Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері


ЖОСПАР
Кіріспе
1 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
1. 1 Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
1. 2 Интеллектуалдық меншіктің негізгі институттары
2 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ҚОРҒАУЫ МЕН САҚТАЛУЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Интеллектуалдық меншік пен ерекше құқық ұғымдарының арақатынасын талдау
2. 2 Авторлық құқық
2. 3 Интеллектуалдық меншік жүйесі және оның құрылымы
2. 4 Интеллектуалдық меншікті қорғау саласында халықаралық деңгейдегі институттар және ұйымдар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
3
5
5
10
13
13
17
18
22
27
28
Кіріспе
«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипатқа ие. Коммерциялық құпия және патенттік құқық туралы заңнамалар жаңа зертеу мен идеяларға жол ашады. Авторлық құқық жаңадан әдеби, көркем және музыкалық шығармалар, сонымен қатар компьютерлерді программалық қамсыздандыруға жағдай жасайды. Товарлық белгілер туралы заңнамалар өнім мен өндірушінің байланысын құрайды.
Коммерциялық құпия өндірістік құпия нысанында ежелгі дәуірден бастап қалыптасты. Ежелгі шеберлер тастан қару жасаудың тәсілдерін құпия етіп ұстады. Бұл шеберлер құқықтық қорғауға дейінгі уақытта бұл құпияны білуден елеулі тиімділік алатынын білген.
Патенттік құқық жуырдан бастап қана дами бастады. Патенттік құқық нарықтық экономика жүйесінің жетілдірілмегендігін көрсетеді деп айтуға болады, себебі өндіріс пен тауарларды үлестіретін нарықтық экономика жаңадан және сапалы тауарларды шығаруға жарамсыз деп айтуға болады. Бұл нарықтық жүйедегі жаңадан тауарды қалыптастырғанда, бәсекелестердің дәл мұндай тауарды шығарып, оған жұмсалған қаражатты оның өндірістік шығынына теңестіреді де, нәтижесінде табыстың деңгейі қалыптастырған өнімнің ары қарай дамуына мүмкіндік болмаған жағдайындағы деңгейге әкеледі.
Интеллектуалдық меншік объектілерінің өзіндік белгілері бар, олар оның заттық құқық және меншік құқығы объектілерінен айырмашылығын табуға сонымен бірге ұқсас тұстарын анықтауға мүмкіндік береді. Ең бастысы интеллектуалдық меншік құқығын азаматтық құқықтар объектілері ретіндегі негізді ерекшелігін оның белгілері арқылы тануға болады.
Мысалы, В. И. Жуков интеллектуалдық меншік объектілерінің өзіне ғана қатысты жалпы белгілерді анықтайды. Бұл құқықтың барлық объектілері: денесіз заттар болғандықтан мүліктің құрамдас бөлігі; рухани және материалдық игіліктерді жасаумен байланысты; құқық объектісі ретінде ол, адам қабылдай алатын объективтендірілген нысанға жеткен сәттен емес, заңмен бекітілген тәртіппен анықталған соң ғана танылады дейді.
Нарықтық жүйеде, егер шығарылған кітап аса елеулі табыспен сатылатын болса, бәсекелес баспалар бірден дәл сондай кітапты шығарады. Мұндай бәсеке тауар құнының төмендеуіне әкеледі де, авторлар мен баспагелердің кітапты шығаруға кеткен уақыт пен қаражатты жұмсамау ынтасына әкеледі. Автор мен баспагердің құқықтарының қорғауын қамтамасыз етіп, авторлық құқық жаңа шығарманың туындауына талпыныс туғызады.
Тауарлық белгінің қызметі мүлдем басқа. Сауда ауылдық сипатқа ие болған кезде, сатып алушылар сатушыларды басыбайлы таныды да, тауардың сапасын құнын бірден анықтай алды. Уақыт өте келе нарықтар ұлттық және халықаралық деңгейіне жетіп, тауардың жаппай өндірісі пайда болды және де белгілі бір тауар өндірушіні анықтау аса маңызды сұраққа айналды.
Бүгінгі танда интеллектуалдық меншікті қорғау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Олардын өзектілігі ен алдымен Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына енуімен байланысты. Халықаралық мәдени және ғылыми-техникалық алмасудын толыққанды қатысушысы ретінде Қазақстан Республикасы Дуниежүзілік Интеллектуалдық Меншік Ұйымының (ДИМҰ) мүшесі бола отырып, қабылданған дүниежүзілік стандарттарды қанағатандыратындай дәрежеде қазақстандық және шетелдік құқық иелерінің интеллектуалдық меншік құқығының сақталуын қамтамасыз етуге міндеттеме алады. ДИМҰ-ның басты мақсаты -шығармашылық қызметті ынталандыру, мемлекеттердің ынтымақтастығы арқылы, кез келген басқа халықаралық ұйыммен өзара бірлестікте дүние жүзінде интелектуалдық меншікті қорғауға ықпал ету.
Барлық интеллектуалдық шет елдердің обьектілерін занды пайдалану Қазақстан Республикасынының басқа да шет елдердің мүдделерін қанағаттандырады. Интеллектуалдық меншікті қорғау ісін дамыту еліміздің экономикалық өсуінің аса манызды факторларының бірі болып табылады. Халықаралық қаумдастықтағы еліміздің беделі интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғаудын денгейіне байланысты. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдерден негізгі пайда келтіретін интеллектуалдық меншік болып табылады. Интеллектуалдық меншік-адамның шығармашылық қызметінің обьектіленген нәтижелеріне меншік. Интеллектуалдық меншік екі басты санатқа бөлінеді. Бұл авторлық құқық және сонымен шектес құқықтар. Авторлық құқықыққа романдар, өлеңдер, пьесалар сияқты әдеби шығармалар, фильмдер, музыкалық туындылар, суреттер, картиналар, фотосуреттер, мүсіндер сияқты көркем шығармалар мен сәулет ғимараттары жатады. Онымен шектес құқықтарға орындаушы әртістің туындыларды орындау құқығы, фонограммаларды шығарушылардың құқығы және хабар таратушы ұйымдардың өздерінің радио телебағдарламаларына құқықтары енеді. Екінші санат- бұл өндірістік. Оған өнер табыстары: тауарлық белгілер, өндірістік үлгілері, пайдалы үлгілер мен географиялық сілтемелер, сондай-ақ селекциялық жетістіктер мен интегралды микросызбалардың топологиялары сияқты меншіктің дәстүрлі емес обьектілері жатады. Интелектуалдық меншік құқықтарын қорғау функциялары Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Занына сәйкес әділет органдарына жүктелген . Әділет органдары тексерулер барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексін, Азаматтық Кодексін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Курстық жұмыстың мақсаты - интеллектуалдық меншік құқығын қорғау мәселелерін қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
1. 1 Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Интеллектуалдық меншік объектілерінің белгілерін кең ауқымда қамтыған Л. Б. Гальперин және Л. А. Михайлова. Олардың пікірінше, интеллектуалдық меншіктің барлық объектілері: 1) ақыл-ойдың қызметі немесе нәтижесі, 2) бағаланатын құндылықтары бар, 3) белгілі ақпаратты жеткізуші, 4) шығармашылық қызметтің нәтижесі болып табылатын көптеген объектілердің авторлары бар, 5) тұтынатын заттарға жатпайды, 6) объектілердің арасында жүйелі түрде сабақтастығы орын алады, 7) интеллектуалдық меншік объектілері бойынша құқықпен реттеудің нысанасы болатын қоғамдық қатынас пайда болады екен.
О. А. Рузакова келесі белгілерін атайды, олар: 1) интеллектуалдық меншік объектілері материалдық емес нәтижелер, 2) айрықша құқықтың абсолюттік сипаттылығы бар, 3) бір өзінде жеке (моральдық) және соның негізінде пайда болатын мүліктік құқықтарды қосатын күрделі заңдық құрылымы бар, 4) жасалған объектімен байланысты әр түрлі әрекеттерді (оларды пайдалану бойынша әрекеттер де кіреді) орындау, сонымен қатар заңда көзделген жағдайды айтпағанда бұл объектілерге тиісті басқа тұлғалардың қандай да бір әрекеттер жасауына тыйым салу мүмкіндігі бар, 5) айрықша құқықтың мерзімділігі, 6) аумақтық сипаты бар, 7) құқықтың пайда болуымен тоқтатылуының ерекше өзгешіліктері бар, 8) айрықша құқықтар нақты монополияға емес заңға негізделеді. Мұндағы белгілердің жинағы интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты құқықтың заттық құқықтан айырмашылығы бар табиғаты ерекше құқықтар санатына жататынын айқын сипаттайды.
Т. Е. Каудыров интеллектуалдық меншік құқығын азаматтық құқықтардың объектісі ретінде түбегейлі ерекшелігін көрсететін сипатты белгілерін, жүйелі түрде топшалап көрсетеді, оның пікірінше бұл белгілерге:
1. Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің денесіздігі және мінсіздігі;
2. Құқықтың абсолюттік сипаттылығы;
3. Құқықтың қатаң заңмен белгіленген жағдайда ғана қорғалуы;
4. Интеллектуалдық меншік құқығының қатаң түрде аумақтық сипатта болуы және уақытпен шектелуі;
5. Құқықты қорғаудың көптеген мүмкіншілігі;
6. Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне иелену және құқықты бекітудің өзгеше нысаны жатады.
Ендігі, интеллектуалдық меншіктің негізді ерекшелігін анықтайтын белгілеріне егжей-тегжейлі сипаттау жасауға талпыныс танытсақ.
Алдымен, интеллектуалдық меншік құқығы абсолюттік құқық болып табылады. Абсолюттік құқық ретіндегі сипаты, оны меншік құқығымен біріктіріп, ал міндеттемелік құқықтан оның айырмашылығын көрсетеді. Барлық үшінші тұлғалар заттық құқықпен интеллектуалдық меншік құқығын мойындаулары тиіс және заттың меншік иесімен интеллектуалдық меншік иесінің құқықтарына белгісіз тұлғалардың міндеттері қарсы тұрады. Интеллектуалдық меншік заттық құқықпен қоса абсолюттік құқық ретінде мүліктік қатынас статикасы бойынша тең. Заттық құқықпен ұқсастығына қарамастан, интеллектуалдық меншік объектілеріне деген құқықтың абсолюттік сипаты жағынан өзіндік ерекшелігі бар екенін Т. Е. Каудыров өте дұрыс айтады. Ғалымның көзқарасы бойынша, «біртекті бірдей заттар бірнеше адамның меншігінде болуы мүмкін, ал жаңа туындыға немесе өнертабысқа біртектілік болуы мүмкін емес, бұл объектілердің әр-біреуі өзінің біртумалығымен және әкелген жаңалығымен теңдесі жоқ төлтумалар».
Яғни, шығармашылық қызметтің объектісіне бастауыш уәкілет бір тұлғаға тиесілі және оның құқығын қорғайтын заң интеллектуалдық меншікті заңсыз пайдаланудан сақтайды деген тұжырым.
Айтарлық азаматтық-құқықтық қатынастың тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздеген тетіктер, авторлық-құқықтық және патенттік монополияның абсолюттік құқық қағидасынан ауытқулардың орын алуына әкеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасы авторлық құқық және сабақтас құқық туралы заңының 19-23, 25-26 баптарына сәйкес, автордың келісімінсіз туындысын ақпараттық, оқу, ғылыми және жеке мақсатта пайдаланудың барлық заңды жағдайлары кіреді. Патенттік құқық саласын айтатын болсақ, Қазақстан Республикасы Патент заңының 12 бабына сәйкес патентпен қорғалатын шешімдерді көлік құралдарының мұқтаждары үшін, ғылыми зерттеу немесе эксперимент жүргізу үшін, төтенше жағдайларда және табыс көзіне айналдырмай жеке мақсатта пайдаланудың барлық жағдайлары патент иеленушінің айрықша құқығын бұзбайтын әрекеттер ретінде танылады.
Интеллектуалдық меншіктің келесі белгілері ол денесіздігі және мінсіздігі . Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің материалдық емес екені жалпыға мәлім жағдай. Азаматтық-құқықтық мағынада мүліктік емес дегенді білдіреді. Негізімен ол объектінің ақпараттық мәнінен туындайды. Егерде, заттық құқық объектісі барлық жағдайда тек жеке-айқындалған зат болса, интеллектуалдық меншік объектісі - мүліктік емес және сонымен байланысты мүліктік құқықтардың кешені болып табылады.
Айтарлық, заттарды денелік (corporales) және денесіз (res in corporales) деп бөлген классикалық кезеңдегі рим құқығының заңгерлері, «денесіз» деп затты емес мәні бойынша құқықты білдіргендері болар. Осы бір ойға негізделе отырып В. А. Дозорцев бұл объектілер (яғни, интеллектуалдық меншік объектілері) - мүліктің құрамдас бөлігі болып табылады, мұнда объект ретінде кіретін ашылған жаңалықтың, өнертабыстың т. б., өзі емес, ол, ашылған жаңалыққа, өнертабысқа және т. б., қатысты құқық дейді.
Заттармен салыстырғанда құқық және міндеттердің денесіздігін түсіну біздің ойымызша қиындық туғызбауы тиіс, себебі құқық - материалдық емес санат болып табылады ғой. Демек, денесіздік дегеніміз интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің жай-күйі және танылу нысанының сипаттамасы.
Заттық құқықтың объектілеріне қарағанда интеллектуалдық қызметтің нәтижелері мінсіз сипатқа ие. Себебі, ғылым, техника туындылары - бұл ғылыми және техникалық түсінігі немесе санатының белгілі жүйесі. Әдебиет, көркем туындылары - бұл әдебиет және көркем туындылары образының белгілі жүйесі. Мінсіздік - ол жүзеге асқан (объективтендірілген) нысанынан көрі, қатысты құқықты пайда болуының қайнар көзін білдіреді. Яғни, авторлық, патенттік құқық объектілері және ноу-хау мәнінде өнегелілік, әлеуметтік, қисынды, ғылыми-техникалық немесе көркемдік-конструкторлық міндеттің мінсіз шешімі екені анық. Мінсіздік немесе мінсіз шешім дегеніміз - ойластыру мен ақыл-ой қызметінің нәтижесінде міндетті шешудің қандай да бір дәрежеде болсын аяқталуы. Мінсіздік белгісі әр объектіде әр-түрлі дәрежеде кездескенімен мұндай белгісі жоқ интеллектуалдық меншіктің объектісі болмайды. Интеллектуалдық қызметтің нәтижелері басқа да материалдық емес объектілер сияқты табиғи нысаны болмағандықтан, олар үшін амортизация түсінігі, тозу дәрежесі, қасиетін жоғалту деген ұғымдар мүлдем қолданылмайды. Алайда, моральдық тозу деген түсінік интеллектуалдық меншіктің кейбір түрлеріне қолданылуы мүмкін, әсіресе өнеркәсіптік қолдануда болатындарға. Ғылыми-техникалық саланың ілгері дамуы түрленімге және жаңа объектінің пайда болуына жеткізеді. Бірақ, мұндай құбылыстың өнер, әдебиет туындыларына қатысы жоқ. Л. Б. Гальперин және Л. А. Михайлова бұл объектілердің құндылығы олардың теңдесі жоқ мәдениеттің жетістігі екені, сондықтан құны жыл өткен сайын өсе береді деп дұрыс пікір жазған.
Ендігі белгі ол интеллектуалдық меншік объектілерінің құқық ретінде қатаң заңмен белгіленген жағдайда ғана қорғалуы. Бұл белгі бойынша заттық құқықпен тағы да бір ұқсастығы орын алады. Заттық құқыққа тиісті М. К. Сулейменов «олардың заңмен белгіленуі» деп атайды.
Т. Е. Каудыровтың пікірінше, интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне «белгіленуі» атты сөз келіңкіремейді, бұл объектілер заңмен белгіленген жағдайда ғана пайда болады (басқа кезде пайда болмайды) деген түсінік ойға келеді, дейді. Ғалым сауданың, техниканың, ғылымның дамуы нәтижесінде пайда болған интеллектуалдық қызметтің нәтижелері құқықпен қорғалады ма деген мәселе маңызды, сондықтан «құқықтың қорғалуы» деп қысқаша атайды.
Біздіңше, бұл дұрыс айтылған, себебі интеллектуалдық меншік объектілері тікелей нұсқаудың нәтижесінде емес адам шығармашылығының нәтижесінде пайда болады. Алайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі-ҚР АК) 125 бабында, азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне айрықша құқық кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген реттер мен тәртiп бойынша танылады делінген. Белгiленген реттер мен тәртiптер ҚР АК 961 бабында нақтыланып көрсетілген, осы баптағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері және азаматтық айналымға ќатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары топтарының тізімінде болмаса заңнамамен қорғалмайды.
Заңмен белгіленген жағдайда ғана қорғалуы белгісінің күшін, бүгінгі күні құқықтық болмыста көріп отырмыз, әсіресе Қазақстан және Ресей елінде домендік атауға (domain name) тиісті құқықтық режимі анықталмағандықтан, іс-жүзінде көкейкесті мәселеге айналды. Біздің ойымызша, домендік атаудың заң жүзінде мәртебесін анықтау қажет және де оны дараландыру құралына жатқызудың негізі жеткілікті, бұл мәселеге қатысты салмақты дәйектерін біз келтіргенбіз1.
Келесі, интеллектуалдық меншік құқығының қатаң түрде аумақтық сипатта болуы және уақытпен шектелуі . Интеллектуалдық меншікке құқық оның шыққан елінде ғана танылады. Егерде, ел арасында екі жақты шарт немесе көпжақты конвенциялар мен жасалған халықаралық келісімдер болмаса, басқа елде бұл құқықтың бұзылуына тосқауыл жоқ. Қазақстандық тұжырымдамаға сәйкес меншік құқығы уақыттық шартпен пайда болмайтын болса, интеллектуалдық меншік құқығы бастапқыдан уақытша құқық ретінде пайда болады. ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқық туралы заңына сәйкес, авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн 70 жыл бойы; ал, сабақтас құқықтар алғашқы орындалудан немесе қойылымнан кейiн 70 жыл бойы күшiн сақтайды делінген. ҚР Патенттік құқығы өнертабысқа инновациялық патент үш жыл бойы, өнертабысқа патент жиырма жыл бойы, пайдалы модельге патент бес жыл бойы, өнеркәсiптiк үлгiге патент он жыл бойы күшiн сақтайтын мерзімдерді бекітеді.
Алайда, интеллектуалдық меншіктің барлық объектілеріне уақыттық шектелім орнатылады деген, көзқараспен келісу қиын, мысалы, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелері тобына кіретін - ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау) объектісіне уақыттық шектелім қолданылмайды. ҚР АК 1017-бабының 4-тармағына сәйкес ашылмаған ақпаратты қорғау құқығы АК 126-бабының 1-тармағында көзделген талаптар сақталған жағдайда қолданыла бередi делінген. Бұл талаптарды ашылмаған ақпараттың қорғау қабілеттілігін құрайтын критерийлер деуге болады. Бұлар яғни, үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны, онымен заңды негiзде еркiн танысуға болмайды және ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып танылса. Бұл талаптар яғни, ақпарат үшінші жаққа белгілі болып қалмаса, ақпараттың коммерциялық құны жойылмаса және коммерциялық құпиялылығы сақталып тұрса ашылмаған ақпаратты құқықтық қорғау мерзімі жағынан шексіз қолданыла береді деген мағына.
Сонымен қоса, бұл мәселе төңірегінде интеллектуалдық меншік объектісі ретінде танылатын азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушылардың дараландыру құралы фирмалық атауды айтуға болады. Фирмалық атауға құқықтың қолданылуы уақытпен шектелетіндей негіз жоқ. ҚР АК 1022 бабының 2 тармағына сәйкес фирмалық атауға құқықтың тоқтатылуы негіздеріне - заңды тұлғаның таратылуы және оның фирмалық атауының өзгертiлуiне байланысты негіздерді жатызады. Көрсетілген соңғы екі негізді - мерзімдік сипаты жоқ, құқықтық уәкілі бар субъектілердің еркіне байланысты оқиғалар санатына жататын негіздер деп сипаттағанымыз артық.
Сондықтан, автордың пікірінше, интеллектуалдық меншік құқығының барлық объектілеріне уақыт шектелімі бірдей қолданылады деуге негіз жоқ сияқты.
Келесі ол, құқықты қорғаудың көптеген мүмкіншілігі атты белгі, бұл да заттық құқықтан интеллектуалдық меншік құқықтың айырмашылығын анықтайды. Заттық құқықты қорғауда виндикациалық және негаторлық талап деп аталатын заттық-құқықтық талаптар қолданылады. Заттық құқықтың объектісі материалдық зат болғандықтан, оны табиғи қалпында заңсыз иеліктен қайтарып алуға болады. Интеллектуалдық меншікті қорғау үшін заттық-құқықтық талаптар мүлдем келмейді, қорғау мүмкіншілігі тек қана міндеттемелік-құқықтық және деликтік талаптардан тұрады.
Соңғысы, интеллектуалдық меншікті заттық құқықтан тағыда бір ажырататын жағдайы бар ол, объектілерге иелену және құқықты бекітудің арнайы нысаны бар белгісі. Заттық құқықта иелену, пайдалану және билік ету сияқты құқықтық өкілеттер орын алады. Бұл өкілеттерді интеллектуалдық меншік объектілеріне тиісті қолдануды айтсақ, мысалы, затты меншік иесі немесе құқықпен уәкілетті адамдар ғана пайдаланады, ал, интеллектуалдық меншік объектісі болып табылатын материалданылған идеяны саны шексіз адамдардың пайдалануға құқықтары бар. Ендігі, затты иеленуге яғни iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруға кедергі жоқ, алайда интеллектуалдық меншік объектілеріне бұл өкілеттікті жүзеге асыру мүмкін емес.
Бұл мәселеге Т. Е. Каудыров « . . . иелену мүмкін емес, бір адам идеяға монополия орната алмайды. Егерде ол материалдандырылған немесе айтылған болса шексіз тұлғалардың иелігіне ауысып кетеді» деген орынды және әділетті жауап береді. Заттық құқықта билік ету құқығын жүзеге асырғанда меншік иесі заттан айырылып есесіне құнын немесе басқа зат алады, ал интеллектуалдық меншік объектісіне тиісті құқықты иеліктен айырса да құқық иесі сондай әрекетті шексіз қайталауға толықтай құқығы сақталады, сондай-ақ сол құқықты өзі еркін пайдаланады.
Енді интеллектуалдық меншік объектілері белгілерінің ішінен оны азаматтық құқықтар объектілерінен анық ажырататын және негізгі құқықтық табиғатын білдіретін белгісін анықтап көрсек. Біріншіден, ол нәтижесінде интеллектуалдық меншік объектілері пайда болатын қызметтің (еңбектің) ерекше сипаты. Бұл белгіні барлық авторлар бір ауызбен қолдайды. Интеллектуалдық қызмет ол - материалдық-өндірісітік қызметтен айырмашылығы бар ойластыру мен ақыл-ой қызметі, соның салдарынан оның құқықтық режимі де белгілі бір ерекшелікке ие. Бұл белгі тек интеллектуалдық меншіктің объектілеріне ғана тиісті. Екіншіден, интеллектуалдық меншіктің материалдық емес сипаты. Шығармашылық қызметтің нәтижесі алғашқыда адамның ойында қалыптасады, яғни субстанциясы материалдық емес. Алайда, материалдық емес белгі ретінде азаматтық құқықтардың басқа да объектілерін сипаттағанда қолданылады (АК 115 б. 3т. ) . Сондықтан бұл белгі тек интеллектуалдық меншіктің объектілеріне ғана тиісті емес.
Келесі, интеллектуалдық меншіктің объективтендірілген нысаны. Шығармашылық қызметтің нәтижесі адам қабылдайтындай белгілі бір материалдық жеткізушіде (қағаз жүзінде, дискіде т. б. ) болуы тиіс. Себебі, бұл белгі интеллектуалдық қызметтің нәтижесін азаматтық айналымға қосудың міндетті шарты (мысалы, идея азаматтық-құқықтық мәміленің объектісі бола алмайды) болып табылғандықтан, осы объектілерге ғана тиісті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz