Республикасының құқықтық мемлекет ретіндегі қызметінің басты принципі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ЗАҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЗАҢНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1. 1 «Заң» ұғымының теориялық-методологиялық негізі

1. 2 Заңның түрлері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗАҢДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ, ЖҮЙЕЛЕНУ БЕЛГІЛЕРІ МЕН БӨЛІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Заң шығарушы түсінігі

2. 2 Заңдардың әр түрлі жүйелері жөнінде

2. 3 Заңдардың бөлінуі

2. 4 Заңдарды жүйелеу

ҚОРЫТЫНДЫ

Пайдаланылған әдебиеттер

3

5

5

6

18

18

23

25

26

29

32

КІРІСПЕ

Кез келген ғылыми проблеманың, қоғамдық құбылыстың мазмұнын жан-жақты, түбегейлі ашып көрсетудің бірден-бір әдісі оның - өткен жолын барынша таразылау болып табылады. Қазақстан халқы үшін, әсіресе сан ғасырлар бойы әр түрлі тарихи кезеңнің құқықтық жағдайын жетік зерттеудің ғылыми - танымдық маңызы ерекше. Бұл үшін, тарихи ақиқата көз жеткізу, қазіргі ұлттық мемлекетіміздің шынайы тәуелсіздікке бет бұрған кезде халқымыздың тарихи зердесін, танымын жаңартып, оның елдігін, ерлігін, тиімділігін паш ететін мұраларды зерттеу - азаматтық парыз.

Еліміздің конституциялық даму тенденциясын айқындағанда, әрине, халқымыздың демокротиялық құқықтық мемлекет құруға бет алған шақта, осының өзегі болып табылатын еліміздің тарихындағы, яғни егемендікке дейінгі конституциялар мен 1993 және 1995 жылдардағы Ата заңымызды елемей кетуге болмайды. Қайта олар біздің алға қойған мақсатымыздың маңыздылығын толықтыра түседі.

Соған орай, зерттеу жұмысының өзектілігі - заң және оның түрлерінің даму сатыларын баяндайтын Ата заңдарының логикалық үйлесімділігін талдау, осының негізінде заңдарымызды жетілдіру жолдары жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстарды енгізу болмақ. Және де әдебиеттерде, сирек кездесетін болса да, көңілге қонбайтын келеңсіз мәліметтердің мән жайын ашу болып табылады. .

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Еліміздің жүріп өткен қиын өткелдерін сараптайтын Ата заңдарының (Конституцияларының) сабақтастығын зерттеп, оның оң (жағымды), теріс (жағымсызұтымсыз) жақтарына баса назар аудару, адам құқығын, азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғау алдындағы тұрған күрделі міндеттерге және өзге де мәселелер төңірегіне ерекше көңіл бөлу зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Осы мақсатқа жетуде қазақ қоғамындағы өмірлік маңызды мәселерді қарастыру Қазақ елінің конституциялық дамуының проблемалары мен оның ұғым-категория аппаратын, құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын орнын, сондай-ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу алға қойылған мақсаттардың бірі болмақ. Әсіресе, тоталитарлық режимді жеңіп, құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде қалыптасып, бостандық, теңдік пен келісім идеялары негізінде азаматтық қоғам қалыптастырып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар жүргізіп, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды басынан кешіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде, соның ішінде Қазақстан жағдайында бұның өзектілігі арта түседі.

Зерттеудің практикалық маңызы. Курстық жұмыстағы нақты деректі материалдар заң тәжірибесінде, сондай-ақ, жоғары заң оқу орындарында оқытушылық қызметте, әсіресе конституциялық құқық пәні мен конституциялық құқық трихы бойынша дәрістер, арнаулы пәндерді оқыту мен арнайы сабақтар өткізу кезінде, аталған пән бойынша ғылыми жұмыспен айналысатындарға және қазақстандық құқық жүйесін жетілдірудің кейбір мәселесін талдап жасау барысында қолдануға болады. Жұмысты студенттер мен мектеп оқушыларының ғылыми-практикалық конференциясында арнайы баяндама ретінде пайдалану да жұмыстың практикалық маңызын арттырады.

Әдістемелік негізі. Курстық жұмыстың әдістемелік негізі болып құқық ғылымының жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістерімен тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқытық, статистикалық әдістер табылады.

Теориялық базасы. Ғылыми жұмысты жазуда конституциялық құқық ғылымы мен айналысатын төмендегі құқықтанушы ғалымдардың еңбектері негізге алынды: С. А. Тбанов, А. Ә. Оразова, Н. Өсеров, Ж. С. Әлдібеков, З, Ж. Кенжалиев, В. А. Ким, С. С. Сартаев, С. К. Амандықова, Ғ. Сапарғалиев Д. М. Баймаханова, А. А. Аманова, Т. Т. Сарсембекова, А. Е. Кожаков т. б. Сонымен қатар, бұл мәселені зерттеуде С. З. Зимановтың, М. Т. Баймахановтың, С. Н. Сәбікеновтың, М. Құл-Мұхаммедтің, Т. Ағдарбековтың, Қ. Қойгелдиевтың, Ө. Қ. Қопабаевтың, К. Н. Нұрпейісовтың, С. Өзбекұлының, Н. Өсеровтың және басқалардың еңбектері сүбелі үлес болып қосылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыстың мақсатымен міндеттері оның құрылымын айқындалады. Жұмыс төрт бөлімнен, парагрфтар мен қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЗАҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЗАҢНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1. 1 «Заң» ұғымының теориялық-методологиялық негізі

Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың "Атасы" - деуге болады. Заңның белгі -нышандары:

- заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;

- заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;

- заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге тиісті) ;

- заңды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;

- заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.

Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамтамасьп етіледі. Заң арқылы қоғамныц мудде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіие асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократияныц басқада талаптары қалыптасады.

Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы (49-6. 1-т. ) . Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.

Заңға тәуелді нормативтік актілер - бұл актілер төрт түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық, жергілікті, ведомстволық және мекемелік актілер. Жалпы қоғамдық актілер - мемлекеттік әкімшілік-территориясына толық заңды күші бар актілер (Президенттің жарлықтары, үкіметтің қаулылары) . Жергілікті басқару органының актілері - маслихаттың шешімдері, әкімдердің бұйрықтары. Ведомстволық актілер министрліктердің бұйрықтары, шешімдері, инструкциялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін актілер.

Сот билігінің актілері - Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік актілерінің және халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Соттың шешімдері, үкімдері, өзге қаулылары сондай-ақ олардың заңды өкімдері, талаптары, тапсырмалары мен басқа өтініштері Республикамыздың бүкіл аумағында барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

Сот төрелігінің қағидалары:

- адамдардың кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол қылмыскер емес деп есептеледі;

- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;

- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыптаушының пайдасына қарастырылады.

- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.

- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді (конституцияның 77-бабы) .

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - жалпы юрисдикция соттарының қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі мемлекеттегі сот билігінің жоғарғы органы. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот тәжірибесінің мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (прецеденттік түсінік береді) .

Конституциялық бақылау Қазақстан Республикасында Конституциялық Кеңестің құзыретінде. Ол маңызды демократиялық институттың бірі болып саналады, Конституцияның үстінен қарауды және оның тікелей ықпалын қамтамасыз етуді, азаматтардың жоғарғы деңгейдегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, биліктің бөлісу қағидаларын орындауды т. б. жауапты қызметтерді атқарады.

1. 2 Заңның түрлері

Заң дегеніміз, ең жоғары нормативтік күші бар акті. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары органы.

Заң термині әдебиетте екі мағынада қолданылады - «кең» және «тар» мағынасында.

«Кең» тұрғыдан алсақ, заңға нормативтік актілердін барлық түрлері: нақты заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар т. б. жатқызылады.

Ал, «тар» тұрғыдан қарайтын болсақ, заңда тек қана «заң», деп аталатын нормативтік-құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ, нормативті құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып есептеледі. Былайша айтсақ, «заң» - төрағасы сияқты, басқа нормативтік - құқықтық актілердің төрінен орын алатын акт. Оның себебі неде? Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғары заң шығаратын органы - Парламент шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі қатынастарды реттеуге бағытталады. Заң реттейтін қоғамдық қатынастардың бүкіл қоғамның мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, занның ең жоғары құқықтық күші бар Заңдар өз ішінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: Конституция, конституциялық заң, жай заң. Мұны ішінде ең жоғары құқықтық күші бары - Конституция. Мемлекеттегі барлық нормативті актілер Конституция негізінде, соған сәйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Конституциясы бойынша конституциялық заң Конституциядан құқықтық күші жағынан төмен тұрады. Сондықтан конституциялық заң деп аталса да, Конституцияға өзгерістер, қосымшалар енгізе алмайды. Конституциялық заң Конституцияға сәйкес жасалып, қабылданады. Құқықтық күшіне қарай конституциялық заңнан кейін жай заң тұрады.

Өзара құқықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған заңдар ең маңызды нормативті актілер болып саналады. Басқа нормативті актілер заңдарға тәуелді актілер қатарына жатады

Нормативтік-құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны болуы, айрықша қызмет атқаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға мүмкіндік береді.

«Құқықты қоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды» деген тұжырым - заңнан құқықты ажыратудың қажет екенінін белгісі. Құқықты қалыптастыратын қоғам. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық қалыптасуының объективтік барысын формалды заң шығару қызметімен шатастыруға болмайды. Құқықтың жасалуы - қоғамдық қатынастардың өздігінен шынайы қалыптасып, адамдардың және олардың бірлестіктерінің байланыстары әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен; белгілі көлемде жүріп отыруына байланысты. Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық - құқық қалыптасуының негізгі принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтың алғы шарты, оның тиімді болуының негізі - құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғұрлым құқықтың талаптарын (әділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса, соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады. Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға негіз бар. Біріншіден, құқықтық заң қоғамдық қатынастарды жөнге салып, реттеуге, дамытуға атсалысады, екіншіден, құқықтық заң әділдікті, адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық сипатқа ие болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың арақатынасын дұрыс анықтаудың зор адамгершілік маңызы бар. Сонымен қатар бұл мәселенің практикалық мәнін де естен шығармаған жөн. Заңның құқық талаптарына сай келуі оның сапасын көтереді. Демек, бұл жағдайды заң шығаратын орган ескеруі қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды Парламент енгізеді Мысалы, 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Қазақстан Республикасының Президентіне оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санынын үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы. Республика Президентінің заңдар жобаларын қорғаудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар Парламент Президент енгізген заң жобасын бір ай ішінде қарауға тиісті. Егер Парламент осы талапты орындамаса, онда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы. Мұндай Жарлық Конституция белгілеген тәртіппен Парламент жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады.

Нормативтік актілер жүйесінде президенттік биліктің актілері ерекше орын алады. Олар заңға негізделген актілер қатарына жатады және принципінде орындау-атқару сипатында болуы тиіс. Заң тұрғысынан алып қарағанда төтенше немесе соғыс жағдайларында ғана, онда да Конституцияның негізінде президенттің актілері күшімен заңдардың қолданылуы тоқтатыла тұруы немесе дәлдей түсу мақсатында заңдарға түзетулер енгізілуі мүмкін.

Ведомстволық актілер мен жергілікті органдар актілеріне қарағанда басым болып келетін Заң негізінде қабылданған нормативтік актілерге Үкіметтің қаулылары мен өкімдері жатады. Олардың құрамында бастапқы нормалардың болуы жиі кездеседі. Солай бола тұрса да, олар орындау-атқару актілері болуы жөн.

Жекелеген ведомстволардың заң негізінде өздерінін жасаған нормативтік актілері сол ведомство ішіндегі қатынастарды реттейді. Дегенмен, орталық ведомстволардың ішінара, кейбіріне, мысалы, темір жол қатынасы, ішкі істер министрліктеріне қатаң түрде шектеулі салаларда сыртқары әсері мен ықпалы бар актілер шығаруға құқықтар беріледі. Кейде заңмен кереғар болып келетін нормативтік актілердің қабылдануы да өмірде орын алып қалуы кездесіп отырады. Оларда тіпті азаматтардың құқығы мен мүдделеріне нұқсан келтірген жағдайлар кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайларда ахуалды жөндеу Конституциялық әділсот (правосудие) қабылдаған актілердің көмегімен түзетіледі.

Заң негізінде қабылданатын нормативтік актілерді жергілікті жерлерде мемлекеттік биліктің аумақтық органдары мен басқармалары немесе өзін-өзі басқарудың жергілікті органдары шығарады. Олардың ықпалы мен әрекеті сол өлке, облыс, қала, аудан, кент, ауыл аумағында тұратын адамдарды түгел қамтиды.

Локалдық норматавтік актілерді ұйымдар өздерінің ішкі істеріндегі мәселелерді шешу мақсатында шығарады Бұл актілердің ықпалдары мен әсерлері тек осы шектеулі ұжым мүшелері болып табылатын адамдарды ғана қамтиды. Локалдық нормативтік актілер, мысалы, еңбек тәртібіне, оларды ұйымдастыру мәселелеріне, ұжым бөлімдері араларындағы қарым-қатынастарды реттеуге қатысты шығарылады.

Қоғамды демократияландыра түсу жағдайларында және өзін-өзі басқарудың бастаулары тереңдетіліп әрі қарай өрбітілгенде санкцияланған нормативтік актілердің болып, олардың әрі қарай дамуы орын алуы мүмкін. Бұған мемлекеттің алдын-ала берген рұқсатымен немесе құзыретті мемлекеттік органның бекітуінен соң заңдық күшке ие болатын, қоғамдық бірлестіктер, еңбек ұжымдары, азаматтардың топтанып бас қосу жиындарында қабылдаған нормативтік актілері жатады, олардың локалдық та жергілікті де маңызы болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасында жаңа заң қабылданды, оның аты «Нормативтік құқықтық актілер туралы». Осы заңның қолдану саласы өте кең.

Заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың денгейіне сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.

Нормативтік құқықтық акт - мемлекеттіц құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті заңды нормалары болатын ресми құжат.

Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді.

Заң - ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акті, мұны заң шығарушы ең жоғарғы орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды.

Бұлардың жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен) анықталады:

1. Заңды мемлекеттік биліктің (яғни өкіметтің) заң қабылдаушы (өкілді) органдары немесе тікелей халыңтың өзі бүкілхалықтың сұрау салу (референдум) арқылы қабылдайды, заңның күші жойылады және өзгертіледі.

2. Заң айрықша түрде іс жүргізу тәртібі бойынша қабылданады.

3. Тәуелді нормативтік құқықтың актілердің бәрі заңдарға қайшы болмауы тиіс, егер де ондай қайшылықтар болса, бұл актінің орнына одан тікелей жоғары тұрған заң күшіне сүйене отырып әрекет етуге болады.

4. Заңда алғашқы негіз сипатындағы норма болады. Барлық басқа актілер заңдардан туындайды және олар заңдардағы нормаларды егжей-тегжейлі талдауы, нақтылауы тиіс.

5. Заң ең маңызды негізге алынатын қатынастарды реттейді.

Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.

Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негіздерін баянды етеді, ағымдық заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.

Бұларға Конституция, оған енетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.

Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтың актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардың заңдық тұғыры болып табылады.

Конституциялық заңдардың тізімі толық түрде Конституцияда анықталған.

Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялың заңдардың негізінде және соларды орындау мақсатында қабылданады. Ағымдық заңдар елдің экономикалық, саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.

Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер -мемлекеттің атқарушы - орындаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар заңдарды орындау мақсатында қабылданады.

Заңға негізделген актілерге жататындар:

- Президенттің жарлықтары;

- Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;

- Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (қағидалар), бұйрықтар және т. б. түріндегі нормативтік актілері;

- Жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;

- Жергілікті нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.

Қазақстан Республикасында нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палатарының нормативтік қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Констатуциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;

7) мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;

8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері;

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) арқылы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Ата заң қабылданған күн демалыс мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата заңды қабылдау әдісінің орасан зор маңызы бар. Өйткені, оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдады. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден (преамбуладан), ненгізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде, әдетте, Ата заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқытары мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққы алынатын негіздер көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының кіріспесі Ата заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттарын былай түсіндірген: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік, татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп қғына отырып, өазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата заңның бұл бөлігі саяси және идеологиялық тұрғыдан алғанда аса маңызды, өйткені, осыдан келіп, мемлекетіміздің мынандай неізгі мақсаты туындайды:

  1. Өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын, оған мемлекеттік кепілдіктерді айқындап, бекіту.
  2. Өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбітшілікті, ынтымақтастық пен тату қарым қатынастықтың әдістерін нақтыландырып бекіту.
  3. Байырғы қазақ жерінде мемлекеттік бірлікті сақтау.
  4. Республиканың егемендігін сақтап, ұстап тұру.
  5. Қазақстан Республикасының демократиялық негідерінің мызғымастығын бекіту. Мұның ұшқыны ретінде, республика қызметініғ түбегейлі принциптері де айқындалады. Олар:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру
Идеология және билік
Қазақстан Республикасының әкімшілік - іс жүргізу заңнамасы: жағдайы мен мәселелері
Сот билігі және әділ сот
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Парламенттің құзыреті
Қазақстан Республикасы Парламентінің жауапкершілігі
Адам құқы – ең жоғары құндылық. Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтың негіздері
Конституциялық құқықты интернационализациялау
Салықтық-құқықтық қатынастар субъектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz