Жасырын жұмыссыздық - өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. К і р і с п е
2. Н е г і з г і б ө л і м:
1. Жұмыссыздық жайында бұрынғы және қазіргі экономистердің ой-
пікірлері
2. Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері
3. Еңбек нарығы және тұрғындарды еңбекпен қамтудың мемлекеттік
саясаты

3. Қ о р ы т ы н д ы.

Жұмыссыздық — экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы
ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері әртүрлі
түсіндіреді. Мысалы, мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын
тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл құбылысты
нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен дәлелдейді, еркін кәсіпкерлік
мектебінің теориясы - жұмыссыздық жалақы денгейінің жоғарылауымен
туындайтынын айтады, яғни еркін болып табылады. Еркін кәсіпкерлік теориясы
қазіргі өкілдері -монетаристер — осы көзқарасты құптайды.
К.Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория
жұмыссыздықтың болуын біріншіден — капиталдың қорлануымен, екіншіден, —
техника прогрессімен болатындырын айтады.
Енді осы теориялардың мән-жайына қысқаша тоқталайық.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-
1834 жж.) жасаған. Ол 1798 жылы Халық саны туралы заңның тәжірбиесі
кітабын шығарған. Онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар
геометриялық прогрессиямен өседі, яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі, ал
өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны — 1, 2,
4, 8, 16, 32 және т.б.
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы
көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қорытындыға келген:
тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі кайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп
салдары болып табылады.
Тұрғындардың карқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі) XVII-
ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол кезде
АҚШ-да тұрғындар саны тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар
легінің келуімен де өскенін ескермеді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінін тұрғындар қарқынының
тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі
Джон Бериал өзінің 1954 жылы шыққан Қоғам тарихындағы ғылым кітбында
былай жазған: Казіргі уақытта атом ядросының бөлінуі негізінде ядролық
энергия алынды және оны ядролық синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толык
негіз бар, себебі тамақ өндірісін мұнан ары дамытудың шексіз екенін
көрсетеді.
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға
сұранымның төлем қабілеттілігініц жеткіліксіздігі мен жалақының өте
жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұранымының жеткіліксіздігін
ол адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға
ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен
қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамлардың қор жинауға бейімділігін жоюы
кажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны
қарастырған дүрыс.
Батыс мектебінің өкілдері. ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
жұмыссыздықты — жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді.
Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне
сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің
профессоры А.Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан
Жұмыссыздық теориясы кітабында баяндады. Алайда ХХ-шы ғасырдыц 30-шы
жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі
барынша айқындала түсті.
Қазіргі жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын көрсете
білуде. Осы теорияны жактаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша
саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс
басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу
ннфляция өндірісті ынталандарады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа
зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914 ж.) осы тәуелділікті
математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ал Филлипс қисыры
аталды.

К. Маркс қорлану теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес капиталдың
қорлану процесінде, яғни қосымша құнның капиталға айналуында (қосымша
ғимараттар, алып құрылыстар, машиналар, жабдықтар және өндіріс көлемін
үлғайту үшін қажетті қосымша жұмысшыларды сатып алу), капиталдың техникалық
және құндық (органикалық) құрылымында өзгерістер болады. Бұның өзі қосымша
құнның еңбек құрал-саймандарын көбірек алуға үлесі артады, ол қосымша
құнның жұмыс күшін сатып алуға бағытталған үлесінің азаюына алып келеді.
Осының салдарынан жұмыс күшінің бір бөлігі артығырақ болып, өндіріс
саласынан ығыстырылып шығарады. Соның арқасында өнеркәсіпте резервтік еңбек
армиясы пайда болады. Осы жұмыссыздар армиясы. ... жүмысшы халық капитал
корларын өндіре отырып,—деп жазды К. Маркс, құрал-жабдықтар өндіруді үдеуші
мелшерде көбейтеді, сөйтіп оны салыстырмалы артық адамдар етіп жасайды.
Егер капиталға материалдык-заттық түрінің көзқарасымен қарасақ, онда
өндіріс құрал-жабдығы массасының оларды қозғалысқа келтіретін жұмысшылар
санына қатынасы капиталдың техникалық құрылымы деп аталады. Мысалы:
100 станок: 100 жұмысшы, немесе
100 станок 100 станок: 100 жұмысшы, немесе
Капитал тек қана материалдық-заттык ие болып қалмай, сондай-ақ құндық
түрге де ие болады. Осы тұрғыдан мынандай тепе-тендікті құрамыз:
100 станок = 800 с
100 жұмысшы = 200 v.
Капиталдың 800с : 200v (С:V) қатынасы кұндық құрылымы деп аталады.
Капиталдың техникалық құрылымындағы өзгерістер капиталдың құндық
құрылымының өзгеруіне алып барады. Капиталдың органикалық құрылымы—бұл
капиталдың техникалық құрылымының құндык байқалуы. Қоғамдық өндірістің
дамуына қарай капиталдың органикалық құрылымы бойынша арта түседі яғни
тұрақты капитал үлесі артады және өзгермелі капитал үлесі азаяды.
Өндірістің мануфактуралық кезеңі жағдайында капиталдың органикалық
құрылымы 9с:1v бастап 1Зс:1v дейінгі аралығында тербеледі, сөйтіп жұмыс
күшіне сұранымды салыстырмалы түрде төмендетуге алып барады. Соның
салдарынан адамдардың көп бөлігі өз еңбегінің қолдану саласын таба алмайды.
Сөйтіп салыстырмалы адамдар артықшылығы пайда болып, олар резервтік
өнеркәсіп еңбек армиясын, жұмыс күші нарығын құрайды.

ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ МЕН СЕБЕПТЕРІ
Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте
жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы,
сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік
жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми-
техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада
жұмыссыздык дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздыктың
көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс кұрылымдық
саясаты болуы мүмкін.
Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:
1. Жасырын жұмыссыздық — өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық
жұмысшылардың қолданылуы. Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс
күшімен атқаруға болады.
2. Фрикциондық жүмыссыздық – адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір
жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.
3. Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс
жасауы: бұл кейбір ауыл шаурашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе
қайта өндеу енеркәсібінде т.б.
4. Құрылымдық жұмыссыздық - өндірістік қуаттың жетпеуінің
нәтижесінде болады: жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және
ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
5. Технологиялық жұмыссыздық - адамдарды машинамен ауыстырудың
нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап
етеді.
6. Циклдык жұмыссыздық — өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни
экономикалық циклдың осы фазасымен байланысты.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жүмыссыздықтын себептерін таддай отырып,
шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын
қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі Экономикалық статистика бойынша
комиссиясының жүргізген зерттеуі, ыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың
әрқайсысының өзінің ерекше себептері бар. Экономистер барлық
жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп құрайды. жұмыссыздықтың
бірінші тобына - жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен туындауын
жаткызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші
тобына — жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық,
құрылымдық, технологиялықжәне басқа түрлерін жатқызамыз.
Кез келген жұмыссыздықтын болуы – қоғамымыз үшін ең ауыр экономикалық
және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды
жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің
абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым
ретінде бағалап, тек ең жақын туысканы кайтыс болғанда алатын стресс
деңгейінде қаралады.
Кез-келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық
зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң
американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 ж) есімімен аталған.
Осы заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы
ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер
жұмыссыздықтың сандық денгейі табиғи деңгейден 1%-ға асса, онда ЖҰӨ
көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз — Оукен коэффициенті
болып табылады. Мына 1:2,5
қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып
табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға
кемектеседі.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ТҮРҒЫНДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН
ҚАМТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ.
Еңбек нарығы — бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату
және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде онын құны мен жалдану жағдайы
бағаланады. Еңбек нарығы - экономика жағдайын көрсетудің айнасы,
тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала
бойынша кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштерінің
құрылымын байқатады. Осы құбылыстар АҚШ-тағы еңбек нарығында айкын
көрінеді. Осындағы салалық құрылымда екі тенденция байқалады: ауыл
шаурашылығымен айналысатындар санының тез қысқаруы және олардың кызмет
көрсету саясында артуы. Себебі бұл сала барынша үлғая түсті және ол
қоғамдық еңбекті қолданатын басты салаға айналды.
Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамту АКШ-да 1955-ші жылы 6,5 млн адамнан
1990-шы жылы 3,2 млн. адамға қысқарды, ал кызмет көрсету саласында 1955-ші
жылы 30,1 млн. адамнан 1990-шы жылы 85,3 млн. адамға артып, жалпы жұмыспен
қамтылғандардың 75% құрады. Кәсіби құрылымда ой еңбегімен айналысатын
жұмыскерлер арта түсті. Олар 1991-ші жылы барлық жұмыспен қамтылған жұмыс
күшінің 51% құрады.
Біліктілік құрылымында жұмыс күші білім деңгейінің өскендігін
байқатады. АҚШ-да 1970-пен 1992-ші жылдардың аралығында орташа білім алған
адамдардың саны өсті және жұмыс күшінің жоғарғы білім алғандар мен толық
алмағандар 21%-дан 38%-ға үлесі артты. Демографиялық құрылым бойынша
әйелдерді жұмыс күші құрылымына тезірек тарту байқалады. АҚШ-да әйелдердің
экономикалық деңгейге қатысуы 1980-ші жылы 34%-дан 1992-ші жылы 60%-ға
артты.
Қазақстан Республикасында 1992 жылға дейін еңбек нарығы болған жоқ.
Нарықтық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек
нарығы— бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық мәселесі
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері мен формалары туралы
Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық себептері және формалары жайлы мәлімет
Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Жұмыссыздық. Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебі
Еңбек нарығы және тұрғындарды еңбекпен қамтудың мемлекеттік саясаты
Ұмыссыздықтың теориялық негіздері
Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
Пәндер