Несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты займдар бойынша шығындар сол активтің құнының бөлігін құрайды. Басқа займдар бойынша шығындар шығыс ретінде танылады.

Займдар бойынша шығындар - ұйым займ қаражатын алуға байланысты жұмсаған пайыздық жəне басқа шығыстар.

Белгілі бір талаптарға сай келетін актив - болжалды пайдалануға немесе сату үшін əзірлеу елеулі уақытты қажет ететін актив.

Займдар бойынша шығындар болуы мүкін:

- Қаржылық құралдар: тану жəне бағалау (IAS) ХҚЕС-та сипатталған тиімді пайыздық мөлшерлеме тəсілін қолданып есептелген пайыз бойынша шығындар;

- 17 Жалдау (IAS) ХҚЕС-қа сəйкес танылған қаржылық жалдауға қатысты кредиттің толық құны; жəне

- шетелдік валютадағы займдардан пайыз шығындарына түзетулер деп саналатын дəрежеде туындайтын бағамдық айырмашылықтар пайыздар төлеу жөніндегі шығындар.

Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, срндай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін займ немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.

Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі - несие болып саналады. Несие дегеніміз - бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте пайыз төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.

Шаруашылық субъектісі банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтару мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, несие проценті ставкаларымен және басқадай талаптарымен танысып алдын ала шешіп алуы қажет. Банк мекемелері әдетте несие сұраушы субъектінің өтем қабілеттілігімен өтемпаздығын мұқият тексереді.

Курстық жұмыстың мақсаты - займдар бойынша шығыстар есебін талдау. Тақырыпты ашу үшін алға келесідей міндеттер қойылады:

-

-

-

Зерттеу обьектісі «Шымкент құс» ЖШС. Аталған кәсіпорын құс шаруашылығы саласында тәжірибесі мол. Сапа менеджменті талаптарына сай жұмыс атқаратын кәсіпорындардың бірі.

Курстық жұмыс құрылымы . Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде дебиторлық қарыздар мен кредиторлық қарыздар теориялық тұрғыдан зерттелініп, түсінігі, түрлері мен тану және бағалау ерекшеліктері қарастырылды. Екінші бөлімде «Шымкент құс» ЖШС дебиторлық және кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысулар ерекшілігі қарастырылды. Үшінші бөлімде дебиторлық және кредиторлық қарыздар қозғалысына талдау жасалынып, кәсіпорын қызметінінің тиімділігін арттыру бойынша бизнес жоспар жасалынады. Қорытындыда негігі нәтижелер туралы жазылады.

Тақырыпты зерттеу барысында заң актілері, нормативтік құжаттар, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ережесі, Ұлттық қаржылық есеп стандарттары мен Халықаралық қаржылық есеп стандарты, отандық және ресей ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

1 ЗАЙМДАР - ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ.

1. 1 Займ түсінігі және мәні.

Займдар бойынша белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты шығындар - тиісті активке шығындар жұмсалмаған болса, займдар бойынша жол бермеуге болатын шығындар. Ұйым қаражатты тек белгілі бір талаптарға сай келетін нақты активті сатып алу үшін қарызға алатын болса, сол активке тікелей байланысты займдар бойынша шығындарды айқын анықтауға болады.

Қысқа уақыт ішінде жасалып шығарылатын, немесе басқаша өндірілетін қаржылық активтер, жəне босалқылар талаптарға сай келетін активтер болып табылмайды. Сатып алу кезінде ниеттелген қолданысқа немесе сатуға əзір активтер де талаптарға сай келетін активтерге жатпайды.

Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты займдар бойынша шығындар сол активтің құнына қосу жолымен капиталдандырылуға тиіс. Ұйым басқа займ шығындарын шығыс ретінде жұмсаған кезеңінде тануы тиіс.

Белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей қатысты займдар бойынша шығындар сол активтің құнына кіреді. Займдар бойынша ондай шығындар, ұйымның болашақта экономикалық тиімділіктер алуы мүмкін жəне шығындарды сенімді түрде өлшеуге болатын жағдайларда актив құнына қосу жолымен капиталдандырылады. Ұйым 29 Гиперинфляциялық экономикаларда қаржылық есеп беру (IAS) ХҚЕС-ын қолданғанда, ол сол Стандарттың 21 тармағына сəйкес, займ шығындарының сол кезең ішіндегі инфляцияны өтейтін бөлігін шығыс ретінде таниды.

Нақты займдар мен белгілі бір талаптарға сай келетін актив арасындағы тікелей байланысты табу жəне анықтау басқа жағдайда жол бермеуге болатын займдарды анықтау қиыншылық туғызуы мүмкін. Ондай қиыншылықтар, мысалы, ұйымның қаржы қызметі орталықтан үйлестірілетін кезде пайда болады. Қиыншылықтар ұйымдар тобы түрлі пайыздық мөлшерлемелер бойынша займ қаражатын алу үшін бірқатар займ міндеттемелерін пайдаланатын жəне сол қаражатты топқа кіретін ұйымдарға түрлі негіздерде қарызға беретін кезде де пайда болады. Валюта бағамдарының ауытқулары, сондай-ақ топтың шетелдік валютада көрсетілген немесе жоғары инфляция жағдайларында онымен байланыстырылған несиелерді пайдалануы жағдайды қосымша қиындатады. Соның нəтижесінде белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алуға тікелей байланысты займ қаражатын пайдалану жөніндегі шығындар мөлшерін анықтау қиындайды жəне субъективті баға беруді қажет етеді.

Қаражат белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін арнайы қарызға алынған шектерде займдар бойынша шығындардың сол активке капиталдандыру үшін рұқсат етілген сомасы осы займ бойынша кезең ішінде жұмсалған нақты шығындар ретінде, осы займ қаражатын қысқа мерзімді инвестициялаудан түсетін кез келген инвестициялық табысты шегере анықталуға тиіс.

Белгілі бір талаптарға сай келетін активті қаржыландыру жөніндегі уағдаластықтар ұйымның займ қаражатын алуына жəне сол қаражаттың бір бөлігі немесе ол түгелдей сол активке жұмсалатын шығын ретінде пайдаланылудан бұрын займдар бойынша оған байланысты шығындардың пайда болуына əкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайларда қаражатты ол жұмсалғанға дейін белгілі бір талаптарға сай келетін активке уақытша инвестициялауға болады. Кезең ішінде капиталдандыру үшін рұқсат етілген займдар бойынша шығындар сомасын анықтау кезінде сондай қаражат бойынша алынған кез келген табыс займдар бойынша шеккен шығындар сомасынан шегеріледі.

Қаражат жалпы мақсаттарда қарызға алынған жəне белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін пайдаланылған шектерде займдар бойынша капиталдандыру үшін рұқсат етілген сома сол активке шығындарға капиталдандыру мөлшерлемесін қолдану жолымен анықталуға тиіс. Капиталдандыру мөлшерлемесі займдар бойынша шығындардың ұйымның кезең ішінде өтелмей қалған займдарына, белгілі бір талаптарға сай келетін активті сатып алу үшін арнайы алынған займдардан басқасына қатысты өлшенген орташа мəні болуға тиіс. Кезең ішінде капиталдандырылған займдар бойынша шығындар сомасы займдар бойынша сол кезең ішінде жұмсалған шығындар сомасынан аспауға тиіс.

Кейбір жағдайларда займдар бойынша шығындардың өлшенген орташа мəнін есептеу кезінде бас ұйым мен еншілес ұйымдардың барлық займдарын қосқан жөн; басқа жағдайларда əрбір еншілес ұйым үшін займдар бойынша шығындардың өлшенген орташа мəнін оның өз займдарына қатысты пайдалану дұрыс болады.

Белгілі бір талаптарға сай келетін активтің қаржылық жағдай туралы есептік құны немесе болжамды түпкілікті құны өтелетін сомадан немесе сатудың ықтимал таза бағасынан асып кетсе, қаржылық жағдай туралы есептік құн басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сəйкес ішінара немесе толық есептен шығарылады. Белгілі бір жағдайларда ішінара немесе толық есептен шығару мөлшері сол Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарына сəйкес қалпына келтіріледі.

Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Займның объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А - Т - Ө - Т 1 - А 1 капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өндіріс қорына ауысып кетеді, екінші кезеңде - өндіріс процесінде - дайын өнім жасалады, өндірістік тауарлыға келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. Капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы ғана емес, сондай-ақ оның айналымы да. Капиталдың айналымы дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.

Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақша деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.

Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өндіріс саласы үшін - өндірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшадай болуын талап етеді.

Өндірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықта болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алуға халықтың ақша қоры және т. б. бәрі бірдей сәйкес келе бермейді.

Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында ттуындаған қарам-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын займның жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.

Займның мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие мәмілесінің қатысушылары - несие беруші мен қарызға алушы - экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер сияқты алға шығуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие мәмілесін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек.

Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан - оны алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымынан туындайтын несиеге қажеттілік займның объективті жүзеге асыун төлем қаражаттарын құру және жаңа бекітілген құнды қайта бөлу процесінде оның роліне жеке назар аудармай, оны толық дәрежеде анықтамайды. Ақша эмиссиясының процесі формаға тәуелді емес.

Түрліше несие қарым-қатынастарындағы займның мән-маңызы сол немесе бапсқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен анықталады.

Құндық қатынастың ерекше формасы сияқты займның пайда болуы шаруашылық жүргізуші бір субъектіден босаған құн шаруашылық мәміледе қолданысқа түсетін, бірақ ьір уақыттарда жаңа қайта өндіру цикліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттілігі туып отырған басқа субъектіге өтеді және қайта өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірақ, несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік иелері сияқты бір-біріне қарсы тұра алатын тауар иеленушілер арасындағы айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан-қолға өткізу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелік қатынастардан туындаған экономикалық жеміс.

Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі болып құн қозғалысы саналатын болады. Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.

Сонымен, несинің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі:

  • Жеке таура өндірушілердің өндірістік қорлар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша сәйкес келмеуі;
  • Несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі;
  • Несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы.

Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушыладың арасындағы қарым-қатынасты білдіреді.

Оның көмегімен мемлекеттің, халықтардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.

Займның мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

  • несие мәмілесі тұтасымен алғанда займның мәнін ашуы керек. Егер біп мәміледе несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтанынын білдіреді;
  • займның мәнін талдауда займның құрылымын, қозғалыс сатыларын, займның негізін қарастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйіт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады.

Несие беруші - несиелік мәміленің займ ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттары шоғырландырып, оларды қарызға алушыларға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - займ алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады.

Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - кәсіпрындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді. Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер болуы мүмкін.

Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар, оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғарғы пайыздық несие бергісі келсе, займ алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мұддесі болады. Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі алыс-берістің объектісі - құнның негізгі бөлігі сияқты өзөіндік өтелмеген құны - несиеленген құн болып табылады.

Займның құрылымы
:
:
Займның құрылымы:
:
:
:
:
Займның құрылымы:
:
:
: Несие беруші
:
Займның құрылымы: Несиеленген құн
:
: Қарызға алушы
:
:

Сызба 1 - Займның құрылымы.

Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.

Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиелеген құны ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса, займның қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.

Займның құрастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтерінің бірлігін божайды.

Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:

Но - Қан - Нп . . . - Рб . . . - Нқ . . . - Бқ,

мұндағы: Но - несие орналастыру;

Қан - қарызға алушының несиені алуы;

Нп - займның пайдаланылуы;

Рб - ресурстарды босату;

Нқ - займның қайтарылуы;

Бқ - банктің аталмыш қарызды алуы.

Несиеленген құнды орналастыру (займның ұсынылуы) Он - несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы (аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаоажаттар себепкер болады. Несие беруші займ алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төйлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.

Несие алу займ алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оның белгілі бір уақытқа ғана береді.

Несиені пайдалану қарых алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге займның қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы займ алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру маүддесінде құнның пайдалану процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.

Несиеніің қайтарылуы уақытша пайдаланылған құнның займ алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Займ алушының шаруашылығында белгілі бірауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.

Уақытша пайдаланылғаннан кейін құнды несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша займның қайтарылуы және несие берушінің алған қаражаты Қан сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиенің қажеттілігі және мәні. Несиенің түрлері
Займдар бойынша шығындар
Банктің несие саясатының құрылымын талдау
Қазақстан Республикасының банктік жүйесінің дамуы
Несие беруші - несие келісімнің қарыз ұсынатын жағы
Несиенің қажеттелігі және оның мәні. Несие капиталы. Несиенің қажеттілігі және несие қатынастарының пайда болуы
Несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік танытуы
Несиеннің қажеттілігі және оның мәні
Несие үшін төлем
Займдар –экономикалық категория ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz