Құқық бұзушылықтың субьектісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

тарау. Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орыны
1.1 Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі
1.2 Құқық бұзушылықтың түрлері
1.3 Құқық бұзушылықтың себептері және оларды жою жолдары

2 тарау. Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері
2.1 Заңды жауапкершіліктің түрлері және белгілері,түсінігі
2.2 Заңды жауапкершіліктің жүзеге асырылуы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Нарықтық экономикаға өтуімізге байланысты азаматтық құқықтық
жауапкершіліктің ролі артып отыр. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзін
демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет құруды алға мақсат етіп қойды. Ал
құқықтық мемлекет құру заңдылықты оқу, білу және заң бұзушылыққа жол бермеу
қажет. Заң бұзушылықты болдырмау үшін жауапкершілікті қолданамыз.
Қылмыстық құқыққа қарағанда заңды жауапкершілік жиі қолданылады.
Жауапкершілік мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының түрі. Сондықтан мемлекет
тарапынан шығарылатын заңдар, нормативті құқықтық актілерді жауапкершілік
шегі көрсетіледі.
Сонымен қатар жауапкершілікті үлесті, солидарлы және субсолидарлы
деп бөлудің өзіндік себептері бар. Несие берушінің құқығын қорғауда жан-
жақты қарастырылып отырған жауапкершілік түрлерінің маңызы артады. Яғни
несие берушінің құқығы бұзылған кезде борышқордың кез келгенімен өндіріп
алу артықшылығы туындайды.
Бірінші тарауда құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері,
түсінігі, құқық бұзушылықтың түрлері, құқық бұзушылықтың себептері және
оларды жою жолдары қарастырылады.
Екінші үш бөлімнен тұрады және мынадай мәселелер қарастырылады:
заңдық жауапкершіліктің түрлері және белгілері, түсінігі, заңдық
жауапкершіліктің жүзеге асырылуы, заңдық жауапкершілікті болдыртпайтын мән
жайлар, заңдық жауапкершіліктен босату негіздері.
Заңды жауапкершілік мәселелерін мемлекет және құқық теориясы және
басқада салалық заң ғылымдарымен зерттелуде. Жалпы құқық бұзушылықтың және
заңды жауапкершіліктің негізігі және басты міндеті қоғамға және құқықтық
тәртіпке құқықбұзушылықтан келтін зиянның алдын алу және жолын кесуде
заңдылықты қамтамасыз ету. Аталған тақырып бойынша екі аса қажетті міндет
тұжырымдалады: бірініші, қоғам және әрбір азамат құқықтыры мен заң
қорғалатын мүдделері құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғалатындығына
сенімді болуы керек, яғни құқықбұзушылықтар мемлекетті мәжбүрлеу шарасы
көмегімен жойылады, екіншіден, құқыққа қарсы әрекет жасамаған азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына қолсұғылмаушылықты қамтамасыз ете отырып,
қоғамдағы құқықбұзушылықтарға заң негізінде қатаң шара қолданады.
Құқық бұзушылық пен заңдық жауапкершілік туралы көптеген мақала,
басылымдар, монографияларда жарияланған. Бұл тақырыпты зерттеу барысында
бірқатар жетістіктерге жеткен. Бірақ та бұл мәселе төнірегінде бірнеше
жылдар қатарынан әртүрлі пікір талас болып пән бойынша бір тоқтамға келе
алмауда. Бұдан шығатын қорытынды заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері
және олардың түрлері мазмұнды болып табылады, сонымен қатар қызықтыда.
Бұрыңғы ерте заманда, яғни ерте таптық қоғамда құқық пайда болып және
оның ажырамас серігі құқықбұзушылық пайда болғаннан бері, теориялық
құқықтық ілімде құқықбұзушылықтың себебі неде, соның ішінде қоғамға ерекше
қауіпті түрі қылмыстың себебі неде деген сұраққа жауап іздеуде. Не себепті
құқық, құқықтық принциптер, ережелерді бұзатын мінез құлық (әрекет немесе
әрекетсіздік) пайда болды? Қоғам өмірне қауіпті құқық бұзушылықтың
болмауын тоқтау үшін не істеу керек? Осы сұрақтарға жауап бірнеше жүз
жылдықтармен жүргізілуде, бірақ қазіргі таңда бұл сұрақ өз жауабын тапты
деуге болады.
Мемлекет және құқық теориясы методологиялық ғылым бола тұра кейбір
зерттеу жұмыстарыменде айналысады, соның ішінде заңдық жауапкершілік пен
құқық бұзушылықты мәселелерінде зерттейді.
Сондықтанда курстық жұмыста мемлекет және құқық теориясы қарастыратын
ұғымдар, принциптер қарастырылады. “ Заңдық жауапкершілік ұғымы, белгілері
және олардың түрлері “ тақырыбы бойынша мақала, монография және
басылымдарды сонымен қатар әртүрлі оқу әдебиеттеріндегі қайнар көздерді
оқу, тақырыптың мазмұнын ашып зерттеуде анағұрлым толықтай зерттеуге үлкен
мүмкіндік береді.
Сонынмен бұдан курстық жұмыстың мақсаты шығады:
“ Заңдық жауапкершілік және олардың түрлері, ұғымы және түсінігі” тақырыбы
бойынша жеке зерттеу.
Зерттеу тақырыбы бойынша (анализ және талдап қорыту) тәжірбиелер
пайдалану.
Құқық бұзушылық профилактика мәселесі бойынша жаңа бағыттар жасау.
Практикада оқып білумен байланысты ұсыныс енгізу.

1 тарау. Құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны

1.1 Құқық бұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері, түсінігі

Құқықбұзушылық кінәлы адамның заң жауапкершілігін тудырады. Олар
құқық нормаларының санкцияларында көзделінген. Санкцияны қолданудың негізі
адамның әрекет не әрекетсіздігіндегі құқықбұзушылықтың құрамын анықтау
болып табылады. Заң жауапкершілігі құқықбұзушыларға заңдарда көрсетілген
заңсыз іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздігі) үшін санкцияны қолдану, яғни бас
бостандығынан айыру, айыппұл төлеу, мүлікті конфискациялау, т.б.
Әдетте, кез келген құқықбұзушыларға мемлекеттің күштеу шараларын
колданса да, бірақ санкцияны қолдануға болмайды. Мысалы, есі дұрыс емес деп
танылған адамға, қоғамдық қауіпті әрекетті жасаса да сот Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын қолдануы мумкін (16-бап). Шынында да, бұл мемлекеттік
көндіру шарасы, бірақ заң жауапкершілігі емес, өйткені оны қолдануға негіз
жоқ, себебі — құқықбұзушылықтың субъектісі иелігінің басты белгісі —
деликтоқабілеттіліктің болуы. Сөйтіп, құқық бұзушылықтың заңды құрамының
толық болмауы заң жауапкершілігін қолдануға кері әсерін тигізетіні сөзсіз.
Қылмыстылықпен күрес, қылмыскердің тұлғасына ғылыми негізде зерттеу,
орын алған қылмысты құбылыстардың себептері мен оған мүмкіндік жасайтын
мән - жайларын анықтау, бүгінгі күні заң ғылымдарының келесі міндеттерінің
бір болып саналады.
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы
түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамының
түсінігі жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым
болып табылады. Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың
нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында
жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап,
көрсетеді. Нақты қылмыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді
деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық кылмыстардың
құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни
кез келген қылмыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар.
Қылмыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті
элементтерді: қылмыстың объектісін, қылмыстың объективтік және субъективтік
жақтарын, субъектісін атап көрсетеді.
Кез-келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат
ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді.
Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары
себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік
құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.
Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы
қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға
зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі
еткен құқық бұзушылыққа ұласады[1].
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең
негізгілеріне мыналар жатады:
1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен
үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде
көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында
қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой
образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе
әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады.
Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін
жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты “осы сияқты басты белгілерде
әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың
позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес” деген [2]. Бірақ та сот
нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы
мүмкін және жазалайды.
2.Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық
әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық
бұйрығына іске асады.
3.Құқық бұзушылықтың басты белгілерінің ішіндегі бірі - кінәлінің
бар болуы. Қазақстанды және басқа да елдердегі мемлекеттік құқықтық теория
және практикасы құқық бұзушылықты барлық құқыққа қарсы әрекетті емес, тек
қана байқаусызда немесе қасақана жасалған іс әрекетті санайды.
Нақты айтқанда, тұлға кінәсі бойынша болады. Кінә тұлғаның өзінің
жасалған құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік, сонымен қатар әрекет
салдары нәтижесінде пайда болған заттарға психикалық жағдайымен қатынасын
көрсетеді. Ол өзінің тәртібі және осыдан шыққан зардаптардың құқыққа
қарсылығын тұлғаның түсінуі немесе мойындауын білдіреді. Сондықтанда
кәмелетке толмаған тұлғалар және тұлғалар әрекетін сот кінәсіз деп
мойындаса да,тіпті егер олар құқыққа қарсы тұрса да, сондай-ақ олар өз
әрекеттерін құқыққа қарсы екенін түсініп, мойындауға қабілеті жоқтай
оларды құқық бұзушылық деп санауға болмайды. Кінә екі форма бойынша
бөлінеді:
1) Ниет құқыққа қарсы әрекет жасаған тұлға қоғамдық қауіпті мінезін
өз әрекет немесе әрекетсіздігін біледі деп олар санайды,олардың қоғамдық
салдарын болжайды және олардың басталуын қалайды.
2) Абайсыздық кінә түрлерінің бірі сияқты 2 түрі бар
- өзіне сенімдік,тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардап шектіретін
әрекетін біледі, одан жеңіл желпі қашуды санайды деп сендіреді.
- ұқыпсыздық тұлға өзінің қоғамға қауіпті зардапты әрекеттерін
көрмейді, бірақ мүмкін және оларды көру қажет деп сендіреді.Ұқыпсыздық
алдын ала тұлғаның оның міндеттеріне қойылған орындауларға,қоғамға және
басқа тұлғаға қызығушылығына жауапсыз қатынасын көрсетеді.
Құқық бұзушылық дилектіқабілетті құқықбұзушылармен жасалады, яғни өз
еркіндігін және өзінің тәртібін бақылай алатын, өз әрекеттеріне есеп
беретін, олардың құқыққа қарсылығын мойындайтын және олардың зардаптарына
жауапкершілік таныту жағдайында болатын адамдар.
Құқыққа қабілетті құқық бұзушының заңдарға және басқа да нормативті
құқықтық актілерде анықталады. Құқыққа қабілетті қылмыскерлер барлық
жауапқа қабілетті тұлғалар, белгілі бір жасқа жеткендер саналады.
Құқықбұзушылықтың негізгі ерекше белгісін отандық және шетелдік
заңгерлер залалдың болуын көрсетеді, яғни жеке тұлғаларға немесе заңды
тұлғаларға келтірілген құқыққа қарсы әрекетпен келген залалдың арасындағы
байланыстың болуын айтады. Залалдың саладары екі аспектіде қарастырылады
яғни заңды және нақты.
Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгілі бір
әлеуметтік міндеттерді қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте
азаматарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықтық
жауапкершілк жүктеледі.
Құқықбұзушылық үшін жауапкершілік негізін дұрыс анықтау құқық қолдану
органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауына кепіл бере отырып,
азаматты жауапқа тарту үшін құқықбұзушылық заңда көрсетілген құқық
бұзушылық құрамының барлық белгілері болуын талап етеді.
Құқықбұзушылық құрамдары – бұл құқықбұзушылықтың обьективтік және
субьективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер
төрт топқа бөлінеді:
1. Құқық бұзушылықтың обьектісі
2. Құқық бұзушылықтың обьективтік жағы
3. Құқық бұзушылықтың субьектісі
4. Құқық бұзушылықтың субьективті жағы
Құқық бұзушылықтың обьектісі - құқық бұзушы қиянат жасайтын және де
заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін: саяси
және экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен
бостандықтары, құқытық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.
Қылмыстың объективті жағы.
Қылмыстың объективті жағы дегеніміз қорғалатын объектіге қол сұғатын
қоғамға қауіпті әреткеттің сыртқы көрінісін сипаттайтын заңда көрсетілген
белгілердің жиынтығы, сондай – ақ ол сол қол сұғушылыққа қатысты
объективтік жағдайлар. Объективтік жақты сипаттайтын белгілер:
а) қоғамға қауіпті іс - әрекет яки әрекетсіздік;
ә) қоғамға қауіпті салдар;
б)әрекет пен салдардың арасындағы себепті байланыс;
в) қылмыс жасау орны , уақыты, жағдайы, тәсілі, қаруы мен құралы.
Көбінесе құқық бұзушылықтар объективтік жағы бойынша
ажыратылады.Мысалы, ұрлық, тонау, алаяқтықтың объектісі біреу – меншік
құқығы, ал объективтік жағы әр қилы: ұрлық – кісі мүлкін жасырын түрде,
тонау – ашықтан – ашық түрде, алаяқтық – алдау немесе сенімге қиянат
келтіру жолымен алу. Құқық бұзушылық мағынасындағы іс - әрекет дегеніміз
құқық бұзушылық жасау кезінде субъектінің сыртта көрініс тапқан мінез –
құлқындағы белсенді, саналы, ерікті қимылы. Бір ғана қимыл емес, құқық
бұзушылық жасау үшін бірнеше қимылдар қажет. Ол жай ербеңдеген, берекесіз
қимыл емес, әлеуметтік мазмұнға ие болуы шарт, іс-әрекеттің белсенділігі
осында. Сонымен қоса, есі дұрыс адамның саналы түрде жасауы әрі әрекет
ерікті болуы тиіс. Өзі қаламай, еркінен тыс (мысалы мәжбүрлеумен) жасалған
әрекет үшін жауаптылық жоқ. Ал егер күш қолданып мәжбүрлеудің өзі кісінің
өзінше әрекет ету мүмкіндігінен айырмаса, жауаптылықтан босатылмайды, күш
қолдану жеңілдететін мән – жай ретінде қаралады. Күштеп мәжбүрлеуден басқа,
психикалық мәжбүрлеудің маңызы бар. Ол адамға белгілі бір зардап келтіремін
деп үрейлендіріп, қоғамға қауіпті әрекет жасауға мәжбүрлеу. Бұндай тәсіл
адамның өз еркінше әрекеттенуін жоққа шығармайтындықтан, кісіні
жауаптылықтан босатпайды.
Бірақ, аса қажеттілік жағдайында ғана кісі жауапты болмайды. Мысалы,
кассир мылтық тіреп, ақша талап еткендерге шыбын жаны үшін ақшадан
айырылады.
Әрекетсіздік субъектінің қоғамға қауіпті, ерікті, пассивті мінез-
құлқы. Оның әрекет етпеуі жай дене қимылын емес, әлеуметтік мағынасы бар
қимылдарды жасамауы. Мысалы, куәгер жауап беруден бас тартып, тиісті
әрекетті жасамайды, бірақ басқа жұмыстармен айналысып жатуы мүмкін. Ол
ерікті болуға тиіс. Күштеп мәжбүрлеп, шарасыз халге түсіру немесе
табиғаттың дүлей күштерінен, ауру-сырқау салдарынан қолдан келер қайраны
жоқ болып, орын алған әрекетсіздіктер үшін жауаптылыққа тартылмайды.
Мысалы, дәрігердің барар жолды су алып кетіп науқасқа жете алмауы т.б. Ал
егер өртте кісі күйіп жатса, өрт сөндіруші шара қолданбаса - әрекетсіздік,
ал ол жай адам үшін дүлей күш болып есептеледі.
Құрамалы қылмыс бөлек - бөлек қылмыс бола алатын жеке не одан да көп
әрекеті әрекеттерден тұрады. Мысалы, қарақшылық: адам өміріне және
меншігіне қауіп төндіру. Бұл әрекеттердің ерекшелігі бірнеше объектіге қол
сұқса да олардың өзара жымдасқан ішкі бірлігінде. Жалғаспалы қылмыс бір
діттеген мақсатқа жету жолындағы іштей бірліктегі бірнеше біртекті не
бірдей іс-әрекеттердің алғашқысын жасаудан басталып, соңғысын істеуден
аяқталады. Мысалы, телевизор құрайтын заводтың жұмыскері әр келгенде бір
бөлшектен іле кетіп, өзіне телевизор құрмақшы болады. Құраса, ұрлық, орта
жолдан бітсе – ұрлыққа оқталу. Белгілі уақыт аралығында үзіліссіз
болатындығымен сипатталатын қылмысты созылмалы деп атайды.
Құқықбұзушылық субьектісі - ол құқық бұзушылық жасалған уақытта есі
дұрыс және белгілі бір жасқа толған адам.
Жауапкершілік тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс
емес күйде болған, яғни созылмалы психиклық аруы, психикасының уақытша
бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің әс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты
мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам
жауаптылыққа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да
есеңгірететін заттарды пайдалау саладарынан мас күйінде жасалған құқық
бұзушылық үшін адам жауаптылықтан босатылмайды.
Құқық бұзушылықтың субьективтік жағы - бұл адамның қоғамға істеген
қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті
нәтижеге психикалық қатынасы. Құқық бұзушылықтың сыртқы жағын бейнелейтін
обьективтік жаққа қарағанда субьективтік жақ құқық бұзушылықтың ішкі
мәнін, мазмұнын білдіреді.
Құқық бұзушылықтың субьективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық
белгілері: кінә, ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы құқық
бұзушылық істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-
дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара
байланысын бейнелеп береді.
Кінә - бұл адамның қасақаналық пен немесе абайсызда істеген қоғамға
қауіпті іс - әрекетіне және қоғамға зиянды зардабына деген көзқарстарының
жиынтығының көрсеткіші.
Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті
және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана жауапқа тартылуы
тиіс.
1. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін құқықтық
жауаптылыққа жол берілмейді.
2. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана құқық бұзушылыққа
кінәлі деп танылады.
3. Абайсызда жасалған әрекет осы заңда көзделген негізде құқық бұзушылық
деп танылады.
Кінә екі нысанда көрінуге тиісті: қасақана немесе абайсызда. Тікелей
қасақаналық дегеніміз адам өз іс- әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып
және осы зардаптың болуын тілеп тікелей ниетпен жасау. Ал жанама
қасақаналықта құық бұзушы мүмкіндікті көре тұра зардапқа саналы түрде жол
береді. Н емесе немқұрайлы қарайды. Мысалы, мас күйеуі әйелін екінші
қабаттың терезесінен лақтырып жібереді. Әйел өліп қалуы да, жарақат алуы да
мүмкін. Кейде бір құық бұзушылққа қасақаналықтың екі түрі қатар болуы
мүмкін. Мас кісі автокөлікті тікелей қасақаналықпен айдап кетеді, қуғыншыны
көзі шалғасын, көлікті тежелей секіріп түседі.Соңғысы жанама ниет , себебі
көлік басқа көлікке не ғимараттарға соғылып, зардап келуі мүмкін. Құқық
бұзушылық қасақаналықтың қандай түрімен жасалса да бірдей дәрежеленіп,
бірдей жауап береді.
Тек қана кінәмен субъективтік жақтың сабасы толмайды. Осыған қоса
мотив, мақсат, кейде адамның эмоциялық күйі де субъективтік жаққа енеді.
Қылмыстың субъективтік жағында қателіктер де болады. Оның түрлері:
1. Заңға қатысты қате. Мысалы, өзі жасаған әрекеттіқылмысқа балап,
қуыстанып жүреді (жазаланбайды), керісінше қылмыс жасап, оны өзі
қылмыс емес деп ойласа, жаза күтіп тұр.
2. Фактіге қатысты қате. Мысалы, кісі апиын ұрлаймын деп, басқа жәшік
алып шығады (объектілері бөлек) . Апиын ұрлауға оқталу деп
дәрежеленеді.

1.2 Құқық бұзушылық түрлері

Кейбір сипатына қарай құқық бұзушылықтар жалпы бірдей болғанмен ,
олар өте әртүрлі болып келеді. Бұл әлеуметтік қатынастардың әртүрлі
мазмұнымен, субьектілердің көп жақтылығымен, жасау мақсатымен, өмірдегі
жағдайлармен және т.б.анықталады.
Осындай кең ауқымды құқық бұзу актілері оларды әртүрлі бөлімдерге
жіктеуіне әкеледі.
Қоғамдық өмірге байланысты оларды:
A. Экономикалық құқық бұзу;
B. Басқару қызметінде құқық бұзу
C. Отбасында тұрмыстық жағдайда құқық бұзу деп бөледі.
Ал құқық бұзулық мақсаттарын:
A. Белглі бір мақсатқа жету мақсатында құқық бұзу
B. Бірнеше мақсатқа немесе мақсат қоймай құқық бұзу.
Ең көп тараған және әлеуметтік маңызды құқық бұзушылықтың әлеуметтік
қауіпсіздігіне (зардабына ) байланысты жіктелуі болып табылады. Бұл
жағдайда барлық құқық бұзушылықтар қылмыс және терісқылықтар болып
бөлінеді.
Қылмыстар қоғамға аса қауіптілігімен ерекшеленеді. Олар ең маңызды
қылмыстық заңмен жанасушылықтан қорғалатын құндылықтарына жанасады. Қылмыс
жасаудың обьектілері болып қоғамдық және мемлекеттік құрылыс, шаруашылық
жүйесі, әртүрлі жеке меншік және басқада азаматтар құқықтары (саяси,
еңбек, меншік) саналады.
Қоғамға қауіптілігіне байланысты қылмыс істегені үшін заң қатаң
жазалар қолданады. Қылмыстық заңмен қаралған қылмыстық істер басқа құқық
бұзуларға қарағанда талқыланып толық түсіндірілмейді.
Сонымен қатар, барлық қылмыстың формальды сипаттары бар, алайда
қоғамға қауіптілігі аз теріс қылықтар қылмыс болып саналмайды.(ҚРҚК
сілтеме)[3].
Теріс қылықтар қоғам өміріне аз деңгейде қауіптілгімен ерекшеленеді,
барлық қоғамдық өмір саласында жасалады, әртүрлі қолсұғу обьектілері және
құқықтық нәтижелері бар. Осы белгілеріне байланысты олар азаматтық,
әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтарға бөлінеді. Кейде процесуалдық
құқық бұзушылық түріде айтылады. Мысалы куәгердің сотқа келмеуі.
Азаматтық құқықбұзушылықтарлар (терісқылықтар) басқа теріс
қылықтардан арнай қолсұғушылық обьектісімен ерекшеленеді. Бұл мүліктік
және мүлікке байланысты мүліктік емес қатынастар азаматтық нормалармен
және кейбір еңбек, отбасы және жер құқығы нормаларымен реттеледі.
Өзіндік сыртқы бейнесін бұл құқық бұзу түрі мүліктік залал келтірген
кездегі өзінің келісімі бойынша міндеттерін орындамаған кезде пайда
болады. Осындай құқық бұзушылықтар үшін санкциялар құқықты қалпына келтіру
сипатында болады және келтірілген мүліктік шығынды төлеу , заңсыз
келісімдерге жол бермеу негізінде сипатталады.
Әкімшілік құқықбұзушылық (терісқылықтар) әкімшілік, қаржылық, жер
процессуалды нормалармен қарастырылған мемлекеттік басқару, жеке меншік
құқық және азаматтардың заңды құқықтық мүдделері болып табылады. Бұған
ұсақ үрлық, жол ережесін бұзу, қаржы есебінің, өртеке қарсы қауіпсіздік
нормалары ережесін бұзу және тағыда басқалары жатады.
Бұл құқық бұзу түрінің мазмұны баршаға міндетті әкімшілік органдармен
қабылданған ережелерді бұзу болып табылады. Теріс қылықтың жасалуы айыптың
қандай болатынын айқындайды. Бұл ескерту, айыппұл, көлік жүргізуші
куәлігіген айыру және басқада мемлекеттік құқытық араласу болып табылады.
Тәртіптік құқықбұзушылықтар (теріс қылықтар) құқыққа қарсы
мекемелердің ішкі тәртібін бұзатын іс әрекеттер. Тәртіп теріс қылық жасай
отырып, құқық бұзушы еңбек ұжымының жұмысын бытыраңқылатады, еңбек, оқу,
өндірістік әскери тәртіпті бұзады ( кешігіу, жұмысқа, оқуға келмеу,
әкімшіліктің бұйрыңғын орындаму және т.б.).
Жауакершілік шараларын құқықтық нормалар санкциясымен ескертулерде,
қатаң ескертулерде, жұмыстан кетіру, оқу орнынан шығару және тағыда басқа
құжаттарда айқын көрінеді.
Барлық құқық бұзу түрлері өте тығыз байланыста екенін айта кеткен
жөн. Осылайша, қызметтегі тұлғалар жауапсыздықты, немқұрайлылықты және
құқық қорғау органдарының жұмысының нәтижесіздігі , жазадан босату
жазаларды әрдайым қоғамға қауіп төндіреді.
Әкімшілік терісқылықтар бірті-бірте басқаруға, азаматтық құқық
бұзулар жеке меншікке, тәртіптік терісқылықтары қызметтік қылмыстарға
айналуы мүмкін.
Әрдайым адам жиі-жиі бір іс жасауымен көптеген құқықбұзушылықтар
жасайады. Мысалы, автокөлік жүргізушінің жол ережесін бұзуы әкімшлік,
азаматтық құқықтық мүліктік жауапкершілікке тартылуына алып келеді.

1.3 Құқық бұзушылық себептері және оны алдын алу шаралары.

Сонау ерте заманнан бері, құқық пайда болып, құқық бұзушылық пайда
болғаннан бері теориялық құқықтық ойлар құқық бұзудың себебін соның ішінде
қылмыстың жасау себебін сұрағына жауап іздеуде. Неліктен іс қимыл пайда
болды, не себепті ол құқықтық принциптерді, ержелерді бұзады? Осы құқық
бұзуларды қалай қоғамдық өмірден ығыстырып шығаруға болады? Бұл сұрақтарға
жауап іздеу ғасырлар бойы жалғасып әлі күнге дейінгі шешімін тапқан жоқ.
Құқық бұзушылықтар қоғамдық кең тараған құбылыс. Ол барлық елдерде,
аймақтарда да бір динамикалы жүйе. Сондықтанда пайда болуының себептерін
атауға өте қиын. Сонымен қатар нақты индивидуалды құқықбұзушылық себепімен
белглі бір құқы бұзу себебінің арасында айырмашылық бар.
Мемлекет және құқық теориясы құқық бұзушылықтың себептерін зерттейтін
методолгиялық ғылым. Заңи әдебиеттерде және бүгінде құқық бұзушылықтың
қоғамдық және биологиялық себептері туралы таластар болып жатары. Олардың
бір біріне қарсы келуі ұсынылып отыр. Себебі адам іс-әрекеті қоғамдықта
биологиялық факторларға тәуелді. Басымдылық қоғамдық факторларда болуы
тиіс, себебеі тұлға белглі бір әлеуметтік ортада қалыптасып және сол іс –
әрекеттерді физиологиялық күйінен емес, тұлғаралық қатынастардан
қалаптасады.
Негізгі себеп болып адамның құқыққа қарсы тәртібі, ол қарсылық және
әлеуметтік ортаның және индивидтің орташа өмір сүруінің тұрақсыз болуына
қарсылығы. Бұл қарсылықтардың өршуі құқықбұзушылықтың санын көбейтеді.
Бұған мысал ретінде Қазақстанның экономика саясатында болып жатқан
тенденцияларды атауға болады.
Сол экономикада болып жатқан қарсылықтар, барлық басқа қарсылықтардың
бастауы болып табылады. Құқық бұзушылық себептерін оны жасау
жағдайларымен теңестіруге болмайды. Құқық бұзушылық себептері құқықтық
нормада қаралып, тергеледі. Ал оқиғалар тергеуді жүргізуге көмектеседі.
Қазіргі Қазақстанда жеке меншіктік қатынастардың өзгеруі, еңбек күшін
бөлу, оның қорытындыларын бөлу мен бағалау халықтың бір бөлігінің
әлеуметтік және моральды теңсіздігін туғызып, заңды немесе заңсыз түрде
байлыққа ұмтылыуын туғызды. Бұл үрдіс нормативтік құқықтық актілердің
қолданбауы, құқық қорғау органдарының аз әсерлі жұмысымен , моральдық
құндылықтардың тапшылығы- алкогализм, нашақорлықпен күреспеу салдарынан
мафиялы ұйымдардың пайда болуына әкелді.
Алайда ешқандай сыртқы жағдайлар адам еркінсіз құқық бұзушылық
жасауға себеп болмайды. Обьективті себептер негізінде субьективті себептер
жағдайы пайда болады, олар өз алдына әлеуметтік психолгия элементтерімен
құралады. Дәл осылар құқыққа қарсы немесе заңды тәртіп таңдауда шешуші рөл
атқарады.
Құқықбұзушылықтың себептерін сипаттай отырып, мынаны айтып кету керек
құқық бұзушылықтың болуы кейбір ерекшеліетеге байланысты болғанмен, бірақ
ол қоғамның өтпелі кезеңді басынан кешіріп болмағандығының салдары және
уақытша сипатта болады[4].
Құқық қорғау органдары белсенді күрес жүргізгенмененде, қоғамда оныңң
таралу маштабын тоқтата алмай отыр. Бұл мақсатта кешенді түрде
экономикалық, әлеуметтік ,саяси, тәрбие нормаларын өткізу қажет қоғамдық
қатынастарда тәртіпке келтіру және тұрақтандыру мақсатында.
Үлкен рөл құқықтың тәрбиелеу жұмысына беріледі. Азаматтар мемлекет
тарапынан белгленген құқықтар туралы хабардар болуы қажет. Себебеі кейбір
жағдайларда құқықты бұзу антиәлеуметтік сипатта емес, құқыққы
білмегендіктен жасалып жатады. Кейдір құқық бұзушылықратыд жою жолында
алкоголизмге, наркоманияға қарсы медико-биологиялық шаралар жүргізіліуі
қажет.
Құқық қорғау органдарының қорытындыларын жоғарлатып, техникалық –
материалдық жабдықтау қажет. Жазадан бас тарта алмайтындай, өз дәрежесінде
болуы қажет. Бұған байланысты қорынтды жасауға болады, себептің
көптүрлігі мен күрделеглі құқық бұзушылықтың себептері мен олар мен
кұресудың жолдарының көптігін көрсетеді.

2 тарау. Заңды жауапкершілік негізгі ерекшеліктері

2.1 Заңды жауапкершіліктің ұғымы және түрлері

Заңды жауапкершілік ұғымымен байланысты сұрақтар мемлекет және құқық
теориясында дискуссоналды болып табылады. Заңды жауапкершілік туралы
көптеген анықтамалар бар, оларды бір жақты салысту мүмкін емес.
Жауапкершілік кең мағынада тұлғаның қоғамға және мемлекетке, басқа
тұлғаларға қатынасында өзінің міндеттерін дұрыс ұғынып, белгілі бір
талаптарды орындауы.
Жаупкершілік тар мағынада немесе әлеуметтік – заңдық мағынада
құқықбұзушылық жасаған тұлғаға заңда көзделген тәртіптпен мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасын қолдану.
Заңды жауапкершілікке негіз болып құқықбұзушылық танылады[5].
Заңды жауапкершілігінің мынадай белгілерін айтуға болады:
1) құқықбұзушыларға мемлекеттің мәжбүрлеу шараларын қолдануға сүйену;
2) құқық нормаларын оны бұзушыларға қолданатын санкцияны іс жүзіне
асыруды білдіру;
3) мемлекет пен құқықбұзушылардың арасында туындайтын ерекше құқық
қатынастарын белгілеу;
4) құқықбұзушылықты жасағаны үшін заң жауапкершілігінің қолданылуы;
5) заңдарда көзделген белгілі бір іс жүргізу нысандарын сақтап
жауаптылықты жүктеу;
6) құқықбұзушылықты жасауына байланысты кінәлының орындамаған негізгі
міндеттерінен басқа қосымша міндеттерді атқаруды жүктеуге байланысты;
7) құқықбұзушылар үшін қолайсыз зардаптардың көрініс табуы. Олар жеке
бастың сипаты болуы мүмкін (бас бостандығынан айыру, еңбекпен түзеу
жұмыстары, сөгіс, т.б.) және мүліктік мәнді (айыппұл салу, тәркілеу,
материалдық жауапкершілік және т.с.с.).
Сөйтіп, заң жауапкершілігі дегеніміз — құқықбұзушылықты жасаған адамға
заңда көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі іс жүргізу
тәртібімен қолдану.
Осы аталған белгілер заңды жаупкершіліктің міндетті белгісі болып
табылады.
Адамның іс-әрекеті әр алуан әлеуметтік қағидалармен сәйкес реттеліп
отырады. Адам өмір сүретін қоғамдық ортада оның сана- сезіміне, іс-
әрекетіне, жүріс-тұрысына әдептік қағидалар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар
өз әсерін тигізеді. Өзіне де, өзгеге де жалпыға бірдей әдеп сақтаған адамды
жұртшылық тәрбиелі адам деп санап, мәдениетті, зиялы адам ретінде
қошеметтеп, құрметтейді. Ал көпшілікке тән әдет-ғұрыптарды сақтамай, тәртіп
бұзғандарға жұртшылық күдікпен қарайды, ондайлар көпшіліктің теріс пікіріне
тап болады. Ұяты бар арлы адам басқалардың, қоғамның пікірін жоғары
бағалап, әдепсіз қылықтардан, жаманаттан өзін аулақ ұстайды.
Адамгершілік принциптер мен қағидалар, әдет-ғұрып, дәстүр, сондай-ақ
құқық ережелері т.б әлеуметтік қағидалардың негізі болып саналады. Бұған
адамның күнделікті өміріне үңіліп қарасаңыз, көзіңіз жетеді. Мысалы, кім
ұрлық жасаса, ол-ар мен ұяттан айырылған адам. Егер ата-ана баласына үнемі
қамқор көзбен қараса, өзі де жоғары мәдениетті, парасатты адам болса, оның
балалары да адамгершілігі жоғары, заң талаптарынан аулақ кетпейтін, кәдімгі
жақсы адамдар қатарында болады. Мұнда құқықтық нормалар адамгершілік, ар-
ұяттық принциптерге сүйенеді.
Егер адамдардың басым көпшілігі заң нормаларын сақтап, оның
ережелерін дұрыс орындайтын болса, онда қоғам тыныштықта өмір сүретін
болады. Мұндай қоғамда әрбір адам тыныштықта қалыпты өмір сүреді, өзінің
денсаулығын, дүние-мүлкін сақтау жөнінде көп алаңдамайды. Егер қоғамдық
ортаның қалыпты өмір сүруі төмендеп кетсе, онда ел ішінде адамгершілік
қасиеттер де төмендеп, бірден қылмыс көбейіп кетеді.
Әрине, адамдардың басым көпшілігі адамгершілік нормаларды аяққа
басып, тәртіп сақтамаса, қоғам бір қалыпты өмір сүре алмайды. Мұндай
қоғамның болашағы да жоқ. Осындай жағдайды болдырмас үшін адамгершілік
тәрбиені күшейтіп, адам санасына заң ережелерін сақтау міндетін орнықтырып,
үнемі бақылап, қамқорлық жасап отыру қажет. Ал бұл үшін заңды іс-әрекет
деген не екенін әр адамның білуі керек. Егер заң талабы іс жүзіне
асырылатын болса, адамдар мінезінің төмендегідей белгілері байқалады.
Жалпы заңды жауапкершілік мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Еңбек немесе тәртіптік жауапкершілік.
2. Қылмыстық жауапкершілік.
3. Азаматтық – құқықтық жауапкершілік.
4. Әкімшілік жауапкершілік.
Осы аталған жауапкершілік түрлеріне жеке –жеке тоқталып кетейік.
Еңбек және тәртіп жауапкершілігі туралы
Кеңестік Конституциядан Қазақстан Республикасы Конституциясының
айырмашылығы-еңбек етуге міндеттілік белгілемейді. Еңбекке қабілетті әрбір
адам қайда еңбек ететінін, қандай жұмыспен шұғылданатынын өзі шешеді. Егер
адам кәсіпкерлік еңбекпен шұғылданса, еңбекпен, жұмыс уақытымен, демалыспен
байланысты мәселелерді өзі шешеді. Егер адам мемлекеттік ұйымға, қоғамдық
не жеке меншік мекемеге жұмысқа орналасса, онда жұмысшының міндеті мен
жауапкершілігі еңбек заңына байланысты шешіледі. Мұнда мәселе жұмысшы мен
жұмыс берушінің құқығына, міндеті мен жауапкершілігіне орай шешіледі.
Конституция азаматқа еңбек бостандығына, еңбектің, мамандықтың
түрлерін таңдауға еркіндік құқығын береді. Бұл-азамат заң жүзінде тыйым
салынғаннан басқа еңбектің кез келген түрімен шұғылдануына болады, ол
мемлекеттік, жеке мекемелерге, кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алады.Демек,
Қазақстан азаматы шетелдік азаматтарға қарағанда жұмысқа орналасу жөнінде
кең мүмкіндікке ие. Мысалы, шетелдік азамат, ереже бойынша мемлекеттік
қызметке қабылданбайды. Республика азаматы бос тұрған қызмет және жұмыс
орнын алу жөнінде басқалардан артықшылық құқықты пайдаланады. Адам құқығы
жөніндегі халықаралық-құқықтық актіде адамға заң жүзінде еңбек етуге
міндеттеу-еңбек етуге мәжбүрлеу, яғни құлдық еңбек деп таниды. Конституция
белгілі бір жағдайда ғана азаматқа еңбек етуге мәжбүрлік жасайды. Сот үкімі
бойынша, төтенше немесе соғыс жағдайында ғана еңбектенуге мәжбүр етуге
болады. Әрине, бұдан еңбек етуге міндеттейтін заңның жоқтығы дені сау,
еңбекке жарамды адам еңбек етуіне болмайды деген мағына тумауы керек.
Кәмелетке толған әр адам өзін, өзінің отбасын еңбек етіп асырап-сақтауы
керек. Бұл оның адамгершілік парызы. Бұл парыз- оның Конституцияда
жазылғандай заңи парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар
еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті( Конституция, 27
-бап).
Заң еңбекпен байланысты салада кез келген алалаушылыққа тыйым салады.
Әрбір азамат өзінің еңбек жөніндегі құқығын басқалармен тең түрде пайдалана
алады. Мұның өзі ешкімнің еңбек туралы құқығына шек келтірмейді, сондай-ақ
жұмысқа орналасу кезінде ешкім өзінің жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына,
тіліне, дәулетіне, лауазымдық дәрежесіне, тұрған жеріне, діни ерекшелігіне
және басқа да жағдайына қарай артықшылықты пайдалана алмайды деген сөз.
Сонымен бірге еңбек құқығына шек келтіру деп саналмайтын кейбір жағдайлар
да бар. Жұмысқа қабылданарда адамның мамандығы, кәсібі, мамандық ережесі
еске алынады. Жұмыс процесінде іскерлік сапасы, еңбек ету үстіндегі ісінің
нәтижесі де есепке алынуы мүмкін. Егер адам еңбек ету кезінде алалаушылыққа
кездессе (жұмысқа қабылданарда, жұмыс процесінде т.с.с.), онда ол сотқа
шағынуға құқылы. Егер сот алалаушылыққа жол бермеу жөнінде шешім
қабылдайды. Сонымен қоса, сот кінәлі адамнан жапа шеккен адамның көрген
зиянын өндіріп алуды міндеттейді.
Жұмыскердің қандай құқықтары бар? Әрбір еңбек адамының құқықтары
төмендегідей. Еңбек жағдайы қауіпсіздік пен гигиена талабына сай болуы
керек. Бір түрлі еңбекке әр адам бір мөлшерде, тең еңбекақы алуы керек.
Еңбекақы мөлшері заң белгілеген мөлшерден кем болмауы тиіс, бұл жөнінде заң
еңбеккерді жұмыс берушіден қорғап отырады. Жұмыс уақытының ұзақтығы заңмен
бнлгілінеді, жұмыс беруші оны өз еркімен ұзарта алмайды. Жұмысшының демалыс
күндері, мейрам күндері, жыл сайынғы төлемелі еңбек демалысы кезінде
демалуға және мамандығын дайындауға және мамандығын көтеруге құқығы бар.
Жұмысшы еңбектегі міндетін орындаумен байланысты денсаулығына немесе еңбек
ету ұжданына, мүлкіне зиян келтірілсе, оны төлеуді талап етуге құқықты.
Егер жұмысшының еңбек құқығы бұзылса, онда ол сотқа дейін шағым етіп, өз
құқығын қорғай алады. Жұмысшының кәсіподақтар ұйымына мүше болуға құқығы
бар. Жұмыссыздықтан қорғануға, сондай-ақ жұмысынан айырылған кезде
әлеуметтік кепілдік алуға да құқықты.
Заңда белгіленгеніндей, азамат 16 жасқа толған соң еңбек келісімшартын
жасауға құқығы бар. Ал 15 жасқа толғандар еңбек келісімшартын ата-анасының
немесе қамқорлыққа алған кісінің келісімі бойынша, немесе өз алдына еңбек
етуге дайындала жүріп, бос уақытында оқу кезінде жасаса алады. Орта білім
алған жағдайда немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастаған жағдайда да
келісімшарт жасала береді. Сондай-ақ ата-анасының біреуінің келісімімен
(қамқоршысы, қорғаншысы) жеке еңбек шарты 14 жасқа толған оқушымен жасалына
береді. Жұмыс оқушының оқу процесіне, денсаулығына зиян келтірмейтін болуы
керек.
Қылмыс үшін жазалау. Жазалау дегеніміз жасаған қылмыс үшін
қылмыскердің жаза тартуы. Қылмыскер өзінің жасаған қылмысы үшін белгілі бір
жаза тартады, ол жазалардың түрлері, мысалы, жеке басының еркінен айырады,
азап шегеді. Мұндай жазалар қолданылмаса, қылмыскердің жаза тартуының мәні
болмас еді. Қылмыс жасаған адам азаматтардың құқығын сақтап, қалыпты өмір
сүру үшін жағдай жасап отырғандағы қоғаммен, мемлекет күшінің қандай
екендігін айқын сезінуі керек. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында
қылмыс жасағаны үшін кінәлі адамға төмендегідей жаза түрлері белгіленген:
Айып салу. Бұл – Қылмыстық кодексте көрсетілгендей, белгіленген
мөлшерде ақша өндіріп алу жазасы. Айыптың мөлшерін жасалған қылмыстың
ауырлығына және айып төлеушінің жағдайына қарай сот белгілейді.
Құқықтан айыру. Істеп жүрген қызметі құқығынан айырып, орнынан алу.
Белгілі бір өтеп жүрген қызметі құқығынан айыруды, белгілі бір мемлекеттік
қызметтен, жергілікті басқару органындағы, белгілі бір мамандықтағы қызметі
құқығынан айыруды немесе орнынан алуды сот шешеді.
Қоғамдық жұмысқа тарту. Сотталған адамды өзінің негізгі жұмысынан не
оқуынан тыс уақытта еңбекақысыз қоғамдық-пайдалы еңбекке тарту. Мұндай
жұмыс түрін жергілікті атқару органы белгілейді.
Еңбекпен түзету жұмысын сотталған адам сотта белгіленуіне қарай 2
айдан 2 жылға дейінгі мерзімде өзін апарған жұмыс орнында еңбек етіп
өтейді.
Бас бостандығын шектеу. Бұл сотталушыны арнайы орында қоғамнан
оңашаламай ұстайтын орын. Сырынан бақылау қойылады. Бас бостандығын шектеу
жасы кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, азаматтардың басқа да
белгілі топтарына қолданылмайды.
Тұтқындау. Бұл сотталушыны қоғамнан қатаң түрде оңашалау жағдайында 1-
6 ай мерзімде ұстау. Тұтқындау 16 жасқа толмағандарға қолданылмайды.
Әскери тәртіп бөлімінде ұстау. Бұл жаза әскери қызметке шақыру
бойынша мерзімді әскери қызметін өтеп жүргендерге әскери қылмыс жасағаны
үшін қолданылады.
Бас бостандығынан айыру. Сотталушыны қоғамнан оңашалау жолымен
колонияға жіберу- жалпы, қатаң, ерекше қатаң режимдегі түзету колониясының
орнына немесе абақтыға орналастыру. Сот үкімі бойынша бас бостандығынан
айырылған 18 жасқа толмаған сотталушы жалпы және күшейтілген режимдегі
тәрбиелеп түзету колониясына орналастырылады.
Өлім жазасы. Бұл ерекше ауыр: кісі өлтіру, мемлекеттік сатқындық
т.с.с. қылмысы үшін өте сирек қолданылатын ауыр жаза. Әйелдерге, 65 жасқа
толған ерлерге, 18 жасқа толмаған қылмыскерге бұл жаза қолданылмайды.
Дүние-мүлікті тәркілеу. Бұл-сотталушының дүние-мүлкін түгелдей немесе
белгілі бір бөлігін төлемсіз, мәжбүрлеу жолымен мемлекет меншігіне алу.
Заң бұдан басқа да жазалау түрлерін белгілейді.
Қылмысты, істі қарау және жазалау шараларын белгілеу кезінде сот
жазаны жеңілдету жайын да қарастырып отырады. Заң қылмыскердің кінәсін
жеңілдететін жағдайларды белгілейді. Оларға мыналар жатады:
1. Егер кінәлі адам істеген қылмысының артындағы зардабын өзі жойса.
Мұның мәнісі-кінәлі адам зиянды зардапты толық жойды немесе одан ауыр
зардапқа жол бермеді деген сөз. Мысалы, қылмыскер біреудің үйіне өрт
қояды да, дереу оны өзі сөндіріп, өртті әрі қарай өршітпейді. Кінәлі
адам келтірілген зиянды төлейді. Мысалы, кассир кассадан ақшаны алады,
бірақ артынан алған ақшасын кассаға қайтарып береді.
2. Егер адам ауыр отбасылық жағдайында, немесе жеке басының қасіреті
салдарынан, мысалы, жақын адамының ауыр науқасы, жұбайының ішіп кетуі,
материалдық жағдайының ауырлығы, тағы басқа тағдыр басқа салған
тауқымет салдарынан қылмысқа барса.
3. Егер қылмыс әлдекімнің қорқыту немесе мәжбүр етуі, басқадай
материалдық жағынан тәуелді етуі салдарынан жасалса. Мұндай жағдайда
адамның еркіне басқа біреудің қысым жасауы басты себепші болғаны. Егер
мұндай қысым болмаса, қылмыста жасалмаған болар еді.
4. Егер адам қылмысты жәбірленушінің шамасынан тыс әрекеті салдарынан
немесе қатты толқу, тебіреніс үстінде жасаса. Заңға қайшы келетін
әрекет-заңсыз әрекет. Мысалы, жәбірленуші біреуді қорласа, дүние-
мүлкін жойып, мазақ қылса.
5. Егер адам жасап алған қылмысына шын жүректен қатты өкінсе, сондай-ақ
өз кінәсін өзі айтып, мойындап келсе. Егер адам шын мәнінде өкінсе,
өзін-өзі кінәләса, онда кінәсін шынымен мойындағаны. Өкімет органына
жасалған қылмысын өз еркімен келіп хабарласа, онда кінәсін толық
мойындағаны.
6. Егер қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді ұстау, бұйрықты
орындау кезінде жасалса. Егер қылмыскерді ұстаған кезде оған орынсыз
зиян келтірсе, жауапқа тартылуға тура келеді. Адам қоғамдық мүддені
қорғау мақсатында, зиян келтірмеу мақсатында тәуекелге барса, оның
тәуеклі негізді, дәлелді болып саналады. Егер адам біле тұрып, зиянсыз
берілген бұйрықты орындамаса, онда ол жауапқа тартылмайды.
Көрсетілген жеңілдік шаралар толық тізілген жоқ. Сот басқа да
жеңілдетуге болатын жайларды қарастыруы мүмкін, мысалы, егде тартқан, алғаш
рет қылмысқа ұрынғандар т.с.с.
Қылмыс өте ауыр жағдайда жасалуы мүмкін. Ауыр жағдайдың тууының
өзінен-ақ қылмыскердің аса қауіпті екенін аңғаруға болады. Мұның өзі
қылмыстық әрекеттің тұтастай жасалу жағдайынан немесе қылмыстың кейбір
деталінен, ұсақ-түйек жайларынан – ақ аңғарылады. Мысалы, қылмыс жасалған
орынның да, оның қалай жасалуының да мәні бар. Сот жасалған қылмыстың ауыр
болуына қарап отырып та жазаны ауырлата алады. Бірақ, әрине, бәрі де заң
белгілеген мөлшерден ауытқымауы тиіс.
Қылмыстың жауапкершілігі ауырлытылатын жағдайлар төмендегідей:
1. Егерде қылмысты бұрын да қылмыс жасаған адам қайталап жасаса. Демек,
бұл фактінің өзі ондай адам құқық тәртібімен санасып та жатпайды, адам
тағдырына, мемлекет мүддесіне қалай болса солай, жауапсыз қарайды
дегенді білдіреді.
2. Егер қылмысты ұйымдасқан түрде бір топ адам жасаса. Жеке адамнан гөрі
бірлесіп, көп адам жасаған қылмыстық әрекет әлдеқайда қауіпті. Оның
үстіне бұлармен күресу де оңайға түспейді.
3. Егер қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз
жағдайында жасалса. Жас балаға 14 жасқа дейінгілер, ал қарттарға
зейнеткерлік жастағылар т.с.с. жатады. Дәрменсіз жағдайдағыларға,
мысалы, төсекте жатқан ауру, мас болып қалғандар немесе қол-аяғы кем
мүгедектер жатады.
4. Арты ауыр зардапқа әкеліп соғатын қылмыстар (адам өлімі, көп
мөлшердегі бағалы заттардың жойылуы т.с.с.)
5. Егер қылмысқа жас балаларды немесе психикалық жағынан ақыл-есі кем
адамдарды тартса.
6. Егер қылмыс ерекше қатыгездікпен немесе жәбірленушіні қорлау
(денесінің көптеген жеріне пышақ салу, ұрып-соғу) жолымен жасалса.
Қорлау дегеніміз- жәбірленушінің немесе өзі құрбанының сезіміне аяқ
асты қарау, ар-ұжданын аяққа таптау т.с.с.
7. Егер қылмыс табиғат апаты жағдайында – су тасқыны, жер сілкіну,өрт, үй
құлау, көшкін, авиация, теміржол, автомобиль апаииары кездерінде
жасалса.
8. Егер қылмыс қоршаған ортаға өте қауіпті жолмен жасалса. Мысалы,
террор, көп адам жиналған жерде оқ ату, жарылыс жасау, өртеу, су
қоймаларын уландыру т.б.
9. Егер қылмыс араққа, есірткіге мас болу жағдайында, уландырғыш
заттармен дәрі-дәрмектерді қолдана отырып жасалса. Кейбіреулер
қылмысты мас адам жасаса, ол жауаптан босатылады деп есептейді. Бұл
қате пікір. Адам қылмысқа бару үшін әдейі ішіп алуы да мүмкін. Бұл
жағдайды сот егжей-тегжейлі тексеруі тиіс.
10. Егер қылмыскер қылмыс жасау үстінде ерекше белсенділік көрсетсе.
11. Егер қылмыс ұлттық, нәсілдік, діни негізде, дұшпандық пиғылда,
біреуден кек алу, есе қайтару мақсатында, немесе заңды әрекеттерді
жасырып, басқа бір қылмысты жеңілдетем деген ішкі арам есеппен
жасалса.
12. Егер қылмыс біреудің кәсіби немесе қоғамдық қызметін пайдалану
мақсатымен сол адамның жақын туыстарына жасалса.
13. Егер қылмыс қаруды немесе оқ-дәріні, жарылғыш зат және басқа
техникалық қаруларды пайдалану арқылы, сондай-ақ күш жұмсау немесе
психикалық мәжбүрлеу жолымен жасалса
14. Егер қылмыс кәсіби сертін немесе берген антын бұза отырып жасалса
15. Егер қылмыс кінәлі адамға берілген сенімді пайдаланып, қызмет жағдайын
немесе келісімшартты пайдалана отырып жасалса
16. Егер қылмыс киім формасын немесе өкімет өкіліне берілген құжатты
пайдалана отырып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ
Құқық бұзушылық түсінігі, түрлері
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық жауаптылық негіздері
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы
Құқық бұзушылық және оның алдын-алу жолдары
Заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі
Пәндер