Қажетті қорғану шегінен шығып кеткендік қоғамға зиянды



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе.

ІС-ӘРЕКЕТтің ҚЫЛМЫС ЕКЕНІН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАР

Әрбір азаматтың конституциялық борышы — қоғамдық қатынастарды
қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда
жеке адамға, қоғамға, мемлекетке карсы бағытталған іс-әрекеттерді дер
кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-әрекетті
тойтаруда, оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төңдірген адамға
материалдық, моральдық және басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай
әрекеттер формальдық жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің
жекелеген баптарында көрсетілген қылмыс кұрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл
әрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай
әрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі —
қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруге бағытғалған қауіпті жою, тойтару қоғамға
пайдалы іс-әрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша
бұларға қажетті қорғану; аса (мәжбүрлі) қажетгілік; қылмыскерді ұстау;
орынды кәсіби тәуекел; күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе
өкімді орындау әрекеттері жатады.
Осы аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай
қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан,
қылмыс қатарына жатпайды Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы
іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.

2.1. ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ

Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де
арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті
қорғануға құқығы бар Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан
құтылу басқа адамдардың немесе мемлекетгік органдардың көмегіне жүгіну
мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.
(32-бап, 2- бөлім). Қажетті корғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян
келтіру, яғни қорғанушының. немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын
үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдык, қауіпті қол сұғушылықтан
қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті
қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып
табылмайды делінген(32-бап, 1-бөлігі) Бұл жерде мемлекетгік, қоғамдық
мүдделерге қорғанушының өзіне, басқа адамның занды құқықтарына, құқықтық
тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған істі тоқтату мақсатымен соны
төндірушіге зиян келтірушілік, қылмыстық құрамда көрсетілген белгілерге дәл
ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды делініп отыр.
Қажетгі қорғану — әрбір адамның заңды және заң мен көтермеленетін
әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың
қоғамға қауіптілік жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи
құқықтары, өмірін, денсаулығын, бостаңдығын, меншігін т. б. басқа да
игіліктерін қорғаудың тәсілі болып табылады.
Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды, зорлықпен істелетін қылмыстарға
және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы күресудің пәрменді құралы болып
табылады
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақ-тандырушылық
мәні зор. Өйкені, қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс
берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады
Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Конституцияда көрсеіілген
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға пайдалы
әрекет деп саналады
Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы, меншігі оның
қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғануынан тысқары қалады.
Қажетті қорғану жағдайында ісін зиян келтіру қылмыстық құқылық әрекетпен
заң қорғайтын объектіге қол сұғушылық болып табылмайды Қажетті қорғану
қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып
табылады Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып саналады.
Сол себепті де мемлекет заңда белгіленген тәртіппен кейбір тәртіп
сақшыларына мүндай реттерде қару қолдану құқығына да жол береді
Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан
құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрау мүмкіндігі болғанша
қарамастан қажетті қорғануды қолдануға құқылы.
Көмек сұрау мүмкіндігіне қауіпті қиянаттан қашып кету, жасырынып
қалу, жұлқынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айғайлап
көмекке шақыру, телефонмен құқық қорғау органдарына, туысқандарына,
көршілеріне, таныстарына хабарлау сияқты әрекеттер жатады. Заң бойынша
барлық азаматтар — кәсіби немесе өзге де даярлығын, қызмет жағдайына
қарамастан қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде құқылы. Заңда
лауазым адамдары немесе басқадай құқық қорғалу органдары үшін қажетті
қорғануды қолданудың ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар
үшін қажетті қорғануды қолдану олардың жеке құқығы болып табылады
Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар
тек қана моральдық жағынан айыпталады Керісінше заңға, уставқа, басқадай
нормативті актілерге сәйкес қажетті қорғануды жүзеге асырмаса оның әрекеті
қылмыстық немесе тәртіптік жауаптылыққа жатады. Мысалы, милщия кызметкері
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының Азаматтардың өмірі мен
денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауажершілікті реттейтін зандарды
соттардың қолдануы арқылы 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысын
Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қажетті қорғану құқығы
азаматтардың өмірін, денсаулығын, арын, беделін, сондай-ақ мүлкін қоғамдық
қауіптерден қорғаудағы конституциялық құкығын жүзеге асырудың ең бір кепілі
екендігіне соттардың назарын аудару керек.
Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан қашып қорғанудан немесе басқа
амалдар қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамға қауіпті шабуылға қарсы залал
жасау жолымен белсенді шараларды қолдануға қақысы бар. Мұндай кезде олар
қоғамға қауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірілген залалы үшін жауап
бермейді, деп атап көрсетілген. Қажетті қорғануды жүзеге асырудың заңға
сыйымды негізгі шарттары бар.
Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылық
шарттары: оның біріншісі қиянат коғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат
арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру
қаупін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.

Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ болса, қажетті қорғану да жоқ.
Қол сұғушылықтың түрлері Қылмыстық кодекстің 32-бабында қорғанушылықты
немесе басқа адамның жеке басына тікелей төнген қауіпті қиянаттан болған
әрекеттер деп көрсетілген. Бұл әрекеттер шабуыл арқылы жүзеге асырылады
Шабуыл—бұл ашықтан-ашық кенеттен пайда болған зорлык әрекет. Өмірге қауіпті
зорлық өлімге әкеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлық денсаулыққа зиян
келтіруі мүмкін. Зорлық көрсетемін деп қорқыту өмірді жоюға немесе
денсаулыққа зақым келтіруге нақты бағытталуы мүмкін.
Қажетті қорғану кауіпті тудыру ошағына арналғандықтан, оны кім немесе
не төндіргеніне қарамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нәтижесінде заң
қорғайтын мүддеге қауіп төңдіретін лауазымдық жағдайын пайдалану-шыға да,
жасы қылмыстық жауаптылыққа толмағандар мен есі дүрыс еместерге, қорғаудың
шегінен асып кетушілік әрекеттеріне жәнежалған қорғануға қарсы қолданылуы
мүмкін. Заңда бұларды бір сөзбен айтқанда, қауіпті қиянатты төндіруші деп
айтады Қауіпті тендірушілерге заң бойынша жоғарыда айтылған Іс-әрекетті
істегендердің бәрі жатады.
Қажетгі қорғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты кажетті
қорғануды қандай да бір әрекегінде кылмыстың формальдық жағынан белгілері
бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздікке қолдануға болмайды. Мұңдай
әрекеттерге оте арзан заттарды ұрлау, жасөспірімдердің бау-бақшадан жеміс-
жидек ұрлауы сияқты әрекеттері жатады. Адам мүндай іс-әрекеттері арқылы
зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жауаптылыққа тартылады.
Қажетті қорғану әкімшілік теріс қылыққа да қарсы қолданылуы мүмкін.
Мысалы, ұсақ бұзақылыққа қарсы. Қажетті қорғануды қолдануда негіз болатын
қоғамға зияңды қасақана әрекеттің (абайсызда емес) өмірге,денсаулыққа,
бостандыққа, меншікке, басқа да құқыктарына, қоғам немесе мемлекет занды
мүдделеріне, қоғамдық тәртіпке дереу зиян келтірілуі мүмкін болғанда ғана
қолдануға болады. Мысалы, кісі өлтіруге, әйелді зорлауға, ұрлыққа, тонауға
оқталу. Егер қиянаттың қоғамдық қатынастарға дереу, тез зиян келтіруге
қабілеті болмаса, онда ондай әрекет-терге қарсы қажетті қорғануды қолдануға
болмайды Мұндай жағдайда төнген залалды тойтару басқа жолмен жүзеге
асырылады.
Қажетті қорғануды қарсы әрекетке ғана қолдануға болады Құқылық
міндетін орындамаған әрекетсіздікке қажетті қорғануды қолдануға негіз жоқ.
Мұндай құқылық міндетті орындамаушылық орын алған жағдайда оған зиян
келтірмей-ақ, оны зорлап орындатушылық орын алады. Занда көрсетілген
кылмысты қиянатпен қол сұғу қасақана болуы қажет, абайсыздықпен қол сұғу
басқа жолмен тоқтатылады.
Қажетті қорғануды қолданудың екінші шарты — корғану қол . сұғушылық
нақты бар болғанда ғана қолданылады. Қол сұғушылықтың объективтік категория
ретінде басталуы және аяқталуы болады. Нақтылы төніп тұрған қол сұғушылық
деп заң қорғайтын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы жатқан немесе
кіріскен әрекетті айтамыз. Яғни, қол сұғушылықтың кірісуі деп қоғамға
кауіпті әрекетгің басталған уақытын айтамыз Қасақана қылмыстар үшін қол
сұғушылықтың бастамасы болып қылмыс істеуге оқталғандық әрекеті айтылады.
Ал қол сұғушылықтың аяқталуы болып іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде
оның доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылық алға қойған мақсатқа жетуге
немесе одан ерікті түрде бас тартуға байланысты доғарылуы мүмкін. Егер де
қол сұғушылық бітіп кетсе, оған қажетті қорғануды қолдануға болмайды.
Өйткені қажетті қорғанудың мақсаты — болатын, орын алатын зиянды тойтаруға,
оны болғызбауға бағытталған. Қазақстаң Республикасының Жоғарғы Соты өзінің
1994жылғы 23 желтоқсаңдағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы
әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін зандарды соттардың қолдануы
туралы қаулысында қажетті қорғану құқығы тек қоғамға қауіпті қол сұғушылық
сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анық төнген кезде қолданылатынын
керсеткен. Яғни, қажетті қорғануды нақтылы қауіп төніп тұрған тұрған қол
сұғушылыққа ғана қолданады. Нақтылы төніп тұрған қаупі біткен қылмысқа оны
қолдануға болмайды. Осыған орай, кейде қажетті қорғануды қолданушы
қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмаудан қолдану жағдайлары да
кездесуі мүмкін. Жоғарыда аталған Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының
21-тармағына сәйкес мұндай реттерде Шабуыл аяқталғаннан кейін, бірақ істің
мән-жайларына сәикес қорғанушы үшін оның бітіп қалу сәтінің түсініксіз
жағдайына сәйкес қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен
қылмысты бітпеген қылмыс деп ұғып, қажетті қорғануды қолдаса, ол әрекетті
қажетті қорғануға жатқызуы керек делінген Егер қор-ғанушы қауіптің
біткенін біле тұра қажетті қорғануды қолданса, ондай әрекет қорғану шегінен
шығып кеткен деп есептеледі. Қауіпті емес әрекетті оның қауіпті екендігін
білуге мүмкіндігі болмай шынымен қауіпті іс деп санап, қажетті қорғану
қолданылса, ол үшін қажетті қорғануды қолданушы жауапкершілікке жатпайды.
Егер қорғанушы іс-әрекеттің қауіптігі емес екендігін байқауға
мүмкіндігі болып тұрып, қорғануды қасақана емес күйде жүзеге асырса, бұл
жағдайда ол абайсыздық түрінде істелген әрекет үшін \ қылмыстық
жауаптылыққа тартылады.
Қажетті қорғанудың үшінші бір шарты — қоғамға қауіпті кол сұғу айқын,
шын мәнінде, яғни қоғамдық қатьшастарға анық зиян келтіретін болуы керек.
Адамның санасында ғана елестетілетін қиянаттың зиян келтірумен ешқандай
байланысы жоқ Елестетілетін қиянатған қорғануды жалған қорғану дейміз
. Қорғану заңда тура атап көрсетілгендей, тек әрекет күйінде жүзеге
асырылады. Әрекетсіздік өмірге, денсаулыққа, меншікке зиян келіірмейді,
сондықтан да ондаи киянатқа тойтарыс берілмейді. Мазмұны жөнінен әрекет
дене немесе мүліктік зиян келтіруден құралады. Денеге келтірілген зиян адам
өмірін жоюға, денеге жарақат келтіруге да байланысты болуы мүмкін. Мысалы,
С. деген адам маскүнеэддіктің әсерінен үйде пьшақпен пияз турап отырған К.
деген өз әйелін сабап қана қоймай, оның мойнын бұрап, тұншықтырып далаға
қарай сүйреген К. өзін-өзі қорғау мақсатымен қолындағы пышақты күйеуіне
қарсы жұмсауға мәжбүр болған, нәтижесінде күйеуі ауыр жарақат алып,
ауруханада қайтыс болған. К-нің жағдайын сот кажетті қорғану жағдайында
істелген әрекет деп тапқан.
Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім Алматы: Жеті жарғы2001ж
Авторы: А.Н.Ағыбаев

2.2. ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУ ШЕГІНЕН АСЫП КЕТКЕНДІК

Қылмыстық кодекстің 32-бабының 3-бөлігіне сәйкес қол сұғушыға анық
шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сұғушылықтың
сипаты мен қоғамдық қауіптіліп дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі
қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек
қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстык жауаптылыққа әкеп
соқтырады. Қажетті қорғану шегінен шығып кеткендік қоғамға зиянды.
Сондықтан да мұндай әрекеттердің қылмыстық жауаптылығы және жазасы заңға
сәйкес нақты келтірілген зиянға байланысты шешіледі. Қиянат келтірушіге
қажетті қорғану шегінде, қол сұғылған қиянатты зиян келтірместен тойтаруға
мүмкіндік болмаса қоғамдық немесе жеке мүддені қорғау мақсатымен
келтірілген зиян әр уақытта да заңға сыйымды болып та-былады. Егер қиянат
келтірушіге зиян шектен тыс және сол қиянаттың сипаты мен қауіптілігіне
сөзге зиян шектен тыс және сол қиянаттың сипаты мен қауіптілігіне сөзсіз
сәйкес келмесе, онда қорғанушы жөнінде қажетті қорғанудың шегінен шығып
кеткені үшін жауаптылык мәселесі туындайды, Мұндай жағдайда келтірілген
зиян шабуылдан қорғану мүддесіне сәйкес жүзеге асырылды деп санауға
болмайды. Сонымен бірге ескере кететін бір жайт, қажетті қорғану шегінен
асып істелген қылмыс жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар қатарына жатады
(53-бап, 1-белігі, з тармағы).
Заң қиянатгың қаупі мен сипатына қорғанудың сөзсіз сәйкес келмеуін қажетті
қорғану шегінен асып кеткендік деп санайды
Егер қорғанушы қиянаттың қаупі мен сипатына нақты жағдайда сөзсіз
сәйкес келмейтін қорғану құралдары мен тәсілдерін қолдану арқылы, қиянат
жасаушыға орынсыз, қажетсіз негізде ауыр зиян келтірсе, оның әрекеті
кажетті қорғану шегінен шығып кеткендік болып саналады. Мысалы:
К. деген азамат қажетті қорғану шегінен асып кеткен жағдайда денені ауыр
жарақаттағаны үшін (109-бап, 2-бөлігі) мына төмендегі жағдайда кінәлі деп
табылып, сотгалған. Сыраханада К-ға қызу күйдегі бір аяғы жоқ Ж. деген
мүгедек адам тиісіп, өзіне екі құмыра сыра алып беруді талап еткен. Ж-ны
итеріп жіберіп К. далаға шықпақшы болған, итеруден құлап түскен Ж. жалма-
жан тұра сала К-ны балдағымен ұрып, тағы да екінші рет ұрмақшы болған, осы
кезде К. қолындағы құмырасымен Ж-ны бастан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене
жарақатын келтірген. Сот үкімінде қажетті қорғану шегінен асып қиянаттың
қаупі мен сипатына сай келмейтін жағдайда Ж-ға зиян келтірген деп
көрсетілген. Ж. бір аяғы жоқ мүгедек әрі ауыр күйде мас болған. Осы
жағдайға байланысты К. оны басынан құмырамен ұрмап-ақ, оның қолындағы
балдағын жұлып алып, басынан ұрып, ауыр дәрежедегі жарақат салмаи-ақ,
қиянатты тоқтатуға толық мүмкіндігі бар еді.
Қорғанушы қорғану шегінде немесе одан асып, әрекет істеді ме деген мәселені
шешу үшін істің барлық мән-жайын мұкият, жан-жақты есепке алуды, оқиға
болған жағдайда қорғанушының, сондай-ақ қиянат келтірушінің жеке басын,
олардың күштерінің ара салмағын анықтау қажет.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы
Пленумының № 7 қаулысында соттар қажетті қорғану шегінен асып кеткендіктің
бар немесе жоқ екендігі мәселесін шешкен кезде тек корғану мен қауіп
төндіру құралдарының сәйкестігін немесе сәйкессіздігін ғана емес,
қорғанушыға қауіп төндірушінің қауіптілік сипатын, шабуылға қарсы тұру-дағы
оның күші мен мүмкіндігін, сондай-ақшабуылшы мен қорғаушының күштерінің
арасалмағына ықпал ететін басқа барлық -жайлардыда (қауіп төндіруші мен
қорғанушының саны, олардың күш-қуаты, жасы, қаруланғандығы, қауіп төндіру
уақыты мен орны т. с. с.) ескеруі керек деп атап көрсеткен. Қорғану
әрекетінің заңға сыйымдылығын бағалағанда ең бірінші қиянаттың үрдістігін,
яғни қауіп төндірудің сипаты мен дәрежесін, шабуылдың қарқыны мен күшін
есепке алу қажет. Кдянаттың сипаты мен қаупі кеп жағдайларда қауіп төнетін
объектінің маңыздылығына да байланысты. Адамның өмірі, денсаулығы, меншігі
сияқты маңызды объектілерге шабуыл жасап, нақты қауіп төндіру қорғанушыға
да қорғанудың ете ыңғайлы тәсіліне жүгінуге құқық береді. Яғни, қорғалатын
игіліктің бағасы құнды болған сайын осыған орай оған тендірілетін қиянат
та қауіптірек, сондай қажетті қорғануды қолданудың шегі де және қиянат
келтірушіге зиян мөлшері де елеулі, ауқымды болады. Кдянаттын үрдісті
гінік дәрежесі көп жағдайларда қылмыскердің қолданатын құралы мені қару-
жарағына да байланысты. Бірақта бұл жерде корғанушы
шабуылдықандай кұрал немесе қаруды қолданса соған сайма-сай құралмен
немесе қарумен тойтаруға ғана құқылы деп айту қате болар еді.
Мұндай пікірді қуаттаған жағдайда корғанушының қару жұмсау арқылы
өзінің немесе басқа адамнын, өміріне нақты қауіп төндіріп тұрған
қаруланбаған қылмыскердің әрекетін тойтаруы негізсіз қылмыс болып саналар
еді. Мысалы К деген азаматтың әрекеті заңға сыйымды істеген қажетті қорғану
деп танылған. Кешкілік, қараңғы түскен сәттеЖ. мен С. деген екі млс К-ны
көше бойында тоқтатып, оған негізсіз тиіскен. К. олардың
сөзіне құлақ аспай, өз жөні менжүре беген. Біракәлгі екі мас, оны қуып
жетіп, айшайға қарамастан ұрып, жерге кұлатып, тепкілей бастаған. Жан
сауғалап қорғанған К. қалтасынан бәкісін алып Ж-ның қарнына оны терендете
салып жіберген Ж. табан астында қаза болған. Алдын ала тергеу К-ны қажетті
қорғану шегінен асып, пышақ қолданып кісі өлтіргені үшін жауапқа тартқан.
К. қаруы жоқ адамға (қауіп тәндірушіге) пышақ қолданды деп айыпталған.
Бірақ та сот бұл қорытындымен келіспеи, оз үкімінде К-ға төнген қиянаттың
оның өміріне кауіпті болғанын және екі бірдей қауіп тендірушінің күші бұл
жерде басым екеңдігін есепке альш, оның әрекетіңде қажетті қорғану шегінен
шығушылық жоқ деген шешімге келген. Мұндай кауіп төндірушілікке қорғанушы
көп жағдайларда кенеттен тап болған қиянатқа байланысты соның салдарынан
қатты абыржу, қорқу жағдайында болады, сондықтан да барлық уақытта кауіп
төндірудің сипатына дәл баға бере алмайды және соған сәйкес келетін қорғану
құралын қолдануға мүмкіндігі болмайды.
Сонымен қажетті қорғану шегінен асып кеткендік деп танылуы үшін киянаттың
қаупі мен сипатына қорғаудың сөзсіз сәйкес келмеуі қажет. Бұл жерде
сөзсіз сәйкес келмеушілікке қорғанушының айдан айқын, анық түрде
қорғану шегінен асып кеткен қиянат келтірушіпе негізсіз, орасан зор зиян
келтіруін айтамыз. Сот тәжірибесінде едәуір емес мөлшердегі бөтен біреудің
мүлкіне қол сұққан қиянат келтірушіні өлтіру, адамның өміріне, денсаулығына
қауіпті емес күйде істелген бұзақылықты, ұсақ ұрлыкты тойтарудағы басқа
адамның денесіне ауыр дене жаракатын келтіру фактілері жиі орын алады.
Занда қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіргендігі
(99-бап) және қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр
зиян келтіргені үшін (109-бап) әдейі жауаптылық көзделген. Бұл, яғни
қажетті қорғану шегінен асып кеткендігі үшін жауаптылық, тек қасақана
қылмыстар істегені үшін ғана қарастырылғанын көрсетеді. Абайсыздықпен
істеген қажетті корғану шегінен шығушылық үшін занда жауаптыпық
белгіленбеген.
Қылмыстық құқық . Жалпы бөлім Алматы: Жеті жарғы 2001ж
Авторы: А.Н.Ағыбаев.

2.3. ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУ

Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы да ерекше.
Жалған қорғану деп қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде қиянат келтіреді
екен деп ойлап, оның байыбына бармай қорғануды айтамыз. Яғни, жалған
қорғануда төніп тұрған қиянат, қауіп жоқ.
Жалған қорғану қорғанушының әр түрлі объективтік жағдайларға байланысты
істелген қатесі больп табылады. Мысалы, қорғанушы жәбірленушінің қоғамға
қауіпті емес әрекетін қоғамға кауіпті екен деп қателесуі мүмкін. Жұман
деген азамат кешкілік қараңғы түскен кезде күндегі әдетінше жұмыстан соң
қалың бақтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен үйіне қайтады. Бір қарағанда ол
өзінің артынан келе жатқан бір адамның сүлбесін байқайды Сол адамнан
қауіптенген ол жүрісін жылдамдатып, бақ. ішінен сыртқа шықпақшы болады.
Оның артынан келе жаткан адам да жүрісін жеделдетіп, оған таяу келеді.
Өзінше қылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жұман кілт тоқтай қалады да,
жүгіріп келе жатқан әлгі адамды таяқпен ұрып құлатады. Нәтижесінде
бейтаныс адамға ауыр дене жарақаты келтіріледі. Істі тергеу кезінде
анықтағаңда Жұманньң артынан қалмай келе жатқан адам соның тұрған
жерінің тұрғыны болып шығады. Қараңғыда ол да жалғыз жүруден қорқып алдында
келе жатқан адамнан қалмауға тырысьш, желе-жортып Жұманды қуып жетіп
артынан ілесіп отырады. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істелген қорғану
деп танылған.
Жалған қорғану — қоғамға қауіпті әрекет.
Жалған қорғануды жүзеге асырған адам кінәлі деп танылып, қылмыстық
жауапқа тартылады. Егер адам қажетті корғануды қолдануда өзінің қатесін
болжамаса немесе болжауға мүмкіндігі болмаса,онда ол келтірілген зияны
үшін жауап бермейді. С деген азамат жолдасының үйіне кірудің орньна
шатасып бір соған ұқсас үйге кіріп кеткен. С-ның үйге кірген тарсыльнан
ұйықтап жатқан үй иесі К. оянып кетіп, үйіне ұры кіріп кетті екен деп
ойлап, ешбір ойланбастан, төсектің қасында тұрған орындыкпен ша-қырылмаған
қонақтың басынан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. К-
ның қорғануы бұл ретте заңды қорғану болып табылады. Бірақ ол өзінің
жәбірленушіге деген әрекетінің қате екенін сезбеген, сезуге міндетті
болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмаған. Яғни, оның әрекетіңде
кылмыс белгісі жоқ, Егер мұндай жағдайда ол өзінің қатесін сезуге міндетті
болса немесе сезе алатын болса, онда ол абайсыздықпен істеген қылмысы үшін
жауаптылыққа тартылар еді.
Жалған қорғануда да нақты тенген шын кауіпті тойтарудағы сияқты зиян
келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы
23 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалған қорғану
Коғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру
Қорғануға қатысты қажетті қорғанудың заңға сыйымдылық шарттары
ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану
Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік
ҚОРҒАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНУДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЗАҢҒА СЫЙЫМДЫЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Қажетті қорғану
Қылмыстық құқықтың дәрістері
Пәндер