Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Кассалық операциялар есеп. Кассадағы ақша қаражаттарын түгендеу және оның
нәтижесін есептеу, бейнелеу тәртібі
1.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның
есебі ... ... ... ... ... 8
1.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның
есебі ... ... ... ... . 9
1.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2 Ақшасыз есеп айырысудың нысандары
2.1 Төлем тапсырмаларымен есеп
айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
2.2 Чектермен есеп айырысу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..18
2.3 Вексельдер арқылы есеп
айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
9
2.4 Төлем карточкаларының есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3 Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi
3.1 Кассадағы ақша қаражатының есебі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
3.2 Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін
операциялар ... ... ... ... ... ..30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Пайдаланған әдебиеттер

... ... ... 33
Кiрiспе
Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi
субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына
түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай
жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта
бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым бiздiң
экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi.
Бұл бүгiн, ертең, алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең үзектi мәселелердiң
бiрi болатыны Қазақстан Республикасының Президентiнiң Қазақстан - 2030
деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң
дұрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады.
Соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң, аудиттiң, оның iшiнде қаржылық
есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен
роль атқарады. Бұл қызметтердiң мәнi тiрi ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие
болса, сол әлемдi билейдi деген сүз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын
осыдан ақ бiлуге болады.
Есепке алу мәлiметтегi кәсiпорынның және оның құрылымдық
бөлімшелерiнiң қызметiн жедел басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен
ағымдық жоспарлау жасау үшiн, сүйтiп ел экономикасының даму заңдылықтарын
зерртеу үшiн қолданылады. Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында
кәсiпорынның күрделi экономикалық тетiгiн нық, дұрыс жолға қойылған есеп
жүйесiнiсiз, сондай – ақ сенiмдi экономикалық ақпаратсыз басқару iс жүзiнде
мүмкiн емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебi мен оның
iшкi аудитi үзектi болып есептелiнедi.
Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу
қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты
бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi
болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс
ұйымдастырудың рөлi зор.
Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез – келген
кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың
қандай тауар сататынын, қызмет күрсететiнiн, олармен қандай қарым –
қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын
бiлуге болады[1].
Бұл жерде тағы маңызды бiр нәрсе – банк мекемесi. Жоғарыдағы айтылып
кеткен қарым – қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге
асырылса банк мекемесi де бұл қатынастарда үз үлесiн қосады. Яғни,
кәсiпорын банкi мен жабдықтаушы банкi арасындағы қатынастар жүзеге
асырылады. Бұл жерде банк қызметiмен де жақынырақ танысып, олардың
құжаттарының кәсiпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенiн күруге
болады.
Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер менi қызықтырды, сондықтан
бухгалтерлiк есептiң ақша қаражаттар бүлiмiн кеңiрек ауқымда қарастырып,
курстық жұмысымның тақырыбы ретiнде таңдап алдым.
1 Кассалық операциялар есеп. Кассадағы ақша қаражаттарын түгендеу және
оның нәтижесін есептеу, бейнелеу тәртибі
1.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi жанындағы Бухгалтерлiк есеп
және аудит әдiстемесi департаментiнiң №4 № Ақша қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп- деп аталатын бухгалтерлiк есеп стандартының бiрiншi бабында:
Кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектiлердiң ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есебi осы деректi пайдаланушыларды түрлi операциялық және
инвестициялық қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша қаражаттарының
келiп түсуi, кiрiстелуi ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен
қамтамасыз етiп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектiнiң қаржы
жағдайындағы үзгерiстерiн бағалауына мүмкiндiк бередi делiнген. Ал осы
стандарттың екiншi бабында: Заңды тұлғалар, субьектiлер (банктер мен
бюджеттiк мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi
осы стандарттың талаптарына сай жүргiзедi және есептi кезеңдегi қаржы
нәтижелерi есептемесiнiң құрамында (яғни сонымен бiрге) тапсырады
делiнген[2].
Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде үндiрiлген үнiмдi сату
барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды,
тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi
төлемдердi түлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр
кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта үндiрiлген үнiмiн
сатып немесе қызмет күрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден
сол үнiмдердi үндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен
материалдармен жавбдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып
табылады.
Осындай кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және
берешек операциялар күбiне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы
арқылы жүргiзiледi. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ережелер мен тәртiпке
сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп
айырысуды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi:
1) ҚР Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден үткен заңды тұлғаларға есеп
айырысу шоттарын ;
2) Шетелдiк валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке
алу үшiн заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
3) Бюджеттiк мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша,
қоғамдық ұйымдарға, үндiрiстiк, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке
тұлғаларға ағымдық шоттарды;
4) Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттiк шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелерiндегi екiншi деңгейдегi банктерге
корреспонденттiк шоттарды ашады.
Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлiк есебiн
жүргiзу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезiнде
есептеу.
2) Субьектiдегi ақшалай қаржылардың түгелдiгiн және оларды дұрыс,
тиiмдi пайдалануды бақылау.
3) Есеп айырысу, түлеу тәртiбiн бақылау, кәсiпорынның, ұйымның немесе
фирманың ақшалай кiрiстерi мен шығындарын дұрыс есептеу.
Ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң мiндеттерi:
1) Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажеттi
есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргiзу.
2) Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу
опрацияларын есептiк тiркелiмдерде толықтай және жедел түрде күрсету.
3) Бүлiнген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша
қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерiн сақтау.
4) Белгiленген мерзiмдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың
жағдайына түгендеудi ұйымдастыру және жүргiзу. Мерзiмi кешiгетiн дебиторлық
және кредиторлық берешектердiң туындауын болдырмаудың мүмкiндiктерiн
iздестiру.
5) Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегi басқа шоттардағы
ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
6) Есеп айырысу – төлем тәртiбiнiң сақталуына, материалдық
құндылықтар мен қызметтер үшiн сомалардың уақтылы аударылуына, сондай – ақ
несие тәртiбiнде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45-"Кассадағы қолма-қол ақша”
бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
1010- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” және 1020-
"Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоттарында
жүргізіледі.
"Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу
тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге
асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған
жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны
қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде
кассир "Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерімен немесе басшы мен бас
бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша
беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді.
Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының
рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген
адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының
төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы
мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде
ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты
көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол
тізімдемеге: "Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс
ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен
сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша
беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас
бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-
тегінің тұсына мөртабан соғады немесе '' Депозитке салынды” деп қолымен
жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі;
тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде
жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын адам
болса, төлем тізімдемесінде:”Тізімдеме бойынша ақша таратқан” деген жазу
жазылады.Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол
берілмейді.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізіледі, ол
нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын
басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін
кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады.; екіншісі
көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі
ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының
жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын ала
парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп
парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын
парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың
жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі
жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды.
"Соның ішінде жалақыға” деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен
шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да
көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет
жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге
берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы
көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның
жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен
ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир
мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады,
содан соң оның деректері 1010 – "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-
қол ақша” шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп
регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиті мен дебеті
есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің
түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың
сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші
жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас
кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
1.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.
Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1020
шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға
ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса
ордерлеріне, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және
теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі[3].
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары
үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп
регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 1020-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі
шоттар кредиттеледі:
1050-"Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты – валюта
шотынан валюта түскен кезде;
1210-"Алынуға тиісті қарыздар” шоты – кассаға алынған валюта
түсімінің сомасына;
6250-"Бағам айырмашылығынан түскен табыс” шоты – тиісті шетел
валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам
айырмашылықтарының сомасына;
1250-"Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты – есеп
беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде – 1020-шот кредиттеледі және
мына төмендегі шоттар дебеттеледі:
1250-"Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты – есебіне
берілген шетел валютасының сомасына;

шотына өткізілген валюта сомасына;
7430-"Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар” шоты – тиісті валюталарға
қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары
сомасына.
1.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.
Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне
байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша
қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін
жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында
орналасады.№1034 6 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің
қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық
жүргізуші субъектілердің Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық
жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.
Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден
өткізеді.Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз,
заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі,
БКМ (бақылаушы кассалық машина) поспорты, қолма-қол ақшаны тіркейтін
журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-
ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын
ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық
органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті
инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль
шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында
сақталады.
Ақша операциялық кассаға түскен кезде 1010”Операциялық кассадағы
қолма-қол ақша” аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:
6010-"Дайын өнімдерді сатудан түскен кіріс”, 6010-"Көлік ұйымдарының
жүктер мен жолаушылар тасымалы жөніндегі қызметтерінен түскен табыс”
шоттары және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;
1210- "Алынуға тиісті қарыздар” шоты – сатып алашылар мен тапсырыс
берушілердің кассаға алынған сомаға.
Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде – 1010 шоты дебеттеледі
де, ал 1010 шотының "Операциялық кассадағы қолма-қол ақша” субшоты
кредиттеледі.

Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Банк
келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот
иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші
тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын орындауды және
басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша
жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері, келісім
мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары
берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін
қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан
келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның
жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол
үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты клиенттің салық есебіне қойылғанын
растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты,
аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық
жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына
жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын
белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын,
өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе
оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп,
куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан
қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге
және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған
тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне
алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша
қаражаттарының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне
хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта
қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер
арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының
көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде
қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Банк шот
иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық
тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы
атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының
жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың
тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі есепшоттары бойынша
операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың
жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол
үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал
мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады[4].
Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға – шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде,
немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш
жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары
жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік
мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама
жасалуы тиіс.
Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың
нөмірі өзгергенде – шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге
қайтаруы керек.
Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп
операцияларының негізгі корреспонденциясы
1 Есеп айырысу шотына субъектінің жарғылық қорын толтыру мақсатымен
үлес қосушылардан келіп түскен сома
2 Сатып алушылардан жіберілген өнім, көрсетілген қызмет, істелген
жұмыстар үшін келіп түскен сома
3 Есеп айырысу шотына вексельден келіп түскен сома:
- негізгі берешектердің қарыз сомасы;
- есептелінген пайыздар.
4 Есеп айырысу шотына жалға алушылардан пайдаланғаны үшін түскен қаржы
5 Жалға алушылардан жалға алып пайдаланғаны үшін есептелінген пайыз
сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті
6 Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске алынған сома
7 Басқа да берешектерден қарызын өтеу үшін келіп түскен сома
8 Есеп айырысу шотына келіп кірістелген банк несиесі
9 Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шоттан келіп түскен сома
10 Есеп айырысу шотына келіп кірістелген банктен тыс мекемелердің
несиесі
11 Есеп айырысу шотына келіп түскен акциялардың дивидендтері
12 Есеп айырысу шотына облигациялардан пайыз түрінде келіп түскен
табыстар
13 Есеп айырысу шотына келіп түскен ұзақ мерзімді инвестициялар
дивидендтер сомасы
14 Есеп айырысу шотына құнды қағаздарды сатқаннан келіптүскенсома
15 Кәсіпорынның өз акциясын қайта сатудан есеп айырысу шотына келіп
түскен табысы
16 Жолдағы деп есептелінген ақша қаражаттарының есеп айырысу шотына
келіп түсуі
17 Бюджетке төленген салық сомасының артығы есеп айырысу шотына
қайтарылды
18 Есеп айырысу шотына келіп түскен атқарушы органдардың субсидиялары
19 Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп кіріске алынған материалдық
емес активтер
20 Құны есеп айырысу шотынан төленіп кіріске алынған негізгі құралдар
21 Құны есеп айырысу шотынан төленген монтаждауды қажет ететін
бөлшектерді кіріске алу
22 Негізгі табынды толтыру үшін жас малдарды бағып өсіруге кеткен
шығындар есеп айырысу шотынан төленді
23 Ағымдағы айдың қысқа мерзімді жалдық міндеттемесі есеп айырысу
шотынан төленді
24 Материалдарды қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін алдын ала аванс
ретінде есеп айырысу шотынан төленген сома
25 Қызмет көрсетушілерге, орындаушыларға істейтін жұмыстары үшін
алдын ала аванс ретінде есеп айырысу шотынан төленген ақша қаражаттары
26 Алынған құнды қағаздардың құны есеп айырысу шотынан төленді
27 Банк және банктен тыс мекемелерден алынған несиелер есеп айырысу
шотынан қайтарылды
28 Үлес қосушыларға, акционерлерге есептелінген дивиденд сомасы есеп
айырысу шотынан төленді
29 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан ұсталынған табыс салығы есеп
айырысу шотынан бюджетке аударылды
30 Қосылған құнға салынған салық сомасы есеп айырысу шотынан бюджетке
аударылды
31 Сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемі есеп айырысу шотынан
аударылды
32 Әлеуметтік салық сомасы есеп айырысу шотынан бюджетке аударылды
33 Жабдықтаушылардан алынған тауарлар үшін берешек сома есеп айырысу
шотынан аударылды
34 Ұзақ мерзімді жал төлемі есеп айырысу шотынан аударылды
35 Құнды қағаздарды сатуға байланысты кеткен шығындар сомасы есеп
айырысу шотынан төленді
36 Еңбекақы,зейнетақы және тағы да басқа төлемдерді төлеу үшін есеп
айырысу шотынан кассаға ақша алынды
2 Ақшасыз есеп айырысудың нысандары
2.1 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырмалық ,
аккредитивтік, чекпен есеп айырысу, төлем-талап тапсырмалық нысандары.
1. Төлем тапсырмалық нысан.
Қазіргі жағдайда қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың ең кең тараған
нысаны. Төлем тапсырмасы дегеніміз – төлеушінің өзіне қызмет көрсететін
банкіге өз есеп шотынан тиісті соманы ақша алушының есеп шотына аударуға
беретін бұйрығы. Төлем тапсырмасы арқылы кейінгі төлемнің операциясын
жүргізудің дәйектілігі төмендегідей:
1. Тауар жеткізуші келісім шартқа сәйкес тауарын жөнелткеннен кейін
төлеушінің атына фактура шот ұсынады.
2. Сатып алушы тауарды алғаннан кейін төлем тапсырмасының
жинақтамасын толтырып, оған фактура шотын қосып, өзіне қызмет көрсететін
банкіге тапсырады.
3. Құжаттарды тиісті тексеруден өткізгеннен кейін банк көрсетілген
соманы сатып алушының есеп шотынан шығарады да : а. Тауар жеткізушінің есеп
шотына түсіреді. Егер олардың шоттары сол банкте болса.
б. Басқа банктегі тауар жеткізушінің есеп шотына аударады.
4. Тауар жеткізушіге қызмет көрсететін банк түскен соманы соның есеп
шотына есепке жатқызады.
2.Аккредитивтік нысан
Аккредитивтік нысанды қолданғанда құжаттардың айналымы келесі түрде
өткізіледі:
1. Жасалған шартқа сәйкес тауар өндіруші өнлірілген тауарының
жөнелтуге дайын екенін сатып алушыға хабарлайды және одан аккредитив
ұсынуын талап етеді.
2. Сатып алушы бұл хабарды алғаннан кейін өзіне қызмет ететін банкке
белгіленген тәртіп бойынша аккредитивтік өтініш береді.Ол өтініште
аккредитивті қандай жағдайда пайдалануға болатынын көрсетеді.
3. Сатып алушыға қызмет ететін банк көрсетілген ақшаны сатып алушының
есеп шотынан шығарады да, оны аккредитивтер деген шотқа жатқызады.
4. Тауар жөнелтушінің банкісі аккредитивті сомасын "төленетін
аккредитивтер”деген шотқа есепке алады және бұл жөнінде тауар жөнелтушіге
хабарлайды.
5. Тауар жөнелтуші шартта көрсетілген талаптарға сәйкес дайындалған
өнімін сатып алушыға жөнелтеді. Сонымен қатар тауардың жөнелтілгенін
дәлелдейтін барлық құжаттарды өз банкісіне тапсырады.
6. Бұл банк тиісті соманы тауар жөнелтушінің есеп шотына түсіреді.
3. Чекпен есеп айырысу нысаны
Бұл қай жағынан алып қарағанда да өте ыңғайлы нысан. Осы нысанмен
есеп айырысу үшін тауар сатып алушы өтініш беріп, өзіне қызмет ететін
банктен 10,25,50 чегі бар чек кітапшасын сатып алады. Чектің бұдан былай
қозғалысы мынадай:
1. Сатып алушы алмақшы болған тауарды іріктеп алады да, оның сомасына
чек жазып береді.
2. Чек ұстаушы сол чекті келесі күні ( тәртіп бойынша 10 күннің
ішінде ) сатып алушының банкісіне төлеуге ұсынады.
3. Сатып алушының банкісі бұл чектің сомасын тауар жіберушінің есеп
шотынан есепке алады.Егер оның есеп шоты басқа банкіде болса, тиісті соманы
сол банкке аударады.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына
болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе;
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы
қолымен сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
4. Төлем-талап тапсырмалық нысаны
Есеп айырысудың төлем-талап тапсырмалық нысаны былай жүзеге
асырылады:
1. Тауар жөнелтуші тауарын жөнелткеннен кейін шарт бойынша төлем-
талап тапсырмалық нысанға сәйкес құжаттың жинақтамасын толтырады. Содан
кейін сол құжатты тауар, көлік, жүк құжаттарымен бірге сатып алушының
банкісіне жібереді.
2. Ол банк бұл құжаттарды төлеуге келісім беру үшін сатып алушыға
береді.
3. Банктік 3 күннің ішінде сатып алушы ұсынылған төлемді не
толығымен, не ішінара төлеуге келісімін береді.Өзінің шешімін сатып алушы
құжаттың керек бөлігіне жазып, қайтадан банкке тапсырады.
4. Бұл банк тиісті соманы сатып алушының шотынан шығарып, тауар
жөнелтушінің банкісіне аударады.
5. Ол банк түскен соманы тауар жөнелтушінің есеп шотына есепке алады.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және мәндеттемелір бойынша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет
жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік
құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.
Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік
көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды
жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы
әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады.
Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем
ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да әрбір
төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және зады тұлғалар арасында есеп аырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттарын- бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың
қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдіквалютамен
де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып
бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары бакнтер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және заңжы тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның
оқшаланған бөлімшелері үшін д ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шотар ашылуы мүмкін. Ол
сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын
субъект үшін ашылады. Аккредивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын
және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және
тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен
шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға
соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген
заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше
көздемесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағына ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері
арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі
шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассикалық
жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да
әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек;
вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының
инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт
негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына
ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы
тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық
құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға
алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем
тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілерді төлем
тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қосы төлем жасаушы банктің талап етуі
бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын
растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып
берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке
алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда
ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз
ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес
анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі
банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға
жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп
басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштер)
көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды
(ЖТК неиеме ИИК);
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарынң нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК
немесе КОд) – бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі
– резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын
көрсетеді;
- бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы
көрсетіледі;
- бенефициар банкісі - бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың
негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген
(идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық
айналымдарының коды (ФАК немесе МФо);
- төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік –құықытық актісімен
белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық
белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады);
- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері
қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік
шотына қаша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен
анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін асауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша
төлем тапсырмалары; желед мерзімді, мерзімнен бұрын және мерзімі кейінге
қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады:
аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни
тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі
ішінара төлемдері.
Мерзімнен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
қатынастыр аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірілмейітндей
етіп жасалуы керек.
Субъектілері: жеке өздеріне тиесіл қаражатты (зейнетақы, алимент,
жалақы іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атынан
жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның
нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол
орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат
алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша
алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған
әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz