Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе бөлім

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты- болашақ оқытушылар мен
тәрбиешілерді балалармен жас жеткіншектердің өсіп дамуының ерекшеліктерімен
таныстырып, сол мағлұматтарды оқу- тәрбие жұмыстарында қажеттілігін
баяндау.
Балалардың өсіп дамуы тоқтаусыз жүріп жатқанымен, олардың қарқыны
даму кезеңдерінде біркелкі емес. Сондықтан баланың организмі ересек адамнан
өзгешеленгенімен, өзінің түрлі даму кезеңдеріне сәйкес ерекшеліктері
болады. Олар сан жағынан да, сапа жағынан да байқалады. Осыған орай
балалардың мінез құлықтары ой-өрісі мен дүниетанымы қалыптасады.
Даму кезеңдерінде бала организмі күрделі өзгерістерге
ұшырайтындықтан, оқу-тәрбие жұмыстарын осы өзгерістерге үйлестіре
ұйымдастырылмаса, оқытушы мен тәрбиеші мақсаттарына жете алмаған болар еді.
Бітіру жұмысында балалардың өсу қарқыны мүшелерінің қалыптасуы
олардың қызметін реттеуші жүйке мен эндокринді жүйелерінің маңызы
сипатталады. Сонымен қатар, жоғары жүйке әрекетінің, сезім мүшелерінің
құрылысы мен қызметі, жас ерекшеліктері мен психалогиясы және сыртқы орта
мен мектеп ғимаратына арналған гигиеналық талаптар қамтылған.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды дұрыс тәрбиелеп оқыту
жанұяның, оқу тәрбие орындарының, тіпті мемлекеттің парызы мен міндеті.
Кезінде данышпан жазушы М.Әуезов ел болам десең, бесігіңді түзедеген.
Шынында да, халқымызды, отанымызды өркениетті ел қатарына жеткізетіндер-
болашақ ұрпақ екенін ойдан шығармаған жөн.

Негізгі бөлім

1. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы

1) Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы туралы жалпы
түсінік

Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы ғылымның екі саласын
қамтиды: адам организімінің, жеке мүшелерінің және мүшелер жүйелерінің
қызметтерінің жас ерекшеліктер заңдылықтарын, даму жолдарын қарастыратын
жасқа байланысты физиология және адамның денсаулығын сақтауға қажетті
жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі ұсыныстар жасайтын гигиена
ғылымдары.
Жасқа сай физиология мен гигиена- жас ұрпақты тәрбиелеудің,
оларға жасына лайық білім берудің, ақыл ойын дамытудың, дені сау сымбатты
сұлу етіп өсірудің негізі. Ол балалар мен жастардың денесінің дұрыс өсіп
дамуын, ақыл ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті түрлі
жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады, еңбек қабілеттерін
күшейтеді, дене шынықтыру жолдарын күн кестесі мен түрлі еңбек кестелерінің
бала организіміне тиімді түрлерін анықтайды.
Жасқа сай физиология мен гигиена ғылымы- жас жеткіншектердің
психологиясын дұрыс түсінуге арқау болады, медициналық және санитарлық
салауаттық мәселелерін қамтиды.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиена ғылымы- жас
жеткіншектердің психологиясын дұрыс түсінуге арқау болады, медициналық және
санитарлық салауаттық мәселелерін қамтиды.
Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы-
еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүддесін қорғай алатын
білімді, талантты, өнерлі, сұлу, еңбекқор, яғнижан-жақты дұрыс өсіп дамыған
балалар мен жастар етіп тәрбиелеу. Сондықтан да бұл мұғалімдер мен
тәрбиешілер үшін ғана емес, ата-аналар үшін де маңызы үлкен мәселе.

2) Басқа ғылымдармен байланысы

Жасқа сай физиология адам және жануарлар физиологиясының
үлкен бір саласы.
Физиология ғылымы организмнің тіршілігін, оның барлық
мүшелері мен топшыларының қызметін зерттейтін, сонымен қатар, олардың
функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым. Ол өмір сүру, экология,
сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты өтіп жататын организмдегі
құбылыстарды бақылайды.
Жасқа сай физиология және мектеп гигиенас педагогика
ғылымымен де байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің
заңдарына сүйене отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
Жасқа сай физиология мен гигиена балалар мен
жасөспірімдердің өсу-даму заңдылықтарын олардың денесінің құрылысына, яғни
анатомиялық ерекшеліктеріне сай қарастырады. Барлқ тірі оргаизмдердің
құрылысы мен қызметі тығыз байланыста болады. Дененің, оның мүшелерінің,
ұлпаларының жеке клеткаларының құрылысн білмей, олардың қызметін дұрыс
анықтап білу мүмкін емес. Сондықтан да жасқа сай физиология мен гигиена
адам анатомиясының, гистологиясы мен цитологиясының ғылыми жетістіктерін
кеңінен пайдаланады.
Жасқа сай физиология негізінде анатомия мен
физиология ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология
ғылымының үлкен саласы. Адам организімінің жас ерекшеліктерін зерттеу осы
екі ғылымның дамуының негізінде пайда болды. Алғашқы зерттеулер нәтижелері
ауру адамдарды емдеу үшін оның организімінің қалыпты құрылысы мен қызметін
білу керек, яғни жасына сай анатомиялық және физиологиялық байқауларды
қажет етеді.
Сондықтан көне Греция мен Рим империясындағы тәуіптер мен дәрігерлер адам
организімінің құрылысына қоса оның қызметін де зерттей бастаған. Дегенмен
тек қана 1926 жылы ағылшын ғалымы Уильям Гарвей организімінің негізгі
қызметінің бірі- қан айналысын бақылап, сол арқлы жан-жануарлардың
функциясы туралы адам білімінің алғашқы жаңа негізін қалады.
XVII ғасырда француз философы Рене Декарт (1596-1650) организімінің
рефлекторлы қызметін негіздеу арқылы физиологияның дамуына ат салысты.XIX-
XX ғасырларда орыс ғалымдары И.М. Сеченов И.П. Павлов және олардың
әріптестері мен шәкірттері өз үлестерін қосты.
Біздің республикамызда тірі организімдердің анатомиялық
құрылысын зерттеуде Ф.М. Мұхамедқалиев, А.Р. Рақышов т.б. ғалымдар мен
олардың шәкірттерінің зерттеулерінің үлесі бар.
Қазақстанда физиология ғылымының қалыптасуы 1938 жылдан
басталды. Бұл жылы профессор А.П.Полосухин алматыға келіп, 1944 жылы Кеңес
Одағының Қ.И. Сатпаев ашқан ғылыми академиясының қазақ филиалында
физиология секторын ,1945 жылы физиология ғылыми- зерттеу институтн ашуға
ат салысты. Содан кейін Республикамыздың жоғары оқу орындарындағы
физиологиялық зерттеулер бірнеше бағытта жүргізіле бастады.
Қазақстандағы физиология ғылымының жаңа салалары-
нейрофизиологияның және сыртқы ортаға бейімделу мәселесінің дамуына
профессорлар Қ.С.Рымжанов С.Ж. Тілеулин С.Т. Төлеуханов және олардың
шәкірттері үлксін қосуда.

3) Жасқа сай физиология мен мектеп гигиенасының дамуы

Жасқа байланысты анатомия мен физиология және балалар гигиенасы
жалпы алғанда медициналық қажеттіліктерге байланысты дамыған. П.Ф. Лесгафт
балалардың дене құрылысының дене шынықтыру тәрбиесіне байланысты анықтап,
баланың психологиясын, ақыл- ойын ішкі сезімдерін дамытумен байланыстырады.
XIX ғасырда еңбек еткен ғалымдар балалар анатомиясы мен физиологиясының
педагогика мен тәрбие жұмыстарын дамытудағы маңызын алғаш рет дәріптей
бастады. К.Д. Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей
тәлім- тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға
қою мүмкін еместігін айтқан.
Атақты ғалым физиолог И.П. Павлов Балаларды
тәрбиелеу мен аларды дамыту физиологияға негізделуі керек,- дейді. Оның
бұл ойын П.Ф. Лесгафт тіпті де тереңдете түскен: ... педагогика биология
ғылымының бір бөлімі болу керек. Бұл ғалмдардың ойымен П.П. Блонскийдің
пікірі үндескендей: ... атақты тәрбиелеу жүйесінің реформаты аталған
педагогтардың өзі педагогиканы тек қана психологиямен ұштастырып, баланың
денесі мен антропологиялық көзқарастарды ұмытады ,- деген.
Мектеп гигиенасының нағыз қалптасуы мен дәуірлеуі XIX
ғасрдаң ортасында кіші және орта мектептерде жүргізілген бақылаулар мен
эксперименттік зерттеулердің материалдарын жинап жүйелеумен байланысты. Осы
кезден бастап мектеп гигиенасы тәуелсіз ғылымдар саласының бірі ретінде
медициналық гигиенадан бөлінді. XIX ғасырдың орта шамасында алғаш рет
табиғат тану ғылымдарының жетістіктерін мол пайдаланып қойған
тәжірибелердің арқасында гигиенаның бұл жаңа саласы жақсы дами бастады.
Балаларды тәрбиелеу жағдайларына байланысты олардың
денесінің дамуы анықталады.Жақыннан көру қабілеті баланың сыныптан сыныпқа
көшкен сайын үдеп көбейе түсетіні көрсетіліп, оны болдырмау шаралары
жазылды.бұл көздің өткірлігін төмендетпеу үшін сынып бөлмесіндегі жарықтың,
мектеп жихаздарының әсерін көрсетіп, партаның алғашқы құрлысын жобалау,
сабақ жүргізуге арналған талаптарды ұсынуға мүмкіндік берді.
Балалар мен жастардың өсіп дамуына денсаулына мүшелер
жүйелерінің қызметіне оқыту барысындағы сабақ кестесі еңбек мөлшері күн
кестесі тәрбие жұмыстары зор ықпал етеді.

4) Жасқа сай физиология мен мектептің зерттеу әдістері

Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиологи мен мектеп гигиенасы
бірнеше ғылыми зрттеу әдістерін пайдаланад: бақылау, табиғи және
лабораториялық тәжірибе, Функциялық жүктеме, телеметрия, антропометрия т.б.
Бақылау әдісі- сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме.
Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеінен пайдаланады. Бірақ оны
лабораториялық жәнетабиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса, ол бала
организіміндегі физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша
алмайды. И.П. Павловтың айтуы бойынша бақылау әдісі тек қана табиғаттың
ұсынғанын жинайды. Дегенмен, балалардың миының қызметін зерттеген кезде
бұл әдіс басқа әдістермен бірге орнанизімнің жас ерекшеліктерін анықтауға
көмектеседі.
Табиғи тәжірибе- байқау мен лабораториялық
эксперименттің аралық түрі. Мақсаты мен қойылған міндеттеріне байланысты
ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам баласы үшін қалыпты жағдайда
қолданады. Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі телеметрия-
радио- техникалық беріліс аспаптары арқылы бала организімін оның денесінен
қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі. Бұл әдісті қолдану балалар мен жас
жеткіншіктердің организіміндегі мүшелердің қызметін табиғи жағдайда зерттеу
мүмкіндік береді. Балалар мен жастардың өсуін антропометрия арқылы
анықтайды.

Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары.

Балалардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың
саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу
деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар; бойы, салмағы,
кеуде шеңбері.
Өсумен қатар организімде даму жүріп жатыр. Даму- сапалық көрсеткіш.
Организімнің дамуы деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып,
ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, баланың
ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей:
мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан
орыны.
Физикалық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне
байланысты әртүрлі. Мысалы,жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның
систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: өсіп даму және жетілу,
кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп,
организімнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру
арқылы білуге болады.
Кәмелетке келу немесе дамып жетілу дегеніміз ең алдымен жастардың жыныстық
жетілуі және өзінің ұрпағын жалғастыру қабілетінің пайда болуы. Бұған қоса
әлеуметтік қызметтерді атқару, рухани және мәдениет қазыналарын жасау,
еңбек ету қабілеттері жатады.
Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14
жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерге 16-18 және жігіттерге 18-20
жаста толық жетілуі, яғни кәмелетке келуі анықталып, кемелденуі басталады.

ІІ. 1. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өсуі мендамуы, олардың
көрсеткіштері.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:
1. өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;
2. мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
3. өсу мен даму баланың жынысына байланысты;
4. функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық
беріктігі немесе мықты болуы;
5. өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның
жағдайларына тәуелділігі;
6. өсу мен дамудың акселерециясы.

Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір
жылдың ішіндегі бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез өседі, ал қыста
нашар немесе түнде бой көбірек өседі, күндіз аз өседі. Мұны өсу мен
дамудың гетерохрондылығы дейді.\гетерос- әртүрлі, хронос-уақыт\
Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді:
1. Туғаннан үш жасқа дейін
2. 3-7 жас арасында
3. жыныстық жетілу кезеңінде.
Сонымен қатар бала организіміндегі жеке мүшелермен
мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Бала
организімінің түрлі әрекеттерге бейімділігі, оның сыртқы ортаның
жағдайларына қарсы тұру қабілеті дамып жатқан функцияларға байланысты.
Айталвқ бала миының оқуға бейімделуі 6-7 жастан басталады. Сондықтан бұл
мезгілден ерте оқыту оның басқа мүшелер жүйесіне зиян келтіреді, олардың
дамуын төмендетеді.
Қорытып айтсақ, бала организімінің еңбектің түрлеріне бейімділігі үнемі
бірдей болмайды. Сондықтан оқу, еңбек, спорт жұмыстарын сыртқы ортаның
жағдайына сәйкес етіп, өсіп-даму мезгіліне байланыста мөлшерлеген жөн.
Бала организімінің жыныстық айырмашылықтары қыздар мен ер балалардың
денесінің өсіп дамуында, олардың қарқынында, жеке мүшелер жүйесінің
жетілуінде көзге түседі. Айталық, жыныстық жетілгенге дейін ер баланың
антропометрлік көрсеткіштері , әсіресе денесінің ұзындығы қыздардан жоғары
болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше, қыздардың салмағы, бойы,
кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез
өсіп жетиіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары келеді.
Ересек адамдарда осындай жыныстық айырмашылық сақталады.
Қандай да болмасын мүшелер жүйесінің қызметі өмірдегі қажеттіліктен
анағұрлым артық мөлшерде болады. Бұған қоса Бұған қоса, көпшілік
қызметтердің бірнеше мүшелерде қосарланып орындалуы байқалады. Балалардың
оқуын, дене еңбегін, спортпен шұғылдануын шектеп отырған жөн. Өйтпесе бала
организімі жан-жақты дамымайды.
Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі
жатады. Дене пропорциясы деп адамның басының, тұла бойы мен аяқтарының
ұзындығына қатысын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған баланың
аяқтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні
Жас ерекшелік физиологиясы
Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінен дәрістер
Өсу мен даму антропометриясы
Жас ерекшеліктер физиологиясы
Дене бітімі дамуының көрсеткіштері
Жас физиологиясы мен мектеп гигиенасы. Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуы
Адамның жүйке жүйесінің дамуы
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Пәндер