Тауарларды кедендік өткізу үшін кедендік алым


КЕДЕН ТӨЛЕМДЕРІ
Кеден бажының экономикалық мәні мен маңызы Кеден бажының түрлері
Кедендік саясат Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдық бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының кеден саясатының мақсаттары мынадай:
1. Қазақстандық нарықты қорғау.
2. Қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау.
3. Экономиканың дамуын ынталандыру.
4. Экономикадағы құрылымдық қайта құруды жүргізуге жәрдемдесу.
5. Монополизмге қарсы әрекет пен бәсекелестікті қолдау.
6. Экспортты ынталандыру және импортты алмастыратын өндірісті қолдау.
7. Шетел инвестицияларының назарын аударту.
8. Сауда саясатының мәселелерін шешу.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазаңстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу кезінде және Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған басқа да жағдайларында, кедендік төлемдер мен салықтар төленеді, оны өндіріп алу кеден бөлімдеріне жүктелген.
Кеден баждары бюджетке құйылатын міндетті төлемдердің бірі болып табылады. Олар түрлері мен белгілері бойынша жіктеледі. Халықаралық тәжірибеде көбірек таралғандары импорттық және экспорттық баждар болып табылады. Импорттық кеден баждары елдің аумағына әкелінетін тауарларға салынады. Ол ұлттық немесе еркін жүретін валюта, төлеушінің еркі бойынша төленеді және мемлекет пайдасына аударылады.
КЕДЕН ТӨЛЕМДЕРІ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
Кеден төлемдерінің мөлшерлемелері төмендегі түрлерге бөлінеді:
• Адвалорлық - салық салынатын тауарлардың кедендік құнына пайыздық түрде аударылатындар;
• Айрықшалықты - салық салынатын тауарлардың бірлігі үшін белгіленген көлемде аударылатындар;
• Құрамдастырылған - кедендік салым түрінің аталған екі түрін де үйлестіретін;
• Кеден баждарынан басқа кеден процедуралары үшін кедендік алымдар мен төлемдер өндіріп алынады:
1) Қазақстан Республикасы кеден органдарының лицензияларын беру үшін алым;
2) Кедендік әзірлеу бойынша маманның біліктілік аттестатын беру үшін алым;
3) Кедендік безендіру үшін кедендік алым;
4) Тауарларды кедендік өткізу үшін кедендік алым;
5) Алдын-ала шешім қабылдау үшін төлем.
Кеден бажы - импортталатын жүктерге салынатын салық, кеден аумағына тауар әкелу барысында кеден органдарының өндіріп алатын төлемі.
Халықаралық тәжірибеде көбірек таралғандары импорттың және экспорттың баждар болып табылады. Импорттың кеден баждарына елдің аумағына әкелінетін тауарларға салық салынады Кеден тарифі - Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін және осы аумақтан әкетілетін, яғни ТМД СЭҚ ТН-мен сәйкес жүйеленген және топтастырылған тауарларға қолданылатын кеден баждары мөлшерлерінің жиыны.
КЕДЕН БАЖЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждарымен қатар Қазақстан Республикасының заңымен қорғаушы, демпингке қарсы және өтемдік баждар қарастырылған.
Қорғаушы баждар - қандай да бір тауарды Қазақстан Республикасының аумағына жеткізу жағдайында кеден баждарының мөлшерінен жоғары кеден органдарының өндіріп алатын баждары.
Кедендік баждар мөлшерлері біртұтас болып табылады және келісім түрінде тауар алмастырушы тұлғалардан тәуелділікте өзгертуге жатпайды.
Әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждарының мөлшерлерін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді және олардың ресми жариялануынан отыз күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасында кейбір тауарларға уақытша қорғау баждары әрекет етпеді.
Демпингке қарсы - Қазақстан Республикасының кеден аумағында оның экспорттың елдегі бәсекелік бағасына қарағанда төмен баға бойынша тауар әкелу жағдайында қолданылатын баждар.
Өтемдік баждар - мынандай жағдайларда қолданылатын баждар:
• өндіру немесе экспорттау барысында тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінуі;
• өндіру барысында тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан шетке әкетілуі.
Кедендік хаттау үшін кеден алымдары - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін саудалық мақсаттағы тауарлардан емес, халықаралық пошталық жөнелтулердің күзетілмейтін жүктері орналасқан көлік құралдарының кедендік хатталуы барысында өндіріп алынады.
Кедендік хаттау үшін кеден алымдары, сондай-ақ, кеден режимінің өзгеруі барысында өндіріп алынады.
Кедендік хаттау үшін алым мөлшері кеден құнының 0, 2 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасы мен ТМД елдері арасындағы бекітілген еркін сауда (берілген келісімдер жағдайларымен сәйкес) немесе кедендік одақ туралы келісімдер негізінде ТМД елдерінен Қазақстан Республикасына әкелінетін және Қазақстан Республикасынан ТМД елдеріне әкетілетін тауарлар қатынасына кедендік хаттау үшін кедендік алымдар төленбейді. Берілген келісімдер мен тиісті кедендік хаттау үшін кедендік алымдар Қазақстан Республикасының төмендегі елдермен өзара әрекеті барысында өндіріліп алынбайды: Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен, Қырғызстан Республикасымен, Тәжікстан Республикасымен және Армян Республикасымен.
Кеден төлемдерін есептеу мен төлеу тәртібі
Кедендік хаттау алымын есептеуге тауардың немесе көлік құралының кедендік құны негіз болып табылады.
Кедендік хаттаудың кедендік алымының есептелуі мына формула бойынша жасалады:
С те =С т *С с ,
мүнда: С те - кеден алымының көлемі; С т - тауардың кедендік құны; С с - алым мөлшері.
Әкелінетін тауарларға кеден баждарының мөлшерлері тауар шыққан елге тәуелділікте дифференцияланып қолданылады.
• Мемлекеттерден шығатын тауарлар қатынасында Қазақстан Республикасының саудалық-саяси қатынасында жағымды режим көрсетіледі, Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен әкелінетін баждардың мөлшерлері қолданылады;
• Қазақстан Республикасының кеден аймағына әкелінетін және Қазақстан Республикасымен кедендік одақ немесе еркін сауда туралы үкіметаралық келісім бекіткен ТМД елдерінен шығатын тауарлар қатынасында кеден баждары қолданылмайды.
Еркін сауда режимі - келіскен тараптар кеден баждарын, салықтарды және эквиваленттік ісі бар алымдарды, сондай-ақ келіскен тараптардың бірінің кеден аймағымен жүргізілуін, тауарды әкелу мен әкетуге сандық шектеуді қабылдамайтын сауда режимі. Берілген сауда режимі айрықша жеке құжаттармен хатталады.
Қазақстан Республикасымен еркін сауда режимін қабылдайтын елдер: Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Украина, Молдова Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заңның 149-бабына сәйкес кеден баждары салығынан төмендегідей тауарлар босатылады:
• Жүктерді, жолаушыларды, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау мен отын, азық-түлік және басқа мүліктерді бірыңғай халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары;
• Қазақстандық немесе теңіз кәсіпшілігімен айналысатын ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін олардың кәсібінің өнімін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының кеден аймағынан шет жаққа әкетілетін материалдық-техникалық жабдықтау мен отын, азық-түлік және басқа мүлік;
• Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құнды қағаздар;
• Әкелінетін немесе әкетілетін ішкі акциздіктерден басқа тауарлар, мемлекеттер, үкіметтер, халықаралық ұйымдар, техникалық көмек көрсетуді қосқанда, қайырымдылық мақсаттарға тегін көмек көрсету торабы бойынша тауарлар;
• Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары туралы заңына сәйкес кеден баждарының салық салуынан босатылатын тауарлар;
• Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің меншікті қажеттері үшін әкелінетін тауарлар;
• Кедендік төлемдердің салық салуынан босатылуды қарастыратын кеден режимдері аясында кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар;
• Қазақстан Республикасының үкіметі анықтайтын бажсыз өткізу нормаларының аясында жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізетін тауарлары;
• Мемлекеттік сыртқы займдар қаражаты есебінен сатып алынған ішкі акциздіктерден басқа, тауарлар;
• Қазақстан Республикасы аумағына тарату үшін әкелінетін шетел мемлекеттерінің лотереясы;
• Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен мұнай операцияларын өткізуді қарастыратын келісім-шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың меншік қажеттері үшін Қазақстан Республикасының кеден аймағына әкелінетін тауарлар;
• Шетелдік дипломатиялық өкілеттіліктерді ресми пайдалану үшін, сондай-ақ бұл үкіметтердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық тұлғаларды, олармен бірге тұратын олардың жанұяларының мүшелерін қосқанда жеке пайдалану үшін әкелінетін тауарлар.
• Гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, мемлекеттер, үкіметтер, салықтық заңға сәйкес белгіленген халықаралық ұйымдар тауарлары;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz