Несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы


Жоспар
КІРІСПЕ
1 Зайымдар мен несиелер бойынша жалпы түсінік және оларды теориялық негіздері
1. 1 Зайымдар мен несиелер экономикалық категория ретінде және олардың ұйым қызметіндегі орны
1. 2 Зайымдар мен несиелдерді құжаттау тәртібі және олардың нормативтік реттелуі
2 Зайымдар бойынша шығындар есебі
2. 1 Зайымдар бойынша шығындар есебінің әдістері
2. 2 Зайымдар бойынша шығындардың синтетикалық және талдамалық есебі
2. 3 Зайымдар бойынша шығындар есебін жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
12
17
17
20
24
26
28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі . Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты зайымдар бойынша шығындар сол активтің құнының бөлігін құрайды. Басқа зайымдар бойынша шығындар шығыс ретінде танылады.
Зайымдар бойынша шығындар - ұйым зайым қаражатын алуға байланысты жұмсаған пайыздық жəне басқа шығыстар.
Белгілі бір талаптарға сай келетін актив - болжалды пайдалануға немесе сату үшін əзірлеу елеулі уақытты қажет ететін актив.
Зайымдар бойынша шығындар болуы мүкін:
- Қаржылық құралдар: тану жəне бағалау (IAS) ХҚЕС-та сипатталған тиімді пайыздық мөлшерлеме тəсілін қолданып есептелген пайыз бойынша шығындар [1] ;
- 17 Жалдау (IAS) ХҚЕС-қа сəйкес танылған қаржылық жалдауға қатысты кредиттің толық құны; жəне
- шетелдік валютадағы зайымдардан пайыз шығындарына түзетулер деп саналатын дəрежеде туындайтын бағамдық айырмашылықтар пайыздар төлеу жөніндегі шығындар.
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, срндай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін зайым немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі - несие болып саналады. Несие дегеніміз - бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте пайыз төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.
Шаруашылық субъектісі банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтару мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, несие пайызы ставкаларымен және басқадай талаптарымен танысып алдын ала шешіп алуы қажет. Банк мекемелері әдетте несие сұраушы субъектінің өтем қабілеттілігімен өтемпаздығын мұқият тексереді.
Курстық жұмыстың мақсаты - зайымдар бойынша шығыстар есебін талдау. Тақырыпты ашу үшін алға келесідей міндеттер қойылады:
- зайымдарды экономикалық категория ретінде анықтау;
- зайым түсінігі және мәнін түсіндіру;
- зайым түрлерін жіктеу;
- зайымдар бойынша шығындар есебін қарастыру;
- зайымдар бойынша шығындарды оңтайландыру жолдарын анықтау;
Курстық жұмыс құрылымы . Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде зайымдарды экономикалық категория ретінде анықтау теориялық тұрғыдан зерттелініп, түсінігі, түрлері мен тану және бағалау ерекшеліктері қарастырылды. Екінші бөлімде зайымдар бойынша шығындар есеп айырысулар ерекшілігі қарастырылды, сондайқ-ақ зайымдар бойынша шығындар есебіне талдау жасалынып, кәсіпорын қызметінінің тиімділігін арттыру бойынша жұмыс жасалынады. Қорытындыда негізгі нәтижелер туралы жазылады.
Тақырыпты зерттеу барысында заң актілері, нормативтік құжаттар, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ережесі, Ұлттық қаржылық есеп стандарттары мен Халықаралық қаржылық есеп стандарты, отандық және ресей ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
1 Зайымдар мен несиелер бойынша жалпы түсінік және оларды теориялық негіздері
1. 1 Зайымдар мен несиелер экономикалық категория ретінде және олардың ұйым қызметіндегі орны
Қаражат белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін арнайы қарызға алынған шектерде зайымдар бойынша шығындардың сол активке капиталдандыру үшін рұқсат етілген сомасы осы зайым бойынша кезең ішінде жұмсалған нақты шығындар ретінде, осы зайым қаражатын қысқа мерзімді инвестициялаудан түсетін кез келген инвестициялық табысты шегере анықталуға тиіс [2] .
Белгілі бір талаптарға сай келетін активті қаржыландыру жөніндегі уағдаластықтар ұйымның зайым қаражатын алуына жəне сол қаражаттың бір бөлігі немесе ол түгелдей сол активке жұмсалатын шығын ретінде пайдаланылудан бұрын зайымдар бойынша оған байланысты шығындардың пайда болуына əкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қаражатты ол жұмсалғанға дейін белгілі бір талаптарға сай келетін активке уақытша инвестициялауға болады. Кезең ішінде капиталдандыру үшін рұқсат етілген зайымдар бойынша шығындар сомасын анықтау кезінде сондай қаражат бойынша алынған кез келген табыс зайымдар бойынша шеккен шығындар сомасынан шегеріледі.
Қаражат жалпы мақсаттарда қарызға алынған жəне белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін пайдаланылған шектерде зайымдар бойынша капиталдандыру үшін рұқсат етілген сома сол активке шығындарға капиталдандыру мөлшерлемесін қолдану жолымен анықталуға тиіс. Капиталдандыру мөлшерлемесі зайымдар бойынша шығындардың ұйымның кезең ішінде өтелмей қалған зайымдарына, белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін арнайы алынған зайымдардан басқасына қатысты өлшенген орташа мəні болуға тиіс. Кезең ішінде капиталдандырылған зайымдар бойынша шығындар сомасы зайымдар бойынша сол кезең ішінде жұмсалған шығындар сомасынан аспауға тиіс.
Кейбір жағдайларда зайымдар бойынша шығындардың өлшенген орташа мəнін есептеу кезінде бас ұйым мен еншілес ұйымдардың барлық зайымдарын қосқан жөн; басқа жағдайларда əрбір еншілес ұйым үшін зайымдар бойынша шығындардың өлшенген орташа мəнін оның өз зайымдарына қатысты пайдалану дұрыс болады.
Белгілі бір талаптарға сай келетін активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны немесе болжамды түпкілікті құны өтелетін сомадан немесе сатудың ықтимал таза бағасынан асып кетсе, қаржылық жағдай туралы есептік құн басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сəйкес ішінара немесе толық есептен шығарылады. Белгілі бір жағдайларда ішінара немесе толық есептен шығару мөлшері сол Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сəйкес қалпына келтіріледі.
Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.
Зайымның объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А - Т - Ө - Т 1 - А 1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде - дайын өнім жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы ғана емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.
Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады [3] .
Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшадай болуын талап етеді.
Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықта болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры және т. б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді.
Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында ттуындаған қарам-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын зайымның жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.
Зайымның мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары - несие беруші мен қарызға алушы - экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек.
Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан - оны алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымынан туындайтын несиеге қажеттілік зайымның объективті жүзеге асыун төлем қаражаттарын құру және жаңа бекітілген құнды қайта бөлу процесінде оның роліне жеке назар аудармай, оны толық дәрежеде анықтамайды. Ақша эмиссиясының процесі формаға тәуелді емес.
Түрліше несие қарым-қатынастарындағы зайымның мән-маңызы сол немесе бапсқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен анықталады.
Құндық қатынастың ерекше формасы сияқты зайымның пайда болуы шаруашылық жүргізуші бір субъектіден босаған құн шаруашылық мәміледе қолданысқа түсетін, бірақ ьір уақыттарда жаңа қайта өндіру цикліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттілігі туып отырған басқа субъектіге өтеді және қайта өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірақ, несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік иелері сияқты бір-біріне қарсы тұра алатын тауар иеленушілер арасындағы айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан-қолға өткізу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелік қатынастардан туындаған экономикалық жеміс [4, 113] .
Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады. Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.
Сонымен, несинің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі:
- Жеке таура өндірушілердің өндірістік қорлар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
- Несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
- Несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы.
Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушыладың арасындағы қарым-қатынасты білдіреді.
Оның көмегімен мемлекеттің, халықтардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.
Зайымның мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:
- несие мәмілесі тұтасымен алғанда зайымның мәнін ашуы керек. Егер біп мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтанынын білдіреді;
- зайымның мәнін талдауда зайымның құрылымын, қозғалыс сатыларын, зайымның негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады.
Несие беруші - несиелік мәміленің зайым ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттары шоғырландырып, оларды қарызға алушыларға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - зайым алушы болып көрінеді.
Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпрындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді. Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер болуы мүмкін [5, 72] .
Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар, оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғарғы пайыздық несие бергісі келсе, зайым алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мұддесі болады. Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзөіндік өтелмеген құны - несиеленген құн болып табылады.
Сызба 1 - Зайымның құрылымы.
Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.
Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиелеген құны ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса, зайымның қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.
Зайымның құрастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтерінің бірлігін божайды.
Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:
Но - Қан - Нп . . . - Рб . . . - Нқ . . . - Бқ,
мұндағы: Но - несие орналастыру;
Қан - қарызға алушының несиені алуы;
Нп - зайымның пайдаланылуы;
Рб - ресурстарды босату;
Нқ - зайымның қайтарылуы;
Бқ - банктің аталмыш қарызды алуы.
Несиеленген құнды орналастыру (зайымның ұсынылуы) Он - несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы (аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаоажаттар себепкер болады. Несие беруші зайым алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төйлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.
Несие алу зайым алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оның белгілі бір уақытқа ғана береді [6, 83] .
Несиені пайдалану қарых алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге зайымның қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы зайым алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру маүддесінде құнның пайдалану процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.
Несиеніің қайтарылуы уақытша пайдаланылған құнның зайым алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Зайым алушының шаруашылығында белгілі бірауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.
Уақытша пайдаланылғаннан кейін құнды несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша зайымның қайтарылуы және несие берушінің алған қаражаты Қан сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.
Осы қарастырылған кезеңдер несиеленген құнның толық айналымының бір бөлігі болып саналатын зайымның қозғалысын көруге болады, ол тек несиеге ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие беруші зайым алушыға құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн.
Зайымның мәнін табу оның негізін ашады, яғни несиелік қатынастар туындайтын базада қарастыруды ұйғарады. Зайымның мәнін ашып көрсететін, зайымның негізін құрайтын база неден тұрады? Ол несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Несие ақшасын жарату, алу және оны пайдалану - қайтарып негізінде жүзеге асады. Несиленген құнның қайтарылуы кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық - несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.
Зайымның қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар зайым алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Зайымның қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен зайым алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде зайымның қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерже ол алынған зайымның бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар зайымның тұтастығын көрсетеді.
Зайымның әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.
Банкке, несие берушіге зайым алушының несиені қайтаруы соңғысына кез келген сәтте өзіне несие берушілерге талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Зайымның қайтарылуы қосарлы қайтарылуы сияқты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz