Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеудің жақсы дамуы мемлекеттің,
бірлестіктердің, саяси ұйымдардың, дұрыс әділетті жұмыс жасауының
сипаттамасы: халықтың бостандығы, теңдігі дамып, жеке адамның, қоғамның
мүдде-мақсаттары бірігіп қалыптасуының сипаттамасы.
Заңдылық дегеніміз - құқық субьектілерінің мемлекеттің заңдарып дәл
және қатаң орындау мен қадағалау, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға
тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш
талаптан құрылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы.
1. Қоғамда әділ заң саясаты болу керек. Сол арқылы мемлекеттің зандары
бостандықты, тендікті, адамгершілікті, инабаттылықты, парасаттылықты т.б.
жақсылықты қорғау керек; мемлекет пен азаматтардың арақатынасын дұрыс
басқаруы.
2. Конституцияның, заңның мазмұнын толық іске асыру, дұрыс орындау. "Сөз
бен іс бір жерден" шығу.
3. Конституция мен занда халықаралық құқықтың принциптерін қатаң қорғау,
оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.
Міне, осы талаптар, іс жүзінде бірігіп, қалыптаса қоғамда заңдылық
орнап, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік болады.
Заңдылықты қорғау субъектілері: мемлекет, оның органдары, лауазымды
тұлғалар, қоғамдық ұйымдар егерде заңды рұқсаты болса. Жеке тұлғалар -
азаматтар заңдылықты қорғаудың субъектісі болмайды. Олар заңды бұзса
құқықтық тәртіпті бұзған болып саналады.
Заңдылық дамыған елдердің саяси, мемлекеттік, экономикалық,
әлеуметтік, мәдениеттік құрылысының негізі. Қатаң заңдылық қоғамның барлық
саласына өзінің әсерін, ықпалын тигізеді. Зандылықтың өзіне тән
ерекшеліктері:
- заңдылық барлық қоғам көлемінде дамиды; оны орындау, дамыту барлық
қоғамның жұмысы. Бұл жұмысты қамтамасыз ету мемлекеттің, бірлестіктердің,
одақтардың, ұжымдардың, саяси партиялардың міндеті, бақылау мемлекеттік
органның жұмысы.
- зандылық нормативтік актілер мен тығыз байланыста дамиды. Олар бір-біріне
зор әсер етіп отырады. Бірі жақсы дамыса, екіншісі де жақсы дамиды, нашар
дамыса екеуінің де деңгейі төмен болады.
Сондықтан, заңдылық пен мемлекеттің бір-бірімен тығыз байланыста
атқаратын қызметтері:
- заң шығаруды сапалы дамыту, нығайту, кемшілікке жол бермеу, занды
бұлжытпай, уақытында орындау;
-заңның үстемдігін орнату;
- адам өз құқығын, өз бостандығын қорғаймын деп басқаның құқығына нұқсан
келтірмеуге міндетті;
- құқықты бұзушылылықпен қатаң күрес жүргізу.
Құқықтық тәртіптің жоғары дәрежеде болуы зандылықтың деңгейіне
байланысты. Зандылық жақсы болса тәртіп те жақсы болады. Бұл екеуі бір-
бірімен тығыз байланыста дамиды.
Азаматтарды тәрбиелеудің әр мемлекетте тиісті жүйелері болады, оның
түрлері: саяси, құқықтық, моралдық, эстетикалық т.б. Бұлардың әрқайсысының
өзіне тән ерекшеліктері болады. Бірақ бәрі бірігіп бір мүдде-мақсатты іске
асыруға, орындауға үлес қосады. Ол мақсатта - азаматтардың рухани сана-
сезімін, психикасын, білімін, өмірлік тәжірибесін, тәртібін, адамгершілігін
көтеріп жақсарту. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептілік
нормалардан нәр алады - соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға
әдептілік моралдық нормаларлар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік,
адамгершілік мәні жоғары болады. Осы жүйенің пегізгі түрлерінің бірі -
құқықтық тәрбиелеу. Бұл жұмыс екі бағытта жүргізіледі: бірінші бағыты —
азаматтарға кұқықтық білім беру; екінші бағыты - олардың құқықтық
мәдениетін, сана-сезімін жақсарту. Құқықтық тәрбиенінің негізгі мақсаты:
- адамдардың құқықтық сауаттылығын оның мазмұнын жақсы біліп, жақсы
түсінуін қамтамасыз ету;
- адамдардың заңға, құқықтық тәртіпке деген мінез-құлқын, іс-әрекетін
жақсарту;
- адамдардың құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, қатаң орындау тәжірибесін
жақсарту.
Құқықтық тәрбиелсу жүйесі жүргізетін жауапты субъектілері: мемлекет,
органдар, лауазымды тұлғалар, адамдар, заңды ұйымдар, саяси партиялар.
Бұл қызметтің объектісі: адамдармен қоғамдық ұғымдар. Құқықтық
тәрбиені іске асыру, орындау механизмі төрт бөлімнен тұрады:
1) коғамдық рухани сана;
2) құқықтық норма жүйесі; оның сапасы;

3) құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс-тәсілдері;
4) тәрбие жұмысы жүргізу деңгейі, сапасы.
Міне, осы кұкықтық тәрбиенің механизмі арқылы қоғамдағы заңдылықты,
құқықтық тәртіпті дамытып, жақсартуға мүмкіншілік қалыптасады. Құқықтық
тәртіптің мазмұны - субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің
талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қателікке жол бермеу. Құқықтық
тәртіптің құрылымы - қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап,
қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің
ерекшелігі - бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп,
мемлекеттің бақылауында болады. Егерде қарым-қатынаста қателіктер кетсе,
оны мемлекеттік орган түзетуге тиіс.
Әскери құқықтық тәртіптің өзіне тән ерекшеліктері болады: өздерінің
жеке арнаулы заңдары, ережелері болады. Барлық қарым-қатынас сол заңдармен
реттеліп, басқарылады. Жалпы саясатта ешқандай айырмашылық жоқ. Тек
реттеуде, басқаруда өзгешеліктер болады.
Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың
нормативтік актілер арқылы дұрыс, қатаң уақытында реттеліп, орындалуы.

Зандылықпен кұқықтық тәртіптің кепілдіктері:
1. Материалдық кепілдік - егерде субъектілер өзара қателіктер жіберсе,
өздері келісімге келіп нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.
2. Саяси кепілдік - қоғамның саяси тұрақтылығы зандылыққа, тәртіпке көп
әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси
партиялар дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп әсер етеді.
3. Моральдық кепілдік — қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы
болса заңдылық, тәртіп те жақсы болуға тиіс.
4. Заңды кепілдік - мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын
арнаулы органдарының рөлі, маңызы, әсері өте зор.
Қоғамдағы зандылық, бостандық, кұқықтық тәртіп, демократия бір-бірімен
тығыз байланысты дамиды, бір-біріне зор әсер, ықпал жасайды.
Әр мемлекетте қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп болады. Қоғамдағы
қабылданған барлық әлеуметтік нормаларды мемлекеттік органдар,
бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар, азаматтар дұрыс, уақытында орындау
- қоғамдық тәртіп. Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқық нормалардың
талабына сәйкес болса — құқықтық тәртіп. Екеуі бір-бірімен тығыз байланыста
дамиды. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңызы: 1) қоғамдық өмір
бірқалыпты жақсы дамиды; 2) мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдармен
органдар жақсы жұмыс жасайды; 3) барлық адамдардың құқығын, бостандығының,
барлық ұйымдардың, ұжымдардың мүдде-мақсатын дұрыс орындап, дамытуға
мүмкіншілік туады.
Зандылықпен құкықтық тәртіпті жақсы дамыту әдіс-тәсілдері:
- құқықты бұлжытпау шараларының жүйесінің сапасын жақсарту;
- кінәға сәйкес задды жауапкершіліктің түрін анықтау, әділетті жаза
қолдану;
- еріксіз жауапкершілікті қолдануды дұрыс пайдалану;
- заңдылыққа, құқықтық тәртіпке мемлекеттік бақылауды әділетті жүргізу.
Сонымен құқықтық тәртіп - заңдылықтың дәйекті, нақтылы толық
орындалуы. Заңдылық- құқықтық тәртіптің мазмұны мен мақсаты, мұраты мен
қағидалары. Заңдылықпен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп -
заңдылықтың мазмұны мен мүдде-мақсаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалып
жатады.
2. Заңды процесс жәпе заңды тәжірибе түсінігі мен мазмұны
Мемлекеттік аппараттың жақсы, сапалы қызмет атқаруы үшін қоғамның
барлық саласында қатаң тәртіп болу қажет. Оны әр мемлекет өздерінің
зандары, қаулылары, ережелері, нұсқаулары арқылы реттегі, тиісті тәртіп
қалыптастырып отырады. Мысалы, халықтың өкілдік органдарының жұмыс
регламенті, мемлекеттік органдардың қызметінің ережелері, жалпы халықтық
сайлау жүргізу ережелері, мұрагерлік мәселелерін шешу ережелері т.б. нұсқау-
құжаттар. Осы нормативтік актілер, нұсқауларға сәйкес әр мемлекеттік
аппарат өз жүйесіндегі органдардың қызметінің жоспарын, бағдарламасын жасап
отырады. Сол арқылы әкімшілік, мемлекеттік тәртіпті үнемі бақылауға алып,
сапасын жақсартуға мүмкіншілік жасап отырады.
Мемлекеттік аппараттыц қызметтері санқырлы болады. Оның жеңіл және
күрделі түрлері болады. Мысалы, азаматтық актілер беру, (адамның тууы,
өлуі, үйленуі туралы құжаттар), нотариалдық кеңседе әртүрлі құжаттар растап
- бекіту т.б. Бұл қызметтер жеңіл іс-әрекеттер. Ал, азаматтық, қылмыстық
құқықтағы істерді жан-жақты объективтік тұрғыдан тексеру, ол істерді сотта
қарап, әділетті үкім немесе шешім шығару өте күрделі процесс. Сондықтан,
мемлекет күрделі қызметтер мен істер туралы арнаулы ережелер, кодекстер,
заңдар қабылдап отырады. Мысалы, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-
процессуалдық, кодекстер. Мемлекеттік аппараттың қызметтерінің жеңіл-ауыр,
күрделі түрлеріне қарамай, бәрі де іс-әрекетпен дұрыс, сапалы шешілуі
қажет. Егерде мемлекеттік орган кате жіберіп істі сапалы қарауды қамтамасыз
етпесе онда тиісті мемлекеттің органы іске араласып, заңдылықты, құқықтық
тәртіпті реттеуге және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуға
міндетті.
Заңды қызметтердің іс-әрекеттердің атқаруының мемлекеттің бекіткен
заңды ережелері болады, оны бұлжытпай орындау барлық органның, лауазымды
тұлғаның міндеті. Бұл міндеттерді орындауға барлық азаматтар, ұйымдар,
ұжымдар, партиялар тиісті, сапалы үлес қосулары өте қажет. Себебі коғамдағы
заңдылықты, құқықтық тәртіпті тұрақты, сапалы процеске айналдыру барлық
жеке және заңды тұлғалардың міндеті.
Мемлекеттік органдардың қызметінің занды нысандары екі топқа бөлінеді: 1)
азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдардың, партиялардың құқықтық іс-
әрекетгері; 2) сол іс-әрекеттерді заңды құжаттармен реттеп-басқару. Бұларды
заңды іс-әрекеттер нысаны және заңды құжаттар нысаны деп атайды.
Сонымен заңды процесс дегеніміз - қоғамдағы барлық заңды іс-
әрекеттерді нормативтік актілер арқылы реттеп-басқарудың нысандарының
топтасқан түрі. Занды процесс бірнеше кезендерге бөлініп, әр кезеңнің өзіне
тән іс-әрекеттері болады. Мысалы, азаматтық құқық процесінде жеті кезең
болады: 1) сот процесін қозғау; 2) істі соттың қарауына дайындау; 3) сотта
істі қарау; 4) істі кассациялық инстанцияда қарау; 5) істі бақылау -
қадағалау инстанцияда қарау; 6) жаңадан белгілі болған жағдайға сәйкес істі
қайтадан қарау; 7) соттың шешімін - үкімін міндетті түрде орындау. Осы
кезеидердің әрқайсысында міндетті түрде үш элемент болуы қажет: а) кезеңнің
міндет-мақсаты; б) ол мақсатты орындау үшін іс-әрекеттің ерекшеліктерінің
болуы; в) заңды құжаттардың ерекшеліктері.
Заңды процестің объективтік басталу негіздері, себептері болады.
Мысалы, барлық кодекстерде, ережелерде, заңдарда кіріспе бөлімі болады.
Онда сол нормативтік актілердің мақсаты, мазмұны, нысандары көрсетіледі.
Соған сәйкес мемлекеттік органдардың, азаматтардың, ұйымдардың, ұжымдардың,
партиялардың іс-әрекеттері реттеліп-басқарылып жатады.
Заңды процесс әр қоғамның іс-әрекеттерінің екі бағытын біріктіреді: 1)
құқықтық (процедураларды) дәстүрлерді; заң шығару, жалпы халықтық сайлау
жүргізу, қызметке тағайындау, босату т.б. дәстүрлері іс-әрекеттері; 2) сот
процесі арқылы қоғамда мемлекеттің сот билігі орындалып жатады. Сот процесі
төрт түрге бөлінеді: азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, конституциялық.
Қоғамның объективтік даму процесінде тәжірибенің атқаратын қызметі өте
зор. Онсыз қоғамның прогрестік жолмен дамуы мүмкін емес. Адам қоғамының
салаларына сәйкес тәжірибе қалыптасады. Сол көп салалы тәжірибенің күрделі
бағыты құқық тәжірибесі. Заңды тәжірибе -мемлекеттік органның элеуметтік-
кұқықтық тәжірибелерді жинақтап-сараптап қорытынды ресми заңды тұжырымдар
жасау қызметі. Заң тәжірибесінің белгі-нышандары:
— қоғамды құқықтық басқару процесінде әлеуметтік тәжірибе бірте-бірте заң
тәжірибесіне айналуы;
- заң тәжірибесі адам қоғамының даму процесінде мәдениеттің негізгі
салаларының күрделі бағыты болып қалыптасуы. Мысалы, көне Рим
республикасының заң тәжірибесі кейінгі дәуірде мемлекеттерге көп әсер етуі;
- заң тәжірибесі қоғамдық, ұжымдық, ұйымдық іс-әрекеттің нәтижесінде
тексеріліп, анықталып өмірге келеді;
-заң тәжірибесінің даму процесінде қоғамда материалдық, саяси, әлеуметтік
құбылыстар, өзгерістер болып соған сәйкес заңды нәтижелі қарым-қатынастар
туып нормативтік актілердің, өмірге келу, іске асу процесінің сапасын
жақсартады;
- заң тәжірибесі қоғамның барлық саласына әсер етіп оның даму процесін
шапшандатады немесе бәсеңдетеді.
Сонымен, заң тәжірибесінің қоғамның кұқық жүйесінде атқаратын қызметі
өте күрделі, көп салалы.
Қоғамдағы барлық нормативтік актілерді қолдануда, іске асыруда
орындалуында көптеген жақсы-жақсы тәжірибелер қалыптасады, сонымен бірге
кемшіліктер де анықталып жатады. Өмірде оларды сараптап, кемшіліктерді
түзеп, жақсы тәжірибелерді пайдалану заңды процесс. Сөйтіп заңға тәуелді
актілерді шығару, қабылдау, бекіту жұмыстарын жақсартып, құқықтық
нормалардың сапасын жақсартып отырады. Бұл істің маңызы өте зор.
Занды тәжірибелердің түрлері:
- заңды, заңға тәуелді актілерді шығарудағы тәжірибе;
- нормативтік актілерді қолданудағы тәжірибе;
- нормативтік актілерді іске асырудағы, орындалуындағы тәжірибе;
-зандылықты, кұкықтық тәртіпті реттеудегі, бақылаудағы тәжірибе;
- субъектілеріне сәйкес заңды тәжірибенің түрлері: парламенттік тәжірибе,
соттың тәжірибесі, нотариалдық органның тәжірибесі т.б.
Занды тәжірибенің маңызы:
1) қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық,
рухани, мәдени т.б. жұмыстарын жақсартуға зор әсер етеді.
2) норманы шығару, қолдану, түсіндіру, қорғау жұмыстарының сапасын
жақсартуға үлес қосады.
3) норманың нақты жағдайға тигізетін әсеріне қарай занды тәжірибенің екі
түрі болады: тіркелу-куәландыру — субъектілердің өзара қатынасын
мемлекеттік органның тіркеп-куәландыру; (көбінесе бұл жұмысты нотариалдық
органдар жүргізеді). Екінші түрі — реттеп бейімдеу - қоғамдағы қатынастарды
бір орталықтан, өлкелік нормативтік және жекелік реттеу-басқару.
4) нормативтік актінің уакытына сәйкес тәжірибенің функциясы төртке
бөлінеді: түпкілікті, уақытша, негізгі, арнаулы. Сонымен занды тәжірибенің
қоғамдағы маңызы өте зор:
- занды тәжірибелерді іріктеп, топтастыру арқылы құқықтық нормаларды
шығарудағы, қабылдаудағы, бекітудегі, іске асырудағы, орындаудағы,
қорғаудағы кемшіліктер түзетіледі;
- заңдардың, құқықтық нормалардың сапасын жақсартып, олардың дұрыс,
уақытында орындалуына мүмкіншілік жасап қоғамдық қатынастарды реттеп-
басқару дамып, нығаяды.
- жақсы тәжірибелер заң ғылымының дұрыс дамуына зор әсер етеді. Қоғамның
диалектикалық даму процесіне сәйкес кұкықтық нормалар да өзгеріп, ескіріп
жаңарып, дамып жатады. Бұл өте күрделі процесс. Сондықтан өмірде құқықтың
дамуында кемістіктер кездесіп жатады. Ол кемшіліктердің түрлері:
- нормативтік актілерден кемістіктер;
- заң шығарудағы кемістіктер;
- кұқықтағы кемістіктер.
Бұл кемшіліктер норманың грамматикалық қателіктері емес немесе
құқыктың жүйе салаға бөліну інің кемістігі емес. Бұл қоғамның объективтік
даму процесі арқылы қатынастардың сан алуан өзгеріп, ескіріп, жаңарып,
дамып жатуынан жаңа қатынас қалыптасып оны реттейтін, басқаратын жаңа
құжаттың болмауы. Өйткені қоғамның дамуы қатынастарға әсер етеді.
Қатынастардың дамуы кұқықтың сапасын жақсартады. Құқықтың дамуы нормативтік
актілерді сала-салаға, жүйе-жүйеге бөліп дамытады. Міне, осы даму
процесінде қоғамдағы көп салалы қатынастар бәрі бірдей жақсы дамымайды. Осы
кемістіктерді көпке созбай, тезірек жаңа нормалар қабылдап, олқылықтарды
жою - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл мәселе мемлекеттің
нормативтік актілер шығаратын органдарының бақылауында болады. Мұндай
кемістіктер ешқашан толастамайды. Өйткені қоғам бір орында тұрмайды. Бір
кемшілікті бүгін жойсаң, ертең екінші кемістік өмірге келеді. Сондықтан,
нормативтік актілерді шығаратын органдардың қызметкерлері өте сауатты,
білімді, тәжірибелі болулары керек. Сонда ғана олар өмірдің даму процесіне
сәйкес иормативтік актілерді дамытып, жаңартып отырады.
Құқықтың дамуында кемшіліктердің болуы объективтік процесс. Сол
объективтік кемістікті субъективтік қателікке айналуына жол бермеу керек.
Егерде ол субъективтік қателікке айналса, онда ешкімге кешірім жасауга
болмайды. Барлық күшті, мүмкіншілікті сол субъективтік кателікті тезірек
жоюға бағыттау керек.
Өмірде құқықтың дамуындагы кемшіліктерді білу, байқау өте қиынға
соғады. Оны тек заң мамандары, за4 ұйымдары, көп тәжірибелі мамандар ғана
байқай алады. Олар осы ба5ытта өздерінің жұмысын ешқашан тоқтатпайды.
Егерде кемістік байқалса, оны жан-жақты ғылыми тексерістен өткізулері
керек. Тексерісте төмендегі сұрақтарға нақты жауап алулары керек.
- Кемістік шын ба, әлде жалған ба?
- Ол кемістікті бар нормативтік актілермен реттеуге, басқаруға бола ма?
- Жаңа норма қабылдау керек пе?
Осы сұрақтарға ғылыми тұрғыдан толық жауап алғаннан кейін қорытынды
шығару керек болса, онда жұмысты осы бағытта тездету керек. Ол үшін
атқаратын жұмыстар:
- құқықтың кемістігі бар жүйе-саласын анықтау;
- жаңа норма жобасын жасау; мазмұнын, материалдық шығынын, уақытын
анықтау;
-тиісті мемлекеттік органга жобаны тапсыру. Мемлекеттің нормативтік
актілерді шығаратын орындары жаңа жобамен танысып мына сұрақтарға толық
жауап алу керек:
- қандай кемістікті жоюға керектігі;
- кемістікке сәйкес жаңа норманың шеңберін, мазмұнын анықтау;
- жаңа норманы орындау бағытын анықтау;
- оны орындайтын жауапты адамдарды белгілеу. Жаңа норманы тек тиісті
мемлекеттің органы қабылдайды. Кемшілікті жоюдағы норманың заңды күші жай
нормалармен бірдей.
Дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес егерде бір істі қарап, шешуге тиісті нақты
норма болмаса, оны ұқсастық жолмен қарауға рұқсат беріледі.
Құқықтағы кемшілікті жойып, жаңа норма қабылдау үшін кеп уақыт керек.
Сондықтан тиісті органдар өздері шешуге міндетті.
Ұқсастықтың екі түрі болады: заңды ұқсастық және құқықтық ұқсастық.
Заңды ұқсастық – мәсслені ұқсас заңға, ұқсас нормаға сүйене отырып
шешу.
Құқықтық ұқсастық – мәселені кұқықтық саясатқа сүйене отырып шешу.
Дамыған елдердің құқығы да өте жақсы дамиды. Сондықтан бұл елдерде
аналогияны өте сирек колданады.
Біздің мемлекетте ұқсастық жолмен мәселені шешу кеп деуге болады.
Себебі нарықты экономикаға әлі толық көшіп болғамыз жоқ. Құқық өте жақсы
дамыған жоқ нормативтік актілердің кемшіліктері жеткілікті.
Норманы ұқсастық әдіспен қолдану үшін тиісті шарттар болу керек:
- егерде құқық жүйесінде норма анық болмаса;
- егерде істің ұқсастығы айқын болса;
- егерде қаралатын іс тетенше жағдайда өмірге келсе, кейінге қалдырып
болмайтын болса;
- егерде мемлекеттің саясатына қарсы келмейтін болса.
Заңның үстемдігі еркениетті қоғамиың, оның саяси жүйесінің қалыпты
өмір сүруінің негізі болып табылады. Адам қоғамының анағұрлым маңызды
салаларын қамти отырып заң үстемдігі мүдделерінің әділетті дифференциясын
қамтамасыз етеді.
Мемлекет шығарған заңдарды орындау талабы ерте кезден-ақ қалыптаса
бастады. Сонау Рим заңгерлерінің (юристерінің) өздері заң талаптарын сақтау
қажеттілігін: "Заң қатал, бірақ ол заң", - деп атап көрсеті.
Заң үстемдігі адам қоғамының үйлесімділікке әрекет етуінің қажеттілігі
ретінде уақыт ете өз күшіне енеді. Өйткені уақыт өте келе қоғамдық
қатынастар жаңа сипатқа ие болады, тәуелділік сипатынан, материалдық
игілікті өндірушілердің тәуелсіз, ерікті қатынасына айналды. Осыдан келіп
қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін бірдей негізде қорғайтын әділетті
заңдардың базасын құру қажеттілігі туындайды.
Занңың үстемдігі барынша орын алған қоғамда заң шығару, атқару және
сот биліктерінің бөлініп, үйлесімділік тепе-тендікте қызмет жасауы орын
алады. Мәселен, Руссо заңның үстемдігінің негізгі міндеті барлық
азаматтарды бақытты ету, олардың игіліктерін қамтамасыз ету, заң алдында
баршаға тең бостандық пен теңдікті орнату деп білді. Бұл идеялар тек Руссо
ғана емес көптеген ойшылдардың да назарынан тыс қалған жоқ. Қазіргі алдыңғы
қатарлы өркениетті елдерде де өз орнын тауып отыр.
Заңның үстемдігі дегеніміз не?
Заңның үстемдігі дегеніміз - барлық құқық субьектілерінің заңдар және
заңға сәйкес актілерді қатаң және мүлтіксіз орындауы болып табылады. Осыған
сәйкес құқық нормаларында бекітілген адам бостандығының жүзеге асырылуы.
Түрлі экономикалық, саяси және жеке құқықтар, бостандықтар мен міндеттер
заңның негізінде ғана қоғамдық өмірдің шынайы сипатына ие болады. Барлық
құқық субъектілеріне заң тыйым салмаған кез келген әрекеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп
ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТӘЖІРИБЕ
Заңдылықтың түсінігі және қағидалары
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
Құқықтық тәртіп мақсат ретінде және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу нәтижесі
Заңдылық және құқықтық тәртіп
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Құқықтық нормалардың белгілері
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
Зандылықпен кұқықтық тәртіптің кепілдіктері
Пәндер