Инвестициялардың экономикалық тиімділігін жоспарлау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1.1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы
2. Инвестицияның қызметі мен операциялары

2 Инвестициялардың экономикалық тиімділігін жоспарлау
2.1 Қазақстан экономикасындағы инвестициялық процесстерді талдау

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде
жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп,
әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз
керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне
экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды
ерекшелеудің маңызы зор.
Жұмыстың өзектілігі: Қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе
қаржылық активтерді алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ
пайдаларды алу болып табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ,
инвестициялар – бұл белгілі бір бүгінгі құнның, мүмкін анықталмаған,
болашақ құнға айрбасталуы.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізін негізгі капиталға
жұмсалатын нақты инвестициялар құрайды. Көптеген кәсіпорындарда бұл
инвестициялау қазіргі жағдайдағы инвестициялық қызметтің жалғыз бағыты
болып табылады. Бұл кәсіпорынның инвестициялық қызмет жүйесіндегі нақты
инвестицияларды басқарудың жоғары ролін анықтайды. Негізгі капиталға
жұмсалатын нақты инвестициялар кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын
жүзеге асырудың басты нысаны болып табылады. Бұл дамудың негізгі мақсаты
жоғары тиімді нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, ал кәсіпорынның
стратегиялық даму процесінің өзі осы инвестициялық жобаларды уақытында
жүргізудің жиынтығы болып табылады. Инвестициялаудың осы нысаны кәсіпорынға
жаңа тауарлы және аймақты нарықтарға енуге, өзінің нарықтық құнының тұрақты
өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Тұрақты экономикалық өсуді
қамтамасыз ететін қазіргі шарттардың қанағаттандыруы, капиталдық
салымдардың сапалы құрылымы инновация және жаңа енгізулердегі инвестицияның
маңызды бөлігімен ерекшеленеді, яғни жаңа технологияларды және күштерді
енгізуде отандық өнеркәсіптің негізгі қорлары тозған және ескірген, олар
еңбек сыйымды, материал сыйымды, толығымен бәсекеге қабілетсіз өнім
шығарады. Негізгі қорларды бөліктеп жақсарту, жаңарту, техникалық қайта
қарулану және қайта құрастыру деп аталады.

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, СЫНЫПТАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Инвестицияның пайда болуы және даму тарихы

Инвестициялар – бұл табысты алу немесе өзге пайдалы эффектісіне жету
мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салынатын мүліктік және
интеллектуалдық құндылықтар.
Нарықтық экономикада инвестициялар түсінігі оған жалғыз және түбегейлі
анықтама беру үшін тым кең болып табылады. Экономикалық теорияның негізгі
бөлімдерінде және практикалық қызметтің түрлі облыстарында оның мазмұны
өзінің ерекшеліктеріне ие болады.
Макроэкономикада инвестициялар өндірістің жаңа құралдарына (өндірістік
немесе тұрақты инвестициялар), жаңа тұрғын үйлерге инвестицияларына және
тауарлы қорлардың өсіміне шығындардан тұратын жиынтық шығындардың бөлігі
болып табылады. Яғни, макроэкономикалық аспект инвестициялар – бұл ағымдағы
кезеңде пайдаланылмаған, және экономикада капиталдың өсімін қамтамасыз
ететін жалпы ішкі өнімнің бөлігі болуымен анықталады.
Өндіріс теориясында және макроэкономикада толығымен, инвестициялар жаңа
капиталды құрудың процесі болып табылады (өндіріс құралдарын, сонымен
бірге, адам капиталын қоса отырып).
Сонымен, қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе қаржылық активтерді
алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ пайдаларды алу болып
табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ, инвестициялар – бұл
белгілі бір бүгінгі құнның, мүмкін анықталмаған, болашақ құнға айрбасталуы.

Республикадағы инвестициялық қызметтің жағдайын келесі көрсеткіштердің
өсу қарқыны сипаттайды:
• инвестициялардың жалпы көлемі;
• жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың үлесі;
• инвестициялардың жалпы көлемінде қаржылық емес активтерге
инвестициялардың үлесі;
• қаржылық емес активтерге инвестициялардың көлемі.
Инвестициялық қызметтің жағдайын жанама, бірақ жеткілікті объективті
түрде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу темптері сипаттайды:
• ұлттық табыстың;
• ЖІӨ және ЖҰӨ;
• өнеркәсіптік өндіріс көлемінің;
• өнеркәсіптік өнімнің бөлек маңызды түрлерін шығарудың;
• ауылшаруашылық өндіріс көлемінің;
• қоғамдық еңбек өнімділігінің;
• және басқалардың.
Инвестициялық қызметті бағалауында бұл көрсеткіштердің объективтілігі
олардың өсуі инвестициялардың салымынсыз мәнсіз болатынымен байланысқан.
Егер бұл көрсеткіштердің өсу темпі инвестициялардың өсу темпінен асып
кетсе, онда бұл инвестицияларды қолданудың тиімділігін жоғарлату себебі
және керісінше.
Инвестициялар деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне маңызды әсер
етеді; оның өсу қарқынынан ұлттық экономикада көптеген макропропорциялар
тәуелді болады.
Инвестициялардың тиімділігін есепке алу, талдау және жоғарлату үшін
макродәрежеде сияқты, микродәрежеде де олардың ғылыми негізделген
классификациясы қажет. Инвестициялардың ойластырылған және ғылыми жоспарда
негізделген классификациясы тек оларды сауапты есепке алу ғана емес,
сонымен бірге олардың барлық жағынан қолданылу деңгейін талдауға және бұл
негізде тиімді инвестициялық саясатты жасау және іске асыру үшін объективті
ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі экономиканың тұрмыстылығында және тәжірибесінде аса таралған
келесі белгілер бойынша инвестициялардың төмендегі классификациясы
қолданылады:
– болашақ объектілердің мақсатты тағайындалу белгісі бойынша – бұл
олардың ұлттық шаруашылықтың салалары бойынша бөлінуі - өз кезегінде
екі бөлімшелерін – өндірістік тағайындалуының объектілеріне салымдарын
және өндірістік емес тағайындалудың объектілерін құрайды.
– негізгі қорлардың қайта өндірісінің формалары бойынша – жаңа
құрылысқа, әрекет етуші кәсіпорындардың кеңейтілуіне және қайта
құруына, сонымен бірге техникалық қайта қаруландырылуына.
– қаржыландыру көздері бойынша – орталықтанған және орталықтанбаған.
– қолдану бағыты бойынша – өндірістік және өндірістік емес.
– инвестицияларды қосу объектілері бойынша:
мүлікке инвестициялар (нақты инвестициялар) – ғимараттарға, жабдықтарға,
құралдарға, материалдардың қорларына инвестициялар; нақты (капиталды
құрайтын) инвестициялар – әрекет етуші кәсіпорындардың қайта құрылуына
және техникалық қайта қарулануына жаңаларын құру. Бұл жағдайда инвестор-
кәсіпорны қаражаттарды сала отырып, өзінің өндірістік капиталын
көбейтеді – негізі өндірістік қорлар және олардың қызмет етуі үшін
қажетті айналым құралдары;
қаржылық (портфельді) инвестициялар (акцияларды, облигацияларды және
басқа бағалы қағаздарды алу); портфельді инвестициялар – басқа
кәсіпорындардың активтерін акцияларға, облигацияларға, басқа бағалы
қағаздарға салу. Портфельді инвестицияларды жүзеге асыру кезінде
инвестор бағалы қағаздарға дивиденд-табыстарын ала отырып өзінің
қаржылық капиталын көбейтеді;
материалды емес инвестициялар немесе материалды емес активтерге
инвестициялар (патенттер, лицензиялар, бағдарламалық өнімдер, ғылыми-
зерттеушілік және тәжірибелі-құраушы жасаулар және т.б.).
Капитал құраушы инвестициялардың құрылымында негізгі орынды негізгі
капиталға инвестициялар алады, қайсысылардың көлеміне жаңа құрылысқа, қайта
құрылуына, әрекет етуші өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, көліктік, саудалық
және басқа кәсіпорындардың кеңейтілуіне және техникалық қайта қарулануына
шығындар, тұрғындық және мәдени-тұрмыстық құрылысқа шығындар кіргізіледі.
Инвестицияларды қолданудың тиімділігі маңызды дәнежеде олардың
құрылымына байланысты болады. Инвестициялардың құрылымында олардың түрлері,
пайдалану бағыттары бойынша құрамы және олардың жалпы инвестицияларда үлесі
түсініледі.
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады.
Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар
мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту
олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін
оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар
табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық
тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының
басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті
қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны
қайта құру үшін әр түрлі көзқарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған
байланысты экономикалық жақсы дамыған сегмент ретінде банктік жүйеге
келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және
жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және
тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық
инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу
тәжірибесін қарастырады.
Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар күрделі қаржыны
жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды кеңейту және
техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық
құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына
таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске
асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға
бөлінеді.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан.
Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген
сұрақтарға жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық ресурстары,
өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған
ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің
денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын
қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес салудан кейіннен табыс, пайда алу
көзделеді. Бұл – акцияны сатып алу, олармен биржадағы ойынға қатысу,
бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық запастармен сауда жасау және басқадай
толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.
Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да
қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар,
жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық
интелектуалдық құндылықтар.
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Инвестициялаудың тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан да қатты, мұнда
қаржы салымы ең алдымен бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады:
жабдықтарды сатып алу және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат
құрылысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және
айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал"
терминіне қосып атайды.
Енді қаржыны кімдер салады? Негізгі салымшылар кәсіпорындар,
фирмалар, мемлекет және халық.
Инвестицияны жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар
коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге,
саудагерлерге және ойыншыларға бөлінеді.
Инвестор – бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең
алдымен ойлайтыны тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны
қаржыландырудағы делдал.
Кәсіпкер – бұл белгілі бір тәуекелділікпен өз капиталын салушы адам.
Саудагер – бұл белгілі, алдын-ала есептелінген тәуекелділікке баруға
дайын адам.
Ойыншы – қандай да болмасын тәуекелдікке баруға дайын адам.
Инвестициялау мақсаты – табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны
бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі
жағдай, ұзақ мерзімді кәсіпорнының әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық
- саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды
ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал
мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.
Сыртқы экономикалық қызметтің маңызды аспектісі – шетел
инвесторларының қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін
шетел кредиттерін тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың құрылымын
жетілдірудің басым міндеттерін шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту
және экспорттық әлеуетті кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы
тиіс. Сыртқы кредиттерді қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері
жасалған, олар сонымен бірге, ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді.
Кредиттерді қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары
болып табылады.
Шетелдік инвестицияларды тарту үшін қажетті жағдайлар жасалуы тиіс:
1) шетелдік инвесторлардың қызметімен байланысты әкімшілік рәсімдерді
ықшамдау: жұмыс істеу құқығына, ел ішінде жүріп-тұруға, кедендік және
шекаралық бақылаудан өтуге рұқсаттар беру, рұқсатнама беру болып табылады.
2) елдің ұлттық мүдделері үшін қызмет түрлеріндегі басымды салық
жеңілдіктерін және басқа жеңілдіктерді беру жеңілдетілген мөлшерлемелер,
инвестицияларға немесе кредиттерге салықтық шегерімдер, жеңілдетілген
баждар, жеделдетілген амортизация.
3) жерді, жылжымайтын дүние-мүлікті пайдалану құқығын
қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
4) пайда әкетіліміне үкімет кепілдіктерін немесе оны қайта
капиталдандырудың жеңілдетілген шарттарын беру [17; 448-456 бет].
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол
сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді.
Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар
мұнай мен газ саласына көбірек қаржы құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта да
инвестицияның басым бөлігі кең-қазба байлықтарын құрайды. Өз кезегінде
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы атқарып жатқан іргелі істері
елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне жол ашып отыр. Оның сыртында
елдің ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы реформаның бірізділікпен жүзеге
асырыла бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді.
1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан экономикасына 25,8
миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды.
Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80
пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің
елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты.
Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі Қазақстанға
қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді. Бұл
Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік
береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері
жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі
танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси
тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта
дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады. Қазақстанда нарықтық
реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық
валюта қоры, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Азия
даму банкі секілді беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да
халықаралық қаржы мекемелерімен іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі үлкенді-кішілі
55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне қаржылық
міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық қаржы-
кредит және басқа ұйымдарға қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды,
борыштық операциялар мен мәмілелер бойынша қажетті төлемдерді жүзеге
асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі уақыт ішінде Қазақстанның
халықаралық ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ доллары көлеміне жеткен.

1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары

Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды
жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық
процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп,
сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының
көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп
халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде
жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп,
әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз
керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне
экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды
ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі
құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай
элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта
өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік,
тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік
қажеттілігіне жұмсалады.
2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс
тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік
қажеттілігін өтейді.
3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға
жұмсалады:
• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
• Мемлекеттік зейнетақы қорына;
• Аймақтық бюджетке;
• Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Егер фирма салымдары бойынша ең жоғары тиімділікке жетуге тырысса,
онда олардың басшылары инвестициялаудың базалық принциптерін есептеуі
керек.
1. Инвестициялаудың шектеулі тиімділігі
2. "Замазкалау" принципі.
Сылап, бітеу жұмысына келетіндей инвестиция жүргіз. Шешімді қабылдап
алғаннан кейін, инвестицияны іске асыру барысында ол еркіндікті енді оған
бармау алмастырады, Мәселен, қандай станокты сатып алуға, не жалға алуға
немесе өзің өндіргің келеді де, бұл операцияны жүргізу үшін қанша кредит
аласың, оны қандай мерзімге және қанша проценттік мөлшерде алуға шешім
жасауға еріктісіз. Ал, бұл операциялардың бәрін жасап болғаннан кейін,
қайтадан қайту оңайға түспейді, өте қиын болады. Бұл станокты көп жыл
бойына пайдалану керек болады, алған кредит үшін проценттерді төлеу керек
болады. Сөйтіп, сылап-бітеу процесінен шыға алмай, байланасың да қаласың,
өйткені иңвестициялық жоба күшіне еніп алғаннан кейін еркін қимыл-
әрекеттерге баруың шектеулі болып қалады.
Мұнан еркін шешімділікке және басқа әрекеттерге баруың мүлдем тыйылды
деуге болмайды. Әрине, сатып алған станокті қайтадан сатып жіберуге де
болады немесе акциялардан да құтылуға болады да, "дезинвестирование" деп
аталатынды жүргізуге болады. Көбінесе осыны жүргізеді. Қатені кейінге
қалдырудан гөрі, тезірек түзетуге тырысу керек. Бірақ қатені түзеу үшін
уақыт та кетеді, ақша да жұмсалады, басқару қызметінде шәлгездік туады,
іскер серіктестермен байланыс үзіледі.
Мысалға, әлгі сатып алынған станокты алсақ, оны 1 жыл бойы пайдаланып
келеген. Конъюнктура өзгеріп кетті де, енді оны пайдалануға мүмкіндік
болмай қалды, оны 10 жыл бойы пайдаланбақ болған. Осы 10 жылға есептеліп
кредит алып, әкеліп беруші және сатып алушылармен келісіп, амортизацияны да
есептеп, тиісті ұзақ мерзімді келісім шарттарды жасап қойған.
Дезинвестирование жүргізуге шешім қабылдап, қателіктерді жөндеуге бару
керек болады, бірақ қателіктерді жөндеуге ештеңе төлемейтін болды. Кредит
үшін (10 жыл) төлеу керек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобаға қатысу тиімділігі
Жобаны сараптамалық бағалау
Кәсіпкерлік қызметтегі инвестициялық жобалар
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары
Инвестициялық жобаларды бағалаудың статистикалық әдістері
Инвистицияның тиімділігін бағалау және кәсіпкерлік жобаны негіздеу
Инвестициялық жобаға түсінік
Инновациялардың инвестициялық негізі
Инновациялы инвестициялық жобалар және оларды бағалауға арналған программалық пакеттер
Тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалардың және оларды басқару
Пәндер