Көтермелеу шараларын қолданудың тәртібі
Жоспар.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Ішкі еңбек тәртібі
2.2. Еңбектегі табыстар үшін көтермелеу.
2.3. Тәртіптік жаза және оның түрлері.
ІІІ. Қорытынды
ІҮ.Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе.
Бірлескен қызметпен айналысатын кез-келген адамдар тобы өз
қызметінің және жүріс – тұрыстарының үйлесуін және олардыңбелгілі бір
тәртіпке бағынуын қажет етеді. Әрекеттердің, мүдделердің және жүріс –
тұрыстардың үйлесуі адамдардың өндіріс үшін, материалдық және рухани
игліктерді бөлісу үшін бірігу кезінде ерекше мәнге ие болады.
Еңбек қызметінің барысында еңбек қатынастарының екі тарапы
қатысатыны белгілі, сондықтан еңбек қызметіндегі жүріс- тұрыс ережелері екі
жақ та орындауы тиіс. Сол себепті қызметткердің негізгі міндеттерінің бірі
болып еңбек тәртібінің талаптарын, яғни еңбек қызметі барысында өзі үшін
міндетті жүріс- тұрыс ережелерін орындау табылады. Қазіргі нарықтық
экономика жағдайында еңбек тәртібін қамтамасыз етуде идеологиялық
қағидалардың орнына экономикалық ынталандырулардың ролі артып отыр.
Меншік түріне қарамастан, барлық кәсіп орын мекеме, ұйымдарда еңбек тәртібі
ережелеріне сәйкес екі жаққа – жұмыс беруші мен қызметкерге белгілі
міндеттер жүктеу арқылы жүзеге асырылады. Мәселен, жұмыс беруші өз
тарапынан қызметкерлерге еңбек туралы заңдарға, еңбек, ұжымдық шарттарға
сәйкес еңбек жағдайын оларды еңбек міндеттерін орындауына қажетті
құралдармен және материалдармен қамтамасыз етуге, жеке еңбек шартын
жасасу кезінде ұжымдық шартпен таныстыруға, жалақысын және өзге де
төлемдердің уақтылы әрі толық көлемде төлеуге, оның денсаулығымен өміріне
зиян келтіргені үшін жауапкершілігін сақтандыруға, егер жұмысты жалғсатыру
оның өмірі мен денсаулығына қатер төндірсе, оны тоқтатуға, еңбек
жағдайларының зиянды және қауіпті екендігі мен кәсіптік аурудың мүмкін
екендігі туралы ескертуге міндетті.
Сол сияқты Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңының
7 – бабында белгіленгендей, қызметкер жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және
жұмыс берушінің актілерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауды,
еңбек тәртібін сақтауды, жұмыс процесінде жұмыс берушіге муліктік зиянды
келтіруге жол бермеуді, еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірісті
санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауды, өзіне сеніп
тапсырылған қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны
құрайтын мәліметтерді жария етпеуді адамдардың өмірімен денсаулығына, жұмыс
берушімен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал
туындағанын хабарлауды өз міндетіне алады.
Еңбек тәртібі дегеніміз – бұл жеке еңбек шартымен тараптарының,
яғни қызметкермен жұмыс берушінің өзара міндеттерін бұлжытпай орындау .
Еңбек құқықығында еңбек тәртібі мәселесі 4 аспектіде
қарастырылады:
Бірінші аспект – еңбек тәртібі еңбек құқығының негізгі қағидаларының
бірі еңбек тәртібін орындау міндеті ретінде қарастырылады.
Екінші аспект. Еңбек тәртібі іс жүзіндегі әрекет ретінде қарастырылады.
Іс жүзіндегі әрекет – бұл кәсіпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы еңбек
қатынастар барысындағы жүріс – тұрыс ережелерін нақты орындау.
Үшінші аспект. Еңбек құқығының институты ретінде , яғни жұмыс
берушінің және қызметкердің оның әкімшілігінің міндеттерін, жазалау
және көтермелеу шараларын реттейтін нормалар жүйесі ретінде
қарастырылады.
Төртінші аспект. Еңбек тәртібі қызметкердің және жұмыс берушінің
ұйымда белгіленген жүріс- тұрыс ережелерінің тәртібі ретінде
қарастырылады. Бұл жағдайда еңбек тәртібі адамдар арасындағы қоғамдық
байланыстың нысаны ретінде көрініс табады.
Еңбек тәртібі технологиялық және өндірістік тәртіп
түсініктерімен тығыз байланысты.
Технологиялық тәртіп- бұл еңбек тәртібінің өндірістегі
техникалық ережелерді сақтаумен байланысты. Технологиялық тәртіптің
құрамына станокпен, машиналармен, құралдармен, агрегаттармен, өзге де
механизмдермен жұмыс істеу ержелері кіреді.
Өндірістік тәртіп- бұл өндірістегі тәртіпті сақтау. Оның
құрамына еңбек тәртібі кіреді, тіпті өндірістік тәртіптің шегі еңбек
тәртібіне қарағанда әлдеқайда кең.
Еңбек тәртібін қамтамасыз ету еңбек үрдісінің басшыларының
басты функцияларының бірі болып табылады және бұл мәселеге қатысты
ерекше көңіл бөлінеді. Социалистік экономика уақытында еңбек тәртібі
ең алдымен моральдық әдістермен- сендірумен, көтермелеумен,
тәрбиелеумен қамтамасыз етілуі тиіс деген көзқарас үстемдік еткен
болатын.
__________
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы
Авторы: Н.Айымханова
Алматы жеті жарғы 2002ж
2.1. Ішкі еңбек тәртібі.
Ішкі еңбек тәртібі дегеніміз – еңбек қатынастары талаптарының еңбек
заңдарына, жеке еңбек, ұжымдық шарттарына сәйкес белгіленген құқықтарымен
міндеттері айқындалған ұйымның жұмыс режимі.
Ішкі еңбек тәртібін құқықтық реттеу жұмыс берушінің актілерімен және
өзге де нормативтік – құқықтық актілердің негізінде жүргізіледі. Ұйымдағы
қызметкерлермен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары ішкі еңбек
тәртібінің ережелерімен реттеледі.
Ішкі еңбек тәртібі ережелерінің негізгі мақсаты – қызметкерлерді адал
жұмыс істеуге, еңбек тәртібін нығайтуға, жұмыс уақытын тиімді пайдалануға
еңбек өнімділігін арттыруға тәрбиелеу. Ішкі еңбек тәртібі ережелері жұмыс
берушінің актісімен бекітіледі. Экономика саласының кепіл салаларында
қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін тәртіп туралы жарғылар
қолданылады. Бұл жарғылардың ішкі еңбек тәртібі ережелерімен айырмашылығы,
ондағы қолданылатын тәртіптік жазалар, ережелерде бекітілген жазаларға
қарағанда қатаңдау әрі ол жазаларға шағым тек бағыныс ретіне қарай жоғарғы
органдарға ғана беріледі. Ішкі еңбек тәртібі ережелерімен қатар ұйымдағы
қызметткерлердің жекелеген санаттарының құқықтарымен міндеттерін реттейтін
қызметтік нұсқаулықтармен лауазымды адамдар туралы анықтамалар әрекет
етеді.
Сонымен, ішкі еңбек тәртібінің ережелері - бұл кызметкер қызмет етіп
жатқан ұйымның ішінде белгіленген тәртіп. Әдетте ішкі еңбек тәртібінің
ережелері келесі бөлімдерден тұрады:
1. жалпы ережелер (ережелердін күші жөнінде);
2. қызметкерлерді қызметке алу және жұмыстан босату тәртібі;
3. қызметкерлердің негізгі міндеттері;
4. жұмыс берушінің негізгі міндеттері;
5. жұмыс уақыты және оны пайдалану;
6. жұмыстағы жетістіктері үшін көтермелеу;
7. еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік.
Қызметкерлердің негізгі міндеттері бірқатар нормативтік-құқықтық
актілермен реттелген. Солардың ішінде басты орынға
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңы ие.
Ең алдымен, жеке еңбек шартын бекіте отырып, қызметкер өзіне басты
міндетті жүктейді. Ол міндет нақты бір мамандық, біліктілік, лауазым
бойынша жұмысты орындау және өзі жұмыс істейтін ұйымның ішкі еңбек
тәртібінің ережелеріне бағыну. Қызметкердің өз мамандығы бойынша орындауы
тиіс міндеттерінің шеңбері біліктілік сипаттамасында (лауазымдык нұсқау)
көрсетіледІ.
Жұмыс беруші қызметкерді қызметке алу кезінде оны осындай нұскаумен
таныстыруға міндетті.
Ішкі енбек тәртібінің ережелерімен қызметкердің келесі негізгі
міндеттері көзделеді:
1. еңбек тәртібін - өндірістегі тәртіп негізін сақтау. Бұл дегеніміз,
қызметкер жұмысқа уақтылы келуге және кетуге, белгіленген жұмыс уакытының
ұзақтығын сақтауға, бүкіл жұмыс уақытын өнімді еңбек үшін пайдалануға,
әкімшілік пен жұмыс берушінің барлык өкімдерін және бұйрықтарын уақытылы
және дәл орындауға міндетті;
2. енбекті корғауға, қауіпсіздік техникасына, өндірістік санитарияға және
өртке қарсы қорғануға қатысты талаптарды орындау. Бұл
дегеніміз, қызметкер өз жұмыс орнын тазалықта ұстауға, жұмыс орнын ақаусыз
жағдайда беруге немесе қалдыруға,
санитарлық - гигиеналык және өртке қарсы талаптарды орындауға, жеке және
ұжымдык қорғану құралдарын: арнайы киімді, арнайы аяқ киімді, қорғану
құралдарын пайдалануға міндетті;
3. еңбек өнімділігін арттыру, тапсырмалар мен жоспарлардың
нормаларын орындау;
4. технологиялық тәртіпті сақтау, жұмыста олқылықтарды болдырмау, өнімнің
сапасын жақсарту;
5. кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің мүлкіне ұқыптылықпен қарау,
машиналарды, жабдықтарды, станоктарды, құралдарды тиімді пайдалану, олардың
бүлінуіне жол бермеу, материалдарға, арнайы киімге және өзге де заттарга
ұқыптылықпен қарау;
6. кәсіпорынның тиімді жұмысын қиындататын немесе оған
кедергі жасайтын жағдайларды (апат, тоқтап қалу, қайғылы оқиғалар және
т.б.) болдырмауға қатысты шаралар қолдану, егер өз күшімен оларды жою
мүмкін болмаса, жұмыс берушіні, әкімшілікті жедел түрде оқиға жөнінде
хабарландыру;
7. материалдық және өзге де құндылықтарды, материалдарды және құжаттарды
сақтаудың белгіленген тәртібін орындау;
8. өзінің біліктілігін және білім деңгейін тұрақты түрде көтеріп отыру.
Әрине, аталған міндеттер осымен шектелмейді. Сонымен қатар, атап
өтетін бір жайт, жоғарыдағы міндеттердің бірқатары декларативтік сипатка
ие, құқықтық сипатқа ие емес және жалпы алғанда моральдық міндеттер болып
табылады. Накты атап өтетін болсақ, моральдық сипатка ие міндеттер мыналар:
еңбек өнімділігін арттыру, өзінің біліктілігін тұрақты түрде көтеріп отыру,
ортада өзін мәдениетті ұстау және т.б. Бұл талаптар жұмыс беруші тарапынан
қызметкердің өз әрекеттері мен жүріс-тұрысын қызметтік этиканың
талаптарымен өлшеу қажеттігін байқатады. Ал аталған ережелерді бұзу тек
моральдыктұрғысынан кінәлауға ғана емес. Сонымен катар, еңбек тәртібін
бұзудағы заңды салдарға да алып келуі мүмкін.
Заңнамаға сәйкес жеке еңбек шартының тараптарының бірі болып
жұмыс беруші табылады.
Әкімшіліктің және жұмыс берушінін міндеттерінің шеңбері Қазақстан
Республикасының Президентінің 1995 жылғы 19маусымдағы Мемлекеттік
кәсіпорын туралы Жарлығымен, кәсіпорынның жарғысымен және өзге де
нормативтік-құқықтық актілермен, соның ішінде, ең бастысы ҚР
Еңбектуралы заңымен белгіленген.
Жұмыс берушінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
1. еңбек заңнамасын жэне еңбекті корғау ережелерін сақтау;
2.қызметкерлердің әркайсысы жеке еңбек шартында көзделген өз мамандығы,
біліктілігі жэне лауазымы бойынша жұмыс істей алатындай, әрбір кызметкер
қалыпты еңбек жағдайына сай жұмыс орнын иеленетіндей етіп жүмыс барысын
дұрыс ұйымдастыру, нақты бұйрықтар мен нұсқаулар беру және олардың дәл және
уақтылы орындалуын тексеру, еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл
бөлу;
3. әкімшілік немесе жұмыс беруші жұмыс басталғанға дейін қызметкерді ішкі
еңбек тәртібінің ережелерімен, белгіленген мақсаттар мен таныстыру;
4. еңбек өнімділігін өсіру үшін жағдайлар жасау, ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктерін енгізу, жұмыс орындарын ұйымдастыруды жетілдіру, ауыр және
күрделі өндірістерді механизациялау және тағы басқа;
5. еңбек және өндірістік тәртіпті қамтамасыз ету;
6. қызметкерлердің қажеттіліктері мен мүдделеріне мұкият бақылау жасау,
олардың жұмыс жағдайын жақсарту, жалақьны және еңбек демалысын уақтылы беру
және тағы басқа.
Әрине, жұмыс берушінің де кейбір міндеттері декларативтік сипатка ие,
мысалы, қызметкерлердің қажеттіліктері мен мүдделеріне мұқият бақылау
жасау. Соған қарамастан, жұмыс берушінің еңбек заңдарын, ұжымдық немесе
жеке еңбек шартын бұзуы қызметкердің талабы бойынша мерзімді еңбек шартын
мерзімінен бұрын бұзуына негіз болып табылды.
Еңбек заңдарын бұзған, ұжымдык шарт бойынша өз міндеттерін орындамаған
жұмыс беруші белгіленген тәртіп бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылуы
мүмкін.
__________
Қазақстан Республикасының Еңбек құқығы
Авторы: А.Ахметов, Г.Ахметова
Алматы 2005ж
2.2. Еңбектегі табыстары үшін көтермелеу.
Еңбек заңдарына сәйкес жұмыс беруші қызметкерге еңбектегі
табыстары үшін көтермелеудің әр алуан түрлерін қолдануға құқылы.
Еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, еңбек өнімділігін арттырғаны,
өнімнің сапасын жақсартқаны әрі мінсіз қызмет атқарғаны және
жұмыстағы басқа жетістіктері үшін мынадай көтермелеу шаралары
қолданылуы мүмкін:
- алғыс жариялау;
- бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлықақылармен марапаттау;
- құрмет грамотасымен марапаттау;
- лауазымын көтеру.
Ішкі еңбек тәртібінің ережелерінде және тәртіп туралы жарғыларда
бұдан басқа да көтермелеулер белгіленуі мүмкін. Көтермелеудің түрлері
мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің
актілерімен белгіленеді.
Еңбек міндеттерін ойдағыдай және шын ниетпен орындайтын
қызметкерлерге әлеуметтік- мәдени және тұрғын үй тұрмыстық қызмет
көрсету саласында артықшылықтар мен жеңілдіктер бірінші кезекте
беріледі.
1995 жылдың 12 желтоқсанында қабылданған Қазақстан
Республикасының мемлекеттік наградалары туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығында республиканың жоғары наградаларымен
азаматтарды марапаттау тәртібі белгіленген. Осы заңға сәйкес
республика азаматтары жемісті мемлекеттік, қоғамдық, шығармашылық
қызметі және еңбектегі, жауынгерлік ерліктері үшін, олардың
республикаға сіңірген еңбегінің танылуының белгісі ретінде
мемлекеттік наградаларымен марапатталады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері- еңбектегі жоғары
жетістіктері үшін және өз саласында кемінде 10 жыл жұмыс істейтін
материалдық өндіріс саласы мен әлеуметтік- мәдени сала
қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге беріледі.
Көтермелеу ретінде қызметкердің енбектегі және ұйымдастырушылык
жетістіктерін көпшілік алдында тану, оған басшылык жэне еңбек ұжымы
тарапынан құрмет жасау танылады.
. Көтермелеу шараларын қолданудың тәртібі. Көтермелеу шаралары әкімшіліктің
шешімі бойынша немесс жұмыс берушінің актісінің негізінде қолданылады.
Бірнеше көтермелеу шараларын бір мезетге қолдануға да жол беріледі. Мысалы,
еңбектегі озат қызметкерге алғыс жариялана отырып, сонымен бір мезетте
ақшалай сыйақы немесе өзге де бағалы сыйлық берілуі мүмкін. Көтермелеу
шараларын осылайша қолдану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz