Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйелері
1.2. Алдын ала тергеуді ұйымдастыру және анықтау кезінде туындайтын
мәселелер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Мен курстық жұмысыма мұндай тақырып таңдаған себебім, Қазақстан
Республикасының қазіргі таңдағы өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Егер қылмыстардың басы ашылмаса, өмірде теңсіздік туындар еді. Сол себепті
біріншіден Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімін қамтыдым. Қылмыстық құқықтың
Ерекше бөлімінің жүйесін дұрыс құру қылмысты дұрыс саралауға ғана емес,
сонымен қатар онымен белсенді күрес жүргізуге, оның алдын алып тергеуге,
әділ жаза тағайындауға толық мүмкіндік береді.
Екіншіден, алдын ала тергеуге тек қатардағы қызметшілердің қарым –
қатынасын ғана емес, сонымен бірге басшылықтың да рөлін қамтыдым. Осыған
байланысты Қылмыстық сот ісін жүргізу саласында іс жүргізу міндеттерінің
нақты орындалуы мен конституциялық қағидалардың мүлтіксіз сақталуын ішкі
істер органдары, ал тікелей алғанда, анықтау органының бастығы қамтамасыз
етеді. Анықтау органының бастығы қылмыстық іс жүргізу заңы мен ішкі істер
министрлігінің заңасты нормативтік кең өкілеттіліктерге ие. Соған сәйкес,
ол қылмыстық іс жүргізудің міндеттері мен қағидаларының орындалуын анықтау
және алдын ала тергеу органдарының тергеу саласындағы жұмысын ұйымдастыру
арқылы жүзеге асырады.
Негізінен алдын ала тергеудің ішкі істер органдарының құрамдас бөігі
болуына қарамастан, Заң, анықтау органдарының бастығына, тергеушігі, тергеу
бөлімінің бастығына ықпал жасайтын іс жүргізушілік өкілеттіктер бермеді.
Яғни ол тергеушінің өндірістегі қылмыстық іс бойынша ешқандай шешімдер
қабылдай алмайды, сондай-ақ іс бойынша тергеушіге, тергеу бөлімінің
бастығына нұсқаулар бере алмайды, т.с.с. анықтау органының басығы алдын ала
тергеу органының жұмысына тек ұйымдастырушылық сипатта ғана басшылық
жасайды.
Міне, осымен курстық жұмысымның негізін бастаймын.

1. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жүйелері
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөліміндегі нормалар белгілі бір тәртіппен,
жүйеге бөлініп орналасады.
Ерекше бөлімнің жүйелері деп – қылмыстық жауаптылықты белгілейтін жеке
қылмыстық нормалардың топтық объектілік белгісі бойынша бегілі бір
жекелеген топтарға бөлініп, қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай рет –
ретімен орналасу тәртібін атаймыз. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің
жүйесін дұрыс құру қылмысты дұрыс саралауға ғана емес, сонымен қатар онымен
белсенді күрес жүргізуге, оның алдын алып тергеуге, әділ жаза тағайындауға
толық мүмкіндік береді.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімі нормаларын бөлудің негізі болып –
қылмыс объектісі. атап айтқанда қылмыстың топтық объектісі бола алады.
Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексін қабылдағанда көптеген
бұрынғы тарауларды, қылмыс құрамдары Кодекске енгізілмеген. Керісінше
Кодексте жаңа тараулар пайда болды.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінде
мынадай 16 тарау бар (Қосымша – 1):
1. Жеке адамға қарсы қылмыс (1 тарау).
2. Отбасына және кәмілетке толмағандарға қарсы қылмыс (2 тарау).
3. Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарына қарсы қылмыс (3 тарау).
4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс (4 тарау).
5. Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы
қылмыс (5 тарау).
6. Меншікке қарсы қылмыс (6 тарау).
7. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс (7 тарау).
8. Коммерциялық және өзге де ұйымдардың қызмет мүдделеріне қарсы
қылмыс (8 тарау).
9. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс (9
тарау).
10. Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс (10
тарау).
11. Экологиялық қылмыс (11 тарау).
12. Көліктегі қылмыс (12 тарау).
13. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс (13 тарау).
14. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс (14 тарау).
15. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыс
(15 тарау).
16. Әскери қылмыс (16 тарау).
Қылмыстар өзінің түріне байланысты күрделене бастайды. Қылмыстың қай
түріне болмасын, жаза тағайындау қажет. Ол үшін қылмыстың басын ашып алу
қажет. Басын ашу – ол алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізу.

2. Алдын ала тергеуді ұйымдастыру және анықтау кезінде туындайтын
мәселелер

Қазақстан Республикасынынң президеті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан –
2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-
ауқатының артуы атты бас стратегиясында құқық қорғау органдарының
реформасын әрі қарай жалғастыру мен заңның абсолюттік жоғары күшін бекіту
жөнінде айтып, бұл ретте заң тыңдайтын азаматтарды қылмыстықтан қорғау
қажетттігін көрсеткен болатын.
Осы идеяны дамыта келе, озінің кезекті 2006 жылғы 1 – наурызда
жасалған жолдауында Елбасы : Қазақстан Әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарынан орын алу қажет деген басым мақсатты белгілеп:
Азаматтардың Конституция мен еліміздің Заңдарын орындауын қамтамасыз ету –
құқық қорғау органдарының міндеті. Олар үшін қай жерде және кім айтады?
дейтін сұрақ туындамауға тиіс, есесіне, заңды бұзған екенсің – оның
баптарына сәйкес жауапқа тартыласың. Құқық қорғау органдарының осы
ережені орындамайтын басшысы өз лауазымында қалмауы керек.
Осыған байланысты Қылмыстық сот ісін жүргізу саласында іс жүргізу
міндеттерінің нақты орындалуы мен конституциялық қағидалардың мүлтіксіз
сақталуын ішкі істер органдары, ал тікелей алғанда, анықтау органының
бастығы қамтамасыз етеді. Анықтау органының бастығы қылмыстық іс жүргізу
заңы мен ішкі істер министрлігінің заңасты нормативтік кең өкілеттіліктерге
ие. Соған сәйкес, ол қылмыстық іс жүргізудің міндеттері мен қағидаларының
орындалуын анықтау және алдын ала тергеу органдарының тергеу саласындағы
жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады.
Қағидаларды демократияландыру идеясын арқау етіп, азаматтық қоғам
инсититутын халықаралық дәрежеге сай келтіру мақсатында адам мен
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделері өмірдің барлық
салаларында басты басымдыққа айналды. Осы орайда қылмыстық кодекстің
мейлінше көп қылмыстары бойынша сотқа дейінгі өндірісті жүргізетін ішкі
істер органдарына бұрынғыдан да зор талаптар қойылды.
Осындай жағдайда анықтау орган бастығының қылмыстарды тергеу
саласындағы қызметі, ал онымен қоса, қылмыстық іс жүргізу заңы өзінің әрі
қарай жетілдіруін талап етеді. Анықтау органы бастығының қылмыстарды
тергеуді ұйымдастыру қызметі 2 іс жүргізу режимінде тіркелетін қылмыстық
істерге таралады. Алайда осы нысандарда келтірілетін қылмыстық істердің іс
жүргізу тәртібі, тергейтін субъектілері, іс жүргізу мерзімдері бойынша және
т.б. айырмашылықтарды анықтау органы бастығы мен олардың жұмыстарын
ұйымдастыру бойынша бірқатар ерекшеліктердің бар екендігін көрсетеді.
Мәселен алдын ала тергеудің ішкі істер органдарының құрамдас бөігі болуына
қарамастан, Заң, анықтау органдарының бастығына, тергеушігі, тергеу
бөлімінің бастығына ықпал жасайтын іс жүргізушілік өкілеттіктер бермеді.
Яғни ол тергеушінің өндірістегі қылмыстық іс бойынша ешқандай шешімдер
қабылдай алмайды, сондай-ақ іс бойынша тергеушіге, тергеу бөлімінің
бастығына нұсқаулар бере алмайды, т.с.с. анықтау органының басығы алдын ала
тергеу органының жұмысына тек ұйымдастырушылық сипатта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқығының ерекше бөлімінің жүйесі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Қылмыс құқығы ұғымы, міндеттері, принциптері
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
Қылмыстық құқықтың түсінігі
Қылмыс объектісінің түсінігі мен түрлері
Қылмыстың ұғымы
Қылмыстық құқықтың принциптері, міндеттері
Қылмыстық заң, қылмыс пен жаза қылмыстық құқықтың негізгі ұғымы
Қылмыстық құқық ғылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz