Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттілігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I. Кіріспе

II.Негізгі бөлім
2.1. Заңды тұлға туралы ұғым
2.2.Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер
2.3. Заңды тұлғалардың түрлері
2.4. Заңды тұлғаларды құру
2.5. Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттілігі
2.6. Заңды тұлғалардың негізгі түрлері

III. Қортынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Осы курстық жұмысында Қазақстан азаматтық құқық саласындағы яғни
жалпы қоғам айналысындағы қажеті мол заңды тұлға жайлы зерделеп кең
қауымның алдына ұсынып отырмын.
Бұл курстық жұмыста Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың
дамуы мен қалыптасуындағы негізгі кезеңдері, қағидалары мен дерекнамаларын
мазмұны нақты әрі жанжақты баяндалып отыр.
Заңды тұлғаның кейбір қағида-ережелеріне қазіргі жағдай
тұрғысынан оралуды маңызды мәселе деп есептеймін.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда
құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке
тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Қазақстан Республикасының
Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі
бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға
тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы, жазылған мөрі болады.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы
процессуалдық – құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер
болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік
береді.
Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігі аясында айырма
болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен азаматтың құқықтары мен міндеттерін
тудыратын тұрмыс қатынастарына көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған
отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды
тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Осы курстық жұмысында кейбір мәселелерге орай қапы кеткен
тұстары болуы мүмкін. Осыған орай сын ескертпелер болса және ұсыныстар
көрсетілсе, болашақта үлкен үлес ретінде қабылдаймын.

Негізгі бөлім.

2.1Заңды тұлға туралы ұғым

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда
құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке
тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: Меншік,
шаруашылық жүргізу немесе жедел[1] басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар
және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан
мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды
жүзеге асыраалатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды
тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға
тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы, жазылған мөрі болады.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды:
1) ұйымдасқандық бірлігі;
2) мүліктік оқшаулығы;
3) дербес мүліктік жауапкершілігі;
4) азаматтық айналымға атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаның ішікі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады.
Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,
Жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге
асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға
ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының
түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттілігі
заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі
болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл
арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды
басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының
мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын
құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз – ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық

кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44 бабы бірінші тармағының екінші бөлігіне
сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап
береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық
кәсіпорынның міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл Азаматтық кодексте былайша қаралған: 1)толық және сенім
серіктестіктерге қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі (АК –тің 63 бабының бірінші тармағы, 72 бабының
бірінші тармағы); 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік
кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96 бабының үшінші тармағы);
3) егер заңды тұлғаның банкрот болуы құрылтайшының әрекетіне болған болса,
заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің
44 бабының 3 тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі
ұйымның (АК-тің 94 бабы 2 тармағының 2 бөлігі), сондай-ақ негізгі
шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі
банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК-тің 94 бабы 2 бөлігінің 3
тармағы); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген
жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77
бабы 1 тармағының 2 бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы
процессуалдық – құқықтық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер
болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік
береді.

2.2. Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер

Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі
ретінде күнделік құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде заңды
тулғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни
құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға
институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың
мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән
мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әр түрлі пікір білдіреді.
Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым С.И. Аскназий
мемлекеттік ілімнің авторы. Ол былай деп айтқан: Мемлекеттік заңды
тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты
саласында тізгінді өзі ұстайды[2]. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар
оған ... егер олай болса мемлекет өзімен - өзі құқықтық қатынаста болуы
керек қой уәж айтады.
Академик А.В. Венедиктов ұжым ілімін[3]алға тартты. Бұл ғалымның
айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжы тұрады делінген:
а! Мемлекет артынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшыларымен
қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М. Генкин әлеуметтік ақиқат теориясын[4] ұсынады,
яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының – экономикалық
заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама
түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К. Толстой
деректо ілімін алға тартты[5], оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның
еркін білдіруші – директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А. Красавчиковтың әлеуметтік
байланыстар[6], А.А. Пушкиннің ұйымдастыру ілімі[7], Е.А. Сухановтың
мақсатты мүлік[8] ілімі тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең
тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға адамдардың қатысы жөнінде әртүрлі пікірлер
айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның
бірінде бұл адамдар заңды тұлға муддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде
адамдардың әрекеті осы институтпен реттеледі, үшіншісінде адамдардың
әрекеті заңды тұлғаның әрекетімен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге
асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады. Кейбір авторлар бұл
белгілерді біріктіруге тырысып заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен
міндеттерін жасырын атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Бұл мәселе туралы батыс – еуропа әдебиетінде де әртүрлі
көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи функция теориясының негізін
қалады[9] К.Ф. Савиньи көзқарасы бойынша шын мәнінде құқық субъектісінің
қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның
сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды.
Сондықтан да заң шығарушы заңдық функцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік
ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы
Гирке[10] болса, органикалық теорияның тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны
адам тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.
Заңды тұлға туралы ілімде осындай әр қилы пікірлер кездесуінің
өзі оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.

2.3. Заңды тұлғалардың түрлері

Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі:
коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек
қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза
кірісті қатысушылар арасында бөлінбейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым
деп танылады (коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасы
заңының 2 бабы).
Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық
тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодексінің 34 бабының 2 тармағына сәйкес
коммерциялық болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық
серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарына құрыла
алады.
Коммерциялық емес ұйым заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық
бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік,
қауымдастық одақ нысанындағы заңды тұлғалардың және заң актілерінде
көрсетілген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар
туралы Заң бойынша: 1) коммерциялық емес ұйымның өзінің жарғылық
мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер
қойылуы мүмкін; 3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша
кірістермен шығыстардың есебін жүргізеді; 4) коммерциялық емес ұйымдардың
кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасының Салық заңдарына
сәйкес жүзеге асырылады; 5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік
қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері
(қатысушылар) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақсаттарға
жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің, қорлардың өз қаражаттарын
қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың
мүлкіне құқықтары: а) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы
жататын; ә) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын; б)
құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға
бөлінеді.
Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе
өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу
құқығынды немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын
болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетініне беріледі.
Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап
қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар
мен өндірістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке
меншік құқығы болғандықтан

қатысушылар бұл мүлікте міндеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы
үлесіне қарамастан) ие болады.
Мүлкіне өз құрылтайшылары мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды
тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер
жатады (Азаматтық кодекстің 36 бабының 4 тармағы).
Жоғарыды айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым
болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі,
қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен
шектеліп қалуға болмайды, себебі коммерциялық емес ұйым заң құжаттарында
көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34 бабының 3 тармағы).

2.4. Заңды тұлғаларды құру

Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөніндегі жалпы ережелер
еңгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады.
Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген.
Азаматтық кодекстің 40 бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше
құрылтайшы құру мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару
құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол үәкілдік берген
органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті
реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодексінің 41 бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін
жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге
асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары
болуы мүмкін. Коммерциялық ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін – меншік иесі
(меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің заңды тұлға
құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес
акционерлік қоғам, қаумдастық (одақ) нысанындағы, өзге де ұймдық- құқықтық
нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін – құрылтайшылар бекіткен жарғы
және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін – жарғы
болып табылады (коммерциялық емес ұйымдар туралы Заңның 31 бабы).
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары
коммерциялық емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының)
орындауы үшін міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында
қарама-қайшылық болған жағдайда: 1) егер олар құрылтайшылардың ішкі
қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының; 2) егер олардың қолдануы
заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының
талаптары қолданылуға тиіс.
Бір адаммен құрылған коммерциялық ұйым тек жарғы негізінде ғана
жұмыс істей алады. Азаматтық кодекстің 41 бабының 3 тармағына сәйкес
шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтік құрылтай құжаттарында
олардың қызметінің мәні мақсаттары белгіленуге тиіс.
Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген
Азаматтық кодекстің 41 бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге
онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы да ескерілген.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5 тармағында
қамтылған. Жарғының міндетті шартының тізбесінде бірқатар шарттар
қамтылған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек
ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастарды және т.б. еңгізу қажеттігін
міндеттейді. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылык туындаған жағдайда:
1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтайшы
шарты;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен
қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүдделі адамдар жарғымен танысуға құқылы.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен
басқа, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 17 сәуірде
шығарған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Заң күші бар
Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі.
Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы мемлекеттік тіркеуден
өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі
заңды тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға
сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен
шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас
тартуға жол берілмейді.
Заңды тұлғаларды қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42
бабының 6 тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда: 1)
жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері
азайғанда; 2) атауы өзгергенде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және
ашық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта
тіркеледі. Қайта тіркеуді талап етпейтін заңды тұлғаның мәртебесіндегі
басқалай өзгерістер туралы тіркейтін органға бір ай мерзім ішінде хабарлау
қажет.

2.5. Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен
әрекет қабілеттілігі

Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігі аясында айырма
болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен азаматтың құқықтары мен міндеттерін
тудыратын тұрмыс қатынастарына көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған
отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды
тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.
Заңды тұлғалардың қатынасқа қатысу аясы олардың қандай мақсат
үшін құрылғандағына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай
белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасына қарай заңды тұлға қайсыбір
құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық
қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық
қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған
кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін
жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады.
Яғни белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды
иулғаның құқық қабілеттілігі сол лицензияны алған сәттен бастап пайда
болады. Азаматтық кодекстің 35 бабының 1 тармағына сәйкес заңды тұлға
азаматтық құқықа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара
алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары
немесе құрылитай құжаттары арқылы тыйм салынбайтын кез келген қызмет
түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқықа ие бола алады және азаматтық
міндетті де атқарады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғалардың белгілі бір қызмет түрін
жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектеледі.
Азаматтық кодексте арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де
ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі
әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.
Ал коммерциялық ұйымдар болса, керісінше арнайы құқық
қабілеттілікке жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне ие болады. Мұндай
ұймдар заң актілерінде тыйм салымбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге
асыра алады. Демек, коммерциялық өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен
айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйм салмайтындай болу керек. Жалпы
құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік
ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық
қабілеттілік заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы
құқық қабілеттілігіне банкілер, мемлекеттік кәсіп орындар ие.
Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай
құжаттарында көрсетілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін.
Мұндай шектеулер заңды тұлғаның айналысатын қызметі түрлері енгізілген
тізбе арқылы айқындалады, немесе оның қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға
тыйм салынады. Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігіне болатын мұндай
шектеулердің құрылтай құжаттарының туындауының маңызы зор.
Азаматтық кодекстің 37 бабында айтылғандай, заңды тұлға заң мен
құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық
құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.
Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп,
оны жүзеге асырады және оның өз өкіліттілігі шегіндегі әрекеті заңды
тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында
заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленге өз өкілеттілігін
асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-тің 44
бабының 4 тармағы)№ Бірақ заңды тұлға өз органының жарғыдағы талапты бұзып
жасаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға - азаматтық құқық қатынастарының субъектісі
СЕНІМХАТ ЖӘНЕ ӨКІЛДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар
Қазақстандағы шетел азаматтары жағдайларының құқықтық аспектілері
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар ұғымы
Азаматтық құқығының негіздері
Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар
Өкілдіктің түсінігі мен маңызы. Сенімхат
Заңды тұлғаны құру тәсілдері
Пәндер