Экономикадағы құрылыс материалдары нарығының теоретикалық негіздері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 330.322.214 Қолжазба құқығында

АБИЛЬШАИКОВ НАРИМАН БАКТЫБАЕВИЧ

Индустриалды-инновациялық жағдайда Қазақстан құрылыс материалдары нарығын
дамытуда ұйымдастыру-экономикалық механизмін жетілдіру

08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару
(қызмет салалары мен өрістері бойынша)

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты

Қазақстан Республикасы
Астана, 2010

Жұмыс С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде орындалған

Ғылыми жетекшілері: экономика ғылымдарының докторы,
Е.М.Арын

экономика ғылымдарының кандидаты,
М.М.Бегентаев

Ресми оппоненттер: экономика ғылымдарының докторы,
З.Ә.Сәлжанова

экономика ғылымдарының кандидаты,
Н.Д.Есмагулова

Жетекші ұйым: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университеті

Қорғау 2010 жылы 27 қазанда сағат 14.30-да Қазақ экономика, қаржы
және халықаралық сауда университеті жанындағы экономика ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын БД 14.08.01
диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен жайы: 010008, Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 7, мәжіліс залы

Диссертациямен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда
университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2010 жылғы 25 қыркүйекте таратылды.

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
экономика ғылымдарының докторы Р.А.Исмаилова

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының осы кезеңінде
нарықтардың көптеген салалық түрлері іс-қимылда, олар экономикалық
процестер мен экономикалық даму қарқынын қамтамасыз етуде әртүрлі роль
ойнайды. Нарықтың салалық түрлерінен, базистікті бөлуге болады, яғни сол
нарықты, олардан экономика жалпы, басқадай нарықтардың іс-қимылдар
тиімділігінен тікелей тәуелді. Осындай нарықтардың біріне – құрылыс
материалдары нарығы жатады. Осы нарықтың ерекшелігі, оның Қазақстан
Республикасының құрылыстық кешенімен, құрылыс саласымен бірігуі, сондай-ақ,
өндірістік және өндірістік емес қозғалмайтын мүлік саласында негізгі қорлар
жасау үшін айналымды қорлардың басты жеткізушісі болып саналады. Осылайша,
құрылыс материалдары нарығы жетекші халықтық-шаруашылық рольді ойнайды.
Құрылыс материалдары нарығының іс-қимыл тиімділігі көптеген ұйымдастыру-
экономикалық факторлардан тәуелді, ол үшін көптеген проблемалар тән, ал
проблемаларды шешу маңызды сипатта болуда.
Соңғы жылдары құрылыс материалдары нарығы индустриалды-инновациялық
дамудың объектісі болып саналады. Қазақстандағы құрылыс материалдары нарығы
біршама дәрежеде шетел өндірісінен басымдықта, сұраныс ұсыныстан артады,
құрылыс материалдарын шығару жөніндегі дамымаған және моральді-ескірген
өндірістің барлығы, еліміздің өңірлері мен облыстарында аса бай ресурстық
әлеуеті мен ғылыми жаңалықтар толық көлемде пайдаланбайды.
Құрылыс материалдары нарығының әлсіз дайындамасы ұйымдастыру жоспарында
қалуда. Осы аспектіде нарықтың инфрақұрылымдық дамуының жеткіліксіз
деңгейде және саудалық-өткізу іс-қимылдарын дамытуды бөлуге болады.
Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму жағдайында
құрылыс материалдары нарығы іс-қимылының қалыптасқан проблемалар жиынтығы,
оның іс-қимылдағы ұйымдастыру-экономикалық механизмдерін жетілдіру жолдарын
жасауды талап етеді.
Осылайша, құрылыс материалдары нарығын дамыту маңыздылығы мен
ұйымдастыру-экономикалық механизмдерін жетілдіру диссертациялық жұмыстың
тақырыбын анықтады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Құрылыс материалдары нарығын дамытудың
теориялық және әдістемелік мәселелеріне жоспарлы тұрғыда да, нарықтық
экономика тұрғысынан да назар аударылып отыр. Жоспарлы экономикада құрылыс
материалдарының нарығы үнемі шаруашылықтың кеңестік жүйесі жағынан, яғни
еліміздің құрылыстық кешенінде атқарылатын құрылыс материалдарының саласы
ретінде қарастырылады. Құрылыс материалдарының нарығы біздің зерттеуімізде
қолданылатын нарықтық қатынастарды жетілдіру проблемалары мен жеке
мәселелер жақын және алыс шетелдердің көптеген ғалымдарының еңбектерінде
зерделенген. Ғылымды дамыту, өнеркәсіптегі технологиялық және құрылымдық
түрлендірулерді мемлекеттік саяси институттар көмегімен осы процестердің
өзара қамтамасыз ету және тиісті шаралармен оларды реттеу экономист-
ғалымдардың басты назарында. Экономикалық ғылымның осы бағытының
теоретикалық әдіснамалық негізін: Д.Доси, Б.-Э.Лундвалл, Ф.Малерб, Д.Норт,
М.Портер, Р.Нельсон, Н.Розенберг, Р.Солоу, Я.Тинберген, А.Фолис, Й.Шумпетер
және басқадай ғалымдардың еңбектері өнеркәсіпті технологиялық дамыту,
ұлттық инновациялық дамыту заңдылықтары мен тұжырымдамалары, өндірісте
ғылыми сыйымдылықты ұйымдастыру, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету
мәселелерін зерттеуге арналған.
Индустриалды-инновациялық даму жағдайында стратегия мен саясаттың
басымдықтарын таңдау мәселелері, жаңа даму жағдайында оның бәсекеге
қабілеттілігін арттыру, өнеркәсіптегі оның ішінде құрылыс саласында
технологиялық және құрылымдық түрлендірулерді дамыту қазақстандық ғалым
экономистер: Р.Алшанов, С.Алпысбаев, Ә.Әлімбаев, Ф.Әлжанова, С.Байзақов,
О.Баймұратов, Н.Барлыбаева, А.Есентугелов, Ш.Есімова, Р.Исмаилова,
К.Кажымурат, А.Кошанов, М.Кенжегузин, А.Кравцова, Н.Кучукова, О.Сәбден,
К.Сағадиев, З.Сәлжанова, Ғ.Сейітқасымов зерттеулерінде басты объекті болып
саналады.
Сонымен қатар ресейлік экономистер: Н.Гапоненко, С.Глазьев, М.Гохберг,
Н.Иванова, Л.Карась, Л.Новикова Я.Рекитар және басқалардың ғылыми еңбектері
өндіріс және технологиялар, ғылымды жүйелі дамытудағы теоретикалық және
қолданбалы аспектілерге үлкен үлесін қосты, олармен ғылыми және
технологиялық прогрестің заңдылықтарын зерттеуге көп көңіл бөлінді.
Осылайша, аталған көп аспектілі мәселелердің көптеген сұрақтары әлі де
болса зерттеулерді қажет етеді. Аса маңызды және жеткіліксіз зерттелген
сұрақтарға кәсіпорындар, ұйымдар, олардың институттарын құрайтын өзара іс-
қимыл және инновациялық әлеуеттің теоретикалық және концептуалды негіздерін
дамытуды жатқызуға болады.
Көптеген зерттеулерді талдап қарағанда, олар өндірістік сипаттағы
мәселелерді қамтитындықтан іріктеуге ерекше мән берілді. Құрылыс
материалдары нарығын кешендік зерттеу саудалық атқарылымның дамуы мен
инфрақұрылымдық дамуды салыстырмалы түрде қарастырғанда олардың болашағы
мардымсыз, сондықтан тереңдету мен ғылыми толықтыру талабының қойылу
қажеттілігі туындайды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан экономикасын индустриалды-
инновациялық дамыту мақсатында құрылыс материалдары нарығын дамытуда
ұйымдастыру-экономикалық механизмді жетілдіру бойынша ұсыныстар жасаумен
ұйғарылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін диссертациялық зерттеуде мынадай міндеттер
қойылды:
- экономиканы индустриализациялау ретінде құрылыс материалдары
нарығын дамыту;
- құрылыс материалдары нарығының іс-қимыл бағыттары мен жіктеу
белгілерін беру;
- құрылыс материалдары нарығын дамыту мен құруда шетел тәжірибесін
талдау;
- Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары нарығының дамыту мен
құру тиімділігін талдау;
- құрылыс материалдары нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қазіргіше
баға беру;
- Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары нарығының іс-қимыл
тиімділігін талдау;
- құрылыс материалдары нарығын индустриалды-инновациялық дамыту
бойынша бар дайындамаға баға беру;
- құрылыс материалдары нарығының тиімді инфрақұрылымын құру бойынша
ұсыныстар жасау;
- құрылыс материалдары нарығындағы саудалық іс-қимыл механизмдерін
жетілдіру жолдарын жасау.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының құрылыс материалдарының
нарығы саналады.
Зерттеу пәні. Өндірістік, саудалық және қызмет көрсету салаларындағы,
нарықтың субъектілері мен объектілері, құрылыс материалдары нарығы
тиімділігіне әсер етуші ұйымдастыру-экономикалық процестер саналады.
Зерттеудің әдіснамалық және теоретикалық негіздері. Құрылыс
материалдарын зерттеулер бағытында жұмыс істейтін қазақстан мен ресей
ғалымдардың еңбектері қызмет жасады.
Зерттеулердің негізгі әдістері ретінде: салыстыру, талдау мен синтез,
жүйелі келу, абстрактілеу, ұқсастық, дәріптеушілік қолданылады.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының статистика
жөніндегі Агенттігі тақырыптық жинақтары мен анықтамалық материалдары,
Қазақстан Республикасының өңірлері мен облыстардың құрылыс материалдары
өнеркәсібін дамыту бағадарламаларының ақпараттық деректері, сондай-ақ,
ғылыми зерттеулер саласына арнайыланған бірқатар агенттіктердің
материалдары, сондай-ақ, ресми басылымдарда басылған материалдар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- құрылыс материалдары нарығы іс-қимылына авторлық ұйымдастыру-
экономикалық негіздер ұсынылған;
- құрылыс материалдары нарығына әсер ететін экономикалық және
ұйымдастыруда эндогендік және экзогендік факторлары анықталған;
- құрылыс материалдары нарығындағы субъектілердің іс-қимылдарын
сипаттайтын көрсеткіштері және жіктеу белгілері жетілдірілді;
- құрылыс материалдары нарығындағы ұсыныс пен сұраныстың сандық және
сапалық динамикасы қазіргіше зерттелді;
- құрылыс материалдары нарығының тиімді іс-қимылдарын тежейтін
ұйымдастыру және экономикалық проблемалары анықталды;
- құрылыс материалдары нарығын индустриалды-инновациялық дамыту
бойынша бар дайындаманы кешенді бағалау;
- саудалық іс-қимыл механизмдері жүйесіне өзара кіретін сұраныс пен
ұсыныстың және құрылыс материалдары нарығына инфрақұрылымдық дамуда
ұйымдастыру-экономикалық механизм ұсынылған.
Қорғауға шығарылатын негізгі ғылыми ережелер:
- Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары нарығы іс-қимылының
ұйымдастыру-экономикалық негіздері;
- құрылыс материалдары нарығына әсер етуші ұйымдастыру-экономикалық
факторлар;
- құрылыс материалдары нарығы іс-қимылының жіктеу белгілері;
- құрылыс материалдары нарығындағы оның іс-қимыл тиімділігін
анықтайтын қазіргі ерекшеліктері;
- құрылыс материалдары нарығында сұраныс пен ұсынысты қазіргіше
бағалау;
- құрылыс материалдары нарығы іс-қимылының тиімділігін талдау;
- инновациялық экономика жағдайында құрылыс материалдары нарығын
дамытуда басымды бағыттарды ғылыми негіздеу;
- құрылыс материалдары нарығының тиімді инфрақұрылымдық іс-қимыл
механизмі;
- құрылыс материалдары нарығында саудалық қатынастарды дамыту
механизмі.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Инновациялық экономика жағдайында
құрылыс материалдарын дамытуда ұйымдастыру-экономикалық механизмді құру
бойынша ұсыныстар нақты орындаушыларға оның нәтижелері жеткендігімен
қорытындалады.
Зерттеулер нәтижелері мемлекеттік билік органдарының, облыстық
кәсіпкерлік басқармасының іс-қимылында және құрылыс материалдары саласын
қолдау мен дамыту жөніндегі заңнамалық және нормативтік, бағдарламалық
құжаттарды жетілдіруде пайдаланылуы мүмкін. Осылайша, ғылыми зерттеулердің
нәтижелері құрылыс материалдары нарығы субъектілерінің іс-қимылында кеңінен
қолданыс табуы мүмкін.
Жұмыстың сыналуы. Зерттеудің негізгі қағидалары экономика және
кәсіпорынды басқару кафедрасының отырысынның ғылыми-әдістемелік семинарында
талқыланды және халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда
баяндалынды (Павлодар, 2008 - Павлодар облысының 70 жылдығына арналған
Павлодар-Ертіс өңірі дамуының әлеуметтік–экономикалық және тарихи
алғышарттары мен басымдықтары атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференция, 2009 - Қазақстан және әлем тілдері, атты халықаралық ғылыми-
практикалық конференция. 2010 - 2020 стратегиялық жоспар: көшбасшылыққа
қазақстандық жол атты жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушыларының Х
Сәтбаев оқулары халықаралық ғылыми конференция, Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық сауда университетінің жаршысы), ҚР БҒМ білім беру және ғылым
саласында бақылау жөніндегі Комитеттің ұсынған ғылыми журналдарында
мақалалар түрінде баяндалды. Сонымен қатар Диссертациялық зерттеудің
нәтижелері Студенттік құрылыс жастары еңбек жасақтарының Республикалық
штабы, Павлодар облысының: Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Құрылыс
басқармасы, сонымен қатар С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеттің оқу үдерісіне енгізілді.
Зерттеу нәтижелерінің басылымдары. Диссертациялық жұмыс тақырыбы
бойынша 8 ғылыми жұмыстар, оның ішінде ҚР БҒМ білім беру және ғылым
саласында бақылау жөніндегі Комитеттің ұсынған 3 басылымдарында басылып
шығарылды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан құралады.

Негізгі бөлім

Экономикадағы құрылыс материалдары нарығының теоретикалық негіздері.
Құрылыс материалдары нарығы дегеніміз құрылыс тауарларын сатып алу және
сату қызметімен айналысатын әлеуетті өндірушілер мен тұтынушылар жиынтығы
болып табылады. Әрбір нарық, оның ішінде құрылыс материалдары нарығының өз
экономикалық және ұйымдастыру негіздері бар.
Құрылыс материалдары нарығын құрудың негізгі алғышарты тұрғындарға
тұрғын-үй және басқадай тұрмыстық құрылыстар салу, оларды дер кезінде
қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, халық
шаруашылығындағы құрылыстарға, тұрғын үйлерге, мәдени-тұрмыстық, өнеркәсіп,
гидротехникалық және басқа арнайы құрылыстарға қажетті жөндеу жүргізу
болып саналады.
Құрылыс материалдарының өнеркәсіп кәсіпорындары ғимараттарды салу үшін,
сондай-ақ оларды жөндеу үшін қажет әртүрлі құрылыс материалдарын өндіру мен
қазып алуды жүргізеді. Содан басқа, сала кәсіпорындары өнеркәсіптің басқа
салаларында қолданылатын, материалдар мен бұйымдарды өндіреді (техникалық
шыны, шыны ыдыстар, каолин, тальк, қабаттас және басқадай материалдар),
сондай-ақ, ауыл шаруашылығы үшін (әктастың ұнын, құрғату (дренаждық)
құбырларын және халық тұтынатын тауарларды шығарады.
Республика экономикасында құрылыс материалдары нарығының рөлі, күрделі
құрылыстың материалдық базасы болып саналуымен анықталады, ол машина
жасаумен бірге қамтамасыз етіледі: негізгі қорларды жасау; өндірістік
қуаттарды енгізу; ғылыми-техникалық прогресс жетістіктері негізінде халық
шаруашылығының барлық салаларын техникалық қайта жарақтандыру.
Құрылыс материалдары нарығын дамыту өндірістік күштерді құру, оларды
орналастыру, еліміздің экономикалық өсуі мен әлеуметтік мәселелерді шешуге
үлкен әсер етеді.
Саладағы өндіріс көлемі, өнімнің сапалық деңгейі мен өндіріс тиімділігі
біршама дәрежеде техникалық деңгей мен күрделі құрылыс тиімділігіне себепші
болады. Өз кезегінде, күрделі құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібінің
дамуына шешуші ықпал етеді, оның сала ішіндегі жекелей түрлерінің өсу
қарқынын, номенклатура мен өнімнің түржиынын, кәсіпорындарды орналастыруды
анықтайды.
Құрылыс материалдары нарығының іс-қимылының экономикалық негізі
жалпыланған вариантта 1-ші суретке сәйкес келтіруге болады

Ескерту - автормен жасалынған
1 сурет – құрылыс материалдары нарығы іс-қимылдың экономикалық негіздері.

Құрылыс материалдары нарығының ұйымдастыру негізі ретінде:
- құрылыс материалдары өндірісіне мамандандырылған өндірістік
бірлестіктері;
- құрылыс материалдарын өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізуді
қамтамасыз ететін, сауда-делдалдық ұйымдар;
- құрылыс материалдары нарығына қатысушылардың тиімді іс-қимылын,
қамтамасыз ететін нарықтық ортаның инфрақұрылымдық фирмалар мен
ұйымдар, кәсіпорындар;
- өндіріс және сату менеджменті;
- құрылыс материалдарының негізгі өндірісін орналастыру.
Нарықтық қатынастың субъектілері болып шаруашылық ұйымдар, сондай-ақ,
жеке тұлғалар – жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес кәсіпорындары
болуы мүмкін. Нарықтық қатынаста субъектілер құрамы мен құрылыс
материалдары нарығында олардың рөлі тұрақты емес, ол құрылыс пен құрылыс
материалдары өнеркәсібіндегі экономикалық жағдаймен анықталады.
Олардың өндірісі үшін құрылыс материалдары мен ресурстарды жеткізу
бойынша шаруашылық байланыстарды құру, олардың жалпы саны мен күрделілігі
көптеген әртүрлі факторлардың әсерінде болады. Аса елеулі факторлар болып
мыналар саналады:
- қоғамдық өндірістің масштабтары мен оның салалық құрылымының
күрделілігі;
- өнеркәсіпте өндірістік кооперация мен мамандандыруды тереңдету
процестері;
- халық шаруашылығында құрылысқа арналған өндірілетін және
тұтынылатын өнімнің сапасы мен көлемі, түржиыны.
Құрылыс материалдарын сатуды жүргізетін, жекелей алынған сауда-
делдалдық кәсіпорын шеңберінде, басты субъектілер ретінде сауда
менеджерлері алға шығады, олар тікелей өткізу әрекеті процестерін
ұйымдастырады және оларды басқарады, сату тактикасы мен стратегиясын
жасайды, бір мезгілде көптеген маңызды басқару мәселелерін шешеді.
Құрылыс материалдарын сатуды басқару объектісі ретінде аралық
тұтынушылар шығады (екінші, үшінші және келесі бөлудегі кәсіпорындар) және
халық тұтынатын тауарларды соңғы тұтынушылар. Аса іріктелген, сондай-ақ
сатуларды басқару объектісі ретінде шығуы мүмкін: жекелей аумақтар;
өңірлер; қалалар; елдер (халықаралық салада сатуларды басқару шеңберінде).
Нарықтық қатынастар тәжірибесі мен құрылыс материалдарын сатуды
басқарудағы шаруашылық субъектілердің іс-қимылы 2-ші суретте келтірілген,
бағыттар бойынша құрылады

Ескерту - автормен жасалынған
2 сурет – құрылыс материалдарын сатуды басқарудағы басымдық бағыттар.
Құрылыс материалдары нарығында арнайы рөл инфрақұрылымдық нарық
ортасының кәсіпорындары, ұйымдар мен фирмаларға беріледі. Осындай
кәсіпорындарға мыналар жатады: инжирингтік фирмалар; көліктік-экспедиторлық
кәсіпорындар; қоймалық кәсіпорындар.
Осылайша, құрылыс материалдары нарығының іс-қимылының ұйымдастыру
негізін 3-ші суретке сәйкестікте келтіруге болады.

Ескерту - автормен жасалынған
3 сурет – құрылыс материалдары нарығының іс-қимылындағы ұйымдастыру
негіздері.

Құрылыс материалдары нарығының іс-қимылына сыртқы және ішкі ортаның
факторлары ықпал етеді. Осы факторлар эндогенді (басқарылатын) және
экзогенді (басқарылмайтын) болып бөлінеді.
Біздің пікірімізше, құрылыс материалдары нарығы өздігінен тауар
өндірісінің динамикалық институты болып келтірілген, ол өндіріс пен құрылыс
материалдарын тұтынушы арасындағы ұдайы өндірістің үздіксіз процесін
қамтамасыз етуші байланыс буыны, оған сыртқы және ішкі факторлардың
нарықтық іздері, коса алғанда инфрақұрылымдық және институционалды
түрлендірулер ықпал етеді.
Құрылыс материалдары нарығының ерекшелігі сонда, ол құрылыс өнімдері
нарығына тікелей жатпайды. Құрылыс өнімдерінің нарығы деп қозғалмайтын
мүлік нарығы (дайын ғимараттар мен құрылыстар) және құрылыс мердігерлігі
(нағыз құрылыстық іс-қимыл) есептеледі.
Құрылыс материалдарының нарығы көтерме сатылатын, сондай-ақ тұтынушы
нарығында сатылатын, ерекше бұйымдар нарығына жатады. Құрылыс материалдары
- ол құрылыста және үймереттер мен ғимараттарды жөндеуде қолданылатын,
бұйымдар және табиғи мен жасанды материалдар. Үймереттер мен ғимараттарды
пайдалану жағдайында және мақсатындағы айырмашылықты құрылыс материалдарына
және олардың кең номенклатурасына қойылатын әртүрлі талаптармен анықтайды.
Қолданылатын маркетингтік бағдарламалар көзқарасынан, аса белсенді
нарық болып, нарық қатысушылары арасында аса күрделі бәсекелестік
жағдайдағы, өндеу материалдары нарығы саналады. Осы нарық үшін маңызды
рөлді брендинг ойнайды, сондай-ақ ол қалған нарықтар үшін де тән.
Нарық түрінен тәуелсіз құрылыс материалдарын жоспарлау бәсекелестің
арту жағдайында жүзеге асырылады, осыған байланысты дайындаушы-
кәсіпорындарымен түржиындық және номенклатуралық саясат енгізіліп,
қолданылады, ол құрылыс материалдары нарықтарын дамыту мен іс-қимылындағы
басымдықтардың бірі болып саналады.
Құрылыс материалдары нарығындағы түржиындық және номенклатуралық
саясатпен қатар, оның іс-қимылында стандарттау және сертификаттау
процестерін тереңдету өзекті бағыт болып саналады.
Осылайша, құрылыс материалдарының нарығы санымен ғана дамымай, ол сапа
позициясынан да дамуда. Құрылыс материалдары нарығын дамытуда сапалық
аспектілер сандық көрсеткіштермен қатар маңызды рөлді атқарады.
Әлемдік аспектіде құрылыс материалдары нарығын дамыту қазіргі
динамикасын зерттеу мақсатында өзекті болып құрылыс материалдары нарығын
басқару бойынша іс-қимылды шетел тәжірибелерін зерттеу саналады.
Шетелдерде қазіргі өндеу және құрылыс материалдары нарығы 50-60 жыл
бұрын құрылған. Осы нарық, пайда болған әлемдік дағдарысқа қарамастан және
оның келеңсіз ықпалы барлық әлем елдерінің экономикалық процестеріне әсер
етсе де, динамикалы дамуда. Construction Materials – Global Industry Guide
есебіне сәйкес, 2007 жылдан бастап 2012 жыл бойы құрылыс материалдарының
өсуі 7,4% жетеді. Ұйымның деректері бойынша 2012 жылға әлемдік құрылыс
нарығы 2000 жылмен салыстырғанда 42,8% артып, 747,6 млрд. долларға жетеді.
Қазіргі кезенде құрылыс материалдары жалпы әлемдік нарықтың 66,6% -
Азия-Тынықмұхит өңіріне, нарықтың 18% - Еуропаға, қалған бөлігі 15,4% -
Америка елдеріне келеді. Құрылыс материалдары нарығындағы болашақты дамушы
болып Қытай халықтық републикасы саналады, ол соңғы 10 жылда Әлемдік
құрылыс алаңына айналды.
Құрылыс материалдары шетел нарықтарын зерттегенде назарды маркетингті
және сауда жүйесін дамыту мәселелеріне бөлу қажет.
Кіші көтерме және бөлшектік бағыттағы құрылыс материалдары нарығындағы
шетел тәжірибесінде екі сату жүйесі даму алды: Do It Yourself (DIY)
ұстанымы бойынша салынған, іс-қимылдағы дүкендер; Shop in shop ұстанымы
бойынша іс-қимылдағы дүкендер (дүкендегі дүкен).
Шетел тәжірибесінде құрылыс материалдары нарығында сату жүйесін тиімді
қолдау үшін нарықтық инфрақұрылым кеңінен даму алды, оның бір субъектісі
болып көліктік-экспедиторлық кәсіпорындар саналады.
Сондықтан, шетел құрылыс материалдары нарығы динамикалық дамып, өз
ұлттық шеңберінен шығып, елдер арасында құрылыс материалдары саудасын
белсенді дамытуда. Құрылыс материалдары нарығында ерекше назарды
қозғалмайтын мүлік құрылысына, құрылыс материалдары индустриясының
өндірістік қуаттарына, мемлекеттік реттеуге, ресурстық әлеуетке, шетел
инвестициялары мен сатуды ұйымдастыру жүйесіне аудару қажет екендігіне
тұжырымдама жасаймыз.
Қазақстан Республикасының құрылыс материалдары нарығының атқарылымдарын
талдау. Қазақстан Республикасында құрылыс материалдары нарығы 1990 жылдарда
кәсіпкерліктің дамуы мен орнығуы процестерімен қосарлас, нарықтық
түрлендірулер мен жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу жөніндегі
өткізілген реформаларға сәйкес құрыла бастады. Құрылыс материалдары нарығын
құру барысында нарықтық қатынастар субъектілері жағынан тұтынушылық
сұранысты қамтамасыз ету болды.
Қазақстан Республикасы құрылыс материалдары нарығын құрудың бастапқы
кезеңінде оның ұйымдық және экономикалық негіздерін құру мен дамыту
бірқалыпты болмады.
Құрылыс материалдары индустриясы басында, арнайы бағыттағы құрылыс
материалдарын дайындайтын, құрылымдық және жалпықұрылыс бағытындағы
кәсіпорынның іс-қимылын қамтитын өнеркәсіптік кешенмен келтірілген.
Құрылыс материалдары нарығын құруда нарықтық түрлендірудің бастапқы
кезеңінде біршама дәрежеде экономикалық негіздер өзгеріске жатты. Біздің
пікірімізше, осы аспектіде экономикалық негіздер екі бағыт бойынша өзгерді:

- құрылыс материалдарын өндіруші-кәсіпорындардың нарықтық сұранысын
өзгерту;
- құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі индустрия жүйесіндегі
экономикалық жоспарлау ережелері, негіздері мен қағидаларын
өзгерту.
Құрылыс материалдары нарықтық сұраныс жиынтығына мына сияқты жалпы
экономикалық және саясаттық факторлар ықпал етті:
- 90 жылдардағы жалпы экономикалық дағдарыс;
- шаруашылық субъектілері арасындағы төлемеулердің дамуы;
- кәсіпорындар мен халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі;
- өндірістік қорларды және тұрғын-үй құрылысы қарқынын минимумға
дейін төмендету;
- күрделі салымдарға инвестициялар көлемдерінің төмендеуі;
- экономикаға жаңа өндірістік қуаттардың шамалы енгізілуі;
- аяқталмаған құрылыс көлемдерін тоқтату;
- құрылыс ұйымдары қарыздарының жоғары деңгейі.
Бұрынғы механизмдердің жұмысы тоқтатылуы (әлеуметтік-экономикалық
механизмдерді қоса) мемлекеттік реттеу негізінде аумақтарды салу,
жайластыру мен дамыту, ұйымдастыру жаңа қағидаларының бір мезгілде
ауыларалық аумақтарды игеруде жоқтығы және елді мекендердің
инфрақұрылымдары жаңаруы, белгілі бір келеңсіз жайларға әкелді.
Жаңа нарықтар қағидалары мен шаруа жүргізу механизмдері құрылыс
материалдарын өндіруші-кәсіпорындардан мына сияқты мәселелерді орындауды
қажет етті:
- құрылыс материалдары нарығында сұранысты өз бетімен жоспарлау мен
болжау;
- нарықтық ортаның маркетингтік зерттеулерін өткізу;
- болашақтық және стратегиялық жоспарларды, болжауларды жасау;
- қысқамерзімді және ортамерзімді бизнес-жоспарларды жасау;
- тиімді менеджмент жүйесін құру.
Осы мәселелерді шешу жоспарлық экономикада керек етілмеді және
өндірістік-шаруашылықты жүргізу процесінде жасалынбады.
Сонымен қатар, атап өту керек, экономиканың, қозғалмайтын мүлік
құрылысы мен құрылыс материалдарының өндірісі сияқты салалары, Қазақстан
тәуелсіздігінің негізі және өнеркәсіпті құраушы жүйе болып есептеледі.
Экономиканың осы салалары, осы сәтте, сондай-ақ, болашақта индустриалды-
инновациялық дамудың және экономиканың жедел өсу негізі болуға тиісті.
Осы мақсатқа жету үшін қажетті жағдай болып, құрылыс материалдары
өндірісін, сәулет, қала құрылысы мен құрылысты дамыту саласындағы дәйекті
мемлекеттік саясатты жүргізу саналады.
Құрылыс материалдары нарығын тұрақтандыру үшін реттейтін негіз ретінде
аса үлкен дәрежеде мемлекеттік құралдар мен әдістер қолданылды. Құрылыс
материалдары нарығын одан әрі дамытуға экономикадағы өнеркәсіптің осы
секторындағы жаңа технологиялар мен инновацияларды дамыту деңгейі мен
бәсекелестік орта ықпал етті.
Құрылыс материалдары нарығының әлеуеті мен басты қозғаушы буыны болып,
құрылыс материалдарына сұраныс пен ұсынысты құрайтын, кәсіпкерлік
белсенділік есептеледі.
Құрылыс материалдары саласында шаруашылықтың нарықтық саласына өту – ол
бірмезгілде кәсіпкерлік түрдегі экономикаға өту.
Қазіргі уақытта, құрылыс материалдарының нарығы өзіне, алғашқы
материалдар өндірісі мен олардың негізінде аса терең дәрежеде өңделген
өнімді дайындауды қосады. Аталған сала өнеркәсіптік-құрылыс кешені
тауарларын шығару көлемдерін арттыру үшін, сондай-ақ, құрылысқа ішкі
сұраныс әлеуетінің біршама болғандығы салдарынан кәсіпкерлікті дамыту үшін
тартымды болып есептеледі.
Құрылыс материалдары нарығында кәсіпкерлікті дамытудың қазіргі
ерекшелігі болып сұраныс пен ұсыныстың өзара енуі саналады. Құрылыс
материалдары нарығында құрылыс индустриясының саласында жұмыс істейтін
фирмалар, кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ өнеркәсіптің басқадай
салаларында 80-90%-ды құрайды. Қазақстан Республикасының халқы, әсіресе
жалпықұрылыстық бағыттағы және құрылымдық құрылыс материалдарына аз сұраныс
етеді.
Импорттық жеткізуге қатысу бөлігіндегі ұсыныстар құрылымының
динамикасы мен құрылыс материалдарының импорт динамикасы 4-ші суретте
келтірілген.

Ескерту - көздер бойынша автормен құрастырылған
4 сурет – шығарылатын елдер бөліктері бойынша жалпы және құрылымдық
бағыттағы құрылыс материалдарының импорттық құрылымы.

Алыс шетелдерден құрылыс материалдары импорттының басымдығы еліміздегі
құрылыс материалдары нарығының даму деңгейінің жеткіліксіздігін әйгілейді.
Ал осы материалдарға 5-ші суретке сәйкестікте, тең үлесте заңды және
сол сияқты жеке тұлғаларға келеді.

Ескерту - автормен жасалынған
5 сурет – арнайы бағыттағы құрылыс материалдары нарығындағы сұраныс пен
ұсыныстың өзара енуі

Осы құрылыстық материалдар құрылымдарды ортаның зиянды әсерінен қорғау
үшін, сондай-ақ, тұрғын-үй және әкімшілік ғимараттардың ішінде жайлылық
жасау және ғимараттардың пайдалану қасиеттерін арттыру үшін қажет. Аталмыш
құрылыстық материалдар екінші технологиялық бөліктегі кәсіпорындарда
өндіріледі.
Индустриалдық-инновациялық дамуды жеделдету жағдайында құрылыс
материалдары нарығының стратегиясы. Қазақстанда бүгін құрылыс материалдары
нарығы мен саланы дамыту үшін келесідей мәселелерді шешу бойынша белсенді
жұмыстар атқарылуда:
- құрылыс материалдары өнеркәсібі кәсіпорындарын дамыту үшін
нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жасау;
- қуат үнемдегіш және ресурс үнемдегіш алдыңғы технологиялар
негізінде жаңа өндірістерді ашу мен бар кәсіпорындарды техникалық
қайта жарақтандыру мен қайта құруды өткізу;
- инвестицияларды тарту жолымен жобаларды қаржыландыру;
- несиелер, займдар, тікелей инвестицияларды тарту мүмкіншіліктерін
белсенді пайдалану;
- шетел және жеке отандық инвесторларды тартумен өндірісті
несиелеудің аралас түрін дамыту;
- мемлекеттік инвестициялар бағдарламасы жобаларына тікелей
инвесторлар үшін капиталсыйымды және аз қызықтыратын, бірақ,
стратегиялық маңызды, іске қосылуларға займдар, несиелер тарту
бойынша мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
- лизингтік әдісті кеңінен қолдану, икемді кеден саясатын пайдалану
жолымен құрылыс материалдары мен бұйымдар өндірісі үшін
технологиялық жабдықтарды, механизмдер мен машиналар, жаңа
технологияларды енгізуді ынталандыру;
- салада жабдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес инфрақұрылымы
Аймақтағы инвестициялық іс-әрекетті басқару
Бағалаудың теориялық негіздері
Қаржылық бағалаудың теориялық негіздері
Кәсіпкерлік капиталдың қалыптасуы
Жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу: міндеті және процесстің мазмұны
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Коммерциялық банктердің басқару құрылымы
Көп пәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқарудың жағдайы
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Пәндер