Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлар.

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың түсінігі

және түрлері.

2. 2. Қажетті қорғану

2. 3. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік

2. 4. Жалған қорғану

2. 5. Аса (мәждүрлі) қажеттілік

2. 6. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру

2. 7. Орынды тәуекел

2. 8. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу

2. 9. Бұйрықты немесе өкімді орындау

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер.

1.

Іс-әрекеттің қылмыс екенін жоятын мән-жайлардың

түсінігі және түрлері.

Әрбір азаматтың конституциялық борышы- қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті тойтаруда, оның зияндылығын жоюда, сол қауіпті төндірген адамға материялдық, моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін.

Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін.

Бірақ та бұл әрекетке белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі- қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп танылады.

Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға :

1. қажетті қорғану

2. аса (мәжбүрлі) қажеттілік

3. қылмыскерді ұстағанда зиян келтіру

4. орынды тәуекел

5. күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу

6. бұйрықты немесе өкімді орындау

Осы аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.

2.

ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ.

Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан ткң дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.

Бұл жерде мемлекеттік, қоғамдық мүдделерге қорғанушының өзіне, басқа адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату

Мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік, қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды.

Қажетті қорғану қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып табылады. Бұл шабуыл жасаушыға келтірілген тікелей қарсы әрекет болып табылыды. Сол себепті де мемлекет заңда белгіленген тәртіппен кейбір тәртіп сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына да жол беріледі.

Заң бойынша барлық азаматтар-кәсіби немесе өзге де даярлығын, қызмет жағдайына қарамастан қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде құқылы. Заңда лауазым адамдары немесе басқадай құқық қорғау органдары үшін қажетті қорғануды қолданудың ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін қажетті қорғануды қолдану олардың жеке құқығы болып табылады.

Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар тек қана моральдық жағынан айыпталады.

Керісінше заңға, уставқа, басқадай нормативтік сәйкес қажетті қорғануды жүзеге асырмаса оның әрекеті қылмыстық немесе тәртіптік жауаптылыққа жатады.

3.

Қажетті қорғануды жүзеге асырудың заңға сыйымды негізгі шарттары бар.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы

А. Н. Ағыбаев. (Жалпы бөлім)

Алматы « Жеті жарғы » 1999 жыл.

4.

ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ ШНГІНЕН АСЫП

КЕТКЕНДІК.

Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік қоғамға зиян-ды. Сондықтан да мұндай әрекеттердің қылмыстық жауаптылығы және жазасы заңға сәйкес нақты келтірілген зиянға байланысты шешіледі. Қиянат келтірушіге қажетті қорғану шегінде, қол сұғылған қиянатты зиян келтірместен

Тойтаруға мүмкіндік болмаса қоғамдық немесе жеке мүддені қорғау мақсатымен келтірілген зиян әр уақытта да заңға сыйымды болып табылады. Егер қиянат келтірушіге зиян шектен тыс және сол қиянаттың сипаты мен қауіпті-лігіне сөзге зиян шектен тыс және сол қиянаттың сипаты мен қауіптілігіне сөзсіз сәйкес келмесе, онда қорғанушы жөнінде қажетті қорғанудың шегінен шығып кеткені үшін жауаптылық мәселесі туындайды. Мұндай жағдайда келтірілген зиян шабуылдан қорғану мүддесіне сай жүзеге асырылды деп санауға болмайды.

Егер қорғанушы қиянаттың қаупі мен сипатына нақты жағдайда сөзсіз сәйкес келмейтін қорғану құралдары мен тәсілдерін қолдану арқылы, қиянат жасаушыға орынсыз, қажетсіз негізде ауыр зиян келтірсе, оның әрекеті қажетті қорғану шегінен асып кеткендік болып саналады.

Мысалы, К. Деген азамат қажетті қорғану шегінен асып кеткен жағдайда денені ауыр жарақаттағаны үшін мына төмендегі жағдайда кінәлі деп танылып, сотталған.

Сыраханада К-ға қызу күйіндегі бір аяғы жоқ Ж. Деген мүгедек адам тиісіп, өзіне екі құмыра сыра алып беруді талап еткен. Ж-ны итеріп жіберіп, К. Далаға шықпақшы болған, итеруден құлап түскен Ж. Жалма-жан тұра сала К-ны балдағымен ұрып, тағы да екінші рет ұрмақшы болған, осы кезде К. қолындағы құмырасымен Ж-ны бастан ұрып, ауыр

5.

дәрежедегі дене жарақатын келтірген. Сот үкімінде « қажетті қорғану шегінен асып қиянаттың қаупі мен сипатына сай келмейтін жағдайда Ж-ға зиян келтіріл-ген» деп көрсетілген. Ж. бір аяғы жоқ мүгедек әрі ауыр күйде мас болған. Осы жағдайға байланысты К. Оны басынан құмырамен ұрмай-ақ, оның қолындағы балдағын жұлып алып, басынан ұрып, ауыр дәрежедегі жарақат салмай-ақ, қиянатты тоқтатуға толық мүмкіндігі бар еді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы Пленумының 7 қаулысында соттар қажетті қорғану шегінен асып кеткендіктің бар немесе жоқ екендігі мәселесін шешкен кезде тек қорғану мен қауіп төгдіру құралдарының сәйкестігін немесе сәйкессіздігін ғана емес, қорғанушыға қауіп төндірушінің қауіптілік сипатын, шабуылға қарсы тұрудағы оның күші мен мүмкіндігін, сондай-ақ шабуылшы мен қорғанушының күштерінің арасалмағына ықпал ететін басқа барлық жағдайларды да ескеруі керек деп атап көрсеткен.

Сонымен қажетті қорғану шегінен асып кеткендік деп танылуы үшін қиянаттың қаупі мен сипатына қорғаудың сөзсіз сәйкес келмеуі қажет. Бұл жерде сөзсіз сәйкес келмейшілікке қорғанушының айдан анық, айқын түрде қорғану шегінен асып кеткен қиянат келтірушіге негізсіз, орасан зор зиян келтіруін айтамыз.

Сот тәжірибесінде едәуір емес мөлшердегі бөтен біреудің мүлкіне қол сұққан зиян келтірушінің өлтіру, адамның өміріне, денсаулығына қауіпті емес күйде істелген бұзақылықты, ұсақ ұрлықты тойтарудағы басқа адамның денесіне ауыр дене жарақатын келтіру фактілері жиі орын алады.

Заңда қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіргендегі және қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа зиян келтіргені үшін әдейі жауаптылық көзделген. Бұл, яғни қажетті қорғану шегінен асып кеткендігі үшін жауаптылық, тек қасақана қылмыс істегені

6.

үшін ғана қарастырылғанын көрсетеді. Абайсыздықпен істелген қажетті қорғану шегінен шығушылық үшін заңда жауаптылық белгіленбеген.

Адамның өмірі, денсаулығы, меншік сияқты маңызды обьектілерге шабуыл жасап, нақты зиян келтіру қорғануға да қорғанудың өте ыңғайлы тәсіліне жүгінуге құқық береді. Яғни, қорғалатын игіліктің бағасы құнды болған сайын осыған орай соған төндіретін қиянат та қауіптірек, сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың шегі де және қиянат келтірушіге зиян мөлшері де елеулі, ауқымды болады.

Қиянаттың үрдістігінің дәрежесі көп жағдайларда қылмыскердің қолданатын құрала мен қару-жарағына да байланысты. Бірақ та бұл жерде қорғанушы шабуылды қандай құрал немесе қаруды қолданса соған сайма-сай құралмен немесе қарумен тойтаруға ғана құқылы деп айту қате болар еді. Мұндай пікірді қуаттаған жағдайда қорғанушының қару жұмсау арқылы өзінің немесе басқа адамның өміріне нақты қауіп төндіріп тұрған қаруланбаған қылмыскердің әрекетін тойтаруы негізсіз қылмыс болып саналар еді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы

А. Н. Ағыбаев. (жалпы бөлім)

7.

ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУ.

Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білген жөн. Жалған қорғану деп қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде, қиянат келтіреді деп ойлап, оның байыбына бармай қорғануды айтамыз. Яғни жалған қорғануда төніп тұрған қауіп, қиянат жоқ.

Жалған қорғану қорғанушының әр түрлі обьективтік жағдайларға байланысты істелген қатесі болып табылады. Мысалы, қорғанушы жәбірленушінің қоғамға қауіпті емес әрекетін қоғамға қауіпті екен деп ойлап, қателесуі мүмкін. Жұман деген азамат кешкілік қараңғы түскен кезде күндегі әдетінше жұмыстан соң қалың бақтың арасынды жалғыз аяқ жолмен үйіне қайтады. Бір қарағанда л өзінің артынан келе жатқан бір адамның сүлбесін байқайды. Сол адамнан қауіптенген ол жүрісін жылдамдатып, бақ ішінен сыртқа шықпақшы болады. Оның артынан келе жатқан адам жүрісін жылдамдатып, оған таяу келеді. Өзінше қылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жұман кілт тоқтай қалады да, Жүгіріп келе жатқан әлгң адамды ұрып құлатады. Нәтижесінде бейтаныс адамға ауыр дене жарақаты келтіріледі. Істі тергеу кезінде анықтағанда Жұманның артынан қалмай еріп келе жатқан адам соның тұрған жерінің тұрғыны болып шығады.

Қараңғыда ол да жалғыз жүруден қорқып алдында келе жатқан адамнан қалмауға тырысып, желе-жортып Жұманды Қуып жетіп артынан ілесіп отырады. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істелген қорғану деп танылған.

Жалған қорғану- қоғамға қауіпті әрекет.

Жалған қорғануды жүзеге асырған адам кінәлі деп танылып, қылмыстық жауапқа тартылады.

8.

Азаматтар қажетті қорғануды қолдануда өзінің қатесін болжамаса немесе болжауға мүмкіндігі болмаса, онда ол келтірілген зиян үшін жауап бермейді.

С. дег азамат жолдасының үйіне кірудің орнына шатасып бір соған ұқсас үйге кіріп кетеді. С-ның үйге кірген тарсылынан ұйықтап жатқан үй иесі К. оянып кетіп, үйіне ұры кіріп кетті екен деп ойлап, ешбір ойланбастан, төсектің қасында тұрған орындықпен «шақырылмаған қонақтың» басынан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. К-ның қорғануы бұл ретте заңды қорғану болып табылады. Бірақ ол өзінің жәбірленушіге деген әрекетінің қате екенін сезбеген, сезуге міндетті болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмаған. Яғни, оның әрекетінде қылмыс құрамы жоқ. Егер мұндай жағдайда ол өзінің қатесін сезуге міндетті болса немесе сезе алатын болса, онда ол абайсыздықпен істеген қвлмысы үшін жауаптылыққа тартылар еді.

Жалған қорғануда да нақты төнген шын қауіпті тойтару-дағы сияқты зиян келтірілуі мүмкін.

Мұндай жағдайда өзінің болжау қателігін аңғармай және қателігін аңғару мүмкін болмаған адамның қорғану құралдарын қолдануын қажетті қорғану жағдайында істелген әрекет деп қарау керек. Егер адам жасалған шабуылдың жалғандығын ұғынбай, зиян келтіретін болса, бірақ істің мән-жайына қарай мұны ұғына алатын және ұғынуға міндетті болса, онда мұндай адамның әрекеті абайсызда залал келтіргені үшін жауапқа тартылып, оның іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.

Қ. Р. Қылмыстық құқығы

А. Н. Ағыбаев. ( Жалпы бөлім ) 1999 ж.

9 .

АСА ( МӘЖБҮРЛІ ) ҚАЖЕТТІЛІК

Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажетті шектен шығушылыққа жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды. ( Қылмыстық кодекстің 34-бап 1-бөлігі) .

Аса қажеттілік кейбір жағдайларда екі бірдей міндеттілік қатар орындау қақтығысы жағдайында да болуы мүмкін. Мысалы, екі бірдей ауру дәрігердә бір мезгілде көмекке шақырса, дәрігер ауыр сырқатқа алдымен жәрдем көрсетіп, жеңілірек аурумен ауырған адамға кешігіп келеді. Сөйтіп, ол ауыр қауіпті бұрынырақ тойтарады.

Обьективтік жағынан алғанда аса қажеттілік көп жағдай-ларда әрекет арқылы, кейбір уақыттарда әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, әрекетсіздікке жоғарыда айтылған екі бірдей ауру адамның, ауыр науқаспен ауырғанына барып. Жеңілірек ауруға бармай немесе оған кешігіп келуін айтамыз.

Аса қажеттілік жағдайында жалған әрекет заң қорғайтын кез келген мүддеге келтірілетін зиянды тойтару арқылы жүзеге асырылады. Аса қажеттілікті сылтау етіп, өзінің заңсыз, заңға қайшы мүдделерін заң қорғайтын басқа мүдделерге зиян келтіру жолымен жүзеге асыруға болмайды.

Аса қажеттілікті қолдану жеке адамның немесе басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне қоғамның немесе

мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті тойтару үшін қолданылады.

10.

Аса қажеттілік актісін қолдануға адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасауды да негіз болады. Егер адам заң қорғайтын белгілі бір мүддені қорғауда қиянат жасаушыға зиян келтіру жолымен жүзеге асырса, бұл сөз жоқ қажетті қорғану болады. Мұндай жағдайда аса қажеттілік жоқ.

Егер тікелей төнген қауіпті тщйтару үшін зиян үшінші бір жаққа келтірілсе, онда ол аса (мәжбүллі) қажеттілікке жатады.

Мысалы, «Просвещенец» демалыс үйінің меңгерушісі Д. Тынығушыларды демалыс үйінен Медеу мұз айдынына автобуспен апара жатып, шұғыл бұрылыстан өзіне қарама-қарсы жолмен жол жүру ережесін өрескел бұзып келе жатқан автокөлікті көріп, қарсы келе жатқан машинамен соғысып қалмау үшін, өзі жүргізіп келе жатқан автобусты жалма-жан сол жаққа бұрып үлгереді. Нәтижесінде автобус аударылып, 3 жолаушы орта дәрежелі жарақат алады. Д. аса қажеттілік халінде әрекет жасау арқылы үлкен зиян ның алдын алған, өйткені екі машина бетпе-бет келіп соғысса, орасан зор зиян алуы, адам шығыны болуы сөзсіз еді.

Аса қажеттілікті қолданып көп адамның өмірін сақтап қалушылық қылмыс болып табылмайды. Мысалы, қатты жүріп келе жатқан поездың ен даладағы күзетілмей, өтуге рұқсат етілмеген жолында көлденен тұрған машинаны шұғыл тежеп келіп, соғып, машинаны және оның жүргізушісін таптап өтуі, соның нәтижесінде поездағы адамдардың өміріне зақым келмеуі аса қажеттілік жағдайында жасалған деп саналады.

Солсебепті поезд жүргізушінің іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмайды.

Абайсыздық пен аса қажеттілік шегінен шығушылық қылмыс болып табылмайды.

Аса қажеттілік де қорғану сияқты заңды және қоғамға пайдалы іс-

11.

әрекет болып табылады. Бірақ та бұл екі институттың өзара өзгешеліктері бар. Қажетті қорғануда қауіпті қиянаттың көзі болып әр уақытта да адамның қоғамға қауіпті іс-әрекеті болады. Аса қажеттілік жағдайын қолдану адамдардың ғана іс-әрекетінен ғана емес, сондай-ақ табиғат апараттарынан, міндеттер қайшылықтарынан да туындайды.

Тіпті, қиянат жасаушыдан қашып құтылуға, басқадай көмек сұрау мүмкіндігі бола тұра қажетті қорғануды қолдану өаңды болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23- желтоқсандағы « Азамат-тардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы » 7 қаулысы ( Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жаршысы, бірінші . 1995 жыл) .

12.

ҚЫЛМЫС ЖАСАҒАН АДАМДЫ ҰСТАҒАНДА

ЗИЯН КЕЛТІРУ.

Қылмыс істеген адамды ұстау- қылмыстылықпен күресудің негізгі элементтерінің бірі. Сондықтан да қыл-мыс жасаған адамға оны мемлекеттңк органға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиянкелтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қыамыс болып табылмайды.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттігі бар адамдармен бірге жәбірленушілермен басқа азаматтардың да құқығы бар. Бұл-әркімнің қызметтік және азаматтық парызы.

Қылмыс істеген адамды ұстағанда зиян келтірудің дұрыстығы анықтаудағы мән-жайлар негізінен екі топқа бөлінеді. Біріншісі, қылмыс істеу фактісіне байланысты мән-жайлар, екіншісі, қылмыс істегеннекейін оны ұстауға байланысты келтірілген зиян.

Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің талаптарына сәйкес қылмыс істеді деп сезіктенген адамды ұстауға мынадай негіздердің бірі болғанда ғана жол беріледі.

А) бұл адамның қылмыс істеп жатқан үстінен шықса немесе қылмысты жаңа ғана істеп болған үстінен шықса

Б) көзімен көрген адамды, соның ішінде жәбрленуші ле қылмысты істеген осы адам деп тура көрсетсе

В) сезікті адамның өзінде немесе киімінде өз қасында немесе үйінде қылмыстың айқын көздері табылса.

Қылмыскерді ұстаудың сөзсіз негіздері болып оның тұтқыннан, қамаудан, жаза өтеп жатқан мекемеден қашуы болып табылады.

Қылмыскерді ұстау деп негізінен ол адамның қылмыс істеп жатқан кезінде ұсталуын айтамыз. Бірақ адам қылмыс жасаған кезде ұсталмаса

13.

оны ұстау қылмыс істегеннен кейін де қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

Қылмыс істеген адамды ұстаған кезде зиян үшінші жаққа емес, тек соның өзіне ғана келтіреді. Келтірілген зиян барынша шамалы, аз және негізді болуы тиіс. Мұндай зиян келтіру тек амалсыздан, басқа шараның жоқтығынан болуы қажет. Егер қылмыс істеген адамның өзі туралы белгі болса, айналысындағыларға қауіп төндірмесе, оған зиян келтіруге ешбір негіз жоқ. Қылмыскерді ұстау барысында оған келтірілген зиян мөлшері істелген қылмыстың қауіптілігіне, қылмыскердің тұлғасына, оның мінез-құлқына немесе оны ұстау жағдайына да байланысты болады. Ауыр, өте ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстау кезінде оған елеулі зиян келтірілуі мүмкін. Мысалы, әйел зорлап, қарақшылық жасаған адамды ұстағанда олардың қарсылығына қарай келтірілген зиян мөлшері де соған сәйкес болуы ықтимал. Ұстау кезінде қылмыскерге келтірілген зиян мөлшері қылмыскердің тұлғасына да байланысты.

Мысалы, аса қауіпті қылмыскерді ұстау кезінде оған келтірілген зиян мөлшері алғаш рет қылмыс жасаған адамға келтірілген зиянға қарағанда едәуір көп болатыны өзінен-өзі түсінікті. Зиян мөлшері ұсталатын қылмыскердің жынысына, жасына да байланысты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің тиісті бабына сәйкес тұтқын орнынан қашқан әйелдерге. Жасөспірімдерге қару қолдануға болмайды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы.

А. Н. Ағыбаев. ( Ерекше бөлім ) .

Алматы « Жеті жарғы » 2000 жыл.

14.

ОРЫНДЫ КӘСІБИ ТӘУЕКЕЛ.

Қылмыстық Кодекстің 35-бабында әлеуметтік пайдалы мақсата қол жеткізу үшін орынды тәуекел кезінде заңмен қорғалған құықтық мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды делінген.

Егер әрекеттер қазіргі ғылыми-техникалық білімдерге сәйкес келсеғ ол қойылған мақсатқа тәуекелге байланыссыз әрекеттерсіз жетуге мумкіндік болмаса және тәуекелді пайдаланған адам заң қорғайтын мүдделерге зиян келтірмеудіңбарлық мүмкін шараларын қолданса, тәуекел орынды деп танылады.

Егер ол адамдардың өміріне, денсаулығына көрінеу қатер төндіретін, экономикалық апатқа немесе өзге де зардаптарға апарып соқтыратын болса, тәуекел орынсыз деп танылады.

Заңға сәйкес орынды тәуекелге байланысты әрекеттер екі түрлі шартқа байланысты қылмыс болып табылмайды.

Бұл шарттарды екі түрлі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа тәуекел әрекеттерін қолдануға негіз болатын шарттар, ал екінші топқа сол әрекеттің өзін сипаттайтын шарттар жатады.

Тәуекел әрекеттерін қолдануға медтцина, ғылым, техника, мәдени, шаруашылық саласы қызметінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі негіз болады.

Қажеттілік қоғам, мемлекет алдына қойылған маңызды міндеттерді шешуден де туындайды. Ғылыми-техника, өнер саласында жаңалықтар ашу көп жағдайда әр түрлі тәжірибе-лерді игеру нәтижесінде жүзеге асырылады. Тәуекел әрекеттері кейде кездейсоқ жағдайларға байланысты да қолданылады.

15.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалған қорғану
Коғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау
Қажетті қорғану шегінен шығып кеткендік қоғамға зиянды
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру
Қорғануға қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары
ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану
ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Қажетті қорғану
Қылмыстық құқықтың дәрістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz