Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын
Кіріспе.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық
қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың
құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік- экономикалық мәнін түсіне білудің,
оның іс - әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық
және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің негізінен
теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты
орындардың бірін алатын Қаржы курсында қоғамның өндірістік қатынастарының
ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік ғылымдар құрамдастарының аса
маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі Қаржының теориялық базасы
болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне
сүйенеді. Ол тауар ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып
табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары
туралы ілімге негізделеді.
Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды
табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің
мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы
ғылымның мән - мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша
қорлары олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі,
ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда
қызметтің өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан
шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы жалпы ұғым.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің
негізгі әдісі - материалистік диалектикалық - тарихи әдіс қолданылады, ол
нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын
олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
Қаржы - арнаулы пән және қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін
бұл курстың мақсаты - қаржы категорияларын, ұғымдарын. терминдерін ұғып
алудағы, олардың сыныптамасын, әлеуметтік -экономикалық процестердегі
маңызы мен орнын біліп алудағы теориялық және практикалық әзірлікті
қамтамасыз ету, сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара
байланысы мен өзара іс - әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-
экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге
қол жеткізу пәннің міндеті болып табылады. Қаржы туралы жалпы ұғым.
Қаржы (қолма - қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы
латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financе сөзінен
шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық
арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары
мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды
қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық
категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі
тауар - ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып дамыды және мемлекеттің
және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бүл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты кітап
деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар - ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Қаржы ғылымы ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар - ақша
катынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын - акша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар - ақша
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш
тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы
болып табылады.
Қаржы - ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістік түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастары емес, тек айрықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалык
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржы функциялары және рөлі
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы -
жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық
тетігі ақша қорларын жасау мен пайдаланүға бақылау жасаудың құралы. Ол
өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта
болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші
стадияларында - бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілерге
өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің
шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн (ақша нысанындағы
тауар нысанына айырбасталады). Бұл жерде құнның өзінің шеттетілуі болмайды.
Сөйтіп ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты
қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы
болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай
қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін
дәлелдейді. Бөлінген құн ақша нысанында тауар нысанымен айырбасталатын яғни
сатып алу - сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы
өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы
жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан мұнда басқа
экономикалық категорияның механизмі - баға жұмыс істейді.
Қаржының іс - әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді болу стадиясында
асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс -әрекет ететін орны
ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы
болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі
- ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен
субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын
микроэлементтерге – с, v және m-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс
құралдары құнының (с) орны толтырылады. қызметкерлердің жалақысы (v )
төленеді және қосымша өнім (m) алынады.
Мұндағы: с - өндірістің материалдық шығындары: v - қажетті өнімнің құны: m
- қосымша өнімнің құны.
Қаржы қатынастарының қаржы талшығы мен басы өндіріс сферасында қосымша
өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып табылады. Тап осы қосымша өнім
немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын)
құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімінің бұл бөлігі қаржы қатынастарының
мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Сөйтіп, өндірістің алдын
ала шарттастырылған сипаты кезінде сатылатын өнімді с, v және m - ге
сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары жасалынады. Шаруашылық
жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрі бөлу және оны мақсатты
пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады.
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір
бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар
мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі
өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке
бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану
арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын.
олардың басқа экономикалық қатынастарымен өзара іс - әрекетін шарттастырады
және олардың экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдық -
әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
Қоғамдық катынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық
қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық
қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді.
Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар
базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады.
Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар
категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар - бұл біркелкі
экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің
бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде көрінеді: оларға
баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және тағы да басқалары
жатады.
Қаржы - экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн
заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының,
өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне
сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының іс - әрекетіне негізделеді.
Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, жалпыдан -
жекеге қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады:
жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және
қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық
қатынастар және тағы да басқа).
Әр түрлі қоғамдық - саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерге
қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да – ақша, табыс, өзіндік
құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын
(тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен
тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің
нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың
мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының құндық экономикалық категориялардың
бүкіл жалпы жиынтығынан ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән
өзгеше белгілерді біліп алған жөн. Сонымен бірге, құбылыстың мәнін,
өзгешелігін бір ғана белгімен, тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау
мүмкін емес. Құндық категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ
белгілері болады. Сондықтан қайсы бір құндық категориялардың, соның ішінде
қаржының да өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиынтығы ғана кез
келген экономикалық категорияның, соның ішінде қаржының да мағынасы мен
өзгешеліктерін ашып бере алады.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы
өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана білдіреді. Сондықтан қаржы катынастарының ақшалай сипаты - қаржының
маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін баса көрсетеді.
Ақша экономикалық өмірде, баламалы, яғни тауар және ақша
нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады.
Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың - бағанын.
еңбекақының, кредиттің іс - әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша
қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың
барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының
негізінде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен
салықтар, табыстан аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру,
субвенциялар және тағы да басқа, яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық
қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкішаруашылық мақсатты оқшаулануының ұқсас
қағидаты қолданылады.
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық
категорияны ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға
мүмкіндік береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді.
Басқа бірде - бір құндық экономикалық категория жоғарыда аталған жиынтығын
иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі -қаржы қатынастарының
ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп
отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны міндетті сипаты, біржақты тәртіптегі
қүн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория ретіндегі
қаржының айрықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Сонымен, қаржы - бұл шаруашылық жүргізуші субьектілерде және
мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, оларды ұдайы
ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа қажеттіліктерін
қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдык өнімнің құнын және
ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын
ақша қатынастары.
Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес,
қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп
түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық - заттай құрамын
бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және
халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес
жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс - әрекеті оның мәнінен: жиынтық
қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта
бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден: табыстар мен
қорланымдарды қалыптастырудан; ақша бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын
толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялык аударымдар)
шығарып тасталады және жаңадан жасалған қүн - ұлттық табысты бөлудің
нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші
субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің
және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды
ролді қаржы атқарады. Қоғамдык өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде
қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз
байланыста дамиды.
Қайта бөлу салалық, сондай - ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық
жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін
қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық - заттай нысандағы өнімді түпкілікті
тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр
түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың
бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық
табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда каражаттар
өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан әлеуметтік
инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың
(капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтык қорларын жасау үшін
пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін
пайдаланылатын түпкілікті табыстардың, әлеуметтік сфераның мекемелерін
ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған
ресурстар құрайды.
Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу екі әдіспен жүзеге
асырылады:
Қаржылық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және
бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады.
Несиелік - банктік әдіс. Ол уақытша бос қаржы ресурстарын жұмылдыруды
және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді болудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының –
нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және тағы да
басқалардың көмегімен жүзеге асырылады.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары
мыналар болып табылады:
өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада
ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты
бөлу;
қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айрықша дамуын
қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр
түрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы тиімділігімен
ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен
кәсіпорынның, фирманың материал және қаржы ресурстарының ұдайы өндірістегі
қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей
емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа
экономикалық категориялармен - бағамен, еңбекақымен өзара іс - қимыл
жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы - қайта бөлу, мұнда ол тектес
экономикалық категориямен - кредитпен өзара іс - қимыл жасайды. Қаржының
бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық. ішкісалалық. ішкішаруашылықтық
бөліністі қамтиды. Аумақаралық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік
бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық
жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының
жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік - аумақтық бірліктер мен
салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл
экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында
түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай - ақ артта қалған
аймақтарда экономика мен әлеуметтік - тұрмыстық инфрақұрылымды өрлету үшін
өте - мөте көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және ішкі шаруашылықтык
қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші
субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін (заң бойынша
мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен өзін - өзі
қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.
Демек қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру
және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің экономикалық агенттердің
экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, функция арқылы бөлу категориясы
ретінде қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық қоғамдық өнімнің,
оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты болатын экономикалық
қатынастар айшықталады және сатып алу - сату арқылы натуралдық - заттай
нысандағы өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады.
Қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы
еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың
экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да, түпкілікті
табыстарды да қалыптастыру мен пайдалануды ортақтастырып, жүзеге асырады.
Қаржының бөлгіштік функциясының жақтаушылары бөлу арқылы қаржы ұдайы
өндірістің басқа стадияларына - өндіруге, айырбастауға, тұтынуға белсенді
ықпал етеді деп жорамалдайды. Мысалы, қаржы өндіріске қалыптастырылатын
ақша қорларының мөлшері арқылы санмен әсер етеді: бұл қорлардың көлемін
өзгерте отырып, өндіріске қалаған бағытта ықпал жасауға болады, не қолайлы
қаржы жағдайларын жасау жолымен зкономиканың жеке құрылымдық бөлімшелерінің
дамуын тездетуге болады, не бұл өсудің қарқынын баяулатуға болады. Басқа
жағынан, егер көтермелеу қорларының көлемін өндірістің белгілі бір сапалық
көрсеткіштерінің: еңбек өнімділігінің, ресурстарды үнемдеудің, қор
қайтарымының және тағы да басқаларының жетістіктерімен ұштастыра өндіріске
сапалық әсер етуге жетуге болады. Қаржы көмегімен ұдайы өндірістің басқа
сатыларына да осылайша әсер етуге болады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы
қаржының ұдайы өндірістің барлық процестерімен байланысы және бұл
категорияның өндірістің барлық стадияларына әсер етуі бақыланып отырады.
Қаржының бөлгіштік функциясы тұжырымдамасының жақтаушылары
айқындамасындағы осал мезеті категорияның функциясы тап осы категорияның
өзіндік ерекшелігін қамтып көрсетуі тиіс деген қағида болып табылады.
Қарастырылып отырған функция бөлуге қатысушы басқа экономикалық
категорияларға да - бағаға да, еңбекақыға да, кредитке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz