Жалпы қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту
Жоспар:
КІРІСПЕ 3
1 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗАТ ЕСІМДІ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ
АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқыту 6
парадигмасының қалыптасуы
1.2 Зат есімді оқытудың когнитивті негіздері 6
1.3 Зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытудың8
психолингвистикалық сипаты
1.4 Зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытудың9
педагогикалық ұстанымдары мен ұлттық менталдықты тәрбиелеу
2 ЗАТ ЕСІМДІ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ 10
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2.1 Бастауыш мектепте зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін
пайдалану арқылы оқытудың әдістемелік жүйесі 13
2.2 Зат есімді концептілік жүйе және концептінің құрылымдық
үлгілері арқылы меңгерту 13
2.3 Зат есімді оқытуға арналған когнитивті жаттығулар жүйесі
2.4 Зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытуға 18
бағытталған эксперимент жұмысының нәтижелері 19
Қорытынды 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
24
26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Білім берудің тұлғалық-бағдарланған
стратегиясының негізгі идеясы – оқушыларға механикалық түрде білім беру
емес, олардың табиғи қабілеттері мен әлеуметтік мүдделеріне баса назар
аудара отырып, өмірлік жоспарларын жүзеге асыруларына кең мүмкіндіктер
жасайтын білім кеңістігін құру. Бұл өз кезегінде бастауыш сыныптарда қазақ
тілін оқыту әдістемесіне де өзгерістер әкеліп, оқушыларға сапалы білім беру
көзін іздеудің қажеттілігін көрсетеді. Осы орайда, зерттеу тақырыбымыз да
әлемдік деңгейде бәсекелестікті қамтамасыз етуде қоғам алдында тұрған
міндетті іске асырумен тығыз байланысты.
Білім берудің жаңару бағытында жасөспірімдерді ұлттық рухта, ғасырлар
бойы қалыптасқан рухани құндылық негізінде жан-жақты дамыту көзделінсе,
адамға қатысты антропоцентристік бағыттағы адам танымын зерттейтін қазақтың
салт-дәстүрлері аумағындағы ғылымдардың басты қағидалары мен нәтижелерін
әдістемелік жүйеге енгізіп, оқыту технологиясын жаңа бағытта жүргізуге
тиіспіз. Себебі, балалар тіліндегі дүниенің тілдік бейнесінің ұлттық
тағылым мен тәрбиеге, ұлттық ойлауға сай қалыптасуынан оның ұлтжанды жеке
тұлғаға айналуы жүзеге асады.
Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде білім мазмұнын байыту, оқыту
үдерісін жетілдіру, жаңа әдістердің тиімділігін анықтау және оны қолдану
арқылы жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға
қалыптастыру мәселелері жөніндегі пікірлер, зерттеулер Ж.Қараев,
С.Рахметова, Ф.Ш.Оразбаева, Н.Құрманова, Н.Оразахынова, К.Жақсылықова,
Г.И.Уәйісова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Балтабаева, Ә.Е.Жұмабаева, Б.Қ.Игенбаева,
Р.О.Ізғұттынова, Б.Т.Қабатай, Н.Ә.Тойбазарова т.б. ғалымдардың әдістемелік
еңбектерінде қарастырылған. Алайда психологиялық-педагогикалық, әдістемелік
әдебиеттерге жасаған талдау бастауыш сыныптарда қазақ тілін, оның ішінде,
сөз таптарын қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқыту мәселесінің
бүгінгі таңға дейін әлі толық жолға қойылмауын, тиімді әдіс-тәсілдерінің
анықталмауы мен оқушылардың танымдық деңгейін, ой-өрісін арттыруға арналған
жаттығулардың жеткіліксіздігін, әдістемелік нұсқаулардың жоқтығын
көрсетеді. Демек, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан
ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамытуға
деген сұранысы мен бастауыш сыныптарда зат есімді меңгертуде ұлттық
танымдық басымдыққа мән бере отырып, толық ұғындыруды қамтамасыз ететін
арнайы оқыту әдістемесінің жасалынбауы арасында; зат есімді қазақтың салт-
дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытудың оқушылардың ұлттық танымын дамыту
мүмкіндіктері мен оларды мектепте жеткіліксіз пайдалану арасында; оларды
мектеп тәжірибесінде кең көлемде қолдану қажеттігі мен арнайы жасалған
әдістемелік нұсқаудың толық мәнде жүйеленбеуі арасында қарама-қайшылық
байқалады.
Бұл қайшылықтардың шешімін анықтау зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін
көрсетеді. Бұл күрделі түйіндерді шешу ісі көкейтесті мәселеге айналып
отырғандықтан, зерттеу тақырыбын зат есімді оқыту барысында қазақтың салт-
дәстүрлерін пайдалану деп таңдауға себеп болады.
Зерттеу нысаны. Бастауыш мектептің 4-сыныбында зат есімді қазақтың
салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні. 4-сыныпта зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану
арқылы оқыту әдістемесі.
Курстық жұмыстың мақсаты. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – зат
есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқыту теориясы мен
әдістемесінің тұжырымдамасын теориялық жағынан негіздей отырып, оны
меңгертудің әдістемелік жүйесін ұсыну және оны тәжірибе арқылы дәлелдеу.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш сыныпта зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану
арқылы оқыту парадигмасының қалыптасу кезеңдерін анықтай отырып, зат есімді
оқытудың когнитивті негіздерін белгілеу;
- зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытудың
психолингвистикалық сипатын анықтау;

арқылы оқытудың басты педагогикалық ұстанымдарын айқындап, ұлттық
менталдықты тәрбиелеудің мәнін ашу;
- бастауышта зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы
оқытуды жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсыну;
- зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқыту үшін
тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін жасау;

әдістемелік жүйесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеріп, сынақтан
өткізу.
Зерттеу болжамы. Бастауыш сыныпта зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін
пайдалану арқылы оқыту арқылы меңгерту оқушылардың ұлттық танымының
кеңеюіне, төменгі деңгейден жоғары деңгейге көтерілуіне жол ашады. Жаңадан
жасалған жаттығулар жүйесі оқушының білімі мен біліктілігін арттырып,
шығармашылыққа баулып, ойлау қабілетін арттырады, тілдік қатысымының
қалыптасуына жол ашады.
Зерттеудің жетекші идеясы. Бастауыш сыныпта зат есімді қазақтың салт-
дәстүрлерін пайдалану арқылы оқыту әдістемесінің теориялық негіздемесін
толық дәйектеп, когнитивті әдіс-тәсілдердің түрлерін жасауды жүзеге асырса,
оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыратын танымдық уәждері
қалыптасады. Бастауыш сыныпта зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін
пайдалану арқылы оқытуға негізделген жаттығулар мен тапсырмаларды жүйелі
түрде орындау оқушылардың тілдік ойлау cапасын арттырады, ұлттық танымын
кеңейтеді, сөздік қорын байытады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінің
басты қағидалары мен шетелдік әдіскерлер және отандық тіл білімінің танымал
ғалымдарының зерттеулеріндегі теориялық, әдістемелік ой-тұжырымдары
басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері: Ғылыми жұмыста теориялық әдістер, оқушылар әрекетін
жинақтау, талдау, оқушылардың танымдық дәрежесін бақылау, салыстыру, тест,
педагогикалық, эксперименттік нәтижелерін жинақтау, алынған нәтижелерді
жүйелеу, пікірлерді қорыту, зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану
арқылы оқыту арқылы меңгертуге арналған ұсыныстар мен тұжырымдарды қорыту
әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңызы. 4-сыныпта зат есімді қазақтың салт-
дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытудың теориялық түйіндері мен ұстанымдары
бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан
толықтырады. Бастауышта зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану
арқылы оқытуды арнайы тапсырмалар мен жаттығулар арқылы іске асырудың
нәтижелері қазақ тілін сапалы оқытуға жол ашады.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеу нәтижелері мен
тұжырымдарын бастауыш мектеп мұғалімдері, ЖОО-ның бастауыш оқыту
педагогикасы мен әдістемесі мамандығында оқитын студенттер пайдалана алады.
Зерттеу нәтижелерін ЖОО-да қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқыту
бойынша арнаулы курстарға пайдалануға болады. Зерттеу нәтижесінде қол
жеткізілген басты ғылыми тұжырымдар мен талдаулар қазақ тілі оқыту
әдістемесі бойынша зерттелмекші болашақ ғылыми бағыттардың қалыптасуына
негіз бола алады.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1.1 Зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқыту
парадигмасының қалыптасуы
Зерттеу жұмысы 4-сыныпта зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін
пайдалану арқылы оқытудың теориялық-әдістемелік жаттығулар жүйесін жасауға,
олардың тиімділігін эксперимент арқылы тексеруге бағытталады.
Жалпы қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту
Ы.Алтынсарин еңбектерінен басталады. Ол өзінің Қазақ хрестоматиясында
қазақ тілінің тазалығы мен сөздердің дұрыс қолданылуына мән берсе, Орыс
тілін қазақтарға оқытудың бастауыш құралы атты оқулығында балалардың тілді
меңгеру кезіндегі жеке сөз мағыналарын үйретудің маңыздылығын айта келіп,
тұрмыста жиі кездесетін сөздерден қазақша-орысша аударма сөздігін жасайды.
Ы.Алтынсарин сөздігінде сөздер алфавит ретімен емес, білдіретін
мағыналарының жуықтығына қарай орналастырылған (дінге қатысты атаулар,
туыстық атаулар, мамандық түрлері т.б.). Сондықтан Ы.Алтынсаринды қазақ тіл
білімінде тұңғыш рет тезаурустық сөздік жасаған ғалым деп білеміз, ал ол
кезде мұндай сөздік орыс тіл білімінде де жоқ еді. Жалпы тіл білімінде
тезаурустік әдіспен жазылған еңбек 1852 жылы Лондонда шыққан П.М.Роженің
(Roget`s International Thesaurus of English Words & Phrases) сөздігі еді.
Ы.Алтынсаринның тілдің когнитивті аспектісіне зейін қоюы өз еңбектерін
қазақтың ұлттық танымына сүйене отырып жазуында жатыр. Ол орыс, татар,
башқұрт т.б. ұлттардың когнициясына емес, өз ұлтының дүниетанымына қарай
әдіснамасын құра білді. Мәселен, аталмыш еңбегінің Нәрселердің аттары. Зат
есім деп аталатын бөлімінде зат есімдерді туыстық атаулар (әке, шеше,
...), дерексіз ұғымдар (өмір, ақыл, жан, ой, қуаныш, ...), киім атаулары
(төбетей, тақия, шапан, кебіс, мәсі, ...), төсек-орын атаулары (төсек,
көрпе, киіз, ...), ауылдағы киіз үй құралдары (ауыл, киіз үй, кереге, уық,
...), т.б. [1, 93-99 бб.]. Ы.Алтынсарин өзінің әдіснамасының ұстанымы
ретінде тілдегі ұлттық танымды, діни сенімді және қазақ менталдығына
құрылған ойлау, тәрбиелеу жүйесін алады, сондықтан оның өз сабағын танымдық
тұрғыдан оқытуға бағыттап, қазақ когнитивті педагогикасының бастауында
тұрғандығын көреміз.
ХХ ғасырдың басында Тіл – құрал деген ұстанымды басшылыққа ала
отырып, А.Байтұрсынұлы тілдің әлеуметтік, психологиялық, танымдық
қызметтеріне назар аударды. Оның Оқу құралы әліппесінде дыбыстарды оқыту
кезінде жаттығулардан кейін оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру, сөздік қорын байыту мақсатында танымдық деректер берілген.
Бұл деректер – балалардың дүниетанымын кеңейтетін, өзін қоршаған айналадағы
заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін сөздер. Атап айтсақ,
1. Туысқан-туған іліктес: ата, баба, әке, ана, әже, шеше, аға, іні,
апа, қарындас, жеңге, келін, қайын ата, қайын ене, ... бажа. 2. Киімдер:
шапан, ішік, тон, шекпен, бешпент, тымақ, жалбағай, құлақшын, бөрік, тақия,
жаулық, орамал, ... шұлғау т.б. [2, 43-45 бб.]. Таным көзін құраған тілдік
материалдар сол кездің өзінде таза теориялық қағидаларға ғана емес, идеялық-
рухани тәрбиеге де, халықтық дүниетанымға да арқау болған. Бұдан ғалымның
бастауыш мектептен бастап оқушыларға тілді үйретіп қана қоймай, тілді
таныту қажеттілігіне, әсіресе, ұлттық ойлау мен қабылдауға көңіл бөлгенін
байқаймыз. Бұдан шығатын қорытынды А.Байтұрсынұлы қазақ тілін оқыту
әдістемесінде алғаш ассоциациялық әдісті қолданған деуге толық негіз бар.
Оқушылардың ұлттық психологиялық мінезін басшылыққа алған ғалым өз
жаттығуларын ұлттық мәдени өмір нышандарына құра білді.
Бастауышта қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына үлес қосқан
ғалымдар еңбектерін зерделей келе, бастауышта зат есімді қазақтың салт-
дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытудың басты парадигмасы шартты түрде
мынадай кезеңдерге жүйеленді:
1) тілтанымның бастапқы парадигмасы – ХІХ ғасырдың аяқ шенінде
Ы.Алтынсарин еңбектерінде көрінді.
2) тілдік таным мен когнитивті грамматиканың басталу парадигмасы – ХХ
ғасырдың басы. Негізгі өкілдері: А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов еңбектері.
3) тілдік таным мен когнитивті грамматиканың жалпы теориялық
парадигмасы – 40-шы және 70-шы ж.ж.. Негізгі өкілдері: Ш.Х.Сарыбаев,
Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, А.Ысқақов, т.б. еңбектері.
4) дәстүрлі грамматика мен дәстүрлі және қазақтың салт-дәстүрлерін
пайдалану арқылы оқыту парадигмасы – ХХ ғасырдың аяғы. Негізгі өкілдері:
М.Балақаев, Ә.Қайдаров, Ә.Төлеуов, С.Исаев еңбектері.
5) когнитивті грамматика, қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы
оқыту парадигмасы – ХХІ ғасырдың басы. Негізгі өкілдері: С.Рахметова,
Ф.Ш.Оразбаева, Т.Әбдікәрімова, Ә.Мұханбетжанова, А.Жапбаров, Н.Құрманова,
Г.И.Уәйісова, Ж.Балтабаева, Ә.Е.Жұмабаева, Б.Т.Қабатай, Н.Ә.Тойбазарова
т.б. еңбектері.
Ал қазіргі таңда, тәуелсіздік кезеңінде ұлттық жаңғыруға сәйкес, қазақ
тіл білімінде қарқынды дамып келе жатқан лингвомәдениеттану және когнитивті
тіл білімі ғылымдарының соңғы нәтижелерін мектепте грамматиканы оқытуда
пайдалану қажеттілігі туындап отыр. Тіл табиғатын когнитивті сипатта
қарастыратын бұл бағыттың ерекшелігі – тілдік ұғымдарды әбден дәстүрге
айналған құрылымдық лингвистикадан өзгешелеу қалыппен жаңа арна үлгісінде
таныту. Бұл бағыт – тілдік тұлға келбетін қалыптастырудың ең басты да,
негізгі жолы. Сайып келгенде, мұндағы басты мақсат – грамматикалық
ұғымдарды, сөз таптарын меңгертуді ұлттық танымдық санамен байланыста алып,
білім, білік, дағдыны ұлттық менталдық деңгейінде қалыптастырып, жан-жақты
дамыған, әр түрлі жағдайға бейімделгіш, еліне қызмет ететін жеке тұлғаны
тәрбиелеу.
1.2 Зат есімді оқытудың когнитивті негіздері
Жалпы тілді оқыту тұрғысынан келгенде, концепт ұғымын адамның әлем
туралы өз бойына жинақтаған мәдени түсініктерін бейнелейтін ғаламның тілдік
бейнесі ретінде түсінеміз. Концепт – адам санасының ойлау көрсеткіштері мен
психикалық ерекшелігін, білім мен тәжірибенің бейнелі суретін құрайтын,
терең мазмұнды құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі
ұғымдардың бірі. Концепті когнитивті тіл білімі бірлігі болғандықтан, оның
құрылымдық бөліктері тілдік бірліктерден құралады, тілдік бірліктер оның
атауыштық (номинативті) өрісін құрайды. Концептінің құрылымдық бөліктері,
яғни қарапайым форма (фрейм), күрделі форма (скрипт), оқиғалы форма
(сценарий), сызбалы форма (схема), бейнелі форма (ойсурет) мысалдармен
түсіндіріліп, әртүрлі пікірлермен нақтыланды.
Зат есімдерді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқыту
әдістемесін негіздеуде концептінің құрылымдық бөліктері және оларға енетін
атауыштық өріс бірліктері болатындығы, яғни концептінің екі жақты сипаты
айқындалды. Осыған орай, бастауыштағы когнитивті әдістеме негізін
концептінің құрылымдық бөліктері және атауыштық өрісіне негізделген әдіс-
тәсілдер бойынша құрылу қажеттігі белгілі болды. Ә.М.Мұханбетжанова: Таным
дегеніміз – рухани әрекеттің арнайы түрі, қоршаған дүниені тану процесі.
Әрбір дәуірге дүниені тануды модельдеудің ерекше түрі ретінде белгілі бір
танымдық модельдер сәйкес келеді, – деп жазған болатын [3, 16 б.]. Жалпы
алғанда, адам әлемді өз ана тілі арқылы таниды да, сол негізде ұлттық
мінезді бойына қабылдай бастайды. Бұның негізінде ғаламның ұлттық бейнесі
жатса керек, сондықтан ғаламның тілдік бейнесі бала санасында
қалыптасқанда ғаламның ұлттық бейнесі бірге қабысып қалыптасады.
Ғаламның тілдік бейнесінің негізін зат есімдер құрағандықтан,
бастауыштағы бала санасында алдымен тілдегі зат есімдер жүйесі енген
концептосфера беки бастайды да, ол менталдылық деп айтылып жүрген ұлттық
сипатқа ұласады. Қай тілде ғаламның қарапайым бейнесі бала санасында орын
тепсе, сол тіл иесі болатын ұлттың мінезі бала психикасында негізделе
бастайды, ол дамып ғаламның когнитивті бейнесіне айналып, соңында
ғаламның тілдік бейнесі болып тұрақталады. Кезінде Э.Сепир, Б.Уорф
ұсынған болжамда адамдар әлемді өздерінің ана тілінің призмасы арқылы
қабылдап, көретіні айтылған еді.
Оқушылардың санасындағы дүниенің қарапайым бейнесіне сүйену арқылы
Адам, Табиғат, Отан, Достық, Қыс, Көктем, Жаз, Күз
концептілерінің құрылымдық бөліктері бойынша дүниенің когнитивті бейнесін
қалыптастыру үшін зат есімді оқытудың когнитивті моделі жасалды. Дүниенің
когнитиві бейнесін қалыптастыру – оқушылар санасында дүниенің көркем
бейнесі, дүниенің ғылыми бейнесі қалыптасуының алғышарты болатындығы
байқалды.
Қорытындылай келгенде, осы когнитивті категориялар зат есімді қазақтың
салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытудың негіздері болады. Зат есімді
қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытудың басты қызметі – балалар
санасында концептілік құрылымдар арқылы зат есімдер туралы ақпараттарды
жинақтау мен тұжырымдау; олардың танымдық парадигма деңгейін анықтап,
нақтылау; жалпы концептілік бөліктер бойынша талдау арқылы бекіту.
1.3 Зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытудың
психолингвистикалық сипаты
Бастауышта ана тілін оқытуда балалардың танымдық дәрежесін ескеруде
бірден бір басты қызмет атқаратын аспект бар. Ол – оқушылардың психикалық
көңіл-күйі мен әртүрлі психологиялық темпераменттері, сонымен қатар, ұлттық
тәрбиедегі ойлау менталитеті. Танымдық сипатқа негізделген оқыту
әдістемесінде оқытушыға басты кедергі болатын – әр жеке баланың өзіндік
ойлауы және онымен ұштасқан жалпы қабылдау дәрежелері. Қабылдау, сөйлесім
қызметі, индивидтің тілдік деңгейі, ұлттық менталдық, концепт, констант,
конструкт жүйесі талданып, тілді оқытудың психолингвистикалық аспектісі
когнитивті лингвистикамен тығыз байланыста қарастырылды. Адам тілдің
мазмұндық жағын, яғни дүние суретін кесек, ірі құрылымды фрагменттер
бойынша қабылдайтыны нақтыланып, зат есімдерді концептілік құрылымдар
бойынша оқытудың психолингвистикалық тұрғыдан тиімділігі зерделенді.
Кез келген тіл тек өзінің ұлттық дәстүрін танытуға қызмет ететіні
белгілі. Қалыпты қабылдау жүзеге асуы үшін, алдымен, басты ұлттық
психологияны бойына сіңірген индивид тілдік қарым-қатынасқа түсуі қажет.
Индивидтердің ұлттық дәрежелері ұлттық танымдық әрекеттеріне сай болса, зат
есімдердің, атаулардың толық құрылымдық үлгілері санада толық қабылданады.
Бұл, ең алдымен, бастауышта оқитын балалардың тілінен олардың күнделікті
лексиконынан көрініп отырады, яғни қандай отбасында тәрбиеленген болса, сол
отбасындағы тілдік қатынас міндетті түрде баланың сөйлеу тілінде орын
алады. Бастауыштағы бүгінгі бала – ертеңгі қоғамдағы жеке тұлға, сондықтан
болашақ тілдік тұлға тілінің қалыптасуының көзі, біздіңше, оның қарапайым
ғаламның тілдік бейнесінен гөрі күрделі ғаламның тілдік бейнесін сол
алғашқы баспалдақ болатын бастауыш сатысында қабылдай бастауында жатса
керек.
Оқушылардың психикалық дара ерекшеліктері олардың психологиялық даму
себептері мен жағдайларына байланысты болғандықтан, А.А.Леонтьев,
С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, К.Д.Ушинский, А.А.Залевская, И.А.Зимняя
Л.М.Фридман, Л.И.Божович және қазақ ғалымдары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, С.Рахметова, Ә.Алдамұратовтың оқушының психикалық
дамуын басқарудың жолдары туралы ойлары мен тұжырымдары курстық жұмыстың
негізі болады.
1.4 Зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытудың

Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелерін зерттеген ғалымдар (М.Мұқанов,
Н.Көшекбаев, Р.М.Қоянбаев, Ж.Б.Қоянбаев, С.Б.Бабаев Д.Әлімжанов, Ы.Маманов,
Б.Құлмағанбетова, С.Қазыбаев, С.Рахметова, Ә.Исабаев, А.Әбілқаев т.б.)
дидактикалық ұстанымдарды грамматикалық ұғымдарды оқыту, тіл дамыту
мәселелеріне қатыстыра отырып талдайды. Бастауыш сыныпта зат есімді
қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытуда педагог ғалымдардың
грамматикалық ұғымдарды меңгертуде ұстанған басты дидактикалық
ұстанымдарына сүйене отырып, зерттеу тақырыбымыздың ерекшелігіне қарай,
Л.В.Занковтың дамыта оқытуға ұсынған дидактикалық жүйесін басшылыққа алдық,
себебі мұнда когнитивті құрылымдардың оқушыларда қалыптасуы алғаш
негізделеді.
Ғалым жүйесін талдаған О.В.Нестерова бұл туралы былай деп жазады:
Л.В.Занков бойынша, оқыту үдерісі кезінде білім, білік пен дағды емес,
когнитивті (танымдық) түріндегі олардың психологиялы жаңа баламалы
құрылымдары пайда болады. Когнитивті құрылымдар – бұл ақыл-ой дамуының
субстраты, білімнің бірқалыпты, шағын, жалпыланған-мәнде жүйелі түрде
берілуі, ұзақ жадта сақталатын білімді пайдалану мен алудың әдістері [4,
30 б.]. Л.В.Занковтың түсінігіндегі жаңа құрылым ұғымы когнитивті
ғылымдағы басты категория болып саналатын концепт ұғымына жақын келеді.
Зерттеуде зат есімді оқытудың когнитивті ұстанымдары ғаламның тілдік
бейнесін қалыптастыру, когнитивті модельдеу, ұлттық менталдыққа сүйене
дамыту, когнитивті пәнаралық байланыс ұстанымымдары кеңінен мысалдар арқылы
талданды. Бастауыш сыныпта зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану
арқылы оқытудың моделі зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану
арқылы оқытудың мазмұндық жүйесін нақтылау және оның бағдарламасы мен
әдістемесін жасау міндеттерін шешуді көздейді.
Жоғарыда айтылған теориялық негіздер мен ұстанымдарға сүйене отырып,
бастауыш мектепте зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы
оқытудың моделі жасалды [1-сурет].
1-сурет – Бастауыш мектепте зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін
пайдалану арқылы оқытудың моделі
Қазақ ұлттық мектебінің басты мақсаты – жаһандану үдерісінде қазақ
ұлтының ежелден бойына жиған бар құндылықтарын сақтап, арттыру. Қазақ тілі
сабағында зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытуда
оқушыларды ұлттық менталдыққа тәрбиелеуде халық педагогикасының алатын орны
ерекше. Бала қай тілдің когнитивті бейнесін қабылдады сол тілде сөйлейтін
ұлттың мінезін қабылдайды. Дүниенің когнитивті бейнесінен туындайтын ұлттық
нышандардың дамуының этнопедагогикасымен айналысқан Ә.Табылдиев ұлттық салт-
сананың қалыптасу жүйесін былай көрсетеді: Игі әдет, әдет-ғұрып, әдеп,
дәстүр, салт, салт-дәстүр, салт-сана, мәдени сәулет, мәдени негіздер [5,
20 б.]. Мысалы: Туыстық атауларды таныстыруда Жігіттің үш жұрты болады.
Бірінші – ағайын жұрты; екінші – нағашы жұрты; үшінші – қайын жұрты деген
осы қанатты сөздерді мұғалім дайын күйінде хабарлап, ағайын, нағашы деген
сөздердің мәнін балалардан сұрайды. Жалпы алғанда, ұлттық мінезді
көрсететін ең басты белгі әдет-ғұрып, салт-сана екені мәлім. Мұның
астарында ұлттық ойлаудың көрсеткіші болатын когнитивтік негіздер жатқаны
анық. Дүниенің қарапайым бейнесі дүниенің когнитивті бейнесіне
ауысқанда ұлттық нышандардың негізі қаланады да, балалар санасында ұлттық
діл қалыптаса бастайды. Ұлттық діл (менталитет) ұлттық менталдыққа алып
баратын алып басқыш, сондықтан да ғаламның тілдік бейнесінің құрамындағы
ірі концептілерді бастауышта оқыту қажет. Зат есімді оқыту барысында
бүгінде балаларда толық көрінбей бара жатқан ұлттық менталды ойлау мен
ұлттық таным, ұлттық мінез, ұлтжандылық сияқты сезімдерді олардың бойына
дарыту, сол қалыпта тәрбиелеуді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы
оқыту әдістемесі арқылы жүзеге асыруға болады.
2 ЗАТ ЕСІМДІ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2.1 Бастауыш мектепте зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану
арқылы оқытудың әдістемелік жүйесі
Жалпы, бастауыш сынып оқулықтарында зат есім тақырыбы бойынша
берілетін білімнің теориялық мазмұны мен оны меңгерту жолдары бірізділікпен
сабақтастырыла, жүйелі түрде беріліп, оқушының психо-физиологиялық,
интеллектуалдық даму дәрежесіне сай деп санаймыз. Бұл өз кезегінде 4-
сыныпта зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытуға
септігін тигізеді.
Бүгінде әдістеме ғылымы даму үстінде. Соңғы кезеңде педагогика
ғылымында қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқыту әдістемесі
зерттеле бастады. Осыған орай, кіші мектеп жасындағы балалардың зат есім
туралы танымын кеңейту үшін, яғни заттар мен құбылыстардың түрлі
қасиеттерін анықтап, олардың жалпы, жеке белгілерін жылдам табуға,
топтауға, өзара байланыстыруға, жіктеуге, нақтылауға, жалпылауға және
оқушылардың есін, ойлауын, сезімін, қиялын дамыту мақсатында олардың
ұғымына жақын басты-басты концептілерді алып, тақырыпқа сай, жаттығулар мен
тапсырмалар зат есімнің семантикалық топтарына, яғни адам аттары,
туыстықты білдіретін сөздерге, мамандыққа қатысты, жануарлар, құс,
жәндіктер, өсімдік, заттар мен түрлі құбылыс атауларына, т.б. қарай
құрылғаны жөн. Себебі зат есімнің осы семантикалық топтары Адам, Отан,
Табиғат, Достық, Жаз, Көктем, Қыс, Күз т.б. ірі концептілерді
бере алады. Зат есімді концептілер арқылы оқытқанда, оқушылар зат есім
туралы білімді меңгеріп қана қоймай, олардың танымдық мүмкіндіктері,
қабілеттері мен таным көкжиектері кеңейеді. Бастауыш сынып балаларына
концепт терминін қолданбай-ақ, басты-басты деген концептілерді ұсыну
арқылы грамматиканы меңгертуді жеңілдетеді.
Зерттеуімізде зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы
оқыту бастауыш мектептің алғашқы буынында ұғынылған баланың санасындағы
дүниенің қарапайым бейнесін одан әрі дамытып, дүниенің когнитивті
бейнесін қалыптастыруға құрылады. Дүниенің когнитивті бейнесін
қалыптастыру 4-сыныпта ірі концептілер беру арқылы жүзеге асады.
Концептілердің құрылымдық бөліктері зат есімдерден тұратындықтан, қазақтың
салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқыту әдістемесі моделін зат есімдердің
ішкі мазмұндық жағына басты көңіл бөле оқытуға құруға болады. Сонымен
қатар, бала санасында бастауыш сатыда қалыптасқан дүниенің когнитивті
бейнесі орта және жоғары сатыда қаланатын дүниенің көркем бейнесі,
дүниенің ғылыми бейнелерінің алғышарты болуы тиіс.
Осыған орай, бастауышта зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану
арқылы оқытудың жалпы моделін былайша беруге болады [2-сурет].
Оқушы санасындағы дүниенің
қарапайым бейнесіне сүйену
Оқушы санасында дүниенің
когнитивті бейнесін дамыту
Оқушы санасындағы дүниенің
когнитивті бейнесін дүниенің
көркем бейнесіне және
дүниенің ғылыми бейнесіне
ұластыру
Ұлттық жеке тұлғаның басты алғышарты дүниенің когнитивті
бейнесін бастауыш сатысында толық қалыптастыру
2-сурет – Зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы
оқытудың жалпы моделі
Зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы оқытуда
концептілерді негізге ала отырып, грамматикалық ұғымдарды оқушыларға
игертуде тұтас дүниенің бейнесін көрсете алатын жүйелі білім мазмұны
берілуі керек деп санаймыз. 4-сыныпта зат есім, жалқы есім мен жалпы есім,
жалқы есімнің жазылу емлесі, жасалу жолдары, зат есімнің түрленуі
(көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуі) мен сөйлемде атқаратын қызметін
меңгерту жоғарыда аталған концептілерді оқыту барысында берілетін
жаттығулар мен тапсырмаларда жүзеге асырылады. Сонымен бірге, зат есімнің
адамзат атаулары мен ғаламзат атаулары және жанды және жансыз зат есімдер
деп аталатын түрлерін де оқыту көзделеді.
4-сыныпта зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы
оқытуда берілген материалдардың күнтізбелік жоспарын былайша құрастырдық [1-
кесте].
1-кесте – Зат есімді қазақтың салт-дәстүрлерін пайдалану арқылы
оқытуда берілген материалдардың үлгі-жоспары (4-сынып. Барлығы – 20 сағат)
№ Сағат Оқу материалдарының мазмұны
саны
Тақырыптар Тапсырмалар түрі
(концепт)
Когнитивті тапсырма Грамматикалық
тапсырма
1 2 3 4 5
1 3 Отан Когнитивті белгілерін Зат есім туралы
анықтау (жинақтау, білімдерін жинақтау,
топтастыру, жіктеу, одан әрі тереңдету
жалпылау, арасындағы Сұрақ қоюға үйрету
байланысты түсіну, Зат есімнің септелу
түсіндіру, салыстыру, мәнді жүйесін, септік
белгілерін бөліп көрсету) жалғауларының
Бейнелерді көз алдына емлесін меңгерту
елестету Зат есімнің жіктелуі
Оқиғаны, құбылысты туралы түсінік беру
байланыстыру, жүйелі түрде Сауатты жазу, сөйлеу
әңгімелеу, суреттеу немесе дағдыларын жетілдіру
оларды жаңартып, соның Сөздік қорын байыту,
негізінде жаңа бейнелерді байланыстырып сөйлеу
ойлап табу (мәтін құру, дағдысын дамыту
сурет салу)
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz