қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады.
Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе
қоймайды. Демек, бизнес- бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.
Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа
ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас
ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық
әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылды. Ал егер
бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет
термині қолданады.
Мемлекеттік пен қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты
жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына
негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады:
таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық
есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі
болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай кәсіпорын мен фирма
ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар
фирма термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс
енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті
жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын
өзінің өндірістік қызметін толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық
халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және
құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорының ұйымдық түрлері алдыменен меншік
түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:
- азаматтар меншігіне негізделген жеке кәсіпорындар;
- ұжым меншігіне негізделген кәсіпорындар;
Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін.
Кооперативтік кәсіпорын ақшалайға емес, жеке тұлғаның пайдалық негіздегі
мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:
- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің
негізінде қызмет жасайды;
- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік
міндеттерді шешу үшін құрылады;
- құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар
құрылады, яғни оған шет ел заңды тұлғасы мен азаматтары да енеді.

Мен осы жұмысымда мынадай бөлімдерге тоқталуды жөн көрдім:
1. Кәсіпкерліктің маңызы жоне қызметтері
2. Кәсіпкерліктің формалары

І Бөлім
1.1 Кәсіпкерлік : экономикалық мазмұны, белгілері, түрлері.
Кәсіпкерліктегі тәуекел.
Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар тереңінен алып жатыр. Алайда рынок
атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.
А. Смит кәсіпкерді комерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу
үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипаттады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда
алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік
жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен,
іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді іздеумен
байланыстышаруашылық қызметі кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың
бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлерге тұлға (субъект) және нысанын бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациялар
(акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтері және мемлекет бола
алады.
Кәсіпкерлік нысандары шаруашылықтың қызметтің кез келген түрлері,
коммерциялық делдалдық, сату сатып алу, инновациялық, кеңес беру
қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік – тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани
құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс
функциясы негізі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша
мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен
байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға
арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық
болып есептелмейді.
Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып
табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып
табылады.
Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын
қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс
алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде
ғана
Қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше
формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған.
Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.
Ресурстардың әр түрлі комбинациясын жасау – кәсіпкер қызметінің
қажетті буыны. Олар Шумпетер көзқарасы бойынша бес бағытты қамтиды.
1. жаңа игілікті жасау немесе ескі игіліктің жаңа сапасын жасау;
2. өндірістің жаңа әдісін енгізу;
3. жаңа өткізу рыногына шығу;
4. шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу;
5. өндірісті қайта ұйымдастыруды жүргізу;
Әрбір мерзім аралығында жаңа комбинациялар көрінуі мүмкін.
Кәсіпкерліктің бұл қасиетіне кәсіпкерлікті өндіріс факторын комбинация
жасайтын экономикалық агент ретінде анықтай отырып А. Смиттің тұжырымын
толықтырған Ж. Б. Сей назар аударды.
Кәсіпкерлік қызмет тек бір ғана меншік формасымен (жеке, қоғамдық,
ұжымдық) байланысты емес. Оның әр түрлі варианттары мен үйлесімдері болуы
мүмкін. Бұл кәсіпкерлікпен шұғылдану үшін қолданылған капиталдың толық
меншік болуы міндет емес деген сөз. Қарыз капиталын қолдануға болады.
Алайда қарыз капиталы пайданың белгілі бір бөлігімен бірге қайтарылады.
Сондықтан оны пайдалану кезінде кәсіпкердің экономикалық тәуекел дәрежесі
өседі.
Тәуекел, айтып өткендей, кәсіпкерліктің негізгі белгілерінің бірі.
Тәуекел – жоспар немесе болжауды қарастырылған вариантпен
салыстырғанда табыс алмаудың немесе зиян шегудің ықтималдығы. Тәуекелдің
бірнеше түрлері бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, несиелік,
проценттік.
Тәуекелдің мүмкін деңгейі осы қызметке қатысатын адамдардың санына
кері тәуелді деген көзқарас бар. Көбінесе тәуекел сақтандыру
кәсіпкерлігімен шұғылданатын мекемелерде сақтандырылады. Тәуекелді әр түрлі
әдістермен өлшеуге болады:
- статистикалық, мұнда бұрынғы шығындар статистикасына қарап болашаққа
болжам жасайды;
- эксперттік , мұнда мамандар мен тәжірибелі бизнесмендер көзқарастары
зерттеледі;
- есептік талдау математикалық тәсілдерге негізделеді;
Кәсіпкерліктің жаңашылдықсыз болуы мүмкін емес. Осыған байланысты
кәсіпкерліктің екі моделін қарастырады: классикалық және инновациялық.
Біріншісінің мәні мынада, бизнесмен өз қызметін қарамағындағы бар
ресурстардан максималды қайтарым алу есебімен ұйымдастыруға ұитылады.
Екінші модель өзінде бар ресурсын ғана емес, сондай-ақ сыртқы
ресурстарды тарту және пайдалану мүмкіндігіне бағытталады. өзінің және
сыртқы ресурстарды пайдалана отырып, кәсіпкер өз бизнесі дамуының тиімді
варианттарымен шұғылданады.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық,
құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді.
Сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызметі шеңбері кәдімгідей ұлғаяды.
Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс-әрекеті тек қана
өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және
әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизмі арқылы жүзеге
асырады. Аралас әрі әлеуметтік-бағытталған нарықтық экономика жағдайында
мемлекет кәсіпорынға иелік құқ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін
және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы
әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтанда барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ
экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті.
Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
- өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті
тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;
- алынған табысты бөлу мен мақсатты қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс-
әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік
дамытуға жұмсалады;
- жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген өнімді өткеру қызметіменайналысуға
мәжбүр, мұнда ол нарықтық коньюктурмен, бәсекелестік орта жағдайымен,
сұраным төлем қабілеттілігімен және нарықтық ортаның басқа да
факторларымен есептесуі керек;
- жаңа жағдайда кәсіпорын иғына мемлекеттік экономикадағы кәсіпорында
кездеспеген – кәсіпкерлік қызмет жүктеледі.
Осы қызмет бұрындары және қазіргі кезде де дәстүрлі түрде шағын
бизнеспен байланыстырылады. – Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік жайлы
ескі көзқарасты барынша жоюда.
Экономикалық әдебиеттерде бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін,
олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттілігі және оны қолдану
шеберлігімен байлаыстырады. Жаопы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешуі
қажет:
- нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың
ішінен қанағаттандырылатындардың қайсысы көп эффект беретіндігін
анықтау;
- өзінің меншікті табысын қалай максимилизацияласа, сатып-алушылардың
пайдалылығын да солай арттыру қажет;
- кәсіпорынның мақсатын анықтап, адамдарды соған қол жеткізу үшін
ұйымдастыру керек. Ол үшін оған ынталандыру мен мотивация құрылады.
Сондай-ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында
кәсіпорынға басқада бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді:
- нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін
қолдау;
- менеджмент жүйесі қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі;
- қазіргі маркетингтік жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортаны басқару
қызметі.
Осы аталған үш қызметті кәсіпорынның атқаруы оған өзінің нарықтық
ортадағы мінез-құлқының сипатын анықтауға көмектеседі.
Нарықтық экономикада кәсіпорынның қызмет жасауы үнемі айқынсыздықпен
және тәуекелмен байланысты. Сондықтанда кәсіпорын жайлы мыңдаған мінез-
құлық теорияларынан ерекше мәнге ие теориялар – ол нарықтық тәуекел
дағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқын қарастыратындары болып табылады.
Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез-құлқы. Кәсіпкерлік
қызметте тәуекелсіз нәтижеге жету мүмкін емес. Егер басшы тәуекелге бой
ұрмаса, онда ол түбінде банкрот болады. Менеджментте, егер кәсіпкер
тәуекелділік шешімнен қашқақтайтын болса, онда оны ұйым үшін қауіпті әрі
тоқырауға алып барады деп есептеген.
Тәуекелдің әр түрлі анықтамалары бар. Бір жағдайда ол келешекпен
салыстырғанда анықталмағандық ретінде түсіндірілсе, екіншісінде – оның
дефинициялануы мүмкін болатын салдарларды қосып алады, үшіншісінде - өзінше
тәуекелді жүзеге асырушы жаңалық ретінде түсіндіріріледі. өте дәлелденген
және ыңғайлы деп мына анықтаманы айтуға болады: тәуекелділік – қоғамдық
пайдалы нәтижеге мақсаттылықпен жету үшін құқылы қауіптлікті жасау, себебі
кәдімгі және тәуекелсіздік құралдарымен қол жеткізу мүмкін емес.
Тәуекелді әр түрлі белгісіне қарай классификациялауға болады:
өндірістік, коммерциялық, қаржылық, пайыздық, несиелік.
Өндірістік тәуекел кез-келген өндірпістікқызмет түрін жүзеге
асырумен байланысты түсіндіріледі. Өндірістік тәуекелдің басты себептері –
межеленген өндіріс және өткеру көлемін мүмкіндігінше төмендету, материалдық
яғни басқа да шығындардың өсуі, көтеріңкі төлем мен салықтарды және т.б.
төлеу.
Коммерцалиялық тәуекел – кәсіпкерлерге бекітілген тауар мен қызмет көрсету
процесін өткергенде туындайды. Қазіргі уақытта коммерциялық тәуекелдің кең
тараған түріне-тауардың сатып-алу бағасының өсуін, сатып-алу көлемінің
ойламаған жерден төмендеуін, айналым процесіндегі тауардың жоғалуын,
айналымдағы шығынның көтерілуін, өткерілу көлемінінің төмендеуін және
т.б. жатқызуға болады.
Кәсіпкерліктегі қаржылық тәуекел заем қорларының барлық кәсіпорындағы
қаржы қорларына қатынасымен байланысты болады.
Пайыздық тәуекел – пайыз нормасының өсуіне қарай, бағалы қағаздарға бағаның
төмендеу мүмкіндігімен байланыстырылады.
Несие тәуекелінің пайда болуы заемщиктің қарызды төлемегендігімен
түсіндіріледі.

1.2 Кәсіпкерліктің маңызы және қызметтері
Нарықтық экономикаға өту - ол кәсіпкерлік типі бар экономикаға өту.
Кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау өтпслі экономиканың басты
құрылымдарының бірі болып табылады. Сондықтан да кәсіпкерліктің дамуының
зандылықтарын ашу үлкен роль атқарады.
Бұрын айтылғандай, көптеген шет елдік ғалымдар кәсіпкерліктің және
кәсіпкердің маңызын ашуда үлкен мән берді, өйткені нарыктық экономиканың
дамуымен кәсікерліктің ролі күшейе түсті, ал шаруашылық басқару
субъектілерінің алдыңғы орнында кәсіпкерлік ұйымдар (фирмалар, компаниялар
және тағы басқа - да кәсіпкерлік ұйымдар) түр. Ғылыми одебиеттердс
кәсіпкерліктің маңызы туралы нақты аныктама жоқ, өйткені білімнің әр сала
өкілдері (экономистер, философтар, социологтар, қүқықтанушылар және
басқалар) бұл терминді түрліше түсіндіреді.
Енді шет елдерде косіпкерліктің маңызына деген көзқарастарды атап
өтейін. Мысалы, американдық ғалымдардың түсінігі бойынша кәсіпкерлік — ол
қажетті, күрделі, батыл істерді жүзеге асыру. Кәсіпкерлік — ол тәуекелдік
іс, адамдардың өз еркімен (олардың ұйымдасуымен), өз тәуекеліне және өз
жауапкершілігіне атқарылады.
Шетелдік теория мен тәжірибеде кәсіпкерлік жаңа бизнесті құру процесі
ретінде және ол адамның қажеттілігін тауар мен қызмет түрінде қолда бар
материалдар, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану арқылы
қанағаттандыратын процесс болып түсіндіріледі. Кәсіпкерлік экономиканың
дамуына үлкен үлес қосады, өйткені кәсіпкерліктің дамуының нәтижесінде
ұлттық табыстың қомақты бөлігі болады, жаңа жұмыс орындары ашылады, техника
мен технология дамиды, өнеркәсіп пен қызметтің жаңа салалары ашылады.
Американдық ғалым Р.С.Ронстандтың пікірінше, кәсіпкерлік — байлықты
көбейтудің динамикалық процесі. Байлық мына адамдармен құрылады: кім
көбірек өз қаржысымен, мүлкімен тәуекелге барса, жеке іс ашуға уақытын
аямаса, тұтынушыларға жаңа тауар немесе қызмет үсынса. Бұл тауар немесе
қызмет өзгеше, дара болуы міндет емес: ең бастысы, кәсіпкер күш пен
қаражатын жұмсау нәтижесінде оларға жаңа сапа, құндылық қосқаны абзал. Ал
әйгілі американдық ғалымдар Р.Хизрич пен М.Питерс кәсіпкерлікке мынадай
анықтама береді және олардың ойынша ең терең, кәсіпкерліктің барлық түрін
қамтитын анықтама: "Кәсіпкерлік — ол уақыт пен күшті алатын және барлық
материалдық, қаржылық, моральдық, қоғамдық міндеттерді өзі алатын және
осының нәтижесінде пайда мен ләззат алу процессі. Және осы авторлар
кәсіпкерлікпен айналысқысы келген адамның өмірі сенімге, өкінішке,уайымға
және еңбекке толы.
Біздің ойымызша Р.Хизрич кәсіпкерліктің маңызына ең қысқа түсініктеме
берді: ол — құны бар жаңа бір нәрсені құру процесі.
Қазакстан Республикасының Азаматтық кодексінде кәсіпкерлік былай
түсіндіріледі: " Кәсіпкерлік — меншік турлеріне қарамастан, азаматтар мен
заңды тұлғалардық, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанагаттандыру
арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не
мешекеттік кәсіпорынды шаруошылық басқару құқығына (мешекеттік кәсіпкерлік)
негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердіқ атынан, оның
тәуекел етуімең және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Дамыған нарықтық экономикада мына қызметтерді атқарады: жалпы
экономикалық, шығармашыл-іздену, ресурстық, әлеуметтік және
ұйымдастырушылық.
Дамыған нарықты экономикада кәсіпкерлік ұйымдарды және жеке
кәсіпкерлерді нарықтың субъектісі ролін атқаратын - жалпы экономикалық
қызмет. Бұл қызмет, негізінен, тауар өндірісіне және ол тауарды
тұтынушыларға жеткізуге бағытталған.
Кәсіпкерліктің ең басты қызметтерінің бірі — ол ресурстық.
Кәсіпкерліктің дамуы қайта өндірілетін және шектелген ресурстарды тиімді
пайдалану ретінде түсіндіріледі. Әрине, ең бірінші орынға еңбек
ресурстарын, жер және табиғи ресурстар, өндіріс құралдары мен ғылыми
жетістіктер және де кәсіпкерлік талантын жатқызамыз. Егер кәсіпкер өз
ісінде ғылыми-техникалық жетістіктерді дұрыс ұштастыра білсе, жоғары
мамандырылған жұмысшы күшін пайдаланса және барлық ресурстарды тиімді
пайдаланса, онда ол кәсіпкер өзіне үлкен пайда табуға жол ашады. Бірақ,
көптеген кәсіпкерлер үлкен пайда табу жолында ресурстарды тиімсіз
пайдалануда.
Кәсіпкерілкке, яғни антибюрократтық экономикалық шаруашылыққа тән -
шығармашыл-іздену қызметі. Ол тек қана жаңа ойларды қолдану ғана емес, сол
сияқты жаңа өндіріс факторларын да пайдалану деп түсіндіріледі. Шығармашыл-
іздену қызметі кәсіпкерліктің басқа қызметтермен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлердің өздері кәсіпкерлікті ұйымдастыру туралы, баскару
түрін, кәсіркеліктің структуралык. стратегиясы жайлы шешімді қабылдайтын
жоне де кәсіпкерліктің ең басты қызметтерінің бірі - ұйымдастырушылық
қызметі. Бұл қызмет әсіресе, кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуда
анықталады.

ІІ Бөлім
2.1. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары, олардың жетістіктері
мен кемшіліктері.

Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі
белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі.
Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып
бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз:
ұлттандыру кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал
жекешелендіру оларды тарылтады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы
жоғары, - себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан
қамқорлылығында. Сонда да, жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар
артықшылықтарға ие:
- түсімділігі жоғары қызмет сферасын таңдауғв еркін.
- Бизнес көлемі шектелмеген.
- Қатаң бағамен шектелмейді.
Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады:
- жеке тұлғалар,
- серіктестік
- корпорация
Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның
жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке
кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.
Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген
өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация
үшін бекітілген салықтан босатылады. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету
саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің
т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын
бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің
артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту
жеңіл. Кемшіліктері қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып
келе жатқан істе қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін,
мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма
табысында немесе зиянындағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады.
Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен
фирмаларды, қызмет сфераларын т.б. кіргізуге болады.
Корпорация деп бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар
жиынтығы аталады. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге
бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация
акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын
салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі
кездеседі.
Корпорация артықшылығына мыналар жатады:
- акция және облигация сату арқасында ақша капиталын тартуда
шектелмейтін мүмкіндіктер.
- Басқару функцияларын орнату үшін кәсіби мамандарды тарту;
- Корпорация қызмет етуінің тұрақтылығы, өйткені акционерлерінің
біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Бизнесті корпоративті формада ұйымдастырудың кемшіліктеріне төмендегілер
жатады:
- корпорация табысының акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін
бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір
бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының бөлігі
ретінде. Кіші корпорация иелері үшін екі жақты салық салудың
ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бұндай фирмаларға S
корпорациялары (small business conporation) статусын алуға рұқсат
етеді. Бұндай жағдайда корпорация табысы олардың иелерінің табысы
болып саналады және тек табыс салығы алынады;
- экономикалық теріс пайдаланушылыққа қолайлы мүмкіндіктер. Ешқандай
нақты құны жоқ акцияларды шығару және сату мүмкіндіктері;
- меншік және бақылау функцияларының бөлінуі. Акцияларды көптеген иелер
арасында орналастырылған коропорацияларда бақылау функциясы меншік
функциясынан ажырайды. Акция иелері көп дивиденд алуға ұмтылады, ал
менеджерлер ақшалай айналымға жіберу мақсатында дивидендтерді
азайтуға тырысады.
Корпорацияның басқа да кемшіліктері бар, бірақ олардың орнын
артықшылықтары толтырады.
Кәсіпкерлік көлеміне қарай: кіші, орташа, ірі бизнеске бөлінеді.
Қазіргі батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ірі секторын
құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Кіші
бизнестің әдеттегі формалары франчайзинг (жеңілдікті) және венчурлық
(тәуекел ету) кәсіпкерлік жүйелері болды.
Франчайзинг – ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқ алу
үшін белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін
рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың
бағаны төмендету, тауарды жеткізуге, құрал-жабдықты сатып алуға, кредит
алуға көмек түрлерінде жеңілдіктері бар.
Ұсақ фирмалар ірі компаниялар өнімдерінің бөлшек сатушылары болып
қалыптасады. Бұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі
корпорациялардан сауда запасын, кредит алады және олардың қамқорлығына
енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды, сондай-ақ
өз қамқорлығындағылардан ұдайы төлем алып отырады.
Венчурлық фирма – ғылыми зерттеулерді жұмсаумен шұғылданатын
коммерциялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды.
Жаңа өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі
шығындарға сай келмей қалуының мүмкін болуына байланысты күйіп кетуге
тәуекел етеді. Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп,
тезірек екіншісіне көшуге тырысады. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны АҚШ
болып табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі
күні венчурлық фирмалар Қазақстанда да құрылып қызмет ете бастады.
Орта бизнес елеулі роль атқармайды. Ол бәсекеде мықты емес, себебі оның ірі
де кіші де кәсіпкерлікпен бәсекелесуіне тура келеді, осының нәтижесінде ол
ірі кәсіпкерлікке айналады немесе мүлдем өмір сүруін тоқтатады. Бұл жерде
әңгіме қандай да бір ерекше өнім шығаруды монополист болып табылатын,
тұрақты тұтынушысы бар фирмалар туралы емес (мүгедектерге арналған
техниканы өндіру, қалалық сағаттарды жөндеу)
Ірі бизнес кіші және орта бизнестен өте қуаттылығымен ажыратылады.
Оның рыноктағы монополиялық жағдайы көпшілік тұтынушылардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға есептелген жаппай және арзан өнімді шығаруға мүмкіндік
береді. Әрбір елдің өзіндік бизнесті ұйымдастыру құрылымдары бар.
Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексімен анықталған.
Соған сәйкес барлық ұйымдар (заңды тұлғалар) коммерциялық және
коммерциялық емес болып бөлінеді.
Коммерциялық фирмалардың негізгі мақсаты пайда алу болып табылады.
Коммерциялық емес фирмалар ондай мақсат қоймайды.
Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестіктер, өндірістік
кооперативтер,- мемлекеттік және жергілікті унитарлық кәсіпорындар
формасында құрыла алады. Шаруашылық серіктестіктер өз кезегінде толық
серіктестік, сенім серіктестік, жауапкершілігі шектелген серіктестік,
қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам, еншілес және
тәуелді қоғамдар түрінде қызмет етеді.
Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативі, қоғамдық немесе дині
ұйым, қайырылымдылық қор фирмаларында құрылады.
Өтпелі экономика кезінде мемлекеттік кәсіпкерлік ерекше сипатқа,
мағынаға ие болды. Мемлекет нарықтық жүйе жолында жеке тұлға ретінде жаңа
қызметті игері тиіс – ол кәсіпкерлік қабілеттілік. Кәсіпкерлік қызметтің
экономикалық даму негізі мемлекеттік меншік болып табылады. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі аса көп емес,
бірақ осылай қалыптасу мемлекетке өз кәсіпорынның болуын қамтамасыз етеді.
Бұл кәсіпорындар ұлттық экономиканы дамыту үшін қажетті тауар шығарып,
тұрмыстық қызмет көрсетеді, сонымен қатар мемлекеттік бюджетті толтыру үшін
ақшалай қаржы табады.
Аталған кәсіпорындар коммерциялық және коммерциялық емес
тіршіліктерді бірге атқарады. Мемлекеттік кәсіпорындар өз бетінше тіршілік
жасау сипатына қарай үш топқа бөлінеді:
1. бюджеттік (ведомстволық)
2. қоғамдық (корпорациялық)
3. аралас акционерлік қоғамдар (холдинг)
ҚР мемлекеттік кәсіпорындар:
1. Мемлекеттік- толық шаруашылық есеппен (қорғаныс, дәрі-дәрмек
жасайтын зауыттар және т. б.) шаруашылықты құқықтық негізде
жүргізеді.
2. Қазыналық – толық емес шаруашылық есеппен (коммуникация, геодезиялық
жұмыс өндірісі және т.б.), жедел басқару құқығына негізделе
жүргізіледі.
Алайда, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметі осы кәсіпорындардың
жұмысымен ғана шектелмейді. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызмет ұлттық
экономиканың барлық саласына тарайды, сыртқы экономикалық қызмет аясында
ықпал етеді – ол кәдімгідей мемлекеттік бюджетті толықтырып, тұрақсыз
күйдегі өтпелі экономиканы тұрақтандырады және мемлекеттік экономикалық
деңгейін дамытуға әсер етеді.
Мысал ретінде Қазақстан Республикасы мемлекетінің 90-шы жылдардың
ортасындағы кәсіпкерлік қызметін алуға болады. Сол кездерде шетел капиталын
тарта біліп, Қазақстан өнеркәсіп өндірісінің алыптары – тау-кен, энергетика
және металлургия кешенндерін құлдыраудан сақтап қалды. Тек қана жылына 60
млн. тонна мұнай айдау үшін Батыс Қазақстаннан Қытайға, Өзен кенішінен
Түрікменстан шекарасына дейін, Теңіз кенішінен Қаратеңіз терминалына,
Новороссийск ауданына дейін мұнай құбырларын салуға шетел инвестициясын
тартты.
Басқа мысал ретінде Қазақстан мемлекетінің бастамасымен 1996 жылдың
басында Еуропа мен Азияның жеті мемлекетінің арасындағы қол қойылған құжат
мемлекеттік кәсіпкерлік қызметтің жаңа деңгейін байқатты. Бұл құжаттағы
мәселе: Қазақстан территориясы арқылы өтетін Еуразиялық темір жолда
транзиттік, ауыр жүк пен контейнерлік тасымалдауды шешу алу еді.
Келісімге байланысты жүктер Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Батыс
Еуропа елдеріне тасымалданады, ал бұл елдерден Оңтүстік-Шығыс Азияға
тасымалдау үшін белгілі төлем төленеді. Бұл келісім трансазиялық
магистральды тірілтуге, жаңартуға жағдай жасайды және барлық магистрал
бойында- Достық (Қытай шекарасында) станциясынан Озинка станциясына дейін
(Ресей шекарасында) қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туғызады.

2.2 Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік туралы түсінік
Серіктестік дегеніміз — бірнеше адамның немесе занды түлғалардың
бірлесе косіпшілік жасауы. Серіктестіктің мынадай түрлері бар: а) толық
серіктестік; ә) коммандитті серіктестік немесе "сенім артқан серіктестік";
б) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; в) қосымша жауапкершіліктегі
серіктетік; г) серіктестіктердің тағы бір ерекше түрі — акционерлік
қоғамдар деп аталады. Енді мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы
кеңінен тоқталып өтемін.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - бір немесе бірнеше адам қүрған,
жарғылық капиталы қүрылтай күжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске
бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады;
жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері
бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға
өздерінің қосқан салымдарының күны шегінде тәуекел етеді.
Егер серіктестіктің құрылтай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің маңызы және қызметтері
Шағын кәсіпкерлік қызметі
Тұтынушы мінез-құлқы теориясы
Менеджмент теориясы. Менеджмент және фирма
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру туралы
Кәсіпкерлікті мемлекеттік басқару
Нарықтық экономиканы құрудағы ұсақ бизнестiң ролi
Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесінің даму бағыттары
Қазақстан экономикасын дамытудағы кәсіпорынның рөлі
Экономикалық жағдайлар
Пәндер