Орталық Кедендік орган
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ 9
1.1 Қазақстан Республикасының кеден органдарының құрылымы
1.2 Кеден органдарының міндеттері 9
1.3 ҚР кеден органдары мемлекеттік басқару саласы ретінде 22
29
2 КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ
СИПАТТАМАСЫ
2.1 Кеден ісіне катысты қылмыстардың ұғымы мен түрлері, заңдылық 32
сипаттамасы
2.2 Контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері 32
2.3 Контрабанданың қылмыс ретіндегі жағдайы, құрылымы және
қарқыны 35
3 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНТРАБАНДАНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ РӨЛІН 46
ЖЕТІЛДУРУ
3.1 Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі
ретінде 48
3.2 Кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу
жөніндегі жалпы шаралары 48
ҚОРЫТЫНДЫ 52
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65
69
КІРІСПЕ
1995 жылдың 20 тамызында референдум нәтижесінде қабылданған Қазақстан
Республикасының Конституциясы, қоғам, мемлекет, азамат өміріндегі негізгі
қағидалар мен бағыттарды бекітті. Оның бірінші бабында Қазақстан -
демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның басты құндылығы
болып, адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.
Бірақ, бірнеше онжылдықтар бойында қалыптасқан қоғамның “социалистік”
қарым-қатынастарының “рыноктық қатынастарға ”айналуы, тәуелсіздікті шынайы
іске асыру, жас мемлекеттің егемендікке қол жеткізуі, бірталай қиындықтар
мен мәселелерге тап болуына әкелді. Экономикада кризис орнады. Жұмыссыздар,
жалақы және зейнетақы қарыздары пайда болды, сол себептен, Қазақстанның
бірнеше аймағында ереулдер өтті. Қазіргі көзқарастармен, салыстырсақ, сол
кезде қоғамдық және құқық тәртібі күрт төмендеген екен.
Президент Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан 2030. Барлық
Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, жағдайының жақсаруы” отты
Жолдамасында, қоғам мен мемлекеттің болашақта даму жобасы көрсетілген.
Сонымен қатар, көптеген жұмыстарды қайта қарастыру қажеттілігі пайда болды,
бұл қоғамға қарсы жағдайларды тойтару, қылмыспен күресу, жиналған өмірлік
тәжірибелерді жоғалтпау мақсатында, оны тарихи тұғырдан ғылыми талдау
қажеттілігі туындады. Жолауда аталғандай, біздің бүгінгі күні, дамуымыздың
кейбір негативті жағдайлары – бұл, “уақытша және ауыспалы құбылыстар,
кеңестік дәуірден қалған, ауыспалы кезіңнің қиындықтары, бірақ
мүмкіндіктерді пайдалану және қауіпті жағдайларды тойтару, активтерді
көтеріп, пассивтерді төмендетуіміз - өзімізге ғана байланысты, басты
бағыттарды ұстануымыздан және оны іске асырудағы қазіргі заман талаптарына
сай болуы және имкемділігіне байланысты ”27.
Біздің алдымызда көлемі жағынан өте ауқымды істерді орындау, және
уақыт бойынша, азаматтық қоғамның сапасы жағынан жаңа, құқықтық және
әлеуметтік жағдайларға ауысу жұмыстары тұр.
Сонымен қазіргі Қазақстанынның бүкіл құқығы, құқық жүйесі, құқық
идеологиясы оның мемлекет ретіндегі түпкі стратегиялық мақсат-мұраттарынан,
ішкі, сыртқы мемлекеттік функцияларын жеткілікті дәрежеде орындауға деген
қажеттіліктен, Қазақстан қоғамындағы жаңа қарым-қатынастарды соңғы, қәзіргі
заманғы демократиялық ұғым-түсіндік тұрғысынан реттеуден, жалпы қазақ
мемлекетінің негізін қалаған идеялар мен принциптерден туындап, соларға
сәйкес жасалып, қалыптасып, өзгеріп, дамып отыр деп есептейміз. Соған
сәйкес өз іс-әрекетінде мемлекеттік функциялардың белгілі бір бөлімін
қамтитын, мемлекеттің кейбір стратегиялық мақсаттарын, ішкі-сыртқы
экономикалық, кеден саясаттарын жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің бір
тармағы болған кеден органдарының құқықтық базасы, заңнамалары, құқықтық
мәртебесі, іс-әрекетінің әдістері мен түрлері, құзырлығы, т.б. мәселелері
дәл осы тұрғыдан, яғни Қазақстан мемлекетінің дәл қазіргі кезендегі
өркендеуі дәрежесінің, оның кезеңдегі нақты тактикалық міндеттері мен
мақсаты, функцияларының іске асырылуы тұрғысынан зерттеп-зерделеуді қажет
етуде.
Соңғы кезеңдегі Қазақстанның, әсіресі оңтүстік шегіндегі геоcаяси
ахуалдың шиеленісуі, халықаралық терроризм қаупті, көршелес Қырғыстан мен
Өзбекстанда содырлар топтарымен болған қақтығыстар, экстремистік діни
көзқарастарды насихаттаудың өршеуі, есірткі тасымалының, заңсыз миграцияның
күшеюі, кейбір көрші елдермен шекараны айқандау, нақтылау,
делимитизациялау, демаркацияллау мәселелері, сондай-ақ Ресей тарапынан да
кейбір эстремистік пиғылдағы адамдардың елімізге өтіп кетуі (баспасөзде
Ресейдегі кавказ ұлтына жататындардың Қазақстан жерінде қарақшылық
қылмыстар жасағаны, діни экстремистік мағынадағы, ұлт араздығын қоздырушы
әдебиеттер, есерткі әкелгені жөнінде болды 33 - осы жағдаяттардың бәрі
Қазақстанның мемлекеттік басқару органдарының мемлекет шекерасын белгілеу,
шекараны қорғау, жалпы елдің сыртқы қорғанысы, жалпы елдің сыртқы
қорғанысы, ішкі қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ елді халықаралық
аренадағы белсенді әрекеттер арқылы саяси қорғау мәселелеріне ерекше көңіл
бөлуге итермелеп отыр. Елбасы Н.Ә Назарбаевтың халықаралық аренадағы іс
әрекетінің, көрші елдердің мемлекет басшыларымен өткізген кездесулерінің
және сол кездесулерде жасалған келісімдерінің басты мәні Қазақстан
мемлекетін саяси, экономикалық тұрғыдан қоргау, сенімді серіктестер табу,
сыртқы қауіп-қатармен көрші мемлекеттермен бірге өзара ынтымақтаса отырып
күресу болғандығы белгілі.
Сонымен қатар, Қазақстан мемлекетін саяси аренада саяси құралдармен
қорғау ғана емес, сондай-ақ оның әскери күштерін дамыту, шекерасын әскери-
кедендік қоғау бойынша да нақты жұмыстар жүргізілуде. Жалпы қорғаныс,
шекара, көрші елдемен сауда-саттық, татулық қарым-қатынастары тұрғысынан
алғанда қазіргі кезенде кеден органдарының іс-әрекетінің маңызы артып және
оған мемлекет тарапынан қоғамдық тұрғыдан көп көңіл бөлініп отыр.
Осыған орай, қоғамда өзгерістерге сай материалдық қана емес, рухани да
атмосфера құру өте маңызды, ол мемлекет саясатының барлық қоғамдық өмір
салаларында салмақты қолдауымен бола алады. Мемлекетті дамыту стратегиясы
догма емес, барлық қоғамдық өмір салаларының түбегейлі өзгерістеріне
әкелетін әдістеме екендігін естен шығармау қажет. Сонымен бірге, ақырғы
онжылдық ішіндегі Қазақстан Республикасында белең алған құқық бұзу, оның
ішінде ауыр қылмыстардың санының өсуі қоғамдағы мінез- құлықтық саясаттың
климатына кері әсерін тигізеді, сондай - ақ әлеуметтік – психологиялық
қысымның өсуіне, адамдардың ертеңгі күнге және өз қауіпсіздігіне деген
сенімсіздігін тудырады.
Тіркелеген қылмыстар бойынша, республика бойынша, қылмыс саны ақырғы
он бір жыл ішінде екі есе өскені көрінеді. Жалпы қылмыс құрылымы ішінен,
экономикалық қылмыстар басым екендігі көрінеді.
Әрине, экономикалық қылмысты жасау - кеңестік қоғамдық қарым-
қатынастардың “рыноктыкқа” көшуі себепкер болады, сонымен қатар,
мемлекеттік және қоғамдық механизмді өзгерту, көпшілік санасына әлеуметтік
және құқықтық мемлекет принциптерінің азаматтық қоғам идеологиясын енгізуде
де тұр.
Экономикалық қылмыс санының басым көпшілігі, бірқатар себептерге де
байланысты: әкімшілік-бюрократиялық механизмнің таралып, коррупцияның
орнауы, қосарланған мораль, қылмысқа жоғарғы үкімет өкілдерінің қатысуы,
қосарланған заңдылықпен, немесе, заң алдында басшы мен қатардағы азаматтың
шын мәніндегі теңсіздігі, еңбек нәтижесіне жете көңіл бөлмеу, және
мемлекеттік меншікті сақтауға талпынбау. Экономикалық қылмыс санының
жүйесінде кедендік қылмыстар ерекше орын алады. Ішкі экономикалық
процесстердегі кеден бақылауының орны мен рөлі және ішкі экономикалық
қызметті жариялықтандыру және либерализациялау жағдайындағы олардың әсер
диапазонын кеңейту, қарым-қатынастардың күрделі және бірткелкі болмаған
кешенін құқықтық реттеудегі жаңа әдістерді қолдануды талап етеді. Жаңа
кедендік қарым-қатынастарын құқықтық негізделген реттеу істері, кеден
заңдарының тарихи дамуының бұрыңғы кезеңдерде жиналған тәжірибелеріне
сүйену тиіс.
Төлемдердің біртұтас, белгілі бір мақсаттары бар жүйесін құру, және
оны кеден шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қолдану арқылы, кеден
саясатын мемлекеттік реттеудің сыртқы экономикалық ретінде жұмыстары
қарастыру арқылы ғана, кеден саласының жалпы мақсаттары, кеден саясатының
алға қойған мақсаттарының және, кеден ісі қызметтерінің маңызы зор
екендігіне көз жеткізуге болады.
Жаңа сыртқы экономикалық қарым-қатынастарға көшу құбылысы, оның кейбір
кері әсерлері бар жайларын анықтайды, солардың нәтижесінен, Републиканың
қолданыстағы қылмыстық, әкімшілік, кедендік заңдарын бұзу санының көбеюін
танытады. Соның ішінде, ақырғы кезде белең алған, кейде орны толмайтын,
мемлекетімізге үлкен экономикалық зиянын тигізетін, қылмыстық жазалау
контрабандасының санының өсуі байқалады. Контрабандаға қарсы күрестің
өзектілігін осы категорияда жасалған қылмыстар санының күрт өсуін растайды.
Кәзіргі кезде мемлекет деңгейінде, әсіресе кеден саласындағы, экономикалық
қылмысқа қарсы күресу, жалпы, қылмысқа қарсы күресудің басты бағытарының
болады.
Соған орай, Қазақстан Республикасы Президенті 1998 жылдың 12 – қазанда
“Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесін әрі қарай
реформалау” Нұсқауында, мемелекет кірістері Министірлігін құрып, оған мына
міндеттерді жүктеді:
- өз уәкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық
мүдделерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
- мемлекет алдындағы салықтар, бюджетке төленетін төлемдер, басқа да
қаржылық міндеттемелердің түсуін қамтамасыз ету;
- ішімдік өнімдерінің өндірісі және айналымына мемлекеттік бақылауды;
- мемлекетке шығын клтіретін экономикалық қылмыстар мен құқық бұзуға
қарсы күресу, экономикалық қылмыстарға қарсы күресудегі халықаралық өзара
ынтымақтастықты қамтамасыз ету.
Контрабанданың қоғамға келтіретін нұқсаны тек экономикалық шығын
ретінде ғана қарастырылып қоймайды. Сонымен қатар, ол әлеуметтік-
психологиялық және моральдық жағынан келтіретін зияндылығымен де
күрделенеді. Мәселен, казіргі кезде, кеден қылмыстарының саны өсуі әртүрлі
әлеуметтік топтардың негізсіз жіктелуінің тереңдеуіне, және негативті,
қоғамға қарсы жеке ұстанымдардың пайда болуына әкеледі.
Қазақстандық кеден заңдарының дамуы, рыноктық қарым- қатынастардың
құрылу жағдайларындағы контрабанданың кеңінен таралуы, бұл қылмыстың
қоғамға төндіретін қауіпінің үлкен дәрежесі болып саналады.
Бұл зерттеулердің барлығында дерлік, негізінен қылмыстық - құқықтық
мәселелер зерттелді, оның ішінде, жалпы контрабанда түсінігі, жалпы құрам
мен қонтрабанданы анализдеу, сонымен қатар, айналымнан алынған заттардың
контрабандасы немесе айналымы шектелген заттарды анализдеу кеңінен
зерттелген. Ал криминологиялық контрабанда, оның себептері мен жағдайлары,
сондай – ақ, оның жалпы және арнайы алдын алу шаралары тіптен де
зерттелмеген.
Сонымен бірге, кеден саясаты, ішкі және сыртқы саясаттың басты құрамы
ретінде, мемлекетіміздің заңмен бекітілген мақсаттарына сәкес, қазақстандық
рынокка, өндірушлер мен тұтынушыларға жақсы жағынан ықпал етуі тиіс;
экономиканың, импорт пен экспорттың дамуын қарқындату; сауда саясатының
мәселелерін шешуге және т.б. сыртқы экономикалық қарым-қатынастарды реттеу,
негізінен экономикалық әдістермен, кеден баждары, салықтар мен алымдар
көмегімен орындалады.
Әкімшілік әдістердің мәні күрт төмендедеі, бірақ мемлекет олардан
толық айнуы мүмкін емес, өйткені олар экономикалық әдістерді толықтырады,
және, сонымен қатар, сыртқы экономикалық қызметтерінің белгілі бір
салаларында өз мәнін сақтайды.
Сонымен қатар, тағы бір мәселені атай кетейін. Меншік түрлерін өзгерту
процесстерінде жаңа экономикалық қарым-қатынастар пайда болды. Бұл бұрын
қатаң иерархиялық және әкімшілік – бұйыру әдісімен реттелген қарым-
қатынастар, қазіргі кезеңде қатаң реттеуге тәуелсіз, еркін салаға айналды.
Бұл әсіресе алғашқы кезеңдергі жаңа жағдай, барлығына рұқсат сенімін пайда
болғызып, қалыптастырады, кеден бақылауының іс - шаралар мен шешімдерге
құқықтық баға беруді талап етеді.
Зерттелген саланың криминалдық жағдайын құқық қорғау және бақылау
органдарының қызметкерлерінің дайындығының жеткіліксіздігі мен
біліксізідігі, кеден қылмыстарының алдын алу және ашудағы жұмыстарын
үйлестірудің тимдсіздігімен қиындатады.
Кеден қылмыстарының алдын алудың бүгінгі күнге дейін, криминалистік
негізі жоқ екендігін айтпай кеткен жөн емес.
Сондықтан, кеден саласындағы қылмыстарының алдын алуды тиімді
ұйымдастыру, оларды жасайтын тұлғаларға қоғамдық - әлеуметтік және арнайы,
сонымен қатар, қылмыстық- құқықтық, шараларды қолдану - еліміздің
экономикасы мен дамытудағы айтарлықтай жағдайларды қорғау, кеден
мекемелерінің қалыпты қызмет атқаруын, қоғам мүшелерінің дұрыс өмір
ұстанымдарын қалыптастыруындағы әртүрлі негативті жайларын болдырмауды
қамтамасыз етеді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, қорғалуға ұсынылып отырған
дипломдық жұмыстың мақсаты айқындалады –Кеден ережелерін бұзумен күрестегі
Қазақстан Республикасының кеден органдарының қызметі туралы зерттеу. Осы
мақсатқа жету үшін алдын-ала мынадай міндеттер қойылды:
- кеден бақылауы органдарының рөлі
- кеден органдарының міндеттері
- Қазақстан Республикасының кеден органдары мемлекеттік басқару саласы
ретінде
- кеден органдарының құқық қорғау қызметтері
- контрабанданың қылмыс ретіндегі түсініктері және белгілері
- контрабанданың қылмыс ретіндегі жағдайы, құрылымы және қарқыны
- кеден бақылауы органдарының контрабанданың алдын алу жөніндегі жалпы
шаралары.
1 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ

Қазақстан Республикасының кеден органдары – өзінің құзыры шегінде
кеден саясатын жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасында кеден ісін
тікелей жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заң актілерінде
қарастырылған өзге де қызметтерді орындаушы мемлекеттік орган. Қазақстан
Республикасының кедендік бақылау Агенттігі – елдегі кеден қызметін
басқаратын негізгі орган. Комитеттің басшылығы төраға, Бірінші орынбасары,
орынбасары, төраға көмекшісі және төраға кеңесшісінен тұрады. Комитеттің
негізін мыналардан тұратын басқарма құрайды: контрабанда және кеден
ережелерін, кеден кірісін бұзумен күрес ұйымы Басқармасы, кедендік бақылау
Басқармасы, қаржы-шаруашылық басқармасы, аппарат жұмыстарын ұйымдастыру
жөніндегі басқарма, кадр Басқармасы. Сыртқы қатынастар және өз қауіпсіздігі
бөлімшелері, кеден сараптамасын ұйымдастыру бөлімдері қызмет етеді.
Бұл басқармаларды сыныптарға бөлуге болады. Соның ішінде, оперативтік
қызметі қамтамасыз етуге кедендік бақылау Басқармасын кіргізуге болады;
ішкі қамсыздандыру басқармасының тобына кедендік күзет және режим
басқармасын, қаржылық-шаруашылық басқармасын және басқаларды жатқызуға
болады. Қызметтік басқармаларға мыналарды атап шығуға болады: кедендік
кірістер басқармасы, автоматтандыру және кедендік статистика Басқармасы,
сыртқы байланыс бөлімі, кадрлар Басқармасы, ұйымдық-сараптамалық басқарма.
Әрбір басқарманың негізін құраушы бөлімдердің атаулары бойынша,
басқарманың қызметтері жайлы айтуға болады. Осылайша, кедендік бақылауды
ұйымдастыру Басқармасы саудасыз айналымдағы кедендік бақылауды ұйымдастыру
бөлімінен, кедендік басқармаларды әдістемелеу бөлімінен, кедендік режим
бөлімінен тұрады. Контрабанда және кеден ережелерін бұзумен күрес
басқармасында оперативтік бөлім, контрабандамен күрес бөлімі, кеден заңын
бұзумен күресу бөлімдері қызмет етеді. Қарастырып отырған басқармада
нашақорлықпен күресудің аса маңыздылығын ескере отырып, есірткі
контрабандасымен күресу бөлімін жасау және кинологиялық қызметін
ұйымдастыру шешілген болатын.
Бөлімдердің атаулары осы басқарманың қызметіне кейбір айқындықты
береді: сауда айналымындағы кедендік төлемдер бөлімі, кедендік-тарифтік
басқару, тауарлық номенклатура және кедендік құн бөлімдері, жанама салық
бөлімдері, саудасыз айналымдағы кедендік төлемдер мен алымдар бөлімі,
валюталық бақылау бөлімі. Бұл басқарма кеден шекарасын кесіп өтетін
шаруашылық субъектілерін баж бен алымдары төлеуін ұйымдастырумен
айналысады. Осы баждар мен салықтардың жалпы жинағы мемлекет қазынасына
түсетін кеден кірісіп құрайды 24.
Статистикамен талдау, тораптық және техникалық қызмет көрсетудің
автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бөлімдерінің жиынтығы автоматтандыру
және кедендік статистика Басқармасын құрайды.
Құқықпен қамсыздандыру бөлімінде заңды кодтау және кеден заңы
мәселелері мен арнайы ұйымдық бөлім айналысатындығы қарастырылған, ал іс
жүзінде, құқықтық мәселелер құқықтық бөлім қарамағына кіреді. Кеден
органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамсыздандыру
басқармасының құрылымдары да белгілі бір қызығушылықты тудырады. Жұмысшылар
штаты толық бухгалтерия қарастырып отырған басқарманы маңызды
бөлімшелерінің бірі болып табылады. Кеден қызметін қалыпты жүзеге асырудың
қажетті бөлімшесі – материалдық қамсыздандыру, жарақтау, қорғау құралдары
мен техникалық бақылау бөлімі болып табылады. Кедендік бақылау агенттігі
кеден нысандарын толық құрылысын жүргізу және эксплуатациялау қызметін
өзіне алғандықтан, осы басқармада сәйкес бөлімдер құрылған. Формалық
киіммен қамсыздандырумен сәйкес бөлім айналысады.
Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің 1995 жыл 30 шілде №163
бұйрығымен кедендік бақылау Агенттігінің құрамында кедендік сараптауды
ұйымдастыру бөлімі құрылды, ол кейінірек Орталық кеден лабораториясына
қайта құрылды. Бұл лаборатория кедендік бақылау Агенттігінің негізгі
сараптау және зерттеу мекемесі болып табылады. Бұл лабораторияның негізгі
міндеті кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларды кедендік бақылау және
кедендік ресімдеу кезінде сараптамалық көмек беру болып табылады.
Сараптамалық көмек арнайы білімді қолдану және қажетті зерттеулерді
жүргізуден көрінеді.
Кеден ісін ұйымдастырудың маңызды элементтерінің бірі кеден қызметінің
ұтымды құрылымын және оның органдарын еліміздің территориясында
орналастырудың ұтымды вариантын таңдау. Кеден қызметі Қазақстан
Республикасы кеден органдарының біркелкі жүйесі ретінде құрылады және
қызмет етеді.
Кеден органдарының біркелкі жүйесінің принциптері кеден ісін
ұйымдастыру мен жүзеге асырудың негізі болатын біртектес принциптермен
үздіксіз байланысты: біркелкі кеден саясаты, біркелкі кеден территориясы,
біркелкі кеден заңдары, біркелкі тарифтік реттеу және оларды экономикалық
саясат шараларымен үйлестіру. Жалпы алғанда, олар Қазақстан Республикасының
конституциялық құрылымы принциптерінің негізін қалаушылардың бірінің мәнін
айқындай түседі.
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі кеден органдарының біркелкі
жүйесі түсінігіне осы жүйені құрушы органдардың атауларын жатқызады: кеден
ісі мәселелері бойынша өкілетті орган; облыстар бойынша кеден ісі
мәселелері бойынша өкілетті органның территориялық бөлімшелері; кедендер;
кеден бекеттері; Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылау-
өткізу пунктері; мамандандырылған кеден мекемелері.
Осы жүйелердің әрбірі Қазақстан Республикасының кеден органдары болып
табылады және құқық қорғау мәртебесіне ие. Кеден органдарының біркелкі
жүйесі – бұл кеден органдарының барлық жиынтығы; жалпы жүйелі принциптерге
негізделген, кеден ісін жүзеге асырудағы олардың қарым қатынасы мен
байланыстары: тұтастық, құрылымдық, иерархиялық, қоршаған ортамен өзара
тәуелділік.
Кеден ісі мен кеден саясаты негіз қалаушы институттар бола отырып, осы
саладағы мемлекет қызметінің қазіргі кездегі жағдайын және кеден
саласындағы жалпы проблемаларды көрсетеді 23.
Көптеген жылдар бойы сыртқы экономикалық қызметке жүріп келген
мемлекеттің монополиясы жойылды. Заңдарда қарастырылған жағдайлардан өзге,
Қазақстан Республикасына тауарлар мен көлік құралдарын алып келуде немесе
шығаруда ешкім шектетілмейді және құқығынан айырылмайды.
Кеден кодексіне сәйкес, кеден саясаты Қазақстан Республикасының ішкі
және сыртқы саясаты бола отырып, мемлекеттік биліктің орталық органын
енгізуге жатады. Қазақстан Республикасы кеден саясатының мақсаттары:
қазақстандық нарықты қорғау; қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды
қорғау; экономиканың дамуын ынталандыру; экономикада құрылымдық қайта
құруды жүргізуге көмек көрсету; бәсекелестік пен монополизмге қарсы
әрекеттерді марапаттау; экспортты ынталандыру және импортты алмастыру
өндірісін марапаттау; шетелдік инвестицияларды тарту; сауда саясатының
тапсырмаларын шешу; заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік
биліктің орталық органдарымен анықталатын өзге де мақсаттар.
Қазақстан Республикасының кеден саясатының осы мақсаттары мен
тапсырмаларын Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыруға
міндеттелген.
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік билік тұтас
және ажыратылмайды, олар заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу
принциптеріне сәйкес Конституция мен заңдардың негізінде жүзеге асырылады
деп бекітілген.
Кеден органдары биліктің атқарушы тармағына жатады. Кеден ісінің даму
тарихына көңіл бөле отырып, Қазақстанның кеден мекемелерінің қалыптасу
кезеңін бақылауға болады. Кеден мекемелерінің әу бастан қалыптасқан
жүйесіндегі кедендік басқармалардың, кеденнің және кеден бекеттерінің саны
жағынан көлемі өсіп отырғанын, қызметкерлер сананың өсуі немесе төмендеуі,
орталық кеден органының құқықтық мәртебесі өзгерістерге ұшырап отырғанын
аңғарамыз.
Республикалық кеден қызметі Қазақстан Республикасының Кеден комитеті
1991 жылы 12 желтоқсанда құрылғаннан бастап, келесі қайта ұйымдастырулар
арқылы әр түрлі құрылымдық өзгерістерге ұшырап отырды: 1992 жылы қараша
айында Қаржы Министрлігінің Бас кедендік басқармасына, 1995 жылы сәуір
айында Министрлер кабинетінің жанындағы Кеден комитетіне, 1995 жылы қазан
айында үкімет құрамына кірмейтін, бірақ оған бағынатын, орталық орган
статусы бар Қазақстан Республикасының Кеден комитетіне, 1997 жылдың қаңтар
айынан бастап Мемлекеттік кеден комитетіне, 1997 жылдың қазан айынан Қаржы
министрлігі жанындағы Кеден комитетіне, 1998 жылдың қазан айынан бастап
орталық кеден органының қызметі Мемлекеттік кіріс министрлігіне толығымен
берілді. Оған келесі секілді негізгі міндеттерді орындау жүктелді:
Қазақстан Республикасының фискалды және кеден саясатын құру және осы
саясатты жүзеге асыру; кеден ісін ұйымдастыру және жетілдіру; Қазақстан
Республикасы мүддесінің экономикалық қауіпсіздігін өзінің құзыры шегінде
қамтамасыз ету; мемлекет алдындағы салықтардың, төлемдердің және өзге де
қаржы міндеттерінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету; мемлекетке зиян
келтірген экономикалық қылмыстар және заң бұзушылықпен күрес.
Осы органдарды сипаттау кезінде олардың келесі негізгі қасиеттері мен
ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады: Конституцияның, заңның және өзге де
заң актілерінің ережелері мен нормаларын ұйымдастыру мен жүзеге асырудан
тұратын қызмет ретіндегі атқарушы биліктің мәнін көңілге ала отырып, кеден
органдары атқарушы билік органы ретінде кеден ісі саласында атқарушы және
жарлық қызметін жүзеге асырады.
Кеден органдарының атқарушы және жарлық қызметін жүзеге асыруы кеден
ісін күнделікті тәжірибе жүзінде ұйымдастыру және жүзеге асыруынан тұрады.
Кеден органдары әр түрлі әдістер мен формаларды пайдалана отырып,
тауарлар мен көлік құралдарының кедендік шекара арқылы өтуін ұйымдастыру;
кедендік төлемдерді өндіріп алу, кедендік ресімдеу мен бақылау саласында өз
қызметтері мен өкілеттіктерін жүзеге асырады. Бұл бағыттар кеден
органдарының қызметінде негізгі болып табылады. Қызметтің бұл салаларында
кеден органдары әкімшілік-атқарушы органы ретінде әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының кеден органдары жарлық, сондай-ақ атқарушы-
ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асырады. Қызметтің бұл екі түрі де
өзара тығыз байланысқан және жиынтық түрінде біртұтастықты құрайды. Сонымен
бірге кеден органдарының жарлықтық қызметі өз ерекшеліктеріне ие, соның
ішіндегі оның нормативтік сипаттары маңыздысы болып табылады. Ол, кеден
органдарының сәйкес заң актілерін қабылдауынан көрінеді. Атқарушылық
қызметтері өзге де формаларда жүзеге асырылады.
Кеден органдарының құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыруы олардың
ерекшелігі болып табылады. Олардың сипаттамалары қосымша айқындауды талап
етеді. Жалпы алғанда кез-келген мемлекеттік органды құқық қорғау
органдарына жатқызуға болады. Бірақ құқық қорғау органдары терминінің
нақты түсінігі бар. Мұнда, әдетте, ішкі істер, сот, прокуратура органдары
жатады.
В.М. Семенов құқық қорғау органдарының келесі анықтамасын жасады:
құқық қорғау органы – бұл демократиялық принциптерде заңның және сәйкес
формалардың негізінде өздерінің бар қызметтерімен заңдылық пен құқық
тәртіптілікті, азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтары мен
мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге және заң мен құқық тәртібін бұзған
тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеу мен әсер етулерді қолдануға бейімделген
мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар.
Кеден органдарының құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыруы, көп
жағдайларда кеден ісінің өз құрылымымен негізделген, сонымен қатар кеден
ісі саласындағы барлық негізгі міндеттер мен өкілеттіктерді кеден органдары
елдің мүддесін ескере отырып, оның экономикалық егемендігі мен экономикалық
қауіпсіздігін нығайта отырып жүзеге асырады.
Кеден ісі мен кеден органдарының өзі бастапқыда кеден ісінің айрықша
табиғаты мен құрылымына байланысты өз сипатына бойынша құқық қорғаушы болып
табылады және көп жағдайларда осы сапада әрекет етеді.
Кеден органдары қызметінің құқық қорғау сипаты едәуір нақты айрықша
айқындыққа ие. Кеден ісінің кешендік сипаты онда біртектес емес
элементтердің болуын айқындай түседі, соның ішінде құқық қорғау.
Кеден органдары құқық қорғаушы ретінде келесі белгілерімен
сипатталады: кеден органдарының шешетін негізгі міндеттері олардың
қызметінің құқық қорғау сипатын дәл және нақты анықтайды. Кеден ісі жайлы
заң кеден саясатының мақсатын анықтайды, оны қазақстандық нарықты,
қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау үшін кеден органдары
жүзеге асырады. Заңның бұл ережесі кеден органдары қызметінің құқық қорғау
сипатын ашуда негізгі бағдар болып табылатындығына күмән жоқ.
Кеден органдары жоғарыда тұрған атқарушы билік органдары арқылы
жасалады, қайта құрылады және жойылады. Қазақстан Республикасының Кеден
комитеті жайлы ережені 1999жылы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы
үкіметінің қаулысымен бекітілген. Комитет заңды тұлға болып табылады, яғни
азаматтық құқық қабілетіне ие. Кеден органдары тану белгілері мен тану
туына ие.
Кеден органдары қызметінің ерекшеліктері мен бағыттары жайлы барлық
айтылғандар олардың келесі анықтамасын құрастыруға мүмкіндік береді: кеден
органы – сипаты бойынша құқық қорғаушы болып келетін, мемлекет атынан
әрекет ететін және билік өкілеттігі берілген, өзіне тән қызмет формалары
мен әдістері арқылы өз міндеттері мен қызметтерін кеден ісі салаларында
және сонымен байланысты облыстық басқармаларда орындайтын атқарушы билік
органы. Кеден органдарының қылмыстық-процессуалдық және әкімшілік-
процессуалдық сипаттағы қызметтерді орындауы олардың атқарушы-жарлық,
әкімшілік органы табиғаты мен қасиетін өзгертпейді, бірақ оларды өзге де
құқық қорғау органдарымен жақындата түседі.
Қазақстан Республикасының кеден органдары өз қызметтерін тиімді
орындау үшін өзге құқық қорғау органдарымен, ұйымдармен және азаматтармен
өзара қатынаста болады. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды
тұлғалары оларға көмек беруге міндетті. Қазақстан Республикасының заң
актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары өздері бақылау
астына ала отырып, өз құзырындағы жеке әрекеттерді өзге мемлекеттік
органдар мен ұйымдардың орындауына рұқсат береді.
Қазақстан Республикасының кеден органдары 1991 жылы желтоқсан айында
мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін және экономиканың дамуын, баждар мен
салықтарды алу, контрабанда және кеден ережелерін бұзумен күресуді,
валюталық бақылау және кеден ісінің дамуын қамтамасыз ету үшін құрылған
38.
Өткен жылдар ішінде Қазақстанның кеден заңын құру бойынша белгілі бір
жұмыстар орындалды, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
Республикасындағы Кеден ісі жайлы Заң күшіне ие жарлығы шықты.
Қазақстанның территориясында қазіргі заман талаптарына сай тек нақты
екі кеден мекемесі әрекет етті.: Қарғос және Алматы кедені; Достық,
Бахтинск, облыс орталықтарындағы бірқатар кедендер сыртқы экономикалық және
сауда байланысын дамыту мүмкіншілігімен ашық болатын. Қайта ашылған кеден
мекемелерінің жұмысшылары кәсіби дайындықтың алғашқы кезеңін өтіп үлгерді.
Белгілі бір жағдайларға байланысты 1991 жылы Қазақстан территориясында
көптеген кадрлар кеден мекемесіне кетіп қалды, кебір жағдайларда бұл кеден
мекемелері басшылығының объективті жағдайларымен түсіндірілді.
Логикалық және психологиялық әдістердің негізінде талдау жасау
кедендік бақылау шараларын анықтауға мүмкіндік береді, мысалы, кеден
органдары тәжірибесінде тексеріп қарау түрін анықтау: қол жүгі мен жүкті;
көлік құралын; жеке; қайта; бақылап. Кеден қызметі жұмысшыларының
әрекеттері мәнді, тез және тиімді болуы керек, әйтпесе кеден органдары
жұмыс істеуге құқықтары да, мүмкіншіліктері де болмайды. Халықаралық әуе
жайларында, темір жол және автомобиль өткелдерінде жаппай тексеруді
елестетіңіз, мұның салдары кезекте зарығып тұрған адамдар, ұшақтардың,
поездардың жылжу кестесі бұзылады, уақытында жетпеген немесе бүлінген
тауарлар.
Немесе басқаша тиімді бақылаудың жоқтығы еліміздің қылмыстық жағдайына
әсерін тигізетін есірткі, тиым салынған заттардың кіргізу, шығару және
транзитін, сыртқы сауда статистикасының дәлсіздігі, баждар мен салықтарды
бюджетке толық ала алмау, мемлекеттің сауда-экономикалық саясатының
дамымауы мен айқынсыздығы, соның салдарынан шетелдік инвестициялардың
іскерлік белсенділігінің қысқаруын және нарықтың оқшаулануын білдіреді.
Облыстық кеден басқармалары, ірі кедендер және шекаралардағы кеден
бекеттері секілді ведомстволық кеден органдарының біртиптес құрылымы соңғы
кездерде өзгеріп отыр. Атырау, Актау және еліміздің өзге мекен жайларында
орналасқан Барыс теңіз кедені, республикалық мемлекеттік кәсіпорын
Кедентранссервис, энергетикалық ресурстарды бақылау жөніндегі департамент
пайда болды. Барлық кеден органдары мен оларға ведомстволық мекемелердің
кедендік бақылау Агенттігі бекіткен өз атаулары бар кодтарға ие.
Кеден органдарының құрылымы мен штаттық қызметкерлер саны Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны лимитінің шегінде кеден ісі
мәселелері жөніндегі өкілетті орган бекітеді. Кеден бекеттері торабы сандық
ұлғаюды қажет етіп отыр.
Қазақстанның құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері арнайы
әскери атаққа ие, яғни осы органдардың жүйесінде және арасында олардың
құқықтық мәртебесін теңеуге және кейбір, әсіресе зейнеткерлік секілді,
мәселелерді басқаша шешуге мүмкіндік береді.
Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің
экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-
жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.
Мысалы, АҚШ-та кедендік қызметті ұйымдастырудың құрамына 7
аймақтық бөлімшесі бар. Қаржы министрлігі жанынан құрылған АҚШ-тың кедендік
қызмет Басқармасы кіреді: Нью-Йорк, Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Шығыс,
Оңтүстік-Орталық, Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Орталық, Тынық мұхиты аймағы
қызметтері.
Аймақтық бөлімшелер құрамына 45 кедендік аудан кіреді, өз
кезегінде олардың 300 кедені және кедендік бекеттері бар.
Қазақстан Республикасында кедендік саясатты жүзеге асырушы орган-
қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасының Президентінің
1991 жылғы 12 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру
жөніндегі Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртұтас
жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет,
сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді.
Кедендік іс жөніндегі Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы
кедендік органдарға мыналар кіреді: Орталық кедендік комитет, 19 кедендік
басқарма және еркін экономикалық аймақта орналасқан 2 дербес кедендік
органдар. Республикадағы кедендер мен кедендік бекеттер саны 100-ден астам.
Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас
жүйе ретінде қарастырылады? Осыған байланысты 2 факторды атап өтейік:
Біріншіден, функционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен
міндеттерінің біртұтастығы.
Екіншіден, кедендік органдардың ұйымдық бірлігі осы органдар
жүйесінің ұйымдық құрылымымен қамтамсыз етіледі. Ол қатаң иерархиямен және
буындардың қатаң бағынуымен ерекшелінеді.
Орталық кеден органы кедендік қызметінің барлық мәселелерімен
айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институционалдық
құрылымның негізін құраушы элемент болып кеден есептелінеді.
Кеден дегеніміз – кедендік шаралардың жүруі үшін арнайы
белгіленген жіне тиісінше жабдықталған орын. Кеден елдің кедендік
шекарасында орналасуы міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де
орналасуы мүмкін. Кеден қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей
тәуелді болады.
Кедендік органдар жүйесі.
Орталық Кедендік орган
Кедендік қызмет Басқармасы
Кеден
Кедендік бекеттер
Кедендік органдардың төменгі буынының жоғарғы буынға
орталықтануы және бағынуы, кедендердің жергілікті әкімшілікке тәуелсіздігі
төмендегі жүйені құрудың айрықша белгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының кедендік органдар жүйесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік табыстық
министрлігінің кеден комитеті
Кедендік басқарма
Кеден
Кедендік бекеттер
Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшілік тәуелділіктің
жоқ болуы – жалпы кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас
бөліігіне де тән белгі. Осыған байланысты кедендік органдар жүйесінің
буындары жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой
туындамауы тиіс. Олардың өзара байланыстары жеткілікті дәрежеде әр алуан
болып келеді.
Жалпы түрде кедендік органдар жүйесінің – біртұтас мақсаттары
мен міндеттері бар, сонымен бірге иерархиялық құрылымдағы , яғни төменгі
органдарының жоғары органдарға бағыныштылығымен сипатталатын кедендік
органдар жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Осы жүйенің біртұтас функционалдық және ұйымдастырушылық
орталығы – Кеден крмитеті.
Кеден органдарының негізі қызметтері:
– біріншіден, олар Қазақстан Реғспубликасының кедендік саясатын жасау
мен оны жүзеге асыруға қатысады;
– екіншіден, өз құзыры шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етеді және біздің мемлекеттің экономикғалық мүдделеоін қорғайды;
– үшіншіден, кедендік төлемдер мен салықтарды алып отырады,
Қазақстандық кедендік шеарасыарқылы тауарлар мен транспорттық
құралдардың қозғалысы кезінде ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді,
сонымен бірге Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
өтетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын жолдауға
қатысады және т.б.
Негізгі функциалардың бұл тізімі Қазақстан Республикасындағы кедендік
органдар қызметінің әр алуан сипатын көрсетеді.
Кедендік органдар жүйесін Қазақстан Республикасы Кеден комитеті
басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және кедендік қызметке
тікелей жетекшілік етеді.
КР Кеден комитеті экономиканың әр түрлі секторларында Қазақстан
Республикасының кедендік саясатын жүзеге асырады. Сонымен бірге ол біртұтас
кедендік саясатты жүзеге асырудың экономикалық, ұйымдастырушылық және
құқықтық мехнизмдерін жасайды, олардың тәжірибеде қолданылуын қамтамасыз
етеді.
Кедендік басқармалар – орталық орган мен жергілікті кедендік
мекемелер арсындағы кедендік органдар жүйесінде аралық буын болып табылады.
Оның міндеттері мен қызметтері мемлекеттік кеден комитетінің міндеттері мен
қызметтеріне ұқсас, бірақ ол сәйкес кедендік аймақ территориясындағы
кедендік іске ғана жетекшілік етеді.
Қазақстан Республикасының кедендері – кедендік органдар
жүйесінің ұйымдастырушылық негізін құрайды.
Кедендік қызмет саласындағы міндеттердің негізгі бөлігін тікелей
кедендер орындайды. Қазақстанда болып жатқан терең саяси және әлеуметтік-
саяси өзгерістер кедендік істің кеңеюі мен күрделенуіне жағдай жасады,
нәтижесінде кедендік бақылау құзырына өзгерістер енгізуді талап етті. Бұрын-
соңды кедендік бақылау (тексеру) кезеңдік шекарада орналасқан нүктелердн
ғана жүргізілді. Сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясынан бас тартуға
және өндірушілердің сыртқы нарыққа өз бетінше шығуына байланысты кедендік
тексеру шарасын өзгерту қажеттілігі туындады, яғни кедендік құжаттарды
дайындау мен тексеру және жүктерді тексеру бойынша жұмыстар кедендік
шекарадан мемлекет ішіне ауыстырылды.
Осының нәтижесінде ішкі кедендер құрылды және қазіргі таңда олар
кедендік операцияларды орындау бойынша негізгі жұмысты өз мойындарына
алған. Мұндай қайта құру әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді, тауар
өндірушілерді кедендік органдармен бірге байланыстарды, шекара маңындағы
кедендерді көптеген шаралардан босатады, жүк айналымының күшеюіне ықпал
етеді, кедендік тексеруді өте тиімді етеді. Бұл кезеңдерді ішкі және
сыртқы деп шартты түрде екіге бөлуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда,
Кеден барлық импортталатын және экспортталатын жүк пен тауарлардың,
соныменбірге пошталық жіберулер мен басқа да жүктердің, ел территориясына
кіруі мен шығуына тексеру жасайды.
Кедендік бекет – кедендік органдар жүйесінің алғашқы буына, ол белгілі
бір нүктеде немесе белгілі бір территорияда кедендік құжаттарды толтыру
және кедендік тексерулер жүргізуге арналған өкілетті орган.
Кедендік бекет төмендегідей негізігі міндеттерді жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен
транспорттық құралдары кедендік тексеруден өткізеді және кедендік
құжаттарды толтырады.
Қазақстан Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың
өтуіне рұқсат етілген ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді және кедендік
салықтар жинайды. Жалпы алғанда, кеденмен салыстырғанда, кедендік
бекеттердің міндеттері мен қызметтерінің жалпы шеңбері едәуір аз болып
келеді.
Бүгінде кедендік қызметтер комитет аппаратынан, 14 облыстық кедендік
басқармадан, 22 кеденнен және 127 кедендік бекеттен тұрады. Кедендік қызмет
сонымен бірге әскери-шекаралық міндетті орындайды.
Қытаймен шекарадан басқа барлық территория кеденнің үлесінде, яғни 4
мың адамның қарамағында. Сондықтан да кедендік пунктер арасындағы
шекаралардың арақашықтығы -150-200 м, ал кейбір жерлерде – 500-600 м-ге
детеді. Ал барлық өркениетті мемлекеттерде көрші орналасқан пунктер бір-
бірімен рация арқылы хабарласа алады., яғни олардың арасындағы қашықтық –
50-60 м. Бірақ барлық бекеттерді жабу 17 теміржолдың, 22 аэропорттың(оның
ішінде 2 әскери аэропорт) шекарасында тұру үшін 12 мың адм қажет. Қазіргі
кезде кедендік шекараның 11,5 мың километрін ғана тәуліктік кедендік
тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі, ал республика шекарасы 13 мың
километрге созылып жатыр.
Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кедендік басқармаларды мысалға
келтіре отырып, кедендік органдардың ұйымдастырушылық құрылымы мен олардың
қызметтерінің қарастырғанда, оның құрамына төмендегі бөлімдер кіреді:
1) кедендік тексеруді ұйымдастыру бөлімі;
2) кедендік төлемдер бөлімі:
– төлемдер бөлімі;
– валюталық тексеру қызметі;
3) контрабандамен және кеден ережесін бұзушылықпен күрес жүргізу бөлімі:
– кедендік тергеу қызметі;
– оперативтік іздестіру қызметі;
– есірткі заттар контрабандасымен күресу қызметі және кинология
қызметі;
4) кеденді қорғау мен режим бөлімі:
– кедендік қорғау мен режим бөлімі;
– қарулану мен әскери дайындық қызметі;
5) тауарлардың жеткізілуі транзиттік бақылау (тексеру) қызметі;
6) қалыптақан мен кедендік санақ (статистика) бөлімі;
7) өзіндік қауіпсіздік бөлімі;
8) кадрлар бөлімі;
9) бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі;
10) қамтамасыз ету бөлімі
11) құжаттық қамтамасыз ету бөлімі;
12) ақпаратты қорғау қызметі;
13) пресс-қызмет;
14) сыртқы экономикалық байланыс;
15) акцизді кедендік бекет;
1. Кедендік тексеруді ұйымдастыру бөлімі – Қазақстан Республикасының
Кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлардың кедендік құжаттары
төмендегі кедендік режимдер бойынша дайындалады:
– еркін айналым үшін тауарларды шығару үшін;
– тауарлардың реимпорты;
– тауарлар импорты;
– тауарлардың реэкспорты;
– тауарлар экспорты;
– тауарларды жою;
– мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту;
– салықсыз сауда дүкені;
– кедендік қойма;
– еркін кедендік аймақ және еркін қойма;
– тауарларды уақытша енгізу және уақытша шығару;
– Қазақстан Республикасының кеден территориясында тауарлар өндеу;
– кедендік тексеру арқылы тауарлар өндеу;
– уақытша сақтау қоймасы;
– кедендік территориядан тыс жерде тауарларды өндеу;
– жүктердің кедендік құжаттарын дайындау;
2. Кедендік төлемдер бөлімі – кедендік төлемдерді (баж салығы,
алымдар) және салықтарды (акциздер, құнға үстеме салық) белгілейді
және жинайды; кедендік режиміне сәйкес төлемдердің дер кезінде
келіп түсуін бақылап отырады; саудалық және саудалық емес
айналымдағы кедендік төлемдерге санақ пен талдау жүргізеді;
тауарлардың кедендік құнын анықтайды; тауарлардың кедендік құнына
талдау жасайды және әр түрлі факторлары әсерінен оның динамикасының
өзгеруін анықтайды; валюталық табыстардың түсу мен қолданылуын
тексереді; валюталық табыстардың келіп түсуін кедендік-банктік
тексеру нәтижелеріне талдау жасайды; сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылардың тауар айналымының көлемі, динамикасы және құрылымы
жөніндегі ақпараттарды бір жүйеге келтіру және зерттеу жұмыстарын
жүргізеді; экспорттық-импорттық операциялады аудиторлық тексеруден
өткізеді.
3. Контрабандамен және кедендік ереже бұзушылықпен күрес жүргізу
бөлімі – контрабанда және кедендік ережелерді бұзу фактілерін
анықтау мен оған жол бермеу шараларын жүргізеді; контрабанда немесе
кедендік ереже бұзу бойынша тергеу қызметін жүргізеді; құқық қорғау
органдарымен бірлесе отырып жедел шараларды жүргізеді.
4. Кедендік қорғау мен режим бөлімі – кедендік шекараны, кедендік
орган обьектілерін қорғау, ұсталған және тұтқындалған жүктерді,
акциздік топтағы тауарларды қорғау жұмыстарын жүргізеді;
оперативтік-кезекшілік қызмет жұмысын ұйымдастырады; қару-жарақ пен
құралдарды сақтау мен беру бойынша, қызметкерлердің қарудың
материалдық бөліктерімен танысуы және оны қолдануы ережелерін білуі
бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
5. Тауарларды жеткізу мен транзиттік бақылау қызметі – транзит атты
кедендік режимге жатқызылған тауарлардың кедендік тіркелуін
қамтамасыз етеді; ішкі кедендік транзит шарасы бойынша қажетті
кедендерге импорттық жүктердің келіп түсуіне тексеру жасайды.
6. Қалыптасқан кедендік санақ бөлімі – кедендік қызмет мәліметтерін
автоматты түрде жасаудың біртұтас жүйесі шеңберінде ақпараттық және
техникалық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді;
сыртқы сауда санағын, кеден ішіндегі және арнайы санақты жүргізу
мен ақпаратты жинау, енгізу, тексеру және талдауды жүзеге асырады.
7. Өзіндік қауіпсіздік қызметі – кеден қызметіндегі жемқорлық,
парақорлық және қиянат жасау фактілерін анықтайды, оған ескерту
жасайды; кедендік қызмет қатарына қылмыстық элементтердің кіруіне,
қызметтік ақпараттың шетке шығуына тыйым салады.
8. Кадрлар бөлімі – кадрларды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады;
жеке құрамдарына тәрбие жұмысын жүргізеді, қызметкерлердің
қәсіпқойлық деңгейін көтерумен айналысады.
9. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі – кеден органдарының
қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алады және бақылайды, ақшалай
құралдардың үнемді және тиімді шығындалуына бақылау жасайды.
10. Қамтамасыз ету бөлімі - әкімшілік жүйеге қызмет көрсетеді, қажетті
жиһазбен және кеңсе тауарларымен, қызмет орнымен, қоймамен
қамтамасыз етеді; транспорттық құралдарды пайдалану бойынша
жұмыстарды ұйымдастырады, телефон байланыстарымен қамтамасыз етеді.
11. Құжаттық қамтамасыз ету бөлімі – құжаттау және іс-қағаздарын
толтыру жұмыстарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.
12. Ақпараттарды қорғау қызметі – кедендік мекемедегі режимді
қамтамасыз етеді; азаматтық қорғаныс бойынша толық әскери-дайындық
жұмыстарын ұйымдастырады.
13. Заң қызметі – кедендік мекеме қызметіндегі заңдылықтардың сақталуын
қамтамасыз етеді; кедендік мекемелердің құқықтары мен мүдделерін
қорғайды; Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша үгіт-
насихат жұмыстарын жүргізеді және түсіндіреді.
14. Пресс қызметі – халықаралық жіберулерді – ұсақ пакеттер, бандероль,
сектограмма, баспа өнімдері бар М атты қашықтардың кедендік
құжаттарын дайындайды.
15. Сыртқы экономикалық байланыс қызметі – кедендік қызмет мәселелері
бойынша елшіліктер және өкілдермен көздесулер немесе келіссөздер
жүргізуді ұйымдастырады.
16. Акциздік кедендік бекет – тауарға белгі жасалуы тиіс шетелдік
жекелеген акциздік тауарлардың кедендік құжаттарын дайындайды;
акциздік жиындар маркасын сатумен айналысады; маркаланатын акциздік
шетел тауарларының жеткізілуін ұйымдастырады; акциздердің толық
түрде және дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.
Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне
сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін,
сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі
кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары
мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады.
Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі осы Кодекспен және осы
Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызмет туралы және еңбек туралы заңдарымен реттеледі.
Өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, өзіне жүктелген
міндеттерді орындауға денсаулық жағдайы, дене бітімінің дамуы және білім
деңгейі жөнінен қабілетті, кеден органдарына қызметке қабылданған Қазақстан
Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарының лауазымды
адамдары болып табылады.
Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:
1) қызметке жарамдылығы туралы медициналық қорытындының болуы;
2) міндетті арнаулы тексерудің болуы;
3) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген
біліктілік талаптарына сәйкес болу қажет.
Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей,
үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
Кеден органдарына қызметке қабылданған әскери міндеттілер белгіленген
тәртіппен әскери есептен шыѓарылады жєне кеден органдарында арнаулы есепте
тұрады.
Кеден органына қызметке орналасқан жас мамандар кеден ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден
бекеттерінде, кедендерде және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті
органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағлымдамадан өтеді.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның басшысын Қазақстан
Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының
орынбасарларын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының
ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды
және қызметтен босатады.
Кеден органдарының басқа лауазымды адамдары кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалады және
қызметінен босатылады.
1.2 Кеден органдарының міндеттері
Кедендік бақылау Агенттігінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының кеден саясатын жасау мен жүзеге асыру; Қазақстан
Республикасының территориясында өз құзыры шегінде біркелкі кеден саясатын
қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың
басымдылықтарын алға қоя отырып, кедендік реттеуді ұйымдастыру және
жетілдіру; кеден заңдарын ұстануды қамтамасыз ету, оларды қадағалау кеден
органдарына жүктелген; кеден мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа
қатысу.
Қазақстан Республикасының кедендік бақылау Агенттігі өзіне жүктелген
міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыра отырып, өз құзыры шегінде кедендік
режимдерді құқықтық реттеу ерекшеліктерін анықтауға; өздеріне жүктелген
міндеттер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz