Жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Заң - қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол
қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң
қоғамдағы барлық нормалардың "Атасы" - деуге болады. Заңның белгі
-нышандары:
- заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
- заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
- заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге
тиісті);
- заңды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;
- заң қоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.
Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, тәртіп қамтамасьп етіледі.
Заң арқылы қоғамныц мудде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіие
асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократияныц
басқада талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғарғы өкілді органы (49-6. 1-т.). Парламент аса маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заңға тәуелді нормативтік актілер - бұл актілер төрт түрге бөлінеді:
жалпы қоғамдық, жергілікті, ведомстволық және мекемелік актілер. Жалпы
қоғамдық актілер - мемлекеттік әкімшілік-территориясына толық заңды күші
бар актілер (Президенттің жарлықтары, үкіметтің қаулылары). Жергілікті
басқару органының актілері - маслихаттың шешімдері, әкімдердің бұйрықтары.
Ведомстволық актілер министрліктердің бұйрықтары, шешімдері,
инструкциялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін
актілер.
Сот билігінің актілері - Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге
асыруға арналған. Сот билігі Республикамыздың нормативтік актілерінің және
халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға
қолданылады. Сот билігі сот ісін жүргізудің азаматтық қылмыстық және заңмен
белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Соттың шешімдері,
үкімдері, өзге қаулылары сондай-ақ олардың заңды өкімдері, талаптары,
тапсырмалары мен басқа өтініштері Республикамыздың бүкіл аумағында барлық
мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың
орындауы үшін міндетті болып табылады.
Сот төрелігінің қағидалары:
- адамдардың кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен
танылғанша ол қылмыскер емес деп есептеледі;
- бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
- айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;
- адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыптаушының
пайдасына қарастырылады.
- заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.
- қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді
(конституцияның 77-бабы).
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - жалпы юрисдикция соттарының
қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі
мемлекеттегі сот билігінің жоғарғы органы. Заңда көзделген іс жүргізу
нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот тәжірибесінің
мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (прецеденттік түсінік
береді).
Конституциялық бақылау Қазақстан Республикасында Конституциялық
Кеңестің құзыретінде. Ол маңызды демократиялық институттың бірі болып
саналады, Конституцияның үстінен қарауды және оның тікелей ықпалын
қамтамасыз етуді, азаматтардың жоғарғы деңгейдегі құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды, биліктің бөлісу қағидаларын орындауды т.б. жауапты
қызметтерді атқарады.

Заң дегеніміз, ең жоғары нормативтік күші бар акті. Қазақстан
Республикасының Конституциясы бойынша Парламент — заң шығару қызметін
жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары органы.
Заң термині әдебиетте екі мағынада қолданылады — кең және тар
мағынасында.
Кең тұрғыдан алсақ, заңға нормативтік актілердін барлық түрлері:
нақты заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар,
ережелер, жарғылар т.б. жатқызылады.
Ал, тар тұрғыдан қарайтын болсақ, заңда тек қана заң, деп
аталатын нормативтік-құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын
болсақ, нормативті құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше
қызмет атқаратын акт болып есептеледі. Былайша айтсақ, заң — төрағасы
сияқты, басқа нормативтік – құқықтық актілердің төрінен орын алатын акт.
Оның себебі неде? Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғары заң шығаратын
органы — Парламент шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі
қатынастарды реттеуге бағытталады. Заң реттейтін қоғамдық қатынастардың
бүкіл қоғамның мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, занның ең жоғары құқықтық
күші бар Заңдар өз ішінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:
Конституция, конституциялық заң, жай заң. Мұны ішінде ең жоғары құқықтық
күші бары — Конституция. Мемлекеттегі барлық нормативті актілер Конституция
негізінде, соған сәйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Конституциясы
бойынша конституциялық заң Конституциядан құқықтық күші жағынан төмен
тұрады. Сондықтан конституциялық заң деп аталса да, Конституцияға
өзгерістер, қосымшалар енгізе алмайды. Конституциялық заң Конституцияға
сәйкес жасалып, қабылданады. Құқықтық күшіне қарай конституциялық заңнан
кейін жай заң тұрады.
Өзара құқықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған заңдар ең маңызды
нормативті актілер болып саналады. Басқа нормативті актілер заңдарға
тәуелді актілер қатарына жатады
Нормативтік-құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны
болуы, айрықша қызмет атқаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға
мүмкіндік береді.
Құқықты қоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды деген тұжырым —
заңнан құқықты ажыратудың қажет екенінін белгісі. Құқықты қалыптастыратын
қоғам. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық
қалыптасуының объективтік барысын формалды заң шығару қызметімен
шатастыруға болмайды. Құқықтың жасалуы — қоғамдық қатынастардың өздігінен
шынайы қалыптасып, адамдардың және олардың бірлестіктерінің байланыстары
әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен; белгілі көлемде жүріп отыруына
байланысты. Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық — құқық қалыптасуының негізгі
принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтың алғы шарты, оның
тиімді болуының негізі — құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғұрлым
құқықтың талаптарын (әділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса,
соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады. Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға
негіз бар. Біріншіден, құқықтық заң қоғамдық қатынастарды жөнге салып,
реттеуге, дамытуға атсалысады, екіншіден, құқықтық заң әділдікті,
адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп,
халықтық сипатқа ие болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың
арақатынасын дұрыс анықтаудың зор адамгершілік маңызы бар. Сонымен қатар
бұл мәселенің практикалық мәнін де естен шығармаған жөн. Заңның құқық
талаптарына сай келуі оның сапасын көтереді. Демек, бұл жағдайды заң
шығаратын орган ескеруі қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы
бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды Парламент енгізеді
Мысалы, 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президентіне оның бастамасы бойынша әр
Палата депутаттары жалпы санынын үштен екісінің дауысымен бір жылдан
аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы. Республика
Президентінің заңдар жобаларын қорғаудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ
осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар Парламент Президент
енгізген заң жобасын бір ай ішінде қарауға тиісті. Егер Парламент осы
талапты орындамаса, онда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы.
Мұндай Жарлық Конституция белгілеген тәртіппен Парламент жаңа заң
қабылдағанға дейін қолданылады.
Нормативтік актілер жүйесінде президенттік биліктің актілері ерекше
орын алады. Олар заңға негізделген актілер қатарына жатады және принципінде
орындау-атқару сипатында болуы тиіс. Заң тұрғысынан алып қарағанда төтенше
немесе соғыс жағдайларында ғана, онда да Конституцияның негізінде
президенттің актілері күшімен заңдардың қолданылуы тоқтатыла тұруы немесе
дәлдей түсу мақсатында заңдарға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Ведомстволық актілер мен жергілікті органдар актілеріне қарағанда
басым болып келетін Заң негізінде қабылданған нормативтік актілерге
Үкіметтің қаулылары мен өкімдері жатады. Олардың құрамында бастапқы
нормалардың болуы жиі кездеседі. Солай бола тұрса да, олар орындау-атқару
актілері болуы жөн.
Жекелеген ведомстволардың заң негізінде өздерінін жасаған
нормативтік актілері сол ведомство ішіндегі қатынастарды реттейді.
Дегенмен, орталық ведомстволардың ішінара, кейбіріне, мысалы, темір жол
қатынасы, ішкі істер министрліктеріне қатаң түрде шектеулі салаларда
сыртқары әсері мен ықпалы бар актілер шығаруға құқықтар беріледі. Кейде
заңмен кереғар болып келетін нормативтік актілердің қабылдануы да өмірде
орын алып қалуы кездесіп отырады. Оларда тіпті азаматтардың құқығы мен
мүдделеріне нұқсан келтірген жағдайлар кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайларда
ахуалды жөндеу Конституциялық әділсот (правосудие) қабылдаған актілердің
көмегімен түзетіледі.
Заң негізінде қабылданатын нормативтік актілерді жергілікті жерлерде
мемлекеттік биліктің аумақтық органдары мен басқармалары немесе өзін-өзі
басқарудың жергілікті органдары шығарады. Олардың ықпалы мен әрекеті сол
өлке, облыс, қала, аудан, кент, ауыл аумағында тұратын адамдарды түгел
қамтиды.
Локалдық норматавтік актілерді ұйымдар өздерінің ішкі істеріндегі
мәселелерді шешу мақсатында шығарады Бұл актілердің ықпалдары мен әсерлері
тек осы шектеулі ұжым мүшелері болып табылатын адамдарды ғана қамтиды.
Локалдық нормативтік актілер, мысалы, еңбек тәртібіне, оларды ұйымдастыру
мәселелеріне, ұжым бөлімдері араларындағы қарым-қатынастарды реттеуге
қатысты шығарылады.
Қоғамды демократияландыра түсу жағдайларында және өзін-өзі
басқарудың бастаулары тереңдетіліп әрі қарай өрбітілгенде санкцияланған
нормативтік актілердің болып, олардың әрі қарай дамуы орын алуы мүмкін.
Бұған мемлекеттің алдын-ала берген рұқсатымен немесе құзыретті мемлекеттік
органның бекітуінен соң заңдық күшке ие болатын, қоғамдық бірлестіктер,
еңбек ұжымдары, азаматтардың топтанып бас қосу жиындарында қабылдаған
нормативтік актілері жатады, олардың локалдық та жергілікті де маңызы болуы
мүмкін.
Қазақстан Республикасында жаңа заң қабылданды, оның аты Нормативтік
құқықтық актілер туралы. Осы заңның қолдану саласы өте кең.
Заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен
қабылдау, күшіне енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату
немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшеліктері олардың денгейіне
сәйкес, нормативтік құқықтық актілер қабылдайтын мемлекеттік органдардың
қызметін реттейтін заң актілерімен, осы органдардың құқықтық мәртебесін
айқындайтын актілермен, соның ішінде олар туралы ережелермен және олардың
регламенттерімен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
Нормативтік құқықтық акт - мемлекеттіц құзырлы органдары қабылдаған,
жалпыға бірдей міндетті заңды нормалары болатын ресми құжат.
Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және
заңға негізделген актілер деп бөлінеді.
Заң - ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акті, мұны заң
шығарушы ең жоғарғы орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды.
Бұлардың жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен)
анықталады:
1. Заңды мемлекеттік биліктің (яғни өкіметтің) заң қабылдаушы
(өкілді) органдары немесе тікелей халыңтың өзі бүкілхалықтың сұрау салу
(референдум) арқылы қабылдайды, заңның күші жойылады және өзгертіледі.
2. Заң айрықша түрде іс жүргізу тәртібі бойынша қабылданады.
3. Тәуелді нормативтік құқықтың актілердің бәрі заңдарға қайшы
болмауы тиіс, егер де ондай қайшылықтар болса, бұл актінің орнына одан
тікелей жоғары тұрған заң күшіне сүйене отырып әрекет етуге болады.
4. Заңда алғашқы негіз сипатындағы норма болады. Барлық басқа
актілер заңдардан туындайды және олар заңдардағы нормаларды егжей-тегжейлі
талдауы, нақтылауы тиіс.
5. Заң ең маңызды негізге алынатын қатынастарды реттейді.
Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.
Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың
негіздерін баянды етеді, ағымдық заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.
Бұларға Конституция, оған енетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-
ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.
Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтың
актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардың заңдық тұғыры болып
табылады.
Конституциялық заңдардың тізімі толық түрде Конституцияда
анықталған.
Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялың заңдардың негізінде және
соларды орындау мақсатында қабылданады. Ағымдық заңдар елдің экономикалық,
саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер -мемлекеттің атқарушы
- орындаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар
заңдарды орындау мақсатында қабылданады.
Заңға негізделген актілерге жататындар:
- Президенттің жарлықтары;
- Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
- Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер
жиынтығы (қағидалар), бұйрықтар және т.б. түріндегі нормативтік актілері;
- Жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;
- Жергілікті нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен
мекемелердің актілері.
Қазақстан Республикасында нормативтік құқықтық актілердің негізгі
түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар
жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік
құқықтық жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палатарының
нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Констатуциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының
және Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының нормативтік
қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық
мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7) мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық
мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗАҢДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Ғылыми негізінде талдау жасап қарасақ Қазақстан Республикасында заңның 10
түрі бар екені айқындалды.
1. Конституция — мемлекеттің құқықтық жүйесінде ең жоғарғы күші бар,
референдум арқылы, немесе парламентте қабылданатын құрылтайлық дәрежеге ие
негізгі заңы.
Конституцияға мынандай ерекшеліктер тән:
а) Конституция - тікелей қолданылатын құжат. Барлық мемлекеттік органдар
мен азаматтар Конституциялық нормаларды қоғамдық қатынастарды реттеуде
пайдаланады.
б) Конституцияның ең жоғары күші бар, мемлекетте қабылданатын барлық
нормативтік құқықтық кесімдер соған сәйкес қабылданады және қайшы болған
жағдайда Конституция іс жүзіне асырылуы тиіс.
в) Конституция мемлекеттегі конституциялық құрылым, адам құқықтары мен
бостандықтары, биліктің тармақ жүйелері сияқты ең негізгі қоғамдық
қатынастарды реттейді.
2. Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары — Конституцияда
белгіленген, маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу үшін қабылданған заңдар.
Конституциялық заңдарды қабылдау. Негізгі заңның 62-бабының 4-тармағы, 53-
баптың 1-тармағы, 9-бап, 49-баптың 4-тармағы, 64-баптың 4-тармағы, 71-
баптың 6-тармағы, 75-баптың 4-тармағы, 92-баптың 1-тарма-ғында көрсетілген.
3. Қазақстан Республикасы Парламентінің заңдары - Кон-ституция сатысынан
кейін ең жоғары күші бар, ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу
мақсатында қабылданған акт. (62-баптың 1-тармағы)
4. Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституцияға өзгертулер мен
толықтырулар енгізетін заңдары. (53-бап, 1-тармақ, 91-бап, 1-тармақ)
5. Қазақстан Республикасы Парламентінің Конституциялық заңдарға өзгертулер
мен толықтырулар енгізетін заңдары. (53-бап, 1-тармақ).
6. Республикалық референдумда қабылданған заңдар (1-бап-тың 2-тармағы, 3
баптың 2-тармағы, 91 баптың 1-тармағы).
7. Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары (53-бап-тың 4-тармағы, 45-
баптың 2-тармағы).
8. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар
жарлықтары.
9. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары (45-баптың
2-тармағы, 61-баптың 2-тармағы).
10. Үкімет заңдары. (61-баптың, 7-тармағы).

Қоғамдық келісім арқылы Саяси организмге тіршілік пен өмір бердік:
ендігі әңгіме оны заңның көмегімен қозғалысқа келтіру және оған ерік беруі
туралы болып отыр. Себебі, бұл организмнің құрылуы мен біртұтас болуын
қамтамасыз еткен бастапқы акт, оның өзін сақтап қалу үшін не істеу керек
екенінен ештеңені анықтай алмайды.
Игілікті және тәртіпке сәйкес нәрсе заттардың табиғатынан солай
болып табылады, ол адамдар арасындағы келісімге тәуелді емес. Кез келген
әділеттілік Құдайдан, Ол бір өзі ғана — оның қайнар көзі; бірақ біз оны
осыншама биіктен ала алатын болсақ, онда бізді үкіметке де, заңдарға да
деген мұқтаждық болмаған болар еді әрине ақыл-парасаттан туындайтын жалпыға
ортақ әділеттілік бар, бірақ бұл әділіттілікті біз қабылдау үшін, ол екі
жақты болуы керек. Егер заттарды адами көзқарас тұрғысынан қарастырсақ,
табиғи тыйым салу жоқ кезде әділеттілік заңдары адамдар арасында әлсіз;
олар тек қиянатшылдарға ғана игілік және ізгіліктіге — бақытсыздық әкеледі,
егер мына соңғысы барлық адамдармен қарым-қатынаста оларды сақтаса, ал
бірақ ешкім онымен қарым-қатынастарда оларды сақтамайды. Яғни құқықтар мен
міндеттерді біріктіретін және әділеттілікті оның пәніне қайтаратын
келісімдер мен заңдар қажет. Барлығы табиғи жағдайда ортақ болған, мен өзім
уәде бергендердің ешқайсысына ештеңеге міндетті емеспін; мен маған керек
еместі ғана бөтен деп мойындаймын. Барлық құқық Заңмен белгіленген
азаматтық жағдайда тіпті бұлай емес.
Сонымен, жеме-жемге келгенде, Заң деген өзі? Адамдар бұл сөздің
мағынасына метафизикалық түсініктерді тықпалауын қоймайынша, біз өз
пайымдауларымызда бұрынғысынша бір-бірімізді түсінбейміз; және тіпті бізге
табиғат заңы не дегенді түсіндірсе де, бұл осының көмегімен біз мемлекет
заңы деген не екенін жақсы түсінеміз деген сөз емес.
Жалпы ерік жеке зат жөнінде пікір білдіре алмайтынын мен айттым.
Шындығында бұл жеке зат мемлекетте немесе одан тыс тұр. Егер ол мемлекеттен
тыс болмаса, оған жат ерік оған қатысты жалпы болмайды; ал егер ол
Мемлекетте болса, ол Мемлекеттің бөлігін құрайды: онда тұтас пен бөліктің
арасында оларды екі бөлек нәрсеге айландыратын қарым-қатынас орнайды, бірі
- бөлік, бөліксіз тұтастық – басқасы. Бірақ тұтастықтан алып тасталған
бөлік тіпті де тұтастық емес; осындай қарым-қатынас болып тұрған кезде
тұтастық жоқ, тек екі тең емес бөліктер ғана бар: бұдан шығатыны —
біреуінің еркі басқасына қатысты тіпті де жалпы емес.
Бірақ бүкіл халық, барлық халыққа қатысты шешім шығарған кезде, ол
өзін ғана қарастырады және егер сонда қарым-қатынас құрылса, онда бұл
көзқарас тұрғысынан қарастырылған біртұтас нәрсеге қатынасы — осы
тұтастықты ешбір бөлмейді. Сонда үкім шығарылып тұрған мәселенің мәні осы
үкім шығарып тұрған ерік сияқты жалпы сипатқа ие болады, тап осы актіні мен
заң деп атаймыз.
Заңдардың пәні әрқашан жалпы сипатта болады дегенмен заң азаматтарды
тұрақтылық ретінде, ал іс-әрекеттерді жалпы түрде қарастырады деп, бірақ
адамды ешқашан индивидуум немесе жеке амал ретінде қарастырмайды деп
түсінемін. Осылайша заң артықшылықтардың болатынын тағайындай алады, бірақ
ол ешқандай да белгілі тұлғаға оларды бере алмайды; Заң азаматтардың
бірнеше таптарын құруы мүмкін, тіпті осы таптардың әрқайсысына жату құқын
беретін қасиеттерді де тағайындауы мүмкін; бірақ ол нақты осы таптардың
біріне немесе басқасына мынадай және мынадай тұлғалар кіреді деп көрсете
алмайды; ол корольдік Басқаруды тағайындауы және тәжді мұраға қалатын етуі
мүмкін; бірақ ол корольді сайлай да, белгілі бір отбасын патшалық құрушы
деп жариялай да алмайды, — бір сөзбен айқанда, объектісі жеке сипаты
болатын кез келген әрекет заң шығарушы билікке жатпайды.
Осыны анықтағаннан кейін біз мына нәрселер туралы сұрақтың артық
екенін түсінеміз: кім заңдарды жасауы керек, себебі олардың мәні жалпы
еріктің актілері; және билеуші заңнан жоғары тұруға бола ма, себебі, ол
Мемлекеттің мүшесі; және қалайша азат болуға және заңдарға бағынуға болады,
себебі, олар біздің білдірілген ниеттеріміздің жазбалары ғана.
Еріктің жалпы сипаты мен оның затының сипаты заңда үйлесімді болуы
керек болса, онда қандай да бір жеке адам өз билігімен жасайтын барлық
нұсқауларының, ол кім болса да, ешқандай да заңдар болып табылмайтыны
байқалады. Тіпті суверен жеке жағдай бойынша бұйырған нәрсе де - заң емес,
декрет; және суверенитет актісі емес, магистратура актісі.
Сонымен мен заңдар арқылы басқарылатын кез келген Мемлекетті
Республика деп атаймыз, олардағы басқару салтының қандай екеніне
қарамастан; себебі сонда ғана ортақ мүдде Мемлекетті билейді және ортақ
игілік бірдеңені білдіреді. Кез келген Басқару заңдар арқылы республикалық
болады: Басқарудын не екенін мен төменде түсіндірдім.
Шын мәнінде заңдар азаматтық ассоциацияның алғышарттары ғана.
Заңдарға бағынатын халық оның жасаушысы болуы тиіс: ассоциацияға
кіргендерге ғана ортақ өмір сүру шарттарын анықтауға рұқсат етілген. Бірақ
олар оны қалай анықтайды? Оны ортақ келісіммен, кенеттен пайда болған
шабыттың ізімен жасай ма? Саяси организмде оның еркін білдіретін орган бар
ма? Оның еркінің көріністерінің актілерге айналдыруға және оларды халықка
ертерек жариялауға қажеттілікті алдын ала көре білуді кім береді? Керек
кезде ол оларды басқаша жария етеді? Көбіне өзінің не қалайтынын білмейтін,
себебі өзіне не пайдалы екенін сирек ұғынатын көрсоқыр тобыр осыншама ұлы,
осыншама қиын іс — заңдар жүйесін жасауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік құқықтық актілер
Құқықтың қайнар көздері. Нормативтi құқықтық актiлер.
Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны
Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану
Нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу
Нормативтік шарттар
Құқық нысанының түсінігі
Заңға бағынышты нормативтік актілер
Баскарудың құқықтық актілерінің түрлері
Құқық нысаны құрылымдағы нормативтік құқықтық актілер
Пәндер