Авторлық құқық объектісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Авторлық құқықтың қолданылу аясы
2.2. Авторлық құқық объектісі
2.3. Сабақтас құқық туралы негізгі түсінік
2.4. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзімі
2.5. Интеллектуалдық құқықтарды ұжымдық басқарудың мақсаттары

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заң санаткерлік меншік
саласында ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық),
қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар
тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға
байланысты туындайтын қатынастары реттейді.
Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
заңдары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және
соларға сәйкес шығарылатын басқа да нормативтік актілерден тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекітетін халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың
ережелері қолданылады
Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы
заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автор - шығармашылық еңбегімен туынды жасаған жеке тұлға;
2) авторлық құқық - автордың мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары;
3) электронды — есептеу машинасына (бұдан әрі — ЭЕМ) немесе деректер
базасына арналған бағдарламаны бейімдеу — ЭЕМ-ге немесе деректер базасына
арналған бағдарламаның пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе
пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс істеуін қамтамасыз
ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын ЭЕМ-ге немесе деректер базасына
арналған бағдарламаға өзгерістер енгізу;
4) дыбыстау-бейнелеу туындысы — тиісті техникалық құрылғылардың көмегімен
көріп және естіп (дыбыспен берілетін жағдайда) қабылдауға арналған өзара
байланысты кадрлардың немесе бейнелердің тіркелген серияларынан құралатын
(дыбыспен немесе дыбыссыз берілетін) туынды. Дыбыстау-бейнелеу туындылары
кинематографиялық туындыларды және бастапқы немесе одан кейінгі түсірілу
әдісіне қарамастан кинематография құралдарына ұқсас құралдармен бейнеленген
туындылардың бәрін (теле- және бейнефильмдерді, диафильмдер мен
слайдфильмдерді және сол сияқты туындыларды) қамтиды;
5) деректер базасы — деректер ЭЕМ көмегімен табылатындай және өнделетіндей
етіп жүйеге түсірілген материалдардын іріктелуі мен (немесе) орналасуы
жағынан шығармашылық еңбектің нәтижесін білдіретін деректер (мақалалар,
есептер, фактілер және басқалар) жиынтығы. Көмегімен деректер базасының
материалдарына электрондық кіруді жүзеге асыруға болатын ЭЕМ-ге арналған
бағдарламаға деректер базасы ұғымы қолданылмайды;
6) қайта шығару - туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектілерінің бір
немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдіспен және
кез келген нысанда, толық немесе ішінара, тікелей немесе жанама түрде
дайындау. Дыбыс-немесе бейнежазбаны дайындау, екі өлшемдік немесе үш
өлшемдік туындының бір немесе одан да көп даналарын дайындау, сондай-ақ
туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін кез келген материалдық
нысанда кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау қайта шығару түрлері болып
табылады;
7) ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны қайта құрастыру — ЭЕМ-ге арналған
бағдарламаның құрылымын зерттеу және кодын белгілеу мақсатында объектілік
кодты бастапқы мәтінге өзгертуді қамтитын техникалық тәсіл;
8) жалпы жұрттың назарына жеткізу — авторлық құқық және (немесе) сабақтас
құқықтар объектілерін көпшілік оларға өзінің жеке қалауы бойынша кез келген
жерден және кез келген уақытта (интерактивтік режимде) қол жеткізуді жүзеге
асыра алатын сым арқылы немесе сымсыз байланыс құралдарымен хабарлау;
9) жазу - дыбыстарды және (немесе) бейнелерді техникалық құралдардың
көмегімен оларды бірнеше қайтара қабылдауға, қайта шығаруға немесе
хабарлауға мүмкіндік беретін кез келген құралмен және кез келген нысанда
жазып алу;
10) құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат — туындыны, туынды авторын,
орындаушыны, орындаушының орындаушылығын, фонограмма жасаушыны,
фонограмманы, туындыға, орындаушылыққа немесе фонограммаға немесе туындыны,
орындаушылықты немесе фонограмманы пайдалану шарттары туралы ақпаратқа
қайсыбір құқық иеленушіні бірдейлендіретін ақпарат. Ақпараттың кез келген
элементі туындының, жазып алынған орындаушылықтың немесе фонограмманың
данасына қоса берілетін, не жалпы жұрттың назарына туындыны хабарлауға
немесе жазып алынған орындаушылықты немесе фонограмманы хабарлауға және
(немесе) жеткізуге байланысты пайда болатын кезде осындай ақпарат берілген
кез келген цифрлар немесе кодтар да құқықтарды басқару жөніндегі ақпарат
деп ұғынылады;
11) айрықша құқық — автордың немесе сабақтас құқықтар иеленушінің
туындыны, орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлік немесе кәбілдік
хабар тарату ұйымдарының хабарын осы Заңмен белгіленген мерзім ішінде өз
қалауы бойынша кез келген әдіспен пайдалану жөніндегі мүліктік құқығы;
12) орындау - туындыны, фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды тікелей
орындалатын ойын, ән, би арқылы немесе қандай да бір техникалық құралдардың
(телерадио хабарлары, кәбілдік телевизия және басқалары) көмегімен көрсету.
Дыбыстау-бейнелеу туындысының кадрларын реті бойынша дыбыспен сүйемелдеп
немесе сүйемелдемей көрсету;
13) орындаушы - актер, әнші, музыкант, биші немесе рөлде ойнайтын, ән
салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын немесе әдебиет
және (немесе) өнер туындыларын (соның ішінде эстрадалық, цирк немесе
қуыршақ нөмірлерін) немесе халық шығармашылығы туындыларын қандай да бір
өзгедей жолмен орындайтын басқа да адам, сондай-ақ дирижер;
14) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектісінің контрафактілік
данасы — жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңнын
ережелеріне не Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың
нормаларына сәйкес авторлық құқық және сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп
соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлік және
кәбілдік хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушінің
рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген,
немесе объектілерді қорғаудың техникалық әдістерін айналып өтуге мүмкіндік
беретін заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегімен жасалған авторлық
құқықтың және сабақтас құқықтардың объектілері де контрафактілік болып
танылады;
15) ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаны түрлендіру
(өңдеу) — ЭЕМ-ге немесе деректер базасына арналған бағдарламаның
бейімделуге жатпайтын кез келген өзгерістері;
16) айрықша емес құқық — осы Занда белгіленген жағдайларды қоспағанда,
автордың тиісті рұқсатымен басқа адамның құқық иесімен бірге туындыны
пайдалана алатын құқығы;
17) туындыны жариялау - туындыны жариялау, көпшілікке көрсету, көпшілік
алдында орындау, жалпы жұрттың назарына жеткізу арқылы және өзге де
әдістермен оған көпшіліктің алғаш рет қолын жеткізетін іс-әрекетті автордың
келісімімен жүзеге асыру;
18) жариялау — автордың не авторлық немесе сабақтас құқықтар объектілеріне
өзге құқық иеленушінің келісімімен туындының немесе фонограмманың даналарын
көпшіліктің орынды қажеттіліктерін қанағаттандыратын мөлшерде меншік
құқығын не туындының немесе фонограмманың данасын иелену құқығын сату,
прокатқа (жалға) тапсыру немесе өзгедей беру арқылы көпшілікке ұсыну;
19) туындыны аудару - шығарманы түпнұсқа шығарманың тілінен басқа тілде
білдіру. Бұл ретте аударма дұрыс және түпнұсқа туындының мазмұнын да,
стилін де бұрмаламайтын болуға тиіс;
20) эфирге беру - туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды,
фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының
хабарларын (көрсетуді немесе орындауды қоса алғанда) радио немесе телевизия
арқылы (кәбілдік телевизияны қоспағанда) беру жолымен жалпы жұрттың
назарына хабарлау. Туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды,
фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының
хабарларын жерсерік арқылы эфирге беру кезінде жердегі станциядан
жерсерікке сигналдар қабылдау және жерсеріктен сигналдар беру эфирге беру
деп түсініледі, солар арқылы туындыларды, орындаушылықтарды, қойылымдарды,
фонограммаларды, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдарының
хабарларын көпшіліктің нақты қабылдауына қарамастан жалпы жұрттың назарына
жеткізу мүмкін болады. Егер көпшілікке кодты ажырату құралдарын эфирлік
хабар тарату ұйымы берсе немесе соның рұқсаты бойынша берілсе, код
белгіленген сигналдарды беру эфирге беру болып табылады;
21)эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының хабары — эфирлік немесе
кәбілдік хабар тарату ұйымының өзі жасаған, сондай-ақ соның қаражаты
есебінен соның тапсырысы бойынша басқа ұйым жасаған хабар;
22) туындыны өңдеу — түпнұсқа туындыны бір жанрдан екінші жанрға өзгерту.
Бұл ретте түпнұсқа туындыны сахналау, қою және аранжировка жасау туындыны
өндеу түрлері болып табылады;
23) эфирге кейінгі беру - бұрын эфирде берілген немесе кәбіл бойынша жалпы
жұрттың назарына хабарланған шығармаларды немесе сабақтас құқықтар
объектілерін қайталап беру;
24) құқық иеленуші - авторлық құқыққа қатысты автор (өсиетте аталған
адамдар, оның мұрагерлері), сабақтас құқықтарға қатысты орындаушы (оның
мұрагерлері), фонограммаларды жасаушы, эфирлік немесе кәбілдік хабар беру
ұйымы, сондай-ақ шарт бойынша немесе осы Заңмен көзделген өзге де негіз
бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға
құқық алған өзге де жеке және заңды тұлғалар;
25) ЭЕМ-ге арналған бағдарлама — табиғатына орай ЭЕМ-ге арналған бағдарлама
олардың неғұрлым кейінірек кезеңдегі нәтижесі болып табылатын дайындық
материалдарын қоса алғанда, машинада оқылатын материалдық жеткізгішке жазу
кезінде ЭЕМ-мен белгілі бір міндеттерді орындау немесе нәтижеге қол жеткізу
қамтамасыз етілетін сөздер, схемалар немесе бейнелеудің өзге де кез келген
түрінде бейнеленген командалар жиынтығы;
26) сәндік-қолданбалы өнер туындысы—көркем кәсіпшілік туындысын немесе
өнеркәсіптік әдіспен дайындалған туындыны қоса алғанда, іс жүзінде
пайдаланылатын заттарға көшірілген екі өлшемді немесе үш өлшемді өнер
туындысы;
27) халық шығармашылығы туындысы — дәстүрлі көркемдік мұраларға (халық
ертегілері, халық поэзиясы, халық әндері, халық аспаптық музыкасы, халық
билері мен пьесалары, халықтық салт-жоралғылардың көркемдік нысандары және
басқалар) тән элементтерді қамтитын туынды;
28) дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы — осындай туынды жасаудың
бастамасы мен жауапкершілігін мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге
дәлелдемелері болмаған кезде, осы туындыда есімі немесе атауы белгіленген
тұлға дыбыстау-бейнелеу туындысын шығарушы деп танылады;
29) фонограмма шығарушы — қайсыбір орындаушылықты немесе өзге де
дыбыстардың тұңғыш дыбыс жазбасы үшін бастамашылық пен жауапкершілікті
мойнына алған жеке немесе заңды тұлға.
30) туынды шығарма — басқа туындыны шығармашылықпен өндеу нәтижесінде
жасалған туынды;
31) көпшілік алдында орындау — туындыны мәнерлеп оқу, ойнау, билеу немесе
қандай да бір өзге жолмен, соның ішінде техникалық құралдардың көмегімен
(дыбыстау-бейнелеу туындысына қатысты — кадрларды дыбыспен сүйемелдеу
арқылы оларды ретімен көрсету) отбасылық ортаға жатпайтын адамдар болатын
немесе болуы мүмкін орындарда орындау;
32) көпшілікке көрсету - туындының түпнұсқасын немесе данасын тікелей
немесе слайд, кино, телекадр түрінде экранда, басқа кез келген техникалық
құралдың көмегімен немесе кез келген өзге әдіспен (дыбыстау-бейнелеу
туындысына қатысты - олардың реттілігінен тыс жеке кадрларды көрсету)
отбасылық ортаға жатпайтын адамдар болатын немесе болуы мүмкін орындарда
көрсету;
33) спектакльді қоюшы-режиссер — театр, цирк, қуыршақ, эстрада спектаклін
немесе өзге де спектакль (көрсетілім) қойылымын жүзеге асырған адам;
34) көшірмелеу (репрографиялық қайта шығару) — жазбаша және басқа да
графикалық туындылар түпнұсқаларының немесе көшірмелерінің фотокөшірме
жолымен немесе басып шығарудан өзге басқа да техникалық құралдар арқылы кез
келген мөлшерде және нысанда бір немесе одан да көп данасын факсимальдік
қайта шығару. Репрографиялық қайта шығаруға аталған көшірмелерді
электрондық (цифрлық көшірмелерін қоса), оптикалық немесе машинамен
оқылатын өзге де нысанда сақтау немесе қайта шығару кірмейді;
35) прокатқа (жалға) беру - туындының немесе фонограмманың данасын тікелей
немесе жанама коммерциялық пайда табу мақсатында уақытша пайдалануға беру;
36) сабақтас құқықтар - орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлік және
кәбілдік хабар тарату ұйымының мүліктік құқықтары және орындаушының жеке
мүліктік емес құқықтары;
37) кәбіл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарлау — туындыны, фонограмманы,
орындаушылықты, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымдары хабарын жалпы
жұрттың назарына кәбіл, сым, оптикалық талшықтар арқылы немесе соған ұқсас
құралдардың көмегімен хабарлау;
38) құрамдас туынды — материалдарды іріктеп алу және (немесе) орналастыру
бойынша шығармашылық қызметтің нәтижесін білдіретін туындылар мен басқа да
материалдардың жинағы (энциклопедия, антология, деректер базасы);
39) техникалық құрал — осы Заңмен қорғалатын, кез келген авторлық немесе
сабақтас құқықтардың бұзылуын болдырмауға немесе бұзуға кедергі келтіруге
арналған тәсілдің, құрылғының немесе бұйымның құрамдас бөлігі болып
табылатын кез келген құрылғы, бұйым немесе компонент;
40) уәкілетті орган — Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және
авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге
асыратын мемлекеттік орган;
41) фонограмма — орындаушылықтардың немесе өзге де дыбыстардың дыбыстық
жазбасы, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысына енгізілген жазбаны
қоспағанда, дыбыстарды кез келген нысанда беру;
42) туындының данасы — туындының кез келген материалдық нысанда
дайындалған көшірмесі;
43) фонограмманың данасы - фонограммадан тікелей немесе жанама түрде
дайындалған және осы фонограммада жазылған барлық дыбыстарды немесе
дыбыстардың бөлігін қамтитын кез келген материалдық жеткізгіштегі
фонограмма көшірмесі.

2.1. Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңына сәйкес
авторлық құқық:
1) Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бірақ
авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерінің азаматтығына қарамастан
Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективті нысанда
болатын туындыларға қолданылады;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған,
бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті
нысандағы туындыларға қолданылады және Қазақстан Республикасының азаматтары
— авторлары және олардың құқықтық мұрагерлері деп танылады;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жарияланған не жарияланбаған,
бірақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі қандай да болсын объективті
нысандағы туындыларға қолданылады және авторлардың (олардың құқықтық
мұрагерлерінің) — шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан
Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес авторлық құқығы бар деп
танылады.
Егер туынды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алғаш жарияланған
күннен кейінгі отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағында
жарияланса, ол Қазақстан Республикасында жарияланды деп саналады.
Қазақстан Республикасы аумағында туынды халықаралық шарттарға сәйкес
қорғалатын болған жағдайда туындының авторы авторлық құқықты алуға негіз
болған іс-әрекет немесе мән-жай орын алған мемлекеттің заңы бойынша
анықталады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес, егер ол
Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарттың ережелері
бойынша айқындалатын туындының шыққан елінде авторлық құқықтың осы елде
белгіленген қолданылу мерзімінің бітуінің салдарынан қоғам игілігіне
айналмаса және авторлық құқықтың қолданылу мерзімінің бітуінің салдарынан
Қазақстан Республикасында қоғамның игілігіне айналмаса, туындыға қорғау
беріледі.
2.2. Авторлық құқық мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ берілу әдісі
мен нысанына қарамастан, шығармашылық еңбектің нәтижесі болып табылатын
ғылым, әдебиет және өнер туындыларына қолданылады.
Авторлық құқық белгілі бір объективті түрге ие болған:
1) жазбаша (қолжазба, машинкаға басылған, нотаға жазылған және сол сияқты);
2) ауызша (көпшілік алдында айтушылық, көпшілік алдында орындаушылық және
сол сияқты);
3) үнжазба немесе бейнежазба (механикалық, сандық, магниттік, оптикалық
және сол сияқты);
4) бейнелеу (сурет, нобай, көркемсурет, жоспар, сызба, кино, телебейне -
немесе фотокадрлар және сол сияқты);
5) көлемді - кеңістікті (мүсін, үлгі, макет, ғимарат, және сол сияқты);

6) өзге де нысанда жария болған да (жарияланған, жарыққа шыққан, баспадан
шыққан, көпшілік алдында орындалған, көпшілік алдында көрсетілген),
жарияланбаған да туындыларға қолданылады.
Заңның осы бабының 1-тармағында аталған белгілері бар және дербес
қолдануға болатын туынды бөлігі (оның атауымен, кейіпкерлердің атауларымен
қоса) авторлық құқық объектісі болып табылады.
Авторлық құқық идеялардың, тұжырымдамалардың, принциптердін,
әдістердің, жүйелердің, процестердің, жаңалықтардың, фактілердің өздеріне
қолданылмайды.
Туындыға деген авторлық құқық туынды жасалған материалдық объектіні
меншіктену құқығымен байланысты емес.
Қандай да болсын материалдық объектіге меншік құқығын немесе иелену
құқығын беру, осы Заңда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы объектіде
көрсетілген туындыға авторлық құқықтың берілуіне әкеп соқпайды.
Авторлық құқық объектілері болып табылатын туындылар
Мыналар авторлық құқық объектілері болып табылады:
1) әдеби туындылар;
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарий туындылары;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық туындылар;
6) дыбыс-бейнежазу туындылары;
7) кескіндеме, мүсіндеме, графика және бейнелеу өнерінің басқа да
туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындылары;
10) суретке түсіру туындылары және суретке түсіруге орайлас әдістермен
жасалған туындылар;
11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендірулер және географияға,
топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемді туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
13) өзге де туындылар.
ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды қорғау ЭЕМ-ге арналған
бағдарламалардың (соның ішінде операциялық жүйелердің) бастапқы мәтін мен
объектілік кодты қоса алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда
жасалуы мүкін барлық түріне қодданылады.
Авторлық құқық объектілеріне мыналар да жатады:
1) туынды шығармалар (аудармалар, өнделген дүниелер, аннотациялар,
рефераттар, түйіндер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық өндеулер және
басқа да ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын өндеулер);
2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және
материалдарының іріктелуі және (немесе) орналасуы жағынан шығармашылық
еңбектің нәтижесі болып табылатын басқа да құрама туындылар.
Туынды және құрама шығармалар, өздерінің негізге алынған немесе
өздеріне енген туындылардың авторлық құқық объектілері болу болмауына
қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады.
Авторлық құқық объектілері болмайтын туындылар
Мыналар авторлық құқық объектілері болмайды:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заң әкімшілік, сот сипатындағы
және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми
аудармалары;
2) мемлекеттік нышандар мен белгілер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша
белгілері және өзге де мемлекеттік нышандар мен белгілер);
3) халық шығармашылығы туындылары;
4) оқиғалар мен фактілер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар.

2.3. Сабақтас құқықтар қойылымдарға, орындаушылықтарға,
фонограммаларға, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының
хабарларына олардың мақсатына, мазмұны мен сапасына, сондай-ақ жеткізілу
әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады.
Сабақтас құқықтардың субъектілері
1. Орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кабельдік хабар тарату
ұйымдары сабақтас құқықтардың субъектілері болып табылады.
2. Фонограмма жасаушы, хабар таратушы ұйым осы тарауда көзделген құқықтарын
орындаушымен және фонограммаға жазылған не эфирде немесе кабель бойынша
берілетін туындыны орындаушымен және оның авторымен жасалған шарт бойынша
алған құқықтары шегінде жүзеге асырады.
3. Орындаушы осы тарауда көзделген құқықтарын орындалатын туынды
авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда жүзеге асырады.
4. Сабақтас құқықтардың пайда болуы және жүзеге асырылуы үшін қандай да
болсын формальдылықты сақтау талап етілмейді. Фонограмма жасаушы және
(немесе) орындаушы өз құқықтары туралы хабарлау үшін фонограмманың әр
данасында және (немесе) оның әрбір қорабында көрсетілетін және үш
элементтен тұратын сабақтас құқықтарды қорғау белгісін пайдалануға құқылы,
олар:
1) қоршауға алынған латынша Р әрпі: Р;
2) айрықша сабақтас құқықтар иесінің есімі (атауы);
3) фонограмманың алғаш жарияланған жылы.
5. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында
есімі немесе атауы көрсетілген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы
болып танылады.
Сабақтас құқықтардың қолданылу аясы
1. Орындаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда, егер:
1) орындаушы Қазақстан Республикасының азаматы болса;
2) орындаушылық, қойылым алғаш рет Қазақстан Республикасының аумағында
жүзеге асырылса;
3) орындаушылық, қойылым осы баптың 2-тармағының ережелеріне сәйкес
қорғалатын фонограммаға жазылса;

4) фонограммаға жазылмаған орындаушылық, қойылым осы баптың 3-тармағының
ережелеріне сәйкес қорғалатын эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының
хабарына енгізілген болса, танылады.
2. Фонограмманы жасаушының құқықтары осы Заңға сәйкес мына жағдайларда,
егер:
1) фонограмма жасаушы Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан
Республикасының аумағында ресми тұрғылықты жері бар заңды тұлға болса;
2) фонограмма тұңғыш рет Қазақстан Республикасының аумағында жарық көрсе,
танылады. Егер фонограмма Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде
жарияланған күннен кейін отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының
аумағында жарияланса, ол да Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет
жарияланды деп саналады.
3. Эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымының құқықтары осы Заңға
сәйкес, егер ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында ресми тұрғылықты
жері бар болса және хабарларын Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан хабар таратқыштар көмегімен жүзеге асырса, танылады.
4. Шетелдік жеке және заңды тұлғалардың сабақтас құқықтары, егер тиісті
орындаушылық, фонограмма, эфирлік немесе кәбілдік хабар тарату ұйымының
хабары Қазақстан Республикасы бекіткен тиісті халықаралық шарттың ережелері
бойынша айқындалатын олардың шыққан елінде, сабақтас құқықтардың сол елде
белгіленген қолданылу мерзімінің өтуі салдарынан қоғам игілігіне айналмаған
болса және сабақтас құқықтардың қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты
Қазақстан Республикасында қоғам игілігіне айналмаған болса, Қазақстан
Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық
шарттарға сәйкес танылады.

Орындаушының құқықтары
1. Осы Заңда көзделген реттерді қоспағанда, орындаушыға мынадай мүліктік
емес жеке және мүліктік құқықтар:
1) есімінің құқығы;
2) орындаушылықты немесе қойылымды орындаушының ар-намысына және қадір-
қасиетіне нұқсан келтіре алатын кез келген бұрмалаудан немесе өзге де
қолсұғушылықтан қорғалу құқығы (беделін қорғау құқығы);
3) орындаушылықты немесе қойылымды пайдаланудың әрбір түрі үшін сыйақы алу
құқығын қоса, кез-келген түрде пайдалану құқығы беріледі.
1-1. Мүліктік емес жеке құқықтар орындаушыға оның мүліктік құқықтарына
қарамастан тиесілі және орындаушылықты пайдалануға айрықша мүліктік
құқықтарын берген жағдайда да олар өзінде сақталып қалады.
2. Орындаушының орындаушылықты немесе қойылымды пайдалануға айрықша
құқықтары мынадай іс-әрекеттерді:
1) бұрын жазылмаған орындаушылықты немесе қойылымды жазуды;
2) орындаушылық немесе қойылым жазбасын кез келген нысанда тікелей немесе
жанама қайта шығаруды;
3) орындаушылықтың немесе қойылымның жазбасын пайдаланбай-ақ орындаушылықты
немесе қойылымды эфирге беруді, кәбіл арқылы жалпы жұрттың назарына
хабарлауды немесе жалпы жұрттың назарына жеткізуді;
4) осы Заңның 39-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда,
орындаушылық немесе қойылым жазбасын эфирге беруді, кәбіл арқылы жалпы
жұрттың назарына хабарлауды немесе жалпы жұрттың назарына жеткізуді;
5) орындаушының қатысуымен орындаушылық немесе қойылым жазылған,
коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмманы прокатқа (жалға) беруді
жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқығын білдіреді.
Орындаушылықты фонограммаға жазуға шарт жасалған кезде бұл құқық
фонограмманы шығарушыға ауысады. Бұл ретте орындаушы мұндай фонограмманың
даналарын прокатқа (жалға) бергені үшін сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
3.Орындаушының осы баптың 2-тармағының 2)-тармақшасында көзделген айрықша
құқығы мына жағдайларда:
1) орындаушылықтың немесе қойылымның бастапқы жазбасы орындаушының
келісімімен жасалған;
2) орындаушылықты немесе қойылымды көшірмелеу орындаушылықты немесе
қойылымды жазу кезінде орындаушының келісімі алынған мақсатпен жасалған;
3) орындаушылықты немесе қойылымды көшірмелеу осы Заңның 41-бабының
ережелеріне сәйкес жазба жүргізілген мақсатта жүзеге асырылған жағдайда
қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағында аталған рұқсатты орындаушы береді, ал ұжым болып
орындаған кезде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық құқық негiзгi жағдайлары
Авторлық құқықтың түсінігі туралы
Интеллектуалдық меншік құқығының түсінігі
Авторлық құқықтың субъектілері және олардың құқықтары
Патент құқығының интелектуалдық меншік құқығының маңызды институттардың бірі ретінде
Авторлық құқықтың түсінігі
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне тән белгілердің теориялық аспектілері
Интеллектуалдық меншік
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ИНСТИТУТТАРЫ
Интеллектуалдық меншік объектілеріне айрықша құқықтар
Пәндер