Зандылықпен кұқықтық тәртіптің кепілдіктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеудің жақсы дамуы мемлекеттің,
бірлестіктердің, саяси ұйымдардың, дұрыс әділетті жұмыс жасауының
сипаттамасы: халықтың бостандығы, теңдігі дамып, жеке адамның, қоғамның
мүдде-мақсаттары бірігіп қалыптасуының сипаттамасы.
Заңдылық дегеніміз - құқық субьектілерінің мемлекеттің заңдарып дәл
және қатаң орындау мен қадағалау, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға
тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш
талаптан құрылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы.
1. Қоғамда әділ заң саясаты болу керек. Сол арқылы мемлекеттің зандары
бостандықты, тендікті, адамгершілікті, инабаттылықты, парасаттылықты т.б.
жақсылықты қорғау керек; мемлекет пен азаматтардың арақатынасын дұрыс
басқаруы.
2. Конституцияның, заңның мазмұнын толық іске асыру, дұрыс орындау. "Сөз
бен іс бір жерден" шығу.
3. Конституция мен занда халықаралық құқықтың принциптерін қатаң қорғау,
оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.
Міне, осы талаптар, іс жүзінде бірігіп, қалыптаса қоғамда заңдылық
орнап, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік болады.
Заңдылықты қорғау субъектілері: мемлекет, оның органдары, лауазымды
тұлғалар, қоғамдық ұйымдар егерде заңды рұқсаты болса. Жеке тұлғалар -
азаматтар заңдылықты қорғаудың субъектісі болмайды. Олар заңды бұзса
құқықтық тәртіпті бұзған болып саналады.
Заңдылық дамыған елдердің саяси, мемлекеттік, экономикалық,
әлеуметтік, мәдениеттік құрылысының негізі. Қатаң заңдылық қоғамның барлық
саласына өзінің әсерін, ықпалын тигізеді. Зандылықтың өзіне тән
ерекшеліктері:
- заңдылық барлық қоғам көлемінде дамиды; оны орындау, дамыту барлық
қоғамның жұмысы. Бұл жұмысты қамтамасыз ету мемлекеттің, бірлестіктердің,
одақтардың, ұжымдардың, саяси партиялардың міндеті, бақылау мемлекеттік
органның жұмысы.
- зандылық нормативтік актілер мен тығыз байланыста дамиды. Олар бір-біріне
зор әсер етіп отырады. Бірі жақсы дамыса, екіншісі де жақсы дамиды, нашар
дамыса екеуінің де деңгейі төмен болады.
Сондықтан, заңдылық пен мемлекеттің бір-бірімен тығыз байланыста
атқаратын қызметтері:
- заң шығаруды сапалы дамыту, нығайту, кемшілікке жол бермеу, занды
бұлжытпай, уақытында орындау;
-заңның үстемдігін орнату;
- адам өз құқығын, өз бостандығын қорғаймын деп басқаның құқығына нұқсан
келтірмеуге міндетті;
- құқықты бұзушылылықпен қатаң күрес жүргізу.
Құқықтық тәртіптің жоғары дәрежеде болуы зандылықтың деңгейіне
байланысты. Зандылық жақсы болса тәртіп те жақсы болады. Бұл екеуі бір-
бірімен тығыз байланыста дамиды.
Азаматтарды тәрбиелеудің әр мемлекетте тиісті жүйелері болады, оның
түрлері: саяси, құқықтық, моралдық, эстетикалық т.б. Бұлардың әрқайсысының
өзіне тән ерекшеліктері болады. Бірақ бәрі бірігіп бір мүдде-мақсатты іске
асыруға, орындауға үлес қосады. Ол мақсатта - азаматтардың рухани сана-
сезімін, психикасын, білімін, өмірлік тәжірибесін, тәртібін, адамгершілігін
көтеріп жақсарту. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептілік
нормалардан нәр алады - соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға
әдептілік моралдық нормаларлар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік,
адамгершілік мәні жоғары болады. Осы жүйенің пегізгі түрлерінің бірі -
құқықтық тәрбиелеу. Бұл жұмыс екі бағытта жүргізіледі: бірінші бағыты —
азаматтарға кұқықтық білім беру; екінші бағыты - олардың құқықтық
мәдениетін, сана-сезімін жақсарту. Құқықтық тәрбиенінің негізгі мақсаты:
- адамдардың құқықтық сауаттылығын оның мазмұнын жақсы біліп, жақсы
түсінуін қамтамасыз ету;
- адамдардың заңға, құқықтық тәртіпке деген мінез-құлқын, іс-әрекетін
жақсарту;
- адамдардың құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, қатаң орындау тәжірибесін
жақсарту.
Құқықтық тәрбиелсу жүйесі жүргізетін жауапты субъектілері: мемлекет,
органдар, лауазымды тұлғалар, адамдар, заңды ұйымдар, саяси партиялар.
Бұл қызметтің объектісі: адамдармен қоғамдық ұғымдар. Құқықтық
тәрбиені іске асыру, орындау механизмі төрт бөлімнен тұрады:
1) коғамдық рухани сана;
2) құқықтық норма жүйесі; оның сапасы;

3) құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс-тәсілдері;
4) тәрбие жұмысы жүргізу деңгейі, сапасы.
Міне, осы кұкықтық тәрбиенің механизмі арқылы қоғамдағы заңдылықты,
құқықтық тәртіпті дамытып, жақсартуға мүмкіншілік қалыптасады. Құқықтық
тәртіптің мазмұны - субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің
талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қателікке жол бермеу. Құқықтық
тәртіптің құрылымы - қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап,
қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің
ерекшелігі - бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп,
мемлекеттің бақылауында болады. Егерде қарым-қатынаста қателіктер кетсе,
оны мемлекеттік орган түзетуге тиіс.
Әскери құқықтық тәртіптің өзіне тән ерекшеліктері болады: өздерінің
жеке арнаулы заңдары, ережелері болады. Барлық қарым-қатынас сол заңдармен
реттеліп, басқарылады. Жалпы саясатта ешқандай айырмашылық жоқ. Тек
реттеуде, басқаруда өзгешеліктер болады.
Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың
нормативтік актілер арқылы дұрыс, қатаң уақытында реттеліп, орындалуы.

Зандылықпен кұқықтық тәртіптің кепілдіктері:
1. Материалдық кепілдік - егерде субъектілер өзара қателіктер жіберсе,
өздері келісімге келіп нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.
2. Саяси кепілдік - қоғамның саяси тұрақтылығы зандылыққа, тәртіпке көп
әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси
партиялар дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп әсер етеді.
3. Моральдық кепілдік — қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы
болса заңдылық, тәртіп те жақсы болуға тиіс.
4. Заңды кепілдік - мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын
арнаулы органдарының рөлі, маңызы, әсері өте зор.
Қоғамдағы зандылық, бостандық, кұқықтық тәртіп, демократия бір-бірімен
тығыз байланысты дамиды, бір-біріне зор әсер, ықпал жасайды.
Әр мемлекетте қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп болады. Қоғамдағы
қабылданған барлық әлеуметтік нормаларды мемлекеттік органдар,
бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар, азаматтар дұрыс, уақытында орындау
- қоғамдық тәртіп. Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқық нормалардың
талабына сәйкес болса — құқықтық тәртіп. Екеуі бір-бірімен тығыз байланыста
дамиды. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңызы: 1) қоғамдық өмір
бірқалыпты жақсы дамиды; 2) мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдармен
органдар жақсы жұмыс жасайды; 3) барлық адамдардың құқығын, бостандығының,
барлық ұйымдардың, ұжымдардың мүдде-мақсатын дұрыс орындап, дамытуға
мүмкіншілік туады.
Зандылықпен құкықтық тәртіпті жақсы дамыту әдіс-тәсілдері:
- құқықты бұлжытпау шараларының жүйесінің сапасын жақсарту;
- кінәға сәйкес задды жауапкершіліктің түрін анықтау, әділетті жаза
қолдану;
- еріксіз жауапкершілікті қолдануды дұрыс пайдалану;
- заңдылыққа, құқықтық тәртіпке мемлекеттік бақылауды әділетті жүргізу.
Сонымен құқықтық тәртіп - заңдылықтың дәйекті, нақтылы толық
орындалуы. Заңдылық- құқықтық тәртіптің мазмұны мен мақсаты, мұраты мен
қағидалары. Заңдылықпен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп -
заңдылықтың мазмұны мен мүдде-мақсаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалып
жатады.
2. Заңды процесс жәпе заңды тәжірибе түсінігі мен мазмұны
Мемлекеттік аппараттың жақсы, сапалы қызмет атқаруы үшін қоғамның
барлық саласында қатаң тәртіп болу қажет. Оны әр мемлекет өздерінің
зандары, қаулылары, ережелері, нұсқаулары арқылы реттегі, тиісті тәртіп
қалыптастырып отырады. Мысалы, халықтың өкілдік органдарының жұмыс
регламенті, мемлекеттік органдардың қызметінің ережелері, жалпы халықтық
сайлау жүргізу ережелері, мұрагерлік мәселелерін шешу ережелері т.б. нұсқау-
құжаттар. Осы нормативтік актілер, нұсқауларға сәйкес әр мемлекеттік
аппарат өз жүйесіндегі органдардың қызметінің жоспарын, бағдарламасын жасап
отырады. Сол арқылы әкімшілік, мемлекеттік тәртіпті үнемі бақылауға алып,
сапасын жақсартуға мүмкіншілік жасап отырады.
Мемлекеттік аппараттыц қызметтері санқырлы болады. Оның жеңіл және
күрделі түрлері болады. Мысалы, азаматтық актілер беру, (адамның тууы,
өлуі, үйленуі туралы құжаттар), нотариалдық кеңседе әртүрлі құжаттар растап
- бекіту т.б. Бұл қызметтер жеңіл іс-әрекеттер. Ал, азаматтық, қылмыстық
құқықтағы істерді жан-жақты объективтік тұрғыдан тексеру, ол істерді сотта
қарап, әділетті үкім немесе шешім шығару өте күрделі процесс. Сондықтан,
мемлекет күрделі қызметтер мен істер туралы арнаулы ережелер, кодекстер,
заңдар қабылдап отырады. Мысалы, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-
процессуалдық, кодекстер. Мемлекеттік аппараттың қызметтерінің жеңіл-ауыр,
күрделі түрлеріне қарамай, бәрі де іс-әрекетпен дұрыс, сапалы шешілуі
қажет. Егерде мемлекеттік орган кате жіберіп істі сапалы қарауды қамтамасыз
етпесе онда тиісті мемлекеттің органы іске араласып, заңдылықты, құқықтық
тәртіпті реттеуге және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуға
міндетті.
Заңды қызметтердің іс-әрекеттердің атқаруының мемлекеттің бекіткен
заңды ережелері болады, оны бұлжытпай орындау барлық органның, лауазымды
тұлғаның міндеті. Бұл міндеттерді орындауға барлық азаматтар, ұйымдар,
ұжымдар, партиялар тиісті, сапалы үлес қосулары өте қажет. Себебі коғамдағы
заңдылықты, құқықтық тәртіпті тұрақты, сапалы процеске айналдыру барлық
жеке және заңды тұлғалардың міндеті.
Мемлекеттік органдардың қызметінің занды нысандары екі топқа бөлінеді: 1)
азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдардың, партиялардың құқықтық іс-
әрекетгері; 2) сол іс-әрекеттерді заңды құжаттармен реттеп-басқару. Бұларды
заңды іс-әрекеттер нысаны және заңды құжаттар нысаны деп атайды.
Сонымен заңды процесс дегеніміз - қоғамдағы барлық заңды іс-
әрекеттерді нормативтік актілер арқылы реттеп-басқарудың нысандарының
топтасқан түрі. Занды процесс бірнеше кезендерге бөлініп, әр кезеңнің өзіне
тән іс-әрекеттері болады. Мысалы, азаматтық құқық процесінде жеті кезең
болады: 1) сот процесін қозғау; 2) істі соттың қарауына дайындау; 3) сотта
істі қарау; 4) істі кассациялық инстанцияда қарау; 5) істі бақылау -
қадағалау инстанцияда қарау; 6) жаңадан белгілі болған жағдайға сәйкес істі
қайтадан қарау; 7) соттың шешімін - үкімін міндетті түрде орындау. Осы
кезеидердің әрқайсысында міндетті түрде үш элемент болуы қажет: а) кезеңнің
міндет-мақсаты; б) ол мақсатты орындау үшін іс-әрекеттің ерекшеліктерінің
болуы; в) заңды құжаттардың ерекшеліктері.
Заңды процестің объективтік басталу негіздері, себептері болады.
Мысалы, барлық кодекстерде, ережелерде, заңдарда кіріспе бөлімі болады.
Онда сол нормативтік актілердің мақсаты, мазмұны, нысандары көрсетіледі.
Соған сәйкес мемлекеттік органдардың, азаматтардың, ұйымдардың, ұжымдардың,
партиялардың іс-әрекеттері реттеліп-басқарылып жатады.
Заңды процесс әр қоғамның іс-әрекеттерінің екі бағытын біріктіреді: 1)
құқықтық (процедураларды) дәстүрлерді; заң шығару, жалпы халықтық сайлау
жүргізу, қызметке тағайындау, босату т.б. дәстүрлері іс-әрекеттері; 2) сот
процесі арқылы қоғамда мемлекеттің сот билігі орындалып жатады. Сот процесі
төрт түрге бөлінеді: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, конституциялық.
Қоғамның объективтік даму процесінде тәжірибенің атқаратын қызметі өте
зор. Онсыз қоғамның прогрестік жолмен дамуы мүмкін емес. Адам қоғамының
салаларына сәйкес тәжірибе қалыптасады. Сол көп салалы тәжірибенің күрделі
бағыты құқық тәжірибесі. Заңды тәжірибе -мемлекеттік органның элеуметтік-
кұқықтық тәжірибелерді жинақтап-сараптап қорытынды ресми заңды тұжырымдар
жасау қызметі. Заң тәжірибесінің белгі-нышандары:
— қоғамды құқықтық басқару процесінде әлеуметтік тәжірибе бірте-бірте заң
тәжірибесіне айналуы;
- заң тәжірибесі адам қоғамының даму процесінде мәдениеттің негізгі
салаларының күрделі бағыты болып қалыптасуы. Мысалы, көне Рим
республикасының заң тәжірибесі кейінгі дәуірде мемлекеттерге көп әсер етуі;
- заң тәжірибесі қоғамдық, ұжымдық, ұйымдық іс-әрекеттің нәтижесінде
тексеріліп, анықталып өмірге келеді;
-заң тәжірибесінің даму процесінде қоғамда материалдық, саяси, әлеуметтік
құбылыстар, өзгерістер болып соған сәйкес заңды нәтижелі қарым-қатынастар
туып нормативтік актілердің, өмірге келу, іске асу процесінің сапасын
жақсартады;
- заң тәжірибесі қоғамның барлық саласына әсер етіп оның даму процесін
шапшандатады немесе бәсеңдетеді.
Сонымен, заң тәжірибесінің қоғамның кұқық жүйесінде атқаратын қызметі
өте күрделі, көп салалы.
Қоғамдағы барлық нормативтік актілерді қолдануда, іске асыруда
орындалуында көптеген жақсы-жақсы тәжірибелер қалыптасады, сонымен бірге
кемшіліктер де анықталып жатады. Өмірде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп
Құқықтық тәртіп мақсат ретінде және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу нәтижесі
Құқықтық тәртіп ұғымы, оның негізгі түрлері мен себептері
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңызы
Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқық нормалардың талабына сәйкес болса - құқықтық тәртіп
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің қалыптасуы
Құқық және заңдылық, құқықтық тәртіп
Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкциясы
Әкімшілік қызметтегі заңдылықты қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер
Пәндер