Кедендік экономикалық талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ

1 КЕДЕНДIК САЛЫҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ТАРИХИ ШАРТТАРЫ

1. 1 Кедендік салықтардың пайда болуының тарихи аспектiлерi

1. 2 Салық жүйесiнiң құрылу және даму тарихы, кезеңдерi

2 КЕДЕНДІК САЛЫҚТАРДЫ ӨНДIРIП АЛУДЫҢ МАҒЫНАСЫ, ТҮРЛЕРI МЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

2. 1 Кедендік салықтардың мәнi, түрлерi мен функциялары

2. 2 Кедендік салықтарды өндiрiп алу мен төлеу механизмi

2. 3 Қосылған құн салығына және акцизге арналған салықты есептеу ұғымы мен тәртiбi

2. 4 Кедендік экономикалық талдау

3 КЕДЕНДIК ТӨЛЕМДЕР ЖӘНЕ САЛЫҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢДЫ ЖЕТIЛДIРУДIҢ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Кедендiк салықтардың Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiндегi ролi

3. 2 Ұлттық практикада кедендік салықтарды өндiрiп алу кезiнде әлемдiк тәжiрибенi қолдану

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

4

6

6

13

25

25

31

58

64

66

66

68

72

75

КIРIСПЕ

Әлемдiк экономика әлемдiк нарыққа негiзделедi, оның материалдық негiзi болып ғылыми-техникалық прогресс және олармен ынталанатын қоғамдық еңбек бөлiнiсi табылады. Барлық ұлттық экономика халықаралық еңбек бөлiнiсiне және оларға байланысты экономикалық қатынастарға интеграцияланған.

Бiрқатар елдер өздерiнiң жеке даму мұқтаждықтарына байланысты әлем шаруашылығына қосылды, ал басқалары өздерiнiң ұлттық нарықтарын құрғанға дейiн халықаралық еңбек бөлiнiсiне және халықаралық экономикалық қатынастарға қосылды. Осы жағдайлар әрбiр нақты кезеңде ұлттық және әлемдiк экономиканың қатынастарының спецификасын шарттастырды, бiрақ сипатты белгiлердiң бар болуына қарамастан халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы бағыты бар, ол бүгiнгi күнде, мүмкiн, дүние жүзiндегi бiрде бiр елдi құр қалдырған жоқ - тауарлар мен қызметтердi халықаралық сату. Осы бағыттың құрама бөлiгi болып импорт табылады, яғни елдiң iшкi аумағына тауарлар мен қызметтер әкелiнедi деген сөз.

Импорт, елде өндiрiлмейтiн өнiмдердi, басқа елдерде өндiру өнiмдiлiгi төмен немесе ел iшiнде нақты тауарларға сұраныс көп болған жағдайда осы өнiмдердi алу үшiн қажеттi.

Қазақстан Республикасындағы радикалды экономикалық өзгерiстер мемлекеттiң экономикаға әсер ететiн маңызды құралдарды: мемлекеттiк бюджеттi және заңмен белгiленген тәртiпте алынатын салықтардың, алымдардың баждар мен өзге де төлемдердiң жиынтығын ұсынатын салық жүйесiн қозғады, ол дегенiмiз мемлекеттiк бюджетке және онымен тығыз байланыстағы салық жүйесiне әсер еттi. Салық жүйесi заңмен белгiленген тәртiпте өндiрiлiп алынатын салықтардың, баждар мен басқа да төлемдердiң жиынтығын ұсынады.

Сыртқы экономикалық қызмет саласында құрылған салық жүйесi, оның құрылымы, салық саясатының мақсаттары экономиканың жұмыс iстеуiне және ел дамуының барлық макроэкономикалық көрсеткiштерiне, заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк белсендiлiгiне үлкен әсер етедi. Сонымен, кедендік салықтарды өндiрiп алу мемлекетiмiздiң сыртқы экономикалық саясатын құрудың маңызды бөлiгi болып табылады.

Бұның өзін біз, экономикасы дамыған айшықты қадамдар жасаған әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінен байқаймыз. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты да елімізде кеден қызметінің негізгі ерекшеліктерін ашу, кеден салықтарын көрсету болып табылады.

Алға қойған мақсатқа жету үшін мынандай шараларды шешу керек:

  • кедендік салықтардың пайда долуының тарихы шарттарның мәнің ашу;
  • кедендік салықтардың ұғымы түрлері мен ерекшеліктерін қарастыру;
  • кедендік салықтардың жетілдіру жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыстын зерттеу объектісі:

Бұл, Қазақстан Республикасы кедендік төлемдерді өндіріп алу, олардың мәні, мағынасы, түрлері және басқадай ерекшеліктерін шешу болып табылады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заң актiлерi, Қарағанды облысы бойынша Кедендiк бақылау департаментiнiң деректерi негiзiнде жасалған практикалық материалдар және А. Н. Козырин, В. Г. Драганов, М. А. Сәрсембаев және т. б. сияқты белгiлi ресейлiк пен қазақстандық экономика және заң ғалымдарының еңбектерi аталмыш диплом жұмысының әдiстемелiк негiзi болып табылады.

1 КЕДЕНДIК САЛЫҚТАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ ТАРИХИ ШАРТТАРЫ

1. 1 Кедендік салықтардың пайда болуының тарихи аспектiлерi

К. Маркс пен Ф. Энгельс, В. Ленин, өздерiнiң жеке меншiктiң, мемлекеттiң пайда болуын, құл иелену, феодалдық, капиталдық қатынастардың құрылуын және дамуын ашатын жұмыстарында қанаушы мемлекеттерде кеден саясатының пайда болуы және жетiлдiру шартын түсiнуге бағыт бередi.

Кедендiк алымдар мен оларды өндiрiп алушы органдардың пайда болуының экономикалық шарты ретiнде кәсiпшiлiктi егiншiлiктен ажырату нәтежиесiнде алғашқы қауымдық құрылысты ыдырату кезiнде адам қоғамында пайда болған тауар өндiрiсi - айырбас мақсатымен еңбек өнiмiн әзiрлеу болып табылады. Онымен бiрге сауда да пайда болды, ол тек тайпа iшiнде және оның шекараларында ғана емес, теңiз жағалауындағы елдерде де пайда болды.

Кейiннен, «өндiрiспен ғана емес, ал өнiмдердi алмастырумен айналысатын класс, атап айтқанда көпестер класың пайда болды.

Көпестердiң пайда болуымен қатар жүзеге асыруы бар қатынас құралынан, жолдардағы қоғамдық қауiпсiздiк жағдайының саяси қатынастарынан тәуелдi жақын аймақтарға шығатын сауда байланысының мүмкiншiлiгi туды.

Сыртқы сауда байланыстары туралы бiрiншi мәлiметтер египеттiктер фин қалалары мен Теңiз бассейiнi жерлерiнiң тұрғындарын сата бастаған кезде б. з. д. III мыңжылдықтың басында ежелгi Египеттегi 6 әулеттiң ескерткiштерiнде жазылған. Одан кейiн көпестердiң сауда байланыстары Нил алқабынан Екi өзеннiң құл иеленушi мемлекеттерiне де тарады.

Көпес керуендерiнiң қозғалысы қауiптi болды және Египеттегi Жаңа патша уақытының тарихи ескерткiштерiнде (б. з. д. ХҮI-ХIIғғ. ) керуендерге шабуыл жасау және көпестердiң жасаған шағымдары туралы куәлiктер сақталған. Қымбат тұратын күзетшiлердi ұстау көпестер үшiн өте ауыр болды, сондықтан да керуен күзетiне кететiн шығындардың орнына ерекше алымдар келдi-келешектегi кедендiк баждардың бейнесi. Баждар, феодалдармен, олардың иелiктерiнен өтетiн саудагерлерден алынатын алым-салықтан туды, олар осындай әдiспен ұрлық-қарлықтан осы алым-салық кейiннен қалалармен де алынды және қазiргi заманға сай мемлекеттер пайда болған кезде қазына үшiн ақша табу құралы болып табылады.

Қоғамның топтарға бөлiнуi және мемлекеттердiң құрылуы кеден саясатының пайда болуының саяси жағдайы болып табылды. Ертедегi қоғамның құлдырауы нәтежиесiнде пайда болған құл иеленушi әйгiлiлерi өзiнiң экономикалық және әскери күшiне сүйене отырып қоғамның қалған мүшелерiнiң еңбегiн иеленуге тырысады және кәсiпшiлдiк пен алмастыруды дамытуға, қаланы ауылдан бөлуге әсер етедi. Қаламен қатар әкiмшiлiктiң, полицияның, салықтардың және т. б., бiр сөзбен айтқанда, қауымдасқан саяси құрылымның, сонымен саясаттың қажеттiлiгi туды. Мемлекет аппаратын қаржыландыру үшiн құл иеленушiлер әр түрлi салықтар мен алымдарды, оның iшiнде оны саудадан да және тауарларды өткiзу үшiн де алды. Ежелгi Ассирияда (Ашшур мемлекетiнде) б. з. д. III және II мыңжылдықтың межесiнде Ашшурдың пайдасы үшiн саудадан баждар алынды. Б. з. д. II мыңжылдықтың басында Екi өзеннiң барлық алқабын бiрiктiрген және 2 мың жылға дейiн ежелгi әлемнiң маңызды экономикалық және мәдени орталығы болған Вавилонда барлық тауарлар қалаға әкелiнген кезде тексерiлдi және олардан алынды.

Көпестер класы пайда болған соң «металл ақшалары, чекандық тиындар, металл ақшаларымен қатар үстемдiктiң жаңа құралы пайда болды». Осының нәтежиесiнде құл иеленушiлер өз үстемдiгiн нығайта түстi: «…сауданы таратумен қатар ақшамен және жер меншiгiнен өсiм алушылығымен және ипотекамен бiрге көптеген кластардың қолында байлық тез орталықтандырылды, сонымен қатар кедейлер қатары өсе бастады».

Құл иеленушi қоғамында қанаушылар үстемдiгiн бекiтуге өзге де салықтар және алымдармен қатар, сондай-ақ кедендiк баждар әсер етедi. Оларды өндiрiп алудың негiзгi мақсаты - фискальдық, яғни фиск - қазына мүддесiн қорғау.

Мемлекеттiң экономикалық және саяси даму ерекшiлiгi, сондай-ақ әр түрлi кезеңдегi әр түрлi континент елдерiнiң сыртқы сауда байланыстары туралы мәлiметтердiң толық емес салдарынан ежелгi әлем және орта ғасыр мемлекетiнiң кеден саясатын құрудың жалпы тарихи көрiнiсiн құру өте қиын.

Бастапқы кезде сауда жаяу болды және де көпес керуендерi жолда тоқтап демалуға мұқтаж болды. Тоқтап демалатын орныдарында олар өз саудаларын жүргiзе бастады, сондықтан да қойма орындарын қолданғаны үшiн олар салық төлейтiн болды. Кейiннен сауда тек жаяу жүрiс болып қала бермей, теңiз арқылы алып жүрiлдi, осыған байланысты қоймалар теңiз порттарында құрыла бастады. Сауда ережелерi алдауға жол бермедi, сондықтан да тәртiптi арнайы мемлекеттiк қызметшiлер қадағалайтын болды, оларға қаржы төлеу үшiн өндiрiлiп алынатын баждардың бiр бөiлiгi бөлiндi. Азия маталарына, хош иiстi заттарға арналған көптеген қойма орындары Жер орта теңiз порттарында құрылды, ал саудадағы делдалдар ретiнде финдық және грек мореходтары болды.

Грецияда құнарлы жерлер жоқ, оның аумағын жан-жағынан су алып жатыр, сондықтан да оның тұрғындары сауда жасап, күн көру үшiн қаражат таба бастады. Б. з. д ҮI ғасырдан бастап афиндықтар нанды Египеттен, Сицилиядан алып отырды, ал кейiннен солтүстiк Қара теңiз жағалауынан ала бастады. Қара теңiз жағалауының Херсонес, Пантикапей, Феодесия қалалары ескi Грецияның сыртқы саудасы үшiн өте маңызды, сондықтан да тауарларды әкелу және әкету үшiн баждар алынбады. Маталарға, қару-жарақтар, шараптар, өсiмдiк майларына алмас ретiнде Қара теңiз қалалары гректерге наннан басқа балықты да, терiнi де, құлдарды да жеткiздi. Кейiннен, Қара теңiзде тауарларды әкетуге баж белгiлендi. Б. з. д. IҮ ғасырдың ортасында митилендер босфордтық Левкон патшасынан 100 мың астық медимi үшiн төмендетiлген баж төлеуге рұқсат алды, ал Самотракидiң тұрғындары б. з. д. IIIғ. ортасында Птолемейден қызмет ететiн Иполидонға Херсонестен немесе бас елдi мекендерден астық әкету туралы өтiнiш жасады. Сондай-ақ құлдарды әкетуге баж салынды. Аңыз бойынша, философ Ксантий Самоста аңызшы Эзопты сатып алған, оны өзiмен Лидияға баж төлемей әкету үшiн көп жүгiрген екен.

Грецияның өзiнде әкелiнетiн тауарларға салынатын кедендiк баж оның құнының 1/10 бөлiгiн құраған. Бiрақ, кейiннен афиндықтар ораташа баптар сауданы дамытуға ықпал етедi және үлкен таьбыс бередi деп шештi. Сондықтан да б. з. д. IҮ ғасырда Демосфен кезiнде әкелу баждары тауар құнының 1/20, 1/50 және 1/100 бөлiгiне дейiн қысқарды. Жеке тауарлар (қару-жарақтар, әскери жабдықтар) баж төлеуден босатылды. Афиннiң жақтастарына кедендiк жеңiлдiктер берiлдi, олар тауар құнының 1/100 мөлшерiнде ғана баж төледi, ал Афиннан тәуелдi қалалар құнның 1/20 бөлiгiн төледi. Аттикада тұратын 6 мыңнан асатын шетел азаматтары ареопагтың рұқсатымен баж төлеуден босатылды.

Кедендiк баж алымдары теңiз порттары мен қала базарларында да жүргiзiлдi, жаяу кедендер де болды, олардың жұмысы - көршi елдермен қайшы қатынас болған жағдайда шекараны жапқан кезде тоқтатылды. Баждар алтынмен және күмiспен төлендi.

Баж алымы атақты азаматтар құрамынан кепiлдiк берушiлерi бар жеке тұлғаларды немесе топтарды сатып алу үшiн берiлдi. Сатып алу құқын алған аукциондар Афинның алаңдарында өткiзiлдi, онда 10 сайлаулы азаматтар жыл сайынғы ұсынылатын баж алымының қай сомасын бекiтудi ел алдында шеше бастады. Қабылданған баж сомасын сатып алушылар мемлекетке төледi, ал баждан жоғары өндiрiп алған сомасы, олардың табысы болып қалады. Сатып алушылар белгiленген жарнаны төлемеген жағдайда оларға кейiнге қалдырулар берiлдi, ал аталмыш мiндеттеменi орындамаған кезде олар түрмеге жабылды. Сатып алуды, Афинада және Пирейде саудагерлерден кедендiк баждарды өндiрiп алу процесiн уәкiлдi өкiметтер қадағалады. Тауарларға арналған кедендiк баждардың сомасы халықтың назарына ұсынылатын папирустерден, тас және керамикалық плиткаларда бормен жазылды.

Кедендiк операциялар басқа елдерде де белсендi дами бастады. Б. з. д. ҮIғ. Египетте Үкiмет Александрияға азық-түлiктi әкелудi және Египет шеберлерiнiң бұйымдарын әкетудi қатаң реттедi. Әкелiнетiн тауарлар үшiн алымдар Египеттiң солтүстiгiндегi Александрия мен Пелуссияның, оңтүсiкте-элефанитиннiң кедендiк пунктерiнде алынды, ал Гермополада iшкi кеден болды.

Б. з. д. IIIғ. Карфаген қаласында кедендiк баждардың мемлекет табысының маңызды көзi болды, баж жүйесiн қайта құрап және тұрғындардан баспа бас салық салуды енгiзбей өз шығындарын өтей алатын едi және Римге қарсы соғысы жемiстi болушы едi. Бiрақ, баждарды шектен тыс көбейту, саудагерлердiң кеден ережелерiн бұзуына, контрабандалық iс-әрекеттерге әкелiп соқтырды, осының нәтежиесiнде Карфагеннiң экономикасы әлсiредi.

982 жылы Страсбург қаласының статутымен епископтың төрт жоғары қала шенеунiктерiн тағайындау құқы қарастырылды, олар: қала басшысы (азаматтық судья мен қылмыстық iстердi жасаушы ретiнде), граф (крепостной комендант), кеденшi және қазынашы, бiрақ, епископ, жоғарғы екеуiн өзiнiң сарай маңындағылары қатарынан, ал кеденшi мен қазынашыны қала азаматтарының қатарынан тағайындады, мұны қаладағы кәсiпшiлер мен саудагерлер сословиелерiнiң мүддесiмен санасады деп қарастырылды. Кейiннен, 1249 жылы Фрайбург қаласының статутында қала азаматтарының өздерiне кеден шенеунiктерiн сайлау және олар өз мiндеттерiне немқұрайды қараған жағдайда лауазымнан босату құқы берiлдi. Егер де бұрынғы феодал заманы кезiнде кеденшiлер ерекше дәрежеге жатса, ал кейiннен ол лауазым кәсiпшiлер мен көпестер әулетiнiң мүддесi үшiн қызмет ететiн қоғамдық қызметкерге айналды.

Страсбург кеденшiлерiнiң мiндетiне ең басты салықтарды өндiрiп алу кiрдi, ал жәрмеңке алымдарын крепостной бастық ретiнде граф өндiрiп алды. Буржуа тарихшылары, алымдар, жолдарды жақсарту және көпес керуендерiн күзетудi жарылқайтын мақсатта белгiлендi деп сендiре отырып, орта ғасыр кеден шенеунiктерiнiң ролiн жақсы жағынан көрсетуге тырысты. Бiрақ, ұлы Карл жолаушыларға ешқандай қызмет көрсетiлмесе (мысалы, күзет бөлiнбеген жағдайда), олардан баж өндiрiп алуға тыйым салды, мұны ҮIII-IХғғ. межесiндегi феодалдар мен кеденшiлердiң пайдасына деп жасалатын шұбалаңқы ұрлық пен қиянат растайды. 1157 жылы көпестер император Фридрих I-ге, Бамбергтен Майн жерiне дейiн кеденшiлердiң олардан көптеген заңсыз алымдар алатындығы, ұрлыққа ұшырағандары туралы шағымданды. ХIҮғ. Рейнде -64, Эльбада-35, ал Дунайдың тек Кiшi Австриясында - 77 кеден бекетi болды. Феодалдар, өзеннен жаяу өтетiн жерде көпiрлер салып, одан өту үшiн ақы алып отырды. Кейбiр кезде өзен арқылы арқан тартып, көпiр астынан өткен көпес кемелерi үшiн де ақы алды. Феодал жерлерiнде ат басқан шөптер, талдан жұлынған жемiстер үшiн де баж алынды, осылайша, феодалдар қоршаған ортаны қорғады. Кейбiр кездерде жолдарды әдейiлеп шабылған талдармен жауып, оларды айналып өткендерi үшiн де баж алып отырды.

Қалада дамып отырған кәсiпшiлiктiң әсерiмен, iшкi нарық үшiн өндiрiлетiн тауарлардың өсуiне қарай орта ғасыр қалаларының өкiметi шет жерлердiң бiркелкi тауарларынан кеден шараларының көмегiмен қорғалуға мұқтаж болды. ХIIғ. Парижде қалаға әкелiнетiн шетел тауарларына ғана емес, сондай-ақ басқа француз қалаларының жiбек, полотно, қағаз бұйымдарына, шұға мен үлбiрлерге де баж салығы салынды. 1211 жылы Пармде статут бойынша қалаға әкелiнетiн барлық шұғадан жасалған тоқыма бұйымдарды магистрат тартып алып, жағып жiберетiн болды. 1239 жылы Парлебергтегi етiк цехының статутында шет жерден келген адамдардың бiрде бiрi етiктi сата алмайды және сатуға қоя алмайды деп көрсетiлген. Констанцада 1414 жылы қалаға әкелiнген шұғалар тек жәрмеңке кезiнде ғана сатылады, жәрмеңке аяқталғаннан кейiн оларды қайтадан әкелген жерiне әкетуi керек деген қаулы шығарылды, бiрақ жәрмеңкеге әкелiнген шұға үшiн алынатын баж осы тауардың сатылған сатылмағанына қарамастан барлығына салынған.

Ерекше кластың қолындағы сауда қатынастарымен бiрге көпестердiң арқасында қаланың маңындағы жергiлiктерге шыққан сауданың кеңеюiне байланысты өндiрiс пен сауда арасында өзара iс-қимыл туады. Қалалар бiр бiрiмен байланысқа түседi, бiр қаладан басқа қалаға жаңа еңбек қарулары әкелiнедi және де өндiрiс пен сауда арасындағы бөлiнiс өз өнеркәсiп саласы дамитын жеке қалалар арасында жаңа бөлiнiс алады. Кiшкене де болса бастапқы жергiлiктi шектеулiк жоғала бастады. Феодал тәртiптерi, табиғи шаруашылықтың үстемдiлiгi. кедендiк қайшылықтар тұрғындардың жеткiлiксiз тауарларға мұқтаждығын қанағаттандыруға бөгет қоя бастады.

Қалалар мен княздiк арасындағы экономикалық байланыстарды дамытуға арналған тенденциялар Еуропада ХII-ХIIIғғ. дами бастады. Кеден саясатында мемлекеттiң iшкi шекараларында бiрдей кеден жүйесiн дамытуға талпыну нығая бастады. 1215 жылғы Ұлы Хартияның ағылшын азаттылығында Англиядан әкетiлетiн және әкелiнетiн тауарларға «әдiлетсiз баждарды төлеу» туралы ескерту жазылған. 1275 жылы ағылшын парламентi король Эдуард I-ге импортталатын шараптар мен экспортқа шығарылатын ағылшын жүндерiне баж салуды ұсынған1.

ХҮ-ХҮIIIғғ. саудагерлер әулетiнiң сыртқы сауда байланыстары, мемлекет iшiндегi қиыншылықтарған қарамастан, есепшiлдiк атауын алған феодалдық еуропа мемлекеттерiнiң экономикалық саясатының негiзi болды. Бұрынғы есепшiлдiк және монетаризм кезiнде ХҮ-ХҮIғғ. Испанияда, Португалияда, Англияда, Голландияда, Францияда ақшаны қоғамдық байлықтың негiзi деп санаған. Сондықтан да мемлекет басшылары қазынада жинақталатын ақшаны қадағалайтын ережелердi белгiлей отырып сыртқы саудаға араласқан. Айналыстағы «алтын мен күмiстiң зәредей мөлшерi» осы металдарды әкетуге тыйым салды2. Отандық көпестерге шетел кемелерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу қажеттiлiгiн болдырмау үшiн шетелде шетел кемелерiнде сауда жасауға тыйым салынды; саудагерлер, өз тауарларын шетелде сатқан жағдайда түсiмнiң жартысын артқа осы бағалы металдар немесе ақша түрiнде әкелуге мiндеттендi. Шетелдiк көпестер қойма орындарын, гавандарды, паромдарды, ақшаларды пайдаланғаны үшiн кедендiк баждар мен алымдарды төлеуге мiндеттi болды, ал Англияда, келген шетел азаматтарының өздерiмен әкелген ақшаларын жұмсауға мiндеттi деген заң қабылданды. Тауарларды тек қатаң нақты пунктер бойынша шығару қарастырылды. ХҮғ. Англияның кеден шенеунiктерi Генрих IҮ статуты бойынша шетел азаматтарының ақшаны, монетаны қаладан шығармауын қарауға мiндеттi болды.

Бұрынғы меркантелизмнiң3 кедендiк баждары тек қаржы сипатында болды және де ол тауарларды әкелу кезiнде де, шығару кезiнде де алынды. ХҮI жүзжылдығында Англияға әкелiнетiн баждар 42 мың фунт стерлинг көлемiнде, ал әкетiлетiн баж 185 мың фунт стерлинг көлемiнде табыс бердi. Египетте, ХIII-ХҮғғ. оның аумағынан Еуропадан Индияға және қайта өтетiн транзиттiк көпес керуендерi кезiнде кедендiк баждар, тауар құнының 15% құрады, ал ХҮғ. ол 35% дейiн өстi. Жеңiлдетiлген тариф тек Пизадан әкелiнетiн темiрлер мен ағаштарға ғана белгiлендi (құнының 10%) . Кейiннен, Индияға Африка тұсынан өтетiн теңiз жолы ашылғаннан кейiн және португалиялықтардың Ормузаның, Аденаның теңiз порттарын басып алғаннан кейiн Египет арқылы өтетiн транзиттiк сауда құлдырай бастады. бұл осы елдiң экономикасына өте әсер еттi, бiрақ оған сондай-ақ египеттiң жоғары баждары да әсер еттi. Францияда, 1664 жылы кедендiк тарифте тауарларды әкелу бойынша 700-бап және тауарларды әкету бойынша 900-бап болды, мұны кедендiк салық салудың детализациясы куәландырды.

Бұрынғы меркантелизм кезiнде, ХҮIIғ. жуық кезде елдi ақшамен байыту колонияларды пайдалану есебiмен мүмкiн болады деп саналды, ол: отаршылдық шикiзаттарды пайдалану, оларды фабрикаттарға өңдеу, дайын өнiмдердi шығару, тауарларды әкетудi арттыру, теңiз флотын кеңейту, осылардан түскен түсiмдердiң қазынаға бұрынғыдан көп түсуi. Кеден саясатының дамуына географиялық ашулар ықпал еттi. Кедендiк тарифтер, еуропа мемлекетi мен олардың колонияларына басқа елдiң тауарларын әкелуге тыйым салды, бұл отандық өнеркәсiптiң дамуына, сондай-ақ колониялардан шикiзаттарды басқа елдерде пайдалану үшiн шығаруға тыйым салынды. Өз елдерiнен дайын бұйымдарды шығаратын көпестер үшiн әкетiлетiн кедендiк баждарға жеңiлдiк берiлдi. Шетелге әкетiлетiн тауарларды көтермелеу үшiн әкетiлетiн сыйақыларды енгiзу, тәжiрибелi жұмыскерлердi эмиграциялауға тыйым салу туралы заңдар қабылданды. Кейбiр кезде басқа елдерден дайын тауарларды әкелуге рұқсат берiлдi, бiрақ осы кезде метрополиядағы ақшаның көбеюi керек деген шарт қойылды, мысалы, осы тауарларды пайда түсiру үшiн үшiншi елдерде сату.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік төлемдер
Арнайы кедендік статистика
Қазақстан СЭҚ мемлекеттік реттеу мен кеден саясатын дамыту болашағы және көкейтесті мәселелері
Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басқару аппаратының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Кеден органдарының кедендік рәсімдеумен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін бақылау
Мемлекеттің кіріс жүйесіндегі кедендік төлемдерінің мәні, түрлері және алу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын салу әдістерінің кәсіпкерлік субъект мүдделеріне әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz