Инвестициялардың экономикалық мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Экономикалық жүйенің қатысушылары – фирма, компания, сала немесе
ұлттық шаруашылық – негізгі және онымен байланысты айналым капиталын құру
және кеңейту, қайта құру немесе техникалық қайта қарулану үшін қажетті
қаражаттарда қажеттілікте мүдделі болады. Себебі олардың әрбіреуінің
қаржылық ресурстардағы қажеттілігі әрқашан да үлкен, ал мүмкіндіктері
шектеулі, болашақ бағыттарды таңдау мәселесі, инвестициялар саласындағы
саясат пен олардың тиіміділігін бағалау күрделі және сонымен бірге қажет
болады.
Соңғы жылдары ішінде көптеген жоғары, әсіресе экономикалық маманданған
оқу орындарында Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес Инвестицияларды
қаржыландыру және несиелеу оқу пәні енгізілген. Берілген пәнді
студенттердің оқуы белгілі бір қиыншылықтармен байланысты. Біріншіден, бұл
салыстырмалы жаңа пән, сондықтан көптеген ғылыми және тәжірибелік сұрақтар
жеткілікті көлемде зерттелмеген және өңделмеген. Екіншіден, соңғы жылдары
қазіргі отандық экономикалық әдебиетке көптеген мамандар мен ғалымдарымен
әртүрлі түсіндірілетін көп шетел терминдері мен түсініктері енгізілген.
Үшіншіден, берілген курс бойынша оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы
байқалады.
Осының барлығы студенттердің семинар сабақтарына, сынақтарға және
емтихандарға дайындалу үшін қиыншылықтарды туғызады.
Берілген курс бойынша оқу әдебиетінде капиталдық салымдар формасында
жүзеге асырылатын инвестициялар немесе (аудармалы әдебиетте кездесетін)
бағалы қағаздарға салынатын инвестициялар қарастырылады. Көрініп тұрғандай,
біржақты тәсілдеменің шектері қазақстандық экономикадағы инвестициялық
процестің нақты сипатын көрсетпейді.
Берілген оқу құралының ерекшелігі инвестициялардың мәселелерін
баяндауға кешенді тәсілдеме болып табылады. Макроэкономикалық деңгейде
инвестициялар жалпы шаруашылық тұрғысынан қарастырылады (инвестициялық
процесс, инвестициялық нарықтар, инвестициялау модельдері, мемлекеттік
инвестициялық саясат), микроэкономикалық деңгейде шаруашылық етуші
субъектінің тұрғысынан қарастырылады (инвестицияларды қаржыландыру көздері,
тәуекелдерді бағалау, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау,
инвестициялық шешімдерді қабылдау процесі, инвестициялық портфельдің
құрылуы).
Оқу құралы нарықтық экономиканың нақты жағдайларына бейімделген
инвестициялық жобаларды дайындау және бағалау облысында жаңа әдістемелерге
ғана емес, сонымен қатар жиналған отандық тәжірибеге сүйенеді.
Оқу құралын жоғары оқу орындарының экономикалық мамандықтарында оқитын
студенттер (болашақ қаржыгерлер, менеджерлер, маркетологтар, бухгалтерлер
және аудиторлар және т.б.), сонымен бірге инвестициялық сферада жұмыс
істейтін барлық мамандар, соның ішінде біріккен инвестициялық жобаларды
жүзеге асыру кезінде шетел серіктестермен және кадрларды қайта дайындау мен
мамандықты көтеру жүйесінде жұмыс істейтіндер қолданыла алады.
Құралда баяндалған материалды оқу тәуекел және анықталмағандық
факторларын есепке алғандағы инвестициялық жобаларды жасау, негіздеу және
бағалау, бизнес-жоспарды дайындау, инвестициялық жобалардың бюджеттік,
коммерциялық және экономикалық тиімділігін бағалау, инвестициялық жобаларды
қаржыландыру көздерін таңдау облсыныда және т.б. арнайы білімдерді алуға
мүмкіндік береді.

1 БӨЛІМ. ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

1.1. Инвестициялық қызмет және инвестициялардың Қазақстан экономикасындағы
ролі

1.1.1. Инвестициялардың экономикалық мәні

Инвестиция термині латын invest сөзінен шығады, ол салу деген
мағынаны білдіреді. Берілген термин қазіргі уақытта да өзінің бастапқы
мағынасын жоғалтқан жоқ.
Капитал өсімінің қайнар көзі және инвестицияларды жүзеге асырудың
ынталндырушысы пайда (табыс) болып табылады. Инвестициялар табыс (нәтиже)
алу мақсатында жүзеге асырылады және берілген табысты (нәтижені) алып
келмейтін болса, олар тиімсіз болады. Сонымен қатар бұл жерде
инвестициялардың екінші маңызды жағы – ол қажетті табысты алу үшін
ресурстарды салу болып табылады.
Инвестициялардың тағы бірнеше түсініктемелерін келтірейік.
Инвестиция (investment) – табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын
салу, табыс немес пайда табу үшін сатып алынған мүлік.
Макмилланның сөздігі инвестицияларды тікелей тұтыну үшін емес,
игіліктерді өндіру үшін бағытталған шығындар ағыны ретінде анықтайды.
Оксфордтық түсіндірме сөздігінде инвестициялардың келесі тұжырымдамасы
берілген:
Инвестициялар (investment):
1. Келешектегі тұтыну мақсатында тауарларды өндіру үшін кәсіпорын үшін
машиналар мен құрал-жабдықтар сияқты өндіріс құралдрын сатып алу. Әдетте
осындай сатып алу капиталдық салымдар, өндіріс құралдарына салымдар
(capital investment) деп аталады; неғұрлым шаруашылыққа салынған капиталдық
салымдардың деңгейі жоғары болса, соғұрлым ол тез дамиды.
2. Активтерді, мысалы бағалы қағаздарды, өнер туындыларын, банктердегі
немесе құрылыс қоғамдарындағы депозиттерді және т.б., пайда немесе
капиталды ұлғайту түрінде қаржылық қайтарымды алу мақсатында сатып алу.
Қаржылық инвестициялардың (financial investment) осындай түрі жинақ құралын
білдіреді. Шаруашылыққа салынатын қаржылық инвестициялардың деңгейі
пайыздық қойылым, инвестициялардың мүмкін пайдалылық дәрежесі, іскерлік
климаттың жалпы тұрақтылығы сияқты факторларға тәуелді.
Берілген анықтамада инвестиция түсінігінің екі құраушысы –
капиталдық салымдар және қаржылық салымдар бөлінді.
Ұқсас анықтама И. Бернар және Ж.К. Коллидің Түсіндірме сөздігінде
қысқа формада келтірілген. Осында инвестициялар өндіріс құралдарын сатып
алу. Кең мағынада: табыс алу мақсатында капиталды сатып алу. Жалпы
қолданбалы мағынада: бағалы қағаздарға салымдар деп түсіндіріледі.
Соңғы анықтамалар капиталқұраушы (нақты) инвестициялар мен қаржылық
инвестициялардың арасында маңызды айырмашылық кіргізеді. Егер біріншісі
нәтижесінде эксплуатацияға жаңа өндіріс құралдарын енгізуге алып келсе,
екіншісі бар мүлікке меншік құқықтарының ауысуына алып келеді.
Одан басқа, инвестиция түсінігінің басқа анықтамалары бар, олармен
біз Макро- және микроэкономика курстарында кездесеміз.
Инвестициялар (investment) – экономикалық жүйеде қызмет ететін
капитал көлемінің, яғни адамдармен құрастырылған өндіріс құралдарының
ұсынылған мөлшерінің ұлғаюы.
Демек, нарықтық экономика жағдайында инвестициялардың экономикалық
мазмұны инвестициялық қызметтің екі жағының: ресурстық шығындары және
нәтижені алудың үйлесуінде қорытындыланады.
Айта кеткен жөн, осы екі процесс әртүрлі уақыт тізбектілігінде жүзеге
асуы мүмкін. Ресурстарды салу және нәтижені алу процестерінің тізбекті,
параллельді және интервалды өтуін ажыратады.
Осы процестердің тізбекті өтуі кезінде пайда инвестициялардың толық
көлемде аяқталғаннан кейін алынады. Олардың параллельді өтуі кезінде
пайданы алу инвестициялау процесінің толық аяқталуына дейін болуы мүмкін.
Осы процестердің интервалды өтуі кезінде инвестициялардың аяқталу және
пайда алу кезеңдері арасында белгілі бір уақыт өтеді (осы уақыт лагының
ұзақтығы инвестициялау формасына және нақты инвестициялық жобалардың
ерекшеліктеріне тәуелді).
Аса көрнекті бұл тұжырымдама Дж. М. Кейнстің жұмыстарында келтірілген,
оның есептеуі бойынша инвестициялар – бұл берілген кезең ішінде тұтынуға
пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі, берілген кезеңнің өнімділік қызметінің
нәтижесіндегі капиталды мүлік құндылықтарының ағымды өсімі. Осы анықтама
инвестицияның екі жағын айқын ажыратады: капиталды мүліктің өсімін
қамтамасыз ететін ресурстар (табысты көбейту мақсатында шоғырланған) және
салымдар (ресурстарды пайдалану).
Инвестициялар экономикалық категория ретінде өзінің функциялары арқылы
көрінеді. Инветсициялар келесі негізгі функцияларды атқарады:
• өндірістік және өндірістік емес сферадағы негізгі қорлардың жай
және кеңейтілген ұдайы өндіріс процесі;
• айналым капиталының қамтамасыз ету және толтыру процесі;
• капиталды бір сферадан басқасына, аса тартымды, нақты және
портфельді инвестициялардың негізінде қайта құю;
• басқа кәсіпорындардың акцияларын сатып алу және активтеріне
қаражаттарды салу жолымен меншік иелері арасында капиталды қайта
бөлу;
Макродеңгейде инвестициялар, әсіресе капиталдық салымдар, ұлттық
экономиканың дамуы және қоғамдық өндірістің тиімділігін көтеру үшін негіз
болып табылады. Олар келесілердің есебінен жүзеге асырылады:
• кәсіпорындардың негізгі өндірістік қорларының және өндірістік
емес сферасының жүйелі жаңаруы;
• ғылыми-техникалық прогрестің тездетілуі, отандық өнімнің сапасын
жақсарту және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
• халық шаруашылығының барлық салаларының үйлесімді дамуы;
• қажетті шикізат базасын құру;
• мемлекеттің экономикалық потенциалын өсіру және елдің қорғаныс
қабілетін қамтамасыз ету;
• өндіріс және айналым шығындарын төмендету;
• экспорт құрылымын көбейту және жақсарту;
• әлеуметтік мәселелерді, соның ішінде жұмыссыздық мәселелерін
шешу;
• экономикадағы оң құрылымдық қозғалыстарды қамтамасыз ету;
• шаруашылық етуші субъектілердің арасында меншікті қайта бөлу
және т.б.
Микродеңгейде инвестициялар келесі мақсаттарға жету үшін қажет:
• қызмет сферасының үлкеюі мен кеңеюі;
• негізгі өндірістік қорлардың моральді және физикалық тозуын
болдырмау;
• өндіріс және өнімді өткізудің өзіндік құнын төмендету;
• жаңа техника және технологияны енгізу негізінде өндірістің
техникалық деңгейін көтеру;
• өнімнің сапасын жақсарту және бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету;
• қауіпсіздік техникасын көтеру және табиғатты қорғау шараларын
жүзеге асыру;
• кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
• басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алу және
активтеріне қаражаттарды салу;
• акциялардың бақылаушы пакетін сатып алу және т.б.
Осылай, инвестициялар макро- және микродеңгейде маңызды роль атқарады,
жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс, құрылымдық қайта құрудан максималды
пайда алу және осының негізінде көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін
маңызды экономикалық категория болып табылады.

1.1.2. Инвестициялардың типтері және жіктелуі

Отандық экономикалық әдебиетте инвестициялардың жіктелуіне бірнеше
көзқарас бар.
Келесі жалпы қабылданған жіктелу белгілерінің жиынтығына сәйкес
инвестициялардың жіктелуін қарстырайық:
• инвестициялау объектісі;
• инвестициялау облысы;
• инвестицияның меншік формасы;
• инвестициялауда қатысу сипаты;
• инвестициялау кезеңі;
• инвестицияның аймақтық сипаты.
Инвестициялау объектісі белгісі бойынша инвестициялардың келесі
түрлері бар:
1. Нақты (капиталқұраушы) инвестициялар (кейде оларды өндірістік
немесе материалды деп атайды):
• негізгі қорларға салымдар;
• тауарлы-материалдық құндылықтардың запастарына инвестициялар;
Нақты инвестициялар дегеніміз нақты активтерге, яғни материалды және
материалды емес (кейде ғылыми-техникалық прогреспен байланысты материалды
емес активтерге қаражаттарды салу инновациялық инвестициялар ретінде
сипатталады) қаражаттарды салу.
Нақты инвестициялар капиталдық салымдар нысанында жүзеге асырылады.
Нақты жобаларға инвестициялар – уақыт бойынша ұзақ процесс. Сондықтан
оларды бағалау кезінде келесілерді ескеру қажет:
а) жобалардың тәуекелділігін – неғұрлым шығындардың өтелу мерзімі ұзақ
болса, соғұрлым инвестициялық тәуекел жоғары;
б) ақшаның уақытша құнын, себебі уақыт өткен сайын ақша инфляция
салдарынан өзінің құндылығын жоғалтады;
в) табыстың максимизациясы және тәуекелдің минималды деңгейі кезіндегі
компания акцияларының курстық құнының өсуі тұрғысынан капиталды салудың
альтернативті варианттарымен салыстырғандағы жобаның тартымдылығын, себебі
осы мақсат инвестор үшін анықтаушы болып табылады.
Көрсетілген ережелерді тәжірибеде қолдана отырып, инвестор оның
стратегиялық мақсаттарына жауап беретін негізделген шешім қабылдауы мүмкін.
2. Қаржылық инвестициялар:
• жинақтаушы банктерге салымдар;
• облигациялар;
• акциялар;
• ақша;
• депозиттер.
Қаржылық инвестициялар әртүрлі қаржылық құралдарға (активтерге), соның
ішінде аса маңызды үлес алатын бағалы қағаздарға қаражаттарды салу деп
түсінеді.
Нақты және қаржылық инвестицияларды бөлу жіктеудің негізгі белгісі
болып табылады. Кейбір авторлардың пікірінше, примитивті экономикаларда
инвестициялардың негізгі бөлігі нақты инвестицияларға жатады, ал қазіргі
экономикада инвестициялардың көп бөлігі қаржылық инвестицияларда көрінеді.
3. Интеллектуалды инвестициялар:
• ғылыми жұмыстарға инвестициялар;
• мамандарды дайындауға инвестициялар;
• әлеуметтік сфераға инвестициялар.

Екінші белгі – инвестициялау облысы бойынша инвестициялар олар
бағытталған қызмет сферасына тәуелді жіктеледі. Мысалы, капиталдық
құрылысты жүзеге асыратын құрылыс ұйымы үшін келсі инвестициялау облыстарын
бөліп көрсетуге болады:
• жабдықтау, яғни құрылыс материалдарымен, техникамен, көлікпен,
жартылайфабрикаттармен қамтамасыз ету;
• өндіріс, яғни тікелей құрылыс жұмыстарын жүргізу;
• өткізу, яғни құрылыс өнімдерін сәйкес келетін ғимараттарды,
құрылысты, тұрғын аудандарын сату немесе жалға беру түрінде
өткізу және т.б.

Үшінші белгі – инвестициялардың меншік формасы бойынша төмендегілер
бөлінеді:
• сәйкес бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың және қарыз
қаражаттарының есебінен әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік
органдармен, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындармен және
өзіндік немесе қарыз қаражаттары есебінен мемлекеттің қатысы бар
кәсіпорындармен жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялар;
• шетел инвестициялар – шетел заңды және жеке тұлғалармен, сонымен
бірге шетел мемлекеттері және халықаралық ұйымдармен жүзеге
асырылатын инвестициялар;
• жеке инвестициялар – жеке тұлғалармен және мемлекеттік емес
меншік нысанындағы кәсіпорындармен жүзеге асырылатын
инвестициялар;
• біріккен инвестициялар – отандық және шетел инвесторларымен
бірігіп жүзеге аысырылатын инвестициялар.

Инвестициялауда қатысу сипаты белгісі бойынша инвестициялауда
тікелей және тікелей емес қатысуды бөледі.
Инвестициялауда тікелей қатысу дегеніміз инвестордың инвестициялау
және қаражаттарды салу объектілерін таңдаудағы тікелей қатысуы. Тікелей
инвестициялауды инвестициялау объектісі туралы нақты ақпаратқа ие және
инвестициялау механизмімен жақсы таныс инвесторлар жүзеге асырады.
Инвестициялауға тікелей емес қатысу дегеніміз инвестициялауды басқа
тұлғалардың (инвестициялық немесе басқа қаржылық делдалдар) жүргізуі.
Инвесторлардың барлығы инвестициялау объектілерін тиімді таңдау және оны
келешекте басқару үшін жеткілікті мамандыққа ие болмайды. Осы жағдайда олар
инвестициялық және басқа қаржылық делдалдар (мысалы, инвестициялық
қорлардың және инвестициялық компаниялардың инвестициялық сертификаттары)
шығаратын бағалы қағаздарын сатып алады, ал соңғылары өзінің көзқарасы
бойынша осы жолмен жиналған инвестициялық қаражаттарды орналастырады: аса
тиімді инвестициялау объектілерін таңдайды, оларды басқаруда қатысады, ал
алынған табыстарды өздерінің клиенттері арасында бөледі.

Инвестициялау кезеңі белгісі бойынша қысқа және ұзақ мерзімді
инвестицияларды ажыратады.
Қысқа мерзімді инвестициялар дегеніміз әдетте бір жылға дейінгі
кезеңге капитал салымдары (мысалы, қысқа мерзімді депозиттік салымдар,
қысқа мерзімді жинақ сертификаттарын сатып алу және т.б.).
Ұзақ мерзімді инвестициялар дегеніміз бір жылдан асатын кезеңге
капитал салымдары. Осы критерий есеп тәжірибесінде қабылданған, бірақ,
тәжірибе көрсеткендей, ол нақтылауды қажет етеді. Ірі инвестициялық
компаниялардың тәжірибесінде ұзақ мерзімді инвестициялар келесідей
бөлшектенеді: а) 2 жылға дейін; б) 2-ден 3 жылға дейін; в) 3-тен 5 жылға
дейін; г) 5 жылдан жоғары.

Соңғы белгі – инвестициялардың аймақтық сипаты олардың үш топқа
бөлуін сипаттайды:
• шетелдегі инвестициялау – берілген елдің мемлекеттік
шекарасынан тыс орналасқан инвестициялау объектілеріне
қаражаттарды салу;
• ішкі инвестициялар – берілген елдің территориясында
орналасқан объектілерге қаражаттарды салу;
• аймақтық инвестициялар – мемлекеттің нақты аймағының шегінде
қаражаттарды салу.

Инвестицияларды жіктеу үшін тағы қосымша белгілерді пайдалануға
болады:
• инвестициялық процесте шектелген ресурстарды – жер, капиталды
ресурстар және персоналды қолдану бойынша;
• инвестициялау масштабы бойынша – кіші, орта және ірі жобаларға
инвестициялар;
• басқа инвестициялардың әсеріне төну дәрежесі бойынша – тәуелсіз
инвестициялар; бәсекелестік инвестициялық шешімдерді қабылдауға
сезімтал инвестициялар;
• инвестициялаудың мақсаттарына тәуелді тиімділік алу формасы
бойынша;
• инвестициялар тығыз байланысты функционалдық қызмет бойынша;
• салалық жіктеме бойынша;
• инвестициялау тәуекелі бойынша;
• жүзеге асыру міндеттілік дәрежесі бойынша – тиісті міндетті,
абсолютті міндетті емес, міндетті емес.
Қазақстандық экономикада инвестициялардың тікелей, портфельдік және
басқа жіктелуі тараған.
Портфельдік инвестициялар капиталдық жобалар тобына салу, мысалы
әртүрлі кәсіпорындардың бағалы қағаздарын сатып алу.
Портфельдік инвестициялар жағдайында инвестордың басты негізгі міндеті
қор нарығында бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларымен жүзеге
асырылатын оңтайлы инвестициялық портфельді құру және басқару болып
табылады. Осылай, портфельдік инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді
қаржылық операцияларды білдіреді.
Тікелей инвестициялар – нақты ұзақ мерзімді жобаға қаражат салу және
әдетте нақты активтерді сатып алумен байланысты болады.
Инвестициялар туралы шешім қабылдау стратегиялық, басқарудың аса
күрделі міндеттерінің бірі болып табылады. Осы кезде инвесторлардың
мүдделері сферасында экономикалық қызметтің барлық дерлік аспектілері,
қоршаған әлеуметтік-экономикалық ортадан, инфляция көрсеткіштері, салықтық
жағдайлар, нарықтың жағдайы және даму болашағы, өндіріс қуаттарының бар
болуы, материалдық ресурстардан бастап, жобаны инвестициялау стратегиясын
біткенге дейін. Міндеттің кешенділігі инвестициялық жобаны жасауға және
талдау жүргізуге талаптар қояды.

1.1.3. Инвестициялардың субъектілері мен объектілері

Инвестиция түсінігі келесі қағидалы түсініктермен тығыз байланысты:
• инвестициялық қызметтің субъектісі;
• инвестициялық қызмет;
• инвестициялау объектісі.
Осы түсініктер нарықтық жағдайдағы инвестициялық қызметті жүзеге
асырудың ерекшелігін ашады. Инвестициялық қызметтің субъектілері ретінде,
бір жағынан, бос инвестициялық ресурстарға ие қатысушылар (инвесторлар),
басқа жағынан, инвестициялық ресурстарда қажеттілігі бар кәсіпорындар,
ұйымдар және т.б. қарастыруға болады. Инвестициялық қызметтің үшінші жағы
инвестициялық институттар мен инвестициялық ресурстардың тұтынушылары
арасындағы өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін делдалдар болып
табылады.
Инвестициялық қызметте инвесторлар маңызды орын алады. Отандық
заңнамада инвестор – бұл инвестициялық жобаға өзіндік және басқа тартылған
меншікті және интеллектуалды қаражаттарды салуды жүзеге асыратын және шешім
қабылдайтын, сонымен қатар олардың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ететін
заңды немесе жеке тұлға.
Инвесторлар ретінде келесілер болуы мүмкін:
• мемлекеттік және жергілікті мүліктік құқықтарды және мүлікті
басқаратын органдар;
• азаматтар, соның ішінде шетел тұлғалар;
• кәсіпорындар, кәсіпорын одақтары және басқа заңды тұлғалар,
сонымен қатар шетел заңды тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық
ұйымдар.
Инвесторлар салымшылар, тапысырыс берушілер, несие берушілер, сатып
алушылар ретінде болады, басқа сөзбен айтқанда, инвестициялық қызметтің кез-
келген қатысушының функцияларын атқарады.
Нарықтық экономикадағы кез-келген кәсіпорын қаржылық нарықпен эмитент
және инвестор ретінде тікелей байланысты. Тактикаға тәуелді пассивті және
активті инвесторларды бөледі. Біріншілері бірнеше жыл кезеңі ішінде
бақылаудағы кәсіпорынның жағдайын жақсартуға тырысады. Екіншілері
жоғарыөтімді активтерді сатып алудың мүмкіндігін алуға тырысады; оларға
инвесторға жоғары пайда алып келе алатын тәуекелді салымдарда
мамандандырылған венчурлық инвесторлар жатады. Венчурлық кәсіпкер
қаражаттарды нақты кәсіпорындарға салады.
Инвестициялық процестің басқа субъектісі – бұл инвестициялық қызметтің
объектілерін пайдаланушылар. Олар инвестициялық қызметтің объектісі
құрылатын инвесторлар, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік
және жергілікті органдар, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы
мүмкін.
Инвестициялық процестің тағы бір қатысушысын – тапсырыс берушіні бөліп
көрсетуге болады. Тапсырыс берушілер инвесторлар, сонымен бірге
инвестициялық жобаны жүзеге асыруға инвестордың өкілеттігі бар басқа жеке
және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Осы кезде тапсырыс беруші инвестициялық
процестің басқа қатысушыларының кәсіпкерлік қызметіне араласпауы керек,
егер олардың арасындағы келісім-шартта көзделмесе.
Егер тапсырыс беруші инвестор болып табылмаса, онда ол әрекеттегі
заңның шегіндегі келісім-шартта белгіленген өкілеттік және белгілі бір
кезең шегінде инвестицияларды иелену, пайдалану және басқару құқықтарына
ие болады. Берілген қатысушыны жобаның басқарушысы немесе менджері деп атау
дұрысырақ болар еді.
Инвестициялық қызмет – бұл инвестицияларды салу, немесе инвестициялау,
инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік іс-әрекеттердің жиынтығы.
Осылайша, инветициялық қызмет деп инвестордың инвестициялық объектіні
таңдау жәненемесе құру, оны пайдалану және жою, қажетті қосымша салымдарды
жүзеге асыру мен сыртқы қаржыландыруды тарту бойынша инвестордың іс-
әрекеттерінің тізбектілігі түсіндіріледі.
Инвестициялық іс-әрекеттің бірінші кезеңі инвестициялау объектісін
таңдау болып табылады. Инвестициялау объектісі дегеніміз инвестициялар
бағытталған кәсіпкерлік қызметтің кез-келген объектісі.
Инвестициялау объектілеріне келесілер жатады:
• ақша қаражаттары, мақсатты банктік салымдар, пайлар,
акциялар және басқа бағалы қағаздар;
• жылжымалы және жылжымайтын мүлік (ғимарттар, құрылыс және
басқа материалдық құндылықтар);
• авторлық құқықтан шығатын мүліктік құқықтар, know-how және
басқа интеллектуалды құндылықтар;
• жерді және басқа ресурстарды пайдалану құқықтары, сонымен
қатар басқа мүліктік құқықтар мен басқа құндылықтар.
Инвестициялық қызмет және инвестициялық объект түсініктерін бөлу
инвестициялардың нәтижесін бағалауға маңызды ықпал етеді. Егер нәтиже
ретінде нәтиже ретінде инвестициялық объектіні қарастырылса, онда оның
құндылығы оның нарықтық құнымен анықталады. Егер инвестицияның нәтижесіне
инвестициялық іс-әрекеттер ықпал етсе, онда ондай баға толық емес болып
табылады, себебі сыртқы көздерден қаражаттарды тарту және уақытша бос
капиталды қосымша инвестициялау нәтижесінде инвестордың алатын пайдалы
тиімділігін ескермейді. Инвестициялардың мөлшерін және инвестициялаудың
нәтижесін бағалауда қолданылатын кез-келген схема өзінің негізінде
инвестициялардың жіктелуіне ие болуы керек. Осы кезде әрбір инвестицияның
бөлек типі өзінің бөлек нарығына ие және сәйкес әдістер мен тәсілдемелерді
қолданумен талдануы қажет.

1.1.4. Шетел инвестициялардың Қазақстан экономикасындағы ролі мен орны

Шетел инвестициялар – бұл ҚР территориясындағы кәсіпкерлік қызметтің
объектісіне шетел инвесторына тиісті азаматтық құқытардың, соның ішінде
ақша, бағалы қағаздар, басқа мүлік, инттелектуалды қызметтің, сонымен бірге
қызмет пен ақпарат нәтижелеріне ерекше құқытардың ақшалай бағасына ие
мүліктік құқықтар объектісі түрінде шетел капиталын салу.
Шетел фирмалардың тікелей инвестициялар тек ішкі капитал салымдардың
қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген
технологияға, сыртқы нарықтардағы өткізу жүйесіне, қаржыландарудың жаңа
көздеріне қол жеткізу тәсілі ретінде қарастырылуы мүмкін. Шетел
инвестициялар жаңа өндірістерді тез құруға көмектесуі мүмкін.
Шетел әдебиетте шетел инвестициялар тікелей және портфельдік болып
бөлінеді. Тікелей инвестициялар деп шетел инвестордың салған капиталы
отандық кәсіпорыннан артықшылығы болуымен түсіндіріледі. Әдетте ол шетел
компаниясы өз мүддесінде (үлкен пайданы алу, кеден баждарынан жанама өтіп
ішкі нарыққа өту, өзінің өндірісін төмен жалақы немесе ірі өткізу нарығына
немесе шикізат, материалдар көздеріне жақын ауданға көшіруі) берілген
фирманы пайдалануы кезінде болады. Портфельдік инвестициялар кезінде
олардың иесі үшін тек табыс маңызды болады, ал кәсіпорынды бақылау оның
мүддесінде болмайды.
Қазақстандық экономикаға шетел инвестицияларын тарту келесі әлеуметтік-
экономикалық дамудың мәселелерін шешуге көмектесуі қажет:
• Қазақстанның талап етілмеген ғылыми-техникалық потенциалын,
әсіресе әскери-өнеркәсіптік кешеннің конверсионды кәсіпорындарын
игеру;
• қазақстандық тауарлар мен технологияларды сыртқы нарыққа
жылжыту;
• бөлек салаларда экспорттық потенциалды кеңейту мен
диверсификациялау және импорттың орнын басатын өндірістің дамуы;
• еңбек күші көп аймақтарға және табиғи ресурстарға бай аудандарға
капитал ағымына көмектесу;
• жаңа жұмыс орындарын құру және өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы
қатарлы орындарын игеру;
• кәсіпкерлік сферадағы өркениетті қатынастардың тәжірибесін
игеру;
• өндірістік инфрақұрылымның дамуына көмектесу.
Отандық экономикаға шетел капитал инвестициясының негізгі формалары
келесілерді қосады:
• ҚР мемлекеттік қарызын құрайтын мемлекеттік қарыз алулар
нысанындағы инвестициялар;
• инвестициялар қазақстандық кәсіпорындардың акционерлік
капиталына салым ретінде;
• инвестициялар бағалы қағаздарға салым ретінде;
• шетел несиелер;
• лизингтік несиелер;
• қазақстандық кәсіпорындарға қаржылық несиелер.
Портфельдік инвестициялардың маңызды өсімі кезінде қазақстандық
экономикаға салымдардың негізгі бөлігі тауарлы несиелер, ҚР Үкіметінің
кепілдігіне шет мемлекеттердің несиелері, сонымен бірге халықаралық
қаржылық ұйымдардан – Әлемдік банктен, Халықаралық валюталық қордан,
Еуропалық қайта құру және даму банкінен алынған несиелер есебінен құрылатын
салымдарға келеді.
Қазақстандағы тікелей шетел инвесторлар қызметінің ұйымдаструшылық
нысаны құрылымында біріккен және шетел кәсіпорындардың артықшылығы бар.
Шетел заңды тұлғалардың филиалдары таралмаған.
1990-жж. шетел инвесторлары инвестицияларды капиталды көп қажет
етпейтін тез өтелетін инвестициялық жобаларға, әсіресе саудаға, қоғамдық
тағамға, өңдейтін өнеркәсіп салаларына салған. Сол уақытта капиталды көп
қажет ететін салаларға, сонымен бірге ғылыми-техникалық прогрестің дамуын
анықтайтын салаларға инвестициялардың көлемі аз болатын. Қазақстандағы
тікелей шетел инвестициялардың маңызды көлемі отын өнеркәсібіне келеді,
себебі ол дамыған және басқа мемлекеттерге өнімді экспорттауға бейімделген.
Осы жағдайда шетел инвесторлары өздерінің мемлекеттерінің шикізатпен
қамтамасыз етудің мәселелерін шешеді.
Қазақстандағы шетел капиталы қатысқан кәсіпорындардың көп бөлігі АҚШ
және Германияға келеді. Сондай-ақ үлкен үлес Қытай, Кипр және Тайвань
сияқты дамушы елдерге келеді.

1.2. Нарықтық экономиканың құрылу жағдайындағы мемлекеттің құрылымдық-
инвестициялық саясаты

1.2.1. Нарықтық жағдайдағы құрылымдық инвестициялық саясаттың негізгі
бағыттары

Бұрынғы Кеңес Одағының барлық мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан,
әлі де болса экономикалық және әлеуметтік дағдарыс жағдайында болып отыр.
Осы дағдарыстық жағдайдан шығу, экономиканың тұрақтануы мен дамуы үшін
маңызды талап оңтайлы құрылымдық-инвестициялық саясатты жасау және жүзеге
асыру болып табылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың түрлері
Инвестиция теориясы
Инвестициялар мен инвестициялық шешімдердің жалпы сипаттамасы
Өзара инвестициялық қорлар
ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, СЫНЫПТАМАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Инвестициялар мәселесі және мемлекеттің инвестициялық саясаты
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары
Пәндер