Жылжымалы импорттық салықтар


Мазмұны
Кіріспе
1 КЕДЕНДІК ТАРИФТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДИКАЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ
1. 1 Кедендік тарифтер жайындағы түсінік және олардың түрлері
1. 2 Кедендік реттеудің әдістері мен халықаралық тәжірибе
2 ҚР-Ң КЕДЕНДІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Кеден органдары және оның қызметінің ұйымдық-құқықтық негіздері
2. 2. Кедендік тарифтерді бағалау және талдау
3 ҚР-Ң КЕДЕНДІК НОРМАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
5
5
11
11
26
30
37
39
Кіріспе
Курстық жұмсытың өзектілігі. Сыртқы экономикaлық қaтынaс дaмуының негізін қaлaушы фaкторы қaзіргі нaрықтық жaғдaйдa тәуелсіз Қaзaқстaн Республикaсының әлемдік шaруaшылықтaғы орнын aнықтaйтын, экспортты-импортты оперaциялaр құрaйды. Тaуaрлaрды экспорттaу-импорттaу мәселелері бойыншa хaлықaрaлық қaтынaстa Қaзaқстaн Республикaсының шетелдік серіктестерімен өзaрa қaтынaсы қaрaстырылғaн, әрине, ол кез келген дaмушы мемлекеттің перспективті стрaтегиялық жоспaрлaудa экономикaлық зерттеуді жүргізу үшін өзекті компонент болып тaбылaды.
Қазақстанның Кеден одағына кіруі осы мәселелерді шешуде маңызды орын алады. Кеден одағыныің құрылуы қазіргі қалыптасқан және жаңа өндірістердің дамуы үшін, Ресей мен Беларуське өнім шығаруға жағымды жағдайлар туады. Осы орайда Үкімет Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту және дайын өнім экспортын дамыту мақсатын көздейді. Бұл жерде техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық бақылау саласындағы реттеу базасын бірыңғайландыру мен дамыту арқылы отандық тұтынушыларды сапасыз тауарлардан қорғауды қамтамасыз ету қолға алынды.
«Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы Жолдауына сәйкес «Кедендік одақты құру үш елдің экономикасы үшін барынша тиімді шешім болып табылады. Ол үш елдің ішкі нарығында, сонымен бірге сыртқы әлеммен де сауда айналымының елеулі түрде өсуіне, Еуроазиялық кеңістікте әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде елеулі рөл атқарады. Біріншіден Біртұтас кеден аймағын құру үш елдің әртүрлі бағыттар бойынша кең ауқымды ынтымақтасу мүмкіндігін арттырады. Ең алдымен бірлескен өндірістер мен кооперацияларды құрудағы күш жігерді біріктіреді. Кеден одағы ең алдымен өзара инвестицияларды ынталандырып, бірлескен кәсіпорындар құрып, бизнесті дамыту үшін жағдай жасайды. Екіншіден, кеден бекеттерінің сыртқы шекараларға ауыстырылуына байланысты кедендік тарифтер жеңілдейді.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке ие болуы жаңа өзгерістерге алып келді. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен кедендік тарифтерді қабылдауға алып келді. Осындай басты бағыттардың бірі - кеден жүйесі. Кеден саласын ғылыми негіздеу үшін қазақстандық қана емес, сондай-ақ бұрынғы одақтық және халықаралық кеден тарифтерінің негізінде қоғамдық қатынастардың реттлуі мен ролін, ерекшелігін анықтау өте маңызды.
Кеден саласын монополиялық мемлекеттік ретеудің қажеттілігі ішкі және сыртқы саясаттың құрылымы кеден саясатын анықтау арқылы кеден қызметінің арнайы органдардың, кеден ісінің құрылу жолдары арқылы кеден жүйесіінң қалыптасуына алып келеді.
Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден аймағында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салалапрының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып табылады.
Кеден тарифтерінің дамуы алғашқы кезеңі оның пәнінінң тар болуымен және қоғамдық қатынастарды кедендік реттеуімен сипатталынады.
Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қатынастарының дамуы, еліміздің интеграциялық процестерге тікелей қатысуы кеден ісінің ролі мен маңыздылығын арттыруда.
Беларусь Республикасы, Қазақстан Респуьбликасы, Қырғызстан Республикасы және Ресей Федерациясы Мемлекетаралық кеңесі жанындағы Үкімет басшылары кеңесімен 1998 жылғы 24 қарашада, , Кеден Одағы мен бірыңғай экономикалық кеңістік құру және оның жүзеге асыру шаралары туралы келісім жобасы туралы,, шешім қабылданды. Кеден саясаты, кеден ісі, кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдары өтуінің қағидалары мен құқықтық механизмдерін, кеден режимдерін, кеден төлемдерін, кеденді рәсімдеу мен кедендік бақылауды, кедендік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жатқызуға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - ҚР сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтерін зерттеу. Осыған байланысты мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
- кедендік тарифтер жүйесінің теоретикалық және методикалық қалыптасу мәселелері және оларды реттеу жолдарын қарастыру;
- кедендік тарифтер жайындағы түсінік және олардың түрлерін саралау;
- кедендік реттеудің әдістері мен халықаралық тәжірибе негіздеріне тоқталу;
- ҚР-ң кедендік органдарының қазіргі жағдайын талдау;
- кеден органдары және оның қызметінің ұйымдық-құқықтық негіздерін зерттеу;
- кедендік тарифтерді бағалау және талдау;
- ҚР-ң кедендік нормаларын мемлекеттік реттеу арқылы жетілдіру жолдарын қарастыру.
Сыртқы сауда операцияларын кңеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада маңызды орынға ие, өйткені түрлі елдердің тауарлары мен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына да, өсуіне де нақты әсер етуге болады.
Қазақстанның өтпелі экономикасында сыртқы сауданы кеден тарифтік реттеудің мәні мен ерекшелігін талдау өте маңызды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, 3 тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1 КЕДЕНДІК ТАРИФТЕР ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДИКАЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ
1. 1 Кедендік тарифтер жайындағы түсінік және олардың түрлері
Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауданы реттеудің экономикалық әдістері болып тарифтік реттеу саналады. Олар мемлекет шекарасынан өту кезінде экспорттық-импорттық ағымдардың бағалық көрсеткіштеріне ықпал етеді. Ең бастысы, тарифтік реттеу, тауарға кеден салығын салу әдісі мен тәртібін, сондай-ақ, салық пен тарифтің түрлерін, оның себептерін, кеден жеңілдіктерін беру тәртібін анықтайды.
Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер қызметінің көмегімен /ТСБА/ БСҰ, БҰҰ-ның сауда жөніндегі конференциясы, еуропалық экономикалық комиссия және де халықаралық жан-жақты келісімдер негізінде көптеген елдердің ұлттық тарифтік реттеу жүйесі бірдей принциптер мен тәртіптерге сүйенеді, сондай-ақ, олардың ішінара көп ұқсастықтары бар, ол өздігінен халықаралық сауда процесін жеңілдетеді.
Жоғарыда көрсетілген бағыттарды іске қосу үшін көптеген елдер негізгі құқықтық база “ретінде”. Кеден тарифі жөніндегі заңды және кеден кодексін алады. Кеден кодексі тұрақты құқық құжаты болып саналады, оның күші халықаралық келісімдерге қарамастан ұлттық жүйеге таралады. Ал кеден тарифіне келетін болсақ, олар халықаралық қағидалармен келесіледі және белгілі бір уақыт өткен соң халықаралық кездесулерде талқыланып отырады. Талқыланатынсұрақтар кеден тарифін қолдану тәртібі мен қағидалары, экспорттық-импорттық салықтардың мөлшерлемесінің деңгейі және құрылымы. Кеден реттеу механизмдерінің негізгі элементтеріне кеден тарифі жатады, ол жүйелі түрде белгіленген бағалар тізімінен тұрады және импорттық-экспорттық өнімдерге төлем көлемін, яғни кеден баж салығын анықтайды.
Кеден тарифі мемлекеттік реттеудің белсенді құралдарының бірі, ол барлық дамыған мемлекеттердің сыртқы сауда айналымының 2/3 бөлігін қамтиды /7, 36/.
Импорттық және экспорттық өнімдердің бағасын өсіре отырып, ол сонымен бірге, сыртқы сауданың көлемі мен құрылымына ықпал етеді. Кеден тарифінің классикалық қызметі болып протекционизм (отандық өнімдерді шетел бәсекесінен қорғау) және фискалдық саясат (мемлекеттікбюджетті толтыру) жатады. Тарифтің көмегімен, сондай-ақ сырткы сауда баласының белсенді сальдосын қалыптастырады, валюта ағымын арттырады, елдердің жекелеген аймақтарының дамуын көтереді.
Одан басқа тарифтік реттеу қызметі салық жүйесімен тығыз байланыста жүргізіледі, ол өзіне тариф элементін жартылай алады да, сонымен оны толықтырады.
Кеден тарифті өзінің маңызы жағынан экономикалық сипатта деуге болады. Бұл жерде ол нарық экономика жағыдайында болуына байланысты объективтік шешім тауып отыр. Экономика тапшылықты кезінде пайдаланып отырған бұл шараның тиімділігі болмаған жағдайда оны қатаңдау әдісі - бейтарифтік шектеулер арқылы жүргізеді.
Кеден тарифі импорттық және экспорттық, қарапайым, күрделі болуы мүмкін. Импорттық тариф кеден реттеуінде негізгі үлесті алады, ішкі салық жүйесімен бірге қосылып, біріншіден, бағаның көлеміне ықпал етеді, кәсіп орындардың тиімділігі, ұлттық валюта жағдайы, тауар құрылымының қалыптасу т. б. жүйелерді реттеу көмек етеді.
Импорттық тарифті санау процесі кеден тарифіндегі өнімнің номенклатуралық позициясын анықтау ғана емес, сондай - ақ кедендік бағаны анықтау әдісімен тығыз байланысты немесе өнімнің шыққан еліне қарап салық салуды өзгерту және алып тастау тәртібін кіргізу. Импорттық кеден тарифінің белсенді бөлігі болып кеден салығының мөлшерлемесін анықтау жатады.
Экспорттық кеден тарифі сыртқы сауданы реттеудегі тек шамалы елдер ғана қолданатын құрал, негізінен дамушы елдер кіреді. Табиғи байлыққа бай, бірақ әлемдік тауар нарығында өздерінің шикізатты ұстау позициясын қолданады. Кей жағдайда олар экспорттық бағаның өсуіне, сонымен бірге, елдің валюталық ресурстарының толығуына ықпал етеді. Бірақ экспорттық тарифті шектеу көмегімен экспорттың көлемі мен құрылымын өзгерту экспорттық әлеуетті төмендетіп ішкі бағаға инфляциялық қысым жасауға әкеліп соқтырады.
Көптеген елдерде кеден тарифтін дамыту мынадай екі әдіспен жүргізіледі - тауар номенклатурасын көбейту және белгілі бір өнімнің түріне бірнеше мөлшерлеме қою. Бірінші әдіс қарапайым кеден тарифі деп аталады. Бұл әр тауарға бірдей мөлшерлеменің қойылуы деген сөз.
Екінші әдіс әр тауарға екі немесе одан да көп мөлшерлеменің қойылуы. Бұл тауардың қандай елден шығуына байланысты. Соңғы жағдайда жоғары тариф мөлшерлемесі автономды болып саналады да, оны Бас тариф деп атайды. Мұндай тариф сауда келісімі және шарттары жасалынбаған елдердің тауарларына қойылады.
Ал төмен, яғни конвенциялық немесе минималды мөлшерлемеге жағымды тәртіпке ие болған елдердің тауарлары жатады. Мысалы, ЕО-ға кіретін елдердің минималды кеден тарифі максималды тарифтен 1, 2, 5 есе төмен. АҚШ пен Жапония елдері арасында бұл көрсеткіш бұдан да төмен /11, 26/.
Күрделі кеден тарифі - айрықша жеңілдік салығы болып табылады, жабық экономикалық одақ қалыптасқан нақты елдерге ғана таралған, сондай - ақ, оған дамушы елдерде кіреді. Жеңілдіктер мөлшерлеме салықтың шын мәніндегі нөлдік маңызын көрсетеді, яғни бұл салықсыз әкелу деген сөз. Күрделі кеден тарифі қосымша демпингке қарсы және өтемақылық салықтың түрлерін әкелуді қарастырады, оның деңгейі максималды тариф мөлшерлемесінің деңгейін біраз көтереді.
Айтарлықтай күрделі тариф Конго, Венесуэла, Мали елдерінде.
Кедендік тариф - тариф ретінде өзінің экономикалық мағынасы мен сипаты жағынан сыртқа сауда процесін нарықтық реттеуге жатады. Кеден салығы - ақша жинағы ретінде не салық ретінде тауарға және басқа байлық түрлеріне елдің шекарасынан өткенде мемлекет тарапынан салынатын салық. Барлық басқа салықтар сияқты ол тауардың бағасын көтереді немесе оның бәсекелесуін төмендетеді. Бағалық шектеулер кеден салығы арқылы тауардың топтарына және оның өңделу деңгейіне қарап белгіленеді /15, 98/.
Шикізат өнімдері тарапынан олар онша үлкен емес (0, 5-2, 6%), ал дайын бұйымдарға (7-12%) болады. Нарықтық қатынас дамыған елдерде соңғы кезеңде “тарифтік эккалация” бағыты көрініп жүр, ол кеден салығы өнімнің өңделу деңгейіне қарап көтерімді. Бұл жерде тағы бір қызмет көрініс табады. Ол - протекционизм. Бірақ кеден салығы деңгейінің әр түрлі болуы тауарлардың дайын болуына және елдердің экономикалық даму деңгейіне байланысты болады /8, 68/.
Мысалы, бірдей тауарлар дамыған елдерге қарағанда дамушы елдерде жоғарылау.
Бұны дамушы елдердің ұлттық өнер кәсібінің кейбір салаларын қорғау қажеттілігімен түсіндіруге болады. Кеден салығы, сондай - ақ сыртқы нарықта сауда саясаты бәсекелік құралы ретінде пайдаланылады. Халықаралық тәжірбиеде тарифтік реттеуде салықтың бірнеше түрі кездеседі.
Адвалорлық салық. Тауар бағасына байланысты проценттік мөлшерлеме белгіленеді және көптеген елдер қолданады. АҚШ-тың тарифінде 80%. Адвалорлық салықты қолдану өңдеуші өнеркәсіптің өніміне, әлемдік бағаның өсуіне байланысты кеден жинағын көбейтуге ықпал жасайды. Оны мына формуламен анықтаймыз:
Ра=Ріm+(1+T AV )
Мұндағы: T AV - адвалорлық тариф мөлшерлемесі.
Арнайы салық. Бұл салық тауардың көлеміне, салмағына немесе санына, яғни өлшем бірлігіне қарап тарифтен соң мынаған тең болады:
Ра=Ріm Ріm +Ts
Бұл жерде: Pіm - өнімінің импорттық бағасы (өнімнің кеден бағасы) ;
Ts - арнайы бағаның мөлшерлемесі.
Аралас салық тауарларға байланысты адвалорлық та және арнайы да болып салынады. Бұл жағдайда кеден ұйымдарына еркіндік беріледі. қандай салықтың түрін салуды өздері шешеді. Оны баламалы (альтернативті) дейміз. Адвалорлық және арнайы салықтың принципиалды айырмашылығы бағаның өсуіне байланысты. Адвалорлық салықтың бағасының өсуі оның тауардың санының өсуіне байланысты. Өнімнің шыққан еліне байланысты кеден салығы максималды. Минималды және жеңілдік болып бөлінеді/14, 56/.
Максималды - өнім бағасының мөлшерлемесі барлық елдер қойылады. Минималды - айрықша қолайлы жағдай жасаған елдердің өніміне қойылатын мөлшерлеме. Жеңілдік мөлшерлеме - нақты бір елдер немесе елдердің тобынан келетін өнімдерге қойылатын мөлшерлеме. Салық өнімінің қай елден шыққанына байланысты автономды және конвенциондық болып бөлінеді.
Автономды салық мемлекеттердің келісімі бар ма жоқ па оған қарамайды. Үкімет тарапынан бір жақтың тәртібі бойынша қойыла береді. Көлемі жағынан айтарлықтай көзге түсетін болғандықтан, кей жағдайларда екі жақты және көп жақты келісімдердің нәтижесінде салықтың мөлшерлемесін төмен түсіреді.
Конвенциондық (келісілген) жоғарыда айтылған келісімдер процесінде екі жақтың шешімі бойынша тұрақты мөлшерлеме қойылды. Ол мөлшерлеме екі жақтың келісімінің көтерілмейді немесе басқа позицияда, тарифтік өтем ақы формасында келіседі. Қазіргі кезде бұл форма ТСБА-ның келісімі нәтижесінде жиі қолданылып жүр.
Импортқа кеден салығын салу абсолютті түрде көпшілік елдерде қолданылады. Ал экспорттық салық дамыған бірде - бір елдерде қолданылмайды. Оларды тек дамушы елдер ғана қолданады. Айтарлықтай экспорттық салыққа ерекше жүйе қолдану Аргентинада жүргізіледі, бұл жерде экспорттық өнімдер екі топқа бөлінеді - әдеттегі (минералды және ауыл шаруашылық шикізат, азық - түлік, жеңіл өнеркәсіп) және әдеттегі емес. Салық тек ішкі топтағы өнімдерге ғана қойылады, одан басқа барлық экспортерлер 3% салық төлейді және ауыл шаруашылық өнімдері 1, 5-6% көлемінде әдейі арналған салық төлейді /16, 52/.
Сыртқы сауда операцияларын салықтық реттеу тарифпен тығыз байланысты, себебі кеден салығы импорттық өнімнің тікелей бағасына ықпал етеді. Импортты реттеу құралдарының ішінде салықтың рөлі ерекше өсті, оның себебі халықаралық тәжірбиеде кеден салығының мөлшерлемесінің төмендеуінің жалпы бағытына байланысты. Импорттық салықтар, шетел өнімдерінің бағасын көтеруімен бірге, оның ішкі нарықта қолданылуын қысқартады, импорттың көлемін төлендетеді, ал басқа жағынан алғанда - отандық өнімдер бағасын өсіреді.
Салық пен кеден бахс салығының айырмашылығы салық салу процесімен анықталады. Бахс салығы шетел өнімдерін шекарадан өткізгені үшін алынады, ал салық шетел өнімдері, сондай - ақ ұлттық өнеркәсіптің өнімдері үшін алынады. Импорттық өнімдерге салық - мақсаттарына, қолданылуына, қолдану сипатына қарап топтастырылады. Шекарадағы импорттық немесе теңестіру салығы импорттық өнімнің шекарадан өткен кезінде салынады. Ол кеден декларациясын таратқан тұлғаның қадағалауымен жүргізіледі.
Шекарадағы салық жинағының мөлшерлемесі ішкі ұлттық, өнімге қойылатын салықтың мөлшерлемесіне ұқсас болады. Олар СИФ шартындағы импорттық өнімнің бағасымен анықталады. Көптеген елдердің шекарадағы салық тәртібінің негізіне әлемдік жүйедегі салық салудың екі қағадасы кіреді - өнімнің жіберілу жүйесі және қолданылу орны.
Арнайы салықтың кеден баж салығынан айырмашылығы жоқ. Оның мақсаты импорттық өнімдерді алып келуді шектеу. Ол ерекше шара ретінде, яғни кеден баж салығын көтеру мүмкіндігі жоқ болған кезде қолданады.
Кеден тіркеуі кезінде төленетін алымдар мен салықтар, олар; кеден қоймаларында өнімдерді сақтау, статистикалық (санау), жүкті түсіру (жинау) кезіндегі салық. Оның мақсаты қызмет көрсету және “кедендік тазалық” кезінде кеткен шығындарды өтеу. Ондай салықтық баға өнім бағасының 1-2%-н құрайды, ал төлеу кеден шекарасынан өткен кезде декларацияны толтырумен жүргізіледі /6, 62/.
Жылжымалы импорттық салықтар. Әлемдік нарықтағы бәсекелесу күресі әдістерінің бірі ретінде, атап айтқанда, аграрлық протекцианизм сферасында жүргізіледі. Бұндай кеден салығы өнімнің бағасына тура ықпал жасау және экономикалық қызмет көрсету арқылы болады. Бұл салықтың айырмашылығы оған қойылатын мөлшерлеме тұрақты емес, ол әлемдік нарық бағасына қарап өзгеріп отырады. Олардың міндеті ішкі рынок бағасының деңгейін ұстап тұру, яғни әлемдік бағаның төмендеуіне байланысты кеден салығының мөлшерлемесіне көтеру.
Кеден баж салығымен салыстырғанда олар икемділігімен көзге түседі, сондай - ақ мөлшерлемені күнделікті өзгертіп отырады.
Өтемақылық (компенсация) алым жылжымалы салық түріне ұқсас. Олар ішкі рынок пен сыртқы рынок бағасының айырмашылығын толықтырып отырады.
Бұл ауыл шаруашылық секторында және өндірісті экспорттау мен импорттауда нақты өнімдерге қойылады. ЕО - біріккен кеден тарифінде кеден баж салығымен бірге өтемақылық алым жүргізіледі онда екі элементке көңіл бөлінеді; тұрақты алым (бакс салығы) және өтемақылық алым (өзгермелі) . Ондай ұйымдарға ТСБА 1995 жылы қайтадан БСҰ (ВТО) деп құрылды және кеден одақтары жатады. Европалық экономикалық бірлестіктік кеден одағы, оның үлесіне әлемдік сауданың 40% жатады.
Экспортқа мұнай шығаратын елдер (ОПЕК) т. б. ұйымдар кіреді. Олардың ішінде ТСБА - ерекше орын алады. Олар екі негізгі принципке сүйенеді; ашық сауда және сыртқы саудағы қонаушылықты болдырмау.
Сыртқы сауда саясатының мынадай түрлерін қолдануды ұсынады; бір үлгіге келтіру, өнімнің сертификатының болуы, импортты және экспорты лицензиялау, контингенттеу, экспортты жәрдемақылау, т. б.
Бұл принциппен қоса екі шартты ұстау қажет; көп жақты сауда келісімдерін іске асыру және халықаралық сауда кодексі мен қағидасын құру; сонымен бірге сыртқы сауданы шектеудегі ұлттық механизмдердің бағасын қалыптастыру. қол жеткен осы тәртіптер мен біріккен механизмдердің нәтижесінде халықаралық саудағы кедергілерді минимумға жеткізу керек.
Сауданы дамытудағы халықаралық құжаттардың ерекше тізімінде кеден бағасының кодексі, импорттық лицензия, бір үлгіге келтіру және кеден тәртібіне жеңілдету тұр. ТСБА-ның басқаруымен бірнеше конвенция бекітілді. Мысалы, кеден тарифтік механизмдердің қызметін шектеу. ТСБА-ның маңызды жетістіктерінің ішінде сауданы ырықтандыру жөніндегі келісім, саудада тек өнім өткізуді ғана реттеу емес, сонымен бірге қызмет көрсетуде де - қаржы, телебайланыс, әуе көлігі және т. б. салалардағы реттеу келісімдері.
Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірбиесінде сыртқы экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір - бірімен өзара байланысты, қалыптасқан екі түрлі реттеуден тұрады. Халықаралық немесе көп жақты және жеке ұлттық реттеулер. Жеке ұлттық реттеу - жекелеген елдердің немесе елдер тобының өзіндік ерекшелігімен сипатталады.
Шаруашылық өмірді және елдердің бір - біріне бағыныштылығының артуына байланысты, мемлекеттік реттеудің көп жақты негізін қолдау маңызды орын алып келеді. Көптеген мемлекеттерде өзінің ұлттық кеден тарифтік қадағалау жүйесін халықаралық жоғары бағаланған қағидалар мен тәртіптерге сәйкес құру ынталары байқалады.
Қазіргі таңда кедендік тарифтерді әлемдегі 100-ден астам ел қолдануда. Қандай да елдердің кеден тарифтеріне тән ерекшеліктері бойынша оларды келесі топтарға бөлуге болады:
- өнеркәсібі дамыған мемлекеттер тарифтері;
- дамушы елдер тарифтері;
- шығыс Европалық елдер тарифтері/5, 54/.
Кедендік тарифтер қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі болып табылады. Кедендік салықтар мөлшерлемелерінің төмендеу тенденциясына қарамастан олар отандық өндірушілердің шетелдік бәсекеден қорғаудың негізгі құралы болып қалып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz