ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША

1. 1 Инфляция түсінігі, пайда болу себептері

1. 2 Ақшаның жалпы эквивалент және экономикалық категория ретіндегі түсінігі. Ақша қызметінің эволюциясы

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРІНУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ЗАРДАПТАРЫ

2. 1 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні

2. 2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның даму қарқынын талдау

3 ИНФЛЯЦИЯ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысты про-блемасы

3. 2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

3

4

4

17

22

22

22

28

28

34

38

40

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 4-ақпанда, 2009 жылы айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, несие-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі - ақша-несие саясаты. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты - инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-несие саясатының келесі міндеті - қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын. 2010-2008 жылдары жыл сайынғы шығын 27, 5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53, 2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі - инфляция.

Курстық жұмыстың мақсаты - ақша мен инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;

- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;

- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Мәселенің ғылыми-зерттелу деңгейі. Инфляция - күрделі және көп жоспарлы әлеуметтік-экономикалық үдеріс. Оны зерттеуге бай әлемдік және отандық экономикалық әдебиет арналған. Осы жағдайдың өзі біржақтылықтан және қарапайымдылықтан, сонымен қатар ақшаның сандық теориясының постулатына сүйенетін инфляцияның тым монетарлық түсініктемесінен сақтандырады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - шетелдік және отандық ғалымдардың инфляция теориясы саласындағы, макроэкономикалық теория мен антиинфляциялық реттеудегі, сонымен қатар қаржылық тұрақтылық және қаржылық менеджменттегі іргелі еңбектері, ғылыми көзқарастары және тұжырымдамалары ретінде қызмет атқарды. Ғылыми-әдістемелік аппарат ретроспективтік, себеп-салдарлық және ағымдағы құрама сараптаманы және синтезді, салыстыруды, жүйелік тәсілді, болжаудың статистикалық әдісін және жағдайларды модельдеуді қамтиды. Шетелдердің орталық банктерінің, халықаралық қаржылық мекемелердің, шетел ғалым-экономистерінің монографияларының, батысеуропалық мемлекеттердің мерзімді басылымдары материалдарының деректері, сонымен қатар ҚР заңнамалық және нормативтік актілері, ҚР Агенттігінің ҚР орталық банкі бойынша деректері, ҚР БҒМ Экономика институтының, ҚР ЭжБЖМ Экономикалық зерттеулер институтының, Қазақстанның Даму институтының, ҚР-ның Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің деректері, мерзімді экономикалық және қаржылық басылымдардың материалдары зерттеудің ақпараттық базасы болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл курстық жұмыс әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында инфляцияны және қаржылық тұрақтылықты реттеу мәселелерін зерттеуге бағытталған ғылыми жұмыс.

Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық ақпарат көздері, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік және отандық әдебиеттер қолданылды.

1 ИНФЛЯЦИЯ ЖӘНЕ АҚША

  1. Инфляция түсінігі, пайда болу себептері

Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.

Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің тез өзгеретін жағдайлары, ерекшеліктері және қарама-қайшылықтарымен белгіленетін инфляцияның ерекше түрі туралы сөз қозғау керек.

Бұл елдердегі инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер жатады. Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін (сұраныстың инфляциялануы) . Ол өндіріс факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді шығару шығындары инфляциясынан пайда болуы мүмкін.

Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.

Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (стагнация) мен бағалардың жалпы деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.

Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға көтереді.

Берілген мәселелерді зерттеудің дер кезінде орындалуы және өзектілігі, қазіргі жағдайда әлемдік экономикада болып жатқан жағымды өзгерістермен байланысты. Әлемдік экономика тек ұлттық экономиканың жиынтығы ғана болып қоймай, сонымен бірге өзара байланысты жүйеге - жаһандық әлемдік шаруашылыққа айналып бара жатыр. Жаһандану халықаралық сауданың ырықтандырылуында, кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтардың ашықтығында көрініс тапты. Осының бәрі әр түрлі ұлттық экономикаларда инфляциялану жағдайларының қалыптасуына әсер етпей қоймады.

Инфляцияның кең таралуы және тұрақтылығы оны қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықтың табиғи және қажетті бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, оған қатысты «күрес» емес, «реттеу» терминін қолданған орынды. Реттеудегі басты мәселе - инфляцияны белгілі шекте ұстап тұру, яғни осы шектеулердегі инфляция экономикалық дамуға, жұмысбастылыққа және төлем балансының тепе-теңдігіне зиян келтірмейтін болады.

Осы орайда инфляцияны қазіргі заманғы өндірістің даму факторы немесе осы дамудың міндетті төлемі ретінде түсіндіруге болады. Бірақ оны «бақылаусыз қалдыруға» болмайды, оның реттелуі үздіксіз және тиімді болуы тиіс.

Соңғы жылдары ТМД елдерінің инфляцияға қарсы саясатта қол жеткізген елеулі жетістіктеріне қарамастан, инфляцияның жаңа айналымының қаупі бұрынғыдай сақталып келеді. Бағалардың үйлеспеуіне және өндірістік қуаттарды қолданудың төмен тиімділігіне байланысты инфляцияның әлеуеті де едәуір болып отыр. Осының барлығы осы елдердегі, соның ішінде Қазақстандағы инфляция мен қаржылық тұрақтылық мәселелерін маңызды етеді.

Аталған мәселелердің өзектілігі қазіргі жағдайда инфляцияның мәнін, түпкілікті себептерін және даму тетіктерін анықтау қажеттілігімен, Қазақстандағы инфляция үдерісінің табиғатымен және ерекшеліктерімен, инфляцияны реттеудің қаржылық құралдарын жетілдірумен және шетел тәжірибесін қолдану негізінде мемлекетте инфляцияға қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетумен анықталады.

Инфляция - бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді

Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын - күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.

Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.

Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.

Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше есеге өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып - сату (спекуляция) түрі тез қамтиды. /2, 287б. /

Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс - шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.

Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе - тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция - бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция - бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.

Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға - еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.

Тұрақсыздығы экономиканың жағдайын сипаттайтын ең маңызды макроэкономикалық индикаторлардың бірі - инфляция. Инфляция (inflatio) - бұл елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі көтерілуі үрдісі. Бірақ, мұнда бір ескеретін жай инфляция кезінде барлық тауарлар мен қызметтердің бағасы барлығы бірдей көтерілмейді. Яғни, игіліктердің біреуіне баға жоғары қарқынмен, екіншісіне баяу өссе, енді бірінің бағасы өзгеріссіз қалып, келесі біреулерінің бағасы тіптен төмендеуі де мүмкін. Инфляция деңгейі (баға деңгейінің өсу қарқыны) - орташа баға деңгейінің белгілі бір уақыт аралығындағы салыстырмалы өзгерісі.

Макроэкономикалық үлгілерде инфляция деңгейі келесі түрде бейнеленеді:

Р д о - Р д ө

π = × 100 % (1. 1)

Р д ө

Мұндағы, π - инфляция деңгейі, %;

Р д о - ағымдағы кезеңдегі бағаның орташа деңгейі, %;

Р д ө - базистік кезеңдегі бағаның орташа деңгейі, %.

Орташа баға деңгейі баға индексінің көмегімен анықталады. Кей жағдайларда инфляция деңгейін анықтауда тұтыну бағасының индексі (СРІ) қолданылады. Онда, инфляция деңгейі келесі түрде өрнектеледі:

СРІ о - СРІ ө

π = (1. 2)

СРІ ө

Мұндағы, СРІ о - ағымдағы кезеңдегі тұтыну бағасының индексі, %;

СРІ ө - базистік кезеңдегі тұтыну бағасының индексі, %.

Егер, инфляция деңгейі көрсеткішінің мәні теріс таңбалы (π > 0) болса, онда аталмыш кезеңде дефляциялық үрдіс жүрілгені. Яғни, дефляция - ол елдегі орташа (жалпы) бағаның деңгейінің есептік кезеңдегі төмендеуі үрдісі.

Ласпейрес индексімен (тұтыну бағасының индексімен) және Пааше индексімен (ЖІӨ-нің дефляторымен) есептелген инфляция деңгейінің көрсеткіштері едәуір айырмашылықта болады. Мысалы:

Кесте 1 - Ресейдегі 2001-2004 жылдардағы инфляция деңгейі, %

Инфляция деңгейі: Инфляция деңгейі
2001 жыл: 2001 жыл
2002 жыл: 2002 жыл
2003 жыл: 2003 жыл
2004 жыл: 2004 жыл
Инфляция деңгейі: Ласпейрес индексімен
2001 жыл: 48
2002 жыл: 15
2003 жыл: 28
2004 жыл: 88
Инфляция деңгейі: Пааше индексімен
2001 жыл: 43, 9
2002 жыл: 16, 6
2003 жыл: 11, 4
2004 жыл: 74, 9

Әртүрлі елдердегі инфляциялық үрдістің себептері де сан түрлі. Өйткені, мұндағы инфляцияны қоздыратын факторлардың комбинациясы сол елдегі нақты экономикалық жағдайларға байланысты болады. Енді осылардың кейбіреулеріне тоқталар болсақ:

Біріншіден, инфляция мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қысқарту мақсатында «ақша станогын» белсенді пайдаланған кезде ұлғаяды. Яғни, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы орталық эмиссия банкінен заемдар арқылы қаржыландырылса, айналыста пайда болған артық ақша массасы салдарынан инфляция қарқыны ұлғаяды;

Екіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуінің себебі, қазіргі қалыптасқан экономикалық жүйенің ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезең нарықтық экономикаға, яғни өндірушілері көп, тауарлары мен қызметтері сан алуан, капитал ауысуы оңай жетілген бәсекелес нарыққа соншалықты ұқсамайды. Қазіргі нарық әлде қайда олигополиялық нарыққа жақын келеді. Ал, олигополист едәуір дәрежеде бағаны бақылайды. Олар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес нарықта олигополисттер мен монополисттер тауарлар ұсынысын қысқарту арқылы, «жасанды» тапшылық жасай отырып, жоғары баға деңгейіне ұмтылады;

Үшіншіден, елдің экономикасының ашық болуы, оның экономикасына біртіндеп әлемдік шаруашылық байланыстарға тереңдеп енуі барысында импорттық инфляция қауіпін төндіреді. Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі әркез шектеулі болады. Әрине, ел ұлттық валютасын ревальвациялау * арқылы импортты арзандата алады. Алайда, ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік нарықта елдің экономикасының бәсекеге қабілетін төмендетеді;

Төртіншіден, инфляциялық күтіліс салдарынан инфляция өзіне-өзі дем беруші сипат алады. Яғни, баға деңгейінің көтерілуі жағдайында өмір сүріп үйренген халық бағаның бұдан әрі өсуін күтеді. Мұндай кезде еңбекшілер жалақының (табыстың) көтерілуін талап етеді. Табыстың өсуінің қолайлы әсерінен және бағаның өсуінен қауіптенген халық тауарларды көптеп сатып ала бастайды. Сұраныстың артуын пайдаланып және қосымша жалақылық шығындары салдарынан өндірушілер өз өнімдеріне бағаларды көтереді.

Инфляцияны қалыптасуы, өтуі, анықталуы, қарқыны және т. б. себептерімен байланысты келесі түрде жіктейді:

Бағаның еркіндігі дәрежесі бойынша:

  • ашық инфляция - еркін (бақылау орнатылмаған) бағаның деңгейінің көтерілуі үрдісі;
  • қысымға түскен - үкіметтің баға мен табысты уақытша тұрақтандыру мақсатында, бағаға бақылау орнатуы кезіндегі инфляция;

Инфляцияның өту қарқыны бойынша:

  • сырғымалы - инфляцияның қарқыны жылына 10 %-ға дейін (π < 10) ;
  • өршімелі - жылына 10 %-дан 200 %-ға дейін(10 ≤ π < 200 ) ;
  • гиперинфляция - жылына 200%-дан артық (π ≥ 200) .

елдегі шетел валютасына сұраныстың төмендеуі ұлттық валютаның бекітілген айырбас бағамының төмен белгіленгенін білдіреді. Мұндай жағдайда, елдің экспорттан алатын пайдасы төмендейді және импорты артады. Бұл ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін төмендетеді. Сондықтан, Ұлттық банк ұлттық валютаның бекітілген айырбас бағамын көтереді және бұл шара ұлттық валютаны ревальвациялау деп аталады.

Инфляцияның пайда болу тегіне байланысты:

  • сұраныс инфляциясы - артық жиынтық сұраныс салдарынан пайда болған инфляция;
  • ұсыныс инфляциясы - жеткіліксіз жиынтық ұсыныс салдарынан пайда болған инфляция

Инфляцияның байқалуы дәрежесіне байланысты:

  • болжанған инфляция - экономикалық агенттердің алдын-ала болжаған деңгейінде (күтіп отырған қарқынмен) өтетін инфляция;
  • болжанбаған инфляция - экономикалық агенттер күтпеген қарқынмен өтетін инфляция.

Бағаның өсу қарқынына экономиканың қаншалықты нәтижелі бейімделуіне байланысты:

  • балансталған инфляция - басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты өзгеруіне сәйкес бағаның бірқалыпты өсуі;
  • балансталмаған инфляция - бұл кезде экономика өзгеріп жатқан жағдайларға уақтылы бейімделе алмайды.

Инфляцияның таралу ауқымына қарай:

  • ұлттық;
  • әлемдік және т. б. .

Енді, шығу тегіне байланысты сұраныс және ұсыныс (шығындар) инфляцияларына нақтырақ тоқталайық:

1 Сұраныс инфляциясы - бұл ұлттық экономиканың әлуетті деңгейіне жуық шамада, артық жиынтық сұраныс салдарынан нақты ЖІӨ-нің тұрақты көлеміне баға деңгейінің көтерілуі. Ұлттық экономика өзінің әлуетіне жақындаған және жеткен кезде артық жиынтық сұранысқа толық жауап қата алмайды. Өйткені, экономикадағы барлық ресурстар қолданыста болған кезде ұлттық өндірістің нақты көлемі одан әрі ұлғая алмайды. Мұндай жағдай, қалыптасқан артық жиынтық сұраныстың тұрақты нақты өнім көлеміне бағаның жоғарлауы мәселесін, яғни сұраныс инфляциясын туындатады.

Сурет 1 - Сұраныс инфляциясы

Бұл жағдай сызбалық түрде Сурет-5-те бейнеленген. Ұлттық өндіріс өзінің әлуетіне (Ү * ) жақындаған кезде жиынтық сұраныстың артуы (АD 1 -ден AD 2 -ге) өндіріс көлемінің өсуіне (Ү 1 -ден Ү 2 -ге) ықпал етуімен қатар, баға деңгейінің де көтерілуіне (Р д 1 -ден Р д 2 -ге) алып келеді. Ал, экономикалық әлуетке қол жеткен кезде жиынтық сұраныстың артуы (АD 3 -тен AD 4 -ке) өндіріс көлеміне (Ү * -не) ықпал ете алмағанымен, баға деңгейінің көтерілуін (Р д 3 -тен Р д 4 -ке) болдырады.

2 Шығындар инфляциясы немесе ұсыныс инфляциясы - бұл орташа шығындардың өсуі немесе жиынтық ұсыныстың азаюы салдарынан туындайтын баға деңгейінің көтерілу үрдісі. Орташа шығындардың өсуі тұрақты жиынтық өнім көлеміне жалпы шығындарды ұлғайтады. Орташа шығындардың өсуінің негізгі себептері:

  • атаулы еңбек ақының еңбек өнімділігінің өсуіне теңгерімсіз өсуі;
  • шикізаттарға бағалардың көтерілуі;
  • Салықтың артуы және т. с. с.

Орташа шығындардың өсуі фирма пайдасын азайтады, ол өз кезегінде фирманың өндіріс көлемінің қысқаруына алып келеді. Нәтижесінде, берілген баға деңгейінде жиынтық ұсыныс азаяды. Жиынтық сұраныстың өзгеріссіз көлемінде (Сурет-6-те АD) жиынтық ұсыныстың қысқаруы (АS 1 -ден АS 2 -ге) баға деңгейін көтереді (Р д 1 -ден Р д 2 -ге), яғни инфляция қарқынын үдетеді.

Сурет 2 - Ұсыныс немесе шығындар инфляциясы

Егер, инфляция атаулы еңбек ақының теңгерімсіз өсуі, шикізаттарға бағалардың көтерілуі, салықтың артуы және т. б. себептермен байланысты орташа шығындардың өсуі салдарынан туындаса, мұндай инфляцияны шығындар инфляциясы деп атайды. Шығындар инфляциясы белгілі бір дәрежеде өзін-өзі шектеуші сипатта болады. Нақтырақ айтсақ, орташа шығындардың өсуі салдарынан өндіріс көлемінің қысқаруы, өндірістің қосымша шығындарының өсуін тежейді. Өйткені, жұмыссыздықтың көбеюі кезінде атаулы еңбек ақының мөлшері азаяды, сәйкесінше фирманың жалақылық шығындары қысқарады. Шығындардың қысқаруы және үй шаруашылығының табыстарының азаюы инфляцияның өсуін тежейді.

Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляциясының үйлесуі инфляция шиыршығын (спираль) туындатады. Яғни, жиынтық сұраныстың өсуі мен жиынтық ұсыныстық қысқаруының қатар өтуі жағдайында баға деңгейінің көтерілуі, гиперинфляцияны туындатады. Мысалы, экономиканың толық жұмысбастылыққа жуық сатысында, ақша ұсынысының ұлғаюы нәтижесінде жиынтық сұраныстың өсуі (АD 1 -ден АD 2 -ге) өндіріс көлемінің ұлғаюына (Ү 1 -ден Ү 2 -ге) ықпал етумен қатар, баға деңгейінің де көтерілуін (Р д 1 -ден Р д 2 -ге) туындатады (Сурет-7) . Өндірістің ұлғаюымен байланысты ресурстарға сұраныстың артуы және ресурстардың толық дерлік жұмысбастылығы, уақыт өте келе олардың бағаларын өсіреді. Өндіріс шығындарының бұлай ұлғаюы жиынтық ұсынысты (AS 1 -ден AS 2 -ге) азайта отырып баға деңгейінің Р д 2 -ден Р д 3 -ке көтереді. Нәтижесінде, ұсыныс инфляциясы туындайды. Егер, мұндай жағдай одан әрі жалғасар болса инфляция қарқыны үдей түседі де, инфляциялық шиыршық орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері
Инфляция,оның Қазақстандағы ерекшеліктерін талдау және Ұлттық Банктің инфляцияға қарсы саясаты
Инфляцияның негізгі себертері мен ақша айналысының ерекшеліктерін бағалау
Инфляция; мәні, себептері және әлеуметтік жағдайы
ҚР инфляцияға қарсы мемлекеттік саясаты
Инфляцияның экономикадағы ролі мен мәні
Инфляцияға қарсы саясат және оның ҚР қолдану ерекшеліктері
Мемлекетте инфляцияға қарсы саясат жүргізу
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның динамикасы
Қазақстан Республикасындағы инфляция саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz