Өндірісті кенейтуге бағытталған инвестициялар


Мазмұны
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының инвестициялық стратегиясы және оны шешу проблемалары». Инвестициялық стратегияны қалыптастыру сауалдары қазіргі жағдайда өте маңызды іске айналып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қатарынан орын алады. Бұл позицияларға сүйіне отырып, талқылауға ұсынылған мәселе актуалды болып табылады.
Зерттеу пәні - инвестициялық стратегиялардың даму факторлары, теориялық, тәжірибелік аспектілері.
Курстық жұмысының мақсаты - инвестициялық стратегияның теориялық, тәжірибелік қыр-сырларын қарастыру, құрылымына назар аудару, үрдісін бақылау.
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасының инвестициялық стратегиялардың теориялық негіздері қаралған.
Екінші бөлімде инвестициялық қызмет дамуының талдауы қаралған. Осы талдау нәтижесінде инвестициялық стратегияны толық жетілдіру бағыттары жұмыстың үшінші бөлімінде негізделген.
Қорытынды бөлімінде берілген талдаудың нәтижесі бойынша инвестициялық стратегияның жүзеге асырудың негізгі бағыттарының ерекшеліктерін көрсетім.
Бүгінде Қазақстан кәсіби мемлекеттік қызметтің жаңа кезеңінде. Қазақстан халқына жолдауында Президент Н. Назарбаев былай деп атап өткен болатын: “Біздің міндет - Қазақстан үшін тиімді, оңтайлы басқару құрылымын, мемлекеттік басқару жүйесін құру; Сонымен бірге бұл құрылымның нарықтық экономикаға тиімді, қолайлы болуын ойластырғанымыз жөн . . . ” (“Қазақстан - 2030” стратегиясы”: барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының жақсаруы үшін) .
Кез келген мемлекеттің берік экономикалық дамуы инвестицияларды тиімді және рәсімді пайдалануға, қолайлы инвестициялық хал - ахуалын жасауға бағытталған біріңғай және ойластырылған инвестициялық саясатсыз мүмкін емес. Осыған байланысты, шетелдік инвестициялардың ролі жоғары бола тұрса да, ұлттық (отандық) инвестициялардың көмегімен ғана елеулі нәтижелерге жетуге болмайтынын мойындау керек, өйткені шетелдік капиталды ел экономикасына жұмылдыру жекелеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы атқарылуда, шашыраңқы сыпат алып отыр, атап айтқанда, шетелдік инвесторлар тек инвестицияландыру объектілерін таңдап алады, ал экономиканың қалған салалары мен секторлары назардан тыс қалады. Осының бәрі мынаған әкеп соғады: экономиканың кейбір салалары дамиды, екінші бір салалары, керісінше, құлдырай түседі. Жалпы алғанда, шетел инвестицияларын жұмылдырудан жалпы экономикалық тиімділік экономиканың негізгі салаларының кешеңдеп қалу есебінен төмендейді.
Инвестициялық саясат инвестициялық үрдістерді қалыптастыра отырып, елдің дамуының экономикалық және әлеуметтік дамуын анықтайды. Инвестициялық саясат бір жағынан өндірістік үрдістермен іске асады, басқа қырынан оларға әсер береді. Тар шеңберде инвестициялық саясат Ұлттық негізді ғана қамтымайды, білімнің басқа да салаалрында (мысалы, математика, физика, химия, экономика), негізінен инвестициялық сала көптеген аксиомалар мен дәлелдемелерді құрайды, ол жүйе кез келген экономикалық жүйеде қолданылады.
Кез келген ұлттық шаруашылықта - дамыған немесе дамушы жүйеде, капитал бағасы пайызбен анықталады, ұсыныс пен сұраныс қатынастарына баланысты немесе кірістің ұлғайюы тұтынудың төмендеуі мен жинақтаудың ұлғайюына әкеледі. Алайда, экономикада принципті айырмалар орын алған: инвестициялық қатынас субъектілері ретінде қоғам мүшелері адамдар өзіндік салт-дәстүр, ұлттық менталитетіне сәйкес ат салысады.
Ұлттық немесе мемлекеттік инвестициялық саясат мемлекет пен шаруашылық субъектілері арасындағы өндірістік қатынастар жиынтығы, өндіріс жағдайына алмастыру, реттеу, тұтыну үрдістеріне қатысты. Мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру инвестициялық стратегиялар мен тактикаларды әзірлеуге алғышарт. Олар негізгі, өзара байланысты және өзін-өзі толықтыратын ұлттық инвестийиялық саясат элементтерін құрайды. Қосалқы инвестициялық мемлекет стратегиясы ретінде міндетті түрде ірі масштабты жүйені тануға болады және іс - әрекеттер бағыты айқындалады, шектеулі инвестициялық ресурстарды шағындау жолымен белгілі бір мерзімге алға қойылған мақсатқа жетуге итермелейді.
Қазақстан Республикасында инвестициялық қолайлы ахуал туындату үшін инвестициялар түрлерін ынталандыру, кеңейту, жаңғырту, өндірістерді жаңа жұмыс орындарын көбейту, бұрынғы орындарды сақтау сияқты мәселелер міндет етіп қойылуда.
Инвестициялардың пәрменділігін қамтамассыз етудің негізгі факторларының бірі оларды заңмен нығайту, инвестициялық заңнаманың дамыған жүйесі мен инвестициялық қатынастарды реттейтің құқықтық нормальды жүзеге асырудың пәрменді миханизмін жасау болып табылады.
Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізу индустриалды - инновациялық стратегияны қолдау да бірсыпыра шараларды назарға ала отырып, мемлекеттік инвестицияны шикізатты емес өндіріске тарту мақсаты көзделеді.
Тұтастай алғанда, инвестициялық ахуалдың мақсаты бағытталуын жақсартып, жаңа инвестицияларды тарту, мемлекеттік қолдаудады күшейту негізгі мән - мағынаға ие болды.
1 Инвестициялық стратегияның теориялық негіздері
- Инвестициялық стратегияның ұғымы мен мәні
Инвестиция - бұл экономиканың алуан түрлі салаларына ұзақ мерзімді капитал салымы.
Инвестицияның тура нақты түрлері - өндіріс орнына жаңа техникалық жабдықтар алуға және қаржылық салым акциялар мен мемлекеттің құңды қағаздарын сатып алу үшін жұмсалады. Бірінші жағдайда өндіріс - инвестор қаражатын сала отырып, өзінің өндірістік капиталын ұлғайтады. Екінші жағдайда инвестор өз қаржылық капиталын арттырады, дивидендке ие болуы - құнды қағаздар кірісі деп саналады.
Бұдан басқа инвестицияның тура және жанама түрлері бар. Қазақстан Республикисының “Тура инвестицияларға мемлекеттік қолдау” Заңы тура инвестицияны былайша ерекшелендіреді. Қазақстан Республикисының суверенді гарантияларына негізделген түрінен басқа инвестицияның барлығы осыған жатады. Жанама инвестиция портфельдік салым, бағалы қағаздар, мүліктік құңдылықтар жатады. Мысалы: инвестор акцияны бірлесімді қордан сатып алады, ол түрлі фирмалар тарапынан ұсынылуы мүмкін. Сатып алған соң, инвестор жеке компанияның активтеріне белгілі бір талаппен емес, құңды қағаздар портфеліндегі үлес барысында жақындай алады.
Инвестициялаудың басқа формалары - жер үлескілерін иелену, мүліктік құқықты иелену, өнеркәсіптік меншіктік ауыстыру құқығы лицензиясына ие болу, жаңа технологиялар құжатына ие болу, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, фирма атаулары, өнім сертификаттары мен өндірісті технологияландыру, жерді пайдалану құқығына ие болу.
Инвестицияның негізгі типтері.
Кез келген фирманың іс - әрекетінің маңызды саласы - инвестициялық операциялар, яғни ақша қаражатын жобаларды іске асыру үшін салу фирмаға пайда әкелу.
Коммерциялық тәжіребеде инвестицияның келесі типтерін бөле көрсетуге болады:
- физикалық активтерге инвестициялар;
- инвестициялар - ақша активі ретінде;
- инвестициялар материалдық емес активтер үшін.
Физикалық активтер ретінде өндірістік орын - мекемелер машинаның кез келген түрі және құрал - жабдықтар түрлері.
Ақшалай активтер ретінде - басқа физикалық және заңды тұлғалардан ақша сомасын алу құқығы. Бұл банктегі депозиттер, облигациялар, ақша, несие және тағы басқасы.
Материалдық емес активтер қатарына - персоналдар біліктілігін көтеру, білімін арттыру, сауда заңдарын жарыққа шығару, өнеркәсіптік меншікті иелену құқығын алу, пайдалы модельдер мен өнеркәсіптік үлгілер құжатына иелік ету, өндіріс технологиясы мен өнімдеріне сертификаттар алу, жерді пайдалану құқығына ие болуы.
Инвестицияларды өрістету жүйесіне өндірістік ресурстарды көбейту, жандандыру, экономикалық өсудің жоғары қарқының қаммтамассыз ету жатады.
Инвестициялар - өндіріс үрдісіне қаржылай, материалды-заттай капитал салымы, негізгі мақсат кіріске ие болу, материалды, материалдық емес активтерді тарту.
Маңызды тұсы инвестициялар өздігінен өзі белгілі бір экономикалық тиімділікті қамтамассыз ете алмайды, егер оған қатысты үрдістер орын алып отырмаса, инвестициялық үрдісті экономикалық қатынастар жиынтығы ретінде қарастыруға болады, инвестициялық қаражат көзін қолдауға, кеңейтуге бағытталған. Бұдан келіп шығатыны, инвестициялық үрдістің экономикалық мәні инвестициялық ресурстардың материалдық байлық пен қоғамдық игілікке айналуына ұйытқы болу.
Инвестициялау үрдісін мына сызба түрінде беруге болады “инвестициялық ресурстар - өндіріс факторлары - инвестициялық іс - әрекет өнімдері”. Бірінші кезенде инвестициялық ресурстар кәсіпкерлік бастамалар алғышарты және басқару өндіріс факторларына айналады. Әрі қарай, факторлардың инвестициялық - өндірістік үрдіске тартылуынан инвестициялық әрекет өнімі құралады. Инвестициялық өндірістің трансформациясын қамтамассыз ету екі жақты амалмен іске асады немесе қаржылық құрал - жабдықтар, инновациялық және әлеуметтік салалар арқылы жүзеге асады.
Инвестицияны нақты активтерге жіктеу. Инвестицияны нақты активтерге әзірлеу, талдау инвестициялардың тегіне де қатысты, өндірс міндетін қай түрімен шешуге болады деген мәселе назарда болады. Осы ұстаным негізінде инвестицияны келесі топтарға жіктеуге болады:
- Тиімділікті арттыру инвестициялары. Олардың мақсаты жабдықтарды алмастыру негізінде фирма шығынын азайту, персоналдарды оқыту, өндірісті қолайлы жағдайы бар тиімді аймақтарға орнықтыру.
- Өндірісті кенейтуге бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялаудың міндеті - тауар шығару мүмкіндіктерін кеңейту.
- Жаңа өндірістер құруға арналған инвестициялар. Бұл инвестициялар жаңа өндірістердің құрылуын қамтамассыз етеді.
- Мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы инвестициялар. Инвестицияның бұл түрі өндірістін билік иелері талаптарын орындауы тиіс кезінде өнім қауіпсіздігін сақтауда, яғни менеджментке қатысты іс - әрекеттерде қолданылады.
Толық ғылыми - техникалық саламен қатар өндірістік циклды да инвестициялауға болады, оның элементтері: ғылыми зерттеулер, жобалық құрастырушылық жұмыстар, өндіріс құрылымын кеңейту, жаңа өнім шығару мен жаңа өндірісті ұйымдастыру.
Инвестициялаудың нысандары бөлінеді:
- жобалар аясы (шығын жобалар, мега жобалар) ;
- жобалар бағыты (коммерциялық, әлеуметтік мүддеге байланысты) ;
- инвестициялық кезен мазмұны мен ерекшелігі;
- мемлекеттік араласу барысына;
- салынған қаражаттың өтелу деңгейі.
Шығын жобалар ауқымы жағынан шығын қарапайым. Америка тәжребесінде капитал салымы 10-15 млн. долларды құрайды, еңбек шығындары 40-45 мың (сағат көлемімен) . Шығын жобалар типтерінің үлгілері: тәжіребелік - өнеркәсіптік қондырғылар, шағын өнеркәсіптік өндіріс, өндірісті модернизациялау.
Мегажобалар - мақсатты бағдарламалар, өзара байланысты көп жобалар бірлігі, бір мақсатқа жұмылдырылған. Бұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық, салааралық, салалық, аралас болып бөлінеді. Ереже бойынша, бағдарламалар басқарудың жоғары деңгейлерінде қолдау табады: мемлекеттік, облыстық, муниципалды тағы басқасы.
Мегажобалар ерекшеліктері:
- жоғары құңдылық - 1млрд. долларға жуық және одан да жоғары;
- капиталсыйымдылығы - қаржыландырудың дәстүрден тыс түрлері қолданылады;
- еңбек сыйымдылығы - жобалауға 2 млн. сағат. Құрылысқа 15-20 млн. сағат;
- жобаны іске асыру ұзақтығы 5-7 жылға дейін;
- басқа елдердің араласу қажеттілігі;
- инфрақұрылымның жоғары ерекшеліктері;
- аймақтың әлеуметтік және экономикалық барысына әсері.
Өзінің әлеуметтік - экономикалық потенциалын дамыту, сақтау өндірістің шаруашылық әрекеттерінің маңызды қыры. Осы бағыттағы өндіріс іс - әрекеті инвестициялық деп аталады. Қазақстан Республикасының “Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау” Заңына сай инвестициялық әрекетке кәсіпкерлік жұмыстары да енеді.
Инвестициялық іс - әрекет субъектісі - инвесторлар, сұраныс берушілер, жұмыс орындаушылар, инвестициялық іс - әрекет нысандарын пайдаланушылар, жеткізушілер, заңды тұлғалар және тағы басқасы. Заказ берушілер инвесторлар немесе физикалық, заңды тұлғалар болуы мүмкін. Өкілетті инвесторлар инвестициялық жобаларды іске асырады, басқа инвестициялық үрдіс иелерінің кәсіпкерлік әрекеттеріне араласпайды.
Инвестициялық рекет субъектілері - физикалық не заңды тұлғалар сонымен бірге шетелдік, мемлекеттік және халықаралық ұйымдар. Инвесторлар инвестицияның меншікті тартылған формаларын мақсатты орындалуын жүзеге асырады.
Инвестициялық іс - әрекет нысандары пайдаланушылар - инвесторлар, физикалық заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалды органдар, шетел мемлекеттері және халықаралық ұйымдар.
Инвестициялық әрекет субъектілері инвестициялық сферада әрекет етеді. Бұл кезенде инвестиция тәжіребелік тұрғыда іске асады. Инвестициялық сфера құрамына енеді:
- құрылыс саласы, өндірістін осы саласына жұмсалатын инвестициялар;
- инновациялық сфера, ғылыми - техникалық өнім өндіріледі және интеллектуалды потенциал іске араласады;
- қаржы капиталайналымның саласы.
Өндірістердің инвестициялық іс - әрекеті Қазақстанда мына Заңдар негізінде реттелінеді: “Тура инвестицияларды қолдау”, “ҚР Президентінің асарлығына өзгертулер мен толықтырулар еңгізу”, “Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы”, “Шетел инвестициялары хақында”, сонымен бірге “Банкроттық туралы”, “Құндықағаздар нарығы туралы”, ҚР-ның инвестициялық қорлары жайында” және басқа да нормативті актілерге сүйеніледі.
Нарықтық экономика жағдайында есепке алудың маңызды нысаны - қаржылық салым, яғни бағалы қағаздар алу үшін өндірістін шығыны, өндірістердегі үлестік араласу, қарызға байланысты міндеттемелер. Қаржылық инвестиция мақсаты - кіріс иелену және капиталды құңсыздықтан қорғау. Ереже бойынша инвестициялар кредит берушімен, оның қызығушылықтарымен де байланысты. Капиталдың ұсынылу формасына және кіріс ыңғайна қарай бағалы қағаздар екі түрге бөлінеді. Қарыз түріне ыңғайланған құнды қағаздар актив салымы бола отырып тиісті мөлшерде кіріс көзін иеленгеннен кейін лайықты сомасын қайтарады.
Инвестор қарыз түрінде қаржылық негіздерге мысалы, облигация түріне ие болса, ол сол облигацияны шығарушыларға белгіленген мерзімде пайыздық көрсеткішін өтеп отыруы тиіс.
Капиталға араласу, қаржылай салым компанияның капитал үлесіне деген құқықтық негіздерге бойлап, терең тануды қажет етеді. Іскерлік салым құнды қағаздарды иелік ету формасында немесе белгілі бір мүлікке меншіктік қатынаста реттелінеді. Инвестор құнды қағаздарды, акцияларды сатып ала отырып, компания капиталының деңгейіне әсер береді.
Опциондар қарыз түріндегі, үлес түріндегі де жабдықтарға енбейді, бұл құнды қағаздар инвесторға басқа бағалы қағаз бен активті алдын ала ынғайланған бағаға сатып алуына мүмкіндік береді.
Бағалы қағаздардың әр тобының алуан қыры бар және нарық қоры заңдылықтарына негізделенеді.
Отандық нарықтық айырмашылығы сол, бағалы қағаздарды принципті тұрғыда үш ірі топқа бөлу (акциялар, қарызға негізделген және өндірістік формасы) арқылы дамыған елдерге қарағанда тауар қоры ассортиментінің аздығын көрсетеді.
Акциялар иелік етушінің белгілі бір меншікке құқығын қамтамассыз етеді. Акция қызметі - акционерлік қоғамдар құру, мемлекеттік өндірісті сатып алу, компанияның жарғылық капиталын арттыру. Акция иелері акционерлік қоғам мүлкінің бір бөлігінің құқықты иеленушісі енеді. Акцияларды шығара отырып, акционерлік қоғам ірі инвестициялық жобаларды іске асырады, ол акционерлер дивидендке ие болады, дамудың стратегия мен қаржылық күшіне орайластырылады. Қаржылық белсенділікте және қоғамның белсенді іс - әрекетінде акция иегерлері өсіп отырған дивидедтер есебінен бағалы қағаздарға деген алғашқы салым мөлшерлері ұлғайтылады.
Қарызға негізделген міндеттемелер инвестор мен жеке тұлға арасындағы қарыз қатынасын нақтылайды. Қарызға негізделген міндеттемелерге облигациялар, мемлекеттік қарыздар, депозитті және жинақтау жүйесіндегі банк сертификаттары, вексельдер енеді.
Облигация немесе басқа да міндеттемелер ыңғайына қарай несие мен пайызын уақытылы төлеп отыру керек. Өндірістік бағалы қағаздар өз иесіне сатуға, сатып алуға мүмкіндік береді. Бұлар - опциондар.
Опцион - бағалы қағаз, иелік етушінің сатуға, сатып алуға құқығын нақтылайды.
Қаржылық фьючерс - белгілі бір актив базисін сатып алу, сатуға деген келісімшарт. Опционнан айырмашылығы, фьючерсті келісімшарт опцион тәрізді құқық емес, ал міндеттеме: опцион сатылымынан бас тартуға болады, ол келісімшартты бүзу мүмкін емес.
Құнды қағаздар иегерлеріне ұсынылған бағалы қағаз сертификаттары бағалы қағаздар болып есептелмейді. Бұл сертификаттар құнды қағаздарды иеленгендегі жөніңдегі куәлік ролін атқарып, қағаздар барысында толық дерек келтіріледі. Сертификаттың ерекше бір түрі - джамбо немесе “жиһандық” сертификат, бағасы да өте жоғары.
Мысалы, швейцарлық джамбо сертификат акциялардың ірі массаларын біріктіріп, 100 мың швейцар франкысына тең құнға ие болады.
Шетел елдерде құнды қағаздарды өндіру нарығы қарқынды өрістеген. АҚШ пен Ұлыбритания акция мен облигациялар иегерлері үшін варранттар шығарылды, ол корпарацияның қосымша құнды қағаздарын шығаруға жол ашады. Варранттар 3 жылдан 5 жылға дейін мерзімді, кейде 20 жылға дейінгі мерзімді қамтиды.
Көп американдық корпарациялар бағалы қағаздарды шығару үстінде, қарапайм акция иегерлеріне жаңа акцияларды сатып алуға құқық ұсынып, ретін келтіреді. Бұндай құқықтар сатып алынған акциялар саның, құның, мерзімін айқындайды. Компанияның жаңа акцияларының бағамы бұрынғы акцияларға қарағанда төмен болады.
Ордер бағалы қағаз ретінде иелік етушінің компанияның қосымша акцияларын сатуына ғана жағдай жасап қоймай, облигация, алтын басқа да құндылықтармен жұмысына жол ашады. Ордер мерзімі де бір жылдан бірнеше жылға созылады.
Өнімді бағалы қағаздар икемділікке негізделген және нарық қорын дамытуға себі тиеді, қосымша капитал айналымын тартады.
Акция, облигация, бағалы қағаздарды реттеу үрдісі, басқа өндірістердегі іскерлік араласу қаржылық салым немесе инвестиция деп аталады. Өндіріс активтерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық салымдар орын алады. Нақтыланған активке қаражат салушы тұлғалар - инвесторлар, ал құнды қағаз шығарушы - эмитенттер.
Барлық инвесторлар, жекелеген және институционалды, нақтылы мақсаттарды көздейді, өз салымдардың құнды қағаздардың лайықты түрлеріне орналастырады. Инвесторлардың негізгі мақсаты:
- салым қауіпсіздігі;
- салым кірісі;
- салым өсімі;
- салым таратылымы.
Қауіпсіздік мәселесінде - кірістің тұрақтылығына назар аударылады. Қауіпсіздік кіріс пен салымның өсуіне септігін тигізеді. Өте қауіпсіз түрлері - облигациялық, мемлекеттік зайым түрі. Егер инвестор инвестициядан кірісті көп мөлшерде иеленгісі келсе, оған бәрінен бұрын, қауіпсіздікті қамтамассыз етуі шарт, өте кірісті түрлері - корпоративті бағалы қағаздар. Қауіпсіздік шаралары, кіріс негізі - бағалы қағаздарға кезеңдік есеп жүргізу.
Салымды ұлғайтатын - акция иегерлері. Капиталды ұлғайту - инвестициялық мақсат салық жүйесі де өзгерісте болып отырады. Капитал өсімі артқан сайын, салық уақыты да қысқарады. Осыған орай инвесторлардың көпшілігі жоғары салық төлеушілер, кіріске емес, басты назарды салым өсуіне аударады. Салым өсуіне деген олардың қызығушылығы бағалы қағаздардың жүйесіне тың өзгерістер әкелді. Бұл алдынғы қатардағы салада жүзеге асады. Мұндай акциялар дивидендтердің төменгі деңгейін әкеліп, бірақ капиталдың қымбаттауына соғады.
Соңғы инвестициялық мақсат - бағалы қағаздардың нарыққа икемділігі, ірі пайда көзіне жету. Ликвидациялау инвестициялық басқа мақсаттармен міндетті түрде бағалы қағаз иегерлері табылады. Қолма - қол қаржылық жетістікке жетуді ойлайтын инвесторлар үшін - бұл маңызды жайт.
Дивирсификация - күрделі зиян шегудің алдын алу факторы. Егер капитал түрлі бағалы қағаздар арасында таратылса, қауіп азайады. Дивирсификацияны экономика, аймақтық түрлерге бөледі. Қазақстан Республикасында инвесторлар іс - әрекетті қаржылық инвестицияларымен жұмыс атқаруда Қазақстан Республикасының “Бағалы өағаздар нарығы туралы” Заңымен (1997 жыл, 5 наурыз және ҚР “Қазақстан Республикасының құнды қағаздарды тіркеу” Заңдарын (5 наурыз 1997 жыл назарға алады) .
Қазіргі уақытта Қазақстанда бағалы қағаздарды дамытудың өолайлы жағдайлары қарастырған. Ресей қор нарығымен салыстырғанда құнды қағаздар динамизмін төмендігіне қарамастан, Қазақстанда бағалы қағаздар дамуы мақсатты жолда қойылған.
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы ТМД мемлекеттерінең айырмашылығы және Шығыс Европадағы постсоциолистік елдерден өзгешелігі, Чехия мен Польшадан басқа елдерден өзіндік белгілері - құнды қағаздар жөнінде Ұлттық реттеу комиссиясының жұмыс жұргізуі. Аталмыш орган үлкен өкілеттілікке ие және нарық дамуын реттеу мүмкіндіктерін қарастырады.
Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру әлемдік тәжіребеге сүйеніледі, жаңа тиімді формалар еңгізу формалары мен бағыттары АҚШ, Жапония үлгілерінде өркендейді. Бұлардан басқа, үздіксіз талдау алғышарты - бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру үрдісі. Бағалы қағаздардың ресейлік нарығының негізгі мәселелерінің бірі - бағалы қағаздарды мақұлдаудың біртекті жүйесінің болмауы, бұл сөзсіз, отандық инвестициялық белсенділікке әсерін тигізеді. Қазақстанда аталмыш мәселені шешуде Қазақстан Республикасын Ұлттық комиссиясының ұсынысымен бағалы қағаздар жайлы депозит жүйесі енді.
Қазіргі уақытта ҚР бағалы қағаздар нарығында кәсіби әрекетпен 49 компания жұмыс атқарады, олардың 38-і кәсіби іске құқықты 2006 жылы иеленген. Құрамында кәсіби қатынасушылар 14, екінші денгейдегі акционерлік банктер және 35 түрлі инвестициялық институттар.
Қор жабдықтарының негізгі түрлері Қазақстан нарығында мемлекеттік құнды қағаздар, корпаративті бағалы қағаздар, акционерлік қоғамдар шығарып отырады. Бұдан басқа, республиканың кейбір аймақтарында корпаративті облигациялар шығарылады, жергілікті атқару билігінің құнды қағаздары орын алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz