Экономикалық ақша қатынасы
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қаржы ұғымы және оның қажеттілігі.
2.2. Қаржының функциясы және рөлі.
2.3. Қаржының қалыптасуы. Түсінігі, маңызы және мақсаты
2.4. Қаржы жүйесінің құрамы, қызметтері және принциптері.
2.5. Қаржы механизмі, қаржылық саясаты.
2.6. Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары.
2.7. Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады.
Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді.
Оған барлық Одақтас республикалардың бюджет енген еді. Бүгінде Қазақстан
егеменді ел болған соң республика үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік
бюджетін жасауға кірісіп кетті.
Одақтық бюджет 1984-ші жылдан бастап тапшылық күйін кеше бастады.
Рыноктық қатынастарға көшу бюджет баланыстылығына қатты әсер етті. Ол жылма-
жыл қарыздар болған кәсіпорын мен ауыл шаруашылығының салмақты дотацияларды
бюджет иығына артуымен түсіндіріледі. Өнеркәсіп өнімін сатып алу бағасы мен
ауыл шаруашылығы өнімін сату бағалары тепе-теңдігінің бұзылуы нәтижесінде
де болды. Күрделі әлеуметтік бағдарлама мен қорғанысқа кеткен шығындарды
мемлекет дотациялап отырды.
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол
мемлекеттің шығын мен табыстарының балансы. Бюджет ұғымы француздың сөзі
немесе табыс пен шығындарды бөлу. Бюджет табысы мен шығын құрылымы және
нарықтық экономикада елдің мемлекеттік бюджеті жеке баптар бойынша ара
салмағы төмендегідей:
Қаржы экономиканың қоғамдық қатынастармен анықталады. Бірақ қаржы
звеносында осы қатынастар анықталады да өзіндік әр мағыналарымен
түсіндіріледі. Бүтіндей қаржы жүйесі дегеніміз – ақша құралдар қорын
пайдалану және іске асыру процесіндегі қаржы қатынастағы әр жүйенің
жиынтығы. Басқаша сөзбен қаржы жүйесі кәсіпорындағы ақша қоры құралдарын
пайдалану және бөлу әдістері және формаларының жүйесі. ҚР қаржы жүйесі
келесі қаржылық қатынастың келесі звеноларын қамтиды:
1. Мемлекеттік бюджет жүйесі;
2. Бюджеттен тыс арнайы қорлар;
3. Мемлекеттік несие;
4. Сақтандыру қорлары;
5. Жекешелендіру;
6. Әртүрлі формадағы кәсіпорындағы қаржылары.
Қаржы жүйесі әртүрлі қаржылық қатынастардың топтарын арнайы байланыстары
және жиынтығы әрқайсысын ақша құралдар қорын пайдалану, іске асыру негізін
пайдаланады.
Қаржының қажеті әр субъектінің шаруашылық жұмыс ұйымдарға қажет. Қаржының
әрқашанда керектігінен туады. Қаржының арқасында ғана шаруашылықтардың
айналым қорының негізгі қорларын жасау,олардың негізгі өнімдерін ұлғайту
және әртүрлі қызмет орындау, сол шаруашылықтардың қаржы ресурстарға
байланысты болады. Шаруашылық ұйымдардың әр сатысында қаржы қажеттілігі
анықталады. Қаржы мемлекеттің халық шаруашылығын реттеу үшін экономикалық
бір деңгейге жақсарту үшін, әлеуметтік-мәдени салаларды дамыту үшін және
халықты қорғау үшін негізінде мемлекеттің басқару және ұйымдастыру
жұмыстарын орындау үшін қаржының маңызы зор.
Қаржы жүйесіне жататындар:
1. Мемлекеттік мекеменің қаржысы;
2. Кәсіпорынның, шаруашылық субъектінің және мекеменің формасы;
3. Қоғамдық мекеменің қаржысы.
Мемлекеттің ішкі қарызынан басқа сыртқы қарызы да болады. Бюджет
тапшылығын бәсеңдету үшін мемлекет тек кана ішкі мүмкіндіктерімен ғана
шектелмей, кайтару мақсатымен сыртқы займдар мүмкіндіктерін де пайдаланады.
Міне, осылай мемлекеттің сыртқы қарызы да пайда болады.
Егер шығындар табыстан асып кетсе, бюджет тапшылығы пайда болады.
Бюджет тапшылығын жою үшін табыс бөлігін толтыру қажет немесе мемлекеттік
бюджеттің шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджеттің табыс пен шығысының
айырмашылығын жабу үшін мемлекет қиыстырылған вариантына көшеді.
" Қаржы жүйесінің" ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып,
пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын
органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада,
тек мемлекетт қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл
жеткіліксіз.
Сонымен бірге жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл
қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан - ол мемлекетте іс-
әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы
екенін естен шығармаған жөн.
Өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан етті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, әдетте, тек
бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм
жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы
КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті
қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын
орындап отырдың.
Қаржы жүйесі терминінің жоғарыда келтірілген анықтамасында қаржының
мәнділік сипаттамасын, оның қоғамдық-экономикалық процестегі орнын негіздей
отырып, қаржы жүйесін сыныптаудың қағидалы үлгісі қойылған. Осы критерийге
сәйкес қаржы жүйесі мынадай үш бөлікгі қамтиды:
1) қаржы қатынастарының жиынтығы;
2) ақша қорларының жиынтығы;
3) басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
1. Қаржы ұғымы және оның қажеттілігі.
Қаржы (қолма – қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдың
латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен
шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, өндірістік қатынастарды білдіретін
ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі
экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды
экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық
шаруашылықтан жүйелі тауар – ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып,
дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен
тығыз байланысты. Бірінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізетін
авторды атау қиын.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар – ақша қатынастарын
қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның
экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен
айқындалады. Түрлі қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының
айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
• әртүрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық
құрылымы сай келеді. Қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына
қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке
алады.
• кез – келген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржы билеуші
таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен
міндеттеріне бағынады.
• өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін
тудырады. Мәселен, құл иеленуші және федалдық формацияларға
натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табыстың
қалыптасуы да көбіне натуралдық сипатта болады.
• Егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылымдық міндеттеріне
қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен анықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс
істейтін басқа экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан, бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржы – ақша қатынастарының жиыны, олардың түрлі ажырамас бөлігі. Ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамның ұдайы өндірістің түрлі
субъектілер арасындағы бүкіл ақша қатынастарын білдіреді. Сондықтан оның
маңызы экономикалық қатынастарды ақша қатынастарының қандай орын
алатындығында.
Қаржы – қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы
буын болып табылады. Қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға
болады.
Қаржы – бұл шаруашылық субъектілер жүргізуші және қайта бөлу процесіне
ұшырайды. Бұл процестердің маңызды рөлін қаржы атқарады. Қаржының жұмыс
істеуінің нақты шарты ақшаның пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші
еңбектерінің мемлекеттік қызметін қамтамасыз ететін ресурстарының
қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мәні – ақша нысанындағы құқық қозғалысынан туындайды. Бұл
қозғалыстың шарты тауар – ақша қатынастарының болуы және экономикалық
заңдылықтардың іс - әрекеті болып табылады.
2.2. Қаржының функциясы және рөлі.
Қаржының мәні іс - әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан
айқын көрінеді. Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияларға тән
қызмет тобын; мәнін; іс – қимылдығы көрінісін сапаның өзіне тән
категориялары кескінінің айырмашылықты әдістерін білдіреді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштігі және ұдайы өндіріс тәрізді 2
тұжырымдамасы танылып отыр.
1) қаржы қоғамдық өндірістің 2 стадиясында ақшы нысанындағы
қоғамдық өнімнің құнын бөлу процестерінде пайда болады.
Қаржының бөлгіштік сипаты оның іс - әрекет ету ерекшелігін
көрсетеді. Бұл тұжырымдамаға сай қаржы 2 функцияны орындайды:
бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса
маңызды бөлігі – ұлттық табысты, ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және
қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Қоғамдық өмірде бөлу
алғашқы және кейінгі, қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемімен орнын
толтыру қоры мен амортизациялық аударымдар шығарып тасталады және жаңадан
жасалған құн ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің өндірістік
сферасының және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады.
Қайта бөлу кезінде салалық сондай – ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық
жүргізуші субъектілері бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан
процесін қамтиды. Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу 2
әдіспен жүзеге асырылады:
Қаржылық – бюджеттік әдіс – ол бюджетке табыстарды алғанда және
бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
Несиелік – банктік әдіс – ол уақытша босқаржы ресурстарын жұмылдыруды
және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді. Қоғамдық өнімді
құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының –
нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.б.
көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Қаржының бөлшектік функциясы аумақаралық,
салааралық; ішкісалалық және ішкішаруашылық болып бөлінеді.
Аумақтық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге
асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілердің
бірінен алынып, қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен басынан кешіріп
отырған әкімшілік – аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта
бөлудің бұл түрінің арқасында бүкіл экономикалық үйлесімді дамуына қол
жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкі саладағы өндірістің дамуы үшін,
артта қалған аймақтарда экономика мен әлеуметтік – тұрмыстық инфроқұрылымды
өрлету үшін, өтемөте көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және
ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында
шаруашылық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет
ететін комерциялық есеп пен өзін - өзі қаржыландыру әдістерінің
енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.
Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру
және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің
экономикалық мүдделерін қамтып, көрсететіні белгілі бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Қаржының бақылау функцияларын жүзеге асырудың нысаны қаржылық
көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болады. Ұдайы өндіріс процесіндегі
қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тәртіп арқылы жүзеге асумен
және оның жайымен нормалар мен нормативтердің сақталуымен байланысты
болады.
Қаржылық тәртіп оны бұзушыларға қаржы санкцияларын қолдана отырып,
мемлекеттік парызды сақтауға негізделген. Бақылау функциясы қаржылық
бақылауда – жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты
арналым бойынша жасауда көрінеді. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай
түрлерін ажыратады:
Қаржылық – шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың,
бірлестіктердің, министрліктердің, ведомоствалардың қаржы органдары ақша
қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді
шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабельдікке, еңбекке ақы
төлеуге ықпал жасайды. Бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға
бағытталған;
Қаржылық – бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының бір бөлігін
мемлекеттіу бюджетке алу арқылы, кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру
арқылы жүзеге асады. Қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер
кезінде түсуін, бюджет қаражаттарының бизнес – жоспардың немесе құрылыс
қарқының орындалуына қарай берілуін бақылайды.
Кредиттік – банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу
арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің
мезгілдігі, қайтарылымдығы, арқылы қағидаларынан көрінеді. Бақылаудың бұл
түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Алғашқы қауым құрылысы кезінде класстар және мемлекет болған жоқ.
Бірінші ірі қоғамдық класстағы бөлініс – бұл құл иеленушілік және құлдар
және бірінші мемелекеттік құл иеленушілер. Қоғамдық экономикалық құл
иеленуші формацияда феодалықты өтуде феодалдық мемлекет құруды, сонымен
қатар қаржы төлеу категориясы ретінде қарастырды. Бірақ айта кету керек
қаржы ғана емес несие және баға пайдалану жолымен де іске асырылады. Ұлттық
табысты бөлу және қайта бөлу үшін тауар үйлестірілуі болуы керек. Баға ақша
құралдардың өсіңкілігін өнімді иесіне үйлестірілуден түскенін көрсетеді.
Ірі қайта бөлу процесі несиелік қатынастардан реттеледі. Қаржы және несие
өзара байланысты категория, сәйкесінше олар кәсіпорынның ақша қорын ұлғайту
негізгі айналымын қамтамасыз етеді. Несие ресурстары мемлекеттік бюджеттік
тапшылығын жабады.
Қаржы қатынасы екі жүйені қамтиды:
1. Экономика ақша қатынасы. Мемлекет орталықтанған ақша қорын пайдалану
және іске асырумен байланысты. Мемлекет бюджеттік жүйесі және
бюджеттік емес қорлардың өзіндік толықтырулар;
2. Экономикалық ақша қатынасы. Орталықтанбаған ақша қорының айналымын
басқарудың бөлінуі. Қаржы өзін экономикалық қатынасымен көрсетеді.
Іске асыру, бөлуі, дестранизацияланған, орталықтанған ақша құралдар
қорын, өндіріс ұлғайту жағдайы және мемлекет тапсырмаларымен және
функция мақсатына қатынасы.
Қаржыны бөлу функциясы екіге бөлінеді:
1. Ұлттық табысты бөлу – негізгі және алғашқы кіріс деп атайды. Олардың
қосындысы ұлттық табысқа тең болады. Материалдық өндіріс қатысушылар
арасында ұлттық табысты бөлу негізгі кіріспен іске асырылады. Олар екі
топқа бөлінеді:
а) материалдық өндіріс саласында адамдардың шаруалық кірісі жұмысшылар
мен жұмысшылардың еңбекақысы;
б) Материалдық өндіріс жүйесіндегі кәсіпорын кірісі;
2. Ұлттық табысты қайта бөлу және сала аралық бөлу құралы. Кәсіпорынның
және ұйымдардың қорлануы және табысты өте тиімді пайдаланумен байланысты
(денсаулық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру тағы басқа). Сонымен қатар
қаржы бақылау функциясын да орындайды. Бақылау функциясы қор және шығынға
қатысты жалпы ішкі өнімді бөлген кезде немесе бөлуді бақылау кезінде пайда
болады.
Нарықтық қатынастарға өту кезінде қаржылық бақылау жалпы және жеке
кәсіпорындар ғылыми техникалық прогресстің пайда болуы халық шаруашылығының
барлық салаларындағы дүниежүзілік жұмыс сапасын жақсаруын динамикалық
дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Ол өндірістік және өндірістік емес
жүйені қамтиды. Қаржылық бақылаудың басты мақсаттың бірі болып қаржылық
құқықтық сақталуын тексер, бюджеттік жүйесінің алдында каржылық міндеттің
толық және өз уақытында орындалуын, сонымен қатар салық жүйесі банктер,
ұйымдар мен кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың өзара міндеттері. Қаржы-
ақша қатынас жүйесі олардың айналым процесінде көрінетін ақша қорын
пайдалану мен орналасуында.
Ақша қозғалысы қаржылық экономикалық қатынастармен анықталады. Бұл
қатынас өзіне :
1. Кәсіпорындар аралық және мемлекет аралық (яғни заңды тұлғалар
аралығында) бұл мемлекеттік бюджетке салық төлеулермен;
2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік қажеттілігін мемлекет
қаржыландару;
3. Халықпен мемлекетаралық- салық төлеу, халыққа жәрдемақы төлеу;
4. Кәсіпорындар мен жұмысшылар арасында еңбекақы төлеу, осы бағалы
қағаздар ұстаушыға дивидент төлеу;
5. Кәсіпорындар мен банктер арасында ақша құралдарын сату ұзақ мерзім
мен қысқа мерзім несие алу.
4. . Қаржы жүйесінің құрамы, қызметтері және принциптері.
Қаржы – белгілі бip коғамның ақша ресурстары. Ол экономикамың дамуы
мен ұдайы өндіріс процесін камтамасыз етуге бағышталған. Кез келген
мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына мемлекеттік қаржы,
шаруашылық жүйесінің қаржысы, кәсіпорынның және тұрғындардың қаржысы
енеді.
Мемлекеттік қаржы - ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындардың,
әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуде, зандылық пен құқықты сақтауға,
қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. Мемлекеттік қаржы
құрамына : мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы
тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры,
әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік
қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен
ведомстваның қорлары енеді.
Шаруашылық жуйесіндегі қаржыны (мемлекеттік және мемлекеттік емес) —
компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест,
бірлестіктердің ақшалай қаржысы құрайды.
Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес) – меншіктегі және
заемдағы қаржылар, ғылым мен техника корының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-
мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті
және сақтандыру қоры енеді.
Тұрғындардың қаржысы —шаруашылық, еңбек қызметтердің (жалақы, акция
дивиденті, пай жарнасы мен банк салымының проценті т.б.) негізінде,
коммерциялық және халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік
қорды мемлекеттің icкe қосуының нәтижесінде ақшалай қаражатты құрайды.
Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл құрылымның қызметі
экономикалық қатынастар жиынтығын тұрғызып, ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы
өндірісте құру, бөлу, пайдалануды жүзеге асырады. Және басқа да қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Рыноктық қатынастар жағдайында қаржы негізінде төрт қызметті атқарады:
бөлу, реттеу, ынталандыру және бақылау.
Мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік
— мәдени шараларға, мемлекет басқаруға мен корғанысты дамытуға бағыттауын
қаржының бөлу қызметі атқарады.
Қаржының реттеу қызметі экономикалық дамуды реттеуді мемлекеттің сырттай
тәсілімен жүргізгенінде пайда болады. Мемлекет оны салық салғанда, несие
саясатында, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация кезінде жүзеге
асырады.
Қаржының ынталандыру қызметі кәсіпорынның экономикалық дамуын әртүрлі
ынталандырғанда жүзеге асады.
Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалануын
жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Қаржы рыногы - рыноктық экономиканың қалыптасқан элементтерінің бірі. Өз
аясына капитал рыногын, валюта рыногын ғана емес және бағалы қағаздар
рыногын ендіреді. Бұл рыноктарды өз құрамына енгізудің мақсаты — еркін
қозғалыстағы ақша ресурстарын мемлекеттің, кәсіпорынның және акционерлік
қоғамның мүддесіне жұмсау. Әкімшілдік - әміршілдік жүйеде қаржы рыногының
қызметін мемлекеттік бюджет, банктің несие жоспары, министрліктің қаржы
жоспары т.б. тетіктер арқылы жүргізілген.
Экономикалық реформа кезінде кәсіпорын өз шаруашылығын жаңа түрде
жүргізіп қаржы ресурстарын қалыптасқан тәсілмен бөліп, қолдануға барынша
шектеу қойылды. Ресурстардың министрліктер арқылы ішкі сала бойынша
бөлінуін барынша қысқартты. Сондықтанда қаржы нарығы құрудың қажеттілігі
пайда болды. Оның экономикалық негізі – қаржы ресурстарына қажеттілігінен
туып, оны беру мүмкіндігін қысқартты.
Қаржы рыногы - өзінің инфрақұрылымымен айқындалған күрделі механизм және
жаңа ақпараттық ағымдармен ерекшеленеді. Қаржы рыногын құру үшін кешенді
мәселелерді меңгеру қажет. Оған бағалы қағаздар эмиссиясы және оның
курсының өзгеруі, инфрақұрылым мен ақпаратты қамтамасыз етуді жатқызамыз.
Рыноктық экономикаға өтуде қаржы нарығын дамыту несие -қаржы жүйесін қайта
құруды талап етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономикаға eкi түрлі қаржылық
қатынастар әсер етеді – бюджеттік және рыноктық. Мемлекеттік бюджет пен
басқа денгейдегі бюджеттер және бюджеттік емес орталық қаржы қорларының
қалыптасуы, әдетте кәсіпкерлер отбасының қайтарылмайтын бip бөлігінен және
азаматтар табысынан тұрады. Осы табыстар мемлекеттің қабылдаған міндеттері
мен мақсаттарына қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландыру жолымен қолданылады.
Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықпен толықтырылып отырылуы
қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде жұмыс атқарады. Оның
қолдану бағасы рынок санына сәйкес сұраным мен ұсыным негізінде
белгіленеді. Қаржы рыногы жағдайында кәсіпорын, ұйымдар, тұрғындар тұрақты
ақшалай қорланған табысты қалыптастырып, оны алуға ұмтылыс жасайды. Ал,
халық шаруашылығы қосымша қаржы көздеріне ие болады. Мұндай капитал
нарығынсыз кәсіпорындарды өзін - өзі қаржыландыру мүмкін емес. Олардың
инвестициялық мүмкіншіліктері тек өздерінің құрал-жабдықтарында шектеліп,
басқадай толтыру көздері жоқтың қасы.
Біздің шаруашылық өмірімізде ақша ресурстарын пайдалануда бюджеттік әдіс
кеңірек белең алып, қаржы нарығы тіпті болғанда жоқ. Ақшаның барлық қоры
мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық табыстың үштен
eкici бөлінді. Несие жүйесінде тек қана мемлекеттік банктер жұмыс жасады.
Олардың қызметінде кәсіпкерлік бастамаға шек қойылды. Бюджеттік қор мен
несие ресурстары "жоспарға негізделіп" бөлініп, олардың қаржылық қауқары
және тиімді қолданылуы ескерілмеді. Рентабельділігі төмен және шығындары
көп кәсіпорындар осылай күн кешіп, берекесіздік белен алып, мемлекеттік
бюджет тапшылығы пайда болды. Жүзеге асырылған шаруашылық реформасының
(1965 жылғы) нәтижесінде кәсіпорынның қаржы ресурстары біршама өсті. Ал,
оларды пайдалану қатаң бақылауда болды. Кәсіпорын мен кәсіпорынның,
кәсіпорын мен тұрғындардың, кәсіпорын мен банктердің қорларды өзара бөле-
бөлісуіне тиым салынды. Банктегі кәсіпорын қорының (қаржысы) есеп шоттары
процентсіз сақталды.
Қаржы нарығын қалыптастырудың өзіндік қиындығы бар. Сондықтанда бағалы
қағаздар институтын құру қажет және қаржы нарығы инфрақұрылымын дамыту
абзал.
Республика президенті мемлекет басшысы ретінде қаржы жұмысы басқа
мемлекет органымен келісе отырып Конституция заңы бойынша мемлекет ішкі
және сыртқы саясаты арқылы қаржы саясатын іске асырылады. Президент
мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қаржыларын және несие-ақша саясаттың
жүргізілуін, валюта және қаржылық қатынастардың дұрыс жүргізілуін,
қадағалап басқарып отырады. Республика парламенті республика қаржы
жұмыстарын парламенттен қарап олардың дұрыс жүргізілуін қадағалап қаржы
заңдарын және бюджет құрамын және оның орындалуына қарай бекітеді.
Республика қаржы бюджетінің салық және валюта саясатын дұрыс жүргізілуін
ұйымдастырушы-Қаржы министрлігі. Қаржы министрлігінің өзінің функцияларын
басқа министрлігімен келісе отырып жүзеге асырады.
Қаржы министрлігінің негізгі орындайтын міндеттері:
1. Республикадағы бюджет жүйесін дамыту;
2. Бірыңғай қаржы бюджеті, салық және валюта саясатын жасап, оны
ұйымдастыру;
3. Республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамуын қамтамасыз ету;
4. Мемлекет бюджет құрып, оның орындалуын қадағалау және бюджет
орындалуына есеп беру;
5. Мемлекеттің қаржы қарыздарын жоспарлап, оның дұрыстығын қамтамасыз
етеді;
6. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен әдісін басқару.
Қала, аудан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz